Сөйлеу әрекетінде лексиканың әдеби тіл нормасында қолданылуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2013 в 11:36, реферат

Описание работы

Зерттеу жұмысының нысанасы - оқушылардың тілі және лексикалық құралдарды пайдалану тәжірибесі.

Зерттеу жұмысының мақсаты – лексикалық құралдардың сөйлеу әрекетіндегі қолданылу ерекшеліктерін анықтау.
Зерттеудің әдістері мен тәсілдері. Зерттеудің ғылыми теориялық негіздерін сараптау, ой қорыту, жалпылау әдістері мен бақылау, салыстыру, жинақтау және талдау әдістері болды.

Файлы: 1 файл

Дип.-Сөйлеу-әрекетінде-лексиканың-әдеби-тіл-нормасында-қолданылуы.doc

— 651.50 Кб (Скачать файл)

           Сөздерге тиісті қосымшлардың  нормаға айналған түрлерін жалғамай, басқа түрлерін орынсыз жалғап, қателесу жиі кездеседі. Мысалы: Дәрменсіз жүрек кезігу сағатын асыға күтті. Дұрысы- кездесу. Уәкіл оған түсініс беріп жатыр. Дұрысы – түсінік. Торф ұнтатыла-ды. Дұрысы – ұнтақталады. Жазба бұл жерде ыссы болады. Дұрысы –ыстық. Монографиялық еңбектердің жазылуы бізді қатты сүйіндірді. Дұрысы- сүйсіндірді. Таңғы самал дала төсін күн ұзағына желпіп тұрады. Дұрысы – таңертеңгі самал дала төсін күн ұзаққа (ұзақ күнге) желпіп тұрады. Шешесі ауызғы бөлмеге шықты да, төсектегі жатқан жиеннің жанына келді. Дұрысы – шешесі ауыз бөлмеге шықты да, төсекте жатқан жиенінің жанына келді.

           Бізде –шы//ші қосымшасын жұмсауда  да бірізділік жоқ. Әсіресе  орыс тілінен енген тракторист, машинист, фудболист, комбайнер сияқты  қазақша жұмсауда ала-құлалақ  күшті: қазақ баспасөзінде трактористе те, тракторшы да, фотболист те, фудболшы да, комбайнер де, комбайыншы да кездеседі. Бұл жақсылық емес. Дұрысы қайсы екенін білу үшін әлгі қосымшаның жұмсалуында бірізділік бар, жоқ екенін білу керек. Ист- ке біткен терминдердің көпшілігі –ақ қазақ тілінде сол орысша қалпында алынып жүр. Мысалы: футурист, атеист, журналист, машинист, штангист, телефонист, артист. Осылардың қатарында аздаған сөздер: фудболист-фудболшы, тракторист-тракторшы болып айтылады. Мұны құп көре алмаймыз. Бұлар да бұрынғылардың ізімен фудболист, тракторист болғаны дұрыс. Бұлсыз да –шы жұрнағының жұмсалатын жері көп (мысалы: малшы, темірші, басшы, жазушы).

           Көркем әдебиетте кейбір қосымшалар  авторлық қолданудың ырқына көніп  айтыла салып, әдеби тілге енбей қалып қоюы да мүмкін. Осындайлық бейуақ шағын Абай әрқашан үнсіз, жым-жырт қана өткереді (М:Әуезов). Балаға деген мейірменшілік Есімбекке мұны да еріксіз істетпек болды (Б:Майлин).

           Стильдік қателердің біразы бір жалғаудың орнына басқа жалғау қолданудан шығады[52,146]. Мысалы: -дар: -Қанат бер талмайтұғын, күнді асайын. Дұрысы күнге асайын. Абай жасында молдаға оқыды. Дұрысы –молдадан оқыды. Екі бала ауылдан айнала шапты (ауылды айнала шапты). Мұнысы  -кентті еліктегендік (мұнысы қалаға еліктегендік). Рабиға баласының бетін сүйді (Рабиға баласының бетінен сүйді).

           Баспасөзде, әсіресе публицистикалық  әдебиетте, қазақ тілінің көптік  жалғауын қолдануда қате көп  кездеседі. Мысалы: отыз шақты  танк, 40-50 самолет деп жазудың  орнына отыз шақты танкілер, 40-50 самолеттер деп жазу да кездеседі. Мұндай қателер орысша мәтінге сүйенгендіктен болар. Орыс тілінде жекеше айтылмайтын, тек көпше тұлғада жұмсалатын да зат есімдер бар ғой. Мысалы, часы, ножницы. Осыларды қосып орысша ремонт часов, стоймости ножницы деп жазса, қазақша да сағаттар жөндеу, қайшылар бағасы деп жазу шарт емес. Орысша пальто сөзі септелмейді, қазақшада септеле береді, орыс тілінде «род» категориясы бар, қазақ тілінде ол жоқ. Осылардай әр тілдің өзіндік ерекшеліктері аударма да сақталуы тиіс.

           Грамматикалық құрылыстың тіл  мәдениетіне қатысы. Адам сөйлескенде,  әр алуан мәселелер жайында  баспасөз, радио, теледидар арқылы  ой –пікірді баяндағанда, алдымен  айтатын ойын түсінікті болуын  көздейді. Оның ар жағында ойдың  белгілі мақсатқа лайық әрі әсерлі болуы көзделеді.

           Мақсатты ойды түсінікті әрі  әсерлі етіп айту үшін тілде  барды дәл тауып, өз орында  дұрыс пайдалану оңай міндет  емес. Адам ойының ұшы-қиыры жоқ.  Сондай-ақ тіл байлықтары да ұшан-теңіз. Сол теңіз дүниесіне сүңгіп, ой өрнектеріне керекті тілдік материалдар мен грамматикалық тәсілдерді дұрыс пайдалана білу үлкен шеберлікті керек етеді.

           Грамматика мәселелерін екі түрлі  ыңғайда қарастыруға болады: біріншіден, тілдің грамматикалық ережелері мен заңдарын айқындау мақсатымен, екіншіден, грамматикалық тұлғалар мен грамматикалық тәсілдерді қалай пайдаланғанда, ойымыз дұрыс шығады деген тұрғыдан. Бұл екеуі өзара тығыз байланысты болғанмен, алдыңғы-грамматика, соңғы-стилистика ғылымының үлесіне берілуге тиіс.

           Тіл мәдениетінің табысы стилистика  ғылымының талаптарымен ұштасып  жататындықтан, бұл екеуінің де  арасында жақындық күшті. Сондықтан,  грамматикалық тұлғалар мен грамматикалық  тәсілдердің стильдік қызметтерін  айқындаудың керегі осы арада  да бір байқалып қалады.

           Әдетте стилистика ғылымы грамматикалық  тұлғалар мен категориялардың  мәндестігін, олардың әдеби тіл  стиліне қатысын қарастырады.  Біз де осыларды негізге алып, олардан басқа мәселелер де  тіл мәдениеті тұрғысынан сөз  етуге тиіспіз[53,226].

           Адам ойын айтудың негізгі  формасы – сөйлем. Жеке сөйлем  арқылы біршама аяқталған ойды  білдіріп, оны екінші, үшінші....сөйлемдермен  ұластырып, ұзын-ұрғалы мақсатты  ойды жетер жеріне жеткізіп  айтуға тиіспіз. Мұндайда әр  сөйлемді қалай құру, қандай-қандай сөздерді пайдалану, ол сөздерді қай тұлғада жұмсау, қай сөзді қай сөзбен байланыстыру, қалай байланыстыру керек деген сияқты сұрақтар туады.

           Тілді жақсы білетін кісілер  бұл сұрақтарға жауап іздемей-ақ  дұрыс сөйлеп, дұрыс жазуы мүмкін. Әрине, олардың да белгілі дағдысы, тіл мүмкіншілігі жайында түсінігі, оқымай-ақ үйренген білімі болады.

           Оның үстіне олар әлгілердің  ғылыми негіздерін түсініп, біліп  пайдаланса, тіл жұмсауда қате-кемшілік  аз болмақ.

           Мақсат – тілде барды жойып, жаңалық орнату емес, барды дұрыс пайдалану.

           Жазушы Зейін Шашкин марқұм  «Роман және дәуіртынысы» деген  мақаласында «жатыр», «отыр» етістіктері  «тілімізді онша көркейтіп тұрған  жоқ. Біз осыдан құтылу әдісін  іздеуіміз керек», - деп еді. Одан кейін «құрмалас, сабақтас сөйлемдер құрудың жаңа әдісін табуымыз керек» -деген-ді. Бұл қазақ тіліндегі күрделі етістіктер құрамының кейде шұбалыңқы болатынын ұнатпағандықтан болар, бірақ бұл біздіңше ұшқары пікір.

           Сөйтіп, стилистика мәндес және мәндес емес те грамматикалық тұлғалардың, синтаксистік құрылыстардың тиімділерін пайдалана білуді үйретеді.қазақ тілі грамматика жүйесінің де сильдік мүмкіншіліктері мол.

           Жақсы стилист болу – сөз  зергері болу деген сөз [54,216].Әдетте жазуы жатық, тілі бай стилист кісілер тілде барды, оның өте нәзік мәнін, өзгелерге еленбейтін, иненің жасуындай қылаң еткен стильдік қызметін шебер түсінеді. Сөйтеді де тіл байлықтарын, әсіресе тілдің грамматикалық мүмкіншіліктерін жақсы біліп, керегіне жаратып отырады. Мысалы, тілге деген талабы, сезімі, білігі мол жазушы еш уақытта «Ақ ат мінген қыз қойларды жамыратты», «Ол белін арқанға буды» демейді. Себебі: аттың түсі ақ болса да, қазақ «ақ ат» демейді «боз ат», «ақбоз ат» дейді, әдетте қой жамырамайды, қозы жамырайды, белін арқанға бумайды, белін арқанмен буады. Не болмаса, қазіргі қазақ тілінде бірыңғай бірнеше сөйлем мүшелерін «және», «мен» жалғаулықтарымен байланыстырып айтқысы келген стилі жатық журналист ешуақытта «жәнені» бұрын, «мен» (бен, пен) жалғаулығын соң жазбайды. Мысалы: «Біздің заводтарымыз бен фабрикалырымыз және колхоз – совхоздарымыз жылдан-жылға нығайып келеді». Мұндайда «және» жалғаулығы бірыңғай мүшелердің «тұйыққа тіреліп», аяқталып қалғанын көрсетеді. Сондықтан заводтарымыз және фабрикалымыз бен колхоз-совхоздарымыз.... деуге болмайды. Бұлай жазу стильдік қате болады.

           Б.Майлин бір әңгімесінде «Қарымсақты»  келіні пештің.... мұржасын ашып  жүр екен деп жазыпты. Бұл  – стиль жағынан өз орнында  дұрыс құралған сөйлем. Осыны «Пештің мұржасын Қарымсақтың келіні ашып жүр екен» деп те жазуға болады. Мұнда пештің мұржасын кім ашып жүргені баса айтылғандық аңғарылады. Сондықтан бір сөйлемнің мағынасын болар- болмас, өте нәзік қосымша мағына енгізу үшін де сөйлем мүшелерін, осылай, орнын ауыстырып  айтуда үлкен мән бар. Ал әлгі сөйлемді «Пештің мұржасын ашып жүр екен Қарымсақтың келіні» деуде пәлендей селт еткен ерекше мағына, көркемдік белгі жоқ. Сондықтан соңғыны стильдік қате деп танимыз.

           Сөйтіп, грамматикалық құрылыстың орнықты қалпын сақтап жазу да, мағыналық, эмоциялық қызметі болған жағдайда оны құбылтып, өзгертіп жазу да стилистика талаптарына сай бола береді[55,73]. Ал, дұрысты бұзып айтуда ешқандай мән болмаса, ондайлар өрескел қате болып есептеледі. Сондықтан оқушылардың тіл мәдениетін арттыру үшін осы қателер жөнінде мәлімет беріп, оны болдырмауға дағдыландырылады.

           І. Стильді - морфологиялық қате. Сөздерді дұрыс жасамаудан, әсіресе,  қосымшаларды дұрыс жалғай білмеуден,  олардың стильдік реңін дұрыс түсінбеуден жіберіледі. Оқушылардың ауызекі сөздерді мен жазба жұмыстарында оның мына сияқты түрлері кездеседі:

           а/ оқушылардың тілінде кейбір  өзінше «сөз жасау» тәжірибеде  кездесіп қалады. Ол кейде орынды  шықпайды. Мысалы, мектеп құрылысына  бетоншылар мен сылақшылар, ағаш ұсталары мен ісшілер келді.      

           Бұл сияқты қателер оқушының  қосымшалардың сөз тудыру, жалғану  аясын білмегендігінен болады.          

           ә/ кейбір септік жалғауларының  мағыналық реңдеріін түсінбей  ауыстырып қолдана береді. Ол жеткізбекші ойына байланысты болмай қате жібереді. Мысалы, Абай жас кезінде молдаға оқыды. Мен Асанмен келдім.

           Бұл қателердің кездесуі оқушылардың  септік жалғаулардың қызметін  және оның беретін мағынасын,  мәнін толық түсінбегендігін байқатады. Өйткені бірінші сөйлемде барыс септігінің орнына шығыс септігінің жалғауын қолдану керек еді де, ал екінші сөйлемде көмектес септігінің мәнін толық ұғынбай қолданылған формасын түсінуді ауырлатқан. Мұнда «бірге» деген сөз немесе «екеуміз» деген сөздерді тіркестіруді қажет етеді. Яғни, көмектес септігінің жалғауы бұл арада сөз бен сөзді байланыстыру қызметінен бірге қате ұғым жасауға қызмет етіп тұр. Өйткені көмектес септігінің кіммен деген сұрағына жауап беруде сол сөзге жалғанған септік жалғаудан соң (егер ол тәуелді септеу болмаса) байланысты сөз қажет ететіндігі байқалады. Ал, немен деген сұрағына жауап беру үшін оның қажеттілігі сезілмейді. Мысалы, Мен досыммен бірге келдім. Мен атпен келдім.

           Кейде ауызекі сөйлеу тілінде көмектес септігін адамға байланысты тәуелдік жалғауынсыз қолдану метонимиялық түрде пайдалануға әкеледі. Атап айтқанда, Асанмен келдім деген сөйлемде, Асанның көлігімен келдім немесе Асанның машинасымен келдім т.б. деп ұғынылады.

           б/ көптік жалғауларды кейбір көптік мәні бар сөздерге жалғау немесе көптік жалғаудың көптік мәнінен басқа рең беру ерекшеліктерін білмей қолданылады. Мысалы, егістіктерде мал жайылып жүр. Биылғы көктемде жауындар аз болды. Кейбір көптік жалғаулар жалғанған сөзге көптік мәннен басқа мәнде де үстемелейді. Мағыналық рең беріп, стильдік жағынан түрлендіреді. Мысалы, Асандар мектепке жиналды деген сөйлемдегі көптік жалғау Асанның көптігін емес, оның қасында басқа кісілердің барлығын аңғартады. Оқушылар көптік жалғаулырдың осы сияқты түрленуіне мән бере бермейді.

           в/ бір түрлі жалғауларды сөйлемде  қат-қабат қолдану арқылы сөйлемнің  көркемдігін көміскілейді. Мысалы, күзде орманның ағаштарының жапырақтарының  түсі сарғаяды.

           г/ сөз таптарының жұрнақтарын  сөйлем мен сөйлемді байланыстыру мақсатында немесе негізгі сөздер мен көмекші сөздерді пайдалануда қатар қолданып, ойды түсінуге қиындатады. Мысалы, Төстік жоғалып кеткен ағаларын іздеп шығып, ағаларын тауып алып, еліне қайтпақшы болып, ертіп шығады.

           Мұнда етістіктің көсемше түрінің жұрнағын қайталап қолдану жай сөйлемдерді тиянақсыздап, айтайын деген ойын түсінуді қиындатып тұр.

           Сонымен стильді-морфологиялық қате  сөз таптары және олардың грамматикалық  формаларын қолдануда жіберіледі. Оқушыларда грамматикалық категорияның, форманың беретін мағынасын, стильдерін аңғармау немесе олардың орнына басқа нұсқаларын, синонимдерін қолдана алмау арқылы оларды  сөздерге орынды, таңдап жалғау арқылы тіліміздегі ойдың көркемділігін, мәнерлілігін арттыруға болатындығына  көңіл бөлмейді. Өз тәжірибелерінде өте аз қолданады.

           Стильді-морфологиялық қателермен  жұмысты сол сыныпта өтіліп  отырылған грамматикалық материалдармен  байланыстыра жүргізу қажет. Олар  мына сияқты болуы мүмкін:

           -  грамматикалық формалар арқылы сөздердің түрленуін естеріне түсіріп, әр сабақта қайталау жаттығуларын жүргізу,             

           - грамматикалық формаларын жалғаудағы  мағынасына байланысты синоним  немесе нұсқалар бойынша жүргізу  (кісідей-кісіге ұқсас – кісі сияқты, мәскеулік кісі – Мәскеудің тұрғыны т.б.) сөйлемдегі грамматикалық формаларының мәнін ашу, оның қолдалануындағы стильдік ерекшеліктерін үйрету және қолдаланылуы бойынша стильдік талдау жүргізу,  

           -  сөз таптарының тіркесу ерекшеліктері бойынша жаттығу жүргізу (сын есім – зат есім, зат есім – зат есім т.б.),

           - стильдік фигуралардың жасалу  ерекшіліктеріне байланысты грамматикалық  формаларын стильдік мәні бойынша  тәжірибелік жұмыстар жүргізу,

           - шағын мәтіндердегі грамматикалық формалардың қолданылу ерекшеліктері бойынша стильдік талдау жүргізу.

           Тәжірибелік жұмыстар әрбір сыныптың  бағдарламалық материалдарына байланыстырыла  жүргізіледі. 

           Қазақ тілінің морфология туралы  саласы бойынша мәлімет бастауыш сыныптан бастап-ақ беріле бастайтыны белгілі, сондықтан жоғарғы сыныптарда сол бағдарламалық материалдарға байланысты өтіліп отырылған материалдардың стильдік қолдануы туралы мәліметтер берілгені тиімді.

Информация о работе Сөйлеу әрекетінде лексиканың әдеби тіл нормасында қолданылуы