Экономический кризис

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2013 в 17:47, доклад

Описание работы

Экономикалық дағдарыс – дағдарысты, тоқырауды, жандануды және өрлеуді дәйекті түрде қамтитын ұдайы өндірістік цикл кезеңдерінің бірі. Нарықтық жағдаяттың күрт құлдырауымен, ұлттық экономиканың тұрақсыздануымен, қоғамдық ұдайы өндірістегі үйлесімсіздіктің күшеюімен сипатталады. Экономикалық дағдарыс тауар капиталын артық өндіруден (сатылмаған өнімдердің өсуі), өндірістік капиталдың артық қорлануынан (өндірістік қуаттардың толық қуатпен жұмыс істемеуінің көбеюі, жұмыссыздықтың өсуі), ақша капиталының артық қорлануынан (өндіріске жұмсалмаған ақша санының көбеюі) көрініс табады.

Файлы: 1 файл

Эконом дагдарыс.doc

— 53.00 Кб (Скачать файл)

Экономикалық дағдарыс – дағдарысты, тоқырауды, жандануды және өрлеуді  дәйекті түрде қамтитын ұдайы  өндірістік цикл кезеңдерінің бірі. Нарықтық жағдаяттың күрт құлдырауымен, ұлттық экономиканың тұрақсыздануымен, қоғамдық ұдайы өндірістегі үйлесімсіздіктің күшеюімен сипатталады. Экономикалық дағдарыс тауар капиталын артық өндіруден (сатылмаған өнімдердің өсуі), өндірістік капиталдың артық қорлануынан (өндірістік қуаттардың толық қуатпен жұмыс істемеуінің көбеюі, жұмыссыздықтың өсуі), ақша капиталының артық қорлануынан (өндіріске жұмсалмаған ақша санының көбеюі) көрініс табады. Өндіріс шығындарының өсуі, баға мен пайданың, жалақының төмендеуі, халықтың қалың жіктерінің тұрмыс деңгейінің құлдырауы экономикалық дағдарыстың жалпы нәтижесі болып табылады. Дағдарыс – нарықтық экономиканың өзін-өзі реттеу тетігінің аса маңызды нышаны. Ол шет-шегін тауып қана қоймай, сонымен бірге ынталандыру міндетін де орындай отырып, экономиканы дамытуға серпін береді. Циклдік дағдарыс халық ш-ның барлық аясын қамтиды. Тұрақты сипаты жоқ дағдарысқа аралық, ішінара, салалық, құрылымдық дағдарыстар жатады.[1]

Дағдырыс [кризис] - мәселенің аса асқынып, ушығып, басқа мәселелерді кері ысырып, алдыңғы  орынға шығатындай деңгейге көтерілу дәрежесі. Ал оның жағымсыз (ұнамсыз) салдарының орнын толтыру оңайға түспейді. Мысалы, саяси, экономикалық, экологиялық және т.б. дағдарыстар.

 

ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДАҒЫ ДАҒДАРЫС ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ПАЙДА БОЛУ СЕБЕПТЕРІ

 

Қазіргі әдебиетте  әлеуметтік-экономикалық жүйенің дамуындағы дағдарыс туралы жалпы көріністер әлі анықталмаған. Дағдарыстың өндірістік капиталистік әдісінің сипаттамалық белгісі екендігі және социалистік кезеңінде болмау керектігі туралы көзқарас бар. Бұрын социализм кезінде теориялық жағынан алғанда «дағдарыс болмайды», тек «өсу қиындықтары бар» деген пікір қалыптасқан. Көп жылдар бойы біздің елімізде дағдарыс түсінігінің өзі өндірістік дамуының экономикалық саясатын жасаудың нақты факторы болуына қарағанда көбінесе идеологиялық түсінік болып табылады.

Кейбіреулер  дағдарыс түсінігі тек макроэкономикалық даму процестеріне жатады десе, рудың кәсіпқорлығысыз немесе қателіктерден туындаған аз немесе өте өткір проблемелер бар. Бұл проблемалар кейбір сыртқы себептермен жаттастырылған болса да, даму дағдарысы туралы айғақ бола алмайды және олар объективті тенденциялармен келтірілмеген. Осындай көріністердің кері салдарлары блу мүмкін: егер бұл ұстанымнан фирманы басқаруды қарастырсақ, онда оның даму стратегиясын жасағанда дағдарыстың мүмкіндігін болжауға және есепке алуға қажеттілік жоқ. Осы кезде стратегия қаншалықты нақты болады, егер дағдарыстар шын мәнінде заңды болса?

Дағдарыс  түсінігі түрлі басқарушылық шешім  жасау әдістемесіне әсер ететін тәуекелділік түсінігімен өзара байланысты. Басқарудан болжамды және дағдарысты күтуді алып тастаңыз, онда тәуекелділікті қабылдау өткіплігі болмайды және тек дағдарыс жағдайында ғана емес, сонымен қатар кәдімгі қатерлер де кенеттен пайда болу мүмкін. Дағдарыс  проблемасына басқа жақтан да қарауға болады. Әлеуметтік-экономикалық жүйенің өзінің түрлі түрінде және формасында,ол қоғамдық формация, фирма немесе кәсіпорын болсын, өзінің өмір сүруінің 2 тенденциясы бар: қызмет ету және даму.

Қызмет  ету - бұл оның тұтастығын, сапалы нақтылығын, сипаттарын анықтайтын функцияларды сақтау, өміршеңділігін қолдау.[1]

Даму - өміршеңдікті өзгерістегі орта жағдайларында  бекемдейтін жаңа сапа алу. Қызмет ету  және даму өзара байланысты.

Әлеуметтік-экономикалық жүйенің негізгі тенденцияларының диалектикалық бірлігін көрсетеді.Бұл  байланысты оның сипаттамасынан және көрсеткіштерінде көруге болады (1-сурет). Мысалы, әлеуметік-экономикалық жүйенің қызмет етуі еңбек затының, құралдың және еңбек әрекетін жүзеге асыратын адамның міндетті түрде болуын сипаттайды. Осындай әлеуметтік-экономикалық  жүйенің қызмет етуі бұл белгілердің нақты сәйкестілігінде мүмкін болады: еңбек құралы оның затын өзгерте алады, адамда еңбек құралы болу керек,нәтиже адамның мүддесіне және қажеттілігіне сәйкес болу керек. Бұлардың брі қызмет ету жағдайлары. Даму заттың,еңбек құралының және адамның өзгерістерін сипаттайды.

 

Сурет 1. Әлеуметік-экономикалық жүйедегі (ұйым) дағдарыс қауіпінің  пайда болуы

  Дағдарыс  себептері сыртқы және ішкі  болуы мүмкін. Мысалы фирма үшін  дағдарыстың сыртқы себептері  макроэкономикалық дамудың тенденциясы  және стратегиясымен   немесе әлемдік экономика дамуымен, бәсекелестікпен, елдегі саяси жағдайымен байланысты болу мүмкін, ал ішкі себептер маркетингтің тәуекел стратегиясымен ішкі қайшылықтарыме,өндірісті  басқарудың кемшіліктерімен, инновация және инвестициялық саясатпен  байланысты болады.

Ұйым дамуындағы дағдарыстық өзгерістер ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді,сапалы және санды,қайтымды және қайтымсыз болады.Дағдарыстың  түрлі салдары оның сипаттамасымен ғана емес,сонымен қатар оны жұмсартатын  немесе күшейтетін дағдарысқа қарсы  басқару сипаттамасымен анықталады.

Дағдарыстарды жеңу – басқарылатын процесс. Мұны адамзат, өндіріс пен экономиканың даму тарихында өтіп жатқан көптеген дағдарыстар айғақтайды.Басқару  жетістігі дағдарысты өз уақытында  байқауға, оның болу белгілілеріне  байланысты.

Дағдарысты  тануда проблемалардың өзара байланысын бағалаудың үлкен мәні бар. Осындай  өзара байланыстардыңболуы және сипаттамасы дағдарыстың қаупі  және оның мінез-құлқы туралы көп  айтылады.

Әлуметтік-экономикалық жүйені басқаруда  дағдарысқа қарсы даму мониторингі әрекет етуі керек. Бұл даму процестерін бақылау және дағдарысқа қарсы басқарудың өлшемдері бойынша олардың тенденцияларын байқау болып табылады. Мысалы, ауа-райын, жер сілкінісін, күннің белсенділігін болжау деген бар.Онымен арнайы қызметтер айналысады. Онда неге басқару жүйесінде осындай ұқсас қызметтер жоқ?[2].

 Басқару – бұл адамның  қасиеттерімен анықталатын іс-әрекет: тәжірибесі, білімі, адам мен өмірге  қатынасы, әдістеме, және т.б.

Дағдарыс объективті құбылыс бола тұра әрдайым адамзат табиғатының  факторларын өзінде ұстайды –  менталитет, мәдениет, қызығушылықтар, қоғамдық сана, білім деңгейі, дүниетанымы  т.б.

 

Сурет 2. - Дағдарысты бағалаудың негізгі  сипаттамалары

 

Дағдарыстың белгілері оның типологиялық тиістілігі бойынша жіктеледі: масштабы, мәселенама, өткірлігі, даму саласы,себептер, мүмкін салдары, көріну фазасы (2-сурет).

Бірақ осындай болжамдар үшін дағдарыстық  дамудың белгілері мен көрсеткіштері, оларды есептеу әдістемесі және талдауда пайдалану әдістемесі қажет.Дағдарысты болжау жағдайлары мен тенденциялары арнайы талдау негізінде ғана мүмкін болады. Жалпы дағдарыстарды байқауға әлеуметтік-экономикалық жүйенің жағдайын бағалаудың барлық көрсеткіштері қатысады [3].

Байқап білу басқарудағы көрсеткіштерде (істегі және мамандандырылған) құрылады. Мысалы, еңбек өнімділігінің немесе өндіріс тиімділігінің төмендеуі  дағдарыстың мүмкіндігін көрсетпеуі мүмкін, бірақ дағдарыстық даму тенденциясына  да айғақ бола алады. Қазіргі күрделі көрсеткіштер жүйесі дағдарыстарды байқауға бағытталмаған. Ол жүйелі және тапжылмайтын даму жағдайларын басқаруға жұмыс істейді. Сол себептен, дағдарыстық жағдайлардың сәтін және ықтималдығын нақты жән уақытында анықтау үшін жаңа синтетикалық көрсеткіштерді жасау қажет.

Дағдарыстың негізгі белгілерін көрсететін көрсеткіштер жүйесі ғана емес, сонымен  бірге, оларды құратын және тәжірибелік  пайдалану әдістемесі де ерекше орын алады.Қазіргі басқару механизмінде бұл оның ең әлсіз буыны болып  табылады.Мәселе бұл процестің барлық аспектілерінде дағдарысты тану әдістемесі туралы болып отыр: мақсат, көрсеткіштер, жағдайларды талдауда оларды пайдалану, дағдарысты болжаудың тәжірибелік құны.

Дағдарысты тану әдістемесі бұл  жұмысты ұйымдастырумен тығыз байланысты, яғни мамандардың болуымен, олардың әрекет функцияларын анықтаумен, ұсыныс және шешімдер жқабылдаумен, басқару жүйесіндегі өзара әсерлесумен байланысты. Дағдарысқа менеджерлерді ғана емес, сонымен бірге, бұл талдаушылардың қызметінде маманданадырылған менеджерлерге дайындық жүргізу ұйғарылады

Бүгінгі күні басқарудың үлкен қиындығымен  және өндірістік әрекеттің ұлғайған масштабымен байланысты дағдарыстық  жағдайларды тану және болжау кәсіби негізге қойылу керек. Дағдарыстарды  жеңу дағдарыстық жағдайларды  талдау әдістемесіне және дағдарысқа қарсы басқару аумағында  мамандардың болуына байланысты. Басқарудың кәсібилігі кәдімгі жағдайда ғана емес, сонымен бірге, тәуекелділігі үлкен, экстремальді жағдайларда, дағдарыста көріну керек.

Дағдарыс - әлеуметтік-экономикалық жүйедегі объективті құбылыс. Бұл көрініс әлеуметтік-экономикалық жүйенің дамуы мен қызмет етуін адамның іс-әрекетіқұрайды деген түсінігімен келіседі. Яғни, адам өзінің әрекетін басқаруға және басқару сферасын кеңейтуге тырысады. Белгілі бір жағдайларда бұл оның қолынан келеді. Болашақта адам әлеуметтік-экономикалық жүйенің даму тенденцияларынан дағдарыстарды жоятынын айтуға болады, ал қазіргі дағдарыстар адамның даму деңгейін, білімнің жеткіліксіздігін, басқарудың жетілмеуін сипаттайды. Осындай тұжырым логикалық түрде көрінеді. Бірақ, барлық тарихи кезеңдердегі қоғам мен экономиканың даму тәжірибесі керісінше айғақтайды. «Адамзат табиғатының» дағдарыстарына қарамай олардан қашу мүмкін емес. Көбінесе,тек «адамзат табиғаты» дағдарысы оның себебі мен көзі болып отыр. Адамның іс-әрекеті жүйелі және пропорционалды емес өзгеретін оның қызығушылықтарын қанағаттандыруға құрылған. Қызығушылықтар тек жеке адамда ғана емес,сондай-ақ, бүкіл топ және немесе қоғам кластарында тұрақты қайшылықтарда болады. Қызығушылықтардың қайшылықтары мен олардың өзгерістерінің объективті тегіссіздігі дағдарыстың мүмкіндігі мен қажеттілігін анықтайды. Тек бұл ғана әлеуметтік-экономикалық жүйедегі барлық дағдарыстардың негізі болып отыр [4].

Табиғи  катаклизмаларды саяси мақсаттарда пайдалану, оладың саяси және әлеуметтік-экономикалық дағдарыстарға айналу жағдайлары сирек емес.

Динамиканы  және адамның қызығушылықтарының өзара  әсерлесулерін абсолюттік басқару  мүмкін емес. Себебі оның қызығушылықтар жүйесіне бостандық, демократиялық басқару, дербестік пен өнерпаздық қызығушылықтары жатады. Бұл қызығушылықтарға басқалар да «байлаулы» және тек адамның қызығушылықтарында тиімді басқару құрылады.

Әлеуметтік-экономикалық жүйенің дамуы бойынша адамзаттық фактор ролінің өсуі байқалуда. Бұл дағдарысты жою еместігін, керісінше оны болжау және сенімді, уақытында шешуді білдіреді.

Дағдарысқа  қарсы даму – бұл дағдарыстың  абсолютті болмауы емес, керісінше  жақсы дамудың импульсі болып  табылатын дағдарыстың болуы. Тек  адамда ғана мақсат пен қызығушылықтар бар. Олар ғана дағдарыстарды тану және жеңу негізі болып табылады.

Дағдарыстық жағдайдың адамзаттық факторы адамның  дағдарысқа деген қатынасында ғана көрінбейді, сонымен қатар, оның көріну, пайда болу және өтудің түрлі кезеңдерінде дағдарысты басқаруда көрінеді [5].

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

1. Евграфова   И.Ю. Антикризисное управление. Шпаргалка  /И. Ю. Евграфова, Е. О. Красникова. – М.: Изд-во БЕК, 2010. – 54 с.

2. Антикризисный  менеджмент / Под ред. А. Грязновой.  – М.: ИНФРА-М, 2011. – 368 с.

3. Жарковская  Е.П. Антикризисное управление /Е.П.  Жарковская, Б.Е. Бродский.- М.: Омега  – Л,2011.- 358 с.

4. Родионова  Н.В. Антикризисный менеджмент / Н.В.  Родионова.- М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2011. – 680 с.

5. Балашов  А.П. Антикризисное управление / А.П. Балашов.- Новосибирск, 2010. – 346 с.


Информация о работе Экономический кризис