Қазақстан Республикасын әлеуметтік қолдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Января 2013 в 19:38, курсовая работа

Описание работы

Әлеуметтік қорғау жүйесі әркелкі қоғамның барлық мүшелері үшін ең төменгі тұрмыс стандарттарын қамтамасыз етуді ұйғарады. Осындай тәсілдің теориялық негізін алғаш рет Джон Роулз қалады. Оның философиясының мәні былай тұжырымдалады, әр азамат өзінің болашағын нық сеніммен болжай алмағандықтан, кедейшіліктен немесе табыс көзінен айырылудан сақтандыру әбден тиімді болуы мүмкін. Қоғам ауқамындағы мұндай сақтандыру оның ең аз қамсыздандырылған мүшелері жөнінде қамқорлық нысандарын қабылдауы ықтимал: өздерінің ағымдағы табыстарының бір бөлігін осы мақсаттарға беру арқылы, әрбір азамат, болашақтағы қолайсыз жағдайлардан өзін сақтандырғандай болады.

Содержание работы

I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
2.1. Әлеуметтік қорғаудың компоненттері, нысандары, деңгейлері
2.2. ҚР әлеуметтік қорғау жүйесінің салалары
2.3. ҚР әлеуметтік қорғау жүйесінде мемлекеттің ролі.
II.Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

ҚР әлеуметтік қорғау.doc

— 103.00 Кб (Скачать файл)

    Осы құжаттың  мазмұндық жағына тоқталмастан, мынаны айтып өтеміз, міндетті  әлеуметтік сақтандырудың есебінен  сыйақы беруге жататын әлеуметтік  қауіптердің тізбесіне жұмыстан айырылу қаупін кіргізу 2003-2005жж. жоспарланған отыр. Бұл -өте үлкен мерзім. Сонымен бірге жұмыссыздарды әлеуметтік қорғаудың бас стратегиясы негізгі 3 мақсатқа қол жеткізуді көздеуі тиіс: экономиканың нақты секторын дамыту, жаңа жұмыс орындарын жасау үшін әсіресе шағын және орта бизнесті дамыту; кәсіпорындардың жаппай банкротқа ұшырвулары мен қызметкерлерді жұмыстан босатуға жол бермейтін жұмыс істеп тұрған өнідірістерге бар мүмкіндігінше қолдау көрсету; жұмыспен қамту орындарын жекешелендіру, мұндай шараның қолданыстағы жүйеден айырмашылығы, жекешелендіру, мұндай шараның қолданыстағы жүйеден айырмашылығы, жекешелендіру жұмыскерлерді жұмысқа орналастыру мен қайта оқытуды шұғыл және икемді түрде жүзеге асыруға септігін тигізген болар еді.   

   Медициналық сақтандыру. Қажетті медициналық қызметтерді алудың кепілдіктері әлемнің көптеген елдерінде медициналық сақтандыру негізінде іске асырылады. Ол халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады, қоғамдық өндірістің аса маңызды факторы-адам капиталын ұдайы өндірудің экономикалық -әлеуметтік үдерістеріндегі ролі біршама қомақты.

   Осы роль медициналық  сақтандыру  жүйесінің жұмыс істеуіндегі  маңызды принципті ерекшеліктерге  негізделеді: қоғамдық ынтымақтастықта құру, іс-әрекеттерді орталықсыздандыру, ұйымдастырудың міндетті нысаны, ол (теориялық тұрғыдан бізді жағдайларымызда) барлық азаматтарға қажетті медициналық қызметтер рыногын кепілдейді. Медициналық сақтандыру әрекеті медициналық қызметтер рыногын тудырады, рыноктағы осы қызметті өндірушілердің-медициналық қызметтер рыногын олардың қызметкерлерінің, жеке практика туындайды, олар нақты бағаға ие болады.

   Одан басқа,  медициналық көмек тұтынушылары  ретіндегі пациенттерде емдеу-профелактикалық  мекеме мен нақты дәрігер таңдау құқығы пайда болады. Ол сақтандырушының тарапынан пациенттер мүдделерін қорғаумен ұштасады, ол көрсетілген медициналық қызметтердің сапасы мен көлеміне сараптық баға беріп, емдеу нәтижелеріне паразылықтар көрсете алады, ал қажет болған жағдайда емдеу мекемелеріне немесе практика жүргізуші дәрігерге экономикалық санкция (ықпал шара) қолданады.

   Қазақстандағы сақтандыру  медицинасы 1995 жылдан бері дами  бастады, сол кезде заң қабылданды  жіне Міндетті медициналық сақтандыру  қоры (ММСҚ-ФОМС) құрылды. Қор қаражаттарын кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмыс істейтін халыққа арналған жалақыдан  үш пайыздық аударымдары мен студенттерге, зейнеткерлерге, оқушылар мен жұмыссыздарға бөлінетін бюджеттік қаражаттар құрады.

    Міндетті медициналық  сақтандырудың базалық бағдарламасына сақтандыру оқиғаларының (аурулар,жарақаттар) тізбегі кірді, сол оқиғалар болған жағдайда Міндетті медициналық сақтандыру қоры қаржаттарының есебінен медицианлық ұймыдар тарапынан көрсетілген қызметтер бойынша жұмсалған шығындар өтелетін болады. Сондай-ақ осы бағдарлама арқылы қажетті дәрімен қамтамасыз ету және қолданыстағы заңнамаға сәйкес халықтың жеке санаттарының дәрілер бойынша  жеңілдіктері қарастырылды. Базалық бағдарламадан бөлек мемлекеттік бюджеттен денсаулық сақтау органдары арқылы қаржыландырылатын медициналық көмектің кепілденген көлемі қамтамасыз етілді.

   Міндетті медициналық сақтандыру  жүйесінде медициналық көмек  сапасының бақылау көзделді, оның  мақсаты-міндетті медициналық сақтандырудың  базалық бағдарламасы және медициналық көмектің қолданыстағы стандарттары арқылы кепілденген көлемдерде, сапа мен талаптарда медициналық көмек алуға азаматтар (сақтандырылған) құқықтарын қамтамасыз ету.

   Практика жүзінде  басшылықтың ірі қаржы бұрмалаушылықтары   мен өзге де себептерден ММСҚ жұмыс істеуі көптеген наразылықтар туғызды. Оның қызметі едәуір шамада қаражаттарды, әсіресе бюджеттеік қаражаттарды жұмыс істемейтін халықты емдеуге уақтылы аудармадан дағдарып қалды. Өз кезегінде Қор емдеу мекемелеріне қаражаттардың мезгілінде және толық көлемде аударып тұрмады. Сол  арқылы сақтандырылған халықтың құқықтары бұзылды. 1999 жылдан Міндетті медициналық сақтандыру қорының базасында медициналық қызметтерге ақы төлеу бойынша Орталық құрылды.

     Міндетті  медицналық сақтандару қорын  Орталыққа қайта ұйымдастыру  емдеу мекемелерін қаржыландыруды  жақсартқан жоқ. Жергілікті бөлімшілері, қыруар қызметкерлерді, қуатты компьютер паркі мен өзге де жабдығы (дербес машиналарды қосқанда) бар медициналық қызметтерге ақы төлеу жөніндегі Орталық денсаулық сақтау саласындағы практиктердің (мамандардың) пікірлері бойынша басы артық аралық буын болып табылады. Осыған байланысты медициналық қызметтерге ақы төлеу қорының міндеттерін (қызметтерін) бөлуді тиісті Орталықтан (ММОО) денсаулық сақтаудың жергілікті органдарына (облыстық денсаулық сақтау) берді, бұл шара бюджеттік түсімдерге қарай тегін медициналық қызмет көрсетуді тексеру мен реттеудің икемділігін көтерді.

  Қалыптасқан қаржы  жағдайларында ауруханалық-емханалық  мекемелерінің көпшілігінде, 1999 жылдан, қазыналық мәртебесі берілді,  ол көрсетілетін қызметтердің  ақылы болуын кеңейтудің есебінен өзін-өзі қаржыландыру режимін ұйғарады. Медициналық қызметтердің ақылы түрлеріне (нысандарына) көшу халықтың, әсіресе оның аз қамсыздандырылған жіктерінің әлеуметтік қорғауын күрт нашарлатып жіберді.

     Әлемдік  тәжірибеде мынаны айғақтайды, ел  неғұрлым кедейлене түссе (халық та), соғұрлым оның медицинаны ұстауға мүмкіндіктері азаяды, соған сәйкес денсаулық сақтауға жұмсалатын шығындардың жиынтық көлеміндегі жеке шығындардың үлесі жоғарылайды. Жүргізілген халықаралық салыстырулар елдің экономикалық даму деңгейі мен халыққа тегін медициналық қызмет көрсетуге қатысты мемлекеттік міндеттемелер шарасы арасында өзара тығыз байланыстың бар екендігі туралы айтады.

  Медициналық қызметтердің  үдей түскен қымбатшылығы кезінде  орталықандырылған қаржы ресурстарының болмауы халықтың едәуір бөлігін медициналық көмексіз қалдырады. Медицина мекемелеріне берілген жаңа мәртебе- коммуналдық-қазыналық кәсіпорындар да және отбасылық амбулаториялар ашу да көмектеспеді. Қазақстанның барлық аймақарында медицинаның халі мүшкіл болып отыр. Медициналық қызметтерді кепілденген минимумын алу проблемалары халықтың денсаулығы мен тұрмыс жағдайларының нашарлауына байланысты өзекті мәселеге айналды. Мәселен, инфекциялық аурулармен ауырғандардың көбеюі байқалды. Барлық аймақтарда дерлік асқынған туберкулезбен ауырғандар саны көбейді. Мәселен, 1997 жылмен салыстырғанда туберкулезбен ауырғандар саны русь пен Ресейде 4-6% –ға , ал Қазақстанда 1,3-1,5 есе өсті. Осылай қалыптасқан жағдайда денсаулық сақтау саласында медициналық сақтандыруды реанимациялау қажеттегі әбден жетілді.

  Жәрдемақылар  нысанындағы әлеуметтік көмек.   «Қазақстан Республикасының зейнеткерлік қамсыздандыру туралы» заңға сәйкес 1999 жылдың 1 қаңтарынан бастап, бұрын асыраушысынан айырылуға, жасына (қажетті стаждары жоқ), мүгедектігіне ( I,II,III         топтағы мүгедектер, бала жастан мүгедектер) байланысты әлеуметтк зейнетақылар алуға құқылы адамдар, мелекеттік жәрдемақылар жүйесіне ауыстырылды, яғни олар зейнетақылар емес, ал мемлекеттік жәрдемақылар  ала бастады.

  Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік қорғау жүйесі арқылы аз қамсыдандырылған балалы отбасыларды қорғау реттелінеді. Егер отбасы мүшесіне келетін жиынтық табыс есептік көрсеткіштің 2 еселік шамасынан аз болса, онда отбасылық жәрдемақылар тағайындалады.

  Отбасылық (балалар) жәрдемақылардың мөлшері тым жұпыны. Бірақ осы жәрдемақларды да бірнеше жыл бойы қаржы тапшылығының себебінен алу мүмкін емес немесе көп кешіктірілп беріледі, сөйтіп, аз қамсыздандырылған отбасыларды ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақылардың, сондай-ақ ата-аналарынан алименттер өндіріп алу мүмікн болмаған жағдайда кәмілетке толмаған балаларға берілетін ай сайынғы уақытша жәрдемақылардың 1997 жылы жойылғанын қосу керек.

   Шындығында, 90-шы  жылдардың аяқ шенінде әлеуметтік  сақтандыру түбегейлі метаморфозаға ұшырады. Бұрын уақытша еңбекке   жарамсыздық бойынша жәрдемақылар жұмыс берушілердің Әлеуметтік сақтандыру қорына жасайтын аударымдарының есебінен (жалақының 1,5 %  -ы) қағида бойынша, орташа жалақының 100 мөлшерінде төленетін еді. Босананға дейінгі  және босанғаннан кейінгі толық төленетін демалыстар мерзімі 4 ай болатын. Одан бөлек, әйелдің ықтияры бойынша бала бір жасқа толғанға дейін оған жарым-жартылай төленетін демалыс берілетін. 1999 жылдан бастап жалақыдан әлеуметтік сақтандыру қорына 1,5% аудару практикасы тоқтатылды. Аурулық қағаздарды жұмыс берушілердің өздері төлеулері тиіс. Оны практика жүзінде көбіне сақтай бермейді, яғни сырқат адамдар мен екіқабат әйелдер материалдық қамсыздандырусыз қалады.

  Еңбек қабілетінен  айырылған жағдайда қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуын арттыру және әлеуметтік сақтандыру проблемасының шешімін табу үшін «Қазасқтан  Республикасының халқын әлеуметтік қорғау Тұжырымдамасы» әзірленді. Еңбек қабілетінен айырылған және асыраушыдан айырылған жағдайда әлеуметтік қорғау жүйесін реформалау келесі құрылымды енгізуді көздейді. Бірінші денгей- бюджеттің есебінен азаматтарға бірдей жәрдемақылар беру (әлшеуметтік қауіптердің түрлеріне қарай).

  Екінші деңгей- міндетті  әлеуметтік сақтандыру жүйесінен  реми сектордың қызметкерлеріне зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін қосымша төлемдер жасау немесе сақтандыру жүйесінен төленетін төлемнің мөлшері белгілі бір уақыт аралығындағы орташа жалақының, аударымдардың ұзақтығы мен еңбек қабілетін жоғалтудың дәрежесіне немесе асыраудағы жандардың санына қарай орын басу коэффициентіне сүйене отырып есептеледі.

  Еңбектегі міндеттерін  орындау кезінде жазатайым немесе  кәсіптік сырқаттың нәтижесінде  еңбек қабілетін немесе асыраушысын  жоғалтқан жағдайда сақтандыру  ұйымдарынан төленетін төлемдер түріндегі қосымша әлеуметтік қорғау қарастырылады (үшінші деңгей). Әлеуметтік сақтандыру жүйесін қаржыландыру әлеуметтік салық мөлшерлемесін 3% –ға азайтудың және қызметкердің табысынан 3 %мөлшеріндегі міндетті сақтандыру аударымдарды енгізудің есебінен жүзеге асырылады.

  Бұл ретте аударымдардың  төлеушілері бірінші кезеңде  жұыс берушілер болады. Әлеуметтік  сақтандыруға жасалатын аударымдарды  дербестендіру қызметкердің кәсіподақтар  мен қызметкерлер бірлестіктерінің  қаржаттар аудару үдерісін бақылау  уәжін арттырады. Әлеуметтік сақтандыруға жасалатын аударымдардың дербестендірілген есебін жүргізу әлеуметтік қорғау жүйесін реформалаудың аса маңызды шарттарының бірі болып табылады.  

    Жұмыс берушінің  жауакершілігін сақтандыру туралы  ереже мүлде жаңа қадам болды, ол өз кәсіпорындарында қауіпсіздік техникасын сақтауға және өндірістік үшін материалдық немесе кәсіптік сырқаттың салдарынан жұмыскерге келтірілген зиян үшін материалдық жауап беруге септігін тигізеді. Оның үлгісі мынадай: жұмыс беруші өз жауапкершілігін сақтандыру үшін ай сайын белгілі бірсоманы аударып отыруға сақтандыру компаниясымен шарт жасасуға міндетті, ал компания, өз кезегінде, өндірістік жарақат алу себепті жұмыс қабілетінен айырылған жұмыскерді өмірінің соңына дейін қамтамасыз етуге міндеттеме алады.

  Біздің қоғамда  социализмнен көптеген жеңілдіктер  мен артықшылықтар сақталып қалды. 1999 жылға дейін республикада натуралды  әлеуметтік-тұрмыстық жеңілдіктер  жасаудың тұтас жүйесі жұмыс  істеп келді, олар: тұрғын үй  мен коммуналдық қызметтер төлемі, протездеу, қала көлігімен тегін жүру, медициналық қызметтер және санаторийлық-курорттық емдеу, дәрілер мен газетке жазылуларға жасалған шегерімдер, автокөлікі арзан бағалар мен тегін бөлу.

    Жеңідіктердің  ұзын саны бюджетке экономиканың  даму деңгейіне сәйкес келмейтн шамадан тыс салмақ салды және әлеуметтік трансферттердің 75%  -нан астамы тек қағаз жүзінде ғана болды. ҚР-да әлеуметтік төлемдерді, жеңілдіктерді, жәрдемақылар мен дотацияларды 1999 жылдың бас кезінде халықтың ондаған әр түрлі  санаттары (категориялары) алып келді, ал олардың тізбесіне 140-тан астам атулар кірді. Ол – КСРО ауқымында қалыптасқан төлемдер мен жеңілдіктердің  салаланған жүйесінің Қазақстан егемендік алған жылдар арасында жаңа санаттық (категориялық) жеңілдіктермен толықтырылғанының салдары. 1999 жылы жеңілдікті әлеуметтік қамсыздандыру мен әлеуметтік көмектің көлемі едәуір  қысқартылды. Бұл ретте соғысқа қатысушылар мен халықтың кейбір өзге жіктеріне ауыстырылды, ол бұрынғы тегін жеңілдіктерді толық емес шамда өтейді.

   Қатаң қаржылық шектеулер жағдайларында халыққа әлеуметтік көмек көрсетудің атаулылығы басым болуы тиіс, оның негізін « Әлеуметтік кепілденетін минимум» қалайды. 2002 жылғы 1 қаңтарда күшіне енген «Мемлекеттің атаулы көмегі туралы» Заңға сәйкес аса мұқтаждық көрген отбасылар жеткілікі қамтамасыз етілмегені бойынша ақшалай жәрдемақылар алуға құқылы. Отбасылық жәрдемақылар- әлеуметтік көмек алуға үміткер отбасының немесе жеке азаматтың қайсыбір шамада жиынтық табысын анықтауға негізделетін әлеуметтік төлемдердің жалғыз нысаны. әлеуметтік қолдау көрсетудің бас қағидасы кедейшілік шегіне дейін қосымша төлем жасау болып табылады (2002 жылғы 1 қаңтарға қарй ол 2000 теңгені құрады). Өзге әлеуметтік төлемдер мен жеңілдіктердің барлығы мұқтаждықты алдын ала тексерусіз беріледі, ол жалпы әлеуметік көмек жүйеснің тиімділігін күрт төмендетеді.

   ҚР « Мемлекеттің  атаулы көмегі туралы» Заңынын  қолданысқа енгізілуіне байланысты  әлеуметтік жеңілдіктер бөлудің  санаттық (категориялық) қағидасын,  тек керек жерінде ғана (соғыс  мүгедектері және  I  топтағы мүгедектер, кейбір аурулар кезінде медициналық қызмет көрсетулер және т.б.)   сақтау қажет сияқты болып көрінеді. Қалған жағдайлардың барлығында, бұрын айтылғындай, шын мәнінде әлеуметтік көмекке кім мұқтаж болса, соларға жеңілдіктер берудің атаулылық қағидаты үстемдік құруы керек, ол былайғы тең жағдайларға бөлнетін әлеуметтік жәрдемақылардың орташа мөлшерін өсіруді қаматамасыз етеді7

Әлеуметтік қорғаудың  аса маңызды құрамды бөлігі-халықты  зейнетақымен  қамсыздандыру, өйткені  ол Қазақстандағы ересек халықтың (балаларсыз) үштен бір бөлігінің мүдделерін қозғайды.

 

 

2.3. ҚР әлеуметтік қорғау жүйесінде мемлекеттің ролі

 

Зейнетақы реформасы.Әлеуметтік қорғау жүйесінің бір саласы бола отырып, зейнетақымен қамсыздандыру жәрдемақы алатындағы да, сондай-ақ уақыты келгенде оны алатынын білетіндерге де қауіпсіздік сезімін дарытады. Зейнетақы мөлшерлері әр елдің әлеуметтік-эконмикалық даму деңгейіне, саяси режимі мен заңнамасына байланысты болады. Зерттеушілер мынаны атап көрсетеді, зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы шамадан тыс кепілдіктер жеке қор жинаудың жеткліксіз нормаларына әкеледі, олардың инвестициялар мен экономикалық өсуді белгілейтін мәлім. Және керісінше зейнетақымен қамсыздандырудың төмен көрсеткіштері- халықтың осал қорғалуының айғағы.

Информация о работе Қазақстан Республикасын әлеуметтік қолдау