Акша жуйеси жане еволюциясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Апреля 2014 в 19:47, курсовая работа

Описание работы

Сықақшылардың айтуынша ақша біреулерге нанға жетпесе, біреулерге
– жаңа лимузин алуға жетпейді. Қалай десекте ақша
1 экономиканың, біздің
өміріміздің объективті бөлігі болып табылады

Содержание работы

I. бөлім. Ақша. Ақшаның мәні, экономикалық мазмұны мен қызметтері
1.1. Ақшаның пайда болуы мен даму кезеңдері.....................................4-5
1.2. Құн формалары мен ақшаның түрлері.............................................6-9
1.3. Ақшаның экономикалық мазмұны мен атқаратын қызметтері.......10-14

II. бөлім. Ақша айналымы және ақша айналысы
2.1. Ақша айналымы, оның маңызы құрылымы мен құрылысы және ақша айналысының сипаттамасы.........................................................................15-18
2.2. Ақша айналысы..............................................................................19-22
2.3. Ақша реформасы..........................................................................23- 26
III. бөлім. Ақша жүйесі мен оның элементтері
3.1. Ақша жүйесі...................................................................................27-28
3.2. Биметализм мен монометализм жүйесі.........................................29-31
3.3. Ақша жүйесінің элементтері..........................................................32-33

Қорытынды.........................................................................................34-35
Қолданылған әдебиеттер.....................................................................36

Файлы: 1 файл

Акша к.doc

— 272.00 Кб (Скачать файл)

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі.Жәңгірхан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық университеті.

 

 

 

 

 

 

 

                                                                              «Қаржы »кафедрасы

 

 

 

 

 

Курстық жұмыс

Тақырыбы:

«

 

 

 

                                           

                                     Орындаған: БФ-25 топ   

                                                        

 

                                                        

                                                                      

                                                                          

  Орал - 2009жыл.


 

 

Жоспар:

 

    Кіріспе.........................................................................................................3

 

  1. бөлім. Ақша. Ақшаның мәні, экономикалық мазмұны мен қызметтері
  2. 1.1. Ақшаның пайда болуы мен даму кезеңдері.....................................4-5
  3. 1.2. Құн формалары мен ақшаның түрлері.............................................6-9
  4. 1.3. Ақшаның экономикалық мазмұны мен атқаратын қызметтері.......10-14

 

 

  1. бөлім. Ақша айналымы және ақша айналысы
  2. 2.1. Ақша айналымы, оның маңызы құрылымы мен құрылысы және ақша айналысының сипаттамасы.........................................................................15-18
  3. 2.2. Ақша айналысы..............................................................................19-22
  4. 2.3. Ақша реформасы..........................................................................23- 26

 

  1. бөлім. Ақша жүйесі мен оның элементтері
  2. 3.1. Ақша жүйесі...................................................................................27-28
  3. 3.2. Биметализм мен монометализм жүйесі.........................................29-31
  4. 3.3. Ақша жүйесінің элементтері..........................................................32-33

 

 

Қорытынды.........................................................................................34-35

 

Қолданылған әдебиеттер.....................................................................36 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

        Адам өміріндегі көп сұрақтың бірі біреулерге қызғылықты, әрі жағымды, біреулерге жағымсыз болатын – ақша сұрағы болып табылады.

Тек сирек санаулы ғана адамдар оның толық жеткілікті екеніндігін айта алады. Жалпы айтқанда көбіне бұл ақша - жетпейді.

  Сықақшылардың айтуынша ақша  біреулерге нанға жетпесе, біреулерге  – жаңа лимузин алуға жетпейді. Қалай десекте ақша1 экономиканың, біздің өміріміздің объективті бөлігі болып табылады.

Ақша төлем құралы тауар айналысы ақша қозғалысымен байланысты. Бірақ ақша қозғалысы міндетті түрде тауар қозғалысымен бір уақытта тоғысуы тиіс емес. Ақша құнның еркін формасында көрінеді. Олар өткізу процесін еркін аяқтайды. Ақшаның қозғалысы тауар қозғалысынан ерте немесе кеш жүруі мүмкін.

       Курстық жұмыстың барысында, ақшаның пайда болуы, ақшаның атқаратын қызметтерін, ақшаның айналымы мен айналысы, түрлерін, заңдылықтарын, жүйесін жалпы айтқанда ақшаның шығу тегімен айналымының эволюциясын қарастырдым. Ақша – бұл адамға қажетті және адамға тұтыну қажеттіліктерін қанағаттандыратын зат. Ақшаның қызметі құн өлшемі. Ақшаның көмегімен басқа барлық тауардың құнын көрсетуге болады. Осы қызметті атқаратын ақшалар. Сөйтіп, бұл жұмыстың негігі мақсаты, ақшаға өткен бүгінгі және болашақ позициясынан қарап, оның адам өмірімен экономикада алатын рөліне тоқталу. Егер «нағыз» ақшалар айналыста өзінің меншікті құнының арқасында жүрсе, ал қағаз ақшалар айналыс процесінде нарықтық құнға ие болады. Мемлекет сол елдің шеңберінде ғана оларға еріксіз өзіндік құн белгілейді. Бұл жерде ол ерікті түрде ақша бірлігінің номиналды құнын белгілеп, кез келген купюраларды шығаруы мүмкін.

Ақшалар ешқашан да алтынға ауыстырылмаған. Бірақ кейбір жағдайларда мемлекет айналысқа шығарылған қағаз ақшаларды толық номиналдық бағасы бойынша алтынға ауыстырған кездері болған.

Қағаз ақшалардың өздерінің меншікті құны болмағандықтан да, олар айналыс саласындағы ақшаның қызметтерін толық құнды ақшалардың қызметтері арқылы атқарады.

Жалпы алғанда қағаз ақшалардың құнсыздануы тұрақсыз экономикаға тән.  

 

 

І.бөлім. Ақша. Ақшаның мәні, экономикалық мазмұны мен қызметтері

 

1.1. Ақшаның пайда болуы мен дамуы кезеңдері.

 

Тарих құрылуының ұзақ мерзімді уақытында ақшаның пайда болуы және мәні туралы біркелкі шешімін тапқан емес. Аристотель ұсынған қағидаға сүйене отырып, ақшаны- белгілі шарт, адамдар арасындағы саналы келісім нәтижесі деп қараған. Басқа бағыттағы мектептің өкілдері ақшаны- мемлекет бекіткен тауарды айырбастауға қажетті құрал ретінде қарастырған. Үшінші өкілдері ақша өзінің табиғаты бойынша алтын  мен күміске жататындығын айтқан.

Ақшаның пайда болуын түсіндіру үшін, «тауар2 құны қатынасында қорытындылатын, құнның даму көрінісіне көз салып, оның қарапайым терең байқалатын бейнесін, көзді алатын ақшалай түріне дейін қарау керек. Сонда ғана оның жұмбақтығы да жойылады».

Тауардың айырбасталу кезеңінде құнның көрінісі төмендегідей түрге ие болады: алғашқысы жай немесе кездейсоқ, ол алғашқы қауымдық қоғамда бірінші ең ірі еңбек бөлінісінен соң, жалпы алғашқы қауым тайпасынан малшылар тайпасының бөлінуі арқылы пайда болды.Бір тайпалар малмен айналысса, ал екіншілері- жермен айналысты, сөйтіп өнімді айырбастау үшін экономикалық негіз пайда бола бастады.

Экономикалық санат ретінде ақша натуралдық шаруашылықтан, тауарлы шаруашылыққа ауысу кезеңінде пайда болды. Шығарылған өнімнің түгелімен өндірушінің жеке басының керегіне жаратылған кезең натуралды шаруашылық болып есептелетіні белгілі . Бара-бара өндіріс құралдарының жетілуіне байланысты, ал кейде табиғаттың өзі туғызған жағдайына байланысты (мысалы, бір жерде егін салу пайдалы болса, екінші жерде мао өсіру пайдалы, ал басқа жерде, балық аулау пайдалы) адамдардың шығарған өнімдерінің саны (көлемі) олардың жеке басының керегіне, жарататын саннан (көлемнен) артық болатын жағдай  туды. Сөйтіп, адамдар өндірілген өнімді, өздеріне керек, басқа өнімге айырбастап алуына мүмкіншілік алды. Осының нәтижесінде «айырбастау» деп аталатын процесс шықты. Айырбастау үшін өндірілген өнімнің «тауар» деп аталатын болған соң, натуралдық өндірістің орнына тауарлы өндіріс пайда болды.

Осымен байланысты жоғарыда көрсетілген қозғаушы  күштердің  (факторлары) салдарынан өнім өндірушілер өздерін  бір түрлі (болмаса бірнеше түрлі) өнім шығаруға бейімдейтін болды. Ал, өздеріне керек басқа өнімдерді өздері шығарған өнімнің  артығына ауыстырып алатын болды.

Сонымен ақшаның пайда болуына алдын ала екі экономикалық жағдай туғызылды:

  • натуралдық шаруашылықтың орнына тауарлық шаруашылық келді. Осыған байланысты айырбастау операциясы өріс алды.
  • Өнім өндірушілердің арасында бір жағынан мүліктік жекеленушілік пайда болды, екінші жағынан белгілі, бір түрлі тауар өндіруге мамандандырушылық  туды.

Сонымен қатар бір тауарды, екінші тауарға тікелей ауыстырудың бірқатар қиыншылықтары болды. Олар:

  • Бір тауарды екінші тауарға ауыстыру үшін, қолында осы өндірушінің  іздеп жүрген тауары  бар өндіруші  табылуы керек. Және, сол екінші өндірушіге, бірінші өндірушінің қолындағы тауар керек болуы шарт.  Мысалы, егін егуші  адам өзінің өндірген бидайын, теріге ауыстырғысы келсе, қолында терісі бар адамға, бидай керек болуы қажет.  Басқаша айтқанда, тауар ауыстыру екі жақтың да қолында өзара  керекті тауарлар  болғанда ғана мүмкін. Мұнсыз тауар ауыстырылмайды. Ал, мұндай сәйкестік, өмірде кездесе бермейді.
  • Бір тауарды екінші тауарға ауыстыру процесінде  олардың құнын ескеру керек. Басқаша айтқанда, ауыстырылатын екі тауардың өзіндік құны баламалы болуы шарт. Мысалы, бір өгізді бір қап бидайға ауыстыруға болмайды. Өйткені, өгіздің құны бір қап бидайдан әлде қайда артық. Сондықтан бір қап бидайға, оның құнына баламалы тауар іздеу керек. Бұда оңай іс емес.

Міне, сондықтан да, бара-бара  тауар өндіру молайған сайын, соған байланысты, баламалық негізінде, айырбастау операциясының да дамуы, көптеген түрлі- түрлі тауардың ішінен бір тауарды бөліп (таңдап) алуды керек етті. Мұндай тауар өзінің ішкі және сыртқы мазмұнымен, ішкі және сыртқы саудаға өте керекті тауар болуы тиіс. Басқа тауарлардың құнын осы тауардың құнымен баламалап айырбастайтын болған. Мысалы: бір балтаның

Құны екі кило бидай болса, бір өгіздің құны-бес қап бидай т с с. Бұл мысалда, ақшаның міндетін бидай атқарады.

Жалпы ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден- бір шарт және өнім болып  табылады. Тауар- бұл сату немесе айырбастау үшін  жасалынған еңбек өнімі. Адам еңбегінің өнімі (зат),оны өндірушілердің белгілі қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды. Заттардың  тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы обьективті алғышарттарды құрайды. Бірақ кез- келген зат тауар бола алмайды. Егер (нақты еңбекпен белгіленген) тұтыну құны өз сатып  алушысын таппаса немесе қоғам тарапынан мойындалмаса, онда оны дайындауға кеткен уақыттың рәсуә болғаны; мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес, өйткені оның қоғамға қажетті шамалы. Сондықтан да әрбір тауар қажетті тұтыну құнын алу құралы бола отырып, өзінің өндірушісіне қатынасы бойынша айырбас құны ретінде көрінеді

 

 

 

 

 

 

1.2. Құн формалары мен ақшаның түрлері.

 

Ақшаның қызметі – құн өлшемі. Ақшаның көмегімен басқа барлық тауардың құнын көрсетуге болады. Осы қызметті ойша нағыз ақшалар атқарады. Кез-келген тауардың құнын ақшалай түрде көрсету үшін, нақты ақшаны талап ету керек емес. Тауар құнының  ақшалай көрсетілуі баға деп аталады.

Баға сұраным мен ұсынымның әсерінен  құннан ауытқуы мүмкін. Сондықтан тауар өз құнына да және сұраным мен ұсынымнан да тәуелді.

Алғашқы қауымдық құрылыстың өрістеген шағында, яғни бір қауым өзінің тұтынуынан артылған  кез-келген өнімін анда-санда, кездейсоқ кездескенде басқа қауымның  өніміне айырбастағанда құнның алғашқы формасы- құнның қарапайым, жеке немесе кездейсоқ формасы көрінеді.Мысалы, 1 өлшем астық 1 қойға және т. б.айырбасталды немесе Т=Т. Бұл теңдікте бір тауардың құны екінші тауарға айырбасталғанда көрінеді. Тосынан қарағанда  айырбасталатын екі тауардың  ролі бірдей стяқты. Ал шын мәнінде екінші тауар (мысалда қой) бірінші тауарда (астық) құнының көрінісі, яғни ол бірінші тауардың құнның білдіретін материалдың  ролін атқарады. Өз құнын басқа тауармен  көрсететін тауар (екінші) құнның салыстырмалы (относительді) формасында болады. Ал екінші тауардың құнын  білдіретін тауар (бірінші)құнның баламалы (эквивалентті) формасында болып, оның эквиваленті, яғни баламасы болып есептеледі.

Құнның бұл формасы, аты айтып тұрғандай айырбас процесінің алғаш пайда болған кезіне, оның көп тарамай кездейсоқ сипатта болған кезіне сай келеді. Бұл кезеңде эквивалент ролін кез-келген әр түрлі тауарлар атқарады.

Тауар өндірісі дамыған сайын кездейсоқ айырбас тұрақты процеске, ал айырбас құнының қарапайым түрі толық немесе дамыған түріне айналды.Егіншіліктен  мал шруашылығының бөлінуі, яғни алғашқы ірі өоғамдық нңбек бөлінісі нәтижесінде мал кездейсоқ емес, қайта басқа  тауарларға мол айырбасталатын болды.  Енді басқа тауарлар малға айырбасталғанда кездейсоқ тауарлар емес, қайта айырықша  эквиваленттер ретінде жүрді. Олардың әрқайсысы мал теңестірілетін көптеген эквиваленттердің бірі болып, айырбас мынадай формаға енді: 1 қой = 4 қап астыққа немесе 1 балтаға немесе т с.с. тауарларға тең болады. Айырбас дамуының жаңа сатысын білдіретін формасы құнның толық немесе кеңейтілген формасы деп аталды.

Құнның екінші формасы тауарлы өндірістің ұлғайып, одан әрі нығаюын, өндірістік  байланыстардың өрістеуін  сипаттайды. Бұл сәтте өнім  өндірушілер  тауарлар арасындағы сандық арақатынастардың  дәлдігіне  айрықша мән беретін  болды, өйткені, айырбас процесі тауарларды өндіруге жұмсалған еңбекті өтеуде барған сайын зор роль  атқарады.

Қоғамдық еңбек бөлінісінің одан әрі дамуы адамдардың қолөнер кәсібімен шұғылданып, енді  еңбек құралдарының дамуымен байланысты олардың еңбек  дағдылары  да  жетіле  бастады.  Бұл  кез, яғни егіншіліктен қолөнер кәсіпшілігінің  бөлініп  шығуы ғылымда екінші ірі қоғамдық еңбек бөлінісі  деп аталады.  Осының нәтижесінде өндіргіш  күштер дамудың жаңа сатысына көтерілді.  Кәсіпшілікте тас қалаушылар, ағаш  ұсталары, құмыра жасаушылар, металл  өңдейтін шеберлер   және с.с. мамандықтар  мен кәсіптер пайда болып, өндірісте ұста көрігі, құмыра, арба, тоқыма станогі, қол диірмен,  аттұрмандары сияқты  көптеген еңбек құралдары әзірленіп, пайдалана басталды.

Сөйтіп, тауар өндірісінің өсуі, айырбастың жиілігі мен жүйелілігі барлық тауарлар арасынан бір  тауардың бөлініп шығуына  әкеп соқтырды. Бұл тауарға  басқа тауарлар көбірек, әрі жиі алмастырылып, ол қалған тауарлар  үшін эквивалент, яғни жалпыға ортақ балама тауар болды. Сөйтіп, құнның кеңейтілген формасы біртіндеп құнның  жалпыға ортақ формасына айналды. Оның формуласы мына сипатқа ие болды:

4 қап  астық


1 балта

1 құмыра       = 1 қой

және т.б.

 

Жалпыға ортақ эквивалент ролін атқаратын тауар үшін  әр түрлі халықтарда және сол бір халықтың өзінің тарихының әр түрлі даму кезеңдерінде жалпыға бірдей құн эквивалентін әр түрлі өнімдер (мысалы, аң терілері, піл сүйегі, балық, мал және т.б.) атқарды.

Информация о работе Акша жуйеси жане еволюциясы