Ислам теологиясы: түсінігі мен маңыздылығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Июня 2015 в 21:21, реферат

Описание работы

VII ғасырда мұсылмандар арасында ортаға шыққан саяси қақтығыстардың бара-бара сенімдік, доктриналдық сипат алуы және Ислам сенім негіздерінде не болмаса мұсылмандардың діни сенімін құрайтын бірсыпыра мәселелерде пікірталастар мен дау-дамайларға себеп болғаны тарихтан белгілі. Осы идеялар күресінің нәтижесінде әр түрлі муржия, мутазила қадария, жабрия секілді ағымдар пайда болды.

Файлы: 1 файл

Ислам теологиясы лекция.doc

— 451.50 Кб (Скачать файл)

Салафия – алғашқы ғалымдар, ислам ұлықтары деген мағынаны беретін ұғым. Пайғамбардың және сахабаларының сенім негіздерінде ұстанған жолын тікелей сол күйінде жалғастырған қауымға Салафилер дейді. Табиундар, мазһаб имамдары және хадисшылар салафилерден саналады. Ашарилік пен Матуридилік шыққанға дейін суннит мұсылмандарда басым болған сенім Салафилік болатын. Салафияның ең басты ерекшелігі – сенім негіздерінде рационалистік пайымдауларға орын бермеу, Құран аяттары және хадистермен шектелу, оларды рәміздік, аллегориялық тұрғыдан интерпретация жасаудан қашу. Алайда «салаф», «салафилер» ұғымы соңғы уақытта әр түрлі мағынада қолданыста жүр. Батыстық әдебиеттер бұл ұғымды көбіне «фундаментализм», «дәстүршілдік» дегендермен қатар қоюда.

Салафилердің мазһаб ретінде алғаш рет ортаға шыққан кезі Х ғасырға тура келеді. Бұл кезде Салафилікті ортаға шығарған адамдар, пікірлерінің түгелінің «Салаф» сенімін (ақида) жаңғыртқан және бұған қайшы барлық пікірлерге қарсы тұрған Ахмед ибн Ханбалға сүйенетіндігін алға тартқан. Бұл кезде Салафилер мен Ашариттер арасында үлкен пікірталас жүрген. Салафилердің ортаға шыққан кезеңінде Ашариттер үлкен басымдыққа ие болып тұрған болатын. Екі бағыт та өздерін «салафтардың» жолындамыз деп санайтын және араларындағы келіспеушіліктердің дені осыған байланысты болатын.

Салафилер қазіргі кезге дейін азды көпті жақтастар тауып өмір сүріп келеді. Негізінен діни тәжірибеде Ханбали мазһабын ұстанатындар сенім негіздерінде (ақида) Салафилікті ұстанады. Хадиспен айналысатын ғалымдар да көбіне Салафилік сенімді басшылыққа алады. Қазіргі таңда әлем мұсылмандарының 1-2%-ы Салафилер. Кейбір шектен тыс қатаң көзқарастарға орын беру арқылы ең тығыз орналасқан жері Сауд Аравиясы болып табылады.

 

Дәріс №6 Кәләм ғылымының түсінігі

Көптеген діни топтар, мектептер, секталар мен діни ағымдар арасындағы талас тартыс, диспут нәтижесінде мұсылман теологиясы қалыптасып, оның аты Калам деп аталды. Калам Исламдағы еркін ойлаушылдықтың логикалық және тарихи бірінші философиясының формасы болды. Ол Ислам сеніи негіздерін қатып қалған догмамен емес ақылмен қабылдап түсіндірудің қажеттілігін көрсетті.Каламның негізгі тезисі «дінді ақылмен пайымда». Спекулятивті теология деп аталуының себебі көптеген діни догмаларға рационалды тұрғыда мазмұн бергендігінде. Каламдағы негізгі мәселелерге жататындар: мұсылман қауымын басқарушыларға керекті жағдайлар, әрбір адамның өзінің істеген істеріне жауапкершіліктері, құдай бірлігі және оның негізі мен атрибуты арасындағы қатынас және т.б. Каламдық көзқарасты көптеген мектептер шығарды.

 

Дәріс №7. Ислам мен иман түсінігі

Ислам сенімінің негізі бір Алла Тағалаға ғана құлшылық ету және бір Аллаһтан ғана көмек сұрау (Тауһид).           

Ислам - монотеистік, тауһид діні. Ислам араб тілінде берілу, мойынсұну, бейбітшілік, деген мағыналарды білдіреді. Ислам дініне сенген, бой ұсынып көңіл бөлгендерді мұсылман, муслім деп атайды.

         Ислам діні бес негізгі тұғырдан  тұрады:

1. Алланың барлығына, бірлігіне, хазірет Мұхаммед (с.а.у) Алланың  құлы және елшілісі болғандығына көңілмен сеніп, тілімен мыналарды айту керек: “Алладан басқа тәңір жоқ, Мұхаммед оның елшісі”. Араб тілінде “Ла илаһа иллалаһ Мұхаммадур Расулуллаһ”

2. Діннің діңгегі намаз. Күніне 5 уақыт намаз;

3. Рамазан айында бір  ай ораза ұстау;

4. Белгілі байлық мөлшеріне ие болған мұсылманның байлығының бір бөлігін жылына бір рет Алла Тағаланың ризалығы үшін зекетін беру;

5. Денсаулығы жақсы  және жетерлік мал-мүлкі болса  қажылық ғибадатын орындау.

Иман шарттары: ислам дінінің атын Алла Тағала қойған. Тауһид – исламның негізі және оның қуатының қайнар көзі. Ислам дінінің заңдары Тауһидке негізделген. Тауһид Алладан басқа тәңір жоқтығын және тек Аллаға ғана құлшылық ету керектігін баяндайды. Тауһид консепциясы Құран-Кәрімнің аяттарында тұжырымдалған. Тауһид негізгі екі тұжырымнан тұрады:

1. Алладан басқа құлшылық  етуге лайық тәңір жоқ;

2.  Мұхаммед (с.а.у) Алланың  елшісі.

         Иман шарттары:

  1. Аллаһ Тағалаға сену;
  2. Аллаһтың періштелеріне сену;
  3. Аллаһтың кітаптарына сену;
  4. Аллаһтың бүкіл пайғамбарларына сену;
  5. Ахирет күніне сену;
  6. Тағдырдағы жақсылық пен жамандық Аллаһтың жазуымен болатынына,      өлгенен соң тірілудің хақ екеніне сену.

Иманның бұл шарттарының біреуін қабылдамау бәрін жоққа шығарумен тең. Сондықтан мұсылман иманның барлық шарттарына сенуі керек.

 

Дәріс №8. Исламдағы  теологиялық мәселелер.

Ислам теологиясының негізі,  Алла болсын немесе Пайғамбары болсын, Шариғат қоюшы (Алла) тарапынан жеткізілген діни негіздерді қорғаудан тұратындығы анық айтылған. Әл-Ғазали Ислам теологиясы туралы мына көзқарасты ортаға салады: «Әһли Сунна сенім негіздерін (ақида), әһли-бидғат (дін дұшпандары) бұзғыншылығынан қорғау Ислам теологиясының мақсаты болып табылады...». Әл-Ғазалидің бұл көзқарасы да Ислам теологиясыды Ислам сенім негіздерін оған қайшы пікірлерден қорғауды мақсат ететін бір ғылым ретінде көрсетіп, Фарабимен бірдей пікірді бөлісіп отыр. Ислам теологиясы, Ислам сенім негіздерін дәлелдеуді және оны сыртқы жат пікірлерден қорғауды мақсат еткен бір ғылым ретінде, оның негізінде күрес пен пікірталастан тұратын бір іргетастың жатқаны белгілі. Осы тұрғыдан басында айтып өткеніміздей мұсылмандар арасында саяси қақтығыстардан кейін басталған теологиялық пікірталастар, Ислам теологиясы ғылымының қалыптасуын дайындаған басты себептерді құрады.

 

Дәріс №9. Жаратушыға және Оның сипаттарына сенім

Аллаһ қадим болған заты арқылы бар. Барлық нәрсені ол жаратты. Тек болған зат Аллаһ әлемнің жаратушысы, адамдардың раббы және рызық беруші құлшылққа лайық болған тек зат. Аллаһтың сипаттарының барлығы әзәли және әбәди. Аллаһтьың сипаттары басқа жандыларынан сипатына ұқсамайды. Оның сипаттарын нұқсан сипаттардан                              алыс ұстап сол күйінде иман ету керек. Біз Аллаһтың заты және жаратылысын білмегендіктен Аллаһтың есімі мен сипаттары арқылы танып солайша иман етеміз. Құранда; "Көздер оған жете алмайды, ол көздерді көреді, және ол өте жұмсақ толық білуші" (анғмн/103)

Біз аллаһты оның нұқсансыз болған сипаттывр арқылы тан.имыз оны ңкәміл сипаттырры әзәли және әбәди болып екіге бөлінеді.

1. зати сипаттры.

А. Ужуд, бар болу. Яғни аллаһ бар, Аллаһтың бар борлуы басқасынан емес, өздігінен.

ә. Бәқә, соңы болмау. Мәңгілік болу.

Б. Қидам, әзәли болу, басы болмау.

В, уаһданият, тек және бір болу

Д. Мухалафатун лил хауадис. Кейіннен пайда болған нәрселерге ұқсамау. "еш нәрсе ол сияқты емес,

Е. Қиям би нәфсихи, жаратылысы бар болуы өздігінен.

2. субти сипаттары.

А. Хаят тірі және жанды болу.

ә. Ілім аллаһ барлық нәрсені біледі.

Б. Самиғ, Аллаһ ашық жәе жасырын, сыбырлар сөйлегеннің барлығығн естиді.

В. Басар- аллаһ барлық нәрсені көруші.

Г. Ирада, қалау аллаһ қалаушы аллаһтың қалағаны болады, қаламағаны болмайды.

Д. Құдірет, күші жету деген. Аллаһ шексіз құдірет иесі.

Ж. Кәләм, сөйлеу деген. Аллаһ осы сипатымен пайғамбарлаға кіаптар түсірген.

Е. Такуин жарату демек.

 

Дәріс №10. Таухид мәселесі

Ақида білімінің басында Аллаһтың бірлігі тұрады. Яғни таухид сенімі.  Құран және хадисте келген дәлелдерден таухидтың үш салалы екендігі мәлім.

1. Таухидур-рубубия – Аллаһты  Раб екендігінде бір деп білу. Яғни, Аллаһ тағаланы жаратуда  және жаратылыс істерін басқаруда жалғыз деп сеніп, мойындау.

2.  Таухидул-улуһия – Аллаһты  Тәңірлікте бір деп білу. Яғни, басқа да сиынылып жатқан бекер  болған нәрселер емес, Аллаһ тағаланың  жалғыз Өзі ғана синуға лайық  деп сену және ғибадаттың барша  түрін ешқандай серік қоспай, Оған ғана жасау.

3.  Таухидул-әсмә,и уас-сифат  – Аллаһты есімдері және сипаттарында  бір деп білу. Яғни, Аллаһ тағаланы  Құран және хадисте келген  әдемі есімдерімен атау және  жоғары сипаттармен сипаттау. Сондай-ақ  бұл есімдер мен сипаттар Аллаһ  тағалаға лайық болған барша мағыналарды толықтай ұғындырады деп сену. Мысалы: Имам Абу Ханифа: “Аллаһ тағала мақұлықтардың сипатымен сипатта лынбайды” деген. Тағы да: “Бірде біреудің Аллаһ туралы бірер сөз айтуы мүмкін емес. Бәлкім, Оны Өзінің сипаттаған нәрселерімен ғана сипатталады”. “Аллаһ тағалаға дұға жоғарыдан қылынады, төменнен емес. Өйткені, төмен Рабтың, Тәңірдің сипаттарынан емес” деген.

«Иман әрекетке итермелейтін шындық. Сондықтан иманның іс-жүзіне аспай, жүректе жасырын қалуы мүмкін емес. Егер иман әрекетке көшпей, бүгіліп қалса, әлсіз немесе өлік болғаны. Жұпар иісін сақтай алмаған гүл секілді иман да әрекетін сақтай алмайды. Иман – іс-әрекет, жүйе болып табылады. Аллаһқа қарай бет бұру Иман ұжданның түбінде көмулі, жасырын, ынжық, езіліп-жанышталған нәрсе емес. Әрекетсіз, жақсы ниеттерден құралған деуге де болмайды. Міне иманды өмірдің негізгі тірегіне айналдырған  Исламның айқын көрінісі

 

Дәріс №11. Періштелерге иман

Бізді қоршаған әлемде көзге көрінбейтін қаншама жаратылыстар бар. Оларға сену мұсылманның ерекшеліктерінің бірі. Ал материалистер көрген нәрсеге ғана сенемін деп ақиқатты көргісі келмейді. Ислам бізге көзге көрінбейтін жаратылыстардың ішінде періштелерге сенуге шақырады. Адам баласының рухани дамуы үшін періштелер де Аллаһтың рұқсатымен оларға жәрдем бере алады. Ибни Мәсғуд Пайғамбарымыздан алған бір хадисін былайша жеткізеді: «Адам баласына шайтанның арбауы мен періштелердің илхамы әсер етеді. Шайтанның арбауы жамандыққа итермелеп, ақиқатты жаныштау, періштенің илхамы болса, жақсылыққа шақырып, ақиқатты үйрету. Кімде-кімге осындай ақиқаттың белгісі берілсе ол Аллаһтың нығметі. Сондықтан ол Аллаһқа шүкір етсін.

Періштелер сезім мүшелерімізбен сезіп біле алмайтын, көзге көрібейтін нұр және рухани жандылар. Оларда нәпсі еркек, әйел зәты, үйлену, шашршау деген адамға тән сипаттар жоқ. Санын жалғыз Аллаһ біледі. Тек Аллаһтың әмірімен жүреді. Қарсы келу атымен жоқ. Олардың өздерінңде қызметтері әртүрлі. Уаһи әкелу, жаңбыр, қар жаудыру т.б.

 

Дәріс №12. Пайғамбарларға иман

Жаратушының адамзатқа біллдірген хабарларын пайғамбарлар арқылы білеміз. Адамнан өзге жаратылыстар дүниеге келгеннен өз басына өмір сүруге ыңғайлы болып келеді. Ад адам баласы дүниеге шыр етіп түскеннен ананың қарауынсыз өмір сүруі мүмкін емес. Сондықтан олар ержеткен күннің өзінде жол көрсетушіге мұқтаж. Адамды жаратқан Аллаһ Тағала болғандықтан олардың осы әлсіздігін назарға ала отырып, жол нұсқайтын пайғамбарлар жіберген.

Пайғамбарымыздың жастарға деген мейір-шапағаты, кішіе ізет, үлкенге құрмет көрсету үлгісі, өнеге боларлық дәрежеде.

Оның ең басты сипаттары мына төмендегідей:

Садық: Сөзі мен істерінде туралықты ұстанады. Ешқашан өтірікке жуымайды. Олардың болады деп айтқандары болған. Болмайды дегені болмаған. «Расында білеміз, күдіксіз олардың айтқандары сені кейітеді. Олар сені өтірікке санап отырған жоқ. Бірақ залымдар Аллаһтың аяттарына қарсы келеді»1.

Сенімді: Олар үнемі сенімділікті өмірлеріне ту етіп ұстанады. Пайғамбарымыздың пайғамбарлығын мойындамайтын адамдардың өзі оған аманат тапсырып кететін болған. Досы мен дұшпаны Оны сенімді адам деп атайтын.

Күнәсіз: Пайғамбарлар ешқашан күнә істемейді. Ол өз жүйелерін орынода іске асырады.

Парасатты: Олар адамдардың арасындағы ақылды, алғыр, рухы мықты адамдар. Ақыл мен зейіндерін ең жоғарғы дәрежеде қолданады. Негізгі ақиқатты Аллаһтан алып, адамзат баласына тура жолды көрсетеді.

Таблиғ: Аллаһтың уахи арқылы білдірген әмірі мен тыйымдарын адамдардың дәрежесіне қарай, ешнәрсені жасырмай ешнәрсе қоспай үйретеді.

 

 

Дәріс №13. Кітаптарға иман

Иман негіздерінің бірі пайғамбарларға түсірілген қасиетті кітаптарға сену. Кітаптар түсіруінде де үлкен мән-маңыз жатыр. Өйткені жер бетінде негізгі мақсатынан айырылып, адамдықты ұмытуға айналған қауымдарды тәртіпке шақыратын қағида құрал керек болады. Онсыз түзелу мүмкін емес. Ол кітаптарда адамның өмірге не үшін келгендігі, қайдан келгендігі, о дүниедегі жағдайының қалай болатындығымен қоса өмірдегі кейбір сырлар айтылады.

Ислам мәдениетінің негізгі қайнар бұлағы осы Құран Кәрім. Құран әр бір дәуірдің кез-келген мәселесіне жауап берерлік дәрежеде түсірілген Аллаһтың кітабы. Әлемде оның мәдениетіне тең келерлік ешқандай мәдениеттілікті көре алмаймыз.

        Құран Кәрім  білім алуға шақырады. Мұны біз  Құранның түскен алғашқы аятынан  байқаймыз:

«Оқы! Сондай, жаратқан Раббыңның атымен оқы. Ол адам баласын ұйыған қаннан жаратқан. Оқы! Ол Раббың аса ардақты. Сондай қаламмен үйреткен. Ол, адамзатқа білмеген нәрсесін үйреткен»2.

Осылайша Құран олардың өмірлеріне жол нұсқап, адасудан сақтап, еліктеудің құрығынан құтылады.

 

Дәріс №14. Ақырет күніне иман

Діни тәрбиеде ақыретке сенудің өте маңызды ролі бар. Ол арқылы өмір мектебінде жақсы баға алып, игі іс-істеуге ұмтылады. Хз. Әбу Бәкір (р.а.): Ақыретке амалсыз бару, ескексіз қайықпен жолға шыққанмен бірдей» демекші ана дүниеге сену, о дүниенің азығын молайтады.

Сонымен ақырет сенімін үйрету адамшылыққа бастайды, ал оны жоққа шығару айуандыққа бастайды деп еш күмәнсіз айта аламыз. Талаптан Ахметжан «о сұлу мен суретшіде» кейіпкері арқылы ақыретке сенуді былайша жеткізеді: «Ана дүниеге істеген күнәсімен бетпе-бет келмейтініне көңілі сенген пенденің мына өмірде небір қатыгездікпен аяғын тартпайтыны тағы ақиқат. Олай болса ана дүниенің барына сенген дұрыс.

 

Дәріс №15. Тағдырға иман

Хз. Пайғамбарымыз иман негіздерін айтқанда, жақсылық пен жамандықтың Аллаһтан екендігі білдірген.

Құран Кәрімде мұны былайша баяндайды:

«Шын мәнінде әрі нәрсені бір өлшеумен жараттық».

Информация о работе Ислам теологиясы: түсінігі мен маңыздылығы