Туризмдегі сервистік қызмет көрсетудің ерекшеліктері мен болашағы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Октября 2013 в 16:13, курсовая работа

Описание работы

Біздің елімізде саяхатқа шығып, аралап көретін көрікті жерлер мейлінше көп. Содан да болса керек жорықтарға қатысып, таңғажайып орындармен танысуға, тамаша адамдармен жолығып әңгімелесуге, халықтардың салт-санасын, дәстүрін танып білуге, еліміздің көне қалалары мен ескерткіштерін көріп, тамашалауға тілек білдірушілер саны жыл сайын көбейе түсіп отыр. Бірақ саяхатқа шығушыларды тек осы айтылған жайлар ғана қызықтырады ма? Әрине, олай емес. Саяхаттың танымдық қызметімен бірге тәрбиелік, сауықтырушылық және спорттық қызметтері де бар.

Содержание работы

КІРІСПЕ 3
I-тарау. Туристік саяхаттың мәні және мазмұны 4
1.1 Саяхат түрлері және олардың сипаттамасы 4
1.2. Саяхат түрлерінің пішіні мен топтары 7
1.3 Саяхат барысындағы демалатын және түнейтін орындар 11
II-тарау. Белсенді туристік саяхаттар 15
2.1. Қазақстанда ұйымдастырылған алғашқы саяхаттар 15
2.2. Белсенді саяхаттың классификациясы және қиындық категориялары 16
2.3 Жорықта қауіпсіздікті қамтамасыз ету 18
2.4. Саяхат жасаудағы кедергілер 23
Қорытынды 25
Қолданылған әдебиеттер тізімі 28

Файлы: 1 файл

турист3 саяхаттыт4 м2н3.doc

— 138.50 Кб (Скачать файл)

 

2.3 Жорықта қауіпсіздікті  қамтамасыз ету

 

Туризмдегі мүмкін болатын кездейсоқ жағдайлардың себептерін келесідей  топтастыруға болады:

1) топтың себептері  — аймақтың табиғи ерекшеліктеріне  байланысты (теңіз деңгейінен биіктік,  асулар, өткелдер, күрделі рельеф, қолайсыз  ауа райы).

2) топтың себептері  — туристер тобының қажетті деңгейде материалдық — техникалық базамен қамтамасыз  етілмеуімен байланысты.

3) топтың себептері  — туристік саяхаттың  қажетті  деңгейде ұйымдастырмауымен байланысты.

4) топтың себептері  — туристер тобындағы медициналық   қызмет көрсетушілердің қажетті деңгейде тәжірибесінің болмауы, тактикалық — техникалық дағдылардың жетіспеуінен туындайтын жағдай.

Кез келген туристік қызмет көрсететін кәсіпорын егер қызметтері белсенді болса, онда өзінің құрамында  бақылау-құтқару топ жасақтауы  тиіс. Бақылау-құтқару  топтың негізгі атқаратын мақсаттары:

осы турфирманың  белсенді турлары жүзеге асырылатын аудандарын  барынша зерттеу.

2) құтқарушы  қордың азық-түлікпен, медикаменттермен, құрал-саймандармен жабдықтау, қамтамасыз  ету .

3) базалық лагерьде  немесе эксплутацияланатын турлардың бағыттарында қатерлі жағдайларды алдын алуға арналған профилактикалық шараларды жүзеге асыру, яғни гид, инструкторларға кеңес беру, туристерге нұсқаулар жасау, маршруттарды маркировкалау, туристер тобының маршруттарды жүріп өтуіне бақылау жасау.  

4) тексеру-бақылау,  құтқару-іздестіру жұмыстарын жүзеге  асыру қатерге ұшыраған туристерге  көмек беру.

5) қажет болған  жағдайда мемлекеттік-апаттық құтқару  қызметтеріне ақпараттар беру  және бірлесе отырып, құтқару  қызметтерін жүзеге асыру. 

Құтқару жұмыстарын жүзеге асыру үшін, хабарсыз кеткен туристер тобын іздестіру үшін белгілі  бір бақылау мерзімі өту қажет. Егер осы мерзімнен  кейін туристерден  хабар алынбайтын болса, жедел түрде  құтқару-  іздестіру  жұмыстарын бастау қажет, бақылау мерзімі деп, күтпеген қиын- дықтардан өтуге арналған уақытты резервін айтамыз. Тәжірибедегі белгіленген оптималды уақыт резервтері бар:

I-ші — III-ші  қиындық деңгейіндегі жорықтар  үшін — 1 немесе 2 күн, ал IV-ші  және V-ші категориялы жорықтар  үшін — 2-3 күн.

Құтқару жұмыстары  үшін негізгі медикаменттер тобы:

ауру басушы және әлсіз ағзаны қалпына келтруші препараттар (анальгин, темпалгин және т.б.);

2) қан тоқтатуға,  дезинфекциялауға   арналған  препараттар   

(йод, cутегі  тотығы);

3) антибиотиктер тобы (пинициллин, тетрациклин, эритромицин);

4) сыртқы жарақаттарға  қолданатын препараттар;

5) таңуға қажетті  материалдар (бинт, мақта);

6) приборлар  мен инструменттер тобы (градусник,  қайшы, шприцтер және т.б).

Құтқару-іздестіру  жұмыстары келесі жағдайларға байланысты басталуға тиіс:

егер де туристер тобы белгіленген мерзімде  бақылау  пункттеріне келіп жетпеген болса, іздестіру жұмыстары басталады.

Егер де туристік маршруттың бойында апаттық жағдай болуы мүмкін деген сенімді хабар  алынған жағдайда,апаттық жағдай туындап, туристерге алғашқы көмек көрсету және тасымалдау керек болған жағдайда басталады.

Турфирмалардың  барлығы мемлекеттік-апаттық құтқару  қызметімен бірлесіп, әрекет етуі тиіс. Туристік фирмалар мен күтпеген жағдайлар  бойынша бірлесе отырып, келесі бағдармаларды құрған:

1) МИНИМУМ бағдарламасы - бақылау-құтқарушы топтары мемлекеттік  кездейсоқ жағдайлар бойынша  комитетінің құрамына қосылады. Бұл топтың құрамында алғашқы  көмек көрсете алатын, қатерге  ұшыраған туристерді алып шыға  алатын дайындықтары  бар спортсмендер болуы тиіс. Кездейсоқ жағдайлар бойынша министрліктің тапсырысы бойынша турфирмалардың инструкторларының көмегімен тауда, суда құтқару жұмыстарын жүзеге асыратын білікті мамандар дайындау қажет. Бұл жерде турфирма мамандпры құтқарушыларды дайындауға арналған теориялық және практикалық бағдармалар жасауға тиіс.

2) МАКСИМУМ бағдарламасы  – бұл бағдарламаға сәйкес  инструкторлардың көмегімен қауіпсіздікті  қамтамасыз ету үшін қажетті  ақпараттарды жинап, белгілі бір  жүйеге келтіру. Бұл бағдарлама бойынша апаттық қатерлі аудандарға  ұдайы тексеру жүргізеді.

Туризмдегі  қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін шетелдік             тәжірибені қолдана отырып, Қазақстанның туристік кеңесінің федерациясы  туристік саяхаттардың қауіпсіздігін  қамтамасыз ететін бөлігінің рекламентінің үлгісін ұсынған, бұл құжатта келесі жағдайлар көрсетілген:

1а) қызметтер  бағытының тізімі, яғни туристік  бағыттардың потенциалды қатерлері  туралы ақпараттарды жинап, өңдеу

1б) Қазақстан  территориясындағы барлық саяхаттардың  түрлері бойынша қауіптен сақтандырудың нұсқауларын тағайындау.

1в) траспорттық  немесе құтқару жұмыстарын жүзеге  асыру, іздестірулерді жүргізу,  туристік топтарға және турфирмалардың  қызметіне кеңестер беру.

1г) туристерге  сақтандыру полистерін рәсімдеу.

2а)Қызметтердің технологиясы - Қазақстан мен ТМД елдерінің территориясы бойынша ұйымдастырылған саяхаттар кезіндегі потенциалды қатерлер туралы ақпараттарды автоматты түрде  өңдеуден өткізу.

2б) Қазақстан  картасына салынған информацияларды  енгізе отырып, құтқару нәтижесінде туристердің дислокациялау орындарын белгілеу.

2в) 6 адамнан  тұратын контракты негізінде  жұмыс жасайтын 2 құтқару топтарын  құру.

2г) бақылаушы  топтарының қызметтері үшін оқу-жаттығу  жиындарын өткізу.

3)даму перспективалары  – бүкіл әлем бойынша жорықтар мен саяхаттардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді белгілі бір жүйеге келтіріп, нұсқаулар мен кеңестерді тағайындау, арнайы базаларда құтқарушы тапсырыс бойынша тағайындау қызметтерін ұсынатын мекемелер.

Туризмдегі  қауіпсіздікті қамтамасыз ету дегеніміз — туристік шараларды  өткізу кезінде ұйымдастырудағы кешенді қызметтерін жүзеге асыруды айтамыз. Мысалы, саяхатқа, жорыққа қатысушылардың физикалық,  техникалық, тактикалық арнайы дайындықтан өтуі, туристік маршруттарды  құралдармен жабдықтау, медициналық қызметтермен  қамтамасыз ету, туристерге кеңес беруді ұйымдастыру, бақылау жүргізу, оперативтік көмек көрсетуді ұйымдастыру, қажет болған жағдайда іздестіру-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және т.б. іс-шаралар жатады. Жорық кезіндегі туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге  қажетті шаралар туризмнің түріне байланысты айқындалады.

Туризммен айналасуда қауіпсіздіктің қамтылуы белсенді туризм саласында жұмыс жасайтын қызметкерлердің  біліктілік деңгейі ерекше орын алады. Бұл біліктілікті арттыру үшін спорттық жорықтарды қолданады.

Жорықтың қауіпсіздігін  қамтамасыз ету үшін қауіпсіздікті  сақтандырудың жорық алдындағы  жүйесі өте маңызды болып табылады, оның негізгі  2себебі бар:

жорыққа қатысушылардың қоршаған орта экологиясының нашарлануына сәйкес денсаулықтарының төмен болуы.

халықтың көп  бөлігінің табыстарының төмендігіне  сәйкес медициналық көмектерді ала  алмауы. 

Туристік саяхаттарды  медициналық қызметтермен қамтамасыз ету

Жорықтың медициналық  қызметтермен қамтамасыздандырудың негізгі  міндеттері:

аурулардың  алдын алу, яғни профилактикалық  шаралар;

денсаулығы  нашар, жарақат алған туристерге қажетті деңгейде алғашқы медициналық  қызмет көрсету;

денсаулықтағы өзгерістерді үнемі анықтау, қажет болған жағдайда денсаулықты қалпына келтіру, барлық профилактикалық жұмыстардың жүйесі дәрігерлік тексеруден басталады.

 

2.4. Саяхат жасаудағы  кедергілер

 

Адамның саяхат жасамауына немесе сирек саяхат жасауына белгілі бір себептер болады. Ол себептерді саяхат жасаудағы кедергілер деп атауға болады. Халықтың көп бөлігі үшін саяхаттағы кедергілерге келесілер жатады:

Турөнімнің  құны. Тұтынушы ақша массасының шектеулігі жағдайында әрекет етеді де, бюджетін құрған кезде  ең алдымен ол шығындардың басқа баптарын ескеруге мәжбүр болады. Егер де саяхатқа шығу рахаты қымбат деп танылса, онда оны туризмнің пайдасыздығы деген пікірмен ұштастыруға болады. Бірақ бұл кезде туристік сапардың құны турист үшін үйде қалудың объективті және принципиалды себебі  болып табылады.

 Уақыт тапшылығы.  Көптеген адамдар саяхат үшін  жұмысын қалдыра алмайды.

Денсаулығы  жағынан шектеулік. Денсаулықтың нашарлығы  немесе дене бітіміндегі кемшіліктер  адамның үйінен кетуіне мүмкіндік  бермейді, оларды саяхаттан бас тартуға  мәжбүрлейді.

Жанұяның өмірлік  циклы. Кішкентай жас балалары бар  ата-аналар көп жағдайда отбасылық  міндеттерге байланысты саяхаттан  бас тартуға мәжбүр болады.

Қызығушылықтың  тапшылығы. Белгілі бір сапардан қажетті рахат сезімін беретін  туристік бағыттардың  және қызметтердің  түрін білмеу, тіпті оған қызықпау да көбінде саяхаттағы айтарлықтай бір кедергі болып табылады.

Қорқыныш және қауіпсіздік. Туристік сапар жаңа жағдайлармен кездесуді білдіреді, сол себептен ол туристерді көбінде шошытады. Жергілікті бір жерлердегі болып жатқан соғыс, тәртіпсіздік, құқық  бұзушылық туралы бұқаралық ақпарат құралдарындағы берілетін жағымсыз  жариялындар потенциалды туристің ой-санасына белгілі бір туристік бағыт туралы қорқыныш пен сақтық сезімін ұялатады, сонымен қатар тежегіш қана емес, сондай-ақ туризмнің беделін түсіретін қауіпті кедергі терроризм болып табылады.

 

Қорытынды

Сонымен, ежелгі Қазақстан тарихындағы ұйымдастырылған   алғашқы  саяхаттар—аса ауқымды  туристік нысан болып табылатын  Ұлы Жібек жолымен байланысты. Оның бастапқы қалыптасу кезеңі б.з.б. III мыңжылдықққа ұласады. Ортағасырлық  Қазақстанда да ұйымдастырылған саяхаттар мақсатты түрде жасалған туристік нысандардың болғаны туралы деректер тіркелген.

Қазақстанда қажылық  саяхатты ең бірінші ұйымдастырған  Әмір Темір болды және оның есімімен байланысты орында әр жылдары әр түрлі әлеуметтік туризм түрлері жүзеге асырылды. Осындай ескерткіштердің негізгісі 1399ж. Әмір Темірдің бұйрығы бойынша Қожа Ахмет Иасауи қабірінің үстіне салынған кесене болды.

Мерзім мен аудандарды белгілеп, күні бұрын жасалған маршруттар бойынша өткізілетін саяхаттар бәрінің көңілінен шыға бермейді.  Сол себепті саяхат өзінің ұйымдастыру жағынан басқа түрімен өз қалауы бойынша ұйымдастырылатын әуесқойлық саяхат.

Саяхат шаралары демалыс күндері жорық жасаумен, саяхаттық слет, жарыстар өткізу түрлерімен де жүзеге асырылады.

Саяхаттың бірнеше  түрлері болады:

1.Жаяу жорық—барша  адамның қолы жететін жорық,  бұл жорық саяхатшылардан жаяу  жүру дағдыларын және төзімділікті  талап етеді. 

2. Таулы аймақтағы жорық — тау соқпақтармен өтетін жорық желілері көп уақытты керек ететін қырға, одан төмен түсу қиындығын ескеру нәтижесінде жасалады, дайындық жасап, ережелерді дұрыс сақтаған жағдайда жорық қауіпсіз болады.

3. Сумен саяхат  — жорыққа шыққан адамнан көп төзімділікті қажет етпейді, бірақ саяхатшылардың жүзе білуі, қайықты дұрыс бағыттап, ескек есе алуы шарт.

4. Шаңғымен саяхат  жорығы кей қиындықтарға қарамастан  өзінің қайталанбас тамашалығымен  есте қалып, оған қатысушылардың  дене құрылысын шынықтыруда зор маңызға ие болады.

5. Автомобильмен,  велосипедпен және мотоциклмен  саяхат та кең қанат жайып  отыр. Ол демалыс күндері жергілікті  жерлерге жорыққа шығумен ерекшеленеді.

Сонымен қатар, бұл курстық жұмыста белсенді саяхаттың қиындық категориялары  да атап  көрсетілген.

Туризмдегі  қауіпсіздікті қамтамасыз ету дегеніміз  — туристік шараларды  өткізу кезінде  ұйымдастырудағы кешенді қызметтерін  жүзеге асыруды айтамыз. Мысалы, саяхатқа, жорыққа қатысушылардың физикалық,  техникалық, тактикалық арнайы дайындықтан өтуі, туристік маршруттарды  құралдармен жабдықтау, медициналық қызметтермен қамтамасыз ету, туристерге кеңес беруді ұйымдастыру, бақылау жүргізу, оперативтік көмек көрсетуді ұйымдастыру, қажет болған жағдайда іздестіру-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және т.б. іс-шаралар жатады. Жорық кезіндегі туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге  қажетті шаралар туризмнің түріне байланысты айқындалады. Туризммен айналасуда қауіпсіздіктің қамтылуы белсенді туризм саласында жұмыс жасайтын қызметкерлердің біліктілік деңгейі ерекше орын алады. Бұл біліктілікті арттыру үшін спорттық жорықтарды қолданады.

Жорықтың қауіпсіздігін  қамтамасыз ету үшін қауіпсіздікті  сақтандырудың жорық алдындағы  жүйесі өте маңызды болып табылады, оның негізгі 2 себебі бар:

1) жорыққа қатысушылардың қоршаған орта экологиясының нашарлануына сәйкес денсаулықтарының төмен болуы.

Информация о работе Туризмдегі сервистік қызмет көрсетудің ерекшеліктері мен болашағы