Стаистикадағы туризм

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Апреля 2014 в 11:24, лекция

Описание работы

Әдетте, модульдің 2 түрі көрсетіледі: базалық модуль және кеңейту модульдері. Базаылқ модульдеріне ГАЖ операцияларын жүзеге асыратын функциялар кіреді. Әр түрлі фирмалардың бағдарламалық өнімдері арасында ұқсастықтар бар екенін айта кеткен жөн, себебі өндірушілер бір – бірінен құрал – жабдықтарды алуға мәжбүр болады. Қазіргі кезде, нарықта толық функционалды деңгейге жатқызылатын белгілі 20 – ға жуық жақсы ГАЖ пакеттері бар. Толық функционалдық ГАЖ қасиеттерін сипаттай отырып олардың ортақ белгілерін көрсетуге болады.

Файлы: 1 файл

Лекции.Тур статистика.docx

— 72.05 Кб (Скачать файл)

Қоғамның экономикалық және әлеуметтік өмірін талдай отырып құбылыстардың жеке типтерін алып зерттейді. Жиі типологиялық және сапалық белгілер арасында тең белгісін қояды. Бұл аса дұрыс емес, себебі, құбылыстардың кейбір типтері сапалық белгі бойынша бөлінуі де мүмкін.

Типтік топтардың мысалы ретінде тұрғындардың жастар, орта жасты адамдар сияқты топтарға бөлінуін алуға болады.

Құбылыстар талдауында жиі географиялық негіз бойынша құрылған кеңістіктік топтар алынады, мұнда топтар негізіне әкімшілік-территориялық бөлініс, табиғи-климаттық зоналар, әлем бөліктері бола алады.

Уақыт өте келе жиынтық саны және оның жеке топтарының қатынасы мен саны да өзгереді.

Құбылыстар арасындағы тәуелділікті зерттеу үшін аналитикалық топтарды пайдаланады. Оларды құрағанда белгілер арасындағы өзара байланысты орнатуға болады. Мұнда бір белгі нәтижелік, ал басқалары – факторлық (нәтижеге әсер етуші) болады.

Белгілер арасындағы өзара байланысты орнату үшін мәліметтерді фактор-белгі арқылы топтастырып әр топтағы нәтижелік фактордың орташа мәнін есептеп шығару керек. Нәтижелік және факторлық  белгінің мәндерінің өзгерісін салыстыра отырып олардың арасындағы байланыс сипатын анықтайды. Факторлық белгі мәнінің өсуімен бірге нәтижелік белгінің мәні де өссе екеуінің арасында тура байланыс бар және керісінше.

Топтастыру белгісін таңдағаннан құрылатын топтар саны да тәуелді болады. Мысалы, тұрғындарды жынысы бойынша топтастырғанда екі топ қана пайда болады, ал ұлты бойынша топтастырғанда топтардың саны өте көп болатын еді.

Көптеген экономикалық және әлеуметтік процестер мен құбылыстар біршама жақсы зерттелген, сондықтан сапалық топтастыруларға жиынтықтың біртекті құбылысты топтарға тұрақты бөлінуі қарастырылған. Бұл бөлініс классификация деп аталады.

Классификация статистикалық мәліметтерді жүйелеуде үлкен роль атқарады. Олар статистикалық ақпарат топтастырылатын статистикалық норматив болып табылады. Классификациялар өзгеріссіз тұрмайды – классификаторлар негізделетін жаңа типтер пайда болады, шарттар мен принциптер өзгереді. Алайда ғаламдық өзгерістер мұншама жиі болып тұрмайды. Және барлық өзгерістер классификацияны толығымен қайта қарастыруды талап етпейді. Жинақталған тәжірибе әрекетте жүрген классификаторға жаңа мәліметтер блоктарын қосуға мүмкіндік береді.

 

13 Дәріс

Топтастырулардың құрылымы. Екінші реттік топтастырулар

Топтастыру әдетте нақты зерттеу мақсатында жүргізіледі. Мұндай топтастыруларды келесі зерттеулерде де пайдалануға болады. Бұл қажетті нәрсе де, себебі, олардың мәліметтерін салыстыру қажет.

Сандық белгіні пайдаланған кездегі топтар саны тәуелді:

  • зерттелетін құбылыстың бірліктерінің санынан;
  • топтық белгінің ауытқушылық деңгейінен;
  • белгі дискреттік немесе үздіксіз шама болуынан.

Кейде берілген жиынтыққа құрылған топтардың құрылу принципі бұзылады. Мысалы, отбасындағы бала санының нақты саны орнына ( «1», «2» т.с.с.) басқа вариант – «6»  және одан да көп көрсетіледі. Әдетте бұл тәжірибелік мақсатпен жасалады – жиынтықта сирек кездесетін белгіні енгізіп топтар санын көбейтпес үшін.

Мәліметтерді топтастырғанда зерттелетін жиынтық қанша топтарға бөлінеді деген сұрақ туындайды. Егер белгінің оның өзгеру шекарасында таралуы біркелкі немесе қалыптыға жақын болса белгінің өзгеру диапазонын бірдей интервалдарға бөледі.

Жиі өзгермелі белгінің мәндері топтар құруда бірдей интервалды пайдаланған кезде топтар саны көбейіп олардың көбі аз санды болады. Мұндай жағдайда жиынтық бірдей емес интервалды топтарға бөлінеді.

Интервал ұзындығындағы айырмашылықтар өзгермелі белгінің сипатына ғана емес зерттелетін экономикалық және әлеуметтік құбылыстардың ерекшеліктерімен де байланысты. Және де бұл жағдайда топтар құрағанда интервалдардың үлкеюі не кішіреюінің ерекше тенденциясы байқалмайды.

Интервалдың екі түрі болады: ашық және жабық. Екі шекарасы да көрсетілген интервалдар жабық, бір шекарасы көрсетілгені ашық деп аталады. Статистикалық жиынтық көрсеткіштерін есептеу үшін ашық интервалдарды «жабу» керек.

Алайда жиынтықтың логикалық және белгіленген шекаралары болады. Мысалы, еңбекке жарамды тұрғындарды топтастыру қажет болса белгіленген жиынтық шекараларын пайдалану керек: ер адамдар үшін 16-60 жас, әйелдер үшін 16-55 жас.

Статистикалық зерттеу мақсатында түрлі кезеңдерге жататын мәліметтерді пайдалануға, жеке салалар, аймақтар бойынша ақпаратты салыстыруға тура келеді. Бұл жағдайда қолда бар топтастырылған мәліметтерді қайта топтастыру қажет. Қайта топтастыру операциясы екінші реттік топтастыру деп аталады.

Құбылысты талдағанда алғашқы құрылған топтардың үлкен санынан одан да ірі топтарды құру керек. Бұл жағдайда екінші реттік топтастыру қиындық туғызбайды.

Екінші реттік топтастырулар сандық қана емес сапалық белгілері бойынша топтастырылған жиынтықтар үшін өткізіледі. Көбіне оны әр түрлі елдерден алынған мәліметтерді салыстыру үшін пайдаланады. Ол жағдайда бірінен бірі ажыратылатын классификациялар бойынша санлған көрсеткіштер қайта топтастырылады.

 

Статистикалық таблицалар

Статистикалық таблица – зерттелетін статистикалық жиынтық туралы цифрлік мәліметті қысқаша әрі толық көрсететін форма.

Сандары толтырылмаған статистикалық таблица макет деп аталады. Статистикалық таблицалар макеты мәліметтерді дайындау кезеңінде жасалады. Таблица макеты – көлденең жолдар мен тік бағандардан тұратын торкөз. Олардың қиылысында пайда болған торкөздерге статистикалық мәлімет толтырылады.

Әрбір статистикалық таблицада бастауыш және баяндауыш болады. Таблицаның бастауышы – сәйкес көрсеткіштермен сипатталатын жеке бірліктер. Баяндауыш деп бастауышты сипаттайтын белгілерді атайды. Бастауыш әдетте кестенің жолдарын, баяндауыш бағандарын құрайды. 

  Статистикалық кестенің  бастауышы баяндауышы сияқты  жай және күрделі болуы мүмкін.

Бастауыштан тәуелді кестелердің түрі:

  • жай;
  • топтық;
  • комбинациялық.

Жай кестеде бастауыш зерттелетін объекттің жеке бірліктерінің тізімін құрайды. Мысалы, кәсіпорын, ұйым және компаниялар тізімі.

Топтық кестелерде статистикалық жиынтық бір белгі бойынша жеке топтарға бөлінеді. Мұнда әрбір топты бір немесе бірнеше көрсеткіштермен сипаттауға болады.

Аралас кестелерде зерттеу объектісі, яғни бастауыш топтарға бір емес бірнеше белгі бойынша бөлінеді.

Баяндауышты  құрастырудың жай жолында бастауышты сипаттайтын көрсеткіштер біріне бірі параллель орналасқан.

Баяндауышты құраудың күрделі жолында бір белгі екіншісін алмастырады.

Әрбір статистикалық кестенің талданатын объектінің мазмұнын айқын әрі нақты көрсететін атауы болу керек.

Әрбір жолдар мен бағандар аталуы керек.

Кестенің жолдары мен бағандарында бастауыш пен баяндауыштағы көрсеткіштерге сәйкес өлшем бірліктері болу керек, оларды қысқартудың баршаға белгілі тәсілдерін алынуы тиіс.

Бір жолдың (бағанның) барлық мәліметтері бір дәлдікпен жасалуы тиіс.

Қорытынды  жолдар (бағандар) бастапқы және соңғы жолдарда (бағандарда) орналасуы мүмкін.

Үлкен кестелер құрастырғанда оның жолдары мен бағандарын нөмірлеген дұрыс.

Кестенің барлық торкөздері толтырылуы керек. Белгілі бір торкөзде мәліметтің жоқ болуының себептері әр түрлі болады, сондықтан төмендегідей шартты белгілерді қолданады:

  • «...» (көп нүкте) – берілген құбылыс бойынша мәлімет жоқ;
  • «0» (ноль) – берілген құбылыс көрсеткішінің мәні белгіні дөңгелету үшін пайдаланатын бірліктің жартысынан аз;
  • « - » (тире) – құбылыс жоқ;
  • «х» (крестик) – торкөзді толтырудың қажеті жоқ.

Кестеде келтірілген мәліметтер дереккөзін көрсету керек.

Аталған ережелерді сақтау статистикалық кестелерді талданатын әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың жағдайы мен дамуы туралы негізгі көрсеткіш болып қалады.

 

14 Дәріс

Ауыспалы шамалар

Ауыспалы шамалар – бұл зерттеулерде өзгертуге, бақылауға, өлшеуге болатындар.

Ауыспалы шамалар түрлері:

  • Тәуелді;
  • Тәуелсіз.

Тәуелсіз ауыспалы шамалар деп зерттеуші өзгертетін шамаларды, ал тәуелді шамалар деп өлшеніп тіркелетін шамаларды атайды. «Тәуелді және тәуелсіз ауыспалы шамалар» терминдері көбінесе эксперименталды зерттеулерде қолданылады, мұнда тәжірибеші кейбір ауыспалы шамаларды өзгертеді және бұл жағдайда олар әсер етуші факторлардан тәуелсіз.

Ауыспалылар олардың өлшеу шкаласы қанша өлшенетін ақпаратты қамтамасыз ете алатыны бойынша ажыратылады. Әрбір өлшемде одан алынатын «ақпарат мөлшерінің» шекарасын анықтайтын кейбір қателер болады. Ауыспалыда бар ақпараттың мөлшерін анықтайтын басқа фактор өлшеу жүргізілген шкала типі болып табылады.

Шкалалар (және ауыспалылар) типі:

  • Номиналды;
  • Реттік (ординалды);
  • Интервалды;
  • Қатынастық.

1. Номиналды ауыспалылар  тек сапалық классификация үшін  қолданылады. Ауыспалы мәндері түрлі  таптарға жататын терминдерде  ғана өлшене алады. Номиналды  ауыспалының типтік мысалы –  жыныс, ұлт, түс. Номиналды ауыспалыларды  жиі категориялық деп атайды.

2. Реттік ауыспалылар  объектілерді ранжирлеуге көмектеседі. Реттік ауыспалының типтік мысалы  – отбасының әлеуметтік-экономикалық  мәртебесі.

3. Интервалдық ауыспалылар  өлшеу объектілерін тек реттеп  қана қоймай олардың арасындағы  айырмашылықтарды санмен көрсетіп  салыстыруға мүмкіндік береді. Мысалы, Цельсий не Фаренгейт бойынша  өлшенген температура интервалды  шкаланы құрайды.

Интервалдық шкалада өлшенген ауыспалының барлық қасиеттеріне қоса қатынастық ауыспалалардың ерекше қасиеті абсолюттік нольдің белгілі бір нүктесінің болуы, мұнда Х  У-тен екі есе үлкен.

4. Қатынас шкалаларының  типтік мысалы уақыт не кеңістік  өлшемі болып табылады. Статистикалық  процедуралардың көпшілігінде интервалдық  және қатынастық шкалалар қасиеттері  арасында айырмашылық берілмейді.

Типінен тәуелсіз екі немесе одан да көп  ауыспалылар олардың зерттеу мәндері келісілген әдіспен бөлінсе байланысты болады.

Нәтиженің статистикалық мәнділігі оның «шынайылығына» көз жеткізуінің өлшенгені болып табылады. Бұл үшін р-деңгей атты түсінік қолданылады – нәтиже беріктігінен азаймалы тәуелділікте тұрған көрсеткіш. Біршама жоғары  р-деңгей  сенімділіктің төменгі деңгейіне сәйкес келеді.

Мәнділіктің одан жоғары нәтижелері жоққа шығарылатын белгілі бір деңгейін таңдау біршама еркін болып табылады. Әдетте көп облыстарда р < 0,05 статистикалық мәнділіктің оңтайлы шекарасы болып табылады, алайда бұл деңгей, сонымен қатар, оның үлкен қателік ықтималдылығын қосады (5 %).  Р < 0,01 деңгейіндегі нәтижелер әдетте статистикалық мәнді, ал Р < 0,005 және Р < 0,001 деңгейлі нәтижелер жоғары мәнді болып саналады.

 

Статистикалық көрсеткіш

Статистикалық көрсеткіш – сапалы анықталғандық жағдайында әлеуметтік-экономикалық процестер мен құбылыстардың сандық сипаттамасы, мұнда көрсеткіш құбылыстың ішкі құрылысымен байланысты.

Статистикалық көрсеткіш есептік жолмен алынады. Бұл жиынтықтың бірліктерінің қарапайым санауы, мәндерін қосу, шамаларды салыстыру болуы мүмкін.

Статистикалық көрсеткіштің келесі түрлерін ажыратады:

1.нақты статистикалық  көрсеткіш;

2.санат-көрсеткіш;

3.жеке көрсеткіш;

4.жинақы көрсеткіш;

5.көлемді көрсеткіш;

6.есептік көрсеткіш;

7.уақытша көрсеткіш;

8.бір объектілі және  объект арасы көрсеткіші;

9.аумақтық көрсеткіш.

Статистикалық көрсеткіштер жүйесі – бір деңгейлі немесе көп деңгейлі құрылымы бар, нақты статистикалық мәсілені шешуге бағытталған өзара байланысты көрсеткіштер жиынтығы. Мысалы, кәсіпорынның қызмет етуінің толық экономикалық сипаттамасы үшін төмендегідей көрсеткіштерді қосатын жүйені пайдалану керек:

  • пайда;
  • кәсіпорын беделділігі;
  • қызметкерлер саны;
  • қызметкерлердің біліктілік деңгейі;
  • еңбек өнімділігін;
  • қормен қаруланғандығы.

1. Нақты статистикалық  көрсеткіш зерттелетін құбылыстың  осы жерде және осы уақыттағы  мөлшерін, көлемін сипаттайды. Мәселен, егер өнеркәсіп-өндірістік қорлардың  нақты мөлшері аталса, оның қай  өндіріске, қай салаға және қай  уақытқа тиесілі екенін міндетті  түрде көрсету керек. Алайда теориялық  жұмыстарда статистикалық бақылаудың  операциялық кезеңінде абстрактілі  және санат-көрсеткіштерді де  пайдаланады.

Информация о работе Стаистикадағы туризм