Шағын бизнесті дамыту мәселелері және оларды шешу жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Февраля 2014 в 18:43, курсовая работа

Описание работы

Тәуелсіздік алумен Қазақстанда нарықтық экономикаға ауысуға бағытталған ірі реформалар жүргізіле бастады. Мемлекеттің халық шаруашылығын басқару мен реттеуде Үкімет ролі азайып, Адам Смиттің айтып өткен «көрінбейтін қол» нарықтық қатынастарды орнатуға мүмкіндік жасады. Тиісті саяси-әлеуметтік жағдай мен КСРО-дан мұрагерлікке қалған инфраструктура, дәмі татылмаған ішкі нарық, төмен бәсекелестік Қазақстан Республикасындағы жаңа кәсіпкерліктің дамуына жағдай туғызды.

Содержание работы

КІРІСПЕ 4
1 КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 6
1.1 Кәсіпкерлік түсінігі және оның мәні 6
1.2 Шағын кәсіпкерліктің нарықтық экономикадағы маңызы мен оның ерекшеліктері 7
1.3 Шағын бизнес құрудың өзекті формалары 11
1.4 Шағын инновациялық кәсіпкерліктің формалары 12
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ШАҒЫН БИЗНЕСТІҢ ДАМУЫ 15
2.1 Қазақстан Республикасындағы шағын бизнестің дамуын бағалау 15
2.2.Қазақстан Республикасында шағын бизнесті дамыту мәселелері. 18
2.3 Отандық шағын кәсіпкерліктің құқықтық қамтамасыз ету көздері 19
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ШАҒЫН БИЗНЕСТІ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ 20
ҚОРЫТЫНДЫ 28
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 30

Файлы: 1 файл

курсовая предпринимательство.doc

— 276.50 Кб (Скачать файл)

 

Статистикалық тіркелім деректерінде Республика бойынша 2012 жылы қаңтар айынның 1 жұлдызындағы деректер бойынша шағын бизнеспен айналысатын 739812 белсенді шағын кәсіпорын тіркелген, бұл көрсеткіш 2011 жылғы қаңтар айының 1 жұлдызындағы деңгейден 72587 бірлікке артық.

Белсенді жұмыс істейтін кәсіпорындардың басым көпшілігі (44 %) саудаға, автомобильді, тұрмыстық және жеке бас мүліктерін жөндейтін салаларға, ауылшаруашылық саласына (24%), көлік саласына (6%), жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар саласына (5%) және қызмет көрсету саласына (7%) тиесілі. Республиканың шағын бизнес кәсіпорындарында 2012 жылы 1 қаңтарға есептелген дерек бойынша 1900383 адам жұмыспен қамтылған, бұл көрсеткіш 2011 жылдың 1 қаңтарындағы деңгейден 60382 жұмыспен қамтылған адам санына артты.

Ауыл шаруашылық саласында шағын бизнес жағдайы шаруа қожалықтарының шамалы артуымен сипатталады. Республика бойынша 2012 жылы қаңтар айының 1-не дейін 178869 белсенді шаруа қожалығы тіркелген. Бұл 2011 жылмен  салыстырғанда 3132 шаруа қожалығына артық.

2012 жылы тіркелген және қызмет етуші кәсіпорындардың басым көпшілігі Оңтүстік Қазақстан облысында, 230197 тіркелген кәсіпорындардың 130311 қызмет атқаруда. Оның ішінде 276644 адам немесе 96,8 % жұмыспен қамтылған қатарына жатады.

Шағын бизнес субъектілерінің аз саны Солтүстік Қазақстан (35422), Қызылорда (36191) және Батыс Қазақстан (37724) облыстарына тиесілі. [13]

Шағын кәсіпорындардың географиялық бөліну тенденциясы сақталынуда. Бұл жағдай, бірінші кезекте шағын кәсіпорындар абсолютті басымдылықта тұрғындарға қызмет көрсетуге емес, мемлекеттік кәсіпорындарға қызмет көрсетуге бағытталған. Сондықтан да жеке кәсіпорындардың басым көпшілігі республикамыздың өнеркәсіпті облыстарында орналасса, ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісіне бағдарланып, өнеркәсібі дамымаған базаларда керісінше төменгі көрсеткіште болады.

Шағын бизнестің салалық  құрылымын қарастырсақ, онда 90 жылдардың басынан бастап, елеулі өзгерістерді байқамаймыз. Кәсіпкерлердің негізгі бөлігі сауда-делдалдық қызмет көрсетумен айналысуда.

Ірі өнеркәсіптік фирмаларға қызмет көрсетуге бағдарлануы, олардың  өз спецификасына байланысты ұсақ фирмалар қарапайым өндіріспен айналыса алады. Шағын кәсіпорындардың күрделі технологиялы өндіріспен айналысу мүмкін емес. Олардың негізгі қызмет ету аясы – сауда және тұрмыстық қызмет көрсету, бірақта бұл секторда шағын кәсіпкерліктің кең тараған желілерінің дамуы мемлекет тарапынан қаржылық көмек пен материалдық базаның болмауынан кідіріп тұр.

2011 жылы шағын кәсіпкерліктің тіркелген субъектілерінің санын 928999 бірлікке, жұмыспен қамтуды 1831081 адамға ұлғайтуға ықпал етті. 2012 жылдың қорытындысы бойынша осы көрсеткіштер тиісінше 1331386 бірлікті және 1900383 адамды құрады.

2011-2012 жылдар ішінде шағын кәсіпкерліктің субъектілері жалпы сомасы 5186111 млн. теңгеге өнім өндірді.

Қарағанды облысы бойынша 83557 шағын кәсіпкерлік субъектілер  тіркелген. Бұл 2011 жылы тіркелген шағын кәсіпкерліктер субъектілерден 23575 бірлікке артты. Шағын кәсіпкерліктегі белсенді жұмыспен қамтылғандар адамдардың саны 145157 жетті.

 

Кесте 3. Шағын кәсіпкерлікте белсенді жұмыспен қамтылғандар саны. ҚР стастика агенттігінің деректері бойынша.

 

 

Адам саны, мың

Қазақстан Республикасы

1 921 688

Ақмола

78 238

Ақтөбе

75 599

Алматы

232 963

Атырау

58 756

Батыс Қазақстан

66 937

Жамбыл

105 425

Қарағанды

145 157

Қостанай 

100 047

Қызылорда

43 396

Маңғыстау

57 823

Оңтүстік Қазақстан

276 644

Павлодар

91 110

Солтүстік Қазақстан

67 093

Шығыс Қазақстан

177 908

Астана қ.

106 558

Алматы қ.

238 034


 

Шағын бизнесте жұмысбастылар үлесі бойынша Қарағанды облысы алғашқы 5-тер қатарында.

 

2.2.Қазақстан Республикасында шағын бизнесті дамыту мәселелері. 

 

Шағын кәсіпорын өзінің іс-әрекетінде көптеген қиындықтарға кездеседі:

1. Шағын кәсіпорындардың негізгі проблемасы – ресурстық базасының жетіспеушілігі: материалдық-техникалық және қаржылық. Шын мәнінде халық шаруашылығында бос жерге кең жаңа сектор құру көзделіп отыр. Ондаған жылдар бойы шағын кәсіпорын секторы болған емес. Олай болса осындай жұмысты ұйымдастырып алып кететіндей кәсіпкерлер де болған жоқ. Тұрғындардың көпшілігінің басы артық ақшасы болмады, ал өз ісін бастап кәсіпкер болу үшін өзінің қаражаты жоқ. Сақтық кассаларындағы ақшалар күйіп кетті. Сондықтан өз ісін жүргізу үшін тек қана несие керек. Екінші деңгейдегі банктер кәсіпкерлерге қолдау көрсетіп несиелер берілді. Кәсіпкерлікті қолдау және дамыту қоры жұмыстарын  жаңа бастаған шағын кәсіпкерліктің субъектілеріне, әсіресе, селолық жерлердегі кәсіпкерлерге қаржылық қолдау көрсетті. Қор өзінің құрылғанынан бергі уақытта кәсіпкерлердің 404 жобасына жалпы сомасы 437,9 млн.теңгеге несие берді, ол 2500-ден астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді. 2011 жылы Бағдарламаны іске асыру шеңберінде облыстық бюджеттің қаражатынан ауылдағы кәсіпкерлікті жәрдемдесуге 534,7 млн. теңге кредиттер бөлінді. Кәсіпкерлік негіздерін 751 адам оқыды. 64 адам микрокредит алды, оның ішінде: жеке ісін ашуға – 31 адам, бар бизнесті кеңейтуге – 33 адам. Агроөндірістік кешен, металлургия, металл өңдеу, машина құру, туризм, құрылыс материалдарын өндіру, өзге де қызметтерді микрокредиттеудің негізгі бағыттары болып табылды. Облыста лизингтік компания, 12 несиелік серіктестіктер, 18 микрокредиттік ұйымдар, шағын кәсіпкерлікті дамыту және ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қорларының филиалдары жұмыс істейді. 

2. Шағын кәсіпкерліктің  заңға сүйенерлік базасы жоқ  деуге болады.

3. Шағын кәсіпкерліктің  іс- әрекеттерін терең талдау  жасайтын жүйе жоқ.

Олардың істеген жұмысынан  қорытынды табу қиын, қандай көрсеткіштер арқылы талдау жасап мемлекеттік  жеңілдік беру керек екендігін анықтау  қиын. Көбіне ол коррупцияға апарады.

4. Басты проблеманың  бірі – ол кадр мәселесі.Кәсіпкерлік сүйекке біткен қасиет дейді. Ол мүмкін дұрыс болар, бірақ ондай адамдар аз. Қоғамға керекті кәсіпкерлерді даярлау керек, ол үшін оларды таңдап алып оқыту қажет.

5. Кәсіпкерлік істі  әлеуметтік қорғау керек.Ол үшін  әлеуметтік кепілдік және әлеуметтік  қамтамасыздандыру тағы басқа шаралар қолданылуы тиіс.

 

2.3 Отандық шағын кәсіпкерліктің құқықтық қамтамасыз ету көздері

 

 

Қазақстан Республикасында  кәсіпкерлік қызметтің заңдық негізі 90-жылдары қалыптаса бастады. Бизнестің осы түрін қалыптастырып, дамыту мәселелерін реттеуге бағытталған заңдық және нормативтік актілер, заңдар қабылданып, қызмет етуде. Олар кәсіпкерлік қызметтің бірқатар сауалдарын қамтуда: шаруашылықтық қозғалыстың еріктілігі; жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау; шаруашылықтық серіктестіктердің, акционерлік қоғамдардың, жеке кәсіпкерліктің, өндірістік кооперативтердің, мемлекеттік кәсіпорындардың, шаруа қожалықтарының, әлеуметтік экономикалық зоналардың дамуы; заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, лицензиялау; шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау, кәсіпкерлік қызметпен айналысушы азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын қорғау және тағы басқа.

  • ҚР Конституциясы.
  • ҚР Азаматтық кодексі.
  • “ҚР кәсіпкерлікті дамыту мен шаруашылықтық қызметтің бостандығы туралы” Заңы 13.01.1993ж.
  • “Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы” ҚР Заңы 1992 ж.
  • “Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы” ҚР Заңы.
  • “Жеке кәсіпкерлік туралы” ҚР Заңы.
  • “Кәсіпкерлік қызмет бостандығына мемлекеттік кепілділікті іске асыру бойынша қосымша іс-шаралар туралы” ҚР Президентінің Жарлығы.
  • “Шағын кәсіпкерлікті дамытуды белсендіру және мемлекеттік қолдауды күшейту бойынша қосымша іс-шаралар туралы” ҚР Президентінің Жарлығы.
  • “Кәсіпкерлік қызметпен айналысу бостандығына азаматтар мен заңды тұлғалардың құқығын қорғау туралы” ҚР Президентінің Жарлығы.
  • ҚР ШК қолдау мен дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы.

 

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ШАҒЫН БИЗНЕСТІ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

 

 

Қазіргі кезде Қазақстан  экономикасы үлкен даму үстінде. Шағын бизнестің бұл даму үдерісінде маңызы зор болғандықтан қалалар  мен аудандар әкімдіктері шағын бизнестің тоқтап тұрған кәсіпорындарын іске қосу жұмыстарын тұрақты түрде жүргізуде. Мысалы, тек Қарағанды облысында 2004 жылы 15 кәсіпорын, 2005 жылы 16 кәсіпорын іске қосылды.

2004 жылғы импортты  алмастыру бағдарламасын іске  асыруға 98 шағын және орта бизнес кәсіпорындары қатысты, отандық өнімдерді нақты жеткізу көлемі 7,1 млрд. теңгені құрады, ал 2005 жылы 124 кәсіпорын жұмыс көлемін 7,3 млрд. теңгеге орындады.

«Астананың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» бағдарламасының және осыған бағдарламалардың қабылдануы шағын бизнестің жақсы дамуына бірден-бір әсерін тигізеді. Мысалы, жоғары аталған бағдарламасымен қарастырылған іс-шараларды іске асыру жұмысы 2004 жылы 29 шағын және орта бизнес субъектілерінде  өнімдерді жеткізу мен мердігерлік құрылыс жұмыстары көлемдерін 745 млн.теңгеге, ал 2005 жылы 33 кәсіпорында 1546 млн. теңгеге орындауға мүмкіндік берді. Аталған бағдарламамен кәсіпкерлікті қолдау және құқықтық қорғауды қамтамасыз ету мақсатында шағын және орта бизнестің мәселелері жөніндегі комиссия, облыстық салық комитеті, кеден, қаржы полициясы және прокуратура жанынан сараптамалық кеңестер құрылды.

Бүгінгі  таңда кәсіпкерлік  қызметті реттеу Қазақстан Республикасы сауда және индустрия министрлігінің шағын бизнесті қолдау бойынша Комитетінің құзырына енеді.

Шағын бизнесті дамыту мен  қолдау бойынша табысты мемлекеттік  саясат төмендегі маңыздылықтардан тұратын интеграциялық тәсілдеме  негіздерінен тұрады:

  1. Стратегиялық деңгейінен (саясаттың қалыптасуы);
  2. Мекеме деңгейінен (әрекет етуші ұйымдар);
  3. Кәсіпорын деңгейінен (шағын және орта бизнес);

Шағын бизнесті дамыту мен  қолдау бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру кезінде жалпы жүйенің  төрт элементі қатысу қажет:

    • Мемлекеттік орган (саясатты өңдеу, басқа мемлекеттік билік органдарының алдында  оны қорғау, орталық және жергілікті атқарушы билік органдарының жұмыстарын бағдарлау) – үлкен билікті өкілеттіктермен, ерекше бақылаушы органдарға қатысты.
    • Жеке құрылымдар (шағын бизнес орталықтары, бизнес-инкубаторы, оқу-консалтингтік орталықтар және т.с.)–кәсіпкерлерге, әсіресе  жаңа бастаушы кәсіпкерлерге қажетті қызметтерді көрсету жолымен мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді.
    • Қаржылық  құрылымдар  (шағын бизнес қолдау қоры, банктер, сақтандыру және лизингтік компаниялар)–шағын бизнеске қатысты мемлекеттік саясатын несиелендіру, сақтандыруды қаржыландыруды қамтамасыз етеді;
    • Кәсіпкерлік құрылымдар (ассоциации, одақтар және т.б.) шағын кәсіпкерлікті қолдауды күшейту бойынша мемлекеттік саясат барысын талдау және ұсыныстар жасау. Кәсіпкерлермен мемлекеттік органдар арасында кері байланыс және президент, үкімет, парламент алдында шағын кәсіпорындардың мүддесін қорғаштау.

Жоғарыда аталғандарды ескере отырып, Қазақстанда шағын  бизнесті қолдаудың келесі ұйымдастырушылық моделін енгізуге болады.

      • Кәсіпкерлік бойынша Ұлттық кеңес, 1994 Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы негізінде құрылған кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау бойынша Мемлекеттік комиссия негізінде қалыптасуы мүмкін. Кәсіпкерлік Ұлттық Кеңес шағын бизнеске көмек және қолдау көрсетуші министерства мен ведомоствалар өкілдерімен, бизнес ассоциациясымен, қоғамдық ұйымдардың өкілдері енуі керек.
      • Кәсіпкерлік саясатын бағдарлаушы орган. Үкімет ішіндегі бұл орган кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың барлық бағдарламаларын және шағын бизнес секторына қатысты барлық саясатты өз қадағалауына алу керек. Мұндай органға Қазақстан Республикасы сауда және индустрия министрлігінің шағын бизнесті қолдау бойынша Комитетін жатқызамыз.
      • Саясатты іс жүзіне асырушы құрылымдар. Бұл жартылай мемлекеттік, жеке құрылымдар (шағын бизнес орталықтары, бизнес-инкубаторы, оқу-консалтингтік орталықтар), кәсіпкерлерге бизнес-жоспар құру, нарықты зерделеу, жобалардың іске асуының мониторингісі, әртүрлі салада кеңес беру бойынша жұмыс істейді.  Бүгінгі таңда, бірқатар облыстардағы шағын бизнес орталықтарын, жеке консалтингтік не оқу орталықтарын енгізетін Кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың Қазақстандық орталығы қызмет атқаруда.
      • Қаржылық құрылымдар. Шағын бизнес қолдау, демеу бойынша Қоры, екінші деңгейдегі банктер, лизингтік компаниялар.
      • Қоғамдық бірлестіктер. Қазақстан кәсіпкерлерінің Конгрессі.

Европа Одағына мүше елдерінде және экономикалық ынтымақтастық  және даму Ұйымдарында шағын бизнестің  ролінің артуы осындағы басым  елдердің көпшілігінде арнайы саясатты әзірлеуді қажет етеді. Олардың негізгі мақсаты келесілерді қамтиды:

    • ұлттық шағын кәсіпорындардың халықаралық бәсеке  қабілеттілігін дамыту;
  • жаңа жұмыс орындарын құру;
  • шағын кәсіпорындардың экономикалық өсімі;
  • шет ел кәсіпорындарын және инвестицияларын тарту;
  • өндірісті жаңарту;
  • инновациялық қызмет;
  • технология трансферті.

Шет ел тәжірибесі көрсеткендей нарықтық экономикасы дамыған елдерде  шағын бизнесті қолдаудағы мемлекеттік  реттеудің жалпы қабылданған  формалары мен әдістері қазіргі  уақытта қарастырылуда. Осы әдістерді  мазмұны және бағытталуы бойынша екіге бөліп қарастыруға болады. Мазмұны бойынша мемлекеттік реттеу ұйымдастырушылық-реттеушілік, институционалдық әдісті сипаттайтын экономикалық болып бөлінеді. Бағытталынуы бойынша мемлекеттік реттеу тікелей және жанама ретінде қарастырылады.

Информация о работе Шағын бизнесті дамыту мәселелері және оларды шешу жолдары