Суицидтің алдын алу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Сентября 2014 в 16:25, реферат

Описание работы

Суицид - өзіне қасақана қасірет келтіру арқылы өлу (өз өмірін қию).
Суицидтің психологиялық мағынасына адамның еріксіз тап болған жағ-дайдан кетуге әрекет жасау, эмоциялық кернеуді түсіру, аффектті қатынас болып табылады.
Суицидтік әрекет жасағандар әдетте қатты жан кеселмен ауыратын және күйзеліс қалпында жүрген, сонымен бірге өздері кездескен қиыншылықтарды жеңуге жолдың жоқтығына сенген адамдар.
ицидтік әрекеттер соңғы екі онжылдық ішінде екі есе жиіледі.14-24 жас аралығындағы адамдардың 30%-ы өзіне-өзі қол жұмсау туралы ойланса, ұл балалардың 6%-ы және қыздардың 10%-ы суицидтік әрекеттер жасайды.

Файлы: 1 файл

Суицидтің алдын алу.doc

— 33.00 Кб (Скачать файл)

Суицид - өзіне қасақана қасірет келтіру арқылы өлу (өз өмірін қию).

Суицидтің психологиялық мағынасына адамның еріксіз тап болған жағ-дайдан кетуге әрекет жасау, эмоциялық кернеуді түсіру, аффектті қатынас болып табылады.

Суицидтік әрекет жасағандар әдетте қатты жан кеселмен ауыратын және күйзеліс қалпында жүрген, сонымен бірге өздері кездескен қиыншылықтарды жеңуге жолдың жоқтығына сенген адамдар.

ицидтік әрекеттер соңғы екі онжылдық ішінде екі есе жиіледі.14-24 жас аралығындағы адамдардың 30%-ы өзіне-өзі қол жұмсау туралы ойланса, ұл балалардың 6%-ы және қыздардың 10%-ы суицидтік әрекеттер жасайды. Кейбір мамандар жасөспірімдердің суицид әрекеттері 10%-ы өз өмірін қиюды көздесе, олардың 90%-ы өзіне назар аудару мақсатында жасалынады деп санайды.

Әрбір баланың суициалды әрекетіне ересектер жауапты!

Суицидке бағытталған қандай да болмасын әрекеттерге, сөздерге үлкен жауапкершілікпен қараған жөн. Жан айқаймен зарлаған бала өзіне көмек көрсететін адамнан жауап күтетіндігіне күмән келтірмеген дұрыс. Өйткені, оның жалғыздық дағдарысына одан басқа ешкімнің араласуға мүмкіндігі жоқ. Жасөспірімдердің жабығу көңіл- күйінің алдын алуда ата-ана маңызды роль атқарады. Бала көңіл-күйінің төмендеуі және жабығудың басқа белгілері байқала бастағанда-ақ аталған күйден шығару бойынша жедел шаралар жасаған жөн.

Біріншіден, баламен әңгімелесу, оның көңіл-күйі туралы сұрақтар қою, болашағы туралы әңгіме өткізу және келешегін жоспарлау қажет. Бұл әңгімелер міндетті түрде позитивті сарында өту керек. Балаға дұрыс бағытта ұстаным «қондыру», сенімділігіне көз жеткізу және оның алдына қойған мақсаттарына қол жеткізуге қабілетті екендігін көр-сету қажет. Баланың «барлық уақыт жаман мінез көрсеткендігі» немесе «тоңқылдақтығы» үшін сөкпей, жақсы жақтары мен жеке басының мүмкіндіктерін көрсеткен дұрыс. Баланы одан да көңілді, күшті, жетістікке көбірек жеткен балалармен салыстыруға болмайды. Мұндай салыстырулар ба-ланың онсыз да әлсіреген өзін-өзі бағалау дәрежесін төмендетеді. Кешегі жасөспірім мен бүгінгі жасөспірімді ғана салыстыруға және ертеңгі жасөсіпірімді дұрыс өмір сүруге бағыттауға болады.

Екіншіден, баламен бірге жаңа істермен айналысу қажет. Күн сайын жаңа нәрселермен танысып, бұрын жасамаған істермен айналысқан жөн. Үйреншікті тіршілік сарынында өзгертулер енгізген дұрыс. Жаттығу залына жазылу немесе ол болмаса, таңғы жаттығулар жасау әдетін енгізу, жаңа серуендер маршруттарын жасау, демалыс күндері қызықты экскурсияға бару, үй жұмыстарын орындаудың жаңа тәсілдерін табу, үйірмелерге бару, үйді тазалап шығу қажет. Үй жануарларын-ит, мысық, атжалман, балықтар ұстауды бастауға болады. Қорғансыз жануарды күту балаға жақсы әсерін тигізеді және дұрыс өмірлік сарынға бағыттайды.

Үшіншіден, баланың күн тәртібін сақтағаны жөн. Оның ұйқысының қа-нғандығын, жақсы тамақтанғандығын, таза ауамен қажетті уақыт демалған-дығын, қимыл, спорт түрімен ай-налысатындығын бақылап отыру қа-жет. Жабығу-психофизиологиялық күй. Аталған кезеңде жасөспірімнің фи-зиологиялық қалпын қамтамасыз етіп отыру керек.

Және төртіншіден кеңес алу үшін - психолог, психотерапевт, сынып жетекшілері мамандарымен хабарласу қажет.

 


Информация о работе Суицидтің алдын алу