Социология пәнінің ең түбірлі бір категориясы
Реферат, 30 Сентября 2013, автор: пользователь скрыл имя
Описание работы
Социология пәнінің ең түбірлі бір категориясы «әлеуметтік» дегеген ұғым. Оның мазмұнын дұрыс түсінбейінше, бұл пәнді ойдағыдай игеру мумкін емес.
Социологиялық білімнің негізгі қызметі — әлеуметтік құбылыстар мен проблемаларды дұрыс түсініп, олардың пайда болу, бой көрсету себептерін ашу, оларды шешудің әртурлі жолдарын танып білу.
Бұл ғылымнын «социология» деген атауы латын, грек сөздерінен құралған: «societa»— латын тілінде қоғам, «logos» грекше ілім, ұғым деген сөз. Демек, социология коғам туралы ілім деген сөз. Бірақ қоғам басқа да ғылымдардың зерттеу объектісі болып табылады. Сондықтан социология — қоғам туралы ғылым деумен шектелсек, бұл ғылымның өзіне тән объектісі мен пәнін ашып бере алмайды.