Әлеуметтану ғылым ретінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2013 в 07:24, методичка

Описание работы

Қоғамды зерттейтін ғылымдарды қоғамдық ғылымдар дейміз. Әлеуметтану да осы ғылымдар қатарына жатады. Оның да басты категориясы «қоғам» болып табылады. Қоғам – тарихи дамудың белгілі бір кезеңіндегі қауымдасқан адамдардың материалдық игіліктерді өндіру тәсілі мен өндірістік қатынастарына негізделген қарым-қатынастардың жалпы жиыны. Қарапайым тілмен айтқанда, ол – адамдардың кез келген механикалық жиынтығы емес. Керісінше, өз қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында топтасқан, өзара байланысқан, тарихи тұрақты және біртұтас қалыптасқан, әлеуметтік нормалар мен әдет – ғұрыптар негізінде өзара әрекет ететін, өзін - өзі басқаратын, ынтымақтас, ниеттес адамдардың ерікті бірлестігі.

Содержание работы

1. Әлеуметтік ұғым. Әлеуметтанудың объектісі мен пәні.
2.Әлеуметтанудың категориялары, заңдары мен қызметі.
3. Әлеуметтанудың басқа гуманитарлық ғылымдармен байланысы.

Файлы: 1 файл

әлеуметтану.doc

— 806.50 Кб (Скачать файл)

Бүгінгі таңда жанжал теориясы саласындағы атақты маман - американ социологы және экономисі  Кеннен Боулдинг. Оның пікірінше, жанжал саналы, жетілген қарама-қайшылықтарды және мүдделер қақатығысын көрсетеді. Басқаша айтқанда, жанжал - бұл басқа жақтың ниетін жоқ қылатын көзқарасқа ие болуға ұмтылатын олардың потенциалды көзқарастары немесе күйлерінің сәйкессіздігі туралы екі жақтың бір-біріне ақпарат бергенде болатын оқиға. Оның конфликтология тұжырымдамасының маңызды жағы биологияланған, әлеуметтік дарвинизм тұрғысы табылады: оның пікірінше, адамның табиғатында өзіне ұқсас күреске және үздіксіз болатын өшпенділікке, зорлықтың күшеюіне ұмтылу бар және әлеуметтік жанжалдар жалпы ережелер бойынша дамиды, сондықтан оларды ескеруге де, жеңуге де болатыны дәлелдеген. Бұл үшін үш сәтті есте сақтау керек: қарама-қайшылықтардың пайда болу себебін түсіну, оларды жоюдың келісілген әдістерін саналы таңдау, адамдардың өнегелі жетілуі.

Біршама ұқсас көзқарасты неофрейдтік бағыттың (батыс ғалымдары) жақтастары ұстанады. Олардың ойынша жанжалдың себептері қоғамдағы  тұлғаның құндылықтары мен шынайы күйінің  арасындағы жоғары қажеттіліктері мен оларды қанағаттандырудың мүмкін еместігі арасындағы айтарлықтай қарама-қайшылықтарда жатыр.

Психологтар жанжал табиғатын  басқаша түсіндіреді. Олар тұлғаның жан-жақты жүріс-тұрысын психологиялық  факторларға тәуелді етіп қояды. З.Фрейд адамдардың негізгі құштарлығы бірінші кезекте, жыныстық бейіммен байланысты деген идея ұсынды. Алайда адам табиғатының жанжал мәселесіне мұндай көзқарасты Фрейдтің берілген серіктестері мен шәкірттері де қабылдамады. Мысалы, Австрия психологы Альфред Адлер Фрейдпен барлық қатынасын үзе отырып, тұлғаны қоғамнан бөлектеуге болмайды, бұл биосексуалды емес, әлеуметтік тірі организм екенін айтты.

З.Фрейдтің басқа шәкірті - швейцариялық психолог және социолог Карл Юнг бойынша адамның құштарлығы мен қылықтары, оның сыртқы ортаға немесе өзінің ішкі дүниесіне қалай қарайтындығымен байланысты психологиялық энергиямен төмендейді. Ресейде 1924 жылы шыққан “Психологиялық типтер” кітабында, ол кейіннен дүние жүзі мойындалған өзінің тұлғалық типологиясын жасады. Бір жағынан ол тұлғаның ішкі және сыртқы әлемге басым бағыттылық типін бөліп көрсетті (экстравертивтік, интровертивтік), ал екінші жағынан - тұлғаның үстемдік етуші психологиялық қызметін анықтады (мінездің ойлағыш, интуитивтік, сенсорлық, эмоционалды типтері).

Экстравертивтік тип - бұл тұлғаның сыртқы әлемге үндеуі және ондағы іс-әрекеті; ол үнемі назарда болуға тырысады, өзінің пікірімен бөліскісі келеді және әр кезде мақтауды қажет етеді.

Интровертивтік тип - бұл тұлғаның өзінің ішкі дүниесіне  үндеуі; ол басқаларға ықыласты, не туралы айту керектігін жақсы ойланбай тұрып өз пікірін айтуға асықпайды, өз-өзімен жалғыз қалғанда өзін тіпті жайлы сезінеді.

Юнг бойынша мінездің өзіндік ерекшелігі бар типтері  де қызығушылықты көрсетеді, бірақ  та мұндай бөліну шартты.

Оның пікірінше ойлау типі - бұл ұстамдылық, тұлғаның ең қиын жағдайдағы сабырлылығы; ақиқат үшін айтысты және жанжалды жайластыра алу; ықтиярын нақты көрсету; ең алдымен логикалық және ғылыми дәлелдерге сүйене отырып, фактілерге объективті көзқараспен жету.

Эмоционалды тип біреуді  ренжітіп алудан қорқып, басқа адамдар  үшін қабылданған шешімді дұрыс  шешім деп санайды, сондықтан  егер жанжал болып жатса, олардан  қашуға немесе жайластыруға тырысады.

Сенсорлық тип, ең алдымен  сезімге бағытталады, сұрақтарға нақты жауапты және елеулі пайда әкелетін іс әрекеттің түрін ұнатады; көріністі бүтіндей алғанымен, егжей-тегжейін жеңіл қабылдайды және “жүз рет естігенше, бір рет көрген дұрыс” деген принципті ұстанады.

Интуитивтік тип - бұл  әрқашанда дерлік жайбарақат адам, бір уақытта бірнеше нәрсе туралы ойлағанды, бір уақытта әр түрлі сюжеттерімен бірнеше кітап оқуды ұнатады; ол фантазиядан құр қол емес, болашақты үрейсіз қабылдайды, қойылған сұраққа жалпы, нақты емес сұрақтармен қанағаттанады.

Осы барлық ерекшеліктер, сонымен бірге экстравертивке және интровертивке бөліну, психологтардың пікірінше, салдарларға, орындауға, уақытқа байланысты ауыса отырып, тұлғаның темпераментінде әр түрлі мөлшерде пайда болады.

Шетелде ХХ - ХХІ ғасырларда әлемнің әр түрлі елдерінің, сонымен бірге ТМД елдерінің ғалымдарымен, әлеуметтік жанжал мәселесі бойынша көптеген қызықты еңбектер жарияланған, бірақ жанжалдың жалпы қабылданған теориясы жоқ. Осы уақытқа дейін қоғамның үдемелі дамуында жанжалдың мәні мен рөлінің сипатына әдістемелік тұрғыға айтарлықтай әртүрлі мәтіндер бар. Сонымен шамасы, мүдделердің жалпылама үйлесімі - бұл адамды жаңылысқа ендіретін аңыз деп мәлімдеген ғалымдар дұрыс айтқан. Қоғам, билік және жеке адамдар жанжалды оқиғаларға көздерін жұмуды тоқтатқан кезде және оларды уақытында реттеуге тырысқан кезде жоғары нәтижелерге қол жетеді.

Жанжалды жіктеу

Әлеуметтік жанжалдың  көптеген түрлері бар. Социологиялық  талдаудың ыңғайлылығы үшін, жанжалдың  өзіндік ерекшеліктерін зерттеу  үшін олардың жіктелімі мен жіктелуі қажет.

Қоғамдық ұйымдарға сәйкес жанжалдар келесі деңгейлерде пайда болады:

 индивид;

 әлеуметтік топ;

 топтар;

 социеталды жүйелер;

 жалпы қоғам.

Көптеген ғалымдардың  бағалауы бойынша, әсіресе байсалды сипатта - әлеуметтік топтар арасындағы жанжалдар мен институционалды жанжалдар қайта жасауға негіз болатын әлеуметтік институттар жоқтығынан аса ірі жанжалдарға ұласады.

Зерттеу барысында  әлеуметтік жанжалдың үш үлгісі бөлініп  шығады:

 Либералдық.

 Авторитарлық-консервативтік.

 Социалистік.

Либералдық үлгі топтық мүдделердің қақтығысына негізделеді. Авторитарлық-консервативтік - жетекшілік ететін элита мен бұқараны қарама-қарсы  қоя отырып, либералдық, парламенттік демократия сынына негізделген. Социалистік үлгі қоғам мен мемлекетті қарсы қоюдан терең таптық жанжалға дейін барады.

Жанжалдардың  күшею себебінің сипаты бойынша, олар негізгі үш топқа бөлінеді:

1. Өмірлік құралдардың  себептері бойынша жанжалдар  немесе қажеттілік жанжалдары.

2. Жанжалдар мүдделердің  соқтығысуы ретінде.

3. Құндылықты жанжалдар.

Жанжалдардың күшеюінің  негізгі салалары рухани және экономикалық, этносаралық қатынастар болып табылады. Саяси саладағы жанжал билік пен  жауапкершіліктің сәйкессіздігі салдарынан саяси мүдделердің, құндылықтардың және көзқарастардың қарама-қайшылығымен негізделген саяси субъектердің алысуы мен соқтығысуы болған кезде пайда болады. Бұл субъектінің басқалармен саяси қатынас жүйесіндегі ықпал үшін, көпшілікке маңызды шешімді қабылдауға қол жеткізу үшін, бір сөзбен айтқанда саяси үстемдік пен билік құрастырғандардың бәрі үшін күрес.

Саяси жанжалдың өзіне  тән ерекшелігі

Саяси жанжал әлеуметтіктің: биліктің, ықпалдың, абыройдың әр түрлілігі  болып табылады. Билік ресурсы биліктің себептерінен пайда болады. Ал билік бәрімізге белгілі, адамдардың іс-әрекеті үшін мықты ынталандыру күшіне ие. Сондықтан әлеуметтік мүдделермен қозғалатын саяси жанжалдар көбінесе билікті ұстау мен ие болу мәселесін қозғайды.

Саяси жанжал теориясының  негізін қалаушылар болып К.Маркс  пен А.Токвиль саналады. Олар бұл  мәселеге әр түрді жақындады, бірақ бір нәрседе бірге болды: әлеуметтік одақтың ішінде ынтымақтастық та, жанжал да шарасыз. Егер К.Маркс саяси жанжалда барлық саяси процестің өзегін көрсе, А.Токвиль демократия жанжал мен консенсус күштердің арасындағы балансты көрсететіні туралы идеяны бірінші ұсынды.

Саяси жанжалдың қайнар көзі, ереже бойынша саяси қайраткерлердің  рөлдері мен мәртебелерінің әр түрлілігінен және осы әлеуметтегі қажеттіліктерімен  сәйкес келмеуінен, сондай-ақ адамдарда  билікке байланысты әр түрлі құндылықтары мен сенімдерінің бар болуынан бастау алады. Саяси жанжалда стратегияны алып жүруші әлеуметтік макро және микротоптардың, қоғамдық саяси құрылымдардың мүдделерін қозғайтын кез келген мәселе бойынша өмір сүретін саясат пен заң шығару билігін өзгерту мақсатымен саяси құрылымдарға қысым болып табылады.

Жанжалдың бұл түрінің  өзіне тән ерекшелігі - ол қоғамның барлық саяси, экономикалық, рухани, әлеуметтік, этносаралық қатынастар саласынан  өтеді дегеннен тұрады. Саяси жанжалды шартты түрде екі негізгі түрге  бөлуге болады. Біріншіден, - билік құрылымында ұсынылмаған немесе тіпті басып тасталған қоғамдық күштермен билік арасындағы жанжал. Екіншіден, - билік өкілеттілігінің бөлінуі үшін саясат ішіндегі күреспен байланысты билік ішіндегі жанжалдар.

Сондай-ақ көлденең және тік саяси жанжалдар бөлініп көрсетіледі. Біріншісі - индивидтердің, топтардың және таптардың арасындағы (биліктің орталық және жергілікті органдары арасында, азаматтар мен әр түрлі мемлекеттік құрылымдар арасында) жанжал.

Саяси талдауда объективті белгісі бойынша жанжалдарға шек қою маңызды мәнге ие, дәлірек айтсақ:

 объективті қарама-қайшылықтармен  туындаған, “шынайы” жанжал,

 “кездейсоқ” - әзірге  оның қатысушыларымен ұғынылады;

 “орнынан алынған” - ол объективті себептермен жанама  түрде байланысты болғанда;

 “жазылып қойылған”,  алысу жағдайындағылар емес, тіпті  басқа субъектілер жанжалға түскен  кезде;

 “жалған” - шынайы  себебі жоқ, алайда билік үшін  күресте күрделі саяси атмосфера  жасауға бағытталған.

Саяси жанжалды талдай отырып, кейде билік үшін күреске қарағанда идеологиялық мақсаттар үшін күрес қызу сипатты қабылдайтынын ойдан шығармау керек. Ресейдің бұрынғы президенті Б.Н. Ельциннің оның имиджі үшін ыңғайлы мазмұндағы конституцияны қабылдаудан бас тартқан парламентке қарсы күресін еске түсірудің өзі жеткілікті. Бұл күрес, соңында Мәскеудегі Ақ үйді атумен және парламентті күштеп таратуымен аяқталды. Кейін мәлім болғандай, идеологиялық айтыс Ресейдің дамуының әр түрлі стратегияларының: социалистік және капиталистік арасындағы жанжал болды. Тәжірибе көрсеткендей саяси жанжал ереже бойынша, екі деңгейде: бір жағынан, оппозиция мен билік арасында, екінші жағынан билік құрылымдарының ішінде өріс алады.

Атап кетерлік жәйт, жанжалға қатысушылардың орны жоғары билікте  болса, онда билік үшін күрес қызу болады. Әрі биліктің жоғары тізгініндегі билік үшін күрес жасырын түрде өтеді. Бұл жерде әрбір қатысушы табысты мақсатқа, өзінің командасының немесе топтарының құқығын кеңейтуге қол жеткізу үшін көп нәрсемен құрбан етуге дайын.

Саяси жанжал екі ауыспалы полюске (күштеу және қарқынды) ие. Жанжалдық полюс бір жағынан, соғыс, бүлік, көтеріліс, төңкеріс болып табылады, басқаша айтқанда, адам өмірі үшін қауіпті қаруланған күрес. Екінші жағынан, - өркениетті кеңес беру, пікірталас және келісім болуы мүмкін. Топтар арасындағы соқтығыстың азды-көпті күштеу формасы - ереуіл, бәсеке, қызу пікір таластар, талап қою, саботаж және тәни күш қолдану.

Осылайша саяси жанжалдар, әлеуметтік сияқты объективті және субъективті  жақтарына ие. Объективті жағы - бұл  субъектілердің терең мүдделері және олардың арасындағы қарама-қайшылықтар. Объективті қарама-қайшылықтарды субъект ретінде ұғыну - бұл жанжалдың субъективті жағы. Міне сондықтан, саяси жанжалда объективті бастаудың рөлі ерекше жоғары. Осыдан оның бір өзіндік ерекшелігі бар жағын көруге болады.

Саяси жанжалдың тағы бір ерекшелігі бар. Ол нормативтік-құндылықты өлшемге ие. Саяси ойынның ережесін анықтайтын саяси құндылықтар конституция нормасында бекітілгені мәлім. Ал құндылықты аспект ереже бойынша, жанжалдың үдемелі дамуында және оларды реттеуде жұмылдырушы рөл атқаратын идеологиямен бекітіледі.

Жанжалдар динамикасы және оларды реттеу әдістері

Бәрімізге белгілі болғандай, пайда болған жанжалдың алдында  кез келген, керек десеңіз оның жақсы қызмет етуіне қатысатын ұйымда әлеуметтік шиеленіс болады. Әлеуметтік шиеленіс ереже бойынша, тербеледі, бірақ дұрыс ұжымда ол норма деңгейінде болады. Өз кезегінде қайшылықты дамуда шиеленіс шекарадан асып кетеді және ұжымды бұзатын аса шиеленіскен жәйт болады.

Әлеуметтік шиеленістің  дамуындағы негізгі кезең ретінде жетеуін бөліп көрсетуге болады. Бұлар:

1) әлеуметтік шиеленістің  жағдайлық деңгейі - норма;

2) әлі сирек ұғынылған  шиеленістің латентті(жасырын) сатысы;

3) шиеленістің күшеюі  және қарама-қарсы жаққа талаптарды  өңдеу;

4) шиеленістің сыни сатысы және күрделі жанжалға өтуі (күтпеген оқиға);

5) жарылыс, жағдайдың  жылдамдатылған дамуы;

6) кульминация;

7) жағдайлық деңгейге  дейін құлау.

Қалай болғанда да, жанжал уақытпен ауысатын жанжалдылықтың деңгейі  ретінде түсінілетін әлеуметтік шиеленістен өсіп шығады. Осылайша, әлеуметтік шиеленіс бір-бірімен өзара байланысқан әлеуметтік факторлардың нәтижесі болады. Олар: қанағатсыздық, оның бұқаралығы және пайда болу әдістері.

Ереже бойынша, әлеуметтік жанжалдың күрделілігі, адамдардың жоғары эмоционалды жағдайында; жергілікті жанжалдардың жиілігінен; кінәліні іздеу және адамдар девиациясында орын алуымен көрініс береді. Адамдардың қанағаттанбаушылығының көріну формасы, әсіресе өнеркәсіпті жанжалда мынадай болуы мүмкін:

а) бірнеше адамның  сұхбаттары (сыбырлау), “асханалық сұхбат” деп аталады;

b) өндірістік жиналыстар мен мәжілістерде белгілі бір талаптармен сөз сөйлеу;

c) бірнеше адамның жұмыстан тіпті қыр көрсетіп кетуі;

Информация о работе Әлеуметтану ғылым ретінде