Әлемдік социологияның дамуындағы классикалық кезең

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2013 в 22:12, реферат

Описание работы

Әлеуметтанудың ғылым ретінде пайда болғаннан бастап бүгінгі күнге дейінгі аралықта аталмыш ғылымның көптеген теориялары, ілімдері мен тұжырымдамалары қалыптасып, мектептері мен бағыттары негізделеді. Олар әлеуметтанудың ірге тасын қалап, оның ғылым ретінде дамуына серпіліс берді. Осы тұрғыдан алғанда дүниежүзілік әлеументтану дамуында классикалық кезеңнің атқарған рөлі мен маңыздылығы ерекше. Сондықтан бұл кезең әлеуметтанудың атасы О. Конттың, Г. Спенсердің, К. Маркстің, Э. Дюркгейм мен М. Вебердің ілімдерін жете түсінудің негізгі кілті іспетті.

Содержание работы

Кіріспе.
Классикалық кезеңінің сипаттамасы.
Э. Дюркгейм «социологизмі».
М. Вебердің «идеалдық тип» тероиясы.
Қортынды.
Әдебиеттер тізімі.

Файлы: 1 файл

Әлемдік социологияның дамуындағы классикалық кезең.doc

— 118.50 Кб (Скачать файл)

Ақыл-парасаттылық, ақылға жеңдірушілік тек қана адам және топ тәртібінде ғана болатын қасиет емес, сонымен қатар шаруашылықты басқаруға, жалпы адам өмір салтына да тән қасиет. М. Вебердің пікірінше, капитализмнен бұрын болған қоғамдарда салт-дәстүр маңызды орын алды. Ақыл-парасаттылық тек қана капиталистік қоғамдық өмірді ұйымдастырудың негізгі принципінде болады.

Бұл жерде М. Вебер ойының тағы бір қыры ашылып отыр – ол экономиканы дінмен байланыстырады. “Протестанттық этика және капитализм рухы” деген еңбегінде М. Вебер  діни-этикалық нұсқаулардың экономикалық іс- әрекетке ықпалын түсіндіруге тырысты. М. Вебер осы тұрғыдан діни сенімдердің, діни этиканың, әсіресе, оның адамгершілік ілімін капиталистік экономика дамуының негізгі ынталандыру факторы және адамдардың еңбек сүйгіштігін, ұқыптылығын, әділеттілігін, белсенділігін, т.б қалыптасуын қамтамасыз етіп отыратын фактор ретінде қарады.

М. Вебер капиталистік қоғамды үнемі мақтамайды. Ол бұл  қоғамның алуан турлі өлшемдерін, күрделілігін, ондағы орын алып отырған  қайшылықтарды, әсіресе, алуан түрлі  таптар мен топтар арасындағы қарым-қатынастарды жақсы біліп талдап отырды.

М. Вебер әлеуметтік топтарды зерттеді. Ол топтарды ең алдымен  беделіне, мәртебесіне, қадіріне (престиж) және жай-күйіне, жағдай-тұрмысына қарай  бөлді, олардың арасындағы дау-дамай, жанжалды дұрыс бейнелеп көрсетті. Ол шенеуніктік – бюрократтық аппараттың билікті пайдаланып, адамдарға көп қысым жасап отырғанын атап көрсетті. Ол осымен қатар Маркстің пролетариат диктатурасы туралы ілімін өткір сынға алды. Вебердің бұл пікірлері де көпшіліктің көңілінен шықты.

Батыс Еуропа капитализмінің дамуындағы ақыл-ой, парасаттылықтың ықпалын зерттеу оның «Потестанттық этика және капитализм рухы» атты еңбегінде негізгі тақырып ретінде қаралған. Бұл еңбегінде М.Вебер капитализмнің пайда болуына К.Маркс көрсеткендей жалғыз экономикалық алғышарттар себеп болған жоқ. Сонымен қатар әлеуметтік, рухани, мәдени, әсіресе, діни-этикалық алғышарттардың ықпалы тиді. Бұлардың ішінде протестанттық діни этика адамдардың санасына, шаруашылыққа саналы және ұқыптылықпен қарауды, ықыластықты, т.б. құндылықтарды сіңіре берді. Мұның өзі капиталистік кәсіпкерлердің, өндіріс қожайындарының шығуының, қалыптасуының қажетті алғышарттары да болды.

М. Вебер саяси  әлеуметтануы дамытуға да үлкен үлес қосты. Өзінің әлеуметтік іс-әрекет тұжырымдамасына  сүйене отырып, ол саяси билікті үш түрге бөлді:

1) харизматикалық;

2) дәстүрлік; 

3) бюрократты.

Харизматикалық  үстем ету – яғни тұлғаның көсемнің барлық адамдарда болмайтын ерекше сапаларына соқыр сезіммен көсемге сенуге негізделген. Бұған дәлел ретінде Вебер көріпкелдерді, балгерлерді, бақсыларды, соғыс батырларын келтіреді.

Дәстүрлік –  дәстүр мен салтқа негізделген; ал бюрократтық  деп ресми қызметтегі адамдардың, азаматтардың мүддесіне нұқсан келтіріп, өз міндеттерін формальды түрде  атқаратын үстем ету формасы. Осыдан барып “бюрократизм” деген ұнамсыз ұғым пайда болды.

Бюрократизм –  істің мәніне немқұрайлы формальды  қарау, істі көпке созу. Екінші жағынан, мұның өзі бюрократтардың кәсіби деңгейі мен адамгершілік қасиеттерінің  төмендігін, қызмет тәжірибесінің кемдігін дәлелдейді.

Мұнда М.Вебер  биліктің легитимдігі, яғни заңдылығын тілге тиек етіп отыр. Басқаша айтқанда, легитимдік дегеніміз, халықтың үстем  етіп отырған саяси билікті мойындауы  болып табылады. Демократиялық жағдайда мемлекеттік билік легитимді  болуы үшін, ол халықтың қалауы бойынша қалыптасуы және көпшіліктің еркіне сай жүзеге асырылуы керек. Яғни мемлекттік биліктің иесін тура немесе жанама түрде белгілі бір мерзімге халық сайлайды және оның жұмысын бақылап отыруға мүмкіндік болуы қажет. Екіншіден, мемлекттік билік конститутциялық қағидаларға сәйкес жүзеге асырылуы тиіс. Осыған сәйкес жоғарыда көрсетілгендей    М.Вебер легитимдіктің үш түрін көрсетті:

харизматикалық  легитимдік;

әдет-ғұрып легитимділігі;

ақыл-парасат, құқық  легитимдігі.

Бұл тұрғыдан алғанда  өкіметтің бюрократтық үстем ету түрі формальды, заңға сүйенген, құқықтық өкімет болды. Мұндай өкіметтік үстем ету еуропалық капитализмнің пайда болу кезеңінде шықты. Бұл басқа үстемдік етудің үлгісінен біршама жоғары тұрғанымен әлі күнге солқылдақтық танытып келеді. Бұл тығырықтан шығудың бір жолы, Вебердің ойынша, плебицитарлық демократияны дамыту.

Плебицит –ерекше  маңызды мәселе туралы барлық халықтың ой-пікірін сұрау, анықтау негізінде  үстемдік ету. Бұл жалпы халыққа  саяси лидерді (мысалы, президентті) сайлауға мүмкіндік береді. Осыған орай жаңадан сайланған лидер елді халық атынан басқаруға мүмкіндік алады.

М.Вебер әлеуметтік страфикация (жіктелу) теориясының  негізін салды. Веберлік әлеуметтік стратификацияның өлшемі бойынша жалғыз ғана экономикалық факторлар, яғни меншік формасына ғана емес, сонымен бірге оған саяси (өкімет) және статус, престиж (қадір, бедел, мәртебе), өлшемдері қолданылады. Осыған сәйкес әлеуметтік стратификация (жіктелу) теориясы көп өлшемді болуы мүмкін деп тұжырымдайды.

Қортынды.

 

Қорта айтқанда Дюркгейм  әлеуметтік қоғам жағдайы үшін маңызды дүниелерді шешуге талпынды.  Дюркгеймнің әлеуметтік фактілері жөніндегі ілімінде қоғам мен тұлғаның өзара әрекетін түсінуге мүмкіндік беретін қажетті, маңызды ережелер қалыптасқан, топтық, ұжымдық сананы көрсетті. Дюркгеймнің қоғамда болатын қалыптылықпен патологияның өзгешеліктері туралы әлеуметтік аурулар және оларды жоюдың жолдары жөніндегі аса маңызды ілімдерді бізге қалдыды. Қалыпты және патология қоғамдағы келеңсіз құбылыстарды, соның ішінде  қылмыстарды, дағдарыстарды, интерпретациялауда қолдана отырып, олардың зиян келтіретінін атап айтты.

Әлеуметтік  саулық, Дюркгеймнің пікірі бойынша  индивидтің, ұжымның немесе қоғамның өмірлік күштерінің қалыпты дамуында олардың орта жағдайларына бейімделу қабілеттерінде, оларды өз дамуларына қолдана білуінде. Қоғамның дамуына және адамдардың тұрмыс жағдайын жақсартуға ықпал ететіндердің бәрі пайдалы және қажетті деп танылуы болу мүмкін. Егер қоғам тұтастай ауру болса, оны әмбебап емдеу қажет. Дюркгейм қоғамның моральдық және саяси сауығуына үлкен маңыз берді.

Ол шиеленістерді  бейбіт жолмен шешуді, әділеттілікті  және теңдікті қолдады.

Вебер әлеуметтану  тұжырымдамасын жасап дамыта отырып, адамдардың өз талаптарын ойластырылған  әрекеттері арқылы іске асатынын және қандай дәрежеде, қандай себептермен бұларды олардың жүзеге асыра алатынын немесе асыра алмайтынын ұғынып, көңіл бөлді. Оның ойынша әлеуметтік процестерді логикалық түсіну ғылыми деңгейде пайымдау өте маңызды деп шешті. Екеуі бірінің- бірі көзқарастарын  толықтырып отырды.

Классикалық кезеңнің әлеуметтанушыларының ілімдері мен  тұжырымдамалары көптеген елдерге  тарай бастады. Сондай елдердің бірі Ресей  болды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әдебиеттер  тізімі.

 

  1. Р. Әбсаттаров, М. Дәкенов- әлеуметтану. Оқу құралы-2007
  2. Карабаев Ш.К. Әлеуметтану негіздері: Оқу құралы. Алматы Экономика баспасы, 2007.
  3. Социология. Оқулық. – Алматы, 2002
  4. Социологияның тарихи қалыптасу кезеңдері (доц. Раев Д.С., Өмірқожа С.И.)

 


Информация о работе Әлемдік социологияның дамуындағы классикалық кезең