Феменизмнің бағыттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Февраля 2015 в 19:14, доклад

Описание работы

Феминизм термині алғаш рет ХІХ ғасырдың 40 жылдары француз әлеуметтанушы Ш. Фурьемен айналымға енгізілді. Феминизм энциклопедиясын шығарған американ зерттеушісі Л. Рапельдің айтуынша, «бұл көптеген аспектілермен олардан тұратын, әлеуметтік әрекет. Феминизм әйелдердің тұлғалық өзіндік бағасын ерекше көңіл аударады, олардың өзін көрсету бостандығына, творчествосына, даму құқығына ерекше көңіл аударады”[1; 25б.].

Содержание работы

1.Феменизмнің тарихы
2.Феменизмнің бағыттары
3.Қазіргі замандағы феменизм

Файлы: 1 файл

феменизм реферат.docx

— 19.61 Кб (Скачать файл)

 

Жоспар:

1.Феменизмнің тарихы

2.Феменизмнің бағыттары 

3.Қазіргі замандағы феменизм

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Феминизм термині алғаш рет ХІХ ғасырдың 40 жылдары француз әлеуметтанушы Ш. Фурьемен айналымға енгізілді. Феминизм энциклопедиясын шығарған американ зерттеушісі Л. Рапельдің айтуынша, «бұл көптеген аспектілермен олардан тұратын, әлеуметтік әрекет. Феминизм әйелдердің тұлғалық өзіндік бағасын ерекше көңіл аударады, олардың өзін көрсету бостандығына, творчествосына, даму құқығына ерекше көңіл аударады”[1; 25б.].

Франциядағы бірінші феминистшілерінің бірі, философ және суреткер, М.Шурман әйелдердің ғылыми білімдері үшін алға шыққан. Оның ізбасары Б.Мэтли әйелдер үшін сабақтар программасын құрған. Атақты жазушы М.Астелл айтқандай, егер бүкіл еркектер ерікті болу үшін туса, неліктен бүкіл әйелдер құл болып туған.

1744 жылы Англияда периодикалық  әйелдер журналы шыға бастады. Ло 1775-1789 жылдры тәуелсіз үшін  соғыс кезеңінде кең таратылды.

ХІХ ғасырдағы ІІ-жартысында – ХХ ғасыр басында феминістік ұйымдар осылайша өмір сүрген: жұмысшы әйелдер әрекеті, суфражизм / әйелдердің құқықтық сайлау үшін курес/ демократиялық әйелдік әрекет / қозғалыс /. Феминизм дүниетану ретінде, әлеуметтік қозғалыс ретінде және мәдениеттің альтернативтік теориясы ретінде алға шықты[2; 40б.].

Феминизм өзінің өмір сүруінің алғашқы кезеңінде әйелдердің нақты құқықтық проблемаларына ғана қатысы болды: еңбекке және тең ақыға құқық, саяси және азаматтық құқықтар және т.б.

Жалпы феминизмде 3 ағым бөліп көрсетіледі: дәстүрлі, либералдық және радикалдық.

Дәстүрлі феменизм – ер және әйел адамдар арасындағы теңсіздікті қарастырады. Қоғамда қалыптасқан ассиметрияға қарсылық білдіреді. Негізгі көздейтін мақсаты: әйелдердің саяси құқықтарын жетілдіру.

Радикалды феменизм – феменизмнің ең қарапайым формасы. Негізгі мақсаты: әйелдердің ер азаматтардан еркін болуы, тәуелсіз болуы.

Либералды феменизм ХХғ. 60-70 жылдары қалыптасқан бағыт. Осы бағыт аясында гендірлік зерттеулер орын алады. Ер және әйел адамдар арасындағы айырмашылығы әлеументтік ортамен қалыптасқан бекітілген мінез-құлықтың үлгілері деп есептелінеді[3].

Феменизмнің негізгі қозғайтын сұрақтары:

  • Дүниеге бала әкелу;
  • Отбасындағы зорлық-зомбылық;
  • Тең еңбек ақы;
  • Дискренимация.

Феминист әйелдер үшін отбасы-ошақ қасының, бала тәрбиесінің ешбір маңызы жоқ. Олар мына қоғамда еркін билік жүргізіп, ерлерше өмір сүргісі келеді. Бұл - әйелдердің теңдікке ұмтылуының, яки, феминизмнің ғылыми тұжырымдамасы. Қарапайым тілмен айтсақ, бұл бүгінгі таңда әрбір бұрышта айтылып, жиі ескерілетін «гендерлік теңдік» деген түсінікке саяды. Рас, әйел мен еркектің құқықтары тең. Бәріміз бұл өмірге ең алдымен адам боп келдік. Содан соң, әйел, ер болып бөліндік. Дегенмен, Табиғат-Ана әрбірімізге белгілі бір міндеттемелерді жүктейтіні түсінікті жайт. Мәселен, ер адам ықылым заманнан отбасының тірегі, асыраушысы, қара күштің иесі. Ал әйел отбасының жылуы мен баланың негізгі тәрбиешісі. Бұл адамзаттың санасына сіңген негізгі түсінік. Десек те, соңғы кездері теңдікке ұмтылып, ерлер сияқты әскерге баратын, басшылық істе «менмендікке» салынып «өзім қожа, өзім би» дейтіндер де көп. Әрине, теңдікке ұмтылған да жөн шығар. Алайда феминистік бағытты фанатизмге айналдырған қыздар да жетерлік. Мәселен, бұған дейін арулар Украинаның Олимпиадада сәтсіз ойын көрсеткенін спортшылардың бетіне басып, ереуілге шыққан-мыс.  
Қарап отырсақ, бүгінде «феминизмнің» о бастағы мақсаты біршама өзгергендей. Бастапқыда әйелдер қауымы жай теңдік үшін күрессе, бүгінде феминистік бағытты қолдаушылар қоғамдағы кез келген мәселеге қарсылық танытуды дағдыға айналдырып алған. Мұндай ереуілдің бір түрі біздің елімізде де болған. Естеріңізде болса, осыдан бірнеше жыл бұрын жартылай жалаңаштанған қыздар «вегетариандық бағытты» қолдап, Алматының қақ ортасына шыққан еді. Мұны көзсіз фанатизм демеске амал да жоқ...  
Феминист-әйелдердің түпкі ұстанымы болған «Әйел мен еркек тең бе?» деген сауалға жиі бас қатыратынымыз жасырын емес. Бұл сан жылдардан бері талқыға түсіп, талай ғалым мен ғұламаны толғандырған мәселе. Алайда ғылым да, салт пен сана да ер адамның әйелден бір саты жоғары екенін әлдеқашан дәлелдеп берген. Тек осы пікірмен келіспейтіндер болмаса....  
«Әйел бір қолымен әлемді, бір қолымен бесікті тербейді» деген аталы сөз бар. Рас, батыр да, алып та, ақын да анадан туады. Әлемдегі қайсыбір ерлік, әдемі әуен, әуезді сөздің барлығы да анаға, әйелге арналады. Десек те, Ислам дінінде «Әйел еркектің қабырғасынан жаратылған» дегенді алға тартады. Ал атам қазақ «әйел мойын, еркек бас» деген. Қазақ қашанда әйелді қадірлеп, алақанында аялаған... Бірақ төріне оздырып, әйелді еркектен биік көрмеген. Тарихқа зер салсақ, атқа мініп, жауға шауып, сан түрлі зұлматты жылдарда қолына кетпен-күрегін алып, еңбекке араласқан әйелдер де болды. Әйткенмен, ешбір әйел «мен сенімен тең едім, құқығымыз бір» деп еріне қарсы ереуілдемеген.

Бірақ заман өзгереді, заманға сай адам өзгеретіні тағы бар...  
Ойлап қарасақ, әйел мен еркектің құқығы теңестірілген заман бұл. Көліктің тізгінін әйел де меңгерген, мансап та қуады, билікті де қолына алады, қажет десеңіз, ешбір жұмысты бәлсінбей еркін атқарады. Феминизим дерті жайлаған заман демей немене? Бірақ...  
Ұлыбританияның билігінде бірнеше жыл қатарынан отырып, әлемге «темір әйел», яки, «железная леди» деп танылған Маргарет Тетчердің өзі алып бір мемлекетті басқарып отырса да, бір сөзінде: «Мен үйде қарапайым әйелмін. Тіпті күйеуім үй қызметшісі дайындаған асты емес, менің қолымнан шыққан асты жейді. Сондықтан үйде әйел екенімді ешқашан ұмытқан емеспін» депті [4].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Социология. Оқулық. Алматы 2001 Лекциялар курсы
  2. Феминизм. // Женский парламент. 1999, август.
  3. Әлеуметтану: оқу құралы. Алматы 1999, И.Шәмшәтұлы, М.Дәкенов, Д.Дәуіт, Н.Күнхожаев.
  4. http://old.aikyn.kz/ сайты

 


Информация о работе Феменизмнің бағыттары