Қазақстан Республикасындағы жастар жұмыссыздығының ерекшіліктері және себептері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2013 в 09:47, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың өзектілігі Жұыссыздық – жалпы біздің елімізде ғана емес, қаржылық дағдарысы кезіндегі барлық елді де есеңгіретіп отырған қауіпті дерт.
Біріккен Ұлттар Ұйымы 2009 жыл үшін экономикалық тарылудың салдарынан жұмыссыздықтың да арта түсетінін айтқан болатын. Ал бүгінде жаһандық экономика 2,6 пайыз тарылып отыр. Бұл көрсеткіш жылдың басынан бергі болжамдардың барлығынан жоғары. Біріккен Ұлттар Ұйымының болжамы бойынша, әлемдегі он миллиондаған адамды кедейшілік қинауы мүмкін. Тек бұл көрсеткіштің біраз бөлігін біздің еліміз еншілеп кетпесін деп тілейміз.

Содержание работы

КІРІСПЕ.................................................................................................................3

I-тарау. . ҚР-ДАҒЫ ЖАСТАР ЖҰМЫССЫЗДЫҒЫНЫҢ ЕРЕКШІЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ПАЙДА БОЛУ АЛҒЫШАРТТАРЫ

1.1 ҚР-дағы жастар жұмыссыздығының ерекшіліктері...........................................................................................................5

1.2 ҚР-дағы Жастар жұмыссыздығының пайда болуының алғышарттары..........................................................................................................8

II-тарау. ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ТҮСІНІГІ ҚОҒАМ ПРОБЛЕМАСЫ РЕТІНДЕ ЖӘНЕ ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАЛАР

2.1 Жастар жұмыссыздығы әлеуметтік проблемасы ретінде............................ 13

2.2 Жастарға арналған бағдарламалар……………………….............................17

III-тарау. ҚР-ДАҒЫ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ЖӘНЕ ОНЫМЕН КҮРЕСУ ШАРАЛАРЫ

3.1 ҚР-дағы жұмыссыздықпен күрес……………................................................26

3.2 ҚР-дағы жастар арасындағы жұмыссыздықтың алдын алу шаралары..................................................................................................................32

Қорытынды............................................................................................................38

Пайдаланған әдебиеттер тізімі............................................................................39

Файлы: 1 файл

баур курсовой end1.doc

— 1.61 Мб (Скачать файл)

Талдау. Саясаттанушы Гүлден Жоламанованың мақаласы Қазақстан Республикасындағы жастардың жұмыспен қамтылу мәселесіне арналған. Өзінің «Қазақстан Республикасының жастар нарығындағы жағдайың сараптамасы» атты мақаласында ол жоғары оқу орындары түлектерінің жұмыспен қамтылу деңгейінің төмен болу себептерін келтіреді:     Біріншіден, жоғары оқу орындарына белгілі бір мамандықты оқуға түскен жастар еңбек нарығындағы ағымдағы сұранысқа назар аударады. Ал оқуларын аяқтаған жастар заман талабына сәйкес мамандықтарға деген сұраныстың да өзгеріп кеткенін түсінеді.        Екіншіден, техникалық мамандықтар, ақпараттық технологиялар саласындағы мамандар, сондай-ақ, био және нанотехнология салаларындағы мамандықтарға бөлінетін мемлекеттік гранттар санының арту үдерісіне қарамастан, білім беретін оқу ордаларының професорлық-оқытушылық құрамы мүлдем өзгермейді, осыған байланысты, студенттерге берілетін білім нарықтағы жұмыс берушілердің талаптарына сай келмей, бұрынғы сабақтастығын сақтап қалады.

Айта кететін жайт, жоғары оқу  орны түлектерінің оқу үрдісінде  алатын теориялық білімі, іс жүзіндегі  дағды мен ептілікті былай  қойғанда, еңбек нарығындағы жұмыс  берушілердің талаптарына мүлдем сәйкес келмей жататын жасырудың қажеті жоқ.. Осылайша, Қазақстанның жоғары оқу орындарындағы студенттердің мамандану деңгейі шынайы өмір ағымы мен талаптарына жауап бермейді деуге толық негіз бар. Бұл университет қабырғаларында білім беретін профессорлық-оқытушылық құрамның өзгермеуі мен берілетін білімдердің бұрынғы сарынмен, жаңа үрдерістерге сәйкес болмауына байланысты. Ағымдағы өмір көрсетіп отырғандай, жоғары оқу орындарының түлектері өз мамандықтары бойынша жұмыс таба алмай, басқа кәсіппен айналысады немесе сұранысқа ие мамандықты алу мақсатында қайта оқуға түсуге мәжбүр.  Бұл мәселенің шешімін табудың өзіндік жолы ретінде «Дипломмен ауылға» акциясы ұйымдастырылған болатын. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметтері бойынша, 2009 жылы әлеуметтік саланың 6 582 маманы ауылдық жерлерге көшіп жұмысқа тұрды. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Оразаев М. айтуы бойынша,, олардың 78% – мұғалімдер, ал қалғандары – денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет пен спорт салаларында жұмыс істейтін мамандар. Оразаев М. сөзіне сенсек, бұл бағдарлама осы жылы да жалғасын таппақ. Сонымен қатар,, «көтерме жәрдемақы ретінде төленетін ақшаға қосымша бюджеттік несие беру мақсатында 3,5 млрд. теңге бөлінетін болады”, деп атап өтті вице-министр. Бұл акция 6 582 жас маманның жұмыспен қамтылу мәселесін шешті, алайда бұл 600 000 жас маманның небары 1 % құрап отыр.

 

2.2 Жастарға арналған бағдарламалар

Игерілген мамандықтың  қыр-сырын іс жүзінде шыңдай түсуге университет қабырғасынан жаңа шыққан жастарды жұмыс берушілердің қабылдамауы  да кедергі болып отыр. Тіпті жолы болып, сынау мерзімінен сүрінбей өтіп жұмысқа қабылданған жас түлектің жалақысы оның қажеттіліктері мен талаптарына жауап бермейтіні анық.    Сонымен қатар, елімізде мамандануға бағыттау, жастарға еліміздің экономикалық талаптарын ескере отырып мамандықтың түрін таңдауға көмектесу жұмыстарын реттеумен айналысатын арнайы қызметтің жоқтығын да ерекше атап өткен жөн.        Жастардың қызметтік мансапты жылдам өсіруді көздеп, жұмысты «әлеуметтік лифт» ретінде қарастыратындарын жасырудың қажеті жоқ. Ал жұмыс берушілердің көпшілігі жас кадрларды «қосымша оқытуға» қаражат шығындауға әркез дайын бола бермейді. Сонымен қатар, жұмысқа орналасқан жоғары оқу орындарының түлектері үшін ешқандай әлеуметтік көмек, ең алдымен, тұрғын үй алу мәселесі қарастырылмаған. Өздігінен аяғынан тік тұруды көздеген жас мамандар үйлі-баранды болуға да асықпайды. Осылайша, бүгінгі таңда Қазақстандағы ер адамдардың некеге тұру жасы 28-30 құраса, әйел адамдардың ішінде – 27 жасты құрайды . Сол себептен де, жұбайлардың жасы 29 аспайтын, сондай-ақ балалары бар жас отбасына арналған мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алу мүмкіндігі де өте төмен. Мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алатын жас мамандардың қатарынан жастарды көру мүмкін емес, ал қазіргі жағдайда олардың басым бөлігінің жалақысы отбасын асырауға де жетпей жатады. Сондай-ақ, Алматы қаласында пәтер жалдап тұруды әрбір мемлекеттік қызметкердің қалтасы көтере бермейді.   ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен 2009 жылы ҚР Үкіметінің жанындағы техникалық және кәсіби білім беруді дамыту және кадрларды даярлау жөніндегі Ұлттық кеңес құрылды. Нәтижесінде, әкімшіліктер мен орта және кіші бизнес субъектілерінің арасында 16,2 мың келісімге қол қойылды. 2009 жылы өндірістік іс-тәжірибеден өтуге 48 мың жұмыс орны берілген болатын.         ҚР статистика Агенттігінің мәліметтері бойынша, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 2005 жылғы 13,4% көрсеткіштен 2009 жылы 5,9% төмендеген. 2010 жылдың 3 ақпанында өткен ҚР білім және ғылыми министрлігінің кеңейтілген отырысында Министр Ж.Түймебаев 2009-2011 жылдарға арналған «Ауыл жастары», «Дипломмен ауылға», «Жастардың кадрлық қоры», «Жастар – Отанға» және «Жастар практикасы» жалпы ұлттық бастамалық жобалардың іске асырылып жатқанын мәлімдеді. Ж.Түймебаевтың есебінде жобалардың берген қорытындылары туралы ақпарат берілмеді, сол себептен де әрбір жобаның нәтижесін өзіміз сараптап көрелік.  «Жастардың кадрлық қоры» жобасының нәтижелері бойынша,2009 жылы 1000 үміткердің 32 тіркеуге алынып, барлығы дерлік оқыту мен іс-тәжірибеден өтті. «Жас Отан» ЖҚ атқарушы хатшысы Н.Утешевтің айтуы бойынша, іріктеу сындарының ең соңында кадрлар қоры 300 адамнан тұратын болады. Байқау сынының барлық кезеңдерінен өтіп, ең жоғары деңгейдегі көрсеткіштерге жеткен 300 үміткердің ішіндегі 70 адам республикалық деңгейдегі кадрлық қорға тіркеледі. Ал қалған 230 үміткер аймақтық деңгейдегі кадрлар қорына тіркелетін болады. Кадрлық қорға тіркеу – үміткердің одан да биік лауазымға ұсынылуы немесе мемлекеттік қызметке тұруына өзіндің «ұсыныс хат» болып саналады. Сонымен қатар, бұл жоба мемлекеттік және жергілікті басқару, саясаттану мамандықтары бойынша білім алған студенттердің жұмыспен қамтылуына аз да болса үлес қосты.       Өзіміз білетіндей, бұл бағдарлама 2008-2010 жылдарға арналған, бірқатар іс-шаралар кешенін жүргізу арқылы жастардың қатарынан партиялық кадрлар, қоғамдық жас саясаткерлер мен мемлекеттік апарат қызметкерлерін тәрбиелеу, анықтау және олардың қызметтік ілгерілеуіне жол ашуға мүмкіндік бар. Бұл бағдарлама Қазақстанның болашағы зор жастарының бәрін дерлік қамтыды. Осылайша, 2008-2010 жылдар аралығында бағдарламаны іске асыру барысында 3000 астам жас мамандарды мемлекеттік қызметтің түрлі салаларына жұмысқа тарту жоспарланып отыр. «Ауыл жастары» бағдарламасы бойынша, мысал үшін, Жамбыл облысында 200 жас маман жұмысқа орналастырылды. Олардың әрбіреуіне 70 айлық есептік көрсеткіш көлемінде көтерме жәрдемақы төленді.   Педагогика мамандары үшін жұмыс орындарын табу қиынға соқпағанымен, жас дәрігерлердің мәселесі сол ашық күйінде қалды. «Ауыл жастары» ҚБ төрағасы Ихтияр Мурзахметов өзінің баяндамасында жастардың ауылдық жерлерде жұмыс істеуден бас тартуының негізгі екі себебін атап көрсетті: жалақысы жоғары жұмыс пен қазіргі заман талабына сай инфрақұрылымның жоқтығы. «Бұл мәселелерді мемлекеттің жастарға көрсетілетін қолдауынсыз шешу мүмкін емес», – деді И. Мурзахметов. Оның ойынша, мемлекеттік қолдаумен қатар, жергілікті билік органдарының батыл әрекеттері ауадай қажет. Атап айтқанда, аудандық бюджеттерді бекіту кезінде жастарды ауылдық жерлерде үлкен сұранысқа ие мамандықтар бойынша оқыту үшін қосымша қаражаттың бөлінуін қарастыру қажет. Сонымен қатар, жас мамандарға жеңілдіктер бойынша тұрғын үй беру, мал мен жер телімдерін сатып алуда көмек көрсету, қажет жағдайда – жас мамандардың балаларының мектепке дейінгі мекемелерге орналастырылуын қамтамасыз ету сияқты механизмдерді қолданып, аудандық бюджеттерден қосымша қаражат бөлу қажет.  Мұндай мәселелерді шешудің тағы бір жолы ретінде «Дипломмен ауылға» акциясы ұйымдастырылған болатын. Ауыл шаруашылығы Министрлігінің мәліметі бойынша 2009 жылы әлеуметтік саланың 6 582 маманы ауылдық жерлерге көшіп, жұмысқа тұрды. Бұл жоба 6 582 маманның қызметке тұрып, үлкен өмірге қадам басуына жасалған үлкен көмек болды. Дей тұрсақ та, бұл 600 000 жуық жас маманның 1 % сәл ғана артық болып отыр. «Жастар практикасы» жобасы 2009 жылы «Жол картасы» бағдарламасының аясында басталып, бірқатар жетістіктерге жетіп үлгерді. Бұл жоба оқу орындарының түлектеріне игерілген мамандық бойынша іс-тәжірибе жинақтақтап, кәсіпқой мамандармен бәсекеге түсуге мүмкіндік береді. Іс-тәжірибеден өту мерзімі 6 айды құрайды.

Жастар практикасына жоғары және орта кәсіби білім беретін  мекемелердің түлектері жіберілді. Ал оның ұзақтығы, жоғарыда аталып өткендей, алты айдан аспауы тиіс. Бұл бағдарламаның жүзеге асуы мен бөлінген қаражаттың қайда жұмсалғаны туралы ақпарат БАҚ таратылмады. Жалпы алғанда, «Жастар практикасы» бағдарламасын кеңейту барысында 51 мың жас маман жіберілген 13 мың кәсіпорынмен келісімшарттарға қол қойылған болатын. Алматы қаласының жастар саясаты мәселелері бойынша басқарма бастығының қызметін орындаушы Бахтияр Макеннің айтуынша, 2009 жылы 3044 жас маман жұмыспен қамтылды. Сонымен қатар, болашақ мамандардың жұмыспен қамтылуын қарастыратын 1000 астам келісімдерге қол қойылды.            «Жас Отан» ЖҚ аясында «Жастар – Отанға» жобасы жастар арасындағы әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруға бағытталған. Осылайша, 2009 жылы билік органдары жастардың 50 әлеуметтік жобаларына қолдау көрсеткен болатын.           Осылайша, бүгінгі таңда Республика аумағында жүзеге асырылып жатқан жобалардың ішінде, 2009 жылғы көрсеткіш бойынша жоғары оқу орындарының жұмыспен қамтылу ісінде «Дипломмен ауылға» жобасы ең үлкен жетістіктерге жетті, ал оның аясында 6 582 маман жұмыспен қамтылды. Қалған жобалардың жұмысына қатысты жүргізілген сараптама көрсетіп отырғандай, олар жоғары оқу орындарының түлектерін кешенді жұмыспен қамту ісінде өз тиімділіктерін көрсете алмады. Жұмыспен қамтылған жас мамандардың саны бойынша екінші орын алатын жоба – «Жастар практикасы» болып отыр. Айта кететін жайт, мұндай жобалардың басым көпшілігі іс жүзіндегі жұмысты 2009 жылдың соңына қарай бастады, бәлкім, нәтижелердің төмендігі осыған байланысты болар.            Мұндай мәселелерді шешімін автор былай ұсынды: 
Ең дұрысы – соңғы курстардағы болашақ мамандарға жетекшілік ету, олардың іс-тәжірибеден өтуін ұйымдастыру, оқу орнын аяқтаған жас мамандарды жұмыспен қамту міндеттерін атқаратын арнайы ресурстық орталықтың ұйымдастыруымен оқу ісін іс-тәжірибемен қатар алып жүру. Мұндай орталықтың қызметі Алматы қаласында түрлі мамандықтар бойынша әртүрлі мекемелердегі жұмыс орындары туралы мәліметтер қорын құру болуы мүмкін. Мәліметтер қорын құру, ағымдағы бос орындар мен болашақта босайтын жұмыс орындарын бір орталықтан реттеу – қоғамымыздың басты жарасына айналған жемқорлықты ауыздықтауға мүмкіндік берер еді. Сондай-ақ, жастардың шақырған жерге жұмысқа шыға беруін болдырмай, мамандардың игерген мамандықтары бойынша қызметке тұруына көмек көртсетілуі тиіс. Және де, бұл студенттердің екінші жоғары білім алуына немесе қайта мамандануға жұмсаған шығындарын қысқартып, мемлекеттің тарапынан бөлінетін гранттарға шығындалған қаражат көлемінің құр бос кетпеуін қадағалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жас мамандардың игерген мамандықтары бойынша жұмыспен қамтылуы еңбек нарығында қалыптасқан жағдайды түзетуге мүмкіндік береді. Бұл бизнестің өзіндік бір әлеуметтік жауапкершілігі болмақ. Ең алдымен, мұндай жобаны студенттер мен жұмыс орындары көп қала ретінде Алматы қаласының негізінде бастауға болады. Алдағы уақытта, жоба өзінің өміршеңдігін дәлелдеп жатса, мұндай орталықтарды елордамыз Астана қаласы мен облыс орталықтарында ашуға болады. Мұндай жобаның сәтті іске асуы – ұлт гүлденуінің кепілі ретінде республикамызда бәсекеге қабілетті жастардың қалыптасуына ықпалын тигізер еді.            «Жастардың еуразиялық конгресі» ҚБ автордың пікірімен толықтай келісе отырып, мәліметтер қорына негізделген ресурстық орталықтың құрылуы жастардың жұмыспен қамтылу мәселесін шешуге мүмкіндік береді деген ойда. Бұл орталық бизнес пен азаматтық қоғам, бизнес пен мемлекеттің арасындағы байланыс орнатушы түйін болмақ, ал бұл, өз кезегінде, еліміздегі азаматтық қоғамның дамуы мен бәсекеге қабілетті экономиканы құрудың шешуші факторы болып табылады.       Қара базарда «қаңғырып», жүдеп-жадап «жетімбұрышта» жүретін апталдай-апталдай қазақ жігіттерін көрген сайын қарадай қысыласың. Бұл жалпы Астана базарларына ғана тән емес, еліміздің қай қаласына барсаң да жиі кездесетін құбылыс.  
Кейде солардың әбден күн қақтаған қап-қара жүздерін көргенде Африкадан адасып келіп жүргендер ме деп, шатасатының да бар! Кім білген, қазіргідей қаржылық дағдарыс кезінде «адасушылар» мен «алдаушылар» аз емес қой.   Бірақ бұлар ешқандайда Африка емес, ауылдан келген кәдімгі қара домалақ қазақтар! Бұрын қазаққа айтылатын теңеу – «қара домалақ» деуші едік… бірақ, әлгіндей жүдеу жүздер домалақ дегеннен гөрі «қара тырықтар» дегенге дөп келетін сияқты. Екі қолға бір күрек таппай, базар маңында әйтеуір бір тірлік табылар деп тұратын топ жігіттің және өзі бәрі қазақ. 
 Дағдарыстың салдарынан тоқтап қалған құрылыстың қаншама жұмыскері қазіргі күні тентіреп жұмыссыз қалғаны рас. Міне, «жетімбұрышты» жағалап жүргендердің де көбісі – сол алғашында Астананың қызу құрылысына қатысамыз деп ауылдан ағылып келгендер. 98-дің сұрапыл тоқырауынан тұралап қалған ауылдарға Астана шынымен де әжептәуір азық болған еді. Сол жылдары ауылдағы ағайын баласының жолына деп қорадағы соңғы сиырын сатып Астанаға аттандырып жатты. Қала құрылысына қолы тиіп, ауылдағы ата-анасын асырағандар да аз болмады. Бірақ сол кездердің өзінде «қала құрылысы қашанға созылар дейсің», «құрылыс өндіріс емес, бұл да бітер, баламыз сосын қайтпек?» деп алаңдайтындар да болған. Алайда, олар қаржылық дағдарыстың бұрқ ете қаларын болжады дейсің бе?! Күнделікті тапқан-таянғанына мәз болып, тым болмаса сырттай болса да жоғары білім алып қалуды қапыларына да алмаған жастар үнемі құрылысшы боламыз деп ойлады ма екен?! Бірақ, бүгінгідей екі бүйірден қысқан дағдарыс табақтай дипломың тұрмақ, 20-30 жылғы тәжірибеңе де қарамастан жұмыссыздықпен жолдас қыла салады. Қазір «Ақысыз демалыс», «штаттың қысқаруы» деген үрейлі тіркестерден тітіркенетін болдық. 
 Жасыратыны жоқ, еліміздің экспорт жағы мәз емес. Отандық кәсіпорындар легі де оңбай тұр. Ал мұның бәрі қымбатшылыққа ұрындырды. Сондықтан да, бүгінде елдің әлеуметтік жағдайы жақсы деу шындыққа жанаспас. Оның үстіне, республика халқының 39,7 пайызы орташа жалақы алады екен. Ал агроөнеркәсіпті жетілдіріп отырған ауылдар саусақпен санарлық. Биылғы жылдың бірінші тоқсанындағы деректер бойынша, өнеркәсіптегі өндіріс көлемінің төмендеуі 4,6 пайызды құраған. Оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібінде – 0,2 пайыз, өңдеу өнеркәсібінде – 11,8 пайыз, электр энергиясын, газ бен суды өндіруде және бөлуде 6,7 пайыз болды. Металлургия өнеркәсібі мен дайын металл бұйымдары өндірісіндегі өндіріс көлемінің қысқаруы 15,3 пайызды құрады, оның ішінде қара металлургияда – 22,4 пайызды, түсті металлургияда – 9 пайызды, тамақ өнімдерін өндіруде 2,3 пайызды құраған. 
 Статистика агенттігінің деректері бойынша үстіміздегі жылдың мамыры айында Қазақстанда жұмыссыздық деңгейі 7,4%-ды құрап отыр. Бірақ, бұл көрсеткішпен келіспейтіндер де бар. Өйткені, дағдарыс деп дабырлаған мекемелер бүгінде қысқартудың соңғы шегіне дейін жетті. Көп жерде үш адамның жұмысын бір адам атқарып отыр. Ал оған көнгісі келмейтін жұмыскерге таңдау жоқ. Өйткені, қазір басқа жұмыс табудан гөрі, жұмыстан шығып қалмау мәселе басты орында. Ал, әлгі агенттіктің мәліметтері «табысты жұмысы болмаған, оны үздіксіз іздеген және оған кірісуге әзір болған 15 жастағы және одан асқан адамдар» деген тіркеудегі тізім санымен ғана анықталатынын ескерсек, шынымен-ақ, жұмыссыздар саны одан да көп болуы мүмкін. Сондай-ақ, жұмыссыздардың санын дағдарысқа байланысты жұмысын мүлде тоқтатқан немесе жағдайы нашарлаған қаншама көсіпорындардың жұмыскерлері көбейтті. Мысалы, министрлік жүргізген мониторингке сәйкес, 2009 жылдың 1 қаңтарына шаққанда 25 кәсіпорын қызметін толық тоқтатқан, ондағы жұмысшылар саны 7229 құрайды екен. Ал жартылай жұмыс жағдайындағы кәсіпорындар саны – 234. Онда жұмыс істейтін 72196 адамның 28818-і мәжбүрлі еңбек демалысында немесе жартылай жұмыс уақыты режимінде еңбек етуге ауысқан. Ал бұл қаңтардағы мәліметтер екенін ескеріңіз. 
 Егер ресми деректерге жүгінсек, бүгінде республика бойынша еңбекке жарамды адам саны 6,9 миллионды құраса, олардың 2,7 миллионы ауыл тұрғындары көрінеді. Сол жұмысқа жарамды 6,9 миллион адамның 4,2 миллионы жалдамалы жұмыстарға жегілсе, қалған азын-аулағы лауазымды қызметтегілер. «Қуырдақтың көкесін түйе сойғанда көресің» демекші, жұмыссыздықтың белең алуы әлі алда деп отыр мамандар. Оған ағымдағы жылдың 1 сәуірінде енгізілген мемлекеттік қызметтегі бос орындарға орналасу бойынша жарияланған мораторий де өз үлесін қосуы мүмкін. Себебі, жарияланған мораторий жас мамандарды жұмыспен қамтуда аса ауыр жағдайға соқтырары сөзсіз. Өйткені, жұмыс тәжірибесі жоқ жоғарғы оқу орнының студентіне онсыз да жұмысқа орналасу оңайға соқпасы анық. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, жас жұмыссыздардың басым көпшілігі дәл осы алғаш рет жұмыс іздеп жүргендер екен. Жалпы елімізде жастар жұмыссыздығы келелі мәселеге айналғаны шындық. Мысалы, 2008 жылы Қазақстандағы 15-тен 24 жасқа дейінгі азаматтар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 7,4% пайызды құраса, ол жалпы жұмыссыздық деңгейінен 2,4% пайызға жоғары. Ресми деректер көзі биыл мемлекетіміздегі жоғары оқу орындары мен колледждерді 323 мыңнан аса, оның ішінде 46,5 мыңы грантпен оқытылған мамандар бітіреді деп отыр. Ал, осы жазда «Болашақ» стипендиясының тарихында алғаш рет әлемнің ең беделді жоғарғы оқу орындарында білім алған 800-ден астам студент оралмақшы. Олардың басым бөлігі техникалық немесе мемлекеттік басқаруды игерген мамандар. 
 Жұмыссыздық – жалпы біздің елімізде ғана емес, қаржылық дағдарысы кезіндегі барлық елді де есеңгіретіп отырған қауіпті дерт. Біріккен Ұлттар Ұйымы 2009 жыл үшін экономикалық тарылудың салдарынан жұмыссыздықтың да арта түсетінін айтқан болатын. Ал бүгінде жаһандық экономика 2,6 пайыз тарылып отыр. Бұл көрсеткіш жылдың басынан бергі болжамдардың барлығынан жоғары. Біріккен Ұлттар Ұйымының болжамы бойынша, әлемдегі он миллиондаған адамды кедейшілік қинауы мүмкін. Тек бұл көрсеткіштің біраз бөлігін біздің еліміз еншілеп кетпесін деп тілейміз. 
Көршіміз Ресейде де жұмыссыздық деңгейі биыл соңғы 9 жылдағы рекордтық көрсеткішке жетті. «Ресей статистика» агенттігінің мәліметтері бойынша сәуір айының соңында елдегі нақты жұмыссыздық көрсеткіші 7,7 миллион адамды құраған, бұл экономикалық белсенді халықтың 10,2 пайызы. Ал Еуропада жұмыссыздық 10 пайыздан асып кетті. Англияда жұмыссыздар екі миллионға жетіпті. 
 Дамыған мемлекеттерде жұмыссыздық қаржы саласының қызметкерлерін қамтыса, дамушы мемлекеттерде шикізатқа әлемдік сұраныстың төмендеуіне байланысты осы саланың жұмыскерлерін қамтыған. Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) болжамы бойынша әлемде 2009 жылы жұмыссыздар саны 50 миллионға жетсе, оның 23 миллионы Азия мемлекеттерінің тұрғындарына тиесілі делінген. Испанияда да 2000 жылдың шарықтау шегін аттап, былтырғы жылдың соңында мемлекеттің жұмысқа қабілетті тұрғындарының арасында жұмыссыздық көрсеткіші 13,91% өскен. Испаниядан кейін Словакия мемлекеті тұр – 10 пайыз. Соған ұқсас жағдай Чехияда да 5,3 пайызды көрсетті. Қытай мемлеке-тінде де жаппай жұмыссыздық, ресми тіркелген жұмыссыздар саны АҚШ-тан бес есе көп.  
 Азуы алты қарыс елдердің өзі жұмыссыздықпен жағаласып жатқанда біздің елдің мәселесі орынды екен деуіңіз де мүмкін. Ол да дұрыс. Бұл тұрғыдан біздің құзырлы орындар қол қусырып отырған жоқ. Мәселен, Үкімет осыдан екі жыл бұрын республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен қаржыландырылатын әлеуметтік нысандар салу арқылы халықты жұмыспен қамту, несиелендіру тәжірибесін кеңейту, жеке қосалқы шаруашылықтарды дамыту тәрізді толып жатқан жұмыссыздыққа жүген салатын бағдарламаларды қабылдады. Тіпті, ағымдағы жылдың аяғына таман Қазақстанда жұмыссыздық азая бастайды деп мәлімдеген еді ҚР үкімет басшысының орынбасары Ербол Орынбаев Президенттің қатысуымен өткен дағдарысқа қарсы шаралардың жүзеге асырылуы жөніндегі кеңесте. «Республика экономикасында 2009 жылғы I тоқсанда 7,8 млн. адам жұмыспен қамтылды. Жыл аяғына дейін әлі 250 мыңнан астам адам жұмысқа орналасуы тиіс» дейді мәліметтер. Бірақ мұның бәрі, Елбасының алдында ақталуды көздеген жалаң деректер болмаса игі.   Елімізде дағдарыспен күрес шараларына Елбасының қолдауымен қыруар қаржы бөлініп, елдің әлеуетін көтеруге барынша күш салынып жатыр. Бірақ, бұл қаржы жергілікті басшылардың «берекесіздігінен» тиісті жерлеріне жете алмай жататыны да жасырын емес. Басшылыққа істен гөрі, есеп көрсетіп үйреніп қалғандардың «қылығын» кейде халықтың қазіргі көз алдымыздағы жағдайы жайып салып жататыны да шындық. Дегенмен, дағдарыс кезінде жұмыссыздықтың ушығуы заңды да. Бірақ, бізде дағдарысты дабырлатып, одан өз мүддесін түгендеп алып жүргендер де аз емес. Жалақыны азайтып, жұмыс талабын көбейтіп жатқандар жұмыскерлердің құқығын қорғауға мүмкіндік бермейді. Сондай-ақ, ең бастысы – шетінеп, шетте қалатындар да алдымен баяғы қазақтар. Қара жұмысқа салынып, маңдайы терлеп жүргендер де өзіміздің қандастар! «Жетімбұрышта» жетімсіреп тұрғандар да қазақтар! Қалай болғанда дағдарыс деп қанша дабырласақ та, айналдырған 15 миллион халқы бар байтақ дала Қазақстанда қазақтардың ғана қара базарда «қаңғырып» жүргені қынжылтады.          Әлемдік экономикалық дағдарыс еліміздегі жоғарғы оқу орындарында оқитын жастарға оңай тимегені өзінен-өзі белгілі. Жарайды, студент жастар мемлекеттің тұрақты бөліп отырған шәкіртақысына өйтіп-бүйтіп жандарын бақсын. Ал шәкіртақыны алмай, өз қалтасынан төлеп оқитын студенттерге тіпті қиын. Олар білім алуды былай ысырып қойып, “қара” жұмыс істей бастады. Жоғарғы оқу орнын бітірген көптеген жас мамандар қолдағы дипломына қарап, қайда барарын білмей қапаланса, жұмысқа орналасып үлгерген кейбір жас мамандардың қысқартуға ілігіп кеткені жасырын емес. Дегенмен Республикамыздың Үкіметі бұл құбылыстың алдын алып, жастарға қолдау көрсетуге ұмтылыс жасап отыр. 
Алматы – әлеуметтік-демографиялық жағынан көбінесе дәстүрлі түрде жастар қаласы болып табылады. 14-29 жас аралығындағы жастар мегаполис тұрғындарының 30% немесе үштен бір бөлігін құрайды.  
Қаламыздағы орта, арнайы орта және жоғары оқу орындары жүйесі, аймақтағы ірі көтерме және жеке сауда нысандары, өндірістік және көлік мекемелері, салалы қызмет көрсету құрылымдары, алып-сату орталықтары, ірі медициналық орталықтар мен мемлекеттік мекемелер еліміздің түрлі аймақтарынан келушілерді қызықтыратыны сөзсіз. Көптеген жастардың осы ірі шаһардан кеткілері келмей осында біржола тұрақтап қалуға тырысады.  
Сондықтан да, Алматы қаласындағы жастардың үлес салмағы үнемі артып отырады.  
Дегенмен, қаламыздың қоғамдық-саяси жағдайы кейбір әлеуметтік жағдайларға қарамастан, бір қалыпты болып табылады. Аталмыш мәселе бойынша жастар ортасында оң бағыттағы бағалау орын алады.  
Алматы қаласы тұрғындарының көңілінен шыққан әлеуметтік тұрғын-үйлердің қарқынды салынуы, жол магистральдарының жақсаруы, қалалық және аула аумақтарының көгалдандырылуы, мектептерді жөндеу, дағдарысқа қарсы мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру және тағы басқа сынды қала тұрмыс-тіршілігінде жүріп жатқан оң бағыттағы өзгерістермен қатар, жас алматылықтардың әлеуметтік әл-ауқатына әсер ететін кейбір кемшіліктер бар.  
Факторлық талдау жас азаматтардың материалдық тұрмысы төмендеуінің себептерін анықтауға мүмкіндік берді. Олардың қатарында: жалақы мен ең қажетті тауарлар бағасының арасындағы сәйкессіздік, жастардың ойы бойынша жоғары және орта арнайы оқу орындарындағы оқу төлемақысының жоғары болуы; бюджеттік мекемелер жұмыскерлерінің жалақысы мен мемлекеттік төлемдердің төмен болуы; мектептер мен мектепке дейінгі балалар мекемелерінің толып кетуі; экология мәселесі, жемқорлық, жастардың жұмыссыздығы, қылмыстық оқиғаларының өсуі.  
Тұрғын үй мәселесі  
Урбанизация мен мегаполистің қарқынды дамуы, сонымен қатар әр аймақтан қоныстанушылардың көбеюі салдарынан бұл жағдай аса қиындық туғызады. Қазақстан Республикасының заңнамасында жастардың тұрғын үй мәселесі жеке қарастырылмаған.  
Бүгінгі таңда жас отбасылырының 40% астамы тұрғын үй жағдайларының жақсаруын қажет етеді, сонымен қатар, олардың 35% мемлекеттің көмегінсіз өз күштерімен оған қол жеткізе алмайтындығын мойындады.  
Сарапшылардың бағаларына сүйенетін болсақ, 21-29 жас аралығындағы жастардың, олардың ішінде жас отбасылардың да 85%-ы тұрғылықты жер қажет ететіні анықталды. Болжамдарға қарағанда жыл сайын некеге тұратын жастардың көрсеткіштеріне сүйенетін тұрғын үй қорының жылдық барынша қажеттілігі 4,5 млн. шаршы м. құрайды.  
Мемлекеттік және бюджеттік мекемелердің көпшілігі тұрғын үй қажет ететін азаматтардың санағын жүргізбейді. 2008-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй салу мемлекеттік бағдарламасы аясында жергілікті атқарушы органдардың бірінші міндеті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестендіру мақсатымен әлеуметтік жағынан қорғалатын тұрғындар тізімінің инвентаризациясын жасау анықталды. Аталмыш жұмыс аясында жастардың, солардың ішінде неке қиған жастардың тұрғын үй қажеттілігін анықтау қажет. Бірақ, қазіргі таңда жас отбасылардың тұрғын үй жағдайларының жақсару қажеттілігі туралы дәл ақпарат жоқ.  
«Мемлекеттік жастар саясаты туралы» заңға сәйкес, жоғары оқу орындары мен орта кәсіптік білім беру мекемелерінде оқитын жас отбасылыларға жатақханаларда бөлмелер берілуі тиіс. Тұрғын үй қорының жетіспеушілігінен білім беру мекемелері бұл заңның ережесін көп жағдайларда орындамайды.  
Жастар арасындағы несиелер қажеттілігі  
Жастар төмен пайыздық мөлшерлемелі ипотекалық несие мен жеңілдетілген бағамен тұрғын үй сатып алуды аталмыш мәселенің шешуші жолы ретінде қарастырады. Екінші дәрежелі банктер беретін ипотекалық несиелердің жоғары пайыздық мөлшерлемесі салдарынан жас отбасылардың көбін қанағаттандырмайды.  
ЖОО және ОАОО студенттеріне арналған ұзақ мерзімді білім беру несиелерін бөлу мәселесі де жоғарыдағыдай күйде. «Студенттерді несиелеу» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру механизмдерінің дұрыс қарастырылмағандығы және жастардың ойы бойынша, 9%-дық мөлшерлемесінің жоғары болуы салдарынан Алматы қаласы бойынша тек 80-ге тарта білім беру несиесі берілді.  
Жастардың жұмыспен қамтылуы  
Жастардың әлеуметтік әл-ауқатына әсер ететін тағы бір мәселелердің бірі – жұмыссыздық. Алматы қаласы бойынша 2009 жылдың 4 тоқсанында жастардың жұмыссыздық деңгейі 7,9% құрады.  
Мектепті бітіріп, оқу орындарында білім алмайтын және жұмыс тәжірибесі жоқ 16-19 жас аралығындағы жастар қаланың жұмыссыз жастарының басым бөлігін алады.  
Жұмыссыз жастар құрылымындағы басым бөлікті әйелдер жұмыссыздығы алады. Қазіргі таңда бала-бақшамен қамтамасыз етілу 35,6% ғана алады, бұл жағдай ерлі-зайыптылардың екеуінің бірдей жұмысқа тұруына бөгет жасайды.  
Жастар арасында жұмысшы мамандықтарды әлсіз насихаттау мен еңбек нарығындағы қажетті мамандықтар туралы ақпарат берілмеуі байқалады.  
Жастардың жұмыспен қамтылуы құрылымында жалдамалы қызметкерлер мен өз беттерінше жұмыспен қамтылған жастар сәйкестігі жөнінде өзгерістер орын алды, бұл жағдайда мемлекеттік емес мекемелерде жалдамалы қызметкерлер басымдылық алады. Бірақ, еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныс туралы жалпы ақпараттық база жоқ.  

 

III-тарау. ҚР-ДАҒЫ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ЖӘНЕ ОНЫМЕН КҮРЕСУ ШАРАЛАРЫ

 

3.1 ҚР-дағы жұмыссыздықпен күрес

 

Қазір көптеген мекемелер  әлдеқашан ұмытылған проблема жұмыс  кадрларының  қажеттігіне ұшырады. Бұрын олар өте көп болса, қазір олар әртүрлі салға кетуіне, квалификациясы төмендеуіне байланысты өте аз. Ал бар жұмыс іздеушілердің квалификациясы жоқ немесе өте төмен. Сонда қоғам бір біріне қарама қарсы екі түрлі ауруға шалдығуы мүмкін:    1.     кадр дефициті         2.     жұмыссыздық.        Университеттер, училишщелер, колледждер мен өндіріс орындарының тіл табысуы бұл мәселені шешуі мүмкін. Осы тұста мемлекетке осы секторды басқару үшін белгілі бір стратегия қажет.      1.     жұмысшыларды мемлекеттен тыс әдіспен орналастыру, бұл әдіс негізінен натуралды шаруашылықтарға тән.      2.     жұмыссыздық әсерін төмендету, бөл жерде жұмыс жасайтын сектор зардап шегеді, себебі жөмыссыздарға берілетін өтемақы салық есебінен алынады.            3.     Жұмыс орындарын ашу. Бұған келісу қиын, өйткені ол кедей елдерден имигранттар келуін көбейтпесе, ашылған жұмыс орындарға жергілікті жұмыссыздардың бара қоюы екіталай. Жоғарыда аталған әдістерден басқа қоғамдық реттеу әдісі де бар. Ол қоғамдағы басқа жұмыссыздыққа әсері бар факторлар:            1.     Білім беру           2.     жұмыс табуға көмек т.б.        Бұл факторларды қолдана отырып сыртқы жұмыс іздеп келушілер мәселесін де еске алған жөн.  Тұрақты даму тұжырымдамасын жүзеге асырудың маңызды жағдайы әлеуметтік бағдарланған рыноктік экономиканы құру болып саналады. Елдің тұрақты дамуы – адамдардың жұмыспен тұрақты түрде қамтылумен, еңбек саласындағы әр алуан қисылтаяң ахуалдар көрінісінің алдын алумен тікелей байланысты. Қазіргі кезде экономиканың нақтылы секторында жұмыссыздықпен күресу мәселесі жұмыс орындарын құрумен, жұмыспен қамтудың белсенді саясатын жүргізумен жұмыссыздықтан қорғаумен біртұтас түрде қаралуға тиіс. Рыноктік қатынастар пайда бола бастаған кезде мемлекеттің әлеуметтік саясатының ең маңызды міндеттерінің бірі – еңбеккерлердің жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жүйесін жасау болып табылады. Жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жүйесі дамыған елдерде қазіргі ғасырдың басынан-ақ белсенді түрде қолданыла бастаған болатын.Қазақстандағы жұмыссыздық бойынша әлеуметтік қорғау жүйесін дамыту үшін халықаралық тәжірибені талдау жасаудан басқа, оның мәнін, мағынасын, қызметін және оның қызмет істеу үдерісін анықтау қажет.

Жұмыссыздықтан қоғау  жүйесінің негізгі мақсаты –  жұмыспен тұрақты қамтуды қаржымен қамтамасыз ету. Ол өзінің қызмет ету  белгісіне қарай екі түрлі бөлек жүйеден тұрады:         ·        Бірінші бөлек жүйе өзінің үшкі мағынасы бойынша жұмыссыздарға материалдық көмек көрсету қызметін атқарады.     ·        Екіншісі, жұмыссыздықтың өсуіне жол бермеу жөніндегі шұғыл шараларды жүзеге асырады. Жұмыссыздық бойынша қоғау жүйесі үш негізгі көзден қаржыландырылады – жұмыс берушілер, жұмыскерлер және мемлекет. Егер бірінші бөлек жүйе экономикалық тұрғыдан жоғарыда аталған үш көздің есебінен қолдау тапса, екіншісі негізінен жұмыс берушілер есебінен алады. Рыноктік экономикасы бар елдерде жұмыссыздық жөніндегі қорғау жүйесін құру негізінен өзара бағынышсыз екі себепке байланысты:    ·        Өндірістің рыноктік тәсілі үшін жұмыссыздық болмай қалмайтын әлеуметтік-экономикалық құбылыс және барлық жалдамалы жұмыскерлер жұмыссыз қалу қатеріне ұшырайды. Оның бола қалуы нақтылы жұмыскерге немесе кәсіпорынға байланысты емес. Көптеген жағдайда ол сыртқы әлемдік-экономикалық  факторларға бағынышты.       ·        Мемлекеттік органдардың өз азаматтарына «еңбекке құқығын» қамтамасыз етуге конституциялық міндеті болып саналады.    Халықты жұмыспен қамту айрықша міндет. Жұмыссыздық неге көп? Неліктен осылай болып отыр? – дегенде, кейбір саяси мәселелердің толық шешілмегендігінен емес, жұмыспен қамтамасыз етілуінің экономикалық тетіктерінің әлі де ойдағыдай қалыптаспағандығынан екеніне біздің сеніміміз мол. Жұмыспен қамту қызметі адамдарды еңбекке орналастыруға, жұмыс берушілерді жаңа жұмыс органдарын жасағаны үшін ынталандыруға бағдар беру керек. Бұрын жұмыспен қамту мемлекеттік қызметі болды, ол осы іспен шұғылданды, ал қазір мұнымен кәсіпорын құқығын пайдаланатын биржалар шұғылданады. Ал олардың атқарып жүрген қызметі нашар. Көбінесе, кәсіпорын жұмысқа алған адамдарды «биржа қызметкерлері жұмысқа арнайы орналастырды» деген жалған анықтамалар жинайды екен. Сол үшін мемлекет бюджетінен олар ақша алады. Шағын несие беру, импорттың орнын басу сияқты мәселелер де бар.Ол мәселелер кедейшілікпен күрес бағдарламасында өз орнын тапты. Бұл бағдарламада, қазіргі кезде тек дүниежүзілік банктің, халықаралық валюта қорының ұсыныстарына ғана сүйенуге болмайды. Қазіргі кезде басты мәселе не? Ол – жмыс орнының жетіспеушілігі. Жұмысшы күші жағынан ұсыныс көп, бірақ оларға деген сұраныс өте аз. Еңбек рыногі саясатының балсенді шараларының басымдығы бар деп танылғанымен, барлық қаржылық міндет жергілікті бюджеттерге жүктеледі.    Олар көп жағдайда белсенді шараларды атқару үшін қажетті қаражатты таба алмайды. Аудандық деңгейде жұмыспен қамту қызметінің ұйымдық құрамы мен қаржыландыру туралы мәселе әлі күнге дейін толық шешілген жоқ. Қазіргі кездегі негізгі міндет осы шаралардың нәтижесі мен тәжірибесін бағалауда болуға тиіс. Осы талдау негізінде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі үшін кеңестер мен ұсыныстар жасалуға тиіс, ол атап кеткен салық саясаты, ақша саясаты, инвестиция саясаты сияқты мәселелер жұмыспен қамту саясатының маңызды құралдары болып саналады. Осы құралдар арқылықазақстандықтар мұқтаж болып отырған жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал етіп жасай алады. Жастар ортасындағы процесстердің ерекшеліктеріне қайта оралатын болсақ, қазіргі жастардың даму деңгейінің көзге көрінерлік өзгерістерімен қатар, олардың жалпы мәдени сұраныстары мен білім беру деңгейлерінің төмендеуін анықтауға болады.  
ЖОО мен ОАОО оқуға түсетін жастардың білім беру және мәдени деңгейлерінің күрт төмендеуі студенттердің оқу бағдарламасын меңгере алмайтын жағдайына әкеліп соғады. Осы себептен, ЖОО бітірген мамандардың дайындық деңгей і төмен болып табылады. Белгілі деңгейде бұл жағдайдың келешекте ұлттық қауіпсіздікке де әсері болуы мүмкін.  
Мұраттар дағдарысы мен рухани бағыттардың жоғалуын байқауға болады. Отбасындағы, білім беру мекемелеріндегі, сонымен қатар, жоғары білім беру жүйесіндегі өскелең ұрпақпен тәрбиелік жұмыстардың әлсіреуі жастардың құндылық бағыттары мен жалпы қабылданған нормалардың өзгеруіне әкелуі мүмкін.  
 ЖОО ортасында білім беру мен тәрбиелеудің қиын мәселелеріне немқұрайлы қарау басым болып келеді. Басқару принциптерінде ЖОО бюрократиялық тәсілдер қолданады. Бұрынғы кездердегі жоғары білім берудің оң бағыттағы элементтері қолданылмайды. Әлеуметтік-гуманитарлық пәндерді оқыту сағаттары қатты қысқартылды. Оқытушылар дайындықтарының күрт төмендеуі байқалады (сауалнамаға орай, білім беру қызметтерімен қанағаттанарлық деңгейі 51% құрайды). Нәтижесінде түлектерде шығармашылық, креативтік ойлау бағыттарының жоқ болуы мен рухани құндылықтардың төмендеуі пайда болады.  
 Студент жастардың мінез-құлық императивтеріне әсер ететін басқа да себептерге ақпараттық-насихат жұмыстарының төмендеуі және жоғары оқу орындары әкімшіліктері тарапынан сауықтыру, мәдени-бұқаралық және ойын-сауық демалысын дұрыс ұйымдастырмау мәселелерін жатқызуға болады.  
Бұл жұмыста түрлі әлеуметтік топтар мен этникалық қауымдастықтардың қызықтарын, бағыттарын және ұстанымдарын ескеретін кешенді жүйе жоқ.   Гуманитарлық пәндерді оқыту танымдық бағыттар мен студенттерде қажетті білім көлемін құрастыруға ғана емес, сонымен қатар патриоттық сана-сезімнің құрылуы мен белсенді азаматтық ұстанымдарды жасауға да бағытталу керектігі анық.  
Патриотизм мен азаматтық ұстанымдар  
Қоғам өміріндегі бірқатар мәселелердің шешімін табу жоғары патриоттық сананы, өз елі үшін мақтаныш сезімін орнықтыру, өз Отанының мүдделерін қорғаудағы азаматтық борышын ақтауға дайындықты тәрбиелеуге бағытталған жүйенің жүзеге асуы деңгейіне де байланысты болып табылады.  
 Қазіргі кездегі патриоттық және азаматтық тәрбие беру жүйесі одан ары дамыту мен жаңғыртуды талап етеді. Қосымша білім беру мекемелерінде, жастар ұйымдарында, патриоттық және аула клубтарында балалар мен жастарды патриоттылыққа тәрбиелеуге ұйымдастыра алатын мамандар жетіспеушілігі байқалады, азаматтық жауапкершілік пен патриотизмнің, әскери-патриоттық тәрбие мәселелері бойынша ақпараттық-әдістемелік құралдар жетпейді.  
 Білім беру, қорғаныс, ішкі істер, туризм және спорт жүйелеріндегі тәрбиелі жұмыстарды сапасыз ұйымдастыру өскелең ұрпақтың құндылықтарының өзгеруіне, қоғамда мақұлданбаған мінез-құлық формаларының дамуына әкеледі. Соның салдарынан, әлеуметтік сауалнама бойынша, халықаралық стандарттармен салыстырғанда, жастардың құқықтық және мінез-құлықтық мәдениетінің дамуы, функционалдық сауаттылықты және алынатын біліктілік пен дағдыларды қолдана алмау мәселелері айқындалады.  
 Өскелең ұрпақты тәрбиелеуге, олардың саяси қоғам мен мемлекетпен бірдей болуына әлі де кетпеген империялық ойлау мен этноцентризм теріс әсер етеді. Соңғы мәселе, басқа қалалардан келген жастар арасында байқалып, өз алдына, рушылдық айқындылық пен жерлестікпен байланысады. Бұл жағдайларды деструктивтік саяси ұйымдар мен тоталитарлық секталар өкілдері және көп жағдайда, криминалдық элементтер де пайдаланады.  
 Жастар ортасында кейбір кездері қылмыстық және ұлтаралық болып кететін бірқатар тұрмыстық қайшылықтарды ескере отырып, жоғары оқу орындарының тәрбиелік жұмысы патриоттық тәрбиеден (аталмыш бағытқа зақым келтірмей) жастарды адамдық, құлықты, рухани құндылықтарға, сонымен қатар мемлекетіміздің орнықты дамуы үшін негізгі болып табылатын гуманизм мен ұлтаралық бірлікті өскелең ұрпаққа тәрбиелеуге ауыстыру қажет.  
 Студент жастардың әлеуметтік әл-ауқатына сонымен қатар кейбір ЖОО кәсіподақтардың болмауы да әсер етеді. Сондай-ақ, көптеген білім беру мекемелерінде олардың қызметін әкімшілік дұрыс бағалай білмейді.  
Жеке және топтық құндылықтардың парасатты тепе-теңдігі үшін шығып, адамды тәрбиелеуде коллективтің орнын мойындай келе, тәрбиелік жұмыс үдерісін азаматтық қоғамның және оның құрылымдары мен институттарының құзіреті мен жауапкершілігі және мемлекеттің ішкі саясатының басты бағыты болып табылатын құлықтылықты, патриотизмді және басқа да азаматтық ұстанымдарды құруға бағыттау қажет.  
Денсаулық сақтау және салауатты өмір салты  
Жарақаттанудың жоғары пайызы, дұрыс тамақтанбау, дене шынықтыру жаттығуларын аз орындау, психобелсенді заттарды қолдану, репродуктивтік және психикалық денсаулықтың сақталуы жастардың денсаулығын сақтаудың негізгі проблемалары болып табылады. 14 пен 29 жас аралығындағы жастар мен жасөспірімдердің жас құрылымындағы денсаулықтың негізгі көрсеткіштерінің мониторингі жүргізілмейді.  
 Жарақаттар мен кездейсоқ жағдайлардан болған өлімдер Қазақстан Республикасы халқының өлім себептерінің ішінен екінші орын алады. Қазақстандағы балалар және жасөспірімдер жарақаттануы 100 мың адамға 2003 жылдағы 1990,8-дан 2007 жылдағы 2246,9-ға дейін соңғы 5 жылда 5% өсті. Жарақаттар құрылымындағы 49% тұрмыстық, 27% даладағы жарақаттар, 4 % – жол апаттары салдарынан алынған жарақаттар, 6,2 % – мектеп жарақаттануы, 5,2 % – спорт жарақаттары, 9% – басқалары.  
 Қазіргі таңда халқымыздың 15% ғана дене шынықтырумен айналысады.  Республикалық әлеуметтік зерттеу нәтижелеріне орай, жастардың 24,4% спортпен айналысқысы келеді. Балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің желісі қазіргі таңда жастардың бұл қажеттілігін қанағаттандыра алмайды. Тұрғындардың мекен-жайлары бойынша жұмыстар әлсіз жүруде, жасөспірімдер клубтарының желісі дамытылмаған, жалпылама демалыс орындарында спорт аймақтары мен құралдары жетіспейді. Орта білім жүйесіндегі спорт залдарымен қамтамасыз етілуі – 71%, техникалық және кәсіби білім жүйесінде – 95 %, жоғары білім жүйесінде – 75% құрайды.   Бірқатар мектептерде спорт құралдары 30 жылдан астам уақыт бойы жаңартылмаған. Мектептердің спорт залдарының 12,4% ғана сабақ өту үшін жарамды. Жеке меншік спорт мекемелеріне бағасының жоғары болуына байланысты жастарға қол жетпейтіндей болып табылады.  
Жастар ортасындағы теріс әрекеттер  
 Жастардың психоактивті заттарды пайдалануы еліміздің әрбір бесінші адамына тікелей немесе жанама түрде әсер ететін өте үлкен проблема болып табылады. Шылым шегудің, алкогольды ішімдіктер мен есірткіні қолданудың таралу деңгейі өз шынына жетіп, бұл беталыстардың өсуі қайтарылмайтын салдар тудыруы мүмкін.  
 Жасөспірімдер мен жастардың шылым шегу (22,8 %) мен алкогольды қолдану (18,1%) жоғары деңгейінде жалғасуда, оған қоса, шылым шегудің таралу көрсеткіштері қыздар арасында өсуде.  
Жастардың есірткі қолдануы туралы есебі көбінесе нашақорлар диспансерлерге келгенде ғана жүргізіледі. Бұл жағдайда мемлекеттік мекемеге келгендер ғана есепке кіргізіледі.  
Психикалық денсаулық проблемаларына байланысты сырқаттар мен өлімдер көрсеткіштері әрдайым өсуде. Бар мәліметтерге жүгінсек, жасөспірімдердің 20% жуығы психикалық немесе мінез-құлықтық проблемалардан зардап шегуде. Жастар арасында суицид жағдайларының саны төмендемейді. ӘДҰ мәліметі бойынша, 100 мың адамға 20 суицид саны шекті жағдай болып табылады. Қазақстан суицидтік іс-әрекет пайда болуының жоғары көрсеткіштері жағынан Шығыс Еуропа елдері мен Ресейден кейінгі елдер қатарына кіреді.  Соңғы онжылдықта 100 мың адамға 27-29 өзін-өзі өлтіру жағдайлары тіркелді.  
Студент жастардың тұрмыстық жағдайы  
Алматы қаласында орта-арнайы және жоғары білім беру жүйесінің негізігі жүйелері бар. Мұнда 52 жоғары оқу орны, 69 колледж және 11 техникалық және кәсіби білім беретін лицейлер орналасқан.      Аталған жағдай мегаполиске республикамыздың жан-жағынан жастарды тартып, ары қарай олардың тұрақты мекен етіп қалуына өз септігін тигізеді.  
Қазіргі күнде қаламызда орналасқан ЖОО, арнайы лицейлер мен колледждерде 260 мыңға жуық студенттер білім алуда. ЖОО-ның күндізгі оқу бөлімдерінде 117 мыңға жуық, колледждерде 61 мыңға тарта студенттер оқиды. Осылайша, Алматы қаласындағы жастардың саны күннен-күнге өсуде.  
Тәжірибе көрсеткендей, студент жастардың басты проблемалары олардың тұрмыстық жағдайымен байланысты.       Нақтырақ айтсақ, тұрғын үй және жатақханада бөлме беру мәселелері.  
Сырттан келген студенттер көлеміне сай келмейтін ЖОО-ның жатақханаларына қоныстану мүмкіншілігі әлі де болса өзекті мәселелердің бірі болып қала береді.  
Қазіргі таңда, ЖОО-ның 83 жатақханасында 28 000 астам адам тұрады. Кәсіби және техникалық оқу орындарының жатақханаларында 1400-ден астам студент тұрақтанған, бұл жалпы қалада білім алып жүрген студенттердің 17%-ын құрайды. Көптеген бөлмелер келеңсіз жағдайда, себебі қажетті тұрмыстық бөлме, оқу залы, медпункт, интернет-бөлмелер тұрғын бөлмелерге айналып кеткен.  
Мамандардың болжамдары бойынша, сырттан келген мемлекеттік ЖОО-да оқитын жастардың 36%-ы, жеке меншік оқу орныдарында оқитындардың 8%-ы, техникалық және кәсіби оқу орындарында оқитын жастардың 2,5 %-ы жатақхана бөлмелерімен қамтамасыз етілген. Осы 10 мың орынның жетіспеушілігін есепке ала отырып, қала аумағында 25 студенттер жатақханасын салу өзекті мәселеге айналды.  
Аталған жағдайды қарастыра отырып, ЖОО-ның материалды-техникалық базасы сырттан келген студенттерді жатақханаға орналастыруға мүмкіншілігі жоқ. Жастар проблематикасы бойынша зерттеулер  
Жастар ортасындағы қазіргі заманғы тенденциялар мен жағдаяттардың дамуын уақытылы анықтау мақсатында және жастардың әлеуметтік-экономикалық стратификациясын іске асыру үшін кең ауқымды ақпаратты-талдау базасы қажет. Бірқатар жылдар бойы мемлекеттік жастар саясатын іске асыруды ғылыми-ақпаратпен қамтамасыз ету түрліше болды. Жастар саясатының өзекті мәселелері бойынша соңғы жылдары ешқандай танымал да қолданбалы ғылыми зерттеулер өткізілмеді.  
Ғылыми талпынысы мен материалдық-техникалық базаның болуына қарамастан, қалалық жоғары оқу орындарында қазіргі заманғы жастар мен патриоттық тәрбие мәселелері бойынша ешқандай кешенді ғылыми зерттеулер жүргізілмеді, сәйкес ғылыми-зерттеушілік мекемелер жоқ, қазіргі заманғы талаптарға сай әлеуметтік зерттеулер жүргізе алатын мамандар тапшылығы байқалады.             Жастар ортасында жыныстық ерекшеліктер, этникалық қауымдастықтар, әлеуметтік топтардың ерекшеліктерін ескеретін түрлі талпыныс жүзеге асырылмайды. Аталмыш мәселе бойынша бар зерттеулер жалпы әлеуметтік-мәдени контекстіден сырт, дидактика-педагогикалық бағытта жүргізіледі.  
Жоғарыда көрсетілген проблемалардың көбі ел тұрғындары үшін бірдей болады, бірақ олардың жастар арасында өзектілігі өсу үстінде.

 

 

 

 

 

 

3.2 ҚР-дағы жастар  арасындағы жұмыссыздықтың алдын  алу шаралары

Әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан, мемлекет жастар мен жас отбасылардың экономикалық ахуалын жақсарту мен табыс деңгейін көтеру, ұзақ мерзімді несие берудің кезеңдік жүйесін енгізу, басқа да экономикалық көмек түрлері арқылы білім алу мүмкіндігін кеңейту, іскерлік белсенділігін арттыру, тұрғын жайы мен үй шаруашылығын толыққанды жабдықтау үшін құқықтық, ұйымдастырушылық жағдай жасаудың барлық шараларын қолдануда. Мысалы, студенттерге жол ақысының жеңілдігінің қолданылуы, еліміздегі жас азаматтар мен жас отбасыларды жеңілдікті ипотекалық несиелеу, жас мамандарды еңбек нарығында қамтамасыз ету жолындағы мемлекеттік ықпалдасу тетіктері,  ауыл жастарына берілетін көпсалалы квота, ауылға барған жастарға көтерме көмектер, жетім балаларға және мүгедек жандарға көсетілетін көмек түрлерін атап өтуге болады. «Қазақстан жастары» 2005-2007 жылдар аралығындағы жастар саясатына арналған бағдарламада мемлекеттік бюджеттен 3,8 млн АҚШ доллары бөлінген. Бұл көршілес Қырғызстанмен салыстырғанда 7 есеге асып түседі. Көршілес Өзбекстан Республикасында атышулы жастар арасындағы жұмыссыздықты шешу түгілі, мектеп бітірушілер үшін жоғары оқу орындарына түсудің өзі қат мәселе. Коледждер саны шектеулі. Ал бізде ше? Грантта бағын жанбаса ақылы негізде білім алуға мол мүмкіндік бар. Ол мүмкіндік егер үздік оқуынмен көзге түссен мемлекет тарапынан бөлінген гранттар мен несиелердің иегері болуға да жағдай жасалуда. Көрші Ресей Федерациясында 1 тамыз 2007 жылы шәкіртақы көлемінің өсуі 1,25 есені көрсетті. Бізбен салыстыратын болса, тек қана былтырғы жылдың өзінде мемлекетімізде Елбасы қолдауымен магистранттарға 3 есеге ұлғайтылған шәкіртақы тағайындалған болатын.     Ресей Федерациясының 2008-2010 жылдарға арналған  3 жылғы мемлекеттік бюджетінде білім беруге қаражат  небәрі 19 пайызға ғана көтерілмек, оның ішінде 2009 – 9,5 пайызды құрайды екен. Ал бізде  2009 жылдың өзінде бұл қаражат 25 пайызды көтеріліп отыр. Бұл ТМД елдерімен салыстырғанда Қазақстандағы жастардың әлеуметтік жағдайына нақты қолдау көрсетілетіндігін дәлелдейді.         Сонымен қатар, 2007 жылғы Қазақстан Халқына арналған Елбасы Жолдауында жұмыс жасайтын аяғы ауыр әйелдер үшін аналық, жүктілік және туу кепілдігі міндетті әлеуметтік сақтандыру еңгізілді. Бұл көмектің еліміздің жас отбасылы инабатты келіндері үшін қаншалықты маңызды екені жақсы түсінікті. Себебі мұндай жүйе жұмысынан айырылып қалмай мемлекеттің кәсіби дамуына үлес қосумен қатар жақсы ана, аяулы жар болуға мүмкіндік береді.              Ал ғылым саласына келер болсақ, мыңдаған ғылыми инновацияға қабілеті бар жастардың осы тәуелсіздік жылдары қанаты қатайды. 1993 жылдың қараша айында Елбасымыздың бастамасымен «Болашақ» Халықаралық стипендиясы құрылды. Бірінші рет посткеңестік кеңістіктегі мемлекет тарихында талантты жастардың мемлекет есебінен шетелдерден білім алуларына мүмкіншілік туды. 1994 жылдан 2004 жылға дейін «Болашақ» бағдарламасымен 785 студент дүниежүзінің 13 мемлекетінде білім алды. Ал 2005 жылдан бастап стипендиаттардың саны бір жылдың ішінде 3000-ға өсті.   Бүгінгі таңдағы жас және талантты қазақстандықтар үшін дүниежүзінің 30 мемлекетінің 630-дан астам жетекші жоғарғы оқу орындарында білім алуларына мүмкіндігі бар. «Болашақ» бағдарламасының түлектері Мемлекеттік қызметте, Білім және Денсаулық жүйесінде, Ұлттық компанияларда қызмет атқаруда. Олар Батыстың менеджмент пен стандартының озық үлгілерін өз салаларында енгізуде. Сондай-ақ, «Болашақ» бағдарламасынан өзге Ph.D докторантурасында жас ғалымдар тәуелсіз мемлекетіміздің саяси мерейінің аркасында әлемнің ең үздік жоғары оқу орындары мен қатар әлемнің теңдессіз зерттеу орталықтарында терең ғылыммен айналысуға мүмкіндік алды. Ph.D докторантурасының орталығы саналатын әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті осындай халықаралық дәрежедегі 60 докторларының Ұлыбританиядағы Миддлсек университетінде, Дандидің Шотландық университетінде, Германиядағы Брауншвайг жылу техникасы мен жану заттары институтында, Гейдельберг университетінде, Шығыс Европа құқық институтында, Юлих қаласында орналасқан Аахен университетінде, Циттау халықаралық жоғары мектебінде, Краков каласында орналасқан С.Стащица атындағы Тау-металлургиялық академиясында, Испаниядағы Валенциялық политехникалық университетінде, Франциядағы газ және плазма физикасы зертханасында, Р.Шуман атындағы Страсбург және Люксембург университетінде, Ұлыбританиядағы Ньюкастл информатика зертханасында, Империал университетінде, Нидерландыдағы Лейден қаласында орналасқан Азиялық зерттеулер халықаралық институтында, Лейден қаласында орналасқан Еркін университетінде,  Пакистан Республикасының Қарачи қаласындағы химия ғылыми зерттеу интитутында,  Түркия Республикасының Ходжаттеп университетінде, АҚШ-тың Гальвестон қаласында орналасқан Техас университетінде, Питтсбург университетінде, Вашингтон қаласында орналасқан Америка университетінде, Нью-Иорк қаласында орналасқан Колумбия университеттерінде ғылыммен айналысуға мүмкіндік алды. Мұндай жоба өзге ТМД елдерінде жоқты қасы.         Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Біз Евразия кеңістігінде ғылыми-инновациялық саланың көшбасшысы болуымыз қажет. Бүгінде Қазақстан әлемге ашық. Сондықтан жастар экономика, ғылым және мәдениет секілді әралуан салаларда өз бағын сынауға бар мүмкіндіктер жасақталған» деген міндеттер қойып, жас ғалымдарды жігерлендіріп келеді. Елбасы ғылымды реформалау, жас ғалымдарды қолдау, инновациялық экономиканы дамыту, ғылымды басқару модельдерін жасақтауда алдыңғы қатарлы шетел тәжірибесін қолданып келеді. Соңғы он жыл көлемінде ғылымның өркендеуіне жұмсалған қаражат 7 есеге көбейген. 2010 жылы зерттеулерге бөлінет қаржы көлемі ІЖӨ 2% құрамақ. Бұл көрсеткіш дамыған мемлекеттерге ғана тән жайт.   Президент жанынан құрылған жас ғалымдар Кеңесі, ғылыми Комитет, ғылым Қоры, Ұлттық зертханалар жастардың ғылыми инновациялық ашылуларына жағдай жасауда.             Мәдени-идеологиялық тұрғыдан, «Жас Отан» патриоттық құндылықтар мен ілгерілеу мақсаттары негізінде ел жастарын топтастыруы, салауатты ұлт қалыптастыру идеясының белсенді бастамашысына айналуда. «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында патриоттық сезiмді, отаншылдық рухты қалыптастыратын археологиялық ескерткіштерді табу, этномәдени жәдігерлерімізді жөндеуден өткізу, әлемдiк ғылым мен бiлiмнiң асыл қазыналарын қазақшалау,  бай фольклорымызды жинақтау мәселелері алға қойылды. Келешекке арналған жобаның басты мақсатында жастарды отаншылдық рухта тәрбиелеу  – мемлекеттiк идеологияның темiрқазығы ретінде көрініс тапқан. Жастардың төл мәдениеттен нәр алуы, еліміздің тарихи өткенін оқып-үйренуі, қоғамымыздағы достық ахуал мен бейбітшілікті, рухани келісімді нығайту жас ұрпақ бойында біздің ортақ Отанымызға – Қазақстан Республикасына деген мақтаныш сезімін қалыптастыруы тиіс.   Құқықтық тұрғыдан Жастардың құқықтары мен мүдделерін қорғау қоғамдағы жалпы құқықтық мәдениетті көтеруді, жастар бойына Қазақстанның мемлекеттік дамуына негіз қалайтын идеяларға, Конституцияға, заңдарға құрмет сезімін дарытуды көздейді.       Мемлекет жастар арасында әлеуметтік шиеленісті бәсеңдету жөнінде, жасөспірімдер мен жастар арасында нашақорлыққа, маскүнемдікке, қоғамға қарсы және ауытқу құбылыстарымен күресте кезек күттірмейтін шаралар қолданады. Жастар арасында құқық бұзушылық пен қылмысты болдырмау жөнінде заң-құқық туралы білім беру және мәселенің алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында жоғары және орта арнаулы оқу орындары негізінде жедел жастар отрядтарын құрылып, орта мектептерде 9-сыныптан бастап 11-сыныпқа дейін құқықтық тәрбие жөнінде факультативтік сабақтар, дәрістер енгізілген.            Жастарға арналған әлеуметтік қызметтер санатында: жастардың еңбек биржалары, әлеуметтік-психологиялық көмек орталықтары, наркологиялық қызметтер, балалар мен жастарға арналған баспаналар, жасы кәмелетке толмаған құқық бұзушыларды әлеуметтік сауықтыру мекемелерін, заңдық көмек көрсету және кеңес беру орталықтары, жас отбасына көмек көрсету қызметтері, демалыс орталықтары құрылған.      Саяси тұрғыдан, мемлекетімзде бірнеше мың тіркелген жастар ұйымдары бар. Олардың ішінде «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының «Жас Отан» Жастар қанаты жастардың саяси және қоғамдық белсенділігінің, сыни тұрғыдан салиқалы көзқарастар мен тұжырымдардың орталығы болып 100 000 астам жастардың басын біріктіруші орган болып табылады.   2008 жылы «ҚР мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңының орындалуына байланысты, Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатының орындалуына байланысты барлық деңгейлі маслихаттар мен Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің қоғамдық тыңдаулары өткізілді. Нәтижесінде аталған Заңның олқылықтарының орнын толтыратын жастар ұйымдары өкілдерінің ұсыныстары тыңдалды;    Жастар проблематикасының стратегиялық маңыздылығы ескерілген «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының «Жас Отан» Жастар қанатының І съезінде Елбасы бастамасымен Қазақстан Республикасы Президент жанынан Жастар саясаты жөніндегі Кеңес құрылды. Кеңес жастар саясатын үйлестіріп, жастар ортасында қалыптасқан ахуалды талдайтын және ел басшылығына нақты ұсынымдар әзірлейтін саяси орган болмақ;     Жастар арасыдағы кадрлік резерв саясатының дамуы да қарқынды жүзеге асуда. Қазақстанның мемлекеттік қызметі өзінің дамуында жаңа белестерге көтерілді, адам факторы айқындаушы болып табылатын жаңа кадр саясаты басты өрістерге шықты. Еліміздің жетекші партиясы – «Нұр Отан» кадрлар резервін қалыптастыруды партияны дамытудың маңызды стратегияларының бірі ретінде қарастырып отыр. Мемлекеттік менеджерлердің іскерлігін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ең маңызды капитал деп бағалап көрсетумен қатар, тиісінше бағыт-бағдарлар да берілуде. «Қазақстан-2030» Стратегиясында ыңғайлы, әрі кәсіби Үкіметтің құрылуы дамудың негізгі басымдықтарының бірі ретінде анықталды. Бүгінде аталмыш міндет одан да маңыздырақ болуда. Мемлекет бүгінде мемлекеттік басқарудың сапалы жаңа моделін жасауда, онда білімді жастардың ролі ерекше болмақ.     Осы принциптердің сақталуы Жастар кемелінің сапалы өсіміндегі жүйелілікті қалыптастырып, нақты тарихи сабақтастықты қамтамасыз етіп келеді. Сондықтан да Қазақстанның ұландары бақытты, ертеңге мерейі асқақ деуге толық негіз бар. Әр елдің жастарының болашағы сол елді басқарып отырған басшы саясатының көрегендігімен, қолдауымен байланысты. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Кез-келген ел өз келешегін болашақ ұрпағымен байланыстырады» деген болатын.Республикамыздың жастар активінің жоғары креативті әлеуетін қалыптастырудағы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қамқорлығының шексіздігі көңілінді нұрландырып, көкірегінді қанаттандыратын болашағынды алға жетелейді екен!

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы жастар жұмыссыздығының ерекшіліктері және себептері