Қайырымдылықтың мемлекеттік жүйесінде қалыптасуы мен Еуропадағы қауымдық көмек

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2013 в 21:01, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың міндеттері:
-қайырымдылықтың қоғамдық мәнін ашу
-зерттеудің теориялық-әдіснамаларын қарастыру
-мемлекеттердегі қайырымдылық пен қауымдық көмектің қандай дәрежеде
болғанын білу.
-ертедегі қауымдық және әлеуметтік көмектің адамдарға таралу жолдарымен
көмектердің ұйымдастырылу деңгейін анықтау.

Файлы: 1 файл

курстық жұмыс.docx

— 67.20 Кб (Скачать файл)

               II Еуропа елдеріндегі қауымдық көмек.

    2.1Еуропа елдеріндегі қауымдық көмектің пайда болуы және дамуы.

Еуропадағы  қауымдық көмектің формалары әлсіз,қуатсыз жандарға жан ашырлық көрсетумен тығыз байланыста болды.Сакралды бағыттылықтармен тығыз байланысты механизмдер болып, бабаларды құрмет тұтудың рулық рәсімдері жатады. Осындай процестердің сакрализациясы рулық кеңістіктер жүйесінде, яғни өлген ата бабаларға культтық рәсімдер арқылы табынуы рудың тұтастылығы мен біріктілігіне әкеледі. Өлген адамның құрметіне түрлі ас берулер, жерлеу айтыстары мен ойындар ұйымдастырылды және бұл көптеген халықтардың әдет ғұрыптарында кездеседі. Олардың ойынша, өлік кез келген тірі адамдардың тұрмыс тіршілігіне араласады. Жерлеу және еске алу күндері өлген адамның тумалары оған қандай да бір садақа береді. Бұл "қолдан берілген садақа" еді. Көмектің қауымдық-рулық формаларына (ру, отбасы, қоныс ауқымында) ақсақалдар институты мен жесір әйелдер институ жатқызылды.

        "Ақсақалдар институты" бірден пайда болмайды.Қауым еңбек және ұжымдық қатынастарға белсене  араласпайтын адамдарға белгілі бір қатынас орнатты. Мұнда қауым мүшелерін жас ерекшелігіне емес, әлеуметтік жасына қарай бөлді. Бұл кезеңде қоғам ақсақалдар мен балаларға жіктелді. Ақсақалдар мен балалардың бір әлеуметтік топқа жатқызылуы «жетімділікпен» түсіндірілді, яғни, адам өз тумаларының қамқорлығынан айырылуынан болды.  В.Дальдің сөздігінде «жетімділік» ұғымына қазіргі заманмен салыстырғанда аса үлкен мән беріледі.Жетім – бұл дәрменсіз, жалғыз, кедей, қамқорсыз қалған, не әкесі, не шешесі жоқ субъект. Жетімділік басқа проблемаларға да тарала бастады. Мәселен, шаруашылық, іс әрекет, статус және әлеуметтік роль.

       Халықтың  архаикалық көрінісі бойынша,  ақсақалдар мен балалар «тазалықпен»  суреттеліп, оларға деген қоғамның  көзқарасы да бірдей болды.  Осылай, инфатицид (заңмен енгізілген баланы өлтіру) — қоғамдық қатынастарлың алғашқы кезеңдегі дамуына сәйкес, (Батыс және кеңес тарихында белгілі),тек қана балаларға ғана емес, сонымен қатар ақсақалдарға да қолданылды. (славяндық тарихтың алғашқы кезеңдерімен сәйкес). "О дүниеге"  қаусаған және ауру ақсақалдардың аттануы келесі формаларды көрсетеді: қыста шаңғымен өлікті тиеп, терең сайға түсіреді; аязда жазық далаға апарып, лақтырып тастайтын болды; біржақтарға апарып, соққығы жығатын,болды. 
   Алайда, әлеуметтік жас ерекшелігі ескеріле бастаған кезден бастап, ақсақалдар мен балалардан басқа, "үлкен, данышпан, кіші" және "басшы — орындаушы" сияқты түсініктер қалыптасады.Этнологиялық зерттеу материалдарының көрсетуі бойынша, егер де қандай да бір жағдайға байланысты отбасы көмектесе алмаса, онда көмекке бүкіл қауым келетін болды. Ақсақалдарға көмек көрсетудің бір нұсқасы ретінде, оларға қауым алдын ала пішен дайындауға арналған жер берілді. Ақсақалдардың денсаулығы мүлдем мүшкіл жағдайға түскендіктен, оларға көмек ретінде бірнеше тәулікке бір отбасы қамқорлыққа алып, кейін басқа қамқоршыға өтетін болды. Көмектің осындай түрі қоғамда әлеуметтік борышты туғызып, үйлерді аралап күн көру деп аталып кетті. Көмектің архаикалық формасы XIXғасырдың,соңына-дейін,сақталды.   Жесiрлердiң институты - жесiрлерге көмек көрсету,балаларына қолдау көрсету. Христиандықтың қабылдануына дейiн бұрынырақ көрiнiп қалады. Русьта христиан діні қабылданбай тұрып, көмектің «жабық» формалары ұйымдастырылып, «ақсақалдар институмен» байланысты болды. Мысалы, «о дүниеге» кету, бұл өз еркімен қауымды тастап кетумен түсіндірілді. Еңбек әрекетіне қатыса алмаған қарттар қауымнан алыс емес жерлерде қоныстанып, өздеріне бір бөлмелі үй тектес бөлме салып, қайыр мен садақа берудің көмегімен тіршілік етті. Қайырымдылық көрсетудің бұл формасы XVI ғасырға дейін тіршілік етті.[5]

XVIII ғасырда Франциядан  келген көптеген Батыс елдеріндегі  « көмек көрсету»идеялары маңызды  орынға шықты.Бұл идеялар кедейлерді  де қамтыды.Көптеген мемлекеттердің  заңнамасына сәйкес ,қоғам тек  қана қажет ететіндерге (қариялар,ауру  және мүгедектер ғана емес,сонымен  қатар еңбекке жарамды жұмыссыздарға  көмек) беруі тиіс болды.Бұл кезеңде Англияда кедейлерге арналған жеңілдіктер беріліп,ал 1834  жылы кедейлерге көмек беру қатаң заң (Poor Lavs)  жүзінде жүзеге асырылу енгізілді.XVIII  ғасырдың ортасында Швецияда кедейлерге көмек беру формасы 2 бағытта жүрді;ауруларға көмек және кедейлерге көмек көрсету.1862  жылдан бастап шіркеу заңнамасы бойынша елдегі әрбір шіркеу заңнамасы бойынша елдегі әрбір шіркеу  кедейлерге арналған ауруханалар мен тұрғын үйлермен қамтамасыз етуге міндеттелді.Бірақ көмек беруде белгілі бір жүйелілік болмады; көмек тек қана ерекше жағдайларда көрсетілді ,сонымен қатар көмекті қайтып алу сияқты шешімдердің қабылдануы көрінді.1847  жылы Швецияда кедейлерге көмек көрсетудің жаңа формалары мен әдістері қабылданды.1862  жылы Муниципалъды реформалар кедейлерді шіркеу қамқорлығынан бөліп,сол уақыттан бастап олар муниципалъды объект ретінде қарастырылады.1871 жылы қабылданған жарлыққа  байланысты кедейлерге көрсетілетін көмек шектелді,кедейлерге көмек көрсету үшін кедейлердің өзіндік қаражаты болмауы тиіс,және басқа адамдардың  қамқорлығы көрсетілмеуі тиіс еді.Бұл кезде кедейлердің еңбекке жарамдылығын және еңбекке қабілеттілігін қатаң түрде тексерілді.Тек қана еңбекке жарамды және жұмыс істеймін деген ниеті болған кедей ғана қоғамның көмегіне сүйене алады.XIX ғасырдың аяғында Швеция мен көптеген Батыс елдерінде жала жабылған және түрмеде болып шыққандарға  арнайы мемлекеттік көмек көрсетіледі,ауруларға қамқорлық көрсетудің арнайы жүйелері,саңырау  мен соқыр адамдарға арнайы көмек көрсету,міндетті түрдегі тұрғындарды мемлекеттік-муниципалъдік  оқыту мен аурулар мен жұмыссыздарға арналған профсоюзды кадрлар ашылды.Кедейлерге көмек берудің мемлекеттік жүйесімен қатар,клиенттерге индивидуалды көмек көрсететін қайырымдылық қорлар ашылды.Осылай,1866 жылы Стокголъмде ашық қайырымдылық-Біріккен союз  организациясы құрылды.Осындай қоғамдар басқа елдердеде құрыла бастады.XIX ғасырдың аяғында көптеген елдерде кедейлерге көмек көрсету ,ұжымжар  мен адамдарға көрсетілетін қайырымдылық қорлары,сонымен қатар шіркеуге  көмек көрсететін арнайы қоғамдар ашылды.Көмектің қоғамдық түрі пішіндеріне қарай  институтар болып әр түрге бөлінеді.Қауымдық қарым қатынас ұжымдық еңбектің белсені түрі болып табылады,ұлт қатынаста үлкен адамнан бастап кіші адамдарға дейін бағалайды.Жастардың қарттармен типологиясында олардың ең әуелі әлеуметтік жағдайын анықтайды. Қазіргі Еуропа елдерінде қауымдық көмекті –қажет ететін жандар көп екені белгілі,бірақ олардың бәріне де көмекті бірдей беру мүмкін емес.Жетімдерге тағы көмек түрі ол –қауымдық және пендешілік көмек.Қауымдық көмекті көбірек қажет ететін жандардың бірі ол қарт адамдар.Қарт адамдар еңбекке жармасыз,денсаулықтары сыр берген,қоғамдық өмірден алшақтаған жандар деп түсіндіреді.Қоғамдық көмек – қайыр-садақамен салыстырғанда мемлекетпен, шіркеумен, қоғаммен, жеке тұлғалармен жүзеге асырылатын, ең алдымен мұқтаж адамдарға тұрғылықты жер мен тамақ өнімдерін ұсынумен сипатталатын қайырымдылықтың өкениетті түрлерінің бірі. Өзінің алғашқы формасы – қайыр-садақадан - қоғамдық көмек өзінің ұйымдастырылушылы-ғымен және мақсаттылығымен ерекшеленеді. Ол көмекті шынымен де қажет ететін тұлғаларға көрсетіледі. Қауымдық көмектің негізгі себебі азаматтық ынтымақтастық пен мұқтаж азаматтардың игілігіне қолдау көрсету болып табылды.Секуляризациядан  шыққан  қайырымдылық функциялардың әлеуметтік жағымсыз рөлдердің ауысу процесі уақыттың едәуір кезеңін жаулап алып, өзін еуропалық елдерде әр түрлі көрсетті. Негізінен қалалардағы әлеуметтік көмектің орталықтандыруы бойынша тәжірибелік қадамдар жоспарында да және әкімшілік шаралар жоспарында да жаңа әлеуметтік саясаттың басы болып 1520 - 1530 ж.ж. қайта қалыптасуы болды.

Әлеуметтік көмектің негізіне мемлекеттің араласуының классикалық  үлгі ретінде 1530 - 1530 ж.ж. Қасиетті Рим  империясының императоры Карл V (1519 - 1556) эдиктілері болды. Онда алдағы әлеуметтік реформалардың негізгі қағидалары нақты анықталған. Мәселен, эдикт  бойынша 1530жылдары жергілікті муниципалитеттер өздерінің кедейлері мен қаңғыбастарына қатаң бақылау енгізу керек болды, кейбір кешірімдер аурулар мен әлсіздерге қатысты рұқсат етілді. Кедейлердің  балаларын сауда жұмыстарына  және жергілікті өндіріске тартылуы керек болды. Сол уақытта барлық қалалар өндіріспен қамтылуы керек  болды және өзінің кедейлеріне үйлер  беріліп отырылды, ал қайыршылық өз қалаларында болмауы керек еді. Егер де қалада қаңғыбастар көбейіп кетсе, онда оларды басқа жерге жолдау хаты арқылы жіберілді. Жергілікті биліктер  монастырлік госпитальды бақылауға алды, оның ішіндегі көмек шынында да қажет ететіндер арасында бөлініп, отырылды. Сонымен қатар, эдикт жаңа әлеуметтік саясаттың негізін қалап және кедейлерге қатысты жергілікті билікке кең өкілеттіктер бөліп берді. Шіркеулік госпитальдарды бақылауға алу, олардың әрі қарай секуляризациялануына қадамы болды.  Әлеуметтік көмектің жаңаруындағы маңызды элементінің ережесі болып, кедейлердің балалары қоғамда өзінің орынын табу саналды.

1531 жылдың 6 қазандағы эдикт  алға қарай кетті:

9 эдиктің параграфы жаңа  заңдылықтың пайда болудың себептерін  ашты, ең маңыздысы болып, императордың  ойы бойынша кедейлер саны  барлық шекаралардан шығып кеткені  табылды. Қалған себептер әлеуметтік  философияға экскурс түрінде  ұсынылды: Тәжірибе көрсетіп отырғандай, егер де барлықтарына қайыр  сұрау рұқсат етілсе, онда көптеген  қателіктер жіберіледі, адамдар  еңбексіз бос жүріп, өздері  де, балалары да еңбектен бас  тартады, өздерінің қыздарын кедейлікке  мәжбүрлеп, бақытсыздыққа ұшыратады,  ал егер де олар жас және  күшті болса, онда олар қарттардан, аурулардан және әлсіздерден  керектерін аямай, алдап, тартып  алады. 

Сонымен қатар, эдиктіде былай  делінген, яғни өздерін асыра алмайтын аурулар мен әлсіздер құдайдың монастырлық  госпитальдарынан үй мен тамақ алып отырған.Императорлық эдикт көшелерде, саябақтар да, алаңдарда, шіркеулер  жанында қайыр сұрауға қатаң  тыйым салынды. Осы тыйым салынғандарды  бұзғандар түрмеге қамалып отырылды. Сонымен бірге сотталғандар мен  қорғансыздар пайдасына қайыр садақа рұқсат етілді. Пилигримдарға қалаларда  бір түнге қалуға рұқсат етілді, егер оларда қажетті құжаттары болған жағдайда ғана. Эдикт бойынша кедейлер үшін көмек көрсететін қалалық қорлар ұйымдастыру қажет делінген. Қорлар кедейлер үшін жеке - жеке көмек көрсету  үшін әрбір шіркеуде орналасқан, оларды басқаратын комитеттер шіркеуі және жергілікті билік өкілдерінен тұрды. Комитет мүшелері жергілікті биліктің рұқсатымен ғана кедейлер олардың мамандығын, кірістерін, балалардың санын және көрсетілетін көмектің көлемін көрсете отырып, жазбаша есеп жүргізіліп отырды. Осы барлық көрсеткіштер қаңғыбастар мен, маскүнемдермен және жалқаулар мен күрес мақсатында апта сайынғы берілетін қайыр садақалардан кейін жазылып отырылады. Денсаулықтары бар кедейлер жұмысқа жіберіліп жәнее олардың балалары мектептерге немесе жергілікті өндірісте және сауда да жұмыс істеуге жіберілді.  

Сондай - ақ, эдикт екі  негізгі қағидадан тұрады: біріншіден, қоғамдық тәртіпті сақтау үшін кедейлерге көрсетілетін әлеуметтік көмектің прцесін  бақылау және реттеу; екіншіден, орталықтары  монастырлық госпитальдар болып  табылатын христиандық қайырымдылықтың  дәстүрін жалғастыру.

1531 жылғы бірінші эдикт  Фландри үшін арналған, одан Ипр  мен Монсқа және германдық  қалалар таралды. 

Барлықтарынан қатаңыр -ақ заң  болып қаңғыбастарға қарсы бағыттылған  француздық үкімет қабылдаған заң табылды. Бұл жерде қаңғыбастық репрессивтік шара қолдануды талап ететін қылмыс деп жарияланған, қаңғыбастар галерге  жіберіледі немесе қаладағы қоғамдық жұмыстарға таратылды.

Осы заңдардың нәтижесінде  париж госпитальдарының қызметтерінен  көруге болады, олар 1519 жылғы эдикт  бойынша XVI ғасырдың басында құралған Патшаның қайырымдылық қызметтің бастамасына  ауысты. Бұл реформалар қаржылық тарапынан  қатты қамтамасыз етілген жоқ, госпитальдардың  бюджеті нашар жағдайда болды, олардың  көбісі пилигримдер мен қаңғыбастарды  орналастыру үшін өз үйлерінен 1-2 бөлмеден бөліп беріп отырды. Сонымен қатар, жоғарғы билік оппозициясын шіркеу тарапынан қарсы алып, көп нәтиже алған жоқ.

Француздардың қаңғыбастыққа  қарсы заңы жария қайыршылыққа тыйым  салып және қалаларға өздерінің  икедейлеріне көмектесуге міндеттелді. Заңдар тек қана қоғамдық жерлерде қайыр сұрауға қарсы болған жоқ, сонымен қатар, қайыршыларға қайыр  садақа бергендерге де қарсы болды.

1532 жылы Париж парламенті  қайыршыларды қамауға алу шешім  қабылдап, оларды қала өндірісіне  мәжбүрлеп апарып отырды. Ал, 1535 жылы  париждік парламент астанадағы  қайыршылар үшін қолданылатын  шаралар тізімін нақтылады, осы  шараларды біріктірген де жаңа  әлеуметтік саясаттың бағдарламасы  шықты:

  1. Барлық Парижде туған немесе сол жерде соңғы екі жыл өмір сүрген денсаулығы бар қайыршыларды өлтіреміз деп қорқытып, қоғамдық жұмыстарға тарту керек;
  2. Егер де қаладағы қоғамдық жұмыстарда жұмыс табылмағандар, тас бұзу жұмысына жіберіледі, бірақ жалақылары 20 күнге ғана беріледі, яғни қаладағы жұмыскердікінен төмен болуы керек;
  3. Парижде туылмаған немесе 2 жыл осы жерде тұрған денсаулығы бар қайыршылар қаладан үш күн ішінде кетуі керек;
  4. Ауруды немесе әлсіздікті өтірік жасайтын қайыршылар жариялы түрде сабалып, қаладан қуылды;
  5. Көшеде немесе шіркеу жанында қайыр садақа беріп тұрған қала тұрғындарына айып салынды.Континенталды Еуропада реформаны жүргізуде ебасты рөлде орталық мемлекеттік билік емес, жергілікті муниципалитеттер болды. Кедейлерге көмек көрсетуді ұйымдастыру толығымен жергілікті билікке ауысты.

Әрбір қала өзінің кедейлері  үшін жауапты болу қағидасы, докторинаның құрамдас бөлігі болды, ал мемлекетке әлеуметтік көмекті бөлуді ұйымдастыру  жүктелмеді. Мәселен, 1586 жылы француз  патшасы жазғандай, мемлекет кедейлер үшін құралған қорларды өзіне жүктемеген, бұл "қайырымды адамдардың " қайырымдылықтарына байланысты. Мұндай іс - әрекеттер жергілікті әлеуметтік көмекті ұйымдастыруда  тағы бір қағиданы ашты, яғни - жергілікті билік кедейлер пайдасына арнайы салылықты енгізді.

Сол уақытта мемлекет коммуналдық  биліктің іс - әрекетіне араласып отырды және де қалалардың реформаға қатысты  көптеген шешімдері орталықтағы  ережелерге сүйенеді. Ал әлеуметтік реформалардың  репрессивтік шаралар меен қатынасына мемлекеттің араласуы қажет болды, яғни жергілікті билікке өкілеттіктер беруге мемлекет міндетті болды, ол өкілеттіктер реформа бағдарламаларын жүргізу  үшін қажет болды.

Негізінен бастама жергілікті биліктен болды, ал әлеуметтік көмектің реформасы қарқынды түрде дамып  отырды. Сонымен қатар госпитальдардың  қайта құрылуы мен кедейлерге көмек көрсету, астық аз шыққанда немесе басқа да экономикалық құлдыраулар  болған кезде басталады. Франциядағы  жергілікті деңгейдегі реформалау процесін, өзінің қалалық мәртебесі әр түрлі  Герноболь, Руан және Лион қалаларының  мысалдарынан көруге болады. Егер XVI ғасырдың басында Герноболь кішкентай  қалашық болса, онда Руан мен Лион сол уақытта ірі сауда және қолөнер орталықтары болды. Әлеуметтік көмектің реформалау процесінің бағыты көбінесе бірдей болып келеді. Англияда бұл мәселеге басқаша жақындады. Ағылшын зерттеушісі Е.М. Монардтың ойы бойынша, Англиядағы әлеуметтік көмектің жүйесінің қалыптасудың үш негізгі кезеңін көрсетті:

1514 - 1568 ж.ж. реформалар  жергілікті билікпен жүргізілген:

1568 - 1597 ж.ж. орталық заңдылықтар  маңызды рөлді атқарғанда;

1597 жылдан кейінгі кезең,  барлық мәселелер патша билігімен шешіліп отырылды. Кедейлерге көмектесу бағдарламасы соңғы кезеңде ғана жүзеге асты.

1530 жылда VIII Генрихтің  эдиктісі графтағы, бейлифтегі, майордағы  бейбітшілікті күзететіндерді барлық  кедейлердің , соның ішінде кәрілердің, аурулар мен әлсіздердің де  тізімін жасауға жүктеді, оларға  өздерінің аудандарында ғана  қайыр сұрауға рұқсат етілді. Ал, рұқсатсыз  және басқа аудандар  да қайыр сұрағандар қамауға  алынды. Сонымен қатар, денсаулығы  бар қайыршылар және қайыр  садақа бергендер де сабалып  отырылды.

1535 жылдың VIII ғасырында Генрихтің  басқа эдиктісі шықты, яғни  ол жергілікті және графтік  биліктер кедейлер мен әлсіздерді  қолдап, оларды жұмысқа тартуды  міндеттеді. 5 жастан 14 жасқа дейінгі  кедейлердің балалары қолөнерді  оқуға және үйренуге жіберілді.  Әрбір қалада кедейлерге көмектесетін  қорлар ашылу керек болды. Қайыр  садақа кедейлерге жеке - жеке  берілмеді, ол тек аталған қорлардан  арнайы тағайындалған шенеуліктер  мен беріліп отырылды. Ал жекеше түрде тек соқырлар мен қайық батқаннан жапа шеккен теңізшілерге берілді.

Информация о работе Қайырымдылықтың мемлекеттік жүйесінде қалыптасуы мен Еуропадағы қауымдық көмек