Жастар мәдениетінің ұлттық құндылықтары және оны дамыту бағыттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Мая 2013 в 11:01, курсовая работа

Описание работы

Бірінші бағыттың төркі ні жұмысшы жастардың проблемаларын талқылау болып табылады. Осы категория жүзінде іс жүзінде ғылыми мүдделердің назарынан тыс қалды.
Екінші бағыт оқушы жастардың жағдайларын зерттеумен байланысты. 1920-шы жылдарда бұл салада да интегралды қорытындылауға ұмтылыс байқалады. Осы тұжырымдамалардың бүкіл екіұштылығына қарамастан, солардың аясында жастар жөніндегі кейінгі зерттеулер үшін аса маңызды теоретикалық әдіснамалық ұстанымдар қалыптасты, бұл орайда П.П.Блонский, Л.С.Выготский сияқты ірі ғалымдарды атауға болады.

Содержание работы

Жастар түсінігі.
І бөлім.
Жастардың әлеуметтік-мәдени рөлінің қалыптасуы.
1.1 Жастардың құндылық туралы түсініктері.
1.2 Жастардың ұлттық құндылықтарды қалыптастырудағы орны мен қызметі.
1.3 Жастар мен құндылықтардың мәдениеттегі рөлі.
Жастар мәдениетінің тарихы.
ІІ бөлім.
Жастар мәдениетінің ұлттық құндылықтар аясындағы көріністері.
2.1 Қазақ жастар мәдениетінің деңгейлері және жетілу кезеңдері.
2.2 Жастардың қазақ мәдениетін жаңғырту мүмкіндіктері.
2.3 Жастар мәдениетін дамытудың қазақстандық үлгісі.
Қазақ жастарының ұлттық мәдениетіміздегі рөлі.

Файлы: 1 файл

Диплом.doc

— 244.00 Кб (Скачать файл)

Жастардың өз тағдырларын  өздері шешу үдерісіндегі білімнің рөлі қандай  екендігін, оның кәсіптік бағдарындағы ерекшеліктерінің қандай екенін анықтауға біздер жүргізген зерттеудің нәтижелері белгілі бір шамада көмегін тигізеді.

Мектеп бітірушілерге  өз білімдеріне қанағатану дәрежесін 7-ден 1-ге дейінгі шкала бойынша белгілеу ұсынылды: «толық қанағаттанамын, қанағаттамын, мүлде қанағаттанбаймын». Мұндағы көпшілік артықшылықтар 4-тен (24,6%) 7- ге(13,3% + 14,7% + 16%)  дейін орналасты. Сондай-ақ, әдетте оқушылар алған бағалар бойынша сараптуға болатын білім деңгейінің біршама жоғары екенін атап өту керек: сауалнамаға қатысқан оқушылардың 6,7% -ның бағалары «негізінен бестіктер», 27,9%-ның бағалары « бестіктер мен төрттіктер», 26,5% -ның бағалары « негізінен төрттіктер», 35,1% -ның бағалары «төрттіктер мен үштіктер», 3,89%-ның  бағалары «үштіктер».

Қоғамда орын алған  проблемаларға қарамастан, білімнің беделі әлі де сақталып отыр.Мектеп бітірушілерінің көпшілігі жоғары білім алу жөнінде айқын бағдар қойған, әрі олар біреуден көмек  күткеннен гөрі көбіне өз күштеріне ( жеке білімдерінің деңгейі, мектепте алған бағдарлары) сенім артады. 

Бүгінгі мектеп оқушылары қандай мамандықтар  алуды  жоспарлайды?

Ата-аналардың қызметін, мамандығын балаларының кәсіби бағдарларымен көрнекі салыстытыру үшін 5-ші кестеге жүгңнейік, кестеден көрінетіндей, біріншіден, жастар жұмысшы мамандығын алуға қызықпайды, әскери қызметке байланысты мамандықтардың беделі де едәуір түс кеткен. Жастар үй шаруашылығын жүргізуге де құлықты емес. Екіншіден, «оқуағарту саласының қызметкері» және экономист және бухгалтер мамандықтары сияқты мамандықтардың беделі бұрынғыша сақталып тұр. Үшіншіден, жастар кәсіпкер және заңгер сияқты жаңа мамандықтарға қызығушылығы айтарлықтай өсті, «медицина саласының қызметкері» мамандығын алғысы келетіндердің саны да кейінгі кезде көбейе түсті. Төртіншіден, жастардың өздерінің «кәсіби» тағдырын ғылыммен және шығармашылық қызметтен сабақтырғысы келетін ықыластарының күшейе түскен фактісі де назар аударуға тұрарлық. Демек, қазақстандық жастар арасында интелектуалды (зияткерлік) еңбектің ролі өз маңызын жоғалтқан жоқ деп ұйғаруға болады.

5-ші кесте. Ата-аналар қызметтерінің өз балаларының кәсіптік бағдарларымен арақатынасы

 

Мамандық (кәсіп)

Қызмет

Кәсіп

Кәсіптік 

бағдарлар

әке (%)

ана (%)

оқушылар

(%)

Оқу-ағарту ісінің қызметкері

3,2

11,2

11,0

Заңгер

29,6

12,9

25,8

Әскери қызметшісі

6,2

0,5

2,1

Экономист, бухгалтер

13,2

28,9

26,0

Кәсіпкер

19,2

22,3

20,8

Ғылыми қызметкер

2,7

6,8

5,4

Өндірістік  мамандықтардың (кәсіптердің) жұмысшысы

8,9

4,2

2,7

Медицина қызметкері

19,6

21,2

16,8

Барлық деңгейдегі басшылар

12,7

6,9

4,0

Саула, тұрмыс және қызмет көрсету салаларының қызметкерлері 

1,0

3,8

0,1

Отанасы (үй шаруашылығын жүргізуші)

1,0

3,8

0,1

Шығармашылық  кәсіптің қызметкерлері

2,9

1,0

6,8

Басқалары

4,6

2,1

1,4


  

Кейінгі жылдары біздің өмірімізде банкир  мен коммерсант сияқты мамандықтар кірді. Елімізде қалыптасқан экономикалық және саяси жағдайларға байланысты жас ұрпақ экономикалық және заң мамандықтарына ең үлкен қызығушылық танытады. Бұрын осы мамандықтарға қызығушылық төмен болды деп айтуға болмайды, бірақ аталмыш салалар біздің қоғамда, атап айтқанда, біздің өміріміздің түрлі салаларында болған, кейінгі 2-3 жылдың ішінде туындаған және кең жайылған өзгерістердің арқасында үлкен танымалдылыққа жетті. Шамасы, біздің жастарымыздың бүгінде кәсіпкерлік қызметке, бизнес саласындағы жұмысқа бағдарлануын, жай жақсы өмірді іздестіруге ұмытылу ретінде ғана емес, ол да өздігінен маңызды нәрсе, сонымен бірге толық болса керек.

Ішкі дағдарыспен  толықтырылған қоғамдық пікір бойынша  армияның беделінің түсуі әскери мамандықтарға теріс әсерін тигізді. Армияның қоғамда атқаратын ролі туралы қалыптасқан пікірді өзгерткен жаңа қорғаныс доктринасын қабылдау, әскери қызметшілердің толыққанды әлеуметтік мәртебесін қамтамасыз ететін тетіктерді енгізген жоқ. Жастардың санасындағы күрделі өзгерістерді де ескермеуге болмайды: билік құрылымдарының жағымсыз қабылдау, жеке бастың тәуелсіздігіне ұмтылу. Біздің зерттеуіміздің деректері әскерде қызмет ету ықтималдығы туралы сұраққа берілген жауаптарды растады. Сауалнамаға қатысқандардың 38,4%-ы ғана, бұл зерттеуге тартылған ер адамдардың жартысына жетпейтін санды құрайды, оң пікір білдірді. Қазақстандық зерттеушілердің деректері бойынша (Л.Ю. Зайниева, Д.Қалатаев және Г.Шойкин) жүргізілген зерттеудің нәтижелері бойынша шығарылған сауалнамаға қатысқандардың жасқа қатысты ерекшеліктері мен әскери қызметке азаматтық борыш (парыз) ретінде қараулары, қазіргі кезде беделді көрсетілген жоқ. Жастардың ересек топтарының арасында (26-29 жас) әскердегі қызметті азаматтық борыш деп 38,5%-ы есептесе, басқа жас топтарының арсындағы көрсеткіш сәл төменірек ( 14-18 - жастағылар 37,4%, 19-25 жастағылар - 36,1%).

Осы жоғарыда айтылғандардан мынадай қорытындылар шығарылып  отыр:  1) жастар ой еңбегіне бағдарланған; 2) жастардың басым көпшілігі беделді (оқу-ағарту ісінің қызметкері) және кейінгі жылдарда кеңінен танымал болған мамандықтарды алуды жоспарлайды ( экономист, заңгер, кәсіпкер): 3) ақпаратты талдаудың нәтижелері көрсеткендей, сауалнамаға қатысушы жоспарланған мамандық пен өзі көп уақыт тұрған отбасындағы ата-анасының істейтін жұмыстарының және мектеп пен институтта қалай оқитынының арасындағы айтарлықтай байланыс жоқ: 4) орта мектепті бітіруші жастардың жеке жоспарларын зерделеу көрсеткендей, болашақ жолды таңдауға бағдарларды қалыптастыру объективті және субъективті факторлардың әсерімен жүреді.

Кәсіптік белгілеу үдерісінде мүдделер, жеке жоспарлар, жеке адамның бейімділіктері мен  оған қатысты ахуалдың (жағдайдың) арасында қарама-қайшылықтардың туындауы мүмкін, соның салдырынан жеке адамдардың өзіндік жоспарлары елеулі өзгерістерге ұшырауы мүмкін. Жеке адамдардың мүделлерінің, мақсаттарының орнықтылығын, жағдайлардың кездейсоқ тоғысуы емес, ал наным-сенім бойынша мамандық таңдау қалыптастырады (көпшілік студенттер). Біздің зерттеуіміздің нәтижелері мектеп бітірушілерінің орта мектепттен кейін оқуын жалғастыруды жоспарлаған басым бағыттылығына қатысты белгілі бір үрдісті растады. Ең алдымен, жастардың басым көпшілгі күндізгі оқу орындарында оқуларын жалғастыруға ұмтылады, осы көрсеткіш қала мектебінде оқушылардың арасында өте жоғары.

Ескеруге тұратын  тағы бір маңызды жағдай бар. Бүгінгі  уақытта, 60-шы және 80-шы жылдармен салыстырғанда, ірі қалаларда тұратын жастар, шет аймақтағы қалалардағы жастарға қарағанда «жұмысты оқумен қатар алып жүру» спияқты өзі үшін ықтимал перспиктиваны басқаша сезіне және белгілей бастады. Бұрын егер кешкі және сырттан оқитын оқу орындарын дағы жастар ғана осыған ұмтылса, ал 90-шы жылдарда оқу мен жұмысты жас адамның қатар алуы анағұрлым көп жақты және икемді құбылысқа айналды. Әсіресе, бұл Алматы мен Астанаға, осы қалаларда кең ауқымды еңбек рыногы жастарға түрлі уақытша, толық емес ожәне басқа да қызмет түрлерін ұсындаы. Қазір, күндізгі оқу орындарындағы студенттер оқуға түскен бойда-ақ қосымша табыс табады немесе тіпті, әсіресе, 3-4-ші курстарда тұрақты жұмыс істейді. Студенттер істейтін қызметін сан түрлерінен ең ортақ үрдіс ретінде мынадай жағдай ерекшеленеді, студенттер неғұрлым ересек болған сайын, олардың істейтін жұмысы олардың оқу орнында алатын мамандықтарында соғұрылым кәсіби жақын болады. Бүгінгі жастардың орта мектепті бітіргеннен кейін оқуларын жалғастыруға нақты нысаналануы міндетті кәсіби білім алуды ұйғаратын түсінік пен басты құндылықтың болуы туралы айғақтайды.

Орта мектепті бітірушілерге сауалдама кәсіптік тұрғыдан өз тағдырын шешу мен дербес еңбек тіршілігіне кірісуге қатысты ортақ проблемалар жастар үшін ең өзекті мәселелер болған кезде қойылды. «Қазір лайықты жұмыс табу өте қиын. Сізді осы мәселе қаншалықты алаңдатады?» - деген сұраққа сауалнамаға қатысқандардың көпшілігі алаңдатушылық білдірді (6-шы кесте).

6-шы кесте.  «Қазір лайықты жұмыс табу  өте қиын. Сізді осы мәселе  қаншалықты алаңдатады?» деген  сұрақтың жауаптары (сауалнамаға  қатысқандардың санының %)

 

 

 

 

Жауап

 

  Қыздар

       

 Жасөспі-

   рімдер

Басшы-   лардың

   Маман-

   дардың

 Жұмысшы-

     лардың

                       балалары

Қатты алаңдатады

      8,9

     14,5

        7,0

       11,4

        21,2

Алаңдатады

     49,6

     45,4

         29,8

       42,3

        49,0

Мүлде алаңдатпайды

     28,7

     31,0

         40,8

        36,2

        26,9

Ойлаған емеспін

    13,7

     9,1

         22,4

        10,1

        2,9


      

Жалпы алғанда, жастардың  жартысына жуығын осы проблема «алаңдатады», әрі «мүлде алаңдатады» жауаптарында жасөспірім жігіттер саны басым. Осы проблеманы бойжеткен қыздар ойламайды, біздің зерттеуімізде олар 13¸7%-ды құрады. Оның үстіне, жастардың жұмысқа орналасуы мен әлеуметтік шығу тегінің себебі бойынша алаңдатушылық сарабының арасында өзара байланыс (корреляция) бар. Кестеде келтірілген деректерден көрінгендей, сауалнамаға қатысқан мектеп бітірушердің отбасының әлеуметтік-кәсіби мәртебесі неғұрлым төмен болса, солардың арасындағы жұмысқа орналасу проблемасы алаңдататын адамдар соғұрлым көп: жұмыс іздеу «қатты аландататындардың» саны жұмысшылардың балаларынан (7¸0%) мамандардың балдарына (11¸4%) және жұмысшылардың балаларына (21¸2%) өсе түседі. Осы проблема «жай алаңдатындардың» үлесті салмағы бұдан да көп ұлғая түседі, сәйкестігіне қарай 29¸8%¸ 42¸3% және 49¸0%. Сауалнаманы қорытындылаудың негізінде жастардың түрлі топтарының пікірлері айтарлықтай өзгешеленді: олардың басым көпшілігі (53¸7%) және жұмысшылардың балалары (70¸2%) жұмыс табуға байланысты алаңдатушылық білдірсе, ал басшылардың балаларының арасында мұндайлардың саны, керісінше тең жартысынан аз.

Қазақстандағы жаңа әлеуметтік-cаяси, мәдени және ақпараттық жағдайда жас ұрпақтың әлуметтік  мінездемелеріне серпінді және терең  өзгерістер жүріп жатыр. Бұл орайда, аймақтық, ұлттық, әлеуметтік-экономикалық айырмашылықтар, жастардың түрлі жіктері мен топтарындағы жыныс-жас ерекшеліктері анықталады.  

 

        1.2 Жастардың ұлттық құндылықтарды қалыптастырудағы

орны  мен қызметі.

Қазақстанның 1990 жылдардың басында тәуелсіздік үшін күрес  елдің  тарихи ақиқаттың алдына алып келді. Әлемдік саясаттың мінберінде өз тұғырын тапқан елдің егемендігін алып берді. Қазақстанның мемлекеттік егемендік алуымен республика мен халықтың тұрмыс-тіршілігін арттыратын саясат жүргізуге мүмкіндік алдық.

Жастар  осы міндеттерді шешуге жұмылдыру, олардың әлеуметтік-cаяси белсенділігін  көтеру, мүмкіндіктерін пайдалану, жаңа сапалы ұрпақты тәрбиелеу, бойына қазақстандық пен азаматтылық қасиетін дарыту негізгі мақсат болып табылады. Бұл  жағдайда, өзіндік жолды және әлеуметтік-cаяси дамудың өзіндік моделін табу өте маңызды. Жаңа модель Қазақстандағы ұлттардың ерекшелігін, тарихи мұрасын, салт-дәстүрін, ділін, ескеретін, нарықтық қатынастарға сүйенетін дамыған елдердің сан ғасырлық тәжірбиесін таңдауы қажет.

Қазақстанның  мемлекеттік егемендігінің тұжырымдамасы  қазіргі кезде қалыптасқан экономикалық-саяси жағдайлары және геосаяси, мәдени, халықтық рухани және білім күш-қуатын, этникалық ерекшеліктерін, қоғамның тұрақтылығы мен ұлттық келісімін ескере отырып жасалады.

Мемлекеттік егемендік ұғымы өткен он жылдың нәтижесі көрсеткендей өз ішіне бірнеше  шарттардың болуын қажет етеді.

Біріншіден, бұл экономикалық тәуелсіздікке  қол жеткізу; Қазақстанның әлемдік  экономикалық қауымдастыққа мүшелікке  өтуі; өтпелі кезеңде бұл міндеттерді жүзеге асыруда елді экономикалық құрдымннан алып шығу үлкен қажыр-қайратты талап етеді.

Екіншіден, мемлекеттік егемендік – дамудың өзіндік жолын таңдап алу, жаңа саяси құрылымның қалыптасуы, қоғамдағы әрбір адамды қорғауды құқықтық және әлеуметтік механизмдерін қарастыру, әлеуметтік таптардың бәріне жағдай жасау.

Үшіншіден, мемлекеттік егемендік – өлкенің мәдени-тарихи дәстүр негізінде көркеюі, қоғамның тұрақтылығы ретінде ұлттық бірлік саясатын жүргізу.

Төртіншіден, мемлекеттік егемендік – адамзаттық және ұлттық  құндылықтар негізінде жаңа тұлғаны қалыптастыруды көздейді.

Жоғарыдағы  мақсатарға жету үшін қоғамның барлық прогрессивті күштерін пайдалану қажет. Оның бірі – жастар. Бір жағынан жастардың өзі – әлеуметтік қорғауды қажет етеді, екінші жағынан – олардың үлкен мүмкіндіктері бар. Сондықтан да, Қазақстанның егемендігін нығайту ісіне жастарды белсен араластыру керек.

Егеменді  Қазақстанның мемлекеттік құрылысына қосқан жастардың үлесі өз кезегінде  жастар саясатының қалыптасуына түрткі болды. 1991 жылдың 16 желтоқсанында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» заңы қабылданысымен тарихта алғаш рет республиканың өз бетімен әлемдік қауымдастыққа өтуі басталды(37).

Кез-келген елде, саяси жүйеде жастардың қолдауына ие бола білу аспектісі де аса маңызды болып табылады. Бұл заңдылық әрбір елдің идеологиясына, оның ішінде жаңадан құрылып жатқан елдің идеологиясына темірқазық болады. Сөзімізге дәлел ретінде өткен ғасырдың 30-шы жылдарында АҚШ-та жүргізілген Франклин Рузвельттің жастар бағдарламасын алсақ болады. Жас американдықтардың ұжымдық-партриоттық санасын ту етіп көтеріп, ұтымды жоспарлаған қоғамдық жұмыстар жүйесімен елді қысылтаяң шақтан алып шықты. Жапон билеушілері де осы тектес жобаны пайдаланған болатын. Дәстүрлі жапон құндылықтары мен жапон ұлтының ерекшеліктеріне байланысты жастар жаңа ақрапараттық өркениетті қалыптастыруға жұмылдырады.

Қазақстандағы жастар саясатының қалыптасу мәселесіне қайта оралатын болсақ, 1991 жылы жастар қоғамның барлық бөлігіне әсер ете алмағанымен белгілі бір деңгейде қоғамның нақты күшіне айналды.

Мемлекет  пен жастар ұйымдарының арасындағы қарым-қатынасты реттеуде 1991 жылы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі қабылдаған «Қазақ ССР-нің мемлекеттік жастар саясаты туралы» заңы жетекші рөль атқарды. Осылайша, жастар институтциялық деңгейде де, практикалық деңгейде де де қоғамға заңды түрде араласа алатын әлеуметтік-демографиялық топ ретінде танылды. Алайда жастар ұйымдарының басшылары бұл мүмкіндіктерін пайдаланбады. Нәтижесінде сол кезеңдерде (1992-1995 ж.ж.) Парламентте және басқа да билік органдарында жастардың орны аз болды.Бұл жаңа жағдайдағы саяси тәжірбиесіздіктен, саяси технологияның дамымағандықтан, нақты бағдарламалардың жетіспеушілігінен деп түсінеміз.

Информация о работе Жастар мәдениетінің ұлттық құндылықтары және оны дамыту бағыттары