Жастар мәдениеті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Января 2013 в 12:16, дипломная работа

Описание работы

Қазіргі кезде өркениет жаһандық дамудың әр түрлі кезеңдерін басынан өткізуде. Еліміздің тәуелсіздік болып қалыптасуының өзі де күрделі тарихи кезеңдерден өтті, қазір де әлеуметтік, саяси, мәдени тұрғыдан қиындықтар аз емес. Ең бастысы жастар мәселесі, олардың үлкен тұлға ретінде қалыптасуындағы рухани құндылықтар, ұлттық мәдениеттің әсері туралы сұрақтар ең басты мәселе болып табылады.

Содержание работы

КІРІСПЕ...............................................................................................................


1 ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ЖАСТАРЫНА ТАЛДАУ ЖАСАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ...........................................

1.1 Жастар-әлеуметтік-мәдени топ ретінде.........
1.2 Жастар субмәдениеті қазіргі қоғамның маңызды ресурсы.............................

2 ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ЖАСТАРЫ...............................................................................................................

2.1 Ұлттық мәдениет пен этномәдениеттегі жастардың рөлі.......................
2.2 Жастар және бұқаралық ақпарат құралдары..........................................
2.3 Ұлттық мәдениет рухында жастарды тәрбиелеу....................................


ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................................

Файлы: 1 файл

Гулжан диплом.doc

— 431.00 Кб (Скачать файл)

Сонымен, отансүйгіштік  саяси сезім ұлтжандықты қажет  етеді. Ұлтжандылық қазақтың ұлттық идеясының саяси астарын құрастырады. Бұл үғым көп айтылып жүргенімен, нақтылы теориялық талдаудың әлі обьектісіне айнала қоймаған. Оның кейбір саяси-тәрбиелік жақтары Қ.Жарықбаев, Ә.Алдамұратов және Т.Ғабитовтың мектеп окушылары мен студенттерге арналған "Әдеп негіздері " атты оку құралында қарастырылған. Онда ұлтжандылық деп туған халқынды, ұлтынды сүю, атамекеніңді аялап, еліңнің тілін, мәдениетін, әдебиетін, тарихын, біртуар аяулы перзенттерін мақтан тұту, ата-бабаның салт-дәстүрін, әдет-ғүрпын, аруағын қадірлеу, кастерлеу делінген. Ұлтжандылық - отаншылдық қасиетпен тығыз байланысты. Қазақ елі бұл — біздің Отанымыз туған жеріміз, өз еліміз. Ұлтжандылыққа саяси тәрбиелеу дегеніміз өз елін көзінің қарашығыңдай қорғауға дайын жас азаматтарды да калыптастыру. Қазақ халқы бекерден-бекер "Отан отбасынан басталады " деп айтпаған. Ата-анасы мен жақын туыстарын сүймеген жастың ел-жұртын, халқы мен ұлтын сүйетін толыкқанды азамат болуы екі талай [40].

Жер-ана қазақтың саяси-әлеуметтік мәдениетінде ата-бабадан қалған басты  мұра, аруақтар мекені деп бағаланған. "Қазақ әдебиеті" газетінде А. Сейдімбек сақтардың жерді қалай қастерлегені туралы Геродоттан мынадай бір мысал келтіреді. Сырға дейін барлық жерді жаулап алған парсы патшасы Дарий Сақ еліне жорыққа шығады. Алайда сақтар шешуші шайқасуға бармай, жауды шөлге титықтату үшін жалтара береді және сақ патшасы Иданфирс онысын Дарийге былай түсіндіреді: "Патша, менің айтарым мынау. Мен бұрын да ешкімнен қорқып қашып көрген жоқ едім, енді де сенен қашып жүргенім жоқ. Алайда сені көрген бетте неге шайқасқа түспегенімді айтайын. Бізде не қалаларымыз, не өнделген жеріміз жоқ. Біз талан-таражға түсуден қорықпаймыз, сонсоң да сендермен соғысуға асыға қойғанымыз жоқ. Егер, сендер қайтсеқ те бізбен соғысамыз деп өңмендеп қоймасандар, онда жолдарында біздің ата-бабамыздың бейіттері бар. Соны тауып алып, бірінің мұртын сындырып көріндерші, сол кезде бейіт үшін біздің қалай соғысқанымызды көресіндер"[41]. Жастарды отансүйгіштік рухта тәрбиелеуде тарихи теориялық айғақтармен қоса халық даналығы өрісінен алынған мысалдардың да тиімділігі мен әсерлілігі жоғары келеді. Мынандай бір аңыз бар: бір жігіт ойда жоқта басқа бір жерді көреді де өз мекенін, ағайын-жұртын ұмытып, сол жерден қайтпай қалады. Туысқандары жіберген кісілері келіп, оған өз жерінен артық жердің жоқ екенін қанша айтқанмен ол сөз тындар болмайды. Қырсығып жаңа мекеннен кеткісі келмейді. Тіпті туған жерінен торсыққа құйып әкелген қымыз да оның жүрегін жібітпей қойса керек. Келген кісілер сөздері өтпей амалдары таусылған соң еріксіз қайтпақ болады. Сол кездегі олардың ішіндегі біреуі қоржыннан жігіттің туған жерінің бір жіліншік жусанын алып келеді ғой. Бағанадан айтқан қанша сөз, арнайы алып келген қымыз еш әсер етпей қойған жігіт туған даласының жусан исін иіскеуі мұң екен бүкіл ел- жүрты өткен өмірі есіне түсіп, қолқа жүрегі аунап түскендей болады. Сол сәтте өз туған жерінен артық жерұйықтың жоқтығына көзі жеткен ол жаңа мекеніндегі барлық тәтті тіршілігін тәрк етіп, алды артына қарамай ауылына беттеген екен дейді [42]. Бодаңдықтан есі танған қазақ халқы үшін егемендік сол жусан иісі тәрізді шығар.

Қазақтың дәстүрлі саяси мәдениеті дүниенің екі бөлігі табиғат пен адамның етене тығыз байланыста болғандығы мен олардың еншісі бөлінбеген күйде өмір сүргендігін куәләйді. Мұның басты негізіне көшпелілік өмір салты жатады. Көшпелілер өздерін табиғаттың тікелей жалғасы, соның төл баласы ретіңде сезінді. Өздеріне дейін қолданысқа енбеген қуаң даламен шөлейтті тек көшпелі ғана меңгере алды. "Бірақ сол далада тіршілік етіп табыстарға жету үшін ол өзінің шеберлігін тынбай жетілдіре беруте міндетті. Ол ерекше адамгершілік және парасаттылық қасиеттерді өзіне қалыптастырды"[43, 101-103 бб.]- дейді А.Тойнби. Осындай қатал табиғи ортада өмір сүрген көшпелі айналасыңдағы мәдени ареалға ерекше бір икемділікпен караған және бұл арадан балаға үлгі ретінде беріліп отырған.

Келтірген пікіріміз  дәлелді болу үшін қазақ ырымдарына назар аударайық: 

  • Қазақ шашты далаға тастамайды, жерге көмеді. Құс шашты ұясына салса - бас ауыруға шалдығады, бас айналғыш болады, ұмытшақтық, жеңілтектік дертке шалдығады деп ырымдайды.
  • Қазақ беталды жер шұқыламайды, жер қазбайды. Бұл қылық өлімге шақырады, ажалды хабарлайды деп, жаман ырымға балайды.
  • Қазақтың үлкен кісілері балаларына құстардың жұмыртқасына тиіспеуді, балапанын өлтірмеуді тапсырып, міндеттеп отырады. Бұлай істесе - құстың қарғысына ұшырайды деп сенеді.
  • Хайуандарды, анды, малды адамдай көру парыз саналады. Жүрегі кірлі, қара ниеттер ғана бұлай істей алмайды. Бұл міндеттерді өтемегендерде адамдық қасиет жойылады.
  • Табиғаттың ерекше, тосын құбылыстары құдірет саналған. Топырақ үйілген төбешіктер, құла түздегі жалғыз ағаш, бұтактары тарбиып өскен бұталардың өнген жері қасиетті делінеді.
  • Аспандағы жұлдыз әрбір адам жанының бейнесі саналады. Бір жұлдыз ағып түссе бір жан үзілді деп жатады [44, 8-21 бб.]. Азаматтық саяси тәрбиелеудегі пәрменді құралға студент жастарды қазақ халқының өзінің білгір саясаткерлігімен көзге түскен тарихи тұлғалардың тағылымдық әрекеттерінен ендірілген мысалдар арқылы баулу жатады. Айталық, қазақ мемлекеттілігінің тарихында Абылай ханның есімі ерекше орын алады. Ресейлік ғалым ориенталист А. Левшин Абылай саясаты туралы былай деп жазған: "Өзінің қадір-қасиетін жақсы түсінген ол жұртты ақыл айласымен сабырлы салмақтығымен маңайына топтастыра білді. Жауын сұсымен де, күшімен де сілкіндіре білген Абылай ыңғайына қарай біресе Ресейге, біресе Қытайға бағыныштымын деп уәде беруге мәжбүр болғанымен, шын мәнісінде ешкімге де бойұсынбаған, тәуелсіз басшы болды" [45].

Саясаткер ғалым Ө. Жәнібеков  Абылай хан саясатын сараптай келе, оның асыра сілтеген кездері болғанымен, бірақ барлық парасатын және күш-жігерін қиын кезендерде қазақ қоғамының басын қосып, оның тектестік тұтастығы мен ұлттық тәуелсіздігін сақтап қалуға тырысқан қайраткер екендігіне назар аударады. Сол Абылайдың да мүңы бар екен. Көзін жұмар сәт таяғанын сезген хан Бұқар жыраудың: "жұртыңа айтар не мұңын бар?" деген сауалына Абылай "біріншіден - қан көп төгілді, оған қас дұшпан мәжбүр етті; екіншіден - сахараны жайлаған елді егіншілікке үйретіп, жер емшегін емізе алмадым, қала салып сауда-саттықты дамытып үлгермедім; үшіншіден - елдің басы түгелдей бірікпеді, тентегі, телісі көп болды " — деген екен [46].

Жастарды патриоттық құндылықтар тұрғысынан тәрбиелеу ісінде тек ел билеген хан - сұлтандардың өмірінен ғана емес, сонымен бірге құдіреттілігі олардан кем болмаған, дуалы сөз иегерлері билердің нақыл-өнегелерін қолдану да тәрбиелік жұмыста қомақты нәтижеге әкелері сөзсіз. Мысалы, қазақ-қалмақ келіссөздеріне араласқан Қаз дауысты Казыбек би былай деген екен: "Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөзді асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген елміз, дәм-түзын ақтай білген елміз. Атадан ұл туса, қүл боламын деп тумайды, анадан қыз туса күң боламын деп тумайды. Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз. Сен қалмақ болсаң, біз қазақ қарпысқалы келгенбіз. Сен темір болсаң, біз көмір еріткелі келгенбіз, казақ, қалмақ баласы табысқалы келгенбіз, танымайтын жат елге танысқалы келгенбіз, танысуға келмесең, шабысқалы келгенбіз. Сен қабылан болсаң, мен арыстан - алысқалы келгенбіз, жаңа үйренген жас түлпар сары желіммін, жабысқалы келгенбіз, берсең жөндеп бітіміңді айт, бермесең, дірілдемей жөнінді айт, не тұрысатын жеріңді айт" [47, 13-14 бб.]. Азаматтық және патриоттық құндылықтар жүйесін тәрбиелеу процесінде, әрине, тек қазақтың ұлттық саяси мәдениетінен келтірілген тағылымдардың жеткіліксіз екендігі түсінікті. Мұндай мысалдарды әлемдік өркениеттілік тарихынан көптеп кездестіруге болады. Айталық б.з.д. IV ғасырда Аристотель азаматтылықтың ежелгі Грецияда қалай қалыптасатынын суреттеп берген. 18 жасқа толған бозбала Халық жиналысына келіп ант береді екен: Мен зандарды дәйекті сақтаймын, Отандық рәміздер мен қасиетті үлгілерді қадірлейтін боламын, Отан үшін соғысуға дайынмын. Осыдан кейін екі жылға әскери қызметке кетеді екен. Бұл мысалдан сонау заманның өзінде азаматтық және патриоттық құндылықтардың жоғары бағаланғанын көреміз [48].

Жастардың бойында жоғары саяси құндылықтарды қалыптастыру процесіңде батыстық озық үлгілер мен ұлттық дәстүрлі құндылықтарды үйлесімді ұштастыру қажет. Бұл істе сыңаржақтылық үлкен саяси мәдени ауытқушылыққа әкелуі мүмкін. Мысалы, дәстүрлі мәдениеттің құндылықтарын елемеу қоғамның маргиналдық деңгейін тым көтеріп жібереді, ал бұл саяси өмірде тұрақсыздыққа, мәдениет пен әдепте девианттық іс-әрекеттердің көбейюіне, әлеуметтік-құқықтық өмірде аномиялық қалыпқа әкеледі. Бұл, әсіресе, өтпелі қоғамдарға тән процесс болып табылады. Керісінше, саяси және басқа да инновацияларды ескермей, "біз ең жақсы халықпыз" деп отыра беру кертартпалыққа, партикуляризмге және архаистік бағдардың үстем болуына жеткізеді.

Адамның тәні туғаннан бастап қартайғанға дейін ұдайы өзгереді, сол сияқты мінез-құлық та ешуақытта қандай да бір тиянақты деңгейге жетіп тоқтамайды. Мінез-құлық пен тән дамуы өзара тығыз байланысты және олардың кейбір кезеңдері біріне-бірі едәуір сәйкес келеді. Сондықтан, адамның мінез-құлқына табиғат пен орта бірлесіп ықпал етеді – адамның қандай да бір әрекетке бейімділігі қанында бар болса, ол ортаның әсерінен не артады, не кемиді деген ұғым орынды. Яғни, адам дамуының күрделі де сан қилы процесінде биологиялық және әлеуметтік факторлар араласады, ой мен сезім айқасады, ішкі сенім мен сыртқы ықпал бірігеді. Бұл процестің ағымына қоршаған ортаның әсері зор, сонымен қатар оның әр адам үшін өзіндік сипаты бар. Осы арқылы даму процесі жүзеге асырылады. Ал, адамның дамуы (биологиялық және әлеуметтік) – әлеуметтік ортада да, адамның өз басында да бар көптеген факторлар әсер ететін күрделі, ұзақ және қайшылықты процесс. Адам дамуының көрсеткіші ретінде санадағы, мінез-құлықтағы, қызметтегі, оның қоршаған әлемге көзқарасындағы сапалық өзгерістерді – даму, ал өнеге, рух өзгерісін – адамның қалыптасуы деп атауға болады. Бұны айтып отырған себебім жастардың мінез-құлқына қатысты болып отыр. Қоғам дамуында жастардың мінез-құлқында әр түрлі өзгерістер болып отырады. Әсіресе, қоғамға жат әрекеттер жастардың бойынан жиі табылады. 

Девианттық мінез - құлық бұл қоғамға жат әрі қоғамдық тәртіпті бұзатын барлық теріс қылықтар: ұсақ бұзақылық, көпшілік орында боқтап - балағаттау, басқалардың ар - намысына, шамына тиіп ұрыну, ауыр сөздер айту, қылмыс жасау, ұрлық істеу, қарақшылық, нашақорлық, жезөкшелік, т.с.с. Ғалымдар ауытқымалы мінез - құлықтың жастардың бойына жұғу себептерін және оның зардапты салдарларын, алдын алудың жолдарын ашып беруге, түсіндіруге тырысады. Айталық, девиацияны биологиялық және психологиялық тұрғыдан түсіндіру, ең алдымен, ауытқымалы қылық адамның мінезімен байланысты деген пікір аясына келіп сияды (Ч. Ламброзо, Х. Шелдон, З. Фрейд,т.б). Ауытқымалы мінез - құлықтың туу және дамып, қалыптасу себептерін әлеуметтік - мәдени факторлармен, яғни белгілі бір қоғам дамуының белгілі бір кезеңіндегі оның әлеуметтік - экономикалық және рухани - мәдени жағдайының нақтылы қалпымен байланыстыра қарастырады (Г.А. Аванесов, М. Вебер, Э. Дюркгейм, Т. Ж. Карбонье, Р. Паунд, Парсонс, Г. Спенсер, Е. Эрлих, Я.И. Гилинский, Н.М. Коркунов, В.Н. Кудрявцев, Н. Луман, П.А. Сорокин, Т.А. Ағдарбеков, А.Н. Ағыбаев, М.Т. Баймаханов, Ж.Д. Бусурманов, Қ.А. Жиреншин, М.С. Нәрікбаев, М.Х. Матаева, С.Ф. Ударцев т.б.).

  Елімізде де қылмыстың көбеюі жастардың бойында осындай мінездің пайда болуының әсерінен. Кейбір халықаралық ұйымдардың ресми емес мәліметтерінше, Қазақстандағы нашақорлыққа ұрынғандардың саны 300 мыңнан асады екен. Олардың басым көпшілігі жаста.

ҚР Статистика агенттігінің ақпараты сүйенсек, 2008 жылы 127 478 қылмыс тіркеліп, оның ішінде 5 769 жасөспірім тіркелген. 2009 жылдың қазан айында Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасының “Егемен Қазақстан” газетімен бірігіп ұйымдастырған дөңгелек үстелінде Батыс Қазақстан облысының прокуроры Қазақстан бойынша жасөспірімдердің қылмысының өршіп баражатқандығын айтқан.

Жастардың арасындағы девианттық жүріс-тұрыс, оның көріністері қоғамдық ғылым өкілдері, атап айтсақ, философтар, әлеуметтанушылар, мәдениеттанушылар, саясаттанушылар, заңгерлер тарапынан сөз етіліп, талай зерттеу нысанына айналғалы белгілі. Бұл жерде жастар арасындағы девианттық мінез-құлықтардың жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру барысында қалай кері әсер ететіндігін және оны жоюдың жолдарын қарастыру өте маңызды. Өйткені қоғам өміріндегі қатынастардың жүйесі түбегейлі өзгеріп жатқан қазіргі заманда, өмірлік тәжірибесі жоқ әлі толыққанды көзқарасы қалыптаса қоймаған жастар үшін қалыпты тіршілік ағымынан ауытқу өте оңай шаруа. Мұндай әрекеттердің белең алуынан бастап-ақ олардың алдын алмаса, қоғам үшін өте қауіп тудыруы ықтимал. Девианттық мінез-құлықтың түрлеріне қылмысты, ішкілікке салынуды, нашақорлық, жезөкшелік, гомосексуализм, құмар ойындарына қызығушылық, психопатиялық бұзылу және өзін-өзі өлтіруды жатқызуға болады. Жастардағы девианттық мінез-кұлық әлеуметтік жүріс-тұрыс нормаларына қайшы келетін әртүрлі әрекеттердің салдары. Оған жасөспірімдердің мектептегі сабақтарын жіберуден бастап, үйден қашуы немесе біреудің мүлкін тонау не болмаса оны қасақана бүлдіру жатады.

Жастардың девианттық мінез-құлқы екі категорияға бөлінеді. Біріншісі -психологиялық нормаларынан ауытқуы анық немесе жасырын психопатиялық болып келетін мінез-құлық, екіншісі - қандай да бір әлеуметтік және мәдени нормаларды бұзатын әлеуметтік нормаларға қарсы мінез-құлық. Жастар арасында жалпы құқық бұзушылықтың болуының бір себебін Г. Елемисов жастардың бос уақыттарын дұрыс ұйымдастыра алмауынан және өткізбеуінен көреді. Өзінің ойын ол былай білдіреді: «Во многих случаях правонарушения совершают молодые люди, имеющие достаточно свободного времени. Безделье толкает их на путь ложной романтики. Поэтому общественные организаци должны постоянно заниматься тем, чтобы правильно организовать досуг и юношей и девушек» [49, 34 б.].

Осы девианттық мінез-құлыққа  жастардың бойында агрессияның  пайда болуы да белгілі себептерге байланысты. Оның пайда болуы, оның әсерінен пайда болған қылмысқа итермелейтін себеп-салдардың пайда болуы туралы, адам дамуындағы биологиялық факторлардың әсері нақты жіктеледі. Криминологиядағы биоәлеуметтік тұжырымдаманың, адамның құқық бұзуға бейім мінез-құлқының тетігі мен психикалық өзгерістердің (ынта мен құмарлықтың) сыртқы жағдайлармен өзара әрекеттестігі бар бағыт екендігі дәлелденеді: 1) адамның құқық бұзуға бейім мінез-құлқын психологтармен, педагогтармен бірлесіп зерттеумен қатар, болашағы зор әлеуметтік биология ғылымының жетістіктерін де пайдаланған жөн; 2) адамның құқық бұзуға бейім мінез-құлық көрсетуіне, негізінен, биологиялық факторлар (әлеуметтік биология ғылымдарының, сондай-ақ кейбір криминологтардың пікірінше) себеп болады, олардың ең негізгісі – агрессия, ал ол қалыпты шамада ешқандай теріс салдарға алып келмейді. Бірақ адамның бұл психикалық қасиеті қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық ахуалға қарай ушығуы мүмкін. Мысалы, жұмыссыздық, мұқтаждық, ешқайда қажет болмай қалу, әлеуметтік дәрменсіздік, тіршілік деңгейінің төмендеуі, қауіпсіздікке кепілдіктің болмауы адамдардың психикасына теріс әсер етеді, агрессивтігін көтереді, қылмысқа итермелейді; 3) жастар бойындағы агрессивтік мінез-құлықтың асқындауына оларға ата-ана тарапынан көрсетілген қатыгездік, ата-ананың арасындағы өзара түсініспеушілік, төңірегіндегілердің басқа адамдарға агрессивтік мінез көрсетуі, өмір құндылықтарының бұрмалануы және т.б. қатты әсер етеді; 4) агрессивтік (биологиялық) деңгейінің төмендеуі әлеуметтік факторлармен тікелей байланысты. Сондықтан да мемлекет әлеуметтік-экономикалық саясатқа көбірек назар аударып, халықтың тұрмыстық деңгейін ұдайы көтеріп отыруы керек. Жас ұрпақты сөзбен, уәдемен алдамай, нақты істерді жүзеге асыру қажет, тәрбиелеу, оқыту, моральдық-өнегелік құндылықтарды санасына құю, тамаша эстетикалық және этикалық сезімдерге баулу – агрессияны азайтудың бірден бір жолы; 5) этология ғылымының тұжырымына сүйенсек, жануарлар өздерінің агрессивтік әрекетін туыстарына қарсы мақсатсыз жасамайды екен. Өзіне қажеттіден артық ешнәрсе өлтірмейді. Ал, адам қылығы мүлде басқа, бәлкім ол оның ақылдылығымен байланысты болар. Сол ақыл оған өз қажеттілігін қандай жағдайда толығырақ қанағаттандыруға болатындығын көрсететін болу керек. 6) жабайы аңдарда табиғи жағдайларда өмір сүрудің ішкі талаптары мен сыртқы жағдайлары арасында қақтығыс болмайды, яғни оның ішкі талабы қоршаған табиғи ортамен қандай да бір үйлесімде болады. Ал адамның жоғарғы интеллекті, оның мәдени дамуын және онымен байланысты барлық атрибуттарды қамтамасыз етіп, туыстарынан бөлек, жеке өз тірлігін жасауға, бөлініп шығуға мүмкіндік береді. Бұл мән-жай адамның генетикалық деңгейде ерекшеленуін күшейтті. Жастардың қылмыс жасауы - өмірдің өзінен, оның көлеңкелі жақтарынан, әртүрлі әлеуметтік келеңсіздіктерден, сәтсіздіктерден туындап жататын құбылыс болып табылады.  Демек, оны жою үшін жағымсыз құбылыстың туу, өсіп - өну себептері мен зардапты салдарларын, алдын алу шараларын қалай ұйымдастырып, жүргізуге болатындығын зерделеу керек.

Информация о работе Жастар мәдениеті