Шоқан Уалиханов

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2012 в 16:32, реферат

Описание работы

Уәлихановтың саяси-әлеуметтік, философиялық көзқарастары күрделі тарихи кезеңде қалыптасты. XIX ғ. 40-60 жылдары жүз жылдан астам уақытқа созылған Қазақстанның Ресейге қосылуы процесі аяқталды. Бірақ бұл процесс бірқалыпты, тыныш өтпеді... Ш. Уәлиханов: «қазір Шығысқа еліктейтін мұсылмандық ескілік пен орыс мәдениетіне еліктейтін жаңашылдық арасында бірден байқала қоймайтын, бірақ өте күшті күрес жүріп жатыр*134», - деп көрсетті.
Сонымен қатар, Ресейдің өзінде де шеткі ұлт аймақтарының экономикалық және саяси дамуына елеулі әсер еткен маңызды оқиғалар өтіп жатты. XIX ғ. ортасында басыбайлық дағдарысқа байланысты Ресейде саяси және идеологиялық күрес шиеленісе түсті. Халық күресінің күшейе түсуіне байланысты Ресейде басыбайлық жүйені жойып, дамудың демократиялық жолына түсу мәселесі күн тәртібіне қойылды.