Ғайыпқа иман

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2012 в 06:52, лекция

Описание работы

Сұрақ: Ислам дінінің барлық қағидаларын мойындайтын мұсылманбыз. Алайда көзіміз көрмеген дүниелерге сену, шыны керек, оңай емес. Сондықтан ғайыпқа иманның пайдаларын түсіндіріп берсеңіздер.

Мұсылман адамның өзге адамдардан ерекшелігі мен артықшылығы оның ғайыпқа иман келтіріп сенетіндігінде. Қасиетті Құранда тақуа құлдардың сипаттары санамалап келтірілгенде: «Олар ғайыпқа иман келтіреді» деп осы қасиет аталады («Бақара» сүресі, 3-аят).

Файлы: 1 файл

сурак.doc

— 32.50 Кб (Скачать файл)

Сұрақ: Ислам дінінің барлық қағидаларын мойындайтын мұсылманбыз. Алайда көзіміз көрмеген дүниелерге сену, шыны керек, оңай емес. Сондықтан ғайыпқа иманның пайдаларын түсіндіріп берсеңіздер.

 

Мұсылман адамның өзге адамдардан ерекшелігі мен артықшылығы  оның ғайыпқа иман келтіріп сенетіндігінде. Қасиетті Құранда тақуа құлдардың сипаттары санамалап келтірілгенде: «Олар ғайыпқа иман келтіреді» деп осы қасиет аталады («Бақара» сүресі, 3-аят).

Ғайып әлемі деп көзге көрінбейтін көмескі әлемді айтамыз. Мысалы, өлімнен соңғы өмір, Есеп күні, Сират көпірі, Жәннат пен Тозақ тағы сол секілді. Жындар, періштелер әлемі де ғайыпқа жатады. Бірақ бұлардың бәрінен де бұрын барша ғаламдардың жаратушысы Алла Тағаланың бар және бір екендігіне шын сену ғайыпқа иманның негізі саналады.

Кей кезде көзім көрмегенге, ақылым жетпегенге қалай сенемін, расын айтсам, бұлар маған аңыз-ертегі, әпсана секілді көрінеді деп күмәндарын білдіріп жататындар да кездеседі.

Негізінде, Абай атамыз айтқандай, иман ақылды адамға парыз. Ақылы жоқ адамнан Алла Тағала есеп те сұрамайды. Қасиетті Құранда: «ақылға салмайсыңдар ма?», «ойланбайсыңдар ма?», «пікір жүгіртпейсіңдер ме?» деген мазмұндағы аяттар өте көп.

Ең алдымен айтарымыз, бұл әлем өз-өзінен, кездейсоқ пайда болмаған. Себебі кездейсоқтықта мына өте керемет жүйемен, нәзік үйлесіммен істеп тұрған ұшы-қиыры жоқ шексіз ғаламдарды жасайтындай құдірет пен қуат жоқ. Зәредей міні жоқ сан алуан жан-жануар, көздің жауын алатын сансыз көп өсімдік әлемі, жалпы мың бір сырлы ғажайып жаратылыстарды өзінен өзі пайда болуы, әрине, мүмкін емес. Демек, дұрыс қисынға салсақ, бұлардың бәрін жоқтан бар еткен, жоқтық әлемінен тіршілік әлеміне шығарған ерекше құдіретті жаратушының болуы тиіс.

Ғайыптың да сау ақыл жететін дәлелдері болады. Оның ең үлкені – қасиетті Құран аяттары. Шын білемін деген адамға Құран әлемі ғайыптар жөнінде мол сыр шертеді. Алла Тағаланың есімдері, сипаттары, шексіз құдіреті, Оның періштелері, Ақирет күні, бәрі де Құранда жан-жақты ашылған тақырыптар. Ендеше ғайып дүниелердің сырына қаныққысы келген адам әуелі Құран кәрімді оқығаны дұрыс. Екіншіден, барша ғаламның жаратылысы да ғайып дүниенің кейбір хикметтерін ашуға септігін тигізе алады.

      Айналамыздағы әрбір жаратылысқа мұқият зер салып қарасақ, барлық нәрсені басқарып, билік жүргізіп тұрған ұлы Құдіреттің барлығы айқын сезіледі. Мысалы, ақыл-есі жоқ кіп-кішкентай дәнектен өзінен сан есе үлкен алып ағаш өсіп шығады. Сол дәнге бірнеше жылдан кейін пәлен тонна жеміс бересің деп бұйырып тұрған бір Құдірет болмаса, ол өзінен-өзі қалайша бүршік атып, гүл ашсын?! Аспанды жұлдыздарымен, теңізді балықтарымен, орманды құстарымен безіндіріп қойған сән-салтанатқа көз салсақ та, мол ғибратқа қанығамыз.

Адамды да ет пен сүйектен тұрады дейміз. Сол еттің өзі су, темір, топырақ, алтын, күміс, көмір сияқты сан түрлі элементтердерден тұрады. Олардың адам ағзасындағы тепе-теңдігі қандай болуы керектігін жақсы білетін ұлы құдірет иесі бар. Демек әлемдегі барша мақлұқаттарды құдіретімен жаратып, өсіріп, өндіріп, тіршілік еткізіп тұрған ұлы құдіреттің иесі Алла Тағала екендігі күдіксіз. Жер бетіндегі бар мүлкі Алла Тағаланікі.

Осылайша жан-жағымызды  қоршап жатқан сансыз таңғажайып жаратылысқа  қарап, Ұлы Жаратқанның бар екенін, бір екенін, құдіретін түсінеміз, Оны ақыл көзімізбен көреміз. Соңғы жылдарда көптеген батыстық әйгілі ғалымдардың Аллаға иман келтіріп, мұсылман болуының негізгі бір себебі осы болса керек.

Бірінші халифа Әбу Бәкір Сыддық: «(Уа, Алла Тағалам!) Сені толық тани алмауымды мойындауым – сені  толық тануымм» деп жаратылыс әлемін тану, Алланы танып-білумен байланысты екендігін білдірген. Кешегі хакім Абай да:

Күні-түні ойымда бір-ақ тәңірі

Өзіне құмар қылған оның әмірі.

Халиққа махлұқ ақылы жете алмайды,

Оймен білген нәрсенің бәрі – дәһрі -дейді

Біз адамдардың соққан зәулім сарайларына қарап таң қаламыз. Оның оюына, нақышына, бояуына қарап ұстасын мақтаймыз. Енді бір сәт бізді қоршап тұрған алып сарайдың сән-салтанатына көз жүгіртіп көрелікші. Бұл сарайдың әрбір тауы, тасы, құмы, шөбі, бүлдіргені, қарақаты, көк майсасы, шалғыны, шыршасы, қарағайы, аққуы, үйрегі, қыраны, сұңқары, бұлбұлы, арыстаны, қасқыры, тіпті шыбыны мен шіркейіне дейін теңдессіз сұлулықтың қайталанбас үлгілері екеніне кімнің күмәні болсын?! Аққуды айдын шалқарға жүзідіріп қойған, қыранды көкке самғатып қойған, бұлбұлды сайратып, қасқырды орманның табиғи санитары етіп қойған кім? Кітапқа қарап жазушысын, ғимаратқа қарап ұстасын, оюға қарап зергерін болжайтынымыз рас болса, онда осы алып ғаламның шебер Ұстасы жайлы не айтпақпыз? Алла Тағала қасиетті Құранда бұл жайлы: «Рахман Алланың жаратқандарынан қылдай да селкеу таба алмайсың. » деп бұйырады («Мүлк» сүресі, 3-аят).

Осы және бұдан өзге ғажайып дүниелер адам баласының Алла Тағаланы тануына, құдіретіне таң қалып, бас июіне, құлшылық етуіне себеп болары хақ. Қасиетті Құран кәрімдегі: «Мен жындар мен адамдарды Мені танып, Маған құлшылық етсін деп жараттым» деген аятының бір мәні осында болса керек. Ал енді адамзат баласына тарту етілген мол нығметті көре тұра және пайдаланып жүріп ұлы Жаратушы иемізді танымау, шүкіршілік жасамау жаратылыстағы ең үлкен әділетсіздік.

Сөз соңында айтарымыз, қалай болғанда да, адам баласы бәрінен  бұрын Жаратушы иемізді танып  білуге талпынғаны дұрыс. Құранды, өзге де кітаптарды оқып, жаратылысты оқып Алла Тағалаға деген иманмызды күшейтіп, жаңғыртып отырғанымыз дұрыс.

 

 


Информация о работе Ғайыпқа иман