Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Апреля 2014 в 13:06, научная работа
Ұлттық санамыз оянып, тарихымыздың тамыры тереңде жатқанын сезініп, халқымыз бастан өткізген белгілі кезеңдерде жаңа көзқараспен қарауға кез келді. Ал ұлттық сана ұлттық тұрмыстың көрінісі. Бұлайша айтқанда, сол ұлтты құрайтын халақтың өз әдет-ғұрыпын, салт-дәстүрін, әдебиетімен мәдениетін тұрмыс тіршілігін білуі тиіс. Ұйқы басқан сананың оянуына өмірдегі белгілі бір ірі оқиғалар себепші болады десек қателеспейміз. Ресей империясының бірнеше ғасыр бойы жүргізіп келген отарлық саясатын жалғастырушы қызыл империяның орталық басшылығы халық еркіндігіне қиянат жасап отырғандығын түсінген саналы жастарымыз наразылық білдіргенді.
Кіріспе. ХІХ ғасырдың басындағы Кіші жүздегі саяси жағдай шиеленістері .
1. Бөкей хандығының құрылуы.
2. ХІХ ғасырдың басындағы патшалық Ресейдің Кіші жүздегі саясаты.
3. Жәңгір хан саясаткер.
4. Жәңгір ханның ішкі саясаты.
5. Жәңір ханның сыртқы саясаты.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Қосымша.
Ішкі орданың (Бөкей хандығының) құрылу себептерін түсіндіруде қазіргі зерттеушілер арасында бірауыздылық жоқ.
Жайықтың оң жағына өткен қазақтар тең мөлшерде байұлына да, жеті руға да жатқан адамдардан тұрды, дегенмен де көшудің бастапқы кезеңінде алғашқылары басым болған. Қазақстан тарихын зерттеуші М.П Вяткин Ішкі Орданың құрылуына шаруашылық құлдырауы, жердің тарлығы, қатаң шаруашылық дағдарысы және феодалдану үрдісінің тереңдеуі әкеп соқты деп
4С.Мәшімбаев «Патшалық Ресейдің отарлық саясаты».Алматы 1994ж.104-105б.
7
санаған. Оның пікірінще, қазақтардың Жайықтың оң жағасына, «мәңгілік болғандыққа» өтуі өз бастауын ХVІІІ ғасырдың 50-жылдарынан, алатын үрдістің логикалық қортындысы болған, яғни ол жаңа қоныстарды игеру жолындағы жарты ғасырдай уақытқа созылған күреспен байланысты.
Әлбетте, патша үкіметінің отаршылдық саясатыны қазақ халқының қоғамдық және саяси өмірінде елеулі рөл атқарды. Жайықтығ оң жағасына қазақтардың көшіп барып қоныстануы патша өкіметі саясатының бағытын қайшы келмеді, сондықтан да шекаралы өкімет орындары тарапынан белгілі бір өолдау тапты. Жаңа қазақ ордасы құрылуының шешуші факторы болған ол емес.
Қазақтардың Жайық пен Еділ өзендерінің аралығына көшуімен жайылым мәселесі де шешілген жоқ, жер қатынастарының күрделігі бұл жерде Кіші жүздегіден кем болмаған күйінде қалды. Топырақ-климаттық және өзге де табиғи-географиялық жағдайлары бойынша Бөкей хандығының аумағы қоныстанушылардың көшіп келеген жағдайындағы аумаққа қарағанда нашар болмаса, жақсы емес еді. Малшының өмірлік циклында қаншалықты айқындаушы маңызы болса да, қоныстанудың сол бір нақты жағдайларында жайылымдар туралы мәселе ең бірінші орынға қойылаған жоқ.Хандық құрылуның негізгі себебі отаршылдық саясатытың күшеюі салдарынан көптеген көшпелі қауымдардың бұрынғы көшіп жүретін орындарында қалуының мүмкін еместігі деп есептеу керек.5
ХVІІІ ғасырдың аяғына қарай хан билігіне қарсы жапапай қарулы бой көрсетуге бәсендеп кетті. Халық көтерлісінің найзасы қарсы бағытталған хандар, сұлтандар және олрадың төңірегіндегілер есін жиып, кек алу актілерін жүргізе бастады. Көтерліске қатысушыларды және оған тілектес болған руылық қауымдарды қудалап кең ауқым алды. Қашандағысы сияқты, мұндай жағдайларда рулардың үстем тобы мен Ресей әкімшілігі қазақ руалрын өзара соқтығыстыруға, олардың арасындағы алауыздықтарды тартыстар мен
5М. Құлкенов «Жәңгірхан».Алматы 1992ж. 6-7 бет.
8
қақтығыстар ошағына айналдыруға тырысты. Көшпелілердің бір шама тыныштығы мен дағдылы шаруашылық ырғағы бұзылды. Шаруашылық күйзелісінің, еңбекші бұқара шеккен азаптың терең болғаны сонша, «аман қалу» және осы бір ауыр кезеңнен «аман өту» мәселелері олар үшін ең басты мәселеге айналды. Граф 1806 жылы ішкі істер министрі Кочубейге былай деп
жазды: Кіші жүз хандықтарынның кедейлігі «сұмдық және мұнда бір қырсық екіншісін туғызып отыр, Жақсы және тұтас киізбен жамылуға тиісті киіз үйлері мен күркелері жырым-жырым жамалған құрақ киізбен жамылған. Қазақтардың өздері алба-жұлба киінген». Шектен шыққан жоқшылы қазақтарды өз балаларын жеп тұрғандары мен хиуалық феодалдарға әйтеуір тірі қалсын деген ниетпен сатуға мәжбүр етті. А.И. Левшиннің деректері бойынша, 1815 жылы Гурьевке жақын жерде бір айдың ішінде ғана жүзге жуық қазақ балалары сатылған. Бұл орайда «ер бала үшін 4 және 3, ал қыздар үшін 3 және 2 дағардан қара бидай ұны төнелген».
Осындай жағдайларда ауылдардың үдере көшуімен билеушілер билігінен неғұрлым қауіпсіз аудандрға барып паналау бел алды. Бұл өмірлік қажеттілік болатын.6
Кіші жүздің оңтүсігінде қазақтардың қоныстарын күшпен басып алу және ауылдарын тонау саясатын жүргізегн Хиуа хандығы болды. Дағдылы жағдайдың бірі мынадай: ХІХ ғасырдың басында Хиуа ханы Сырдария өзенің бойында көшіп жүрген қазақтардың бейбіт аулына күтпеген жерден шабуыл жасады. 350 адам өлтірілді, 1035 қыздар мен әйелдер айдап әкетілді, 4173 түйе, 7085 жылқы, 113820 сиыр және 45645 қой қолға түсірілді. Оның үстіне дергілікті халықпен зекет түрінде қосымша 17573 қой мен 2364 түйе жинап алынды. Қазақтың мыңдаған көшпелі отбасының оңтүстікке көшіп баруы туралы мәселенің туындағаны түсінікті.
Бірден-бір амал-Жайықтың оң жағасына – бос жатқан дерлік құмды ауданға қоныс аудару ғана қалды, ол жаққа шекарлаық үкімет орындарының
6М.Маданов «Ұлы дала тарихы».Алматы 1994ж. 104-105 бет.
9
келісімімен қазақ ауылдары өз малымен, негізінен алғанда, қыс кезінде талай рет өтіп жүрген еді. Бірақ бұл рұқсат негізінен ірі мал иеленушіліердің табындарына берілді. Қоныстану аудандарының ежелден қазақтар мен олардың ата-баблары тұрып, көшіп жүрген жері деп есептелгендігін ескерте кету қажет. Сол кезге дейінгі қазақтарды Еділ мен Жайық өзендерінің аралығына тұрақты тұруға қоныстану туралы мәселе қойылған емес. Феоалдардың малы, әсіресе
қыс кезінде жайлымда уақытша ұстау сөз етілді. Негізінен өз қожалықтарының мүделерін көздеп Нұралы хан, оның өз туыстары мен ықпалдысұлтандар мәмеленді. Қыс кезінде, негізінен алғанда, хан мен оның інілерінің меншігіндегі жылқы таындары айдап апарылатын. Нұралының шекаралық өкмет орындарына талай рет жасағн өтініштерінен оның тек ғана өз мүдделерін көздегені көрінеді.7
Қазақстанда патша өкіметі саясатын тікелей жүзеге асыра отырып, Орынбор шекаралық әкімшілігі екі жақты қөзқарас ұстанды. Бұл жағынан, ол «ішкі жақты» сол кезде-ақ пайда болған әскери қазақ поселкелері тұрғындарының шаруашылық мүдделерін түгелдей жақтады. Екінші жағынан, отарлауды жүргізу үшін оған қазақ шонжарларының ықпалды бөлігінің қызметі қажет еді. Патшалық өкімет орындары мен қазақ ақсақалдарының бірлескен күш-жігері ғана патша өкіметінің саясатын жүзеге асыруды іс жүзінде қамтамассыз ете алды. Осы себептерге байланысты шекаралық өкімет орындары қазақ шонжарларының өз малын қос өзен аралығындағы аударға өткізу туралы өтініштерін ара-тұра қанағааттандаруға мәжбүр етті.
ХІХ ғасырдың аяғынан бастап қазақтардың Жайықтың оң жағасына, «ішкі жаққа» өтуінің сипаты, ауқымымен себептері өзщгерді. өту үрдсі реттеуге қиын, көп жағынан стихилық және жаппай өту сипатын алды. Титықтаған халақтың бір бөлігі, ешқандай кедергілерге қарамастын, жаңа ауданды игеруге кірісті. Егер бұрын хандармен сұлтандар өздері бұрынғы орындарында қалып, өз малын уақытша, қыстап шығуға ғана өткізіп кетсе, енді іс жүзінде осы
7Б.Әлихан «Таңдама». Алматы 2002ж. 80-85 бет.
10
ауданды тұрақты мекендеп қалу туралы мәселе қойылды. Мұндай талап халақ бұқарсының өзінен шықты. Қозғалыс күшінің елеулі болғаны сонша, птша өкіметі қазақ даласына ықпалын барынша тарату үшін ендегі жерде оны мен санаспай тұра алмады.
Жаңа жағдайларда үкімет қазақ халқының өзіне «ішкі жаққа» өтуге рұқсат етуге ұмтылсын «қабыл алу» қажет деп тапты. Осы арқылы ол халықтың сеніміне кіруге үміттенді, бұл патша өкіметінің саясатын ойдағыдай жүргізу
үшін өте маңызды болатын. Аумақты бере отырып, өкімет Кіші жүздегі сол кезде-ақ отарлауға қарсы сипат алмастырған рулар күресінің шиленісін белгілібір дәрежеде бәсеңдтуге де ниеттенді.
Патша үкіметі қоныс аударудың шекаралық өкімет оргондарының еркін сенімді орындайтын жетекшінің бастауымен «ұйымдасқан түрде» жасалуын дер кезінде ойластырды. Сол кезде хан кеңесінде төрағалық етуші Бөкей сұлтан сондай тұлға болып шықты. Орынбор өлкесі бастығының мінездемесі бойынша , ол «жоғары мәртебелі монархтың тағына» адал болды.8
Өз кезегінде, билікке ұмтыла отырып, оның Кіші жүзде алуға үміттенбеген Бөкей сұлтан үкімет органдарының батыл қолдауын пайдаланып, Жайықтың оң жағасына өтуге және сонда өз хандығын құруға құлдшынды. Қоныс аудару қозғалысының басында болу үшін ол халақ мүдделерін «қорғаушы» рөл шебер орындады. Астрахан казақ полкінің камандирі полковник Попов арқылы Бөкей Астрахан губернаторы Кноррингттен оның өзіне-Бөкей сұлтанға- «жолын қуған» қазақтармен бірге Жайық пен Еділ арлаығындағы аумққа «мәңгілік тұру» үшін көшуге тұқсат ету туралы Ресей импероторының алдына өтініш жасап кіруін сұрады. 1801 жылғы 1-наурызда І-Павелдің жарлығы шықты, онда былай делінген: «Қырғыз-қайсақтардың Кші Ордасының хан кеңеңсінде төрәғалық етуші, Нұрлы ханның баласы Бөкей сұлтанның өзіме ықыласпен қабылдаймын, қай жерді қаласа, сонда көшуге рұқсат етемін және менің мархабатынның белгісіне оған меннің суретім бар
8А.Асқаров «Ұлы тұранның ұлдары».Алматы 2003ж.95-98 бет.
11
алтын медаль тағайындаймын».
Алғашқы қоныс аударушылардың негізгі бұқарасында мал өте аз, киіз үй орнына күрке болды. Олар кедей және ең кедей отбасылар еді. «көшу дәуірінде Ішкі Орданның құраған оның алғашқы тұрғындары қайсақтар (қазақтардың .-Ред) ең кедейлері болатын» деп жазды көзбен көргендердің бірі.
Көшіп кетушілер негізінен Сырым Датовтың қозғалысына тікелей қатысушылар болды. ХІХ ғасырдың орта шеніне қарай «ішкі жаққа» оның руынынан 15 мыңнан адам өтті. Халақтың зор құрметіне бөленген және пат өкіметіне қарсы күрестің танымал ұйымдастыушысы әр басшысы Сырым батыр өзімен оның көптеген ең жақын серіктері хақлықтың Жайық пен Еділ өзендері аралағындағы ауданға көшірудің беллсенді үгітшілері болды. Замандастырының жазғанындай, Бөкей сұлтан бірінші кезекте батыр Сырым Датовтың қолдауына сенген және «халақтың көшіп баруға сонымен бірге баруға көндіре алған».
2.ХІХ ғасырдың Патшалық Ресейдің Кіші жүздегі саясаты.
Жайықтың оң жақ жағасына көшіп барған қазақ ауылдарымен руларының шаруашылық қалпы, тұрмыс салты, дәстүрлерімен әдет-ғұрыпы жөнінен Кіші жүздегі ағайындарынан еш айырмашгылығы болағн жоқ. Олардың көпшілік бөлігі көшпелі малшылар боып қала берді, егіншілікпен құм арасындағы шағын жазиралық учаскелерде ғана айналысты. Орданың негізі қаланған бастапқы кезеңі осылай болды. Бірақ уақыт өте келе жаңа орында олардың дәстүрлі тіршілік болмысының сипаты өзгерді және Жайықтың арғы бетіндегі қазақтардың өмірінен айқын ерекшелне бастады.9
Ішкі орда барлық жағынан Астрахан, Саратов, Орынбор губернияларының жерлерімен, Жайық бойындағы бекіністі әскери шеппен, солтүстік Каспий өңірі бойындағы балық кәсіпшілігі аймағымен шектесіп жатты. Ол жинақты және шағын хандық болды, оның аумағы шығыстан батысқа қарай 350 шақырым және солтүстіктен оңтүстікке 200 шақырым жерді
9М.Маданов «Қазақ халқының мәдениетінің қалыптасуы».Алматы 1998ж.101б.
12
алып жатты. Жайылым алқаптарының шектеулілігі орда құрылуының ең басынан-ақ дәстүрлі кеңістік бойынша игеру әдістерінің орнына, оларды интенсифті игеру проблемасын алға қойды.
Патша үкіметің Ішкі Орда басқару және орталық қамқорлықтың мағынасын да алғанда Қазақ даласының «үлгілі» аймағы етпекші болды.
Ішкі Орда да жер қтынастары саласында жеке және өзіндік меншіктің феодалдық институттарының нығайту үрдісі жүрді. Олар қоғамда барған сайын зор маңызға ие болып, дербес құқықтың мәртебе алды. Егер Қазақстанның көшпелі аудандарында жерді басып алу, әдетте, жергілікті шонжарлардың бастамасы бойынша, байлықтың солардың қолына шоғырлануы салдарынан болса және жайылымға жеке-дара меншік іс жүзінде солдардың иелігімен сыртай қосылып, сыртқы ұжымдылық белгілерін жоғалтпай, көшпелі-ауылдық қауым шеңберінде болуын жалғастыра берсе, Ішкі Ордада ХІХ ғасырдың екінші ширегінен бастап, учаскелердің шонжарлармен ауқапты шаруалардың меншігіне беру жоғарғы жақтың-хан билігінің бастамасымен жүзеге асылды.10 Бұл жаппай және жалпы құблысқа айналды. 1830-1845 жылдар ішінде Жәңгір хан жерді жеке меншікке иеленуге 1517 акті берді. Жер қатынастарының негізіне айналған жерге жеке меншік жүйесі осылайша пайда болы және қазақ қоғамында жер пайдаланудың «қауымдық-рулық» приципіне осылайша соққы берілді. Ханның туыстары, сұлтандар, билер, ақсақалдар, мырзалар және бай мал иелері бірнеше алқапты немесе су көздері бар кең алқапты игере алатын болды. Мәселен, Жәңгір ханның жеке өзінің иелігіндегі жер 400 мың десятиларға жетті. Хан өзінің бауыры Меңдікерей Бөкейхановқа 400 мың десятинаға жайылымдық алапты бекітіп берді, Балқы би Құдайбергеновке 300 мыңдесятина болатын алқапты иеленуге рұқсат ететін грамота табыс етті. Хандықтың бүкіл жер алабының 85 пайызы осындай 25-30 әулиеттің иелігінде болды.
Ішкі Ордада жер иеленушілер иерархиясы қалыптасы. Олардың ең ірісі
10Қ.Салғараұлы «Қазақтың қилы тарихы».Алматы 1992ж. 150 бет.
13
ханның өзі болды, бұл иерархия ең төменгі сатысында қысқы қыстауға арналған шағын жерүлесі бар, өзі жерінде тұратын шонжарларға толық дерлік тәуелді шаруа құрды.
Бірінші кезекте, қысқы қыстауғы және малдың теріндеп жайылуына жарамды алаптар, сондайақ шөп шабылатын жерлер бөлініске түсті қысқы қыстауларда тұрғын ұйлер са лынды, олардың көбі жертөле және жартылай жертөле түрінде болатын. Ордада болған Т.Медведский мылай деп жазған: «шөп шабатын алап жөнінде қазақтарды қауындық еилік жоқ... әр әулет өзіне шөп шабуға бір жола бөліген ұлтарақтай жерді пайдаланады. Содықтан бұл әулиет өзінен нашар немесе бай үлес тигеніне қарамастан, сонда тұрақтап қалды».
Біршма аумақты жазғы жайылымдар кішкене учаскелерге бөлшектелмеді. Олар аумағы үлкен алқаптармен рулық ұжымдардың басшыларына, хан Кеңісінің мүшелеріне, билерге және жекелеген ірі байларға бекітіліп берілді. Жайылымдардың шаруашылық жағынн құны мейлінше татымсыз бөлігі ұжымдық алқаптарға жатқызылды.11
Хан билігіне бірнеше кезекте феодалдардың мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған жаңа аграрлық асясат көшпелі ұжымдар ішінде де тұтас алған да, қоғам ауқымында да әлеуметтік қатынастар мен жіктелу үрдісін тереңдетіп, шиеленістіре түсті. Ақысын төлеп немесе жұмысын істеп беріп, бөтен жерде көшіп жүретін жерсіз отбасылармен ауылдар санаты пайда болды. Ұлтарақтай жерді иеленетін, бірақ құдықтармен су көздері жоқ, сондықтан бай көршідерінің ауылдарына «бекітіліп берілген» шаруа ұйлері көбейді. Жер сауда, қиянат жасау және даулы істер объектісіне айналды. Бұл саясаттан ханның төңірегіндегілер мен жергілікті шонжаралар ұтып отырды. Еңбекші халақтың негізгі бұқарасы жер таршылығымен ауыр қанаудың қыспағына түсті. Жәңгір ханнің өз айтуына қарағанда 6-7 мың отбасының, яғни халақтың 1\3 бөлігінің жері болмаған, сондықтан олардың көбі оның көршілес орыс губернияларымен
11Аманжолов «Түркі халақтарының тарихы».Алматы 1999ж.95-98 б.
14
жер иелерінен, Каспий балық аулаушы кәсіпшілерінен жалғауға мәжбүр болған.
Ордада сауданың дамуына үш фактор: а) ауылдардың шауашылық жағынан нығаюымен тауар-ақша қатынастарының таралуы; ә)ханның көтермелеу саясаты ; б)ішкі орданың орыс саудагерлерімен басқада саудагерлер үшін географилық жағынан қолай орналасуы , сондайақ олар үшін ордадағы сауда операцияланың ерекшге пайдалығы себепші болды. Жәңгір хан жат жергілік тауарлар үшін баж төмен төленетін сауда белгілеп, орданың әртүлі жерлерінде олар үшін маусымдық жәрменкелермен сауда пунктерін құрып ғана қойған жоқ, сонымен қатар жат жерлік көпестердің мүдделерін қамтамасыз етуге өз капиталымен де қатысып отырды. Атап айтқанда оның өзі жасаған сауда ережелерінде мыналар көздерді: «Сауда жасаушының капиталын қамтамсыз ету үшін, ол (хан ) өзіне бағынышты ордалықпен көпестің алдын ала жасасқан мәмлесі бойынша, ордалықтың нақты малы немесе ақшасы болмаған жағдайда, көпеске өз кепілдігі мен қол хат беруге міндеттенеді. Егер қазақ мерзімді уақыттында төлеуге келмесе, ешқандай сөзбұйдаға салмай хан төлейді».