Қызылорда облысының мәдени даму белестері (1946-1991 жж.)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Сентября 2013 в 21:03, реферат

Описание работы

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Бұл магистрлік диссертацияда Қызылорда облысының 1946-1991 жылдар аралығында мәдени даму жолдарының өзіндік ерекшеліктері жаңа тарихи тұрғыдан талданып, жан-жақты ғылыми негізде қарастырылған.
Тақырыптың өзектілігі: Мәдениет – халықтың сан ғасырлар бойы жинақтап, ұрпақтан – ұрпаққа сабақтасып келе жатқан асыл қазынасы, бітім – болмысы, жалпы халықтың дамуының іргетасы.
Еліміз тәуелсіз мемлекет болып, әлемнің өркениетті елдер қатарынан көрініп, ғасырлар бойғы арманына жетті. Тарих ғылымы саласында аздаған жылдар аралығында тоталитарлық кезеңде бұрмаланып келген Отан тарихы жаңа тұрғыдан зерттеліп, оған тиісті оң баға беру жүзеге асуда. Алайда, ғылымның бұл саласында зерттелмей жатқан тың және жаңа тұрғыдан қарауды қажет ететін мәселелер баршылық.

Файлы: 1 файл

Сыр ониринин тарихы.doc

— 208.50 Кб (Скачать файл)

Диссертациялық жұмыста Н.Бекежанов  атындағы Қызылорда облыстық қазақ  драма театрының облыстың мәдени-рухани өмірінде алатын орны жан-жақты көрсетілген.

Театр 1955 жылы Қаратал, Еңбекшіқазақ және Ақсу аудандарындағы колхоз-совхоз негізінде Талдықорған қаласында  құрылды. 1960 жылы Қызылорда облыстық қазақ драма театры болып жаңа мекенге ауысты. 1970 жылы Алматыда облыс театрларының байқауы өткізілді. Республиканың барлық аймақтарынан қатысқан өнер шеберлерінің байқауы нәтижесінде Қызылорда драма театры «Құрмет грамотасымен» наградталды. Республика көлемінде 1974-78 жылдары өткізілген байқауларда Қызылорда театры екі мәрте екінші дәрежелі дипломға ие болды және шеберлердің ішінде суретшілер Жұмаш Әбіров пен Серік Пірмаханов, актриса Әлия Арысбаева сол байқаулардың жүлдегері атанды. 1966-70 жылдары театр сахнасында 20 жаңа көрініс қойылды. Осы 5 жыл ішінде театр өнерпаздары барлығы 1200 көріністер қойып,оны 200 мыңнан астам көрермендер тамашалады.

Қарастырылып отырған кезеңде  облыстың драма театрымен қатар  аудан халықтарына 10 халықтық театрлар мәдени қызмет көрсеткен.

Соғыстан кейінгі жылдары облыстың әдебиеті мен өнерінің дамуында айрықша кезең болды. Біздің өлкеміз қашаннан қалыптасқан дәстүрі бар, ақын, жыршыларға, әнші-күйшілерге, өнер адамдарына бай өлке. Қарыстырылып отырған кезеңде Қызылорда топырағынан шыққан, бұл күндері есімдері республика жұртшылығына ғана емес, бүкіл Одақ оқушыларына танымал болып отырған Асқар Тоқмағамбетов, Әбділда Тәжібаев, Мұхамеджан Қаратаев, Әбдіжәміл Нұрпейісов, Сәбира Майқанова, Роза Бағланова, Сұлтан Хожықов, Қалтай Мұхамеджанов, Сахи Романов сияқты ақындар мен жазушылар, әртістер мен суретшілер облысымыздың мәдениеті мен өнерін дамытуға ерекше еңбек сіңірді.Бұл кезеңде қаламгерлердің азаматтық жауапкершілігі артты. Халық өмірінің терең қабаттарын ақтара зерттеп, туған жұрттың азаматтық тарихындағы беймәлім оқиғалары мен құбылыстардың қоғамдық-әлеуметтік сырын бейнелеуге тырысқан. Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан кейін кеңес адамдарының ерлік хикаясын жырлаудың жаңа кезеңі басталды,  онда да сол сұрапыл бел ортасында жүріп, жан беріп, жан алысқан кешегі жауынгер ақындар мен жазушылар жүрек естелігін ақтарды. Майдангер ақындар Әбзәли Егізбаев, Нұрсұлтан Жұбатұлы, Әли Есмамбетов, Асқар Нұртазин т.б. шығармашылығының Сыр әдебиетінде өз орны бар.

Облыс көлемінде тұрса да әдебиет  әлеміне құлаш ұрып, өрнегі мол  өрісті шығармаларымен танылған жергілікті ақын-жазушылар республика мәдени өміріне үлес қосты.

Қаралып отырған бұл жылдарда облыста  өткен ғасырлардан бастау алған  жыршылық, жыраулық, терме өнерін атадан балаға мирас ету дәстүрі кең  өріс тапқан. Сыр өлкесіне қанық, әрі  әуезді терме әуендерін таратушылардың бірі Жиенбай жырау болса, оның өнерін баласы Рүстембек пен немересі Көшеней нақышына келтіре дамыта түскен. К.Рүстембеков ұмытылыңқырап барып қайта жаңғырған жыршылық дәстүрдің жандануына зор талантымен себепкер болды.

Жыршы, термешілер Қ.Алдабергенов, Қ.Алдоңғаров, Б.Әлібеков, Д.Кенжебаев, Б.Жүсіпов, А.Тұяқбаевтардың ізін қуып, сөніп бара жатқан шоқты үрлеп, бұл өнердің шынайы жанашырлары болған Ш.Төлепова, Ә.Әбуов, Н.Ойнарова, Ә.Еңкебаев, Ж.Аққұлов, Қ.Бүрлібаев, А.Сәрсенбаев, Б.Рүстембеков, А.Алматов, С.Мырзаев, Р.Әшімов, Қ.Мананбаев, М.Ысқақов, Г.Суханбердиева, Ә.Жаңабергенова, Ұ.Байбосынова, Ү.Медеуов, т.б. 1975 жылдан бастап Сыр термесін қазақ жұртшылығына ғана емес көптеген шетелдіктерге таныстырды. Алмас Алматов Франция, Германия, Скандинавия елдеріне, Қуандық Бүрлібаев Жапонияға барып, әуез мамандарынан лайықты баға алды. Басқа жыршы, термешілер жекелеп те, топтасып та Монғолия, Ресей, Украина, Әзербайжан, Саха елдеріне сапар шекті, халықаралық Лорд конференциясына, Великий Устюг қаласында өткен фольклор мерекесіне қатысты.

Жастарды осы салаға бағыттау, бұл  өнерді үлкен ауқымда насихаттау кеңінен қолға алынып, Қармақшының  өзінде Жиенбай, Тасберген, Сәрсенбай, Шәмшат жыраулық мектептері ашылды. Халықтық өнердің нәрімен сусындату орындары өзге де ауданарда да ұйымдастырылды. Жаңақорғанда Манап, Шиеліе Нартай, Аралда Нұртуған, Жаңаберген мектептері жұмыс істейді.

Сексенінші жылдардың ортасында  Қызылорда облысындағы Қармақшы ауданында үш жыраулар мектебі ашылды. Сол өнер мектептерінде ә дегеннен есімі алты алашқа кеңінен мәлім болған, осы аудан топырағында туып, ғұмыр кешкен атақты жыраулар: Құлманұлы Тасберген, Дүзмамбетұлы Жиенбай, Бөртебайұлы Сәрсенбайдың мақамдары үйретіліп, ізінше бұл мектептер солардың есімімен аталды. Осылай үш саңылақ жырау – мәңгі сөнбейтін өнер жұлдызына айналды [36. 221].

Бұл өңірде осындай маңызы зор істің  жүзеге асуына республика және одан сырт жерлердегі әдебиет пен өнердің  белгілі мамандары, үлкен ғалымдар елеулі үлес қосты. Солардың ішінде Петербургтегі  этнографиялық мемлекеттік музейдің сектор меңгерушісі өнертану ғылымының кандидаты Алма Тұрсынбекқызы Құнанбаеваның осы мектептерді ашуда көп еңбек сіңіргенін айрықша атап көрсетуіміз керек. Мұның өзі болашақтағы өнер тарихы беттері болып табылады.

Бұл күнде осы жыраулар мектебінен білім алғандардың көбісі елеулі жетістіктерімен ел аузына іліге бастады.

Айтыстың жүйелі түрде өткізіле бастауы 1979 жылы қолға алынды. І облыстық ақындар айтысында М.Көкенов, М.Қыраубаев, Б.Өтепов, М.Тұрсанов, Е.Қоңқабаев ақындық  дарынымен жарқырап көрінді. 1950-1980 жылдары облыс көлемінде айтыс өнерінің дамуына Қазақстанның халық ақыны Манап Көкенов зор еңбек сіңірді. Сыр өңірі оқырмандарының әр кезеңде республикада өткен айтыстарда шоқтығы биік болып, жүлделі орындарды иемденуі төгілген тердің еш болмағанын көрсетеді. Манаптың өзінен бастап Мүтәліп, Әбілхан, Есіркеп, Махамбетқали, Замаддин, жастардан Серік Өтеуов, Серік Ыдырысов, Бибігүл, Лена, Ниятолла, Зухра, Кенжебай, Әбілқайыр, Жұмабай қатысқан жыр сайыстары мазмұндылығымен, сөз сапау шеберлігімен ерекшеленеді. 1980 жылы кезекті ІІ айтыс, ал 1982 жылы КСРО-ның 60 жылдық мерекесіне арналып ІІІ айтыс өткізілді. 1985 жылы Жеңістің 40 жылдығы құрметіне өткізілген ІV айтыс пен Қазан төңкерісінің 70 жылдығына арналған V айтыста С.Өтеуілов, О.Нұрмаханов, С.Ыдырысов, С.Пірманов, А.Өтебаев, Б.Жаппасбаева, Б.Тәңірбергенов, т.б. жас буын өкілдері шеберліктерін шыңдап келе жатқандығын байқатты. 1990 жылы өткен VІ облыстық ақындар айтысы Қазақстанның 70 жылдығына арналды. Онда жүлделі орындарды М.Тұрсанов, З.Ибадуллаев, С.Ыдырысов иемденді, Лена мен Гүлнар келешегінен үміт күттіретін ақындар ретінде танылды. VІІ айтыс 1993 жылдың мамыр айында өткізілді [14. 199].

Сыр өңірінің ән-жырын насихаттауда Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясы, Халық әні кафедрасының аға оқытушысы, өнер зерттеушісі Берік Жүсіпов «Мырзастағы жыр мектебі», «Жиделі Байсын күйлері» атты өнер тақырыбындағы монографиялар жариялады .

Қазір облыс көлемінде тұрып, еңбек  етіп жатқан бейнелеу өнері өкілдерінің  ішінде шоқтығы биігі Республиканың еңбек сіңірген өнер қайраткері, график-суретші Қайырбай Зәкіров. Оның туындылары елімізде, шет елдерде лайықты бағасын алған. Қызылордада Қазақстан Суретшілер одағының 18 мүшесі – Ш.Сәмеков, Б.Есіркепов, Я.Ағытаев, Т.Ахметов, Ә.Мамақова, Е.Биманов, М.Үмбетов, А.Ордабаев, Ж.Әбдіраманов, А.Кенебаев, Е.Палымбетов, т.б. бар. Олар өз еңбектерімен бұрынғы Одақтас республикалар, Индия, Швеция, АҚШ, Франция, Португалия, Польша, Чехославакия, Марокко, Йемен мемлекеттерінде өткен көрмелерге қатысты [16. 231]. 

Облыс орталығында бір суретшілер мектебі бар, 1992 жылы педагогикалық  институтта алғаш рет бейнелеу өнері  қафедрасы ашылды.

Қазақ әдебиеті мен мәдениетінің көрнекті өкілдері А.Тоқмағанбетов, З.Шүкіров, А.Хангелдин  және т.б. Сыр елін, оның еңбеккерлерін үлкен махаббатпен талмай жазып, жырлағандары оқырмандар мен жерлестері тарапынан зор құрметке бөленді. Халық ақыны Манап Көкенов бастаған дарынды жастар ақындар айтысын қайтадан жандандыра бастады. Сыр өңірінде жырау, жыршы, термешілердің қатары көбейіп, жыраулық дәстүр кең өріс алды. Қазақ халқы өнерінің барлық түрі Сыр елінде бұзылмай сақталып, жалғасын табуда.

Қорытынды. Соғыстан кейінгі жылдар Қызылорда облысының мәдениетінің дамуында оң өзгерістерге толы кезең болды. Қарастырылып отырған уақытта облыстың оқу-ағарту, білім, ғылым саласында, әдебиет пен өнердің дамуында зор табыстарға қол жетті. Әкімшілік-әміршіл жүйенің идеологиялық саясаттағы ықпалына қарамастан, облыстың мәдени-ағарту мекемелері тұрғындардың әлеуметтік-мәдени сұранысты қанағаттандыруда бірсыпыра табыстарға қол жетті. Әсіресе, білім беру саласы мен мәдени қызмет көрсету бағытында қол жеткен жетістіктерді ешкім де жоққа шығара алмайды. Бұған бөлінген қаржы көлемінің "сыртқы" принцип бойынша жүргізілгендігіне қарамастан көптеген мәдени ошақтар пайда болды. Халықтың білім дәрежесі көтеріліп, рухани баюындағы театр, мұражайдың рөлдері өсті.

Десек те, мектеп ісі тоталитарлық жүйенің ықпалында болды.  Оқу  процесін идеологияландыру, формализм  және түрлі тәрбие шараларын өткізудегі таптаурындық оқушылар бойындағы оқуға, ғылымға деген қызығушылықты әлсіретті. Жаппай білім беруге жалпылама көзқарас оқушылардың жеке қасиеттерінің, таланттарының ашылуна кері әсерін тигізді. 

70-80 жылдардағы тоқырау білім  саласына да кері әсерін тигізді. 80-жылдардың аяғында көптеген оқытушылар материалдық жағдайларының қиындығынан мектептегі жұмыстарын тастап, басқа салаға ауысып кетті. Мұғалім мамандығының  беделінің түсуі, жалақысының аздығы, қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық ахуалы білім саласында да кері әсерін тигізді. Мектеп ісі жедел қайта құруды талап етті. 1991 жылы тәуелсіздікке қол жеткеннен кейін жалпы білім саласы жаңа белеске көтерілді. 

- Соғыстан кейінгі жылдары облыстың  жоғары және арнаулы орта оқу  орындары сандық және сапалық  өзгерістерді басынан кешірді. Бұрын бірде-бір оқу орындары жоқ өлкеде, 1991 жылы екі жоғары білім беретін оқу орны  - Н.В.Гоголь атындағы педагогикалық институт пен Ы.Жахаев атындағы Қызылорда политехникалық институты және 6 арнаулы орта білім беретін училище, техникумдар жұмыс істеді. Қарастырылып отырған кезеңде оқу орындарының материалдық-техникалық базасы нығайды, педагогикалық кадрлар құрамы толықтырылды, студенттер контингенті өсті, профессор-оқытушылардың ғылыми зерттеу жұмыстарының сапасы артты.

- Облыс тұрмысындағы әлеуметтік-мәдени шаралардың барлық салаларында кеңестік жүйенің идеологиялық сақшылары орнатқан саяси-ағарту жұмыстарының көріністері анық байқалды. Бұл тек қана халыққа білім беру саласында ғана емес, сонымен бірге мәдени-тәрбие жұмыстарындағы мұражай ісі, драма театр, кітапханалар қызметі сияқты көпшілікке рухани жағынан ықпал ете алатын бағыттарда зор қарқынмен жүргізіліп, насихатталып жатты.

- Соғыстан кейінгі жылдары облыстың әдебиеті мен өнерінің дамуында айрықша кезең болды. Бұл кезеңде қаламгерлердің азаматтық жауапкершілігі артты, халық өмірінің терең қабаттарын ақтара зерттеп, туған жұрттың азаматтық тарихындағы беймәлім оқиғалар мен құбылыстардың қоғамдық-әлеуметтік сырын бейнелеуге тырысқан. Облыс жазушыларының шығармаларында адамгершілік, азаматтық рух тәрізді өмірлік тақырыптар шеберлікпен кестеленді. Алайда, тоталитарлық қоғамда шығармашылық бостандықтың тақырыптық және хроникалық шеңбері шектеулі болды. Көркем әдебиет өкілдерінің басты тақырыбы "кеңес халқының"  ұлы ерліктерін көрсету болды.

- Зерттеліп отырған кезеңде  өткен ғасырлардан бастау алған  жыршылық, жыраулық өнер одан  әрі жалғасын тапты. Сыр термесі  көптеген шетелдіктерге таныстырылды. Жастарды осы өнерге насихаттау  бағытында жыраулық мектептер  ашылды.  Ақындар айтысы жаңа  сипат алды. 1979-1993 жылдар аралығында 7 рет ақындар айтысы өтті. Сыр өнерінің өзіндік ерекшеліктерін зерттеу қолға алынды. Жыраулық өнерді жастардың арасында насихаттау кеңінен жүргізілді.

Қызылорда облысындағы 1948-1991 жылдардағы мәдениеттің даму тәжірибесін зерттей келе, жоғарыда көрсетілген кемшіліктерді қайталамау және қол жеткен жетістіктерді одан әрі кеңейту мақсатында төмендегідей кейбір ұсыныстарды алдағы уақыт еншісіне ұсынуды жөн көрдік:

1. Еліміздің тәуелсіздік алуы  төл тарихымызды тереңінен зерттеуге жол ашып отыр. Осы орайда, әрбір аймақтың белгілі бір тарихи кезеңдегі мәдени-рухани дамуындағы қол жеткен жетістіктерді бүгінгі күн тұрғысынан саралай отырып, оның тарихында өткен оң тәжірибелерді кеңінен пайдаланудың маңызы күн сайын артып отырғандығы рас. Бұл жерде өткеннен сабақ алып, ой түйіндеудің болашаққа сеніммен қарап, әрі дұрыс қадам жасауға мүмкіндік беретінін естен шығармауымыз керек.

2. Қызылорда облысының тарихын  зерделеу барысында мемлекеттің  қамқорлығы болмаса әлеуметтік-мәдени  саланың дамып, қоғамның рухани құндылығының тұтқасына айнала алмайтындығын байқадық. Сондықтан еліміздегі рухани-мәдени тұрмысқа қатысы бар салалардың, нарықтық қатынастар жағдайындағы тың жолының реформасын тезірек дайындап, мұндағы жеке адам факторының орнын анықтау керек. Бұл зиялы қауым өкілдерінің қоғам алдындағы жауапкершілігін көтерумен бірге, оларға жасалатын мемлекеттік қамқорлық көлемін де анықтар еді. Ал, бұл жерде әлеуметтік қазіргі әлеуметтік тұрмыстағы қиыншылықтар әбден ескерілуі тиіс.

3. Қызылорда облысының тарихында елге танылып, білім мен мәдениет орындарын дамытуға үлес қосқан азаматтар баршылық. Соларды облыстық, қалалық мұражайлар, жергілікті баспасөз арқылы көбірек насихаттап, арнайы естелік кітаптар шығарылса, құжаттар жинағы жарияланса дұрыс болар еді. Сонда ғана, аға ұрпақ тарихы мен істерінің шоқтығы биіктеп, қадір-қасиеті мен бағасы артып, тағылым-тәрбиесі мен маңызы мейлінше тереңдей түседі. Келер ұрпақ аға буынның осы өшпес ерлігін, жасымас жігерін, Отанға деген сүйіспеншілік пен адал қызмет етуін үйренеді. Ал мұның өзі, қазақстандық патриотизмді қалыптастырудағы құнды олжа болып табылады.

4. Мәдениет пен өнердің халықтық  сипат алуы мақсатында облыс  аудандарының әрбір ауылында, елді  мекендерде «Өнер күндерін» (кесте  бойынша) өткізуді ұйымдастыру. Бұған сол ауылдағы немесе елді мекендегі өнерпаздарды, танылмай жүрген таланттарды және ауданның белгілі әншілері мен күйшілерін, бишілерін қатыстырып, сол ауылдық округтік әкімінің басшылығымен өткізу. Жергілікті жердегі қолөнер шеберлерінен жасаған бұйымдарынан, суретшілердің салған суреттерінен үлкен концерт алдында көрме ұйымдастыру. Тәжірибе алмастыру мақсатында қызметкерлерін қатыстыру. аудан әкімдігінің осы саладағы қызметкерлерін шақыру. Сонда ғана біз тек аудан орталығында ғана емес, ауылдық жерлерде өтіп жүрген мәдени шараларды да талдап айтатын боламыз.

Информация о работе Қызылорда облысының мәдени даму белестері (1946-1991 жж.)