XVI ғасырдың соңы -XVIII ғасырдың басындағы қазақ-орыс қатынастары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2013 в 05:22, реферат

Описание работы

Қазақ-жоңғар соғыстары мен шаруашылықтың күйреуі қазақ билеушілерін Ресеймен одақтасуға итермеледі. Қазақ-орыс қатынастарының тарихи тамыры тереңнен бастау алатын. Екі ел арасындағы қарым-қатынастар Қазан хандығы (1552) мен Астрахан хандығын (1556) және Еділ бойындағы халықтарды Ресей империясы өзіне қаратып алғаннан кейін тереңдей бастады.Орыс мемлекеті Орта Азияға қазақ жері арқылы өтетін дәстүрлі сауда жолдарын қауіпсіздендіру мақсатында Қазақ хандығымен экономикалык байланыстар орнатуға мүдделілік танытты.

Содержание работы

Кіріспе
XVI ғасырдың соңы -XVIII ғасырдың басындағы қазақ-орыс қатынастары
Негізгі бөлім
Қазақ билеушілерінің Ресей бодандығын қабылдауы
Патшалық Ресейдің далалық аймақты отарлауға көшуі:
әскери бекіністердің, қоныстар мен қалалардың салынуы

Файлы: 1 файл

Срс.docx

— 51.66 Кб (Скачать файл)

Уездер территориялық  белгі бойынша бір болысқа 1000-2000 киіз үй және бір ауылға 100-ден 200-ге киіз үй кіретіндей болып есептелген болыстар мен ауылдарға бөлінді. Болыстар шаруашылық жағынан біріккен ауылдардан тұрды. Осыған байланысты жаңа жағдайда қазақтардың рулық қатынастар бойынша тарихи бөлінуі заңды  түрде жойылды. Ру басында ақсақал  тұрғанда, оның сөзі мен ісі билік  күшке ие жағдайында патша үкіметінің дала тыныштығы үшін қорқуы заңды  нәрсе болатын. Граф Паленнің Түркістан  аймағын тексеру жөнінде есеп беруінде: "Бұл шараны іске асырудағы  мақсат рулардың үлкен аймақта бір  қалыпты орналаспауы әкімшілік  басқару жүйесіне кедергі туғызды  және көптеген біріккен ру басында  ру ақсақалдары тұрған жағдайда дала тыныштығын ұстап тұруда көп қиындықтар туғызуы мүмкін еді", – деп  ондай биліктің күштілік себебін  тап басып жазуы осының айғағы. Елге сүйенген ру басы кей жағдайда әкімшілік талаптарды орындамауы да әбден мүмкін екені шындық.

1867 ж. Ереженің 85-бабына  сәйкес болыстардың басында қазақтардан  сайланған болыс басқарушылары,  ал ауылдардың басында сол  сияқты сайланатын старшиналар  болды. Ережеде "болыстық және ауылдық старшиналарды халық сайлайды" деп нақты көрсетілген. Бір қарағанда сайлау демократиялық негізде жолға қойылған болып көрінуі мүмкін, бірақ іс жүзінде патша үкіметі сайлауды өз мақсатына орай жүргізіп отырды. Сайланған болыс басқарушыларын – облыстық әскери губернаторы, ал ауылдық старшиналарды уезд бастығы бекітетін еді. Отаршылар әкімшілігі ұсынылған кандидаттар көңілінен шықпаса бекітпей тастап, жаңа сайлау белгілеуі де мүмкін болатын. Болыс басқарушыларын сайлауға – уезд бастықтары, ал ауылдық старшиналарды сайлауға болыс басқарушылары міндетті түрде қатысатын. Болыс басқарушылары тікелей уезд бастығына бағынышты болды және оның барлық бұйрықтарын орындауға міндетті еді, ал ауыл старшиналары болыс басқарушысына тікелей бағынышты бола отырып, болыс басқарушысына жүктелетіндей міндеттерді орындады.

Реформаларды жүзеге асыруда  патша үкіметі саяси-экономикалық іс-шараларымен қатар өлкені мәдени және  рухани жағынан да отарлауға басты назар аударған болатын. Халық ағарту ісі патшалықтың сыртқы саясатының үлкен де маңызды саласы болып табылатын. Бұл сала патша үкіметі отарлау саясатының өзекті құралы десе де болады. Бұл саясат Ресейдің қарамағындағы ұлттарды біртіндеп христиан дініне кіргізу арқылы орыстандырып, сөйтіп империяның тұтастығын арттыруға арналған еді. Осыған сай, 1867-68 жж. реформада халық ағарту ісінде жүргізілетін шаралар жан-жақты қарастырылды. Сол құжаттар бойынша уездік қалаларда бастауыш мектептер ашу көзделген: "Дала тұрғындарына бастапқы білім беру үшін алғашқы кезде уездік басқарма орналасқан жердің бәрінде ұлт айырмашылығына қарамастан ортақ мектеп ашу керек". Осыны негізге ала отырып талай мектептер, гимназиялар ашылды.

        1886,1891 жылдардағы ережелер

Әкімшілік-аумақтық  реформалар жүзеге асырылғаннан кейін патша үкіметi 1886 жылы 2 маусымда «Түркістан өлкесін басқару туралы Ереже», ал 1891жылы 25 наурызда «Ақмола, Семей, Жетісу, Орал, Торғай облыстарын басқару туралы Ереже» қабылдады. Бұлар eндi уақытша ережелер емес, нақты заң ретінде енгізілді. Жаңадан қабылданған ережелерге сэйкес қазақ жерінде екі генерал-губернаторлық құрылды: 1. Түркістан генерал-губернаторлығы, орталығы Ташкент болды. Ал оның құрамына Ферғана, Самарқанд және Сырдария облыстары кipдi. Облыстар уезге бөлініп, бұрынғы әкімшілік бөлініс жуйесі сақталды. 2. Далалық генерал-губернаторлығы, орталығы Омбыда орналасты. Оның құрамына Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу(1897 ж. Түркістан өлкесіне берілдi) облыстары eндi. 1890 жылы ақпанда «Закаспий облысын басқару Ережесі» қабылданды. Бұл ереже бойынша Закаспий облысына Маңғыстау, Красноводск, Ашхабад, Теджен, Мерв уездерi кipдi.

1886,1891 жылдардағы ереже бойынша генерал-губернаторлардың  билігі бұрынғысынан да күшейе бастады. Облыс орталықтары: Верный, Орал, Омбы, Семейде полицейлер басқармалары құрылды. Ақмола, Көкшетау, Зайсан, Павлодар, Өскемен, Жаркент, Қапал,  Лeпci,  Қостанай сияқты уездік қалаларда полицейлік приставтар енгізді .Әр шаңырақ салығыньң  мөлшepi 4 сомға көтеріліп, салық пен міндеткерліктің жалпы  көлемi  10 сомға жетті.

  Бүкіл казақ жері Ресей империясының мемлекеттік меншігi  болып жарияланды. Сот және кұқықтық  жүйе де Ресей заңдары негізінде жұмыс  icтедi. Сот жүйесінің теменгі буыны «халық соты» (билер соты) өз қызметтерінен айырыла бастады. Жалпы алғанда сот және полиция органдарының  билігi нығайтылды.

Сібір және Сырдария әскери желілерінің түйісуі. Ресейдің Қазақ жерін жаулап алуының аяқталуы

Ресейге тек Қоқан хандығына  қарайтын оңтүстікте Ташкенттен Шу өзеніне  дейінгі, солтүстігінде Сырдың орта ағысынан Ақмешітке дейішгі ¥лы  жүздің оңтүстік бөліп ғана кірмеді. XIX ғасырдың бірінші жартысында Қоқан  және Хиуа хандықтары да Сыр бойына қамалдар мен бекіністерін сала бас-таған  болатын.Сырдария мен Қуаңдария  өзендерінің аралығы Хиуа хандығының, ал қазақ жерінің оңтүстігі Қоқан  хандығының бақылауында болды.Қоқан  және Хиуа бекіністерінің стратегиялық тұрғыда ерекше орналасуы тек  отырықшы қазақтарды ғана өмес, сонымен  қатар, Сырдариядан өтетін кез-де көшпелі  халықты да, транзиттік сауда жолдарын да бақылауында ұстауға мүмкіндік  берді. Кейбір қазақ рулары екі жақты  қысымда болды: бірі Ресей жағынан, екіншісі Хиуа мен Қоқан хандықтары тарапынан. Кейбір қазақ ру-ларының  жайлауы Орынбор облысы өңірінде болғандықтан Ресейге салық төлесе, ал қыстауы Сыр бойында болғандықтан қоқандықтарға да салық төлеуге мәжбүр болды.Сондықтан да қазақтар бірнеше мәрте Хиуа мен Қоқан хандықтарына қарсы көтеріліс те жасаған еді. Мысалы, қазақтар 1843 жылы Сырдың төменгі ағысындағы Қуаңдария бекінісін қиратса, 1845 жылы көктемде 2000-ға жуық хиуалық әскери жасағын талқандаған. Осы жылы Хиуа бекінісі Бесқаланы да талқандайды.Қоқан хандығының қол астындағы аймақтарда да бірнеше рет толқулар мен кетерілютер болды. Солардың ең ірісі 1812 жылы 12 мың көтерілісшілері бар Тентек төренің басшылығымен болған Оңтүстік Қазақстан жеріндеп көтерілісті айтуға бола-ды. 1845 жылы сыр қазақтары да қоқандықтардың Жүлек, Жаңақорған, Тұрсынбай бекіністерін басып алады.

Ресейдің қазақ жерінің  оңтүстгіндегі негізгі тірегі әскери бекіністері болды. 1825 жылы ¥лы жүзге  Ямышев бекінісінің коменданты, подполковник В. Шу-биннің басшылығымен 120 қарулы казак  отряды жіберілді. Бұл отряд Жеті-суда Алатау, Қапал, Сергиополь, Лепсі бекіністерін тұрғызып, Аягөз және Көкпекті округтық приказдарын ұйымдастырады. 1848 жылы 10 қаңтарда ¥лы жүзге де ресейлік пристав тағайындалады. Осы жылдары  Сыр бойында бірнеше бекіністер салынады: 1847 жылы Сырдария сағасынан 70-80 км жерде Райым бекінісі, сондай-ақ №1 Қазалы форты, №2 Қармақшы форты салына-ды, 1851 жылы Таушүбек бекінісінен, 1853 жылы Ақмешіт бекінісінен қоқан-дықтар ығыстырылады.

Бұл жерде Орынбор губернаторы, кавалерия генералы, граф В. Перов-скийдің  қазақтардың қолдауымен бұл аудандардан  қоқандықтарды ығысты-рудағы өте  сәтті операцияларын ерекше айта кеткен жөн.Міне, осыдан кейін Батыс  Сібір генерал-губернаторы Г. Гасфорттың Сырдария және Сібір әске-ри желілерін  қосу женіндеп ұсынысы қолдау талқан болатын.Осы мақсатта Көксу және Іле өзендері аралығында бірнеше  бекініс тұрғызу мәселесі шешілді. 1854 жылы көктемде ¥лы жұз приставы майор М. Перемышель-скийдің басшылығымен Верный бекінісі қаланды. 1855жылы Қапалдан прис-тав резиденциясы Верныйға көшіріліп, Жетісудың орталығына айналды.

1858 жылы наурызда Әулие-ата  аймағында қазақтардың Қоқан  устемдіг-іне қарсы ең ірі көтеріліс  басталады. Көтеріліс өте кең  ауқымды, яғни Шым-кенттен Пішпекке  дейінгі  аралықты қамтыды Кетерілісшілер Пішпек және Шымкент маңында қоқандықтарға күшті қарсылық керсетіп, Әулие-атаны қоршап алады. Бірақ олар шешуші жеңістерге қол жеткізе алмады.Қоқан әскерінің қысымынан Ресей қарамағындағы аудандарға көшуге мәжбүр бол-ды.Көтеріліс жаңа аудандарды да қамти бастады.1858 жылы мамыр айын-да көтерілісшілер Созақ, Мерке, Шолаққорған бекіністерін басып алып, Жа-ңақорған мен Түркістанды қоршауға алады.Қоқан әміршісі Худояр хан өз жағына қазақтардың беделді ру басыларын тарта отырып, көтерілісшілердің қарсылығын әлсіретуге қол жеткізді.Осылайша негізгі көтеріліс ошақтары басылған еді. Дегенмен бұл көтерілістер ¥лы жүздеп қоқандықтардың билігін әлсіретіп, Ресейдің қазақ жерінің оңтүстігіндегі әскери қимылдарын белсен-дірек жүргізуге жол ашып берді.

Қоқан әскерлерінің Әулие-ата, Мерке, Пішпек, Тоқмақ аймағына шоғырлануына байланысты 1860 жылы орыс әскерлері  подполковник Циммерман-ның басшылығымен Қастек қамалынан Шу алқабы арқылы Әулие-ата, Шым-кент, Ташкент бағытына қарай жорығын бастады. Сөйтіп, 26 тамызда Тоқ-мақты, ал 4 қыркүйекте бес  күндік қоршаудан кейін Қоқан  хандығының өлке-дегі ең негізгі тірегінің  бірі - Пішпек алынады. Бұл аймақтағы  ықпалынан ай-ырыла бастаған Қоқан  хандығы 22 мындық әскерін Верныйға қарай аттан-дырады. Қазан айында ¥зынағаш маңында Қоқан әскері Алатау округінің басшысы Г. Колпаковскийдің  қарамағындағы орыс әскерімен кездеседі. 19-21 қазандағы үш күндік ¥зынағаш шайқасының нәтижесінде Қоқан әскері ойсырай  жеңіледі. Қазақтар Қоқан әскерінің  қарамағында да, орыстар жа-ғында  да шайқасқа араласты.

Ресей әскерінің нәтижелі жорығы 1864 жылы болды. Верныйдан шыққан подполковник М. Черняевтің әскері 4 маусымда Әулие-атаны басып алады. Ал Ақмешіттен шыққан полковник Н. Веревкиннің әскері 12 маусымда Түркістанды, 22 қыркүйекте Шымкентті бағындырады. 1865 жылы 17 мау-сымда үш күндік шайқастан кейін орыс әскерлері Ташкентті басып алды.

Осылайша Сырдария және Сібір  әскери желілері қосылғаннан кейін 1865 жылы 12 ақпанда Әскери министрдің бұйрығымен Түркістан облысы құры-лып, ол Орынбор губернаторлығына бағынды. Облыстың әскери губернато-ры болып генерал М. Черняев тағайындалады.1866 жылы көктемде орыс әскерлері Бұхар әмірлігінің территориясын бағындырды.Ал, 1867 жылы оның көптеген аумақтары Түркістан генерал-губернаторлығының құрамына енгі-зіледі.Бұл жерде генерал-губернатор болып генерал-адъютант фон К.Кауфман тағайындалған еді.

Ресей империясы бұрын  ортаазиялық хандықтардың тәуелділігінде болып келген ¥лы жүз аумағын әскери күш қолдану арқылы толық бағындырып алды. Қазақ жерінің барлық аумағы Ресей империясының құрамына енді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1.А.Күзембайұлы,  Е.Абишев  История Казахстана  Алматы «Санат» 1996/226-229б,254-263б

2.К.Рысбай Қазақстан Республикасының тарихы   Алматы 2005/98-113б

3.М.Абдиров Завоевание Казахстана Царской Россией   Астана «Елорда» 2000./152-155б

4.М.Б.Мұхамедов Б.Сырымбетұлы Қазақстан тарихы 110-113б/129-132б

5.Г.В.Кан  Н.У.Шаяхметов  Қазақстан тарихы   Алматыкітап 2007/129-133б


Информация о работе XVI ғасырдың соңы -XVIII ғасырдың басындағы қазақ-орыс қатынастары