«Түркі халықтарының тарихы» пәнінен

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Ноября 2013 в 07:05, контрольная работа

Описание работы

Қазақстан Республикасы педагогтік жоғары оқу орындары тарих факультеттерінің оқу жоспарларына «Түркі халықтарының тарихын» міндетті пән ретінде енгізу, Кеңестер Одағы тарағаннан кейін тәуелсіз түркі тілдес мемлекеттердің пайда болуына байланысты саяси конъюнктура үшін емес ал керісінше пісіп жетілген ғылыми - қоғамдық сұранысты қамтамасыз ету үшін дер кезіндс жүзеге асырылған. 70-тей дерлік халық пен жұрт -жалпы саны 200 млн-дай түркі тілді этностар мен ұлттардың тарихы толыққанды тарих пәндерінің бірі ретінде оқытылуға әлдеқашан-ақ лайық еді. Көшпелі және отырықшы түркі халықтарының бүгінгі таңда әлемдік өркениет пен мәдениетке теңдесі жоқ үлес қосып отырғандығын жоққа шығаруға болмайды.

Содержание работы

Типтік бағдарлама………………………………………………………………………… 3
Пәннің жұмыс бағдарламасы.................................................................................................13
Студентке арналған пәннің жұмыс бағдарламасы (силлабус)................................................................................................................................32
Лекциялық материалдың мазмұны.......................................................................................35
пәннің семинар жоспары және әдістемелік нұсқауы....................................................................................................................................41
Глоссарий ...............................................................................................................................44
Студенттің оқытушының басшылығымен игеретін тақырыптары және
әдістемелік нұсқау..................................................................................................................46
Студенттердің өз бетімен игеретін тақырыптары.(СӨЖ)..............................................................................................................52
Студенттердің білімін бағалау жүйесі.................................................................................55
Аралық бақылау тапсырмалары............................................................................................57
Реферат сұрақтары..................................................................................................................58
Әдебиеттер..............................................................................................................................60
Курсты оқыту саясаты және процедурасы ..........................................................................61
Лекция материалдары...........................................................................................................................63
Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу картасы..............................................................117

Файлы: 1 файл

turki_hal_tar_umkd.doc

— 1.24 Мб (Скачать файл)

3.Фольклорлық шығармалары – «Қырық қыз», «Ашық Ғарип», «Шадияр», т.б. батырлық, лиро-эпостық дастандары. Жазба әдебиеті.Жыраулар шығармашылығы. Ұлтық әдебиет. Ұлттық қолөнер мен зергерлік өнер шеберлері.

Әдебиет: Н.Ә-25

Қ.Ә-49

 

Тақырып № 27-28.Алтай түріктері. (1сағ)

Мақсаты: Алтайдағы қазақ және түркі халықтарына сипаттама беру.

Жоспары

1. Алтайдағы қазақ және түркі халықтары.Таулы Алтай аймағы.Саяси тарихы.Жер аумағы. Түркі тілдері тобы.Этнография жағынан алтайлықтар оңтүстік және солтүстік болып екіге бөлінеді. Аңшылық, малшылық кәсібі. Қазан төңкерісінің сәл алдында жойылғай тұрған ойраттар тарихына үлкен бетбұрыс . Моңғол Халық Республикасы құрылды. 1922 жылы 2.Ойрат автономиялық облысын құрылуы. Ұлы Отан соғысы кезіндегі кейбір сатқындық әрекеттен барып көптеген автономиялы облыс пен аймақтар таратылып, кейіннен қайта құрылғаны сияқты 1948 жылы таулы Алтай автономиялық облысы құрылды. Алтай тауы туралы .

Әдебиет: Н.Ә-25, 30

Қ.Ә-49

 

Тақырып № 29-30. Жаңа тәуелсіз түркі мемлекеттері. (2сағ)

Мақсаты: Жаңа тәуелсіз түркі мемлекеттеріне сипаттама беру.

Жоспары:

1. 1991 жылы кеңестер Одағының ыдырауы. 1918ж Актінің негізінде Әзербайжан Жоғары Кеңесінің мемлекеттің тәуелсіздігін қалпына келтіру туралы Декларацияны қабылдауы. «Әзербайжан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық актінің қабылдануы. (18 қазан. 1991ж)

  2.1990ж 25 қазанда Қазақ ССР Жоғары Кеңесінің мемлекеттік суверенитет туралы Декларацияны қабылдауы. 1991 ж 16 желтоқсанда Жоғары Кеңестің «Қазақстан республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» заңды қабылдауы.

  3.Қырғыстан Республикасы Жоғары Кеңесінің Республика кеңесінің республика суверенитеті туралы Декларацияны (15 желтоқсан 1990 ж), Қырғызстанның тәуелсіздігі туралы Декларацияны (31 тамыз 1991ж) қабылдауы. 1993 жылы Жоғарғы Кеңестің сессиясында Қырғызстан Республикасының атын Қырғыз Республикасы деп өзгерту туралы шешімінің қабылдауы.

Түркия жаңа және қазіргі заманда. Қазіргі түркі әлемі.

Әдебиет: Н.Ә-22, 25, 30.

Қ.Ә-49

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Семинар сабақтарының мазмұны  және әдістемелік кеңестер.

 

№ 1 -2 тақырып. Хунну тарихы (сюнну, ғұндар).

Мақсаты:

Жоспары:1. Ғұндар туралы алғашқы тарихи мәліметтер.

2. Ғұн державасының  құрылуы, территориясы..

3. Ғұндардың қоғамдық-саяси құрылысы, шаруашылығы және мәдениеті, діні, әскери iсі және өнepi.

4. Мемлекеттік құрылысы.

5. Ғұндар Қазақстан  территориясында.

6. Қазақ халқының этногенезіндегі  ғұндардың ролі.

       Тапсырмалар:

1. ҚМПИ кітапханасының  катологімен танысыңдар.

2. оқыған материал  бойынша терминологиялық сөздік  пен хронологиялық кесте құрыңдар.

Әдістемелік нұсқау:

Ұсынылған әдебиеттердегі материалдарды конспектілей отырып, терминдерге назар аударыңдар, олардың  мағынасын түсіндіріңдер. Сабаққа  дайындалу барысында өзіндік жұмысқа арналған әдістемелік жалпы нұсқауды жақсылап оқыңыздар.

Негізгі әдебиеттер: 9, 15, 17, 42, 43, 71.

Қосымша әдебиеттер: 4, 5, 6, 8, 17.

 

№ 3-4 тақырып. Түpкі қағанаты.

Мақсаты:

Жоспары 1. Түркілер туралы алғашқы мәліметтер, мекендеген территориясы.

2. Tүpiк тайпалық одағының  нығаюы.

3. Түркі қағанатының  құрылуы. 

4. Түркі қағанатының  ішкі және сыртқы саясаты.

5. Түркі қағанатының  Батыс және Шығыс түрік қағанатына  бөлену.

        Тапсырмалар:

1. Бумын қаған. Муған-қағанның  билігіне кезеңіне сипаттама беру.

2. оқыған материал  бойынша терминологиялық сөздік  пен хронологиялық кесте құрыңдар.

Әдістемелік нұсқау:

Шаруашылық, салық, мемлекеттік  құрылым, мәдениет принцип бойынша  материалдарды жинақтандар. Деректердегі материалдың сенімділігіне назар аударыңдар.

Негізгі әдебиеттер: 10, 17, 38, 39, 40, 44, 45.

Қосымша әдебиеттер: 35, 58, 62, 63, 69.

 

№ 5-6 тақырып. Батыс түpiк қағанаты.

Мақсаты:

Жоспары 1. Батыс түрік қағанатының қалыптасуы.

2. Мем лекеттік құрылысы.

3. Түріктердің шаруашылығы,  тұрмысы, діні.

4. Түрік жазба ескерткіштері. 

5. Күлтегін, Білге-қаған, Тоныкөк  ескерткіштері.

Тапсырмалар:

1. Көрсетілген әдебиеттер  бойынша тақ мұрагерлігі және  мемлекеттік биліктің тұжырымдарын  қарастырыңдар.

2. Деректердегі тақырыпқа  қатысты материалдың салыстыру.

Әдістемелік нұсқау:

Берілген сұрақтарды қарастыру  барысында ұсынылған әдебиеттер бойынша берілген материалды конспектілеңдер. Іскерлік ойындар үшін бірнеше тақырыптарды жазбаша дайындау және негіздеу.

Негізгі әдебиеттер: 10, 17, 38, 39, 40, 44, 45.

Қосымша әдебиеттер: 9, 35, 58, 62, 63, 69, 87.

 

№ 7 тақырып. Eкiншi Шығыс түpiк қағанаты.

Мақсаты:

Жоспары 1. Саяси тарихы.

2. Жаулап алушылық жорықтары.

3. Шығыс түрік қағанатының әлсіреуі.

4. Түркілердің тілі, жазуы, жазба  ерекшеліктері.

5. Түріктердің қол астындағы   басмылдар, ұйғырлар және қарлұқтардың  көтерілуі.

Тапсырмалар:

1. Ұсынылған әдебиеттер бойынша  тақ мұрагерлігі және мемлекеттік  биліктің тұжырымдарының негізгі  тұстарын қарастырыңдар:

2. қарастырылған құжаттардың ерекшеліктерін салыстырыңдар.

Әдістемелік нұсқау:

Тақырып бойынша ұсынылған  материалдар мен деректерді оқу  барысында олардың ақпараттылығын, объективтілігін айқындаңыздар.

Негізгі әдебиеттер: 10, 17, 38, 39, 40, 44, 45.

Қосымша әдебиеттер: 9, 35, 58, 62, 63, 69, 87.

 

№ 8 тақырып. Түргеш қағанаты.

Мақсаты:

Жоспары 1. Түргеш қағанатының құрылуы.

2. Түргеш қағанатының ішкі және  сыртқы саясаты.

3. «Қара» және «сары» түргештердің  күpeci.

4. Қағанаттың әлсіреуі.

5. түргештер «тухси» деген атаумен  қарлұқ мемлекеттінің құрамында

Тапсырмалар:

1. Ұсынылған әдебиеттер бойынша  материалды конспектілеу.

2. Терминдерді түсіндіру, оның  пайда болған тарихын анықтау.

       Әдістемелік нұсқау:

СӨЖ-ге арналған ұсыныстар  бойынша барлық материалдарды конспектілеу.

Негізгі әдебиеттер: 10, 12, 17, 38, 39, 40, 44, 45, 51, 80.

Қосымша әдебиеттер: 9, 35, 58, 62, 63, 69, 87.

 

№ 9 тақырып. Ұйғыр қағанаты.

Мақсаты:

Жоспары 1. Ұйғырлар үстемдігінің орнауы.

2. Сыртқы саясаты. 

3. Манихейлік - қағанаттың  мемлекеттік діні.

4. Шаруашылығы, тұрмысы және мәдениеті.

5. Ұйғыр қағанаты қырғыздар  шабуылдары нәтижесінде құлауы.

 

Тапсырмалар:

1. оқытылған деректердің  сипатын анықтау.

2. деректердегі ақпараттардың  сипаты туралы кесте жасау  (шаруашылығы, мемлекеттік басқару,  тұрмыс, мәдениет).

Әдістемелік нұсқау:

Тақырып материалдарын  қарастыру барысында, материалды баяндаған  тілге назар аударыңдар, деректердің  жазылу мақсатын айқындау және бұл  мақсат мазмұнына әсері бар екендігін  анықтау.

Негізгі әдебиеттер: 10, 12, 17, 39, 40, 44, 45, 51, 57, 80, 104.

Қосымша әдебиеттер: 9, 35, 58, 62, 63, 69, 87.

 

 

 

№ 10тақырып. Орта Азия мен Қазақстанды моңғолдардың жаулап алуы.

Мақсаты:

Жоспары 1. Орта Азия мен Қазақстан моңғол шапқыншылығы қарсаңында.

2. Шыңғыс ханның моңғол  империясын құруы.

3. Оңтүстік-Шығыс Қазақстан  және Дешті-Қыпшақ жері Шыңғысхан ұлдары ұлысының құрамында.

4. Жошы ұлысының нығаюы  және Алтын Орданың құрылуы.

5. Алтын Орданың территориясы  мен этникалық құрамы. Саяси құрылысы.

6. Экономикасы және  мәдениеті. 

Тапсырмалар:

1. Ұсынылған деректердің  сипатын анықтау.

2. Деректердегі ақпараттардың  сипаты туралы кесте жасау  (шаруашылығы, мемлекеттік басқару,  тұрмыс, мәдениет).

Әдістемелік нұсқау:

Тақырып материалдарын  қарастыру барысында, материалдарды  пайдалана отырып реферат дайындау және моңғол шапқыншылығы үрдісіне аударыңдар, тақырыпқа қатысты деректердің жазылу мақсатын айқындау.

Негізгі әдебиеттер: 8, 16, 18, 29, 37, 47, 58, 66, 93.

Қосымша әдебиеттер: 4, 7, 9, 13, 16, 18.

 

№ 11 тақырып. Алтын Орда мен Моғолстанның ыдырауы.

Мақсаты:

Жоспары 1. «Өзбек», «ноғайлы» және «моғол» суперэтностары.

2. Алтын Орда және Моғолстан территориясындағы этникалық процестер.

3. Алтын Орданың ыдырауы.

4. Моғолстанның ыдырауы.

Тапсырмалар:

1. Этностық атаулардың  деректердегі көрінісін салыстыру.

2. Алтын Орда мен  Моғолстанның шаруашылығы, мемлекеттік басқару, тұрмыс, мәдениетін салыстыра талдау.

Әдістемелік нұсқау:

Тақырып материалдарын  қарастыру барысында, материалды баяндаған  тілге назар аударыңдар, деректердің  жазылу мақсатын айқындау және бұл  мақсат мазмұнына әсері бар екендігін анықтау.

Негізгі әдебиеттер: 8, 16, 17, 18, 25, 29, 47, 51, 57.

Қосымша әдебиеттер: 4, 7, 9, 13, 16.

 

№ 12-13 тақырып. Қырым, Қазан және Астрахань хандықтары

Мақсаты:

Жоспары 1. Қырым хандығы және оның ішкі сыртқы саясаты.

2. Қазан хандығы және  оның ішкі сыртқы саясаты.

3. Астрахань хандығы  және оның ішкі сыртқы саясаты. 

Тапсырмалар:

1. Аталған хандықтардың  саяси құрылымын салыстыру арқылы  ұқсастықтар мен ерекшеліктерді  айұқындаңыздар.

2. шаруашылығы, мемлекеттік  басқару, тұрмыс, мәдениетін қарастырыңыз.

3. Тақырып бойынша  терминологиялық сөздік құрау  және хронологиялық кесте жасау.

Әдістемелік нұсқау:

Ұсынылған сұрақтарды қарастыру  барысында материалдардан билік  мәселесі, этникалық құрамы және территориялық  аумағына назар аудару.

Негізгі әдебиеттер: 6, 18, 45, 47, 48, 66, 72.

Қосымша әдебиеттер: 1, 2, 4.

 

 

№ 14-15 тақырып. XV-XVIII ғғ. Қазақ хандығы.

Мақсаты:

Жоспары 1. Қазақ хандығының құрылуы.

2. Қазақ хандығы туралы  жазба деректер.

2. Қазақ жерлерінің  этникалық шекарасының бeкiтiлyi.

3. Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясаты.

4. ХҮІІІ-ХІХ ғғ. Қазақ  хандығы.

5. Қазақстанның Ресейге  қосылуы.

Тапсырмалар:

1. Қазақ хандары династиясының  шығуы туралы материалдарды топтастыру.

2. Бұрындық, Қасым, Хақ-Назар,  Шығай, Тәуекел хандардың билігін  салыстыру.

3. Қазақ хандығының  Өзбек хандығымен, Моғолстанмен, қырғыздармен, жоңғарлармен ара қатынасын қарастыру.

Әдістемелік нұсқау:

Қазақтар мен қазақ  хандары туралы Фазлаллах ибн  Рузбихан, Мирза Махмуд Хайдар, Қадырғали  бидің еңбектерінің маңызына баға беріңіздер. XVII-XVIІI ғғ. басындағы қазақ хандығы және Eciм хан, Жәңгір хан, Тәуке ханның билігін міндетті түрде оқыңып талдау жасаңыздар.

Негізгі әдебиеттер: 10, 11, 13, 16, 17, 18, 22, 25, 27, 39, 40.

Қосымша әдебиеттер: 1, 2, 4, 5, 9.

 

 

 

Глоссарий.

Әкімдер - Қарахан мемлекетіндегі отырықшы егіншілікпен айналысатын аудандарды басқаратын адамдар лауазымы.

Беклербек - Алтын Ордада мемлекеттік, әскери қызметті ханның атынан басқаратын адам.

Гуньмо - үйсін басшыларының лауазымы.

Жабғу - оғыз тайпасының ерте ортағасырлық феодалдық мемлекетінің билеушісінің лауазымы.

 Құрылтай - түркі халықтарында хандар саулауын өткізу немесе басқа да ірі мәселелерді шешу үшін өткізілетін жиналыс.

Манап - қырғыздардың ру шонжарлары.

Печенегтер - Хазарларға, кейінірек келген қыпшақтарға туыс, көшпенді мал шаруашылығымен айналысқан халық.

Үлес - Қарахан мемлекетінде ірілі-ұсақты өңірлерге бөлінген феодалдық жер иеліктері.

Руналық жазу - Соғды жазуының негізінде, арамейліктен бастау алған азиялық түріктердің жазуы (V-XI ғ.ғ).

Горхан - Қарақытайлар билеушісінің титулы (хандардың ханы).

Талас жазуы – VIII ғасырдағы түрік тайпаларының көне жазба мұрасы.

Информация о работе «Түркі халықтарының тарихы» пәнінен