Әкімшілік құқық бұзушылық жөнінде іс жүргізу қағидалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Апреля 2013 в 11:09, доклад

Описание работы

Төртіншіден, әкімшілік процесті тек юрисдикциялық қызметпен шектеу, оны қылмыстық және азаматтық процестермен теңестіреді, бұл мәселені оң деп айту қиынға соқтырады.
Бесіншіден, әкімшілік процесті, процесс және әкімшілік іс жүргізу деп бөліп қарастыру, осы құқықтық құбылыстың мәнін дұрыс анықтауда қиындық тудырады, өйткені әкімшілік істердің нақты санаттары бойынша іс жүргізу процесстің құрамдас бөлігі болып табылып, ерекше және жалпы түрдегі ара қатынаста болады.
Алтыншыдан, әкімшілік процесс әкімшілік-құқықтық нормалар жүйесін қолдану түрі болып табылады және материалдық әкімшілік құқықтың салаларымен қатар, басқа да құқық салаларының материалдық нормаларын қамтиды.

Содержание работы

Кіріспе
Іс жүргізудің құрылымы және олардың классификациясының қағидалары
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзу ұғымы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

Әкімшілік құқық бұзушылық жөнінде іс жүргізу қағидалары.doc

— 111.50 Кб (Скачать файл)

Кінәсіздік презумпциясы. Әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын мемлекеттік билік, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, қоғамдық бірлестіктер, ұйымдар, лауазымды адамдар мен мемлекеттік қызметшілер, өз кiнәсiздігі Кодексте көзделген тәртiппен дәлелденбейiнше және өз өкiлеттiгi шегiнде iстi қараған судьяның, органның (лауазымды адамның) заңды күшiне енген қаулысымен белгiленбейiнше, кiнәлі деп есептеледi.

Сот құзыретiнiң ерекшелiгi. Соттың құзыретi, оның юрисдикциясының шегi, оның әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi жүзеге асыру тәртiбi заңмен белгiленедi және өз бетiнше өзгертуге болмайды. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша, өзiнiң қарауына жатпайтын iс бойынша iс жүргiзудi жүзеге асырып, өз өкiлеттiгiн асыра пайдаланған немесе Кодексте көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы принциптердi өзгеше түрде бұзған соттың шешiмдерi заңсыз және күшi жойылуға тиiс. Соттың әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер жөнiндегi шешiмдерi Кодексте көзделген тәртiппен тек тиiстi соттарда ғана тексерiлуi және қайта қаралуы мүмкiн. 

Адамдардың заң алдында  теңдiгi. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адамдар заң алдында тең және тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, нәсiлi мен ұлтына, сенiмiне, жынысына, тiлiне, дiнге көзқарасына және iстейтiн жұмысының сипатына, тұратын жерiне, қоғамдық бiрлестiктерге қатысына, сондай-ақ кез келген өзге де мән-жайларға қарамастан әкiмшiлiк жауаптылықта болуға тиiс. 

Кiнәсiздiк презумпциясы. Өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғалған жеке адам өз кiнәсi Кодексте көзделген тәртiппен дәлелденбейiнше және өз өкiлеттiгi шегiнде iстi қараған судьяның, органның (лауазымды адамның) заңды күшiне енген қаулысымен белгiленбейiнше, кiнәсiз деп есептеледi. Ешкiм де өзiнiң кiнәсiздiгiн дәлелдеуге мiндеттi емес. Кiнәлiлiкке келтiрiлген кез келген күдiктер өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғалған адамның пайдасына түсiндiрiледi. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдарды қолдану кезiнде туындайтын күдiктер де оның пайдасына шешiлуге тиiс. 

Кiнә принципi. Жеке адам тек кiнәсi анықталған құқық бұзушылықтары үшiн ғана әкiмшiлiк жауаптылықта болуға тиiс. Жеке адамның кiнәсiздiктен келтiрген залалы үшiн объективтi кiнә тағуға, яғни әкiмшiлiк жауаптылыққа тартуға жол берiлмейдi. Қасақана немесе абайсыз әрекет жасаған жеке адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауда кiнәлi деп танылады. 

Қайтадан әкiмшiлiк жауаптылыққа тартуға жол берiлмеушiлiк. Бiр құқық бұзушылық үшiн ешкiмдi де екi рет әкімшілік жауапкершілікке тартуға болмайды.

Iзгiлiк принципi. Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдары адамның қауiпсiздiгiн қамтамасыз етедi. Құқық бұзушылық жасаған адамға әкiмшiлiк жаза қолданғанда адам жанын күйзелтудi немесе адамның қадiр-қасиетiн қорлауды жазалау мақсаты етiп қоюға болмайды. 

Жеке басқа  қол сұқпаушылық. Ешкiмдi де Кодексте белгiленген негiздер мен тәртiптен өзгеше ретте әкiмшiлiк ұстауға, iшкi iстер органына (полицияға) немесе басқа мемлекеттiк органдарға алып келуге, жеткiзуге, жеке басын және жеке адамның заттарын тексеруге болмайды. Кодексте белгiленген жағдайларда және тәртiппен тек судьяның қаулысы бойынша ғана әкiмшiлiк жазалау шарасы ретiнде қамауға алу қолданылуы мүмкiн. Әрбiр ұсталған, iшкi iстер органына (полицияға) немесе басқа мемлекеттiк органға алып келiнген, жеткiзiлген адамға ұстаудың, алып келудiң, жеткiзудiң негiздерi, сондай-ақ оған тағылып отырған әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың заңдық сипаты дереу хабарланады. Мемлекеттiк орган (лауазымды адам) заңсыз ұсталған, алып келiнген, жеткiзiлген немесе судьяның қаулысында көзделген мерзiмнен артық қамауда отырған адамды дереу босатуға мiндеттi. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iске қатысушылардың ешқайсысын зорлық-зомбылық, қатыгездiк немесе адамның қадiр-қасиетiн қорлайтын әрекетке ұшыратуға болмайды. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзу процесiнде адамның не оның заңды өкiлiнiң еркiне қарсы жеке басқа қол сұғылмаушылықты бұзатын iс-әрекеттер жасау тек Кодексте тiкелей көзделген жағдайларда және тәртiппен ғана мүмкiн болады. Өзiне қатысты әкiмшiлiк жаза шарасы ретiнде қамауға алу таңдалған адамды, сондай-ақ әкiмшiлiк ұстауға ұшыраған адамды ұстау оның өмiрi мен денсаулығына қатер төнуiн болдырмайтын жағдайда жүзеге асырылуға тиiс. Заңсыз қамауға алудың, өмiрi мен денсаулығына қатерлi жағдайларда ұстаудың, оған қатыгездiкпен қараудың салдарынан жеке тұлғаға келтiрiлген залал заңда көзделген тәртiппен өтелуге тиiс.  

Меншiкке қол сұқпаушылық. Меншiкке заңмен кепiлдiк берiледi. Ешкiмдi де сот шешiмiнсiз өз мүлкiнен айыруға болмайды. Мүлiк пен құжаттарды алып қою; көлiк құралын, шағын кеменi басқарудан шеттету; көлiк құралын, шағын кеменi ұстау; көлiк құралдарын, шағын кемелердi тексеру; аумақтарды, үй-жайларды, көлiк құралдарын, тауарларды, өзге де мүлiктi, сондай-ақ тиiстi құжаттарды тексерiп қарау тек Кодексте көзделген жағдайларда және тәртiппен жүргiзiлуi мүмкiн. 

Әкімшілік іс жүргізіліп жатқан тіл. Қазақстан Республикасындағы әкімшілік іс жүргізу қазақ тiлінде жүргiзiледi, ал қажет болған жағдайда iс жүргiзуде орыс тiлi мемлекеттiк тiлмен тең қолданылады. Әкімшілік даулар туралы істер жөніндегі сот ісін жүргізудің тілі сотқа берілген өтініштің тіліне байланысты соттың ұйғарымымен белгіленеді. Белгiлi бiр әкімшілік iс жүргізу бойынша iс жүргiзу бастапқыда белгіленген сот ісін жүргізудің тілінде іске асырылады. Судья, мемлекеттік органдар (лауазымды адамдар) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыда қаралатын iс бойынша iс жүргiзу тiлiн белгiлейдi. Белгiлi бiр iс бойынша iс жүргiзу соттың, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттi органның (лауазымды адамның) қаулысымен белгiленген тiлдердiң бiрiнде жүзеге асырылады. Iс жүргiзiлiп жатқан тiлдi бiлмейтiн немесе жеткiлiктi дәрежеде бiлмейтiн iске қатысушы адамдарға ана тiлiнде немесе өзi бiлетiн тiлде мәлiмдеме жасау, түсiнiктер мен айғақтар беру, өтiнiштер жасау, шағым беру, iстiң материалдарымен танысу, оны қарау кезiнде сөз сөйлеу, аудармашының қызметiн тегiн пайдалану құқығы түсiндiрiледi және қамтамасыз етiледi. Әкiмшiлiк жүргiзуге қатысушы адамдарға басқа тiлде жазылған заңға байланысты қажеттi iс материалдарын iс жүргiзiлетiн тiлге тегiн аударып беру қамтамасыз етiледi. Құқық бұзушы мен жәбiрленушiге тапсырылуға тиiстi iс жүргiзу құжаттары олардың ана тiлiне немесе олар бiлетiн тiлге аударылып берiлуге тиiс. Аударма жөнiндегi шығыстар және аудармашының көрсеткен қызметi мемлекеттiк бюджет есебiнен төленедi. 

Мөлшерлестік. Әкімшілік құқық бұзушылықты жасауға айыпты деп танылған адамға құқық бұзушылықтың қоғамдық қауіпінің сипаты мен дәрежесін, кәнілі адамның жеке басын, оның ішінде құқық бұзушылықты жасағанға дейінгі және жасағаннан кейінгі мінез-құлқын, жауапкершілікті және өндіріп алуды (жазаны) жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды, сондай-ақ жауаптылыққа тартылған адамның түзелуіне және отбасы мен оның асырауындағы адамдар өмірлерінің жағдайларына тағайындалған өндіріп алуды (жазаны) ескере отырып, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің тиісті бабында белгіленген шектерде оның түзелуi және жаңа құқық бұзушылықтардың алдын алу үшiн қажеттi және жеткiлiктi әділ өндіріп алу (жаза) тағайындалады. Жеке және заңды тұлғалардың құқықтық жағдайына (іс-әрекеттер еркіндігіне) араласқан кезінде мемлекеттік орган қолданатын шаралар мемлекеттік орган көздейтін заңды мақсатқа мөлшерлес (сәйкес) болуға, сондай-ақ бұл мақсатқа жету үшін өзінің мазмұны, орны, уақыты және бұл шарамен қамтылатын адамдардың аясы бойынша қажетті және пайдалы болуға тиіс. 

Әкімшілік қарау. Мемлекеттік органға заңда көзделген мүмкін заңды шешімдердің бірін өзінің таңдауы бойынша қабылдау құқығы берілген. Мұндай шешімдерді қабылдаған кезде мемлекеттік орган жеке тұлғалардың құқықтарын және заңды тұлғалардың заңды мүдделерін қорғауды, мөлшерлестікті басшылыққа алуға, сондай-ақ заңда көзделген өзге де мақсаттарды көздеуге міндетті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзу ұғымы

 

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудiң мiндеттерi әрбiр iстiң мән-жайын дер кезiнде, жан-жақты, толық және объективтi анықтау, оны осы Кодекске сәйкес шешу, шығарылған қаулының орындалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың жасалуына ықпал ететiн себептер мен жағдайларды анықтау болып табылады.

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық  туралы iстердi қарауға уәкiлеттi судьялар мен органдардың (лауазымды адамдардың) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзу тәртiбi осы Кодекспен айқындалады.

Қылмыстық немесе азаматтық iстердi қарау процесiнде соттың әкiмшiлiк  жазалар қолдану тәртiбi осы Кодекстiң  ережелерiмен және Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу кодексi мен Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргiзу кодексiне сәйкес айқындалады. 

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзуге қатысушы адамдардың, сол iстi жүргiзiп жатқан судьяның, органның (лауазымды адамның) мiндеттi түрде қарауына жататын өтiнiш мәлiмдеуге құқығы бар.

Өтiнiш жазбаша түрде  мәлiмденедi және дереу қаралуға тиiс.

Өтiнiштi қанағаттандыру туралы не оны қанағаттандырудан  бас тарту туралы шешiм ұйғарым  түрiнде шығарылады.

Төмендегi мән-жайлардың ең болмағанда бiреуi болған жағдайда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi бастауға болмайды, ал басталған iс қысқартылуға жатады:

1) әкiмшiлiк құқық бұзушылық  оқиғаларының болмауы;

2) әкiмшiлiк құқық бұзушылық  құрамының болмауы, соның iшiнде әкiмшiлiк жауапқа тарту үшiн жеке адамның құқық бұзушылық жасаған кезде осы Кодексте көзделген жасқа толмауы немесе құқыққа қарсы әрекет жасаған жеке адамның ақыл-есiнiң дұрыс болмауы;

3) әкiмшiлiк жауаптылықты  белгiлейтiн заңның немесе оның жекелеген ережелерiнiң күшi жойылуы;

4) Қазақстан Республикасының  Конституциялық Кеңесi әкiмшiлiк  жауаптылықты белгiлейтiн заңды  немесе оның кейбiр ережелерiн  Қазақстан Республикасының Конституциясына  сәйкес келмейдi деп тануы салдарынан  олардың күшi жойылуы;

5) әкiмшiлiк жауапқа  тарту мерзiмiнiң өтуi;

6) әкiмшiлiк жауапқа  тартылатын адам жөнiнде сол  факт бойынша әкiмшiлiк жаза  қолдану туралы судьяның, органның (лауазымды адамның) қаулысының  не әкiмшiлiк құқық бұзушылық  туралы iстiң қысқартылуы туралы  күшi жойылмаған қаулының болуы, сондай-ақ нақ сол факт бойынша қылмыстық iс қозғау туралы қаулының болуы;

7) iсi жүргiзiлiп отырған  жеке адамның қайтыс болуы.

8) салықтың және бюджетке  төленетін басқа да міндетті  төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласына басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекіткен бағдарламалық қамтамасыз етуде техникалық қателер туындаған жағдайда салық төлеушінің салықтық міндеттемелерді салық есептілігі нысанын электрондық түрде ұсыну бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде орындамауына әкеліп соғуы;

9) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда.

2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық  туралы iс жүргiзу осы баптың  бiрiншi бөлiгiнiң 2) тармақшасында  көзделген негiз бойынша және зиян келтiру заңды болып табылғанда немесе осы Кодекстiң 5-тарауына сәйкес әкiмшiлiк жауаптылық жоққа шығарылатын мән-жайларда жасалған ретте қысқартылады.

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық  туралы iс жүргiзу Кодексте көзделген тәртiппен, 67, 68-баптарда көзделген жағдайларда, сондай-ақ әрекетте қылмыстық заңдарда көзделген қылмыс құрамының белгiлерi болуына байланысты материал прокурорға, алдын ала тергеу немесе анықтау органына берiлген жағдайда қысқартылуы мүмкiн.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 83-бабына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзу процесiнде заңдардың дәл және бiркелкi қолданылуын жоғары дәрежеде қадағалауды мемлекет атынан тiкелей де, өзiне бағынысты прокурорлар арқылы да Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры жүзеге асырады.

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық  туралы iс жүргiзудi тексеру нәтижелерi бойынша прокурор:

1) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға сотқа, өзге де уәкiлеттi органға немесе оның лауазымды адамына наразылық келтiруге;

2) уәкiлеттi лауазымды  адамдар мен органдарға (соттан  басқа) қосымша тексеру жүргiзу  туралы жазбаша нұсқау беруге;

3) уәкiлеттi органдардан өздерiнiң бақылауындағы немесе өзiне бағынысты ұйымдарда тексеру жүргiзудi талап етуге;

4) заңда белгiленген  жағдайларда әкiмшiлiк құқық бұзушылық  туралы iс жүргiзудi қысқартуға;

5) әкiмшiлiк жаза туралы  қаулының орындалуын тоқтата  тұруға;

6) әкiмшiлiк ұстауға заңсыз таратылған адамды босату туралы қаулы шығаруға;

7) өкiлеттi мемлекеттiк  органдардың лауазымды адамдары  өздерiнiң мiндеттерiн орындауға  байланысты жеке, заңды тұлғалардың  және мемлекеттiң құқықтары мен  заңды мүдделерiн бұзатын жағдайларда қолданған тыйым салу немесе шектеу сипатындағы кез келген шаралардың алып тасталуы туралы қаулы шығаруға немесе талап қоюға;

8) әкiмшiлiк құқық бұзушылық  туралы iс жүргiзудi қозғау туралы  қаулы шығаруға құқылы.

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Бұл жұмыста қазіргі таңдағы қазақстандық заңнамада, әрқайсысы белгілі бір дәрежеде тиісті заң актілерімен реттелетін және осыған байланысты тиісті процестердің ерекшелігін көрсететін бірнеше түрлері реттеледі.

Әкімшілік құқық бұзушылық  туралы істер бойынша іс жүргізуден басқа әкімшілік процесс және оның іс жүргізу түрлері әлі күнге  дейін тиісті құқықтық реттелумен қамтамасыз етілмей отыр. Процестің барлық түрлерінің ішінде тек, азаматтық, әкімшілік және қылмыстық түрлері ғана құқықтық құбылысқа ие болуына байланысты, процестің осы түрлерін реттейтін нормалар жиынтығы маңызды жүйелік сипат – азаматтық – іс жүргізу, әкімшілік – іс жүргізу және қылмыстық – іс жүргізу түріндегі қазақ құқығындағы іс жүргізудің дербес саласының мәртебесіне ие. Осыған байланысты, процестің жаңа түрі ретіндегі әкімшілік іс жүргізу құқығы және әкімшілік процесс қызығушылық тудырады.

Сонымен, казіргі таңдағы заң доктриналарындағы «әкімшілік іс» және «әкімшілік-құқықтық дау» терминдері күрделі және талас тудырып отырған ұғымдар екенін ескерте кеткен жөн. Бірқатар ғалымдардың осы заң санаттарын түбегейлі түрде зерттеуге ұмтылып отырғанына қарамастан, әлі күнге дейін олардың ара-қатынасы және өзара байланысына қатысты ортақ тәсілі болмай отыр. Барлық құқықтанушылардың, «әкімшілік-құқықтық дау» және «әкімшілік іс» ұғымдары өзара байланысты болуы керек деген көзқарастарына қарамастан, олар ұқсас болмай отыр. Берілген термин, атқарушы билік органдары қызметінің саласымен қатар, әкімшілік әділеттің мамандандырылған сот органдарында немесе арбитражды соттар және әкімшілік-құқықтық дауларды шешетін жалпы юрисдикциядағы соттар қызметінде де қолданыла алады.

Информация о работе Әкімшілік құқық бұзушылық жөнінде іс жүргізу қағидалары