Қазақстанның Ресейге қосылуының тарихи шарттары мен алғы шарттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2013 в 21:05, реферат

Описание работы

Бұл мәселелер бойынша тарихшылар еңбектерінде сараланып, ақтаңдақтары ашылды десе болғандай. Қазақ хандығы Ресейге қосылғанға дейін, қуатты жауынгер заманына лайықты көшпенділер ішіндегі мықты мемлекеттердің бірі болды. Сондықтан Ресейге өздерімен тең қарым-қатынаста болатын одақтас ел керек емес еді. Ресейге патша өкіметіне бағынышты, тәуелді болатын, қазақ елі керек болатын. Сондықтан Ресей патшалығын жан-жақтан жау анталап қыспаққа алған тұсындағы әлсірей бастаған қазақ даласына назар аударды. ХVІІІ ғасырдың 30 жылдарына дейін де Қазақ хандығы Ресей патшалығын әскери одақтасы санатында көргісі келсе, Ресей Қазақ хандығын тәуелді отар елдерінің қатарында көргісі келген еді.

Содержание работы

I.Кіріспе бөлім.
II.Негізгі бөлім.
а) Кіші жүз және Орта жүз қазақтарының Ресей протекторлығын қабылдауы.
б) Қазақстанның Ресейге қосылуының тарихи шарттары мен алғы шарттары.
в) Ресейдің Әулиеатаны жаулап алуы.
г) Қазақстанды Ресейге қосудың аяқталуы.
III.Қорытынды бөлім.
Пайдаланған әдебиеттер.

Файлы: 1 файл

история.doc

— 142.50 Кб (Скачать файл)

      Біздің олжамыз 3 ту, 5 зеңбірек, 6 фальконет, 13 қамал мылтығы, 397 шиті мылтық пен винтовка, 70 пут қорғасын мен ірілігі әртүрлі 415 пут пытыра».Ресей армиясы 1864 жылы Әулиеатаны жаулап алған кезде Орынбор жақтан аттанған полковник Николай Веревкиннің қосыны 14 маусым күні Әзірет сұлтанды — Түркістан қаласын басып алған еді. Бұл соғыста орыстар жағынан 5 адам қаза тауып, 13 жауынгер жараланған екен.Полковник М.Г. Черняев Әулиеатаны алған соң масаттанғаны сонша Шымкентті де бірден басып алу үшін аттанып, қыркүйектің 19-нан 20-сына қараған түнде шабуылға шығады. Шымкент түбіндегі бұл соғыста 6 орыс қаза тауып, 20-сы жараланады. Орыс әскерлері Сайрамға да шабуыл жасады. Сайрам үшін болған қыркүйектің 28-і күнгі соғыста хорунжий Сұраншы батыр Хәкімбеков қаза тауып, шапырашты Сарыбай би жамбасынан жараланды.Сол жылы күзде шымыр Ақмолда батырбасы Байзақұлы — орыс армиясының капитаны, сыйқым Құдайберген Баетұлы майор атағын алды. Бұған I Александр патшаның өзі қазан айында қол қойған. Ресей әскерлерінің осы жорығына қатысқан басқа да бірқатар қазақтар мен қырғыздар шен алды, шекпен киді. Ресей армиясының қатарында атақты Жаяу Мұса Байжанұлы — Шоқан Уәлихановтың тұған нағашысы Шорманұлы Мұстафаны «Атымды алып, сондықтан жаяу атандым» дейтін Жаяу Мұса да болған еді. Әулиеата соғысында 1847 жылы Қырғызстандағы соғыста Кенесары ханды тастап кеткен сұлтан Рүстем Аспандиярұлы да жарақаттанып, қаза тапты. Шоқан Уәлиханов Әулиеатадағы қырғын соғыста бейбіт тұрғындардың да жазықсыз қырылып кеткендігі үшін полковник М. Е. Черняевпен ат құйрығын кесісіп кеткендігі мәлім. Орыс ғалымы А. К. Гейнс өзінің «Собрание литературных трудов» деген еңбегінің екінші томында (СПб, 1898) «Мен Әулиеатада қоқан билігінен қалған зынданды көрдім. Шөлмек тәріздес зынданның тереңдігі 10 сажын екен, аузы тар. Бұл шұңқырдың ішіне жазалы адам арқанмен белгілі мерзімге түсіріледі. Әулиеатада дар да болды» — деп жазған екен.Шоқан Уәлихановтың Әулиеатадағы қоқандықтармен бейбіт келіссөз жүргізу қажет деп талап еткендігін, бірақ полковник Черняев бұған көнбей, осы соғыста орыс әскерінің жауыздығына шыдамай Әулиеатадан шілде айында бір топ сардармен бірге Алматыға қайтып кеткендігін оның орыс достары Н. Потанин және басқалары тайға таңба басқандай жазған еді.

Нәтиже.Орыстар Әулиеатаны жаулап алғанда қала тұрғындары екі-үш мың мөлшерінде болған екен. М. Г. Черняевтың Әулиеатадан жазған жолдамасында қалада қазақтардан бірнеше шымыр үйі болғандығы да көрсетіледі. Сол 1864 жылы шілденің 17-сі күні Әулиеата Жаңа қоқан сызығының құрамына қосылды. Әулиеатаны алғаны үшін полковник М. Г. Черняев генерал-майор атанды. 1889 жылы Әулиеатаны орыс әскерінің басып алғандығының 25 жылдығы құрметіне қалада Түркістан өлкесінің әскери губернаторы Н.П. Гродековтың бұйрығымен ескерткіш орнатылды. Қазір бұл отаршы басқыншылар ескерткішінің жұрнағы да жоқ.1774 жылы Абылай хан негізін қалаған Әулиеата қаласы 1938 жылы ұлы ақын Жамбыл есімімен аталды.[2]

Қазақ жерлерінің  Ресейдің құрамына  қосылуының аяқталуы. Қоқан, Хиуа хандықтары сияқты сыртқы жаулардың дүркін-дүркін шабуылынан өз ішінде болып тұратын руаралық талас-тартыстардан Сыр, Арал бойындағы қазақтардың қалың бұқарасы әбден қажыды. Олар тыныштық өмірді аңсады және сол бейбіт өмірді Ресей ғана әкеледі деп сенді. Сондықтан қазақтар Сыр бойына келген орыс әскерлері мен қоныс аударушыларды шын достық пейілмен қарсы алды. Бұл сыртқы және ішкі саяси экономикалық қайшылықтардан туған қажеттілік еді. Жанқожаның және оның айналасындағы қазақтардың мұндай достық ықыласы жөнінде орыс офицерлері: «Қоқан, хиуалықтарды қырғыздардың қас жауы деп есептейтін Жанқожа біздің Сырға қоныс тепкен кезімізде ең бір табиғи сенімді, өте қажетті одақтасымыз болды» деп жазды.Сырдария қазақтарының XІX ғасырдың 20-50 жылдар арасындағы Қоқан, Хиуа хандықтарына қарсы күресі отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күрес болып табылады. Бірақ, қалыптасқан әскери күшке ие болған, Қоқан және Хиуа хандықтарының күштері басым еді. ХІХ ғасырдың 20-40 жж. Қазақстанның оңтүстігіне Орта Азия хандықтары өз ықпалын жүргізсе, кейін өңірге орыс отаршылдығы жетті.

 

   

    Алғашында орыс әскерлерін Орта Азия хандықтарына қарсы күресте өздерінің қорғаушысы ретінде сезінсе, кейін аймақта өзінің отаршылдық саясатын жүргізген орыс үкіметіне қарсы қазақ халқы қолына қару алып, қарсы шықты. ХІХ ғасырда хандық басқару жүйесінің жойылуынан кейінгі кезеңде қазақ даласында орыс отаршылдығының күшеюі өлкедегі жағдайды одан сайын шиеленістіре түсті. Қазақ даласында қанатын жайып, ішкерілей ене бастаған орыс билігіне мойынсұнбаған қазақ сұлтандары Орта Азия хандықтарының қолдауына арқа сүйеді. Патша үкіметі болса әртүрлі шен-шекпен мен сый-сияпат тарту етіп, ел игілерінің арасына араздық шоғын тастап, бір-біріне айдап салу арқылы, олардың бірігуіне жол бермеуге тырысты.  Сонымен бірге орыс үкіметі оңтүстікті отарлауда, Сыр бойындағы халықтың Хиуа және Қоқан хандықтары ықпалында болғандығын өз мүдделеріне тиімді пайдалана білді.

Ал керісінше орыс жаулап алушылығының өз шекараларына жақындауынан қауіптенген Орта Азия хандықтары, оған кедергі жасау мен тоқтату жолында оңтүстік өңір қазақтарын пайдалануға ұмтылды. Сөйтіп, Сыр бойындағы қазақтардың «орыстық» және «хиуалық, қоқандық» болып екіге бөлінуі, бірі Ресейдің, екіншісі Орта Азия хандықтарының билігін тануына итермеледі. Сонымен екі жақтан жасалынған жаулап алушылық қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілістерінің басталуына себеп болды. ХІХ ғасырдың 20-60 жылдарының аралығы Қазақстанда Ресей мен Орта Азия хандықтарына қарсы ұлт-азаттық көтерілістердің кең құлаш жайған кезеңі болып табылады.

       Сыр бойындағы қазақтардың ұлт-азаттық күрестері қанша кең-құлаш жайғанмен, отаршылдарды Сырдың төменгі жағынан қуып шыға алмады. Солай болса да, олар отаршылдықты мойындамады. Осы көтерілістің басшысы болған Жанқожа Нұрмұхаммедұлы өзінің асқан батырлығымен, халқына деген сүйіспеншілігімен, адалдығымен, адамгершілік қасиеттерімен ел аузындағы аңызға айналып, оның есімі ұрпақтар жүрегінде мәңгі сақталып қалды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

    1. Қозыбаев М.Қ. Тарих зердесі (Арыстар тұғыры) 2 кітап, А -1998

    2. Артыкбаев Ж. О. Қазақ жерінің тарихы

    3. Мәшімбаев С. Патшалық Ресейдің отарлық саясаты А. 1994;

    4. Құдайбердіұлы Ш. Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі. А., 1991;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                             

 

                                               Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі

                                           М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті

                                                                     Тарих және құқық факультеті.

 

 

 

                                 

                                                                                                             Қазақстан тарихы кафедрасы.

 

 

 

 

                  Реферат

                    

                          Тақырыбы: « Қазақстанның Ресейге қосылу себептері »

 

 

 

 

 

 

 

                                                                   Мамандығы: шет тілі:екі шет тілі

                                                                    Орындаған:03 102 тобының студенті

                                                                              Сағынғалиева Гулназ Амангелдіқызы

                                                                    Тексерген:


Информация о работе Қазақстанның Ресейге қосылуының тарихи шарттары мен алғы шарттары