Қазақстанның орта ғасырлық қалалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2012 в 12:00, реферат

Описание работы

Ежелден отырықшы мәдениеттің ұясы болған үлкенді-кішілі қалалар мен елді мекендер Қазақстан жерінде баршылық. Бірақ олардың орналасуы әр аймақта әртүрлі. Оның негізгі себептері Қазақстанның табиғи-географиялық жағдайына байланысты. Отырықшы мәдениеттің орталығы тұрақты ауылдар мен қалалар ерте заманнан бері Қазақстан жерінде болған.

Содержание работы

Испиджаб (Сайрам)
Отырар
Тараз
Мерке мен Құлан
Түркістан
Сауран және Сығанақ

Файлы: 1 файл

Реферат.docx

— 28.77 Кб (Скачать файл)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ОРТА ҒАСЫРДАҒЫ  ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫ

(реферат жұмысы)

 

 

 

 

 

 

 

Тексерген:

Орындаған:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы, 2012

 

ОРТА ҒАСЫРДАҒЫ  ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫ

 

МАЗМҰНЫ:

 

Кіріспе

  1. Испиджаб (Сайрам)
  2. Отырар
  3. Тараз
  4. Мерке мен Құлан
  5. Түркістан
  6. Сауран және Сығанақ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

Ежелден отырықшы мәдениеттің ұясы болған үлкенді-кішілі қалалар мен  елді  мекендер Қазақстан жерінде баршылық. Бірақ олардың орналасуы әр аймақта әртүрлі. Оның негізгі себептері Қазақстанның табиғи-географиялық жағдайына байланысты. Отырықшы мәдениеттің орталығы тұрақты ауылдар мен қалалар ерте заманнан бері Қазақстан жерінде болған. Бұл  туралы тілге тиек болатын қалалар Қазақстан жерінде баршылық. Олардың көпшілігі бізге тарихи археологиялық ескерткіш ретінде сақталып келген. Ертедегі және орта ғасырдағы қалалардың орналасуы біркелкі емес. Оның себебі, Қазақстанның табиғаты біркелкі болмағандығынан деп қараған жөн. Ойпатты жерлерде, сулы аймақтарда, ауа райы қолайлы жерлерде отырықшылық ертеден болған. Бұндай өлкелер, аймақтар елімізде жетерлік. Тарихи ескерткіш ретінде сақталып келген ертедегі, орта ғасырдағы қалалардың орнын Қазақстанның барлық аймақтарынан кездестіруге болады. Олардың көпшілігі отырықшылыққа қолайлы болған өлкелерде жиі болса, жартылай шөлдік жерлерде азырақ және шөлдік аймақтарда сирегірек кездеседі. Қазақстан тарихынан келтірілген үзіндіге қарасақ, еліміздегі отырықшылық аймақтарға Оңтүстік Қазақстан, Талас, Шу мен Жетісу жататын көрінеді. Бұл үш аймақ Қазақстанның басқа көшпелі аймақтарымен шекараласқан делінген. Кейінгі жылдардағы жүргізілген археологиялық зерттеулер, ортағасырлық қоныстардың, қалалардың орындарын Қазақстанның барлық аймақтарынан тауып, олардың кейбіреулері зерттеліп жатыр.

  1. Испиджаб (Сайрам)

 

VІ-ХII ғасырларда Орта  Азия мен Қазақстанда қалалар  тез өсті. Олар сауда мен қолөнердің, дін мен мәдениеттің тірегіне  айналды. Батыс Түркістан жерінде  Суяб, Құлан, Мерке, Тараз, Отырар, Исфиджаб сияқты қалалар бой  көтерді. Олардың көтерілуі таптық  қоғамның шығуының айқын көрінісі  еді.

Орта ғасырда Қазақстан  өзінің қалалары арқылы әлемдік қарым-қатынастан шет қалмай, Еуропа және Азия елдерімен Жібек жолы арқылы сауда жасасып, байланысын үзген жоқ. Бұл кезде Қазақстанның оңтүстігінде басты және ірі қалалардың бірі Исфиджаб қазіргі Сайрам болды. Испиджаб Ұлы Жібек жолындағы ең үлкен қалалардың бірі екенін әл-Истахридан басқа да араб-парсы тілдес ғалымдар да жазып кеткен. Ибн-Хауқалдың айтуы бойынша Исбиджаб үш бөліктен: цитадель (орталығы), медина (шахристан) және рабадтан (қаланың тұрғындарының орналасқан жері) тұратынын жазады. Қала түгел саздан соғылған қорғанмен қоршалған, оның іші бау-бақшаға толған. Мединаның төрт қақпасы бар: Нуджакент, Фархана, Савакрасы және Бұқара. Оның базары, мешіттері болған. Қаланы басқарушының үйі де осы Мединеде және рабадта орналасқан. Исбиджаб адамдарға толы үлкен шаһар.

Кеңес үкіметі жылдарында ғалымдар талай рет Исбиджабқа келіп, қаланың  орнын қарап, өздерінің пікірін  білдірген. Бірақ Испиджаб археолгиялық жақтан зерттелмей келген. Тек ХХІ  ғасырдың ең басынан Исбиджаб кең  көлемде археологиялық жақтан зерттеле бастады. Тоғыз жылдың ішінде осы ескерткіштің 9 жерінде қазба жұмыстарын жүргізіп, одан табылған байлықтар мен деректерге сүйеніп, Исбиджаб қаласы антикалық дәуірде пайда болып, Ұлы Жібек жолындағы саяси, экономикалық және мәдени орталық болғанына тоқталған. Ескерткіште басталған археологиялық кешенді зерттеу жұмыстары ғылыми тұрғыдан жалғаса берсе, Сайрамның сансыз бабы қайтадан жаңғырып, оның көп томдық тарихы жазылар деген үміттеміз.

Аттары аталған киелі орындардың арасында Исбиджабтан (Сайрамнан) шыққан тарихи тұлғалардың ескерткіштері  мен солардың ұйымдастырған діни орындары туралы құнды мәліметтер берілген. Бұл қаладан шыққан ұлы діни тұлғалардың  халық арасында әлі күнге дейін  сақталып қалғанын көреміз. Олардың  естен шығып кеткендері қанша. Осы  асыл мұраларды зерттеп, олардың  әрбіреуіне бірнеше кітаптарды арнауымыз  қажет. Қазіргі егемендікке жеткен қазақ халқы ежелгі тарихына терең  көз жіберіп, ата-бабаларының мұраларын  қайта жаңғыртуға бар күшін жұмсап жатыр.

 

  1. Отырар

 

Отырар – ертедегі орта ғасырдағы Сырдарияның орта алқабындағы түріктердің ірі қалаларының бірі. Ертеде ол бірнеше атпен аталған: Тұрарбанд, Тұрар, Тарбанд, Фараб. Мағлұматтарға қарағанда, IX ғ. Отырар қаласы Сырдарияның орта ағысындағы ірі отырықшы мәдениеттің орталығы болған оғыз түріктерінің шаһары болған. Ибн Хаукалдың жазғанына қарағанда,  оның көлемі де үлкен болған. Отырардың бұдан былайғы тарихының бір бөлімі моңғолдардың шабуылымен байланысты. 1219 жылы Шыңғысханның 200 мың әскері күзде Отырарға келіп, оны қоршауға алды. Бұл оқиға Жувейнидің «Әлемді жаулап алушының тарихы» атты кітабында толық суреттелген. Отырардың тұрғындары жаулаушылармен алты айдай күресіп, ақыры моңғолдар иеленген. Бұл уақиғаға байланысты шыққан еңбектер баршылық. Кейіннен Отырар шаһары қайтадан жанданып, бұрынғы өзінің тұтқан орнына келіп, Сырдария өңіріндегі оғыздардың ірі қаласы болып қала берген. «1969 жылдан бастап, Қазақстан Ғылым академиясының Оңтүстік археологиялық экспедициясы Отырар шаһарын отыз жылға жақын қазып, оның ғасырлар бойы сақталып жаткан сырын ашты. Отырар - көп қабатты археологиялық ескерткіш. Оны зерттеудің нәтижелері көптеген кітаптарда, мақалаларда баяндалған. Бұл шаһарда археологиялық зерттеулер жалғасын табуда.

 

  1. Тараз

 
Тараз (Талас) орта ғасырлардағы Қазақстан  мен Орта Азиядағы үлкен қалалардың бірі, ол Талас өзенінің жағасына орналасқан қала. Сол өзеннің атымен ежелден аталған. Кейін арабтар оның атына өзгеріс кіргізіп, Тараз деп жазып жіберген. Талас қаласы - ертеден келе жатқан отырықшы мәдениеттің ірі орындарының бірі. Оның өмірі Ұлы Жібек жолымен байланыста болып, орта ғасырда біздің жеріміздегі ірі мәдени орталыққа айналған. Таласты шығыстың және батыстың ғалымдары, саяхатшылары өздерінің еңбектерінде жазып қалдырған. Талас (Тараз) үлкен, бекінісі бар қала. Адамдар тығыз орналасқан, бау-бақшаға толы, төрт қақпасы бар және рабадта тұрғындары көп. Медина қақпасының алдында үлкен өзен бар, оның үстінде көпір салынған, тұрғындар өзеннің екі жағына орналасқан. Орталық базарда қалалық басты мешіт салынған.

Кеңес үкіметі жылдарында көне Тараз (Талас) қаласы аздап археологиялық тұрғыдан зерттелді. ХХІ ғасырдың басында ЮНЕСКО қарары бойынша Тараз қаласының 2000 жылдық мерейтойы салтанатты жағдайда өтті. 

Талас қаласының құрылысы он рет өзгергені байқалды. Қазба кезінде қолға түскен деректерге қарағанда, Талас қаласының іргетасы антикалық заманда салынып, күні бүгінге дейін дәуірлеуде. Ұлы Жібек жолы бойындағы көптеген қалалармен бірқатарда Талас та дүниеге келген. Бұл қала содан бері талай оқиғаларды басынан өткерген көне қалалардың бірі. Кейінгі кездерде Әулиеата деп аталса, Кеңес өкіметі жылдарында оған ұлы атамыз Жамбылдың есімі берілді. Енді қайтадан  Тараз деген өзінің ортағасырлық атымен аталуда.

 

  1. Мерке мен Құлан

 

Шу мен Талас өзендерінің арасында Мерке, Құлан қалалары орналасқан. Бұл қалалар Ұлы Жібек жолындағы елеулі сауда орындары болғаны жөнінде араб, парсы әдебиеттерінде азды-көпті айтылады. Әл-Мақдиси Қазақстанның оңтүстігіндегі қалаларды атағанда Мерке мен Құланды да қалдырмаған. Құлан бекіністі қала, оның Мединасында (Шахристан) адамдардың көп жиналатын мешіті бар. Мерке болса, орташа көлемдегі бекіністі, цитаделі бар қала. Мұнда да мешіті бар, ол ертеде шіркеу болған көрінеді.

Бұл қалалардың, ауылдардың көпшілігі орта ғасырдың кейінгі кезеңінде өзара үздіксіз жүріп жатқан феодалдық алауыздықтар салдарынан қираған. Осындай соғыстар кезінде, әсіресе, Баласағұн, Талас, Испиджаб, Отырар, Сауран, Сығанақ және сол сияқты ірі мәдени орталықтар бүлінген. Қираған қалалар сол күйінде қала берген. Кіші-гірім қалалар, ауылдар уақыт өткен сайын тозып, қирап, жер қойнауына енген. Бұлардың бәрі біздің дәуірімізге ескінің көзіндей болып археологиялық, сәулетшілік ескерткіш ретінде жеткен.

 

  1. Түркістан

 

 Түркістан (Түрік елі) – ертедегі орта ғасырдағы Сырдарияның шығысына орналасқан түрік қалаларының бірі. Тарихта осы атпен белгілі болғанмен, бұл шаһардың тарихы әлі күнге дейін жақсы зерттелмей келе жатыр. Ертедегі орта ғасырдағы араб, парсы ғұламаларының еңбектерінде Түркістан қаласының орнында Шагбар қонысының болғаны айтылады. Түркістан қаласы саяси, экономикалық және мәдени орталықтардың бірі болған. Ол Еділ мен Жайық (Орал) жақтан келіп, Испиджабтың үстінен өтетін Ұлы Жібек жолына қосылатын байланыс орны болған. Оның үстіне Қожа Ахмет Иассауидің атымен әлемге белгілі тарихи орын.

1166 жылы ол дүние салған XIV ғасырдың  түріктерден шыққан тарихи тұлға  Әмір Темір көреген  Қожа Ахмет Иассауи қабірінің үстіне кесене салуды бұйырған. Сол кездегі белгілі шебер ұсталар мен құрылысшыларды жинап, осы күнгі Әлемге белгілі, сұлу, мықты кесене (мавзолей) салдырған. Қожа Ахмет Иассауи кесенесі елімізде ислам дінінің таралуына, жас ұрпақтарды діни жолмен тәрбиелеуде Түркістан шаһарындағы  бабамыздың орны үлкен рухани жұмыс атқарды. Оған шартараптан адамдар үздіксіз келіп жатады. Түркістан қазірдің өзінде Егеменді еліміздегі ірі діни орталықтың бірі.

XXI ғасырдың басында ЮНЕСКО Түркістан  шаһарының 1500 жылдығын атап өтті. Біздіңше бұл қаланың жасы 2000 жылдан астам, ол  Испиджаб, Самарқан және сол сияқты антикалық қалалардың қатарында болуы керек.

 

  1. Сауран және Сығанақ

 

Сауран шаһары Түркістан қаласының  солтүстігінде 35 км жерде орналасқан. Оның көлемі оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа  қарай 800 м, солтүстік-батыстан оңтүстік-шығыска  қарай 550 м жерді алып жатыр. Оның сақталған қабырғаларының биіктігі – 6 м. Сырдариядағы ірі кала Сығанақ. Казакстаның солтүстік мен солтүстік-шығысына баратын керуен жолдарының қиылысында орналасқан, ол XII ғасырда қыпшақ бірлестігінің орталығы болды. Қазір Сығанақтың орнында Супақ-ата жұрты бар.


Информация о работе Қазақстанның орта ғасырлық қалалары