Қазақстандық Алжир

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Марта 2012 в 17:40, курсовая работа

Описание работы

Астанаға жақын жерде атының өзі адамның тұла бойын тітіркендіретін, халық жауларының әйелдеріне арналған, бұрынғы АЛЖИР орналасқан.Қазір одан ештеңе қалмады десек те болады. Бүгінде КАРЛАГ-тың жиырма алтыншы нүктесіндегі әйелдердің отбасы мен жарларын еске ала жүріп отырғызған Көз жастар аллеясы сол бір күннің белгісіндей болып тұр.Малиновкада отызыншы жылдары сыңдаған халық жауларының отбасы мүшелері түрып, жер құрсанды.Жергілікті мұражай көлеміне қарай өлкетану бұрышы сияқты.

Файлы: 1 файл

азат ноу.docx

— 80.21 Кб (Скачать файл)

Мұрағат құжаттарында баяндалғандай Ақмола бөліміндегі жағдай тексеріс болып өткеннен кейін де одан әрі нашарламаса жақсарған жоқ. Осылайша Ақмола лагеріндегі әйелдердің жай-күйлері уақытқа, жағдайларға байланысты әрдайым өзгеріп тұрды. Бірінші күні келгеннен бастап, қатаң тәртіп сақталып, зона ішінде өз бетінше қозғалуға, жазуға, оқуға, әсіресе өлең жазуға тыйым салынды. Әрбір жаңылыс басқан қадамы үшін карцер дайын тұрды. Бұл тәртіп ¥лы Отан соғысы басталғанда одан әрі қатаңдана түсті. Қандай жағдайда болмасын, әйелдер міндетті еңбек етуден босатылған жоқ.

Осындай жағдайларға қарамастан, 1938 жылдың күзінде әйелдер қазан мейрамына байланысты көрме ұйымдастыруды жоспарлап, өз қолдарьнан шыққан материалдарын жинақтайды. Ол үшін олар лагерь басшысы Бредихинді көндіреді. Барактардың іші көрме залдарына айналып, қанша сәндік заттар өзінің көркемдігімен, әсемдігімен ерекшеленді. (Оның кейбіреуі Малиновкадағы мұражайда сақтаулы). Бұл әйелдерге арналған жалғыз ғана мереке болған еді.

Ақмола  бөлімшесінде ең дамығаны тігін фабрикасы  болды. Бөлім басшысының орынбасары М.Т.Юзипенконың айтуынша: фабрикада 3,5 мыңнан астам тұтқындар жұмыс істеген. 1940 жылдың 11 қарашасында бұл фабрика жабылып қалады. 1941 жылдың 4 ақпанында №47 фабриканы қайта ашу мәселесі қаралып, бұл фабрикада жұмыс істеушілердің шығарған заттары сапалы екендігін көпшілік мойындады.

Әйелдердің арасында жетістікке жеткендері марапатталды, сыйақы беріліп тұрды. Тігін фабрикасының көрсеткіштері үнемі жоғары болды.

Лагерьдегі еңбектің ауыр бір түрі -қамыс ору. Бүған дәлел Р.Голубеваның лагерьде жазған естеліктерінің бірі «Курт -драгоценный камень» өлеңінде мынадай жолдар келтіріледі: «АЛЖИР-дегі әйелдер тағдыры аса ауыр. Бүгін тағы да қамыс дайындау үшін көлге келдік. Денемізден   сүйекке   өткен ызғар   жанымызды ауыртады.   Жанымызда, иттерімен күзетшілер жүр. Ешнәрсеге мұрша берер емес. Көлдің жақын бетінде Жалаңаш деп аталатын ауыл бар. Ол ауыл адамдары біз жайлы не айтады екен? Олар да бізді жау деп біле ме екен? Олар біздің тағдырымыздан бейхабар ғой. Бір кезде біздің жанымызға ауыл балалары келді. Қоршап тұрып, біздің жанымызға тиер ауыр сөздер айтып, тас лақтыра бастады. Біздің жанымыз күйзеліске түсті. Неге, балаларды осылай тәрбиелеуге болады ма? Неге?» деген сүрақтар тамаққа кептеліп тұр. Күзетшілер қарқылдап күліп, бізге: «Көрдіңдер ме, халық жауларының әйелдерін жоғарыдағылар емес, балалар да жек көреді», -дегенде жүрегімізді тіліп түскендей етті. Бір кезде қатты қимылдан құлап түстім. Тұмсығым жерге тиді, қарасам тас дегеніміз бүктелген мата екен. Одан сүт иісі аңқиды.Мен сонда ғана түсіндім. Ауыл түрғындарының бізге берген асы екен. Қуанғанымыздан бәріміз асыл тастарды жинай бастадық.

Кешке сол жиналған асыл тастың өнімін жедік. Мен неміс қызы кешке жатарда ауыл тұрғындарына қатты разы болып, мұсылмандардың Алласына табындым. Өзіме емес, ауыл қарттарына -денсаулық, әйелдер мен аналарға бақыт тіледім. Әсіресе балаларға, бақытсыз болмасын деп тіледім»

Жазықсыздарды аяусыз қырған террордың тез арада кең жайылып, тез дамуынан тек қана «халық жаулары» ғана емес, олардың жанұясы да қасірет шекті.

Ақмола  лагері іс жүзінде 1953 жылдың маусымына дейін тұрды. №1225-492, 1953 жыл 8 мамырдағы бұйрығына сәйкес Министрлер кеңесі мен Әділет министрлігінің шешімімен КАРЛАГ ауыл шаруашылығы министрлігіне берілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қиянатқа қарсы біткен бұтақтар

 

Егер адам тағдырды алдын-ала білсе  не болар екен...

Роза Тогобицкая

 

Әзиза Рысқүлова туралы қызы Сәуле Рысқүлованың естелігінен:

Анам  туралы жазуға көпке дейін шешім қабылдай алмадым. Бірақ анам туралы таныс емес адамдардың жазбақшы болғанын естіп, өзімнің бұрыс ойлағанымды түсіндім. Оның үстіне, анамның қайтыс болғанына 14 жыл болды. (1988 жылы 6 маусымда). Анамды 18 жасында әкем Алматыға келген сапарында Ескендір Тынышпаев таныстырған. Анам бірақ көп уақытқа дейін әкемнің жасының үлкендігіне (15 жас) байланысты жауап бере алмайды. 1931 жылы әкем мен анамның неке қиған жылы болды.

Бірақ бақытты жанұя болу сегіз жылға ғана созылды. Әзизаның кіші баласын босануына 40 күн қалғанда Тұрар Рысқүловты тұтқындап әкетеді. Ал 1938 жылдың ақпанының 9-нан 10-на қараған түнде Лубянка қабырғасында атылады.

Қалған  жанұя мүшелері дағдарысқа түседі. Таныстарының тез арада Мәскеуден көшіңдер деген ұсынысынан бас тартады. Оларды пәтерден шығарып, бір бөлмелі жалпы үйге орналастырады. Екі айдан соң анамның кіші інісі, одан соң әжем Арифа Атаулы қызы тұтқындалып, «тыңшы» деген айыппен сегіз жылға сотталып, АЛЖИР-де жазасын өтеуге жіберіледі. Бірақ 1945 жылы миына қан құйылып қайтыс болады.

Әжемнен соң 1938 жылы 30 сәуірде анамды емшектегі қызымен ұстап, Қарағанды лагеріне баратын этапқа жібереді. Анамнан кейін бес жасқа толмаған мені Украинадағы балалар үйіне жіберді.

Анам  мен әжем КАРЛАГТА кездеседі, бірақ осыдан соң біржола айырып жібереді. Кішкентай Риданы үш жасында басқа балалар сияқты анасынан айырып, Қарағанды облысындағы Осакаровтағы балалар үйіне жібереді. Анамның айтуынша, жылаған балаларының дауысына қарай аналары машинананың соңынан жүгірген. Осылайша, 26 жасында тұтқындалған анам лагерьде 10 жыл өткізеді. Оның сегізі Отанын сатқан опасыздың жанұя мүшесі ретінде 58-ші баппен, қалғаны еркін жалдамлы ретінде.

Бүл жылдар ішінде Әзиза Тубекқызы ветеринарлық дәрігер болып жұмыс істейді. Оның қайсарлығы, сауаттылығы, қажымай барлығына көмектесуге ұмтылуы оны босағаннан кейін де сол жерде жұмыс істеуіне себеп болады. Бұл туралы КАРЛАГ-тың ИМ басшысы қол қойған алғыс хаттарында «өз ісіне адал, ұқыпты болғандықтан, мал шаруашылығы бойынша барлық өндірістік жоспар асыра орындалды деп жазылған». Мұндай сенімнің болуы оның жанындағыларға үлкен әсерін тигізеді. Анам түнімен керек емес деп лақтырылып тастаған малдың дене мүшелерін aлып, оны аш адамдарға беріп отырған. Бұл туралы олар анама келген кезде еске алып отырды.

Сегіз жыл уақыты біткеннен кейін анама  Риданы балалар үйінен алуға рұқсат беріледі. Риданың қатты қорқып қалғаны соншалық, көп сөйлемей, адамдарға жоламады, күнделікті сөздердің көбін айта алмады.  •

Мен анам және кішкентай Ридамен 1948 жылы кездестім. Ұзақ уақытқа дейін Рида екеуміз «ана» деген сөзді айта алмай, «Сіз» деп жүрдік. Жоғары билік басында отырған туысқандарымыз бізбен араласудан қорқып, олардың үйімізге жоламаңдар деген хабарлары жетіп отырды.

Әзиза Тубекқызы 37 жасында қайтып оралды. Бірақ «өз үйің жоқ» сияқты еркіндік пен тәуелсіздіктің болмауы оны ел алдында көп қорғаншақтатып,    еркін сөйлесе алмауына әкелді.    Анамның артынан бақылап отыру маған қиынға соғатын. Әсіресе, трамвайда қанша бос орын болса да, тұрып тұратын. «Отырғысы келсе, артында мылтық кезеніп тұрғандай елестейді дегенді» маған сыбырмен ғана айтатын. Анам ешқашанда әртүрлі өтініштермен кабинет жағалап жүрген жоқ. Қалада тұруға тыйым салынғаннан кейін қалаға жақын маңдағы «' Париж коммунасы» деген колхозда тұрдық.

1956 жылы Т.Рысқүлов ісі бойынша жапа шеккендердің ісі қайта қаралып, ақтала бастады. Москвадағы пәтермізді қайтарып бергенімен,анам одан бас тартты. Алматыдан екі бөлмелі пәтер берді. Осылайша біз Қазақстанда тұрып қалдық.

Лагерьден қайтып оралғаннан кейін  анам өз мамандығы бойынша қалалық ветеринарлық-санитарлық қызмет жүйесінде дэрігер болып жұмыс атқарды. Ветеринарлық іске өмірінің қырық жылдан астамын берді. Құрмет грамоталары мен алғыс хаттар оның еңбегінің жемісі болды.

 

Нүралина Шарифа Рахымжанқызы 1914-1915 жылы Павлодар облысы Баян ауылында туған. 1938 жылы 10 маусымда Отанын сатқан жанұя мүшесі (ЧСИР) ретінде сотталып, 8 жылға бас бостандығынан айрылған. 1938 жылы 9 тамыз айында Ақмоланың КАРЛАГ бөлімшесіне Семей қаласының түрмесінен келген. Бөлімшеде 1938 жылдың 9 тамызы мен 1946 жылдың 18 наурызы аралығында болады. 1946 жылы 18 науырызда босатылды.

             Роза Тогобицкаяның Шарифа апай туралы естелігінен:

             Он сегіз жасар Шарифа өзінің болашақ күйеуімен Баянауыл орта мектебін бітіргеннен кейін, комсомол жастардың курсында оқып жүргенінде Семей қаласында танысады. Бақытты жас жұбайлар өз қуаныштарының небәрі бірнеше айға ғана созылатынын еш ойламапты. Қатал тағдыр оларды мәңгілікке сол кезде-ақ ажыратқан екен. Жиырма жеті жасар Ахмет ПХК-ның қатты соққыларына шыдамай, қамауға алынғанына үш айға толмастан қаза тапты. Ал жас Шарифа болса, ұзақ сегіз жылдың көлемінде АЛЖИР-дің түрме азабын кешеді.

- Мені қамауға алғанда мен қорықпадым да, таңданбадым да. Тек түсінбестік болғанына сенімді едім және мені кешікпей жібереді деп ойладым.

Кейін белгілі болғандай түрме камераларына толған әйелдердің бәрі солай ойлаған екен, қысқаша сұрақ-жауаптан соң Шарифа да олардың қатарына қосылған болатын. Шынында сұрақ-жауап тергеуі болмаған да еді. ІШарифаға күйеуі Ахметтің халық жауы болғандығы жеткізілді, сол үшін әйелі де қоғамнан тыс, аулақ болуы керектігі жеткізілді.

Қамауға алынған үш айда әйелдер бір-біріне тіс жарып ештеңе демеді. Әрқайсысы артық нәрсе сұрамауға тырысты. Сондықтан да сенімсіздікпен өз ауыртпалықтарын, қайғыларын ішке сақтады.

Бізбен  бірге сол кездің атақты жазушысы Галина Серебрякова да болды, - деп еске алады Шарифа апай. Көп уақытында ол өз төсегіне таңулы болған еді. Ол эпилепсия ауруымен ауырды. Түрменің ауыр жағдайына бұл ауру одан сайын асқына түсті. Есінен тану жиіленді. Бұл ауыр көрініс біздіі онсыз да көңілсіз өмірімізді түңілдіріп жіберді. Түрме камералары лық толды. Әр түрлі жастағы әйелдерді, атап айтқанда -Ресей, Украина, Қиыр Шығыс, Сібір аймақтарынан алып келді. Төсектер бірінің үстіне бірі қойылды, бір қырынан ғана жатып демалуға мүмкіндік болды. Тамақтары да ідам жегісіз еді, алғаш оны көрген кезімізде оны жеуден бас тартқа болатынбыз. Бірақ басқа жол жоқ еді. Кішкене ғана түрме ауласында жүріп келу ауаның жетіспеушілігінен құтқара алмады. Көп ауырдық және ол жиі болатын еді.

1938 жылдың көктемінде 20 адамды ешкімге белгісіз, тек қана түрме әкімшілігінің қалауы себебімен камерадан шығарды, брезент машинаға мінгізіп темір жолға салды.

- Бүл машинада бізді түні бойы алып жүрді, саз балшықтың үстімен келе жатқанымызды сездік, иттің үргені естілді, жұрт көзіне тыс жерге алып бара жатқанын түсіндік, - дейді Шарифа апай. Содан кейін ішімдік ішіп алған бір кондуктор біздің құрамдағыларды басқа паровозға жегіп қойды. Біз бұны бір ай айдалада қалып қойғанда бірақ білдік, онсыз да аз ғана азық-түлік таусылып аштықтың дәмін таттық. Содан кейін ғана барып біздер есіне түсіп, жоғары жақтан паровоз жіберіліп, біз қайтадан Семейге келдік. Сол жерде АЛЖИР-ге жол тарттық.

Бекетте әйелдерді бір машинаға толтырды. Оларды лагерь территориясында отырғызды, айналада иттерімен күзетшілер жүр. № 26 нүктенің бірнеше барагына жеті мыңнан астам әйелді сыйғыза алмады. Тез арада тергеу жүргізілді. Олардың арасынан дәрігерлерден медициналық комиссия құрылды, олар жылдамдатып әйелдердің денсаулығына сәйкес бөлгенде Шарифа ТФТ-а түсті, бұл ауыр жұмыстарға жарамды әйелдер түскен бөлім еді. Маусымға сай емес киінген әйелдер барактар тұрғызып қоршау жұмыстары, бақшалар, баулар болатын жерлерді аудару жұмыстарымен айналысты.

- Бүкіл күн бойы бәріміз тастай жерді күреп, егін ектік, суардық, арық қаздық - деп еске алады Шарифа Рахымжанқызы - 4 адамнан тұратын 1 звенаға 15 гектардан жер тиетін. Ал түнде барак пештеріне қамыс жинайты едік. Біз, жас қыздар кейде шаршағанымыз сонша, бақшаның ішіне құлай салатын едік. Ал үлкендеу әйелдер ауыртпалықтан жиі құлайтын еді, тіпті тұрмай да қалатын кездері кездесетін. Аштықтан әлсіреген ауру әйелдер өмірден өтіп жатты. Бидай АЛЖИР-дегі ең басты тағам болатын. Яғни жарты кесе көже мен быламық тамағымыз болды. Ал нан күніне 600 грамм еді.Ал кокргадтағы жұмыс таңнан таңға жалғасатын.

- Конвоирлар бізді өкпелетпейтін, -дейді Шарифа апай. -Алайда Узупенко атты басшының орынбасары атпен келгенде, әйелдер дамылсыз қимылдайтын. Ол ысқырықпен немесе түрлі сөздерді айтып әйелдерге, тиісетін, оның ойынша олар, керісінше белсенді жұмыс істемейді. Оның айқайынан кейін жазаланғандардың ішінде өмірден өтетіндер көп кездесетін.

Оларды  қой базасының артына апарып көме салатын. Түнде көмілген жерлерге атын жазбақ түгілі ешқандай белгі де қалдырмайтын еді.

Біздің  Шарифа апамыз тірі қалды. 17 наурыз күні лагерь ауласынан шыққан босаған сәт. Алайда қақпадан жас, денсаулығы мықты, күші мол қыз емес, ауру, еңбектен шаршаған, 27 жасында көп қиындық көрген эйел болып шықты.

- Ата-анама, Павлодар облысына қайтуға менің құқым жоқ еді,- дейді, Шарифа Рахымжанқызы. Маған «минус 23» деген белгісі бар паспорт берді. Бұл елдің 23 қаласына баруға рұқсат жоқ екендігін білдіретін белгі еді.

Еркін жұмыс берушілер берген кішкентай айлық не тамаққа, не киімге жетпейтін еді. Суық пен аштық 1946 жылға дейін дос болды, ¥лы Отан Соғысы аяқталғанда ІІХК-ның бұйрығы шықты, бұрынғы қамалғандарға Малиновка селосынан кетуге рұқсат етілді. Біздің кейіпкеріміз Ақшалаға көшіп келді, бұрынғы майдангер Аралбай Әлімбетовке тұрмысқа шықты. Шарифа апай оған екі қыз, екі ұл сыйлады. Оқытты, өсірді, алғашқы немерелерін көрді. Бұдан 15 жыл бұрын Аралбай өмірден өтті. Шарифаның өмірінде тағы бір жұлдыз сөнді. Шарифа өшкен жастық шағын, өлген құрбыларын, қайғысы мен қорқынышын еске алып бүгінде жылап алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Қазақстандықтар қуғын-сүргінге ұшыраған, сталиндік лагерьді бастарынан кешірген мыңдаған жандарды әлі күнге дейін еске аладв. Олардың жарлары мен балалары туралы, лагерьлерде еш кінәсіз «халық жауының әйелдері» деген кінәмен 1937-1954 жылдар аралығында алды 3 жылға, арты 10 жылға дейін сотталған 18 бен 25 жастағы көкөрім жастар жас келіншектер, жазықсыз аналар туралы, осы қатал аймақта жер жастанған әйелдер туралы да ұмытпасы анық. Тікен сымның ар жағынан аман шығып, далада қалғандай күй кешкен олардың тағдыры әр адамның жүрегін тебірентпей қоймас. Сол аналарымыздың кінәсі неде еді?

Информация о работе Қазақстандық Алжир