Қазақстандағы 1960-1970 жылдары 7-8 –бесжылдықтың орындалу нәтижесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2014 в 12:17, курсовая работа

Описание работы

¥лы Отан соғысы аяқталғаннан кейін еліміздің экономикалық жағдайы өте қиын болды. Жау қолында болған қалалар мен селолардың тек қирандылары ғана жатты. Кеңес Одағы байлығының үштен бірі жойылып кетті. 1710 қала, 70 мыңнан астам деревнялар мен селолар, көптеген зауыттар мен фабрикалар, шахталар, мыңцаған шақырым теміржолдар және т.б. істен шығып қалды.

Содержание работы

КІРІСПЕ.............................................................................................................3

1. Соғыстан кейінгі жылдары Қазақстан Республикасының өнеркәсібін қайта құру........................................................................................................................7
2. Қазақстандағы тың жерлерді игерудің пайдасы мен зияны.....................11
2.1. Тың игеруге жаппай кірісу.......................................................................12
2.2. Тыңның алғашқы табыстары....................................................................13

3. Қазақстан аумағындағы ядролық сынақ аландары және ядролық сынақтардың экономикалық зардаптары.......................................................16
4. Қазақстандағы 1960-1970 жылдары 7-8 –бесжылдықтың орындалу нәтижесі.............................................................................................................20

4.1. 1946-1970 жылдардағы мәдениеттің дамуы және қазақтардың тарихын, дәстүрін, салтын, тілін ұмыта бастауының себептері..................21

ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................27

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР................................................................28

Файлы: 1 файл

KURSOVAYa_ZhIBEK.doc

— 216.50 Кб (Скачать файл)

Соғыстан кейінгі онжьщдықтарда социалистік жарыс кең етек алды. Қай саланың қай кәсіпорынынан болса да, еңбек озаттары мен жаңашылдар көптеп піығып жататын, 1948 жылы тұңғыш рет шахтерлер күнінің аталып өтуіне байланысты Қарағанды кеншілерінің бір тобына Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Олардың арасында шахта бастығы І.Күзембаев, кен комбаиыншысы Б.Нұрмағамбетов, проходшылар бригадирі П.Акуловтар болды. Қазақ металлургая зауытының болат қорытушылары АДәрібаев, И.Голубев, Матай станциясының машинкісі М.Қаптағаев сынды озат жұмысшылар өз ісінің нағыз шеберлері ретінде көзге түсті.

Соғыстан кейінгі онжылдықтарда Қазақстанның тұрғындары санының жедел өсуі құрылыс индустриясының ауқымын кеңейтуге мәжбүр етті. Қалалар өсіп, кәсіпорындар мен тұрғын үйлер көптеп салына бастады. Құрылыс материалдарын шығарудың көлемі күрт артты. Сазтөбеде, Қарағаңцыда, Семейде, Өскеменде, Шымкентте цемент зауыттары бой көтерді. Талдықорғанда, Өскеменде, Қызылжарда,Қостанайда кірпіш зауыттары салынып, бұл бұйымды шығаратын Алматы мен Шымкенттегі кәсіпорындар кеңейтілді. Әк, алебастр өндіру де ұлғайтылды. Темір бетон шығару ісі белең ала бастады.

Ауыл шаруашьшық шикізатының молдығы жеңіл және-тамақ өнеркәсібінің даму қарқының жоғарьшатуға әсерін тигізді. Жамбылда, Семейде, Петропавлда, Павлодарда тері илейтін, былғары жасайтын кесіпорындар, Алматы мен Шымкентте мақта-мата комбинаты салынды. Қарағандыда аяқ -киім тігу мен шүлық шығаратын кәсіпорындар орын тепті. Жезқазғанда, Семейде, Ақтөбеде тоқыма фабрикалары жұмыс істей бастады. Аталған кезенде Ақтөбеде, Шымкентге, Жамбылда, Теміртауда ет комбинаттары, ондаған сүт, май айыратын, ірімшік қайнататын зауыттар, ірі наубайханалар іске қосылды. Негізгі азық-түлік өнімдерін шығарудың көлемі үнемі артып отырды [2; 37 – 39].

Республикада аса бай өнеркәсіп шикізатының болуы және  оны орталыққа тасып алу қажеттігі көлік пен байланыс жүйелерін дамытуға әсер етті. 1951-1955 жылдарда көлік пен байланысты дамытуға бөлінген күрделі қаржының мөлшері 65,4 млн. сом болғанда, 1956-1958 жылдары оған 146,4 млн. сомның күрделі қаржысы бөлінді. 1945 жылы темір жол желілерінің ұзындығы 8212 шақырым болса, 1960 жылы оның пайдаланылатын желілерінің ұзындығы 11470 шақырымға жетті. Аталған мерзімнің соңғы жылында Республиканың жалпы жүк айналымының жеке түрлерінің ішіндегі темір жол тасымалының үлесі 91,7 процент болды. Бұл кезде тасымалдың өзге түрлерінің — өзен, құбыр және авиацияның үлесі мардымсыз еді. Кеңес империясының отарлық саясаты Қазақстанның өнеркәсіпті орталықтары мен шикізат базаларының өзара байланысын ескермей, олардың әрқайсысының Ресеймен қосылу бағыттарының артықшылық жағдайда дамытылуын қадағалаудан көрініс тапты [2; 42].

Өнеркәсіптің өндіруші салаларында едәуір жетістіктерге жетуге қарамастан 50-60 жылдар ішінде Қазақстан экономикасында, оның келешегі тұрғысынан алып қарағанда, бірқатар келеңсіз тенденциялар да қалыптасты. Республика экономикасында шикізаттық бағдар белең алды. Өнеркәсіп ендірісінщ құрылымы салалық тұрғыдан түрленбеді. Шығарған енімі күрделенбеді. Өндіруші секторға сай өңдеуші сектор дамымады. 30-жылдары қалыптасқан  бойынша өнеркөсіптің "Б" тобына (тұтыну тауарлары) қарағаңда "А" тобына (өндіріс құралдарын) өндіруді жеделдете дамыту бағыты сақталып қалды. Қазақстан өнеркәсібін шикізаттық өндірушілік бағытга қалдырып қойғанда Орталық мынадай мақсаттарды көздеді деп қорытынды жасауға болады. Біріншіден, Қазақстанның аса бай табиғи ресурстарын қолдан келгенінше көбірек қамти пайдаланып қалу; екіншіден, қоршаған ортаны ластайтын, суды, шикізатты, қуатты көп қажет ететін, лас өңціріс орындарын осында қалдыру; үшіншіден, тәуедці аумақты мөңгілік қолдан шығармау үшін онда жөні дұрыс бұйым, машина, прибор, станок, электроника және электротехника тауарларын, көпшілік қолданатын бүйымдарды шығармауды мақсат етіл қойылды. Нәтижеде Қазақстан бай болса да төуелді мемлекетке айнадды. Бұл сол кездің өзінде Қазақстанды Ресейден ешқашан ажырап кете алмайтын етіп, байлап-матап тастауды көздеген құйтырқы саясаттың нәтижесі болатын.

Қорыта келгевде Ұлы отан соғысынан кейін барлық елдер, соның ішіңде Қазақстанда жаңадан бейбіт еңбек етуде, өңдіріс пен ауыл шаруашылығын қалпына келтіріп, одан ары дамытуға кірісті. Сталиндік қатты бірізділіктен құтылған соң, жақын арада жақсы нәтижелерге жете бастады. Қазақстанда бүл кезде отын энергиялық базасы кеңінен дамыды. Қарағанды көмір бассейнінде оннан астам үлкен шахталар мен байыту фабрикалары кеңінен дамыды. Осы жылдары Өскемен су электр станциясы, Жезқазғанда жылу электр станциялары жұмысқа қосылды. Бұқтырма ГЭС-ы салына бастады. Электр энергиясын өндіру екі есе артты, соның ішінде су энергиясы бес есе көбейді [3; 110 – 111]. 1960 жылы өндірістің жалпы көлемі 1940 жылға қарағанда 732 %-тін құрады. Соколово мен Сарыбай өндіріс орындарының базасында Ертіс химиялық - металлургия Қарағанды заводы, тау-кен байыту комбинаттары іске қосылды. Сонымен бірге, осы кезенде республиканың даму барысында, халық шарушылығында шығарылатын шикізат өнімдері иңдустриялық өнімдерге қарағанда басым болды. Мұндай жағдайда халықтың саны қалалар мен өңдіріс орталықтарында көбейді, ал астық қажеттілігі бірден көтерілді. Колхоз егін салудан, астық жинаудан 1949-1953 жылдары орта жылдық жалпы өндірісі 1909-1913 жылдарға қарағаңда тың игеруге дейін 8 миллион тоннаға ғана көтерілді. Жұмсалған астық шығыны өндірілген өнімнен асып кетті, сондықтан қажетті астықты мемлекеттік қордан алуға мәжбүр болды. Дағдарыстық тенденцияның беті ашылды. Оның шешімі екі бағытта іске асатын болды. Бірінші бағыты тереңдетілген трансформация системасын өндірістік қатынастарына көшу немесе нарыққа өту, сонымен қатар жекеменшік шаруашылығын көбейту, бұл тек жекешелендіру арқылы іске асады. Ол кезде бұл мүмкін емес еді.

Екінші бағыт, ірі жер байлықтарының тың көзін игеру еді [3; 117].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Қазақстандағы тың  жерлерді игерудің пайдасы мен  зияны

 

1940 жылы Қазақстандағы дәнді дақылдар егісін тың жерлерді игеру есебінен бір миллион гектарға кеңейту көзделді. Екінші дүние жүзілік соғыс басталғанға дейін 750 мың гектарға жуық тың жер ауыл шаруашылық айналымына енгізіледі. Қолға алынған жүйелі жұмыс соғыс жылдарында да жалғасады. КСРО-ның батысындағы астықты алқаптың 47 проценті жау қолында қалғанның өзінде 1941-1944 жылдары одақ бойынша 4264 миллион пұт астық өндіріледі. Соғыс жылдарында Қазақстан колхозшылары қиын жағдайға қарамастан жанқиярлықпен жұмыс істеп, мемлекетке жоспардан асырып 30,8 миллион пұт астық тапсырады. Соғыстан кейінгі ауқымы мен ауыртпалығы айырықша болған халық шаруашылығын қалпына келтіру жылдарында да аштыққа жол берілмеді, тілген 1947 жылы нанға кәртішке жүйесі жойылды. Қазақстандағы астық өндірісі 1950 жылы 1751,3 мың тоннадан 1953 жылы 1977,5 мың тоннаға жетті.

Қазақстандағы астық өндірісінің үлес салмағы анағұрлым азайып, одақ бойынша белгіленген өнім дайындаудың 5-6 процентін ғана құрады, ал астықтың тауарлы түсімі тым төмен болып гектарына 2,57 центнерден айналады. 1953 жылы дәнді дақыддар өнімі күрт кемуіне орай ашаршылық қаупі төнеді, ауыл адамдары қалаларға барып, нан сатып алып күнелтуге мәжбүр болады. 1953 жылғы қыркүйекте өткен КОКП Орталық Комитетінің Пленумы ауыл шаруашылығында қалыптасқан ауыр жағдайға әділ баға беріи, елдің жалпы дамуы мен ауылдағы жағдай арасында тепе-теңдіктің жоқтығы, адамдардың нашар тамақтанатыны атап көрсетіледі [4; 220] Мол мүмкіндік бола тұрып, біздің республикада да халықтың нан жөніндегі сұранысы қамтамасыз етілмейді. Себебін түсіндіру қиын. Айтуға тұратыны: егіншілік мәдениетінің төмендігі, механизаторлар жетіспеуі, ауыл шаруашылығы мамандарының аздьіғы, еңбеккерлерді материалдық ынталандырудың мәз еместігі, салаға басшылықтың бәсендігі.

Істің оңға басуына қажетсіз кайта құрулар да кедергі келтіреді. 1951 -1952 жыддары жергілікті жағдайды жеткілікті зерттеп жатпай-ақ кішігірім колхоздар асығыс ірілендірілді. Соның салдарынан Қазақстандағы колхоздар 3 есеге кемиді. Жергілікті билік органдарының өкілетгілігі трактор-егіс бригадаларының шеңберімен шектеледі. Мұндай бұрмалауларды жөнге салу Сталиннің жеке басына табынуды талқаңдағаннан кейін ғана қолға алынады. Анахронизм ауыртпалығынан арылған ауыл еңбеккерлерін аграрлық салада келесі істер күтіп тұрған еді. Бұл дағдарыстан шығудың бір ғана жолы бар еді. Ол үшін өндірістік қатынастар жүйесін өзгерту, атап айтқаңда, нарық қатынастарына кешу керек болатын. Бірақ, ол кезде мұндай өңгімені қозғауға ешкімнің батылы бармады. Өзін өзі сақтау үшін билік иелері мәселені экстенсивтік әдіспен — тың жерлерді кең ауқымда игеру жолымен шешуге кірісті [4; 225].

 

 

 

2.1. Тың игеруге жаппай кірісу

 

1953 жылдың аяғында тың игеруге қатысты мәселелер Одақ деңгейінде қызу талқыланып жатты. Жарамды жерлер көп делінетін Орал, Сібірмен бірге Қазақстан да аддымен аталып жүрді. Жерлерді жыртып тастау дәстүрлі мал шаруашылығын дамытуға зиян келтіреді деп санаған республика партия ұйымының басшылары орнынан алынды. Орталықтың нұсқауы бойынша Қазақстан КП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып П. К. Пономаренко сайланды, ал оның орынбасарлығына біраздан кейін оның орнына келген Л. И. Брежнев отырғызыдды.

Тың және тыңайған жерлерді игеру туралы шешім 1954 жыддың көктеміне қараған шақта қабыдданды. Онда 1954— 1955 жыддары тың жерлерді игеру есебінен дәнді дақылдар егіс аумағын 13 млн. гектарға арттыру, ол жерлерден 1100-1200 млн. пұт астық, соның ішінде 800-900 млн. пұт тауарлы астық алу көзделді. Тың игеру жөніндегі бұл шешімді қазақстандықтар мақұлдап, қуаттайтындықтарын білдірді. Республика еңбекшілері белгіленген шараларды жүзеге асыруға белсене араласып, шабытты еңбек етті. Бүл науқан кезінде қазақ халқы тағы да өзіне тән қонақжайлық, интернационалдық, бауырмалдық мінездерін таныта білді [5]

КСРО-ның түкпір-түкпірінен адамдар ағылып келе бастады. Ол кезде коммунистер мен комсомоддардың бастама көтеріп, түрлі науқандарға шақырып жатуы әдеттегідей жәй еді. Баспасөз бетінде тың игерушілердің сапына косылуға шақырған үндеулер мен ұрандар жиі басылып тұрды. Тың игеруге салт басты, сабау қамшылы жастар ғана емес, отбасымен толық көшіп келушілер де көп болды.

Өнеркәсіп ошақтарын орнатамыз деп мындаған жұмысшы-құрылысшылар келіп жатты. Халықтың қазақ жеріне ең көп қаптап келгені — 50 жылдардағы тың жерлерді игеру көзі болды. 1953-1965 жылдары Қазақстанға бас-аяғы 2 миллион адам сырттан келіп, осында орналасты, қоныс тепті, жұмыс тапты. Олар негізінен орыстар мен украиндар болды. Олар жергілікті халықпен санаспады, кормеді. Қазақ халқының өз жерінде азшылық болып үштің бірі деген үлеске түсіп қалатын халі осылай жасалған.

Тьщ игерудің алғашқы екі жылында республикаға барлығы 640 мың адам кедді. Бірақ олардың 150 мыңы ғана ауыл шаруашылық механизаторлары еді. Тың игеруге қатысқан адамдарды материалдық ынталандыру шаралары жүзеге асырылды [5; 89 – 90]. Тыңгерлер барар жеріне шейін тегін көшірілді. Әр отбасына 500-1000 сомнан бір мезеттік кемек көрсетідці. Үй салу үшін (оның 35 процентін мемлекет өз мойнына алып), мал сатып алу үшін несие берілді. Астық немесе үн ретінде азық-түлік көмегі көрсетілді. Тынгерлер 2 жылдан 5 жылға шейін ауыл шаруашылық салығьшан босатылды.

Бұл жерде жоғарыдағыдай ынталандыру үшін бөлінген материалдық көмекті белуде алалық болғандығын ескере кету керек. Көтерме кемекті славян тектілер артықшылықпен пайдаланғанда, Қазақстан тыңын игеруге үлес қосуға ниет білдірген, Ресей жерінде тұратын қазақ жұртының өкілдері ешқандай материаддық кемек ала алмады.

1954 жыддан бастап егіске жарамды жерлерді зерттеп, таңдап алу жұмыстары жүргізілді. Ол жұмыстарға Мәскеудің, Санкт-Петербургтың, Украинаның топьірақ зерттеуші ғалымдары, ботаниктері, гидрогеологгары қатысты. Алайда, өмірлік тәжірибе көрсеткендей, орасан көп жерді жыртып тастаудың зиянды салдарлары болатыны ескерілмеді. Және сол көздің айқайшыл басшыларын келешек туралы ғылыми болжамға иландыру оңай емес те еді [4 -5].

2.2. Тыңның алғашқы табыстары.

 

Тың игеру республиканың Ақмола, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Солтүсгік Қазақстан, Торғай облыстарында жүргізілді. 1954 жылдың көктемінен 1955 жылдың көктеміне дейінгі бір жыл ішінде тың өлкесінде 337 астық совхозы құрылды. Олардың егіске жарамды жерлері 10 млн. гектардан астам бодды. 1954 жылдың өзінде-ақ тың көтеру жөніндегі тапсырма артығымен орындалды. Қазақстанда 6,5 млн. га тың жер жыртылды. Астықтың жалпы түсімінің мөлшері 7650 мың тоннаға жетті. (1950 жылы Қазақстанда 7854 мың гектар жерге дән себіліп, одан 4,7 млн. тонна астық жиналған болатын). 1955 жылы егіс көлемі 1954 жылғымен салыстырғанда екі еседей артып, 20,6 млн. га жер жыртылғанымен, ауа райының қолайсыздығынан 4750 мың тонна ғана астық алынды. Тыңгерлер ауыз толтырып айтатындай көрсеткішке 1956 жылы ғана жетті. Бұл жылы республика 16 млн. тонна астық жинады. Мұны коммунистік азалықден 1 млрд. пұт деп ауыз толтыра айту қалыптасты. 1956-1958 жылдары республикада тағы да 4,8 млн. га тың жер игеріліп, егіс көлемі 28,6 млн. гектарға дейін өсті. Мұның ішінде дәнді дақылдар егісінің аумағы 23,2 млн. га еді. Республикада техникалық дақылдар, көкөніс, жемшөп өндіру де ұлғайтылды. Тың игерушілерде көтеріңкі рух, еңбекке деген құлшыныс бодды. Еңбек озаттары көптеп шыға бастады. Астық жинаудың түрлі әдістері дүниеге келді. Мәселен, Қостанай облысындағы "Ярославский" совхозының бригадирі М.ЕДовжик, Қостанай облысыңдағы Павлов атындағы совхоздың комбаиншысы Ж.Демеев, Павлодар облысының Буденный атындағы колхоздың комбаиншысы П.Ф.Музыка т.б. тыңгерлер еңбектегі ерліктің тамаша үлгілерін көрсетті [6; 110-113].

Тың игеру бидайды ғана емес, астықтың өзге түрлерін өсіруге де игі ықпал етті. Сол жылдары Қазақстанның Оңтүстігіңде күріш өсіру едәуір жанданды. Қызылорда облысының Шиелі ауданының "Қызыл ту" колхозының звено жетекшісі Ыбырай Жақаев күріштен мол өнім алудың ғажап үлгісін көрсетті. Ол көптеген ізбасарлар дайыңдап шығарды.

Тың жерлерді игеру жылдарында біздің Қазақстан сапалық жағынан жаңа экономикалық және әлеуметтік деңгейге шықты. Өте қысқа мерзім ішінде оның еліміздің азық-түлік балансындағы ролі артты. Қазақ жерінде ірі-ірі кәсіпорындар пайда болды, ғылым мен мәдеғшет одан әрі дами түсті. Алайда, тың игерудің нәтижелері тіпті де бір мәнде емес. Қазақ КСР-інің 70 жыддығына арналған мәжілісте жасаған баяндамасында Н.Ә.Назарбаев атап көрсеткеніндей, бүкіл жағымды қорытындыларын мойындай отырып тың игеру қозғалысы терең ойластырылмаған, дайындықсыз қолға алынған. Көп жағдайда волюнтаристік сипаты басым кең ауқымды әрекет болды. Мқнда ең аддымен республиканың ұлттық ерекшелігі назарға алынбаған еді. Дәстүрлі мал шаруашылығына елеулі нүқсан келтірідді, астық проблемасын шешудің өзі негізінен алғанда экстенсивті жолмен ғана қолға алынды. Орасан зор көлемде халықтың басқа жерден Қазақстанға тоғылуы рухани, адамгершілік түрғыдан әубастан-ақ кереғар сипатта болды. "Бос жатқан, қумекен далаға барасындар, оны игеріп, өздерің қолдарыңмен орнатасындар" деген ат үсті нұсқауларға иек артқан тың игерушілер қазақ халқының салт-дәстүрлері мен мәдениетіне, оның тарихи ескерткіштеріне қандай тұрғыдан қарауға тиіс еді?1 Қазақ мектептерінің саны осы жылдары күрт қысқарды. Бір ғана дерек мысалы, 1956 жылдың қаңтарында облыста 154 қазақ тілінде оқитын мектеп болса, оның саны 1991-ші жылдың 1 қаңтарында небары 57 ғана болып отыр [ 7; 189].

Информация о работе Қазақстандағы 1960-1970 жылдары 7-8 –бесжылдықтың орындалу нәтижесі