Қазақстан Республикасындағы Ұлттық валютаның қалыптасу және бекітілу мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2013 в 22:33, реферат

Описание работы

Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден-бір шарт өнім болып табылады. Тауар – бұл сату айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі, оны өндірушілердің белгілі қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды. Заттардың тауарға айналлуы ақшаның пайда болуындағы объективті алғышарттарды құрайды. Бірақ кез келген зат тауар бола алмайды. Егер (нақты еңбекпен белгіленген) тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе қоғам тарапынан мойындалмаса, онда оны дайындауға кеткен уақыттың рәсуә болғаны; мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес, өйткені оның қоғамға қажеті шамалы.

Содержание работы

Кіріспе .....................................................................................................3-6

І тарау: Валюталық қатынастардың теориялық негіздері

Ақшаның шығу тегі............................................................................7-11

1.2 Валюталық жүйелер және валюталық қатынастардың
механизмі...................................................................................................12-15

1.3 Валюта ресурстарын қалыптастыру және пайдалану................16-21

ІІ тарау: .

2.1 Теңгенің қалыптасу кезеңдері мен даму мәселелері......................22-31

2.3 Ақшаның түрлер................................................................................32-41
Қорытынды ....................................................................................42-43

Қолданылған әдебиеттер .................................................................44

Файлы: 1 файл

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ00.doc

— 48.00 Кб (Скачать файл)

ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫ  БІЛІМ  ЖӘНЕ  ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

 

 

 

 

МӘНЖАЗБА

 

 

 

 

 

 ТАҚЫРЫБЫ:«Қазақстан Республикасындағы Ұлттық валютаның қалыптасу және бекітілу мәселелері»

 

 

 

Орындаған:

                Тексерген: 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақтөбе – 2013ж.

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

 

 

   Кіріспе    .....................................................................................................3-6

     

І тарау: Валюталық  қатынастардың теориялық негіздері

 

    1. Ақшаның шығу тегі............................................................................7-11

 

1.2 Валюталық      жүйелер      және      валюталық         қатынастардың

механизмі...................................................................................................12-15

 

1.3 Валюта ресурстарын қалыптастыру және пайдалану................16-21

 

ІІ тарау: .

 

   2.1 Теңгенің қалыптасу кезеңдері мен даму мәселелері......................22-31

 

2.3 Ақшаның түрлер................................................................................32-41

Қорытынды ....................................................................................42-43

 

           Қолданылған әдебиеттер .................................................................44

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

       Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден-бір шарт өнім болып табылады. Тауар – бұл сату айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі, оны өндірушілердің белгілі қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды. Заттардың тауарға айналлуы ақшаның пайда болуындағы объективті алғышарттарды құрайды. Бірақ кез келген зат тауар бола алмайды. Егер (нақты еңбекпен белгіленген) тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе қоғам тарапынан мойындалмаса, онда оны дайындауға кеткен уақыттың рәсуә болғаны; мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес, өйткені оның қоғамға қажеті шамалы. Сондықтан да әрбір тауар қажетті тұтыну құнын алу құралы бола отырып, өзінің өндірушісіне қатынасы бойынша айырбас құны ретінде көрінеді. «Айырбас құн тауарлардың өзінен бөлініп шыққан және олармен бірге өз бетінше өмір сүретін тауар, ол ақша».

Әрбір ерекше тауар міндетті түрде тұтыну құны ретінде көрінеді. Оның құны жасырын түрде болады және тек қана ақшаға теңестіру жолымен  табылады. Тауарлар және ақшалар бір  және осы тауар формасының нақты қарама-қарсы жақтары бола отырып, айырбас процесінде бір-бірін табады және өзара бір-біріне ауысады.

Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде  бір тауардың басқа бір тауарға  кездейсоқ айырбасталануы барысында, айырбас құнның жай немесе кездейсоқ  формалары қолданылады.

Тауар өндірісінің дамуы барысында  кездейсоқ айырбас жиіленді. Жалпы  тауар массасының ішінен барынша  жиі айырбасталатын тауардың бөлініп  шығуымен құнның жай формасы толық  формаға өте бастады.

Тауар өндірісінің өсуіне байланысты неғұрлым жиі айырбасталатын тауар – барлық басқа тауарлардың бір-бірімен өзара айырбасталу құралы бола бастады. Осыдан келіп, құнның толық немесе кең көлемдегі формасын жалпы құндық формасына жасырын түрде өту басталды. Бірақ оның рөлі бір туарға нық бекітілмеген еді. Біртіңндеп жалпы құндық эквивалент ролін белгілі бір тауарлар көптеп атқара бастады және осы тауарлар ақша деп аталынды. Құнның жалпы құндық формасы ақша формасына айналды.

Сонымен, ақша – бұл барлық тауарлардың  құнын өлшейтін, жалпыға балама айрықша  тауар.

Ақшаның оьъективті қажеттігі тауар өндірісі және айналысының болуына сәйкес қалыптасты. Ақша – бұл тауар айналысының құралы және ізбасары. Тауар мен ақша бір-бірінен бөлінбейді, себебі ақша айналыссыз тауар айналысының да болуы мүмкін емес. Ақша тауардан бөлініп шыққанымен де, ло айрықша тауар ретінде қала береді. Ақшаның жалпыға бірдей балама рөлін аплтынға жүктеледі. Сондықтан алтынның басқа тауалардың құнын бейнелеуі, оның ең бастысы мынадай табиғи қасиетіне байланысты: біріншіден, алтынның табиғи сапалығы, яғни оның оңай бөлінетіндігі, әдемілшігі және тозбайтындығы; екіншіден, құны өте жоғары, сондай-ақ, оның қорының сиректігі мен өндіруге кететін еңбек шығыны жоғары болуы.

Ақша - өндіріс және бөлу пролцесіндегі адамдар арасындағы қатынасты бейнелейтін, тарихи түрде дамып келген экономикалық категория. Ақшаның экономикалық категория ретіндегі мәні, оның мынадай үш қасиетінің біртұтастығынан байқалады:

    • жалпыға тікелей айырбасталу формасы;
    • айырбас құнның дербес формасы;
    • еңбек өлшемінің заттай (материалдану) формасы;

Жалпыға тікелей айырбасталу  формасы, оның кез келген материалдық  бағалы затқа айырбасталатынын сипаттайды. Екінші тауарларды сатумен байланыссыз. Соңғы қасиеті тауар өндіруге жұмсалған еңбектің ақша көмегімен  өлшеуге болатын құнын сипаттайды.

Курстық жұмыстың мақсаты, ақша жүйесінің  және ақша айналымының теориялық  мәселелері, олардың нарықтық қатынастар жағдайында қызмет етуінің заңдылықтары мен ағымы, сондай-ақ экономикалық нарықтық тұрғыдан түрлендірілуі, Қазақстандағы банктік реформалар, банктің қызметі мен операцияларының жаңа жағдайда өзгеруі, халықаралық валюталық несиелік қатынастар қарастырылған.

Ал курстық жұмыттың міндеті, ақша жүйесі және ақша айналымы теориясы. Ақша жүйесі, ол барлық ақша түрлерінің және валюталық бағамның басты элементі болып табылады. Ақша жүйесінің негізгі міндетіне ресми ақшалардың бірлігі, ақша белгілерінің эмиссиясы сонымен қатар монеталарды жасау кіреді. Ал ақша айналымының міндетіне, қолма-қол және қолма-қол емес түрінде үзіліссіз қозғалыста жүретін ақша белгілері кіреді.

Курстық жұмыс тек қана ақша жүйесінің  және ақша айналымының теориялық  бағытта қарасьырып қоймай, сондай-ақ олардың практикалық жақтарын қарастырады. Курстық жұмыс негізінен үш тараудан және бірнеше тақырыпшалардан, әдебиеттер тізімдері мен қосымшалардан тұрады.

Бірінші, тарауда ақша жүйесінің  теоретикалық аспектілері туралы жазылған. Мұнда ақша жүйесінің элементтері  және типтері, ақша айналымының құрлымы, ақша айналысының заңы және мәні қарастырылады.

Екінші, тарауда Қазақстан Республикасының 1993 жылғы ақша реформасы, ақша түрлері зерттелген. Мұнда металл ақшаның, қағаз және несие, сондай электрондық ақшалардың пайда болу себептері мен қазіргі жағдайы қарастырылады.

Үшінші, таруда теңге бағамының  тұрақтандыру жолдары, оның ішінде валютамыздың 1993 жылғы 15 қарашада айналымға түсүін және теңгенің валютада неше пайызға өсіп төменджеуі қамтылады.

 

 

 

 

 

Теңге бағамының  айналысқа шығу тарихы

 

Ақша мен экономиканың өзара байланысы өте тығыз, олар экономикалық жүйенің негізгі құрамы болып табылады. Ақша жүйесі экономикалық үдерістерге оларды күшейтумен немесе бәсеңдетумен әсер етеді. 
Елдің экономикалық жағдайы, сол елдің экономикалық кеңістіктегі интеграциясы мемлекеттің ақша жүйесіне, оның атқаратын қызметіне тікелей байланысты. Макроэкономикалық тепе-теңдік ақша рыногында белгілі бір тепе-теңдіктің болуын қалайды. Олардың ішіндегі ең бастысы ақшаға деген сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігі. 
1991 жылы Қазақстан нарықтық қайта құруды жүзеге асыра бастады. Алайда, сол кезде жұмыс істеген бірыңғай ақша жүйесі тұрақсыз болды. Жас мемлекеттер бірінен соң бірі өздерінің ұлттық валюталарын немесе уақытша ақша белгілерін енгізе бастады. 1992 жылы рубль аймағында Қазақстан, Өзбекстан, Ресей және Тәжікстан елдері ғана қалды. Республикаға кеңестік рубльдің бақылаусыз көптеп келуі инфляцияның шарықтап өсуіне әкеліп соқты. Қазақстан өз валютасын енгізуге мәжбүр болды. Өйткені, рубль аймағында тұрып, Қазақстан Ресейдің қаржы институттарына бағынышты күй кешті, дербес монетарлық, экономикалық саясатты жүргізе алмады. 
1993 жылы 3 қарашада Президенттің Жарлығымен құрылған Ұлттық валютаны енгізу жөніндегі мемлекеттік


Информация о работе Қазақстан Республикасындағы Ұлттық валютаның қалыптасу және бекітілу мәселелері