Қазақстан Республикасындағы діни экстремизммен күресудің криминологиялық және құқықтық аспектілері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Августа 2013 в 14:20, курсовая работа

Описание работы

Зерттеу тақырыбының маңыздылығы. Кеңестік Одақтың ыдырауы нәтижесінде, мемлекет тәуелсіздігінің жариялануы Қазақстан Республикасында демократиялық, құқықтық институттардың, ашық нарықтық экономикалық және әлеуметтік қорғаудың тиімді жүйесі бар әлеуметтік мемлекет пен дүнияуи азаматтық қоғамның құрылуына негіз болды. Қазақстан Республикасы әлемдік қауымдастыққа халықаралық-құқықтық қарым-қатынастардың толыққанды субьектісі ретінде кіреді. Аталған жиынтық бүкіл елдердің бейбіт өмір сүруін қамтамасыз ететін жоғары әлеуметтік құндылықтардың сақталуына және әлемдік қауымдастықты сақтау мен дамытудың жаңа жолдармен анықтайды.

Содержание работы

Кіріспе..........................................................................................................................4

І – тарау. Қазақстан Республикасындағы діни экстремизмнің әлеуметтік-құқықтық және криминологиялық сипаттамасы.
Діни экстремизмді зерттеудің теориялық және әдістемелік негіздері.........14
Діни экстремистік бағыттағы қылмыстардың ахуалы, құрылымы және
динамикасы........................................................................................................39
1.3 Діни экстремизмнің таралуы мен дамуының себептік-факторлық
кешені.................................................................................................................46
1.4 Діни экстремистік бағыттағы қылмыс жасаушы тұлғалардың криминологиялық сипаттамасы және оның типологиясы....................................53

ІІ –тарау. Қазақстан Республикасындағы діни экстремизммен күресудің криминологиялық және құқықтық аспектілері
2.1 Діни экстремизмді ескерту, алдын-алу және оның жолын кесудегі құқық қорғау органдары әрекетінің тиімділігі..................................................................61
2.2 Діни экстремизмді алдын-алудағы мемлекеттік ұйымдар мен қоғамдық құрылымдардың жүйесі............................................................................................75

Қорытынды..............................................................................................................88
Әдебиеттер........................................................

Файлы: 1 файл

Экстремизм.docx

— 125.84 Кб (Скачать файл)

      Мемлекеттің реттеуге күші жетпейтін  кейбір аумақтарға француз журналисі  Ж.-К. Рюфэн « сұр аумақтар  » деп атауға ұсыныс жасады. Бұл термин негізінде аэронавтикада,  яғни радардың бақылауын белгілі  бір жердің атауын анықтау  үшін қолданылады. Осындай аумақтар Африка, Оңтүстік Америка, Азия, тіпті экономикасы дамыған ( Ақш, Италия, Испания, Франция және т.б. ) мемлекеттерде де бар. Наркобизнес, қару-жарақ саудасы, терроризм – осы « сұр аумақтың » үшжақты тірегі. « Сұр аумақтар » қылмыстық ұйымдардың бақылауында ( мысалы, Колумбиядағы Медельин аумағы, Боливия мен Перудің кейбір аудандары, « алтын үшбұрыш » деп аталатын Оңтүстік-Шығыс Азияда Тайланда, Бирма, Лаостың шекаралары түйіскен жер) жерлер, немесе « жекешеліндірілген » мемлекеттік үкіметтері бар тайпа мен кландардың аумақтары ( Африка аумағы, ОАР –ның солстүк шекарасынан экваторға дейінгі аумақ, Ауғанстан ).

       Әлемде бұл эксплуатация «  сұр зонаның » адекваттық формасын  құрғызды. Сонымен қатар осы жағдайда  әлсіз мемлекетпен қарсыласып, өздерін  үкіметтің баламалы ұйымдық формасы  ретінде, тонаушы, жыртқыш пен  паразиттің негізінде екендігін  көрсетеді. 

      Бұқаралық ақпарат құралдары  мен террористер арасында мынандай  бір түрлі қатынас бар; террористер  өздерінің қан төгу немесе  басқа да алаңдататын жағдайларын  ақпарат базарына толтырып жатса,  ал бұл оларға тегін жарнаманың  көзі, әрі террордың тірегіне  қызмет еттіреді.

     Өте ауыр әлеуметтік құбылыс  болып табылатын терроризмді  психологиялық тұрғыдан зерттегенде,  бұл құбылыстың туындауы мен  дамуына тікелей және жанама  әсер ететін факторларды жанжақты  жүйелі әдіспен зерделеу қажет. 

      Терроризм тарихи, этнопсихологиялық  және басқа да түбірі бар,  көптеген факторлардың әрекеттесуімен  туындайды, әрі дамиды. Терроризмнің  туындауы мен дамуына, құқықтық  мәдениеттің төмендігі, саяси  және әлеуметтік есептеулердің  қателігі, мемлекеттік аппараттың  әлсіздігі, шенеуніктердің жемқорлығы  және арнаулы қызметтің төменгі  кәсібилігі әсер етеді. 

      Сепаратизм ( французша. Separatisme – бөлектеу ) негізінде бөлінуге, бөлектеуге итермелейтін заңсыз әрекеттер. Сепаратизмнің ұйымдық жағынан ұлттық экстремизге қатысы бар. Саяси және әлеуметтік аясында сепаратизмнің әрекеттері көпұлтты мемлекеттерді бөлшектеуге, бір ұлттың үстемдігін көрсетуге бағытталады. Сонымен қатар бұл құбылыс бірнеше ұлттардың өз мүмкіншіліктері мен үстемдіктерін орнатуға бағытталған әрекеттерін бейнелейді. Бұндай іс-әрекеттер ұлтаралық қатынастарды қиындатуға, әрі халықтар арасындағы текетірес пен араздастыруға итермелейді. Сепаратизмнің бір түрі ретінде этно-діни экстремизм термині де қолданылады.  

      Экстремизм ( латынша. extremus – ең шеткі ) – бұл белгілі немесе қайсыбір мәселелерді шешуге бағытталған ең шеткі көзқарастарды жақтаушылық және радикалды шаралар.

       Азия мен Европа, Солтүстік пен  Оңтүстік Америка және Африкадағы  мемлекеттердегі саяси басшылықтың  алдындағы ең қиын мәселелердің  бірі экстремизм болып табылады.

      Экстремизм – ғасырлар бойы  адамзатпен жалғасып келе жатқан, өте күрделі әлеуметтік-саяси  құбылыс. Экстремизм мемлекеттің,  қоғамның, жеке бастың өмірлік  маңызы бар, кез келген мемлекетке  аса қауіп төндіретін құбылыстардың  қатарына енді. Қазіргі таңда  оның әрекеттерінің мынандай  жүйелі сипаттамасы көрінуде, террорлық  актілер сияқты, өкіметті күштеп  басып алуға шақыру, мемлекеттік  және қоғамдық қайраткерлерге, саяси  көшбасшылар мен белсенділерге  қауіп төндіру, кепілдікке алу,  әкімшілік және мекемелердің  ғимараттарын басып алу, шетел  өкілдіктеріне қарсы пикет және  жарылыс, жаппай тәртіпсіздік  және басқалай күштеу актілерін  ұйымдастыру. 

       Криминология, қазіргі саясаттану  және саяси әлеуметтану ғылымдардың  зерттеуінде экстремизм көпжоспарлы  мәселе болып табылады. Соңғы  жылдары оның мәні мен мазмұнына,  басқа құбылыстарға  қатысы жөнінде  ғылыми дебаттар белсенді жүруде.

       Заң, философия және саясаттанудың  ғылыми әдебиеттерінде экстремизмнің  жалпы қабылданған қатал анықтамасы  жоқ. Экстремизмді көбіне әр  түрлі құбылыс ретінде: яғни  әр түрлі класстық және азаттық  күрес формалары кейпінде, қылмыс  құрамының элементтері бар,  әрі  қылмысқа жетелейтін саяси күштеушілік  арқылы болатындығынан түсіндіріледі.  Бір жағынан экстремизмді саясаттағы ( немесе позицияда ) қарсы жақпен  еш ымыраласпайтын және субьектінің  агрессиялық қалпын бейнелейтін  спецификалық сызық ретінде түсіндіріледі;  әр түрлі бағыттағы идеологиялық  ағымдардың болуы, ең шеткі  солшыл немесе оңшыл позицияда болуы; саяси күрестің әдісі ретінде, оппоненті немесе қарсыласымен бірлесіп қызмет етуден, әрі келісімге келуден бас тартушы; әр түрлі деңгейде дамушы, әлеуметтік келеңсіз қарсылық көрсетуші: қоғам, класс, бөлек қоғамдық қабаттар, ұлттық, әлеуметтік, діни және кәсіби топтар - әр түрлі аумақтарда және әр түрлі идеологиялық-саяси негізде.

       Қазақстандық және Ресейлік әдебиеттерде  осы құбылысқа арнайы зерттеліп  жазылған еңбектер көп емес, әрі  кешенді ғылыми түсінудің пәні  болмады. 

       Экстремизм мәселесімен айналысқан  көптеген зерттеушілер « экстремизм  » ұғымын тар және кең мағынада  қарауды ұсынады.

      Экстремизмнің тар түсіндірмесінде  саяси қозғалыс пен партиялардың  заңсыз қызметі, сонымен қатар  мемлекеттік құрылымды күштеп  өзгертуге,  ұлттық мен әлеуметтік  жанжалды қоздыруға бағытталған  лауазымды адамдар мен жеке  тұлғалардың әрекеттері тұрғысынан  айтылады. Экстремизмнің осындай  түсінігіне мыналар тән болып  табылады: бейресми саяси қызмет, заңсыз зорлаушылықтың болуы,  ұлтшылықтың, расизмнің немесе  әлеуметтік-класстық антагонизмнің  ең шеткі формалары; идеологиясының  әшейіндігі мен жалпышешейлігі, қоғам өміріндегі қиындау мәселелерді  шешудің төте жолы мен тәсілін  жай ғана ұсыну және оны  нақты өмірде іске асыруда  сәтті болатындығына көпшілікті  сендіру.

      Ал енді « экстремизм » ұғымының  кең түрдегі түсінігі оның  өз этимологиясынан шығарылады. Экстремизм – бұл ең шеткі  шараларды, әрекеттерді, көзқарастарды,  шешімдерді жақтаушылық. Саяси  субьектілердің белсенділігі, яғни  белгілі саяси белсенді тұлғалардың,  қоғамдық топтардың, билік элитасының  және контрэлитаның өздерінің  саяси идеалын кіргізуге және  түрлі мүмкін жолдармен алға  қойған мақсаттарын іске асыруға,  күштеушіліктің түрлі тәсілдерін  қолдануға, мемлекеттік билікке,  жалпы көпшілікке немесе қайсыбір  элементтеріне, халықаралық ұйымдарға  қарсы бағытталған әрекеттері.

      Зерттеушілердің криминологиялық  талдау жоспарында экстремизмді  негізгі екі типке бөледі:

  1. рационалдық;
  2. иррационалдық.                       

Экстремизмнің рационалдық түрлеріне мыналар  жатады:

  • саяси;
  • идеологиялық;
  • ұлттық;
  • діни;
  • экологиялық.                            

       Саяси экстремизмнің басты белгісі  – билікке жету мақсатын жүзеге  асыруға, экстремистік әрекеттің  саяси бағытталғандығы. Саяси  экстремизмнің идеологиялық экстремизммен  тығыз қатынаста болады, тіпті  кейбір жағдайларда бұл екі  тип бір-бірімен бірігіп кетеді.

      Ұлтаралық қатынастарда ұлттық  экстремизм ұлттар мен халықтардың  арасындағы жеккөрушілік пен  жауыздықты қоздырудан байқалады.  Яғни аумақтық шайқастарда, қарулы  қақтығыстарда, жергілікті емес  ұлттарға геноцидтік актілерді  қолдануда, « өз халқының »  құқықтары мен мүдделері, мәдениеті  мен тілін қорғау бағыты тұрғысынан  әрекет етуде көрінеді. 

       Діни экстремизм бір немесе  бірнеше конфессия арасында жеккөрушілік, шыдамсыздық, араздық сияқты әрекеттерден  туындайды. Көбінше саяси мақсаттарға  пайдаланады. Бір жағынан зайырлы  мемлекетке қарсы немесе билік  ететін орындарға өз конфессия  өкілдерін бекіту үшін әрекет  етеді. 

      Діни экстремизм кейбір ұйымдарда  аяусыз культтік акцияларда ( ұжымдық  жаппай өз-өздерін өлтіру )  көрінуі  мүмкін. Діни экстремизм бағыттарының  бірі тоталитарлық секталар болып  табылады, яғни жекелеген жағдайларда  құлдықтан немесе ұйымдасқан  қылмыстан еш айырмашылығы жоқ,  діни фразеологияны пайдаланумен  бүркемеленген ( мысалы, жапондық  аум Сенрике сектасы, Ресейде  жаппай жою қаруымен қыруға  бағытталған акцияларды ұйымдастыруға  оқталды, бұған дейін жапон  астанасында осындай акцияларды  жасады ).

      Діни экстремизмнің айқын құбылыстардың  бірі сатанизм болып табылады. Дәстүрлі дінге қарсы антагонистік  құбылыс болуымен қатар, әлемдегі  кейбір елдердегі адамдардың  негізгі сенімдеріне айналып  та үлгерді. Сатанистік қозғалыс және сатанистік шіркеудің дамуы, әсіресе кейбір жастардың арасында мыңдаған жылдар бойы мода сияқты жайылды. Бұқаралық  ақпарат құралдарында да сатанизм кейде ашық жағдайда жарнамалайды. Сиқыршылар мен арбаушылар медициналық қызмет түрлерін және әлеуметтік аясын жаулап ала бастады ( жанұя немесе неке мәселелерін шешу, бизнестегі жетістікті қамтамасыз ету және т.б. сияқты ). Ритуалдық өлтірудің көбеюі – сатанистердің әрекеттерінен туындаған өкінішті жағдайлар.

       Экологиялық экстремизм тіпті  дамыған мемлекеттерде күш ала  бастады. Экологиялық экстремизмнің  түбірі мемлекет пен қоғам  арасында экологиялық мәселелерге  байланысты шыға бастады. Табиғатқа  деген сүйіспеншілік пен қайғыру  қоршаған ортаны қорғаушыларды  радикалды акцияларға итермелейді.  « Жасылдар » партиясы Европада  мәшһүр болды.

      Иррационалдық экстремизмнің түрлеріне  мыналар жатқызылады:

  • жастардың қарсылық қозғалыстары ( хиппилер, панкилер, вандалдар, наркомандар қауымдастығы және т.б. );
  • психопатиялық экстремизм;
  • спорттық;
  • мәдени.

      Діни экстремизмнің биологиялық  және әлеуметтік-психологиялық негізі  болып өз-өзін сақтау инстинктінің ( сезімнің ) төмендігінен болады. Биологтар  мен хайуандар әлемін зерттеуші  өкілдердің айтуы  бойынша,  бұндай құбылыс ұжымдық кейпі  де өмір сүретін хайуандарда  кездесетіндігін айтады. Тобырда  немесе үйірде әрдайым мынандай  ерекшіліктер кездеседі, яғни  ұжымның мүддесі үшін, өз-өзін  құрбан етеді. 

      Иррационалдық экстремизмнің шығуы  туралы делинквенттік топтың  теориясы бойынша ашылады. Бұл  жөнінде « Кәмілетке толмағандардың  қылмыскерлігі және мүмкіндіктері;  криминалдық жасөспірімдер тобының  теориясы » атты кітап авторлары  Р. Кловард және Л. Один деген  американдық ғалымдар 1961 жылы монографиялық  еңбектерін жариялайды.

      Саясаттану ғылымында діни-саяси  экстремизмді зерттеуші А.А. Нуруллаев  және Ал.А. Нуруллаев, біріншіден, діни фундаментализм мен радикализмнің  бір-бірінен айырмашылығын қысқаша былайша тұжырымдайды: Фундаментализм – бұл идеология, дүниетаным. Ал радикализм – бұл « мемлекеттің немесе қоғамның саяси жүйесінің тұрақтылығын радикалды шаралардың көмегімен тез арада өзгертуге бағытталуын қолдау » ( саяси анықтама ). Радикализм – идеологияның өзі емес, ол идеологияны таратудың формасы. Екіншіден, бұл зерттеушілер, фундаментализм өз мақсаттарына жету үшін радикалды болуы немесе болмауы мүмкін дейді. Бұл зерттеушілердің қысқаша қорытындысында діни экстремизм мынандай түрлі жағдайда көрінуі мүмкін дейді: фундаментализм радикаланған түрде ( өз мақсаттарын іске асыруға ), немесе радикалдық идеологияның ең шеткі түрі ретінде ( көбінше – қандай да маргиналды діни топтарда ), немесе басқадай түрде.

      Қорыта айтқанда терроризмнен, сепаратизмнен,  радикализмнен, экстремизмнен, және  радикалды фундаментализмнен туындайтын  құбылыстар қоғамға қауіпті болып  табылады. Бәрінің қауіп төндірер  обьектісі – әрине қоғамдық  қауіпсіздік. Бірақ бұл құбылыстарға  ортақ тән нәрселер мыналар  болып табылады: міндетті түрде  идеологиялық базаларының болуы.  Яғни идеологияларында еш қисынға  сәйкес келмейтін біржақты идеологиялық  саясаттың болуы. Тек өз көзқарастары  мен әрекеттерінің саяси, идеологиялық, психологиялық, моралдық, діни жағынан  негізсіз ақталу немесе соның  дұрыстығына көзсіз сену. Өз мақсаттарына  жетуі үшін әр түрлі әдістерді,  тәсілдерді, мүмкіншіліктерді пайдалануы. Нақты өз әрекеттерін асырушы  субьектілердің эмоциялық көзсіздікке,  психологиялық жабайы трансқа  түсу сияқты, сонымен қатар басқадай  жағдайлардағы сезімдерге берілуі  болады. Бұл олардың арнайы мақсаттары  мен тікелей қасақана ниеттері  арқылы саналы және ерікті  жағдайда қылмыс жасайтындығын  көрсетеді. 

       Сонымен діни экстремизм дегеніміз  не? Оның құқықтық табиғаты қандай? Діни экстремизм деген сөзді  қолдану қисынды ма? Діни экстремизмнің  анықтамасы қандай? Дінде экстремизм  бола ма? –делінген сияқты мәселелерде  ғылыми пікір-талас жүруде. Әсіресе  әлеуметтік ғылымдар мен теология  ғылымы арасында туындауда. Кейбір  ғалымдар дінде ешқандай экстремизм  болмайды деген ойды, ал басқа  ғалымдар діни экстремизм құбылысы  бар деген тұжырымды қолдайды. Бір ғалымдар экстремизмді дінмен байланыстырғысы келеді.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы діни экстремизммен күресудің криминологиялық және құқықтық аспектілері