Қазақстан Республикасы мен Үндістан арасындағы қатынастар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2013 в 19:06, реферат

Описание работы

1992 ж. ақпанда ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Үндістанға бірінші ресми сапары барысында Мемлекетаралық қатынастардың негізгі қағидалары мен бағыттары жөнінде декларацияға, Дипломатиялық қатынастарды орнату жөнінде протоколға, сауда-экономика, ғылым және технология, мәдениет, өнер, білім, ақпарат және спорт салаларында қарым-қатынастар жөніндегі келісім шарттарға қол қойылды. Премьер-министрдің (1993 ж. мамыр) және Үндістан Вице-президентінің (1996 ж. қыркүйек) Қазақстанға ресми сапарлар барысында техникалық ынтымақтастық, мәдени алмасу, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, өнеркәсіптік және мәдени ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық бірлескен комиссия (ҮБК) құру жөнінде келісімдерге қол қойылды.

Файлы: 1 файл

Қазақстан Республикасы мен Үндістан арасындағы қатынастар.doc

— 42.00 Кб (Скачать файл)

Қазақстан Республикасы мен Үндістан арасындағы қатынастар

 

Кіріспе

1992 ж. ақпанда  ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  Үндістанға бірінші ресми сапары  барысында Мемлекетаралық қатынастардың  негізгі қағидалары мен бағыттары  жөнінде декларацияға, Дипломатиялық  қатынастарды орнату жөнінде протоколға, сауда-экономика, ғылым және технология, мәдениет, өнер, білім, ақпарат және спорт салаларында қарым-қатынастар жөніндегі келісім шарттарға қол қойылды.

Премьер-министрдің (1993 ж. мамыр) және Үндістан Вице-президентінің (1996 ж. қыркүйек) Қазақстанға ресми сапарлар барысында техникалық ынтымақтастық, мәдени алмасу, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, өнеркәсіптік және мәдени ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық бірлескен комиссия (ҮБК) құру жөнінде келісімдерге қол қойылды.

1999 ж. желтоқсанда ҚР  Президенті Н.Ә.Назарбаев екінші  мәрте ресми сапармен Үндістанда  болды. Қосалқы салықты болдырмау  конвенциясына, Ынталандыру және  өзара инвестицияларды қорғау  жөніндегі келісім шартқа, Қазақстанның  Үндістандағы және Үндістанның Қазақстандағы мәдени күндерін өткізу жөніндегі өзара түсіністік меморандумына қол қойылды.

2002 ж. 11-15 ақпанда ҚР Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың Үндістанға ресми  сапары өтті. Сапардың қорытындылары  бойынша Қазақстан-Үндістан бірлескен  декларациясына қол қойылды. Сонымен қатар сапар барысында ҮБК кезекті 4-ші мәжілісі өткізілді.

2002 ж. шілдеде Үндістан  Республикасының Премьер-министрі  А.Б.Ваджпаи Қазақстан Республикасында  ресми сапармен болды, Азиядағы  өзара ықпалдастық және сенім  шаралары жөніндегі кеңестің (АӨСШК) бірінші мәжілісіне қатысты.

Үндістан АӨСШК үрдісіне қатысады және оны қолдайды. 2004 жылғы 22 қазанда АӨСШК министрлік кездесуіне ҮР Сыртқы істер министрі Н.Сингх  қатысты. Алматыда 2006 ж. 17 маусымда өткен  АӨІСШК 2-ші Саммитіне ҮР Мұнай және табиғи газ министрі М.Деора қатысты.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық. Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, өнеркәсіптік және мәдени ынтымақтастық  жөніндегі Үкіметаралық бірлескен  комиссия (ҮБК) әртүрлі салаларда  екі жақты ынтымақтастықты дамытып, тереңдетудің маңызды құралына айналды. Осыған дейін аталған Комиссияның бес отырысы өткізілді. 2006 ж. бастап Қазақстан тарапынан ҮБК тең төрағасы – Энергетика және минералдық ресурстар министрі Б.Ізмұхамбетов, ал үнді тарапынан – Мұнай және табиғи газ министрі М.Деора. 2005 ж. тауар айналымы 120 млн. АҚШ долларына жеткен (2004 ж. – 96,5 млн), оның ішінде қазақ экспорты екі есеге өсіп, 19,5 млн. АҚШ долларын құрады (2004 ж. - 10,5 млн. доллар), ал осы мерзімдегі импорт 100,5 млн. долларға тең (2004 ж. - 86 млн. доллар).

Қазақстан Үндістанға тұз, күкірт, әк пен цемент, былғары  шикізаты мен қара металдарды экспортқа  жібереді, және кофе, шай, темекі, органикалық  химиялық қоспалар, дәрі-дәрмектер, пластмасса және одан шыққан заттарды, каучук, резеңкеден жасалған жабдықтар мен механикалық жабдықтарды және электр машиналарын импорттайды. Қазақстан экономикасына тартылған үнді инвестициялар көлемі 13,2 млн. АҚШ долларын құрайды. Үндістанда Қазақстанның «Фирма «ТВЛ» және «Казстройсервис» компаниялары жұмыс істейді.

Қазақстанда «NIIT», «3-i Infotech», «Larsen and Toubro», «Mittal Steel», «ONGC Videsh», «Punjab national Bank» және т.б. компаниялар  жұмыс істеп отыр.

Ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық. Қазақстан-Үндістан үкіметаралық комиссия шеңберінде екі  жақты Ғылым және технология жөніндегі кіші комитет әрекет етеді. Осыған дейін оның үш отырысы өтті.

Қазақстандық  мамандар ҮР техникалық және экономикалық ынтымақтастық бағдарламасы (ITEC) бойынша  алдыңғы қатарлы үнді жоғарғы  оқу орындарында менеджмент, экономика, қаржы, ауылшаруашылығы, өнеркәсіп, энергетика, су ресурстарын басқару, БАҚ және компьютер технологиясы салаларында білім алып, біліктілігін жоғарылатуда.

Екі мемлекет арасында сарапшылар топтарының қарым-қатынастары  дамып келеді. ҚР Президенті жанындағы Қорғаныс зерттеулері институты мен Үндістан – Орталық Азия қоры (ҮОАФ) арасында өзара түсіністік меморандумына қол қойылды. ҚазҰУ-де Халықаралық департаменті Дж.Неру атындағы университеттің Орта Азияны зерттеу орталығы мен ҮОАФ-пен өзара түсіністік меморандумын жасасты. 
Үндістан мен Қазақстан өте тығыз экономикалық, саяси қарым-қатынас жасауға мүдделі

Үндістан мен Қазақстан  өте тығыз экономикалық, саяси  қарым-қатынас жасауға мүдделі.Бұл  туралы Мемлекет басшысы Н.Назарбаев  Қазақстан мен Үндістан  арасындағы бірқатар құжаттарға қол қойылғаннан кейін мәлім етті.

«Биылғы жылы бұл Үндістан Республикасының Премьер-Министрінің  Қазақстанға жасаған тұңғыш ресми  сапары болып табылады. Сондай-ақ біздің елімізде өткен Президент сайлауынан кейінгі шетел басшыларының тұңғыш келіп отырған сапары», – деді Елбасы.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы өз сөзінде Үндістан Премьер-Министрінің  қазақ еліне сапарын үлкен  оқиға ретінде бағалап, құшақ  жая қарсы алатындығын жеткізді.Себебі, Үндістан Республикасы мен Қазақстан  өте тығыз экономикалық, саяси қарым-қатынас жасауға мүдделі.

Ол біздің өңіріміздегі ең үлкен мемлекеттердің бірі Ресей, Қытай секілді  алып мемлекеттердің бірі болып табылады, – деді Н.Назарбаев.Үндістан басшысымен осымен алтыншы мәрте кездесіп отырғанын атап өткен Н.Назарбаев «әр кездесуіміз достық рухта және стратегиялық маңызы бар сипатта өтуде.

Жоспрар

 

Кіріспе

  1. Қазақстан Республикасы мен Үндістан арасындағы қатынастар

 

  1. Үндістан мен Қазақстан өте тығыз экономикалық, саяси қарым-қатынас жасауға мүдделі

 

  1. Пайдаланылған әдебиет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиет

 

  1. http://thenews.kz/2011/04/16/793355.html
  2. http://www.ekoavrasya.net/duyuru.aspx?did=66&Pid-10&Lang=TR
  3. http://temakosan.net/load/referaty_na_kazakhskom/khaly_araly_atynastar/aza_stan_respublikasy_men_ndistan_arasynda_y_atynastar/66-1-0-2794

Информация о работе Қазақстан Республикасы мен Үндістан арасындағы қатынастар