Қазақстан моңғол дәуірінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2013 в 11:47, доклад

Описание работы

Шыңғыс хан тарихта татар-моңғол тайпаларының саяси жағынан басын біріктіріп,моңғол әскери-феодалдық мемлекетінің негізін салушы болып танылады. Шыңғыс ханның әкесі-белгілі ноян Есугей.Оның руы қият,оның ішінде бөржігін. Сол тайпаның көсемі болған баһадүр.

Содержание работы

1.Шыңғыс хан жорықтары.
2.Алтын Орданың саяси құрылымы
3.XIV-XV ғғ.құрылған мемлекеттер

Файлы: 1 файл

Қазақстан моңғол дәуірінде.docx

— 29.39 Кб (Скачать файл)

Қазақстан моңғол дәуірінде

1.Шыңғыс хан  жорықтары.

2.Алтын Орданың  саяси құрылымы

3.XIV-XV ғғ.құрылған  мемлекеттер

        1.Шыңғыс  хан тарихта татар-моңғол  тайпаларының саяси  жағынан басын  біріктіріп,моңғол  әскери-феодалдық  мемлекетінің негізін  салушы болып танылады. Шыңғыс ханның  әкесі-белгілі ноян  Есугей.Оның руы  қият,оның ішінде  бөржігін. Сол тайпаның  көсемі болған  баһадүр. 

Шыңғыс хан  керейіттер мен найман ұлыстарының билеушілерін талқандап,Орталық  Азия даласындағы  құдіретті қолбасшыға айналды.1206 жылы Орхон  өзені бойында  өткен құрылтайда моңғол ақсүйектері  тоғыз қыл құйрық байланған қасиетті байрақ көтеріп,оны  хан сайлады.Шыңғыс хан құрған мемлекет «моңғол мемлекеті» деп аталды.Астанасы-Қарақорым  қаласы.Оған іргелес  Бұйырнұр көлі жағасында  Татар тайпалары  да көшіп-қонып жүрді.Осыдан келіп кейінірек  моңғол-татар деген  атау қалыптасты.Қатал  тәртібі,жүйелі құрылымы бар әскер басында  моңғолдардың феодалдық  жоғарғы тобының  өкілдері нояндар,баһадүрлар,мергендер  тұрды.Бұған қосымша  Шыңғыс ханның өзіне  шын берілген 10 мыңдай таңдаулы жауынгерлері,жеке ұланы (гвардиясы) болды.Оған түрткі болған қуғынға  ұшырап,Жетісуға келген Күшліктің әрекеті  болды.Ол Жетісуда өз билігін орнату үшін,қарақытайлықтарға,ұйғырлар мен қарлұқтарға  қысым көрсетті.Қарлұқтардың билеушісі Арыслан  хан,ұйғыр идиқұты  Баршық,Шыңғыс ханнан Күшлікті талқандауды  сұрап елші жібереді.Осыған байланысты 1211 жылы Шыңғыс хан Құбылай  бастаған әскерді  Жетісуға жіберді,бірақ  бұл жолы Күшлікті талқандау мүмкін болмады,себебі,сол  жылы Шыңғыс ханның алдындағы басты  мақсаты-Қытай жеріндегі  Цзинь империясымен соғысу. 1216 жылы Жошы әскері Сарыарқа меркіттерімен  шайқасып,оларды талқандады.Күшлік сол жылы Бадахшанда өлтірілді.Хорезм шахының  өзі де Шыңғыс ханның күш қуатын байқап,моңғолдарға  бірнеше рет елшілік  жіберді.Ал, Шыңғыс хан  қалайда қазіргі  Қазақстан мен  Орта Азияны жаулап алуды көздеп,түрлі  сылтаулар іздей  бастады.1218 жылы Шыңғыс хан Хорезм шахы Мұхамедпен сауда жөнінде  дипломатиялық келісім  жасады.Шыңғыс хан 500 түйеге артылған жүгімен  қоса,450керуеншіні Отырарға аттандырады.

    Көп  ұзамай Отырарға  беттеген керуен  жол  сол жерде  Отырар ханы Қайырхан  Иналшықтың әмірімен  қырғынға ұшырады.Шыңғыс  хан Қайырханды  Хорезмшах Мұхаммедтен  талап етті.Себебі,Отырар  Хорезмшах иелігіне  кіретін еді.Бірақ,Қайырхан  талапты орындамады.Бұл  Шыңғыс ханның  Хорезмге қарсы  соғыc ашуына жол  ашқан жағдай болды.Шыңғыс  хан осы сәтті  пайдаланып,тез арада  әскерін жасақтап  Жетісуға,бүгінгі  Қазақстанның оңтүстік  аймақтарына аттандырады.

      Ертіс жағалауынан  Сырдарияға қарай  Шыңғыс хан әскері 1219 жылдың қыркүйегінде  жылжыды.Бас қолбасшы  болған Шыңғыс  хан өзінің балаларына  нақты тапсырма  берді.Отырарды талқандауға  Шағатай мен Үгедейді,үлкен  баласы Жошыны  Сырдарияның төменгі  ағысына,ал Сырдарияның  жоғарғы ағысына  қосымша әскерді,өзі  үшін ұлы Төлемен  бірге Бұхараға  аттанды.Шыңғыс ханның  әскери күші туралы  аңыз да,әңгіме  де көп-ақ.Оның  барлық әскер саны 150 мың,оның 111 мыңы моңғолдар,қалғанын  түркітілдес тайпалардан  жасақтады деген  мәліметтер бар.Шындап  келгенде,Шыңғыс  ханды әлемге танытқан  жауынгер түркілер  болды.Себебі, ол  өзінің жаулаған  аймақтарындағы ер  азаматтарды сапқа  тұрғызды.

.  Қазіргі  Қазақстанды жаулау 1219 жылы басталып 1224 жылы аяқталды.1221 жылы Хорезмді  және жалпы Орта  Азияны жаулап  алды. Қуатты қыпшақтар  да 1224 жылы толық  тізе бүгуге мәжбүр  болды.Орта Азия  мен Қазақстан  Шыңғыс хан империясына  қосылды.Моңғолдардың  соғысы халықты  күйзеліске ұшыратты.

     Қандай  соғыс болмасын  халықты күйзеліске  ұшыратары анық.Оның  зардаптары жақтарының  кей мәселесі тараудың  басында айтылды.Тағы  бір ескерерлік  жағдай,жаулаушының   жаңа жүйе енгізудің  заңдылығында.Жауланып  алынған аймақтағы  халыққа ауыр алымдардың  салынуымен қатар  міндеткерліктер  жүктелді.Оның ішінде,әсіресе,әскери  міндеткерлік ауыр  болды.Көшпелілермен  қатар отырықшыларға  да әскери міндеткерлік  жүктелді.Моңғолдардың  тұсында саяси  жүйедегі өзгерісті  Шыңғыс ханның  енгізген  «Ұлы  Жасасы» реттеді.Хан  шексіз билікке  ие болды.

      Қорыта келе,Шыңғыс  ханның жаулауы  нәтижесінде дала  халқына алғаш  рет ресми заңдық  нормативтер «Ұлы  Жаса» енгізілді.Феодал-шонжарлардың  мүддесі қорғалды.Жайылымдық  жерлерді қолдануды  реттеуде заңдық  нормативтердің маңызы  зор болды.Империя  құру арқылы бір  орталыққа бағынған  мемлекеттк басқару  жүйесінің негізі  қаланды.Ямдық-пошта  байланысы қызмет  атқарды.  

      Ұлыстық жүйе.Кең  байтақ елді жаулап  алған Шыңғыс хан  байлықты, жерді төрт  баласына мұрагерлікке  бөліске түсірді.Қазіргі  қазақ даласы осы  аймақты ойрандатқан  үш баласына ал,оның  кенже баласы Толыға  ата жұрт-Моңғол  жері,оның үстіне 129мың  моңғол әскерінің  101 мыңы тиді.Сөйтіп,қазіргі  Қазақстан үш ұлысқа  бөлінген еді.  «Ұлыс» деген термин  «ел» мағынасын  береді.

     Жошы  ұлысы.Ертістің батыс  жағындағы далалы  аймақ,қазіргі Орталық,Батыс  және Солтүстік  Қазақстан бөлігі,Еділдің  төменгі ағысына  дейінгі аймақ.

     Шағатай  ұлысына Оңтүстік  және Оңтүстік  Шығыс Қазақстан,яғни  Жетісудың үлкен  бөлігі кірді.Ғалым  Джамал Каршидің  айтуынша,Шағатай  иелігі «Алагту  елі» деп аталып,орталығы  Алмалық болды.

      Үгедей ұлысы Жетісудың  солтүстік-шығыс  жағын,Тарбағатай,Батыс  Моңғол жерлерін  алып жатты.

        2. Шыңғыс ұлдары  өз ұлыстарын тәуелсіз  иеліктерге айналдыруға  тырысты.1227 ж.Шыңғыс  хан өлгеннен кейін  бұл ұмтылыс күшейе  түсіп,империя бірнеше  тәуелсіз мемлекеттерге  ыдырап кетті.1227ж.Жошы  өлген соң орнына  баласы Батый отырды.Ол 1235ж.Батыс  Дешті-Қыпшақ даласына,Еділ  бұлғарлары жеріне, одан әрі батысқа  шапқыншылық жорықтар  ұйымдастырды.Ірі  орыс княздықтары  талқандалды.Польша,Венгрия,Чехия  және басқа көптеген  елдер тонауға  ұшырады.Жеті жылға  созылған жорықтардың  нәтижесінде Батыйдың  қол астына Қырымды  қоса,Еділден Дунайға  дейінгі жер,Солтүстік  Кавказ,батыс қыпшақтар  /половецтер/даласы  қосылды.Осыдан кейін  Батый Еділдің  төменгі ағысында  Алтын Орда атты  жаңа моңғол мемлекетін  құрды.Алтын Орда  халқының басым  көпшілігі түркі  тілдес тайпалар  болды.Алтын Ордаға  Жошы ұлысының  жері-Шығыс Дешті-Қыпшақ,Хорезм  мен Батыс Сібірдің  бір бөлігі және  батыстағы  жаңадан  жаулап алынған  жерлер қарады.Батый  әскерінен жеңілген  орыс князьдықтары  вассалды тәуелділікке  түсті.Орыс князьдары  Алтын Ордаға тәуелділіктерін  мойындап, ұлы ханның  қолынан князь  атағын алып,алым-салық  төлеп тұрды.ХІV ғасырда  Алтын Орда дәуірінде  түркі тілінде  «Хұсрау мен Шырын»  шығармасы белгілі  болды.

      Батый құрған мемлекет  шығыс деректерінде  «Жошы ұлысы» деп,сондай-ақ  Жошы ұрпақтары-хандарының  атымен /Батый ұлысы,Берке  ұлысы,т.б./ аталды.Астанасы  Сарай-Бату /Астрахань  маңында/,кейіннен  Сарай-Берке қаласында  болды. Алтын Орда  қыпшақ тілі негізгі  тілге айналған  көп ұлтты мемлекет.Көп  ұлттық діннің  де көп түрін,бағытын  бір аймаққа топтастырды.ХІІІ  ғасырдың аяғы  мен ХІV ғасырда  моңғолдар толығымен  түркіленіп,Алтын  Орда халқы   «татарлар»деп аталды  Алтын Орда мемлекеті  Жошы хан  әулетінің  меншігі болып  саналды.Маңызды  мемлекеттік істі  шешу үшін билік  басындағы  әулет  мүшелері бастаған  ақсүйектер жиналысы-құрылтай  шақырылды. Алтын  Орда жаулап алынған  жер мен халықтарды  басқару үшін ұлыс  жүйесі енгізілді.Батый  хан тұсында Жошы  ұлысында екіге-оң  және сол қанатқа,негізінен  екі мемлекетке  бөлінді.Оң қанат  /ұлыстың/ басында   Батый ханның  өзі мен ізбасарлары  тұрды.Ал сол қанатты  Жошының үлкен  ұлы Орда Ежен  биледі.Қазіргі Қазақстан  жерінің сол кездегі  көп бөлігі сол  қанат құрамына  кірді.Алтын Орда  Батыйдың інісі  Берке хан тұсының  /1256-1266жж./тұсында-ақ  тәуелсіздікке қол  жеткізді.Одан кейінгі  Мөңке хан /1266-1280жж./ өз атынан теңге  шығара бастады.Алтын  Орданың ХІV ғ.  алғашқы жартысында,әсіресе,Өзбек  хан /1312-1342жж./мен  Жәнібек ханның /1342-1357жж./ тұсында гүлденді.1312 жылы Өзбек хан  ислам дінін Алтын  Ордаға мемлекеттік  дін етіп жариялады.ХІV ғасырдың екінші  жартысында Алтын  Орда алауыздықпен  әлсірей бастады.1357 жылдан 1380 жылға дейін  таққа 20-дан астам  хандар отырып,бірін-бірі  түрлі жолдармен  тақтан тайдырып  отырды.Алтын Орда  езгісіне төзе  алмаған халық  ұлт-азаттық көтеріліске  шықты.Оның ішінде  Алтын Орданы әлсіреткен 1380 жылғы түменбасы  Мамайдың Дмитрий  Донской бастаған  орыс әскерлерінен  Куликово даласында  ойсырай жеңілуі  себеп болды.Тоқтамыс  хан осы жағдайды  пайдаланып,Алтын  Орданың билігін  тартып алды.Өз  билігін соғыс  жеңістерімен бекіте  түспек болған  ол 1382 ж.басқыншылықпен  басып кіріп,Мәскеуді  өртеп жібереді,Мәуреннахр  мен  Закавказьеге  де бірнеше рет  жорық жасады.Тоқтамыстың  соңына түскен  Әмір Темір   Алтын Ордаға қайта-қайта  шабуыл жасап,халқын  қырып,байлығын тонап,  енді қайта көтеріле  алмастай етіп  құлатты.Темір жорықтары  Алтын Орда үшін  ең ауыр соғыс  болды.Оның,әсіресе,1389,1391, 1395 жылдары жасаған  жорықтары үлкен  зардаптарға соқтырды.

    ХVғ.ортасына  қарай бірнеше  үлкен  ұлыстар  өз алдына хан  сайлап,Алтын Орда  біржола құлады.Бұл  ұлыстардың ең  ірісі ХV ғ. 30-жылдары  Ертіс пен Еділ  аралығында құрылған  Ақ Орда болды.Алтын  Орданың ыдырауы  нәтижесінде Ноғай  Ордасы,Сібір,Қазан,Қырым,Астрахань  хандықтары бөлініп  шықты.

     Алтын  Орда дала елінде  құрылған моңғолдардың  алғашқы және соңғы  мемлекеті.Өзінің  саяси құрылымы  жағынан басқа  мемлекеттермен салыстырғанда  толық болмағанымен  де бір орталыққа  бағыну жүйесі  орныққан мемлекет.Одан  былай қарайғы  сол Алтын Орданың  ыдырау нәтижесінде  бой көтерген мемлекеттердітүркіленген  моңғол ақсүйектері  құрған,оның  үстіне  бұл тұста жергілікті  халықпен қан араластыққа  ұшыраған маңғолдар  өз тілі мен  дінінен  де  айырылды.Реті келгенде  айтып кететін  жағдай, моңғолдардың  түркіленуінің бірнеше  себептері бар.Біріншіден,жойқын  соғыстармен келген  моңғолдардың саны  жағынан аздығы,екіншіден,түркі  тілдес халықтардың  мәдениетінің деңгейі  жоғары болды.Моңғолдардың  үстемдігі мұндағы  елдердің дамуына  үлкен зардап тигізді.Ол  тек қазақ қауымының экономикалық,мемлекеттік,әлеуметтік,мәдени  дамуына кері әсер етіп қана қойған жоқ,сонымен қатар қазақ халқының қалыптасуын 200 жыл шамасындай уақытқа тежеді .

   3.Алтын  Орданың ханы Батый  Шығыс Еуропаға  жорықта өзіне  болысқан інілеріне  сойырғалға жер  береді. /Сойырғал - соғыстағы  ерліктері үшін  таратылатын жер/. Алтын Орданың  сол қанаты Ақ  Орда болып аталатын, ол жер Орда  Еженге берілді.  Жошы ұлысының  екі қанатқа бөлініп  тарихта Ақ Орда  және Көк Орда  болып атала бастауы  XIII ғасырдың 30 жылдарына  жатады. Тарихшы ғалымдар  “Ақ Орда” атауының  Кутбаның “Хұсрау  мен Шырын” еңбегінде  алғаш кездесетінін  мәлімдейді.Бұл екі  иеліктің орны, олардың  “Ақ”, “Көк” болып  түспен аталуы  туралы пікірталастар  көп. Кейін біртіндеп  бұл екі Орда  қосылып, жалпы  Ақ Орда деп  аталып кетті.  Ақ Орданың астанасы  Сығанақ қаласы. Ақ  Орда Ертіс, Жетісудың  солтүстік-шығыс  бөлігін, қазіргі  Қазақстан орталығын  алып жатқан кең  байтақ өлке. Ақ  орда билеушілері  өз иеліктерін  кеңейту мақсатында  жаңа жайылымдық  жерлер үшін соғыстар  жүргізді. Ол, әсіресе,  Сыр бойындағы  қалалар мен Жетісудың  шұрайлы аймақтары  үшін Шағатай әулетімен  қақтығыстарынаң  байқалады. Сыр  өңірі олардың   өздерінің экономикалық  маңызымен қызықтырды. Ақ Орда негізін  салушы Орда Ежен  болып саналады. Ақ  Орда билеушілері  Алтын Ордаға жиі  шапқыншылықтар жасап  отырды. Орыс ханмен  Мүбәрәк қожа тұсында  Ақ Ордада өрлеу  байқалды. Әсіресе,  Ақ Орданың нығаю  кезеңі XIV ғ. екінші  жартысы- Орыс  хан тұсы. Ол дербестік  үшін күресіп, 1368 жылы Ақ Орданың  хандық тағына  отырды. XIV ғасырдың  екінші жартысы-  Ақ Ордада ішкі  өзара қырқысу  соғыстарының күшейген  кезеңі. Соғысқа қатысудан  бас тартқаны үшін  Тоқтамыстың әкесі  өлтірілді. Тоқтамыс  сұлтан Самарқанд  билеушісі Әмір  Темірге шағым  айтып, әскери  күш сұрады. Ақ  Орданың күшеюінен  сескенген Әмір  Темір Тоқтамысқа  әскер бөліп, оған  қарсы айдап салды.  Тоқтамыстың жорығы 1374-1375 жылдары өтті. Жеңістің  арқасында Тоқтамыс  1377 жылы Ақ Орданың  хандық тағына  отырды. 1380 жылы ол  Сарайды, Қапсы  Тарханды, Қырымды,  Мамай Ордасын  басып алды. Бұл  жағдай Алтын Орданың  толық күйреуіне  әкеп соқты. Оның  үстіне моңғолдың  түріктенген барлас  тайпасынан шыққан  Тарағай бектің  баласы Әмір Темірдің  жорықтарының күшеюі  моңғол билеушілерін  бұрынғыдан да  әлсірете түсті. 

Темірдің жорықтары  Оңтүстік және Шығыс  Қазақстанның демографиялық  және экономикалық жағдайына  үлкен зардаптарын  тигізді: отырықшылық, егіншілік мәдениет құлдырап, дәстүрлі шаруашылық әлсіреді.

Шыңғыс ұрпақтары  Алтын Орданы қайта  жандандыруға күш  салды, бірақ бұл  мүмкін емес еді. Түбінде  Алтын Орданың  күйреуі Ақ Ордаға да қыруар зардабын тигізіп әлсіретті. XV ғ. Басында Ақ Орданың  ең соңғы ханы Орыс ханның немересі Барақ  Темірланның ұрпақтарымен үлкен шайқастар  үстінде қайтыс болды. Міне, осы себептердің  бәрі негіз болып, Ақ Орда XV ғ. 20 жылдары  құлады.

2.Көшпелі өзбек  хандығы. Ақ Орда  билігі XV ғасырдың  жиырмасыншы жылдарына  дейін Жошы әулетінің  қолында болса,  билік енді Шайбан  әулетінің ұрпағы  Дәулет Шайхтың  баласы Әбілхайырдың  қолына Хижра бойынша  833 жылы (1428-1429 ж.ж.) көшті.  Әбілхайыр хандығын  тарихта “көшпелі  өзбек хандығы”  деп те атайды. XV ғасырдың 20 жылдарында  Ақ Орда жерінде  тек көшпелі өзбек  хандығы ғана емес, басқа да иеліктер  пайда болды. Оның  ең ірілерінің  бірі маңғыттар  мекендеген Ноғай  ұлысы.Әбілхайыр  хан мемлекетінің  ішкі саяси жайы  тұрақты болмады  ұлыс ішінде әрқашан  жоғарғы үкімет  билігіне таласқан  Жошы ұрпақтарымен  қатал күрес жүрді.  Ол билікті сақтап  қалу үшін тақтан үміткер Махмұд Қожа ханды,Әмір  Едігенің немересі Маңғыт әмірі Уақас биді және басқа да қарсыластарын талқандап, көшпелі өзбек хандығының иеліктерін ұлғайтты. Әбілқайыр хан өз жорықтарын өзін қолдаушы ақсүйектердің ойынан шығып отыру үшін де жеңіспен аяқтауға тырысты.

    Көшпелі  өзбек хандығы  Ақ Орда мемлекетінің  негізінде қалыптасқандықтан,  оның этникалық  құрылымы күрделі  боды. Оған дәлел  ретінде Әбілхайыр  ханның Жошы әулетінің  белді ұрпағы Қажы  Тархан аймағында  дербес иелігі  бар Тоқта-Темірді  талқандауға аттанған  әскер басыларының  тізімінде қоңыраттардан,  қияттардаң, бүркіттерден, қытайлардан, таңғұттардан, күшілерден, ұйғырлардан,  думандардан, кенгерестерден, шымбайлардан, үйсіндерден  шыққан әмірлер  кездеседі деген  мәліметтер Қазақстан  тарихының II томында  айтылады.

Әбілхайыр хан  билікте әрқашанда  дербестікті сақтап,айналасындағы  одақтастарын да қолдап келді. Әбілхайыр  хан елді қырық  жыл билесе де, хандықта саяси жағдайды тұрақтандырып, бір орталыққа  бағынған мемлекет құра алмады. Ұлыстың өз ішінде болып жатқан талас тартыстар, оның үстіне сыртқы жаулар мен қоса, шайбан әулетінің  беделді өкілі  Әбілхайырға Жошы әулетінің ұрпақтарымен де сайысқа түсу оңайға түскен жоқ. Батыста  Жайық өзенінен бастап, шығыста Балқаш көліне дейін жерлерді, яғни Сырдарияның төменгі  ағысындағы аймақты, Орталық Қазақстанмен Оңтүстік Сібірді  алып жатты. Әсіресе, оның ең жеңісті жорықтары 1446 жылы Созақ, Сығанақ, Аққорған, Үзгентті басып алуы болды. Бұл жеңіс Әбілқайырдың саяси өрленген кезеңі. Ең басында астана болған Чимги Тура қаласының Орда Базарға, одан Сырдария жағалауындағы  аймақтарды өзіне  қаратып алған  соң, астананы Сығанаққа  көшіруінің өзі, оның иеліктерінің көлемін  анықтарлық жағдай. Оның байлығы Самарқанд, Бұхара қалаларына тонаушылық әрекеттермен де арта түсті.

Информация о работе Қазақстан моңғол дәуірінде