Қазақстан кешегі мен бүгіні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Февраля 2014 в 18:48, доклад

Описание работы

Биыл Қазақстан елі үшін өте ерекше, айтулы жыл. Көптен күткен, талай ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізгенімізге 22 жыл толайын деп отыр. Тәуелсіздік деген қандай тәтті ұғым! Осы сөзді естіген шақта, бүкіл жан дүниең қандай рақатқа батады десеңші! Алайда, бостандық бұлттан шыққан күндей жарқ ете қалмағаны да ақиқат. Оның қандай жолмен келгенін қай қазақ білмейді?! Ол – талай күрес жемісі. Қазақ даласының талай перзенттері бұл күрес жолында жанын салған-ды.

Файлы: 1 файл

Баяндама.doc

— 61.50 Кб (Скачать файл)

Баяндама: "Қазақстан: кешегі мен бүгіні"

Бұл дүниеде  біздің бір ғана Отанымыз бар,

ол-тәуелсіз Қазақстан.

Н.Ә. Назарбаев  

 

Биыл Қазақстан елі үшін өте ерекше, айтулы жыл. Көптен күткен, талай ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізгенімізге 22 жыл толайын деп отыр. Тәуелсіздік деген қандай тәтті ұғым! Осы сөзді естіген шақта, бүкіл жан дүниең қандай рақатқа батады десеңші! Алайда, бостандық бұлттан шыққан күндей жарқ ете қалмағаны да ақиқат. Оның қандай жолмен келгенін қай қазақ білмейді?! Ол – талай күрес жемісі. Қазақ даласының талай перзенттері бұл күрес жолында жанын салған-ды. 

      Қазақ ұлтының бүгінге дейінгі қат-қабат тарихының басты мазмұны- азаттық үшін күрес. Елдік пен бостандық жолындағы күресіміздің байырғы скиф, ғұн, оғыз, сақ, үйсін, қаңлы, қыпшақ замандарынан кешегі шерлі желтоқсанға дейін сан ғасырлық шежіресі бар.      

 Атақты  айтыскер ақын Амангелді Жүсіпұлы:                                  

 Атыңнан  айналайын қазақ  деген,                                 

 Қазағым,  қайсарлығың ғажап дер ем.                           

       Сақтапсың елдігіңді сағың сынбай,                                 

 Көрсең  де көресіні азаппенен.....

деп жыр  төккендей, жанқиярлық пен табанды  күресінің арқасында ата-бабаларымыз  өзінің бірлік-берекесін сақтап қана қоймай,  ХҮғасырда қуатты Қазақ хандығын   құрды.                                  

 Ұлт  болып ұйып келе жатқан кезде,                                    

 сан  рет сүт күйінде төгіліпті!-

деп Қадыр  ақын суреттегендей, ұлт болып қалыптасып келе жатқан ұлы байтақ өлкемізге жан- жақтан көз тігіп, ойран салушылар көбейді. ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырларда жоңғарлар

қаһарына  іліккен қазақ халқы ақтабан  шұбырынды, алқа көл сұламаға ұшырады. Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би ұйытқы болған, Қабанбай, Қарасай, Жәнібек, Олжабай, Райымбектер қорған болған өлке халқы Абылайдың ақ туының астында күш біріктіріп, осынау қырғында Отан үшін жандарын құрбандыққа шалды.        

 Қазақстанның  Ресейге қосылуы патшалық Ресейдің  үстемдігін күшейтті.

ХІХ  ғасырда империя меншігіне айналған жерімізді азат етемін деп Сырым Датұлы, Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы, Кенесары Қасымұлы, Амангелді мен Бекболат, Ақкөз сынды батырлар халық көтерілістерін бастады. Зеңбіректі әскерге найзамен қарсы шапқан олар көзсіз ерлік жасады.    

 ХІХ  ғасырдың екінші жартысында Шоқан, Ыбырай, Абай халықты озық елдер қатарынан қалыспауға, білімге шақырса, ХХ ғасырдың бірінші ширегінде Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсын, Міржақып Дулат, Мұстафа Шоқай, Мағжан Жұмабай, Мұхамеджан Сералы сияқты халық ұлдары ұлт санасын оятты, «елім» деп еңіреп, «халқым» деп қайысты.      

 Аңсаған  азаттығымызды Кеңес өкіметі  кезінде де ала алмадық, өйткені  қазақ елінің үміт-арманы орындалмады.  Қазақстан «халықтар түрмесі»  атанды. 1932-1933 жылдардағы ашаршылықта  екі миллион халықтың опат болуы, сталиндік репрессия жылдарында аяулы азаматтарымыздың жойылуы, ұлт мүддесін қорғағандарға «ұлтшыл» деген айып тағылып қудалануы жағдайымызды нашарлатты. Абай туған Шыңғыстауды қырық жыл бойы Семей атом полигонындағы сынақтар сілкінтіп тұрды. Ең қиыны тарихымыз аяусыз бұрмаланды, ұрпақ өз тегін, тілін, тарихы мен салт-дәстүрін ұмыта бастады.       

 Мұхтар  Шаханов:       

Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,      

 Желтоқсанда  егеменді ел болсақ деп талпындың,-

деп жырлағандай, еліміздің өрімдей ұл-қыздары 1986 жылы алаңға шықты. Тарихта алтын әріптермен жазылған Желтоқсан оқиғасы кеңестік империяның шаңырағын шайқалтты, осылайша ер түріктің ерлік дәстүрін тағы бір мәрте паш етті. Бүгінгі таңда қолымыз жетіп, елдігімізді асқақтатқан Тәуелсіздік осы желтоқсаннан бастау алады.

 

Қазақ елі көкке  жетті, танылды,

Сен- тәуелсіз мемлекетсің  кәдімгі,-

деп Сағынғали  Сейітов жырына қосқандай, 1991 жылы тәуелсіздігін  алған халқымыз       жиырма жылда көп нәрсеге қолын жеткізді.

Бүгінгі таңда біздің еліміз әлемдік өркениетте өзінің айшықты орнын алған мемлекетке айналды. Қазақстан өзінің экономикалық дамуының жаңа үрдістерімен де сыртқа таңылып, өз ішінде сан ұлттардың ынтымағын жарастырған ел екендігін көрсетіп, саяси тұрақтылықтың арқасында өрелі биіктерге қол созды.  

Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп, өз алдына ел қылуда Нұрсұлтан Әбішұлы  Назарбаев қазақ халқының тұңғыш Елбасы болды. Ол кісінің бастауымен біздің Отанымыз әлемге танылды. Елдің  елдігін көрсетті, ерлігін танытты. Бүгінгі күні  Назарбаевтың есімі дүние әлемінің көрнекті мемлекеттік қайраткерлерінің қатарында бірге аталады. Бұл тегінен болмаса керек. Және де Түркияның астанасы Анкарада Назарбаевтың ескерткішінің орнатылуы, Иорданияның астанасы Амман қаласындағы бір көшенің Назарбаевтың есімімен аталуы қазақтың бір ұлы, қазақтың перзенті, тәуелсіз Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өз дәуірінің және бүгінгі кезеңнің ұлы көшбасшысы екендігін айқын дәлелдесе керек. Назарбаевтың есімі мен ісі адамзат тарихының беттеріне мәңгі жазылғандығын айтқан да ләзім.  

1992 жылы Қазақстан  БҰҰ мен Еуропадағы қауіпсіздік  пен ынтымақтастық қоғамы сияқты  халықаралық қауымдастықтарға мүше  болып, дүниежүзі елдерімен тығыз  байланыс орнатты.Біздің еліміз сыртқы саясатында Қазақстанның қауіпсіздігін сақтау, дүниежүзілік соғысқа жол бермеу, ядролық қаруды қолданудан бас тартуға баса көңіл аударып отыр. Қазақстан ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан елдердің бірі. Осы мәселені БҰҰ аясындағы жиын- мәжілістерде үнемі көтеріп, басқа мемлекеттерге үлгі көрсетуде.                                                                                                          Қазақстан Азиядағы беделді халықаралық ұйым- Шанхай Ынтымақтастық Ұйымын құрушылардың бірі және онда белсенді қызмет атқарушы ел болып саналады. Қазақстан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына кіретін және басқа да көрші және алыс-жақындағы мемлекеттермен дипломатиялық достық, ынтымақтастық және өзара көмек қатынастарын орнатты.

Тату-тәтті  тіршілік кешіп жатқан ұлттар мен  ұлыстарға ортақ үй болып отырған  Қазақстандағы ұлтаралық келісім  Қазақстан Республикасының 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық  жөніндегі ұйымға төрағалық етуінің  негізгі кілті.Әлемдік қауымдастықтың ортасынан ойып орнын ала білген еліміздің абыройы мен беделінің өскендігі, былтырғы жылдың желтоқсан айының алғашқы күндері өткен ЕҚЫҰ- ның Саммиті және Астана Декларацияның қабылдануы Қазақстанның халықаралық аренадағы беделін тағы да бір аспандатқан оқиға болды.  

Осы бір  аумалы- төкпелі заманда елдің  елдігін танытқан Елтаңба, аспан  түстес көк Байрақ , рухты оятар  Әнұранымыз қабылданды.Елбасымыздың елдікті  орнатумен қатар, есімі тарихта  қалған ұлылардың абыройын көтеруін қалай мадақтасаң да жарасып тұр. ЮНЕСКО көлемінде Абай, Махамбет, Мұхтар Әуезов, Қаныш Сәтбаев тойлары әлемдік дәрежеде тойланды. Тарих құндылықтары да назардан тыс қалған жоқ. Осы уақыт ішінде Түркістанның 1500 жылдығы, Тараздың 2000 жылдығы тойланды.БҰҰ-ның қолдауымен Қазақстан көптеген халықаралық конференциялар мен жиындар өткізді. Мәселен, 2003, 2006 және 2009 жылдары Астана қаласында Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының І, ІІ,ІІІ съездері өткізілді.   Бұл Қазақстанның жер байлығымен қоса, рухани байлығының дамуын көрсетеді. 

 ХХ ғасырдың соңғы он жылдығында біз үшін аса маңызды оқиғалардың бірі- әлемнің ешбір елінде жоқ Қазақстан халқы Ассамблеясының дүниеге келуі. Бүгінгі таңда Ассамблея- жай ғана емес, өміріміздің ажырамас бөлігіне, бірлігіміз бен тұрақтылығымыздың кепіліне айналды және әр этносқа өз тілін, дінін және салт-дәстүрін өркендетуге мүмкіндік беруінің өзі Қазқстанның болашағы зор ел екендігін таныта түсті. Жүздеген ұлттардың өкілдері бір- бірімен тату өмір сүріп, ынтымағы жарасқан елге айналуының бастау арнасында Елбасының елдікке негізделген саясаты жатыр.   

 Тағы  бір тәуелсіздігіміздің кепілі- Ата Заңымыз қабылданды. Қазақстан  Республикасының Ата Заңыңа сәйкес, оның әрбір азаматы Ата Заңды  сақтауға, басқа адамдардың құқықтары  мен бостандықтарын, абыройы мен  ар-намысын құрметтеуге міндетті.    

 Тұңғыш  рет қазақтың батыр ұлдары  Тоқтар Әубәкіров пен Талғат  Мұсабаев ғарышқа ұшып, мерейіміз  көтерілді. 

 Ел  ордамыз Ақмолаға ауысып, оған  «Астана» деген ат берілді.  Қазіргі Астана танымастай құлпырып  барады. Жаңа астанамыз бүгінгі күні өзінін зәулім құрылысымен ғана емес, рухани орталықтармен де көркейіп келеді.Елорда-Астана қаласы қазір әлемнің кез-келген мемлекетінің астанасынан сәулеті мен дәулеті жағынан ешбір кем түспес еді. Астананың бүгінгі сал да сылқым кербез де сері кескін келбетінен, әлемге асқақ қарап тұрысынан Елбасының қолтанбасын, жан дүниесін, өз туған халқына деген шынайы сүйіспеншілігін танимыз. ЮНЕСКО шешімімен Астана-Әлем қаласы деп жарияланды.

2000 жылдан  бастап Астана-ірі қалалар мен  астаналардың Халықаралық Ассамблеясының мүшесі ретінде танылды.         

1993 жылы  Қазақстан Республикасының Ұлттық  валютасы- теңге айналымға шықты.  Ел тарихында теңгенің айналымға  енгізілуінің аса зор саяси  және экономикалык маңызы болды.  Ұлттық валюта тәуелсіздіктің  белгісі ретінде Қазақстанның халықарлық беделін көтерді.           

 Президентіміз  белгілеген «Қазақстан- 2030» бағдарламасы  және жыл сайынғы Жолдауы біздің  адаспайтын жолымыз, айқын да  ашық бағдарымыз. Биылғы «Болашақтың  іргесін бірге қалаймыз» атты  Қазақстан халқына арнаған Жолдауында әдеттегідей тәуелсіз еліміздің өткен жылғы қол жеткен табыстарына, еліміздің әлемдік аренадағы алар орнына тоқтала келе Қазақстанның ертеңі мен болашағы жолындағы өтуге тиіс асуларына жан-жақты тоқталды.          

 Күні  кеше Қазақстанда ҮІІ қысқы Азияда ойындарының тамаша ұйымдастырып өткізгені әлемді тағы да бір сүйсінткен болса, осы додалы жарыста қазақстандық спортшылар ешкімге дөс бермей, еліміздің мерейін тағы да асқақтатқандығының көңіл қуанышы әлі суып та үлгірген жоқ.

1991 жылдан 2004 жылға дейінгі кезеңде Қазақстанда көппартиялық жүйе қалыптасты. Оның жолға қойылуда еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаев үлкен рөл атқарды. Оның қолдауымен көптеген демократиялық партиялар құрылып, елде саяси жағдайдың дамуы қоғамды нығайтуға негіз салды. 

2006 жылы 22 желтоқсанда Астанада өткен Республикалық саяси «Отан» партиясының кезектен тыс Х съезінде жаңа саяси ұйым- «Нұр Отан» Халықтық демократиялық партиясы құрылды. Бұл оқиға партия дамуындағы жаңа кезеңге бетбұрыс бастауы болды. Жаңа бағдарлама қабылдау арқылы ел дамуының алдағы онжылдығында партия атқаратын басты міндетті айқындалды. Алдағы уақытта ауызбірлікті нығайта түсу арқылы бұдан да биік белестер бағындырылады. Экономиканы ауқымды жаңғырту мен қоғамды жаңартуға қатысу- партия үшін үлкен саяси сынақ болғалы тұр. Еліміздің кемел келешегі «Нұр Отанның» салиқалы бағытына байланысты болмақ.

Баяндамамды мынадай өлең жолдарымен ақтағым  келеді:

Отан  деген әрбір жүрек дірілі,

Отан  үшін болып келем үлгілі.

Менің, сенің үмітіміз ертеңгі,

Қазақстан – келешекті мекені.

Дарқан  далам – сенің, менің қуатым,

Ата-бабам  сақтаған жез қанатым.

Салт-дәстүр, дініміз  бен тіліміз,

Бола бермек мәңгі  менің жалауым.

Тұғырың биік болсын, менің Қазақстаным!

 

 

Орындаған 9-сынып оқушысы:

Кенжебекқызы Земфира.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ингредиенты: 
 
-250 мл Молоко сгущеное 
-25 гр сливочного масла 
-50 гр фундука 
-60 гр кокосовой стружки 
 
Приготовление: 
 
Для начала нужно растопить сливочное масло, после этого в него добавить сгущенного молока и кокосовой стружки, затем ставим наш крем в холодильник на 30 минут. 
Достаем наш крем из холодильника и начинаем лепить шарики, не забыв добавить в серединку фундук.  
Наши конфеты почти готовы, затем ставим наши конфетки в холодильник еще на 15 минут.


Информация о работе Қазақстан кешегі мен бүгіні