Қазақстан аумағындағы ерте темір дәуірінің тайпалары мен тайпалық одақтар ( б.з.д.VIIIғ - б.з. Vғ)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2013 в 21:51, реферат

Описание работы

Айтылмыш рефератта сұрақ туралы темірдің заманының ерте бауларында Қазақстанның аумағында қарастырылады

Содержание работы

1. Қазақстан тарихындағы сақтардаң ролі.
2. Қазақстан аумағындағы үйсіндер.
3. Қаңлылы мемлекеті.
4. Орталық Азия тарихындағы ғұндардың ролі.

Файлы: 1 файл

Қазақстан аумағындағы ерте темір дәуірінің тайпалары .docx

— 149.54 Кб (Скачать файл)

        

 

 

      Қазақстан аумағындағы ерте темір дәуірінің тайпалары мен 

                              тайпалық одақтар ( б.з.д.VIIIғ - б.з. Vғ).

                                            Тапсырма

  1. Қазақстан тарихындағы сақтардаң ролі.
  2. Қазақстан аумағындағы үйсіндер.
  3. Қаңлылы мемлекеті.
  4. Орталық Азия тарихындағы ғұндардың ролі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Қазақстан тарихындағы сақтардаң ролі.

    Б.з.б. бір мың жылдықта Қазақстан жерінде тұрған ежелгі тайпалар темірден заттар жасауды игеріп, қуатты тайпа одақтар құрған. Қолына көп мал жинаған ірі  бай отбасылары қонысын әрдайым ауыстырып, өзен бойларына ғана емес, сонымен қатар дала және шөлейт жерлерді, Тянь-Шаньның биік таулы бөліктерін бірте-бірте игере бастаған. Жұрт  темірді пайдасына  жаратып, атқа ауыздық салуды үйренген, сөйтіп, атты алысқа қатынайтын аса маңызды көлікке айналдырған ірі бай-феодалдар қоғамдағы ықпалды күшке айнала берді. Олар көшіп-қонуға қолайлы жеңіл киіз үйді тұрмысқа жайлы тұрақты тұрғын үйге айналдырған. Алыстан көздеп ататын садақ, ұшы үш қырлы жебе, ақинақ (қысқа семсер) қорғанудың және шабуылдың  сенімді құралы болды. Мал және жайылым үшін талас-тартыстардан, соғыстардан әскер басшылары байыды. Әскер басшыларының және батырлардың  рөлі артып,соғыссыз уақытта олар малдарын көбейтіп, байып, халықты биледі. Бұл кезде  ел басқару жұмыстарын тежеп отыратын     ақсақалдардың кеңесі болған. Тонаушылық сқғыстардың жиіленуі бірнеше тайпалардың бірігуін қажет етті. Сөйтіп, тайпалық одақтар құрылды. Оларды көсемдер басқарды.Б.з.б. V ғасырдың 40-шы жылдар аяғында грек тарихшысы Геродоттың «Тарих» деп аталатын еңбегінде және басқада қол жазбаларда  б.з.б. I мың жылдың орта шенінде Орта Азия  мен Қазақстан жерінде сақ деп аталатын бірнеше тайпалардың қуатты жауынгер одағы болғаны айтылады. Бұл одақ массагеттер, каспийшілер, есседондар, кейініректе аландар, сарматтардан тұрған. Персия патшасы I Дарийдің Накширустадағы (персополға жақын)  тас жазуларында сақ тайпалары үш топқа: сақ-хаумаваргаларға (хаома сусынын дайындайтын сақтар), сақ- тиграхаудаларға (төбесі шошақ бас киімдері бар сақтар), сақ-парадарайандарға (теңіздің арғы бетіндегі сақтар) бөлінеді делінген. Бірінші топтағы сақтар Ферғана жерін мекендесе, екіншілері Сырдарияның орта аймағы және Жетісу жерін жайлап, үшіншілері – еуропалық скифтер немесе Арал теңізі және Сырдарияның арғы бетіне орналасқан.Геродоттың айтуынша: Сақтар скиф тайпалары, бастарына тік тұратын төбесі шошақ тығыз киізден істелінген бөрік және шалбар киген. Олар садақ, қысқа семсер және айбалтамен қаруланған. Тамаша атқыш жауынгерлер болған.Сақ  әулетінің іргесін қалаушы Алып Ер Тоңға (Афрасиаб) болған деген деректер бар. Археологиялық қазбаларға қарағанда, сақ тайпалары темірден зат жасай білсе де, мыс пен қоланы пайдалануды артық көрген. Оларда жабайы аңдардың суреттері салынған қоладан құйылған үлкен тай қазандар болған. Сақтардың аңдарды өрнектеумен дүние жүзіне әйгілі болған даналық өнері жалпы адамзаттың даму процесіне елеулі әсерін тигізді.Сақ тайпаларында көпке дейін матриархаттық ел билеу тәртібі сақталып, әйелдер ерекше жағдайда болған. Мәселен, олардың көсемдерінің бірі – тамаша сұлу, әрі жігерлі, елге әйгілі патша ханум Зарине ел билеп, қалаларды салуға және әскри жорықтарға өзі қатысқан.Персия мемлекетінің патшасы Кир – Мидия патшасы Крезбен б.з.б. 558-529 жж. соғысқан кезде – сақтармен одақ жасасып, олардан әжептәуір көмек алған. Кейін Кир сақтар мен массагеттерді өзіне бағындыруды ұйғарады. Сөйтіп, Мидия патшалығын жеңгеннен кейін, Кирдің әскерлері сақтардың жеріне басып кіреді. Сақтар парсылардың басқыншылық әрекетіне қарсы қайсарлықпен қарсылық көрсетеді. Кирдің әскерлері өздерінің жеңісін тойлап жатқан кезде, сақтардың жауынгерлері тұтқиылдан лап қойып, парсыларды қырып салады. Осы шайқаста олар Кирдің өзін де өлтіреді. Осыған байланысты Геродот жазбаларынды мынадай аңыз бар: парсыларды жеңгеннен кейін сақтардың әйел патшасы Томирис:''Сен ғана құмартып едің, енді шөлің қансын” деп үлкен торсыққа толтырып қан құйғызып, оған Кирдің басын салдырады.Кирдің Орта Азиядағы басқыншылық жорықтарын I Дарий б.з.б. 521-486 жылдары жалғастырады. Жеке-жеке отырған сақ тайпаларын бір-бірлеп бағындырған ол аз уақыт болса да, оларды басып алады. Сақ тайпаларының біраз бөлігі оларға салық төледі және парсы патшасына жасаққа жігіттер беріп тұрды. Тіпті сақтардың біразы парсы патшасының «өлмейтін он мың» деп аталатын ұланының құрамына кіріп қызмет етті. Б.з.б. VI ғасырдың аяғы V ғасырдың басында /500-449 жж./ ежелгі Шығыстағы грек-парсы соғысында сақ тайпалары парсылар жағында болды. Мәселен, б.з.б. 490 жылғы грек-парсы әскерлерінің Марафон жеріндегі болған соғыста сақтар парсылар жағында болып, гректерге қарсы соғысты.Б.з.б. IV ғасырдың 30-шы жылдарында македониялық гректер Александр Македонский басшылығымен соңғы Ахеменид,III Дарий Кодоманның әскерлерін талқандап, Орта Азияға баса көктеп кірді. Олар Маракандты /Самаркандты/ алып, Сырдарияға бет алды. Сырдария бойына бекініп алу үшін кішігірім «Александр Крайный» немесе «Шеткі Александр» деген қала салдырды.Александр Македонскийдің басқыншылық әрекетіне қарсы көшпелі Сақ тайпалары асқан ерлікпен, табан тіресе соғысты, кескілескен ұрыстарда катапультпен қаруланған гректер оқтың күшімен сақтарды кейін шегіндірді. Соғыста сақтар мыңдаған адамынан айырылды. Гректер сақтардың біраз жерін басып алды. Бірақ Александр Македонскийдің әскерлері сақтардың жерінде көп тұра алмады. Ыстық күн, жолсыз шөл дала, ержүрек сақтардың тынымсыз шабуылы, Александр Македонскийдің сырқаттанып қалуы гректерді қашуға мәжбүр етті. Олар Сыр бойындағы «Шеткі Александрді» тастап, Самарқанд қаласына шегінеді. Сөйтіп, Сырдария сыртындағы Сақ тайпалары грек басқыншылығына қарсы күресте өз тәуелсіздігін сақтап қалды.Александр Македонский б.з.б. 323 жылы сүзектен қайтыс болды. Ол өлгеннен кейін, оның ұлан-байтақ империясы ыдырай бастады. Өйткені ол берік экономикалық  және саяси байланыс бірлігі жоқ әр түрлі тайпалар мен халықтардан құрылған мемлекет еді.Сақ тайпалары көшпелі және жартылай мал шаруашылығымен айналысты. Оның себебі, біріншіден, бұл тұста климат жағдайы өзгеріп, құрғақшылық болып, күн ысып, өзен, көл сулары тартылып, шөп шықпайтын шөлейт жерлер пайда бола бастаған еді. Екіншіден, бұл жерлер бұрынғы теңіздің табаны болғандықтан, оның біраз бөлігі құнарсыз, сусыз, сортаң болып келді. Мұндай жерлерге өсімдік, шөп шықпайды, егін егуге де жағдай болмады. Сондықтан бұл жердегі адамдар мал өсірумен шұғылданып, оны өзінің тұрақты кәсібіне айналдырды. Малдың жайылымына қарай олар көшіп-қонып жүрді.Көшпелі мал шаруашылығымен айналысу далалы және шөлді жерлерді мекндейтін тайпалардың өміріндегі ірі жетістік еді, мұның өзі алғашқы қоғамның өндіргіш күштерінің дамуын ілгері бастырған қадам. Мал өсіруге маманданған адам еңбегі неғұрлым өнімді бола түсті де ет, май, тері, жүн т.б. өнімдерді көп өндіруге мүмкіндік берді. Мал шаруашылығы өнімдері неғұрлым көп өндірілген сайын олардың құны артып, мал өсірушілер мен егіншілер арасындағы айырбастың дамуына жағдай жасады.Сақтардың мал шаруашылығының негізгі бағыты қой өсіру еді. Оның еті мен сүті ғана емес, сонымен бірге киіз басу, арқан есу үшін жүні де іске асты. Б.з.б. I мың жылдықтың орта шеніндегі грек авторы Харил сақ тайпаларын қойшылар тайпасы деп атаған. Сақтардың тұрмысында жылқы да үлкен рөл атқарды, өйткені ол мінсе – көлік, жесе – тамақ, ішсе – сүті сусын, қымыз. Сақтардың заманында жылжымалы арба да болған. Гиппократ скифтердің тұрмысын суреттей келіп, былай деп көрсетеді: «Арбалар өте шағын, төрт доңғалақты. Басқа бір алты доңғалақты арбалар киізбен жабылатын үйге ұқсас екі және үш қабат киіз жабылған арбалар жасалып, олар жаңбыр мен желден пана болды... бұл арбаларда балаларымен әйелдер отырып, ал ерлер қашанда ат үстінде жүретін». Оңтүстік Қазақстан жеріндегі (сырдария аңғары, Арыс, Келес т.б. өзендер бойы) сақ тайпалары егіншілікпен  де айналысқан. Олар тары, арпа, бидай еккен. Кейбір жерлерде (Сырдария) суармалы егін шаруашылығы дамыған.Сақ тайпалары мал шаруашылығы мен егіншіліктен басқа  аңшылық пен балық аулау кәсіптерімен  де шұғылданған. Олар тау теке, арқар, қабан, бұғы, бұлан, дуадақ аулайтын. Жартастағы суреттер таулы-далалық тайпалардың аңды салт атпен қоршап аулайтыны бейнеленген.Б.з.б. I мың жылдықтың ора шенінде, яғни сақ заманында өндірістің мамандандырылған түрлері болды. Бұлар руданы өндіру және өңдеу, темір ұсталығы, темірді құю және зергерлік істер еді. Бірақ сақтардың қолөнер кәсібі әлі жетілмеген болатын.Б.з.б. I мың жылдықтың басында Қазақстан жерінің ежелгі тайпалары қызыл және қоңыр темір тасты, магнитті, темір жылтыры сияқты тез балқитын рудаларды жақсы білген. Мұны Қарқаралы қаласына жақын Суықбұлақ қоныс жұртын қазу кезінде табылған оңды сұрыпталған темір рудасының үйіндісіне қарап білуге болады. Орталық Қазақстан мен Жетісу обаларынан  б.з.б.VII-VI ғасырларда темірден соғылған заттар – темір қанжарлар, пышақтар, жүген әшекейлері табылған.Ежелгі Қазақстанда мыс-қалайы өндіру басым болды. Сақ заманында кен ісі мен руданы алғашқы өңдеу техникасы Андронов дәуірімен салыстырғанда едәуір ілгеріледі. Сақ шеберлері, әсіресе, қола ісінде елеулі табыстарға жеткен.Шаруашылықтың жаңа түрлері өздеріне лайықты еңбек құралдарын жасауды қажет етті. Осыған байланысты ертедегі шеберлер ат тұрманын, қару-жарақ, ауыздық жасауды үйреніп, соғыс құралдарын, қару-жарақтарды, жебенің ұштарын, қысқа семсерлер (ақинақ), қанжар, ұзын семсерлер, найза, түрлі балталар жасады.Металл өңдеумен бірге қолөнердің тұрмыстық ыдыс-аяқ жасау, тас қашау, сүйек ою, тері илеу, жіп иіру және тоқымашылықтың түрлері де болды. Темірден пышақ,металдан ыдыс, темір ілгектер, қашаулар, т.б. заттар жасалынды.Сақтар Алтай,Сібір, Шығыс және Батыс Еуропа халықтарымен тығыз байланыс жасап тұрды. Бұл жөніндегі қазылған ескі молалардан табылған заттар сақтардың өмірі туралы көптеген мағлұматтар береді. Сақтардың әлеуметтік қоғамы жөнінде айтқанда, олардың басты үш топқа бөлінгенін көрсетуге болады. Біріншісі - әскеи топтар, екіншілері – ауқатты бай топтар, діни адамдар, жрецтер, үшіншілері – жай қатардағы сақтар, бұлар – кедейлер, оларға соқа және екі өгіз тән.Сақтардың молалары кең, биік болған. Сондай молалардың бірі – 1969 жылы қазіргі Алматы облысы, Есік қаласының жанынан табылды. Б.з.б. V ғасырда бой көтерген бұл қорған ағаштан қиылған, биіктігі 7 метр, оның ішінде жерленген бай жас сақ жауынгерінің барлық киімі алтынмен қапталған. Оның басындағы телпегінен бастап аяқ киіміне дейін атты, жолбарысты, тауешкіні, құстарды бейнелейтін 4 мың алтын алқа қадалған. Мұны «Алтын адам» деп атайды. Ол – сол кездегі сақ тайпаларының тұрмысы мен мәдениетінің қандай болғандығын көрсетеді. Сақ мәдениетіне тән басты көркемдік сала – «аң стилі» өнері. Сақтар тастарға ойып, қашап жануарлар бейнелерін қалдырған. Сақтардың «аң стилі өнерінде» арыстан, самұрық, бұғы, қошқар, түйе, барыс, жолбарыс, бүркіт сияқты тағы және жергілікті үй жануарларын бейнелеу ерекше орын алған. Бұл сақтардың өмірінде, тұрмысында, киген киімдерінде кеңінен көрініс тапқан. Олардың «аң стилі» өнерінің қалдықтары археологиялық зерттеулердің барысында Қазақстанның барлық аймақтарынан табылып отыр.Басқа халықтар сияқты сақ тайпалары да табиғаттың тылсым күштеріне – күнге,найзағайға, күннің күркіреуіне, жел-дауылға табынған. Өйткені бұл ққбылыстар оларға құдай бейнесі секілденіп көрінген. Сақтардың түсінігі бойынша құдайлар, қанатты тұлпарлар, ат-самұрықтар және тағы да басқа қиялдан туған жануарлар бейнесінде елестеген. Сондықтан бұл образдар сақ тайпаларының ауыз әдебиеті мен мифологиясында кеңінен көрініс тапқан. Сақтардың сенім-нанымы бойынша әлемдегі тәртіп, үйлесім, ондағы болып жатқан барлық нәрселердің ұйымдастырушылары – Митра, Варуна, Индира секілді құдайлар деп түсінген.

2. Қазақстан аумағындағы үйсіндер.

     Қазақстан жерін ертеден жайлаған үйсіндер туралы не білеміз? Қытай жазба деректемелерінің хабарына қарағаннда б.з.б. ІІІ ғ. Бастап Жетісу жерін Үйсін тайпалары мекендеген. Үйсіндердің тарихын жазуда шығыс зерттеушілері Н.В.Кюнер мен Н.Я.Бичурин үлкен ғылыми жұмыстар атқарған. Бұлардың Қытай тілінен аудармаларын және басқа да деректерді пайдалана отырып академик В. Бартольд өзінің «Жетісу тарихының очеркі» деген еңбегін жазып, ондаүйсін тайпаларының қысқаша тарихын жарыққа шығарды.Ал Қытай тілінің маманы Ю.А.Зуев кеңес дәуірі кезінде үйсін тайпаларының тарихы туралы жаңа деректерді пайдалана отырып, Қазақстан тарихын зерделеуде өз үлесін қосты.Үйсін тайпаларының тарихын жазуда,археологиялық материалдарды жазба деректермен байланыстыра отырып, зерттеуде Қазақстан ғылым академиясының академигі Ә.Марғұлан және атақты археолог ғалым А.Бернштам зор айтуға тұралық еңбек сіңірді. Ал республикаға белгілі археолог А.Г.Кушаев Іле өзенінің бойындағы үйсін тайпаларының ескерткіштеріне қазу жұмыстарын жүргізіп, олардың өмір сүрген уақытын кезеңдерге бөліп, бір жүйеге келтірді. Жетісу жерін мекендеген сақ және үйсін тайпаларының тарихымен ұзақ жылдар бойы сондай-ақ атақты тарихшы-археолог К.Ақышев жан-жақты айналысты. Ол өзінің зерттеушілерінің барысында үйсін тайпаларының қоғамдық құрылысы мен әлеуметтік-экономикалық жағын ғылыми тұрғыдан дәлелдеп, олардың мемлекеттік дәрежеде өмір сүрген деген қорытындыға келеді.Үйсіндер мекендеген жерлердің шекарасы батысында Шу және Талас өзендерінің бойымен өтіп, Қаратаудың шығыс беткейлеріне дейін созылып жатқан. Үйсіндер иеліктерінің орталығы – Іле аңғары, басты ордасы – Есік көлімен Іле өзенінің оңтүстік жағалауы аралығында орналасқан Чигу-Чен («Қызыл-аңғар») қаласы. Ол ертеден белгілі «Ұлы Жібек жолындағы» маңызды сауда орталығы аталған. Үйсін тайпалары мекендеген бүкіл Жетісу аймағында олардың мал шаруашылығы құрамында үй малдарының барлық түрі: қой, жылқы, с и ы р, қос өркешті түйе, е шкі, е сек болғанын археологиялық қазба және жазба деректемелер дәлелдейді.Үйсіндер егін шаруашылығымен де айналысқан. Оны Кеген өзені бойындағы Ақтас қыстау – қонысын қазғанда табылған жер өңдеу құралдары – тас кетпендер, қол орақ, тастан жасалған дәнүккіштер айқын көрсетеді. Бұл аймақты зерттеген кезде үйсіндерде қарапайым суармалы егіншілік шаруашылығының болғандығы байқалды. Суармалы егістік жүйелері Жоңғар Алатауы, Шолақ-Іле және Шу-Іле тауларының қойнаулары мен баурайларында, Қырғыз Алатауының (Талас аңғары) солтүстік баурайларында орын алған. Негізінен тары мен арпа егілген. Жетісуда суармалы егіншілік қана емес, сонымен қатар тәліми егіншілік те дамыған.Оған жауын-жанның біршама көп болуы, топырақтың табиғи ылғалының жеткілікті болуы үлкен әсерін тигізген.Мал шаруашылығы және егін салумен қатар үйсіндерде үй кәсібі, қолөнер дамыған. Әсіресе саз балшықтан ы дыстар жасау кең өріс алған. Ы дыстар пайдалануы жағынан тамақ ішетін, тамақ пісіретін және шаруашылық, азық-түлік сақтайтын ы дыстар болып бөлінеді. Тамақ ішетін ы дыстардың ішінде ағаштан о й ы п  жасалғандары да кездеседі.Олар: шағын табақтар, тостағандар, ожаулар және т.б.Ежелгі үйсіндердің шаруашылығында темір, мыс,  және т.б. түсті металдарды қазып алу, қорыту және өндіру маңызды орын алған.Темірден, мыс пен қоладан еңбек құралдары, тұрмыс заттары – балталар мен шоттар, орақтар мен пышақтар, біз бен шеге, қазандар мен құрбан шалатын ыдыстар, қару жарақ, қанжарлар мен жебелердің  ұштары жасалды.Сәндік заттарға – білезіктер, сырғалар мен сақиналар, сондай-ақ зергерлік бұйымдар – алтын, күміс, мыс, немесе қола сымнан бұрап жасалған, асыл тасты алқалары бар сырғалар қола түйреуіштері жатады.Үйсін қоғамында тоқыма жіп иіру, тері  илеу, тастан, сүйектен бұйым жасау ісі де өрістеген. Жіп иіру мен тоқымашылық, киіз басу, жүннен киім тоқу едәуір ауқымда дамыған. Мата жасау үшін, қазақтардың «өрмегі» сияқты қарапайым тоқыма станогы қолданылған. Үйсіндер жануарлардың терісін илеп өңдеу арқылы аяқ киім, тері шалбар мен ат әбзелдерін дайындаған.Үйсін мемлекетінің Чигу-Чен (Қызыл аңғар) астанасынан басқа да көптеген қалалары, сауда орталықтары болған. Олар Шығыс Жетісу жеріндегі-Сүмбе, Лепсі, Батыс далалық аймақтарындағы – Суяб, Құлан, Ақтөбе және т.б. қалалар.

3. Қаңлылы мемлекеті.

      Қаңлылар – қазақ халқының негізін құраған ежелгі тайпалардың бірі. Олар туралы деректерді негізінен қытай жазбаларынан аламыз. Шығыстанушы Н. Аристов «қаңлылар – ежелгі түркі руы» деп көрсетеді. В.Востров олардың ежелгі тайпа және түркі тілдес екенін нақтылап берді. А.М. Бернштамның пікірінше де қаңлылар түрік тілді халық болған.

                                  

Қаңлы мемлекеті (б.з.д. ІІ ғ. – б.з. Ү ғ.) –Оңтүстік Қазақстанда құрылған алғашқы мемлекеттік бірлестіктердің бірі. Қытай деректері бойынша астанасы Битянь қаласы болған. Қаңлының билеушісіне 5 иелік бағынышты болды. Кангюй мемлекеті мен оның иеліктерінің орналасу мәселелерінің тарихы И.Бичуриннен басталады, ол оның орналасқан жерін Сырдария өзенінің солтүстік жағындағы далалар деп белгілеген. «Шицзи» мәтініне «Давань туралы хикаяда» берген түсініктемесінде ол «Кангюй иелігі қазіргі қазақтың Ұлы жүзі мен Орта жүзі көшіп жүрген Сырдарияның солтүстік жағындағы далаларды алып жатыр» деп атап өткен. «Шицзиде» кангюйдің орналасуы туралы былай делінген: «Кангюй Даванның солтүстік-батысында шамамен алғанда 2000 ли жерде жатыр. Бұл - әдетте 20 000 әскері бар юечжиліктерге ұқайтын көшпелі иелік. Кангюй Даваньмен шектес және күшінің аз болуына қарай оңтүстікте юечжилердің билігін, шығысында ғұндардың билігін таниды».

Б.з.д. ІІ-І  ғғ. қаңлылар батыс өңірдегі белді  мемлекеттердің бірі болды. Үлкен Хань әулетінің келесі хроникасы «Цянь  Ханьшудың» «жерге орналасуды суреттеу»  деген тарауында кангюйге арналған бөлім бар, онда сөзбе-сөз келтіргенде  былай делінген: «Кангюй билеушісі  Лоюень елінде, Уананнан 12 300 ли жердегі Битянь қаласын мекендейді. Ол наместникке тәуелді емес. Әміршінің жазда болатын жеріне Лоюеннен жеті күнде жетуге болады... Халқы 120 000 отбасынан, 600 000 адамнан тұрады; әскер саны 120 000 адам. Әдет-ғұрпы үлкен юечжимен бірдей. Кангюй шығыс жағында ғұндарға бағынады...». Осы ғасырдың ортасына қарай олардың орналасу мәселелері жөнінде негізінен екі көзқарас: 1. Кангюйлер Ташкент жазирасынан Хорезмге дейінгі қос өзен арасындағы кең-байтақ жерді алып жатты; 2. Кангюй иелігі Сырдария өзенінің сағасынан Ташкентке дейінгі алқапта шоғырланған, ал байырғы жерлері Сарысу өзенінің орта ағысынан сол өзен мен Шу өзенінде, Ұлытауға дейін орналасқан деген көзқарастар қалыптасты.

                                        

      Алайда кангюйлердің байырғы жерлері Сырдарияның орта ағысы бойындағы жерлер болған. А.Н.Бернштамның пікірі бойынша, неғұрлым ертедегі тарихи ескерткіштер – Авестада, Махабхаратада, Пехлевилердің бундахишні мен эпикалық Шахнамада аңызғы айналдырылған Кангха нақ осында орналасқан. Ол ежелгі түріктердің руналық ескерткіштерінің Кенгутарбант елін де осында орналасқан деп көрсетуді ұсынған еді. Кейіннен бұл көзқарасты Қазақстан зерттеушілері мен ежелгі Орта Азия тарихының саласындағы басқа да мамандар негізге алды. С. Г. Кляшторный мен Л. М. Левинаның еңбектері кангюйлердің орналасу мәселелерін зерттеуге қосылған елеулі үлес болды. Біріншісі кангюйлер туралы жазбаша деректердегі хабарларды қорытып, кангюй жерлерінің орналасуы жөніндегі негізгі пікірлерге сын көзбен талдау жасады. Л.М.Левина сол кезге қарай жинақталған археологиялық деректерді жүйеге келтіру мен қорытуда көп еңбек етті. Ол кангюйлер заманындағы Сырдария алқабының негізгі үш мәдениетін сипаттап, оларды кезеңдерге бөлуді ұсынды. Жан-жақты талдау негізінде автор өзі қарастырған жетіасар, отырар-қаратау, қауыншы мәдениеті кангюй мемлекеті тұрғындары мәдениетінің нұсқалары болып табылады деген қорытындыға келді. Сонымен, Кангюйлер Сырдария өзенінің орта ағысының солтүстік жағын мекендеген және Кангха мемлекетінің ұйтқысы болған тайпалар одағы деп айтуға болады.Егер б. з. б. II ғасырдың екінші жартысында қытай елшісі Чжан-Цянь Кангюй жерлерінің оңтүстігінде юечжиге, ал солтүстігінде ғұндарға тәуелді екенін айтса, біздің заманымыздағы I ғасырда мұндағы жағдай өзгереді. Егер Чжан-Цянь юечжи әскерін 100-200 мың, ал кангюй әскерін 90 мың деп хабарлаған болса, Цанб-Хань-Шу енді кангюй әскерін 120 мың, юечжи әскерін 100 мың дейді. Бұл кезеңде Орта Азиядағы қос өзен аралығында юечжилердің негізгі бөлігінің оңтүстікке, сол жағалаудағы Бактрияға ығысуы, жерге отырықшылық орын алып, жеке-жеке бес иелікке бөлінгенін, мұның өзі кангюймен салыстырғанда олардың әлсіреуіне әкеп соқпай қоймағанын, ал кангюйлердің алдынан оңтүстік пен батысқа басқыншылық жорық жасау үшін мүмкіндік ашылғанын атап өткен жөн. Сол кезде б. з. б.  II ғасырдың аяғы – I ғасырдың басы, сірә, кангюйдің жоғарыда аталған тәуелді бес иелігі пайда болса керек.Б.з.д. І ғасырдың екінші жартысында Чжичжи шаньюй бастаған ғұндар Оңтүстік-шығыс Қазақстан жеріне алғаш рет көшіп келе бастады. Осындай жағдайда Қаңлы мемлекеті Чжичжимен одақ құрып, оны үйсіндерге қарсы пайдаланбақ болды. Қаңлы билеушісі Чжичжиді Талас алқабына шақырып, оған өзінің атты әскеріне қолбасшылық ету құқын берді. Бірақ, каңлылардың үміті ақталмады. Чжичжи үйсіндерді бағындыра алмады. Енді ғұндар мен каңлылар арасында қайшылық туды. Чжичжи қаңлы билеушісінің қосынынан қуылып, Таластың жоғарғы жағына кетеді, сол жақтан өзіне қала тұрғызады. Шаньюй құрлысқа қаржыны Ферғана мен Парфия билеушілерінен  алым ретінде алып отырды, сірә, ол құрлысшы-шеберлерді де сол жақтан шақырып алса керек. Екі жыл бойы салынған қала мықты бекітілді, ол екі қорғанмен қоршалды, оның сыртқысы ағаш, ал ішкісі мұнаралары бар қамкесектен тұрғызылған дуалдан болатын.Чжичжидің күшеюі, үйсіндерге шапқыншылығы Қытай империясын мазалады. Көп кешікпей қытай әскері жорыққа шықты. Ол Ұлы Жібек жолын бойлай екі бағытта жүрді. Үш отряд Қашғар, Ферғана арқылы, Шатқал жотасындағы Шанаш және Талас жотасындағы Қарабура асулары арқылы оңтүстік жолмен, үш отряд солтүстік жолмен – Шығыс Түркістаннан, сірә, усундердің Чигучэн ордасы орналасқан Ыстықкөл қазан шұңқырындағы Бедел асуы арқылы өткен болар, содан соң Шу аңғарымен Таласқа беттеді. Әскерлер Чжичжи қаласы қорғанының жанында қосылды. Шаньюйдің өзі қоршауға дайындалған еді, ол өз әскерлерін қабырғаларды бойлай орналастырды, ал қала қақпаларының екі жағына «балық қабыршағы» сияқты етіп әдеттен тыс сап түзеген жаяу жауынгерлер отрядын қойды. Алайда, қаһармандықпен қорғанғанына қарамастан, қытайлар сыртқа ағаш қорғанды өртеп, топырақ дуалды опырып жіберді, қоршаудағылардың қарсылығын басып, қалаға басып кірді де қамалды басып алды. Чжичжи мен оның төңірегіндегі жақындары көптеген туыстарымен, балаларымен, әйелдерімен және атақты князьдарымен бірге 1518 адам тұтқынға алынды. Олардың бәрінің басы шабылды. Бір мың екі жүздей жауынгері Усун мен Ферғананың вассалдық князьдарына сыйға тартылды.Қытай-кангюй қатынастарының басқа бір жағы Шығыс Түркістандағы оқиғаларға байланысты. Біздің заманымыздағы 78 жылы Бань Чжао басқарған қытай армиясы Шығыс Түркістан жазирасына үстемдігін орнатады. Алғашқыда кангюйлер император наместнигіне одақтас болады да, көп кешікпей өзінің көзқарасын өзгертіп, біздің заманымыздың 85 жылы Бань Чжаоға қарсы көтерілген Суле (Қашғар) билеушісіне көмекке әскер жібереді.Қаңлы тайпаларының негізгі кәсібі көшпелі мал шаруашылығы болған. Олардың бір бөлегі егіншілік және бау-бақша өсірумен айналысқан. Қолөнер едәуір дамыды. Олар Ұлы Жібек жолы арқылы көп елдермен сауда жасасқан, халықаралық саудаға қатысқанын археологиялық жұмыстар кезінде өзге елдерде жасалған заттардың табылуы дәлелдейді. Сол заманға сай қалалары да болды. Қаңлылар өрмекпен жүн мата тоқыған, алуан түрлі қыш ыдыстар істеген. Қоладан және темірден құрал-саймандар мен қару-жарақтар жасаған. Зергерлік бұйымдар мен әшекейлерді алтын, күміс және қоладан жасады. Ерте замандағы қаңлылардың жазу мәдениеті болған.

                                           

 

          Қаңлылар негізінен ата-аналарының аруағына, ал бір бөлігі отқа, айға, күнге табынған. Қаңлы ескерткіштерінің жарқын көріністерін қауыншы, отырар-қаратау, жетіасар мәдениеттерінен көруге болады. Олар Сырдария сағасынан Ферғанаға дейінгі өңірге тараған. Қауыншы мәдениеті Ташкент аймағын қамтиды. 1958-1963 жж. А.Г.Максимова жетекшілік еткен Шардара археологиялық экспедициясы Оңтүстік Қазақстаннан қауыншы мәдениетіне жататын бірқатар ескерткіштер ашты. Оның біршама толық зерттелгені Шардараға таяу, Сырдарияның оң жағалауындағы Ақтөбе қонысы. Отырар алқабында Отырар-Қаратау мәдениетіне жататын ескерткіштер көп шоғырланған. Арыс өзенінің сол жағалауында аумағы әртүрлі Пұшық-Мардан, Қостөбе, Шаштөбе, Сейітман төбе, Ақайтөбе, Шалтөбе сияқты жиырма шақты қалашықтар бар. Олардың ең үлкені – Көкмардан. Бұлардың көбін 1969-70 ж. К.Ақышев жетекшілік еткен Отырар археологиялық экспедициясы тапқан. Жетіасар мәдениеті Қуаңдария мен Жаңадария аңғарын қамтиды. Бұл кездегі қала орындары біртектес. Қалалар мен обалардан Жетіасар мәдениетіне жататын түрлі бұйымдар табылды. Археологиялық қазбалар барысында табылған әшекей бұйымдар, шаруашылық заттар қаңлылардың егіншілікпен, мал шаруашылығымен, қолөнер кәсібімен, саудамен айналысқанын және өз тұсындағы Қытай, Парфия, Рим және Кушан империясы сияқты ірі мемлекеттермен саяси, экономикалық, мәдени байланыста болғанын дәлелдейді. ІІІ-V ғғ. қытай деректері бойынша кангюйлер өзінің Орта Азиядағы қос өзен аралығындағы, Арал өңіріндегі иеліктеріне үстемдік етуінен айырылып, бірқатар тәуелсіз иеліктерге бөлініп кетеді. V ғасырда ол император сарайына елшілік жіберген елдер тізімінде ғана белгілі. Сірә, бұл кезге қарай кангюйлер орнында пайда болған ұсақ иеліктер эфталиттер мемлекетіне тәуелді болса керек. Біздің заманымыздағы 1 мыңжылдықтың орта шенінен бастап ортаңғы және төменгі Сырдария ауданындағы этникалық-саяси жағдай өзгерді. Оған түркі тілдес тайпалар басып кірді.

4. Орталық Азия тарихындағы ғұндардың ролі.

     Б.з.б. I мың жылдықтың екінші жартысынан бастап Байкалдан Оңтүстікке қарай және Ордосқа дейін созылып жатқан дала және шөлейт аудандарда қарабайыр мал шкаруашылығымен шұғылданған, этникалық жағынан әр түрлі тайпалар көшіп жүрді. Солардың басты бір тобы б.з.б. IV-III ғасырларда Солтүстік Қытайдың шекарасына дейінгі жерді мекендеген тайпалық екі одақ Сюнну және Дунху бірлестіктері еді. Қытай тілінде сюнну деген атау солтүстікдегілер деген мағынаны білдіреді.Сюннулар хунну немесе ғұндар деп аталады, әсіресе, б.з.б. III ғасырда мейілінше күшейді. Тайпалардың бұл тобының аты қайдан шыққаны белгісіз. «Ғұн» деген атаудың өзі кейінірек сюнну (хунну) деген аттан шыққан деп болжам жасалынды. Ғұндар туралы тарихи деректер көрнекті Қытай тілінің мамандары Н.Я.Бичурин мен Н.Кюнердің еңбектерінде берілген. Ал олардың тарихын жазуда үлкен еңбек сіңірген ғалымдар А.Н.Бернштам, Л.Н.Гумилев, Н.И.Конрад. Ал Қазақстан ғалымдарының арасында ғұндардың тарихымен К.М.Байпаков және т.б. айналысып жүр.Ғұндардың этникалық тегі туралы мәселе әлі анықталып болған жоқ. Зерттеушілердің көпшілігі оларды түріктердің арғы аталары деп болжайды. Ғұндардың құдіреті тасып тұрған кезде, олардың бірлестігіне басқа бірнеше тайпалар қосылған, сондықтан «ғұн» атауы этникалық болудан гөрі саяси одақ атауына қарай айналыңқыраған. Ғұн тайпаларының бір одаққа бірігуіне негізгі себеп Қытайлықтардың бұларға қарсы төрт ғасырға созылған кескілескен соғысы деу керек. Хань империясы кезінде Қытайлықтар ғұндарды талай рет басып алмақшы болады, бірақ ғұндар іргелес тайпалармен бірігіп, Қытайлықтардың шабуылдарына батыл тойтарыс беріп отырады. Ғұн тайпаларының бірігіп топтасуы б.з.б. 209 жылы «ғұн үйінің өрлеуі» кезінде іске асты. Оларды бір одаққа біріктіру әйгілі Мөде /Боғда/ батырдың есімімен байланысты. Оның туған жылы 230, ал өлген кезі б.з.б. 174 жыл.Мөде ғұндарды күшті державаға айналдыру үшін әскери реформалар жүргізді. Мөденің басшылығымен ғұндар өздерінің оңтүстігіндегі дунхуларды талқандады. Олар Саян-Алтай тайпаларына және Үйсіндерге шабуыл жасап, өзіне қаратты. Мөде батыста Юечжи тайпаларына жорық жасап, оны бағындырды. Б.з.б. 200-ші жылдары ғұндар Ордосты қаратып алды, Қытай Хань әулетінің негізін қалаушы Лю Баньмен соғысып оны жеңді. Ұлы Қытай қорғаны салынуының бір себебі осы ғұндардың шабуылынан қорғану амалы еді. Қытайдың «Жылнама» атты байырғы кітабында айтылатын «тұрағы жоқ, үйі жоқ ғұндар бәле болды ғой» деп келетін жолдар ғұндардың Қытай еліне қатты қауіп төндіргенін көрсетеді. Б.з.б. 188 жылы Мөде мен Қытайдың Хань императоры Гаоцзу «тыныштық және туыстық» жайлы шартқа қол қойды. Мөде Қытай ханшасын өзіне әйелдікке алды, сонымен бірге Хань империясы ғұндарға  жыл сайын салық төлеп тұруға тиісті болды. Ғұндардың жүргізген жаулап алу соғыстарының нәтижесінде Забайкальеден Тибетке және Шығыс Түркістаннан Хуанхе өзенінің орта бойына дейін созылып жатқан жердің бәрі олардың қол астына көшті. «Ғұн державасы» орасан зор үлкен болғанымен оның осал ұрымтал жері де бартын. Мұның өзі олардың арасындағы берік бірліктің болмауымен байланысты еді. Осыдан келіп б.з.б. 59 жылы ғұндардың өз арасында соғыс басталды. Ғұндардың өз іштеріндегі болып жатқан мұндай талас-тартыстарды Қытай мемлекеті пайдаланып қалуға тырысты. Қытайлар үйсіндермен одақтаса отырып, ғұндарға қарсы бірнеше шабуыл ұйымдастырды.Б.з.б. 47 жылы ғұндар державасы оңтүстік және солтүстік ғұндар болып екіге бөлінді. Оңтүстіктегі ғұндар Қытайдың Хань империясына бағынады. Ал Чжи-Чжи шаньюй бастаған солтүстіктегі ғұндар өздерінің тәуелсіздігін сақтап, Солтүстік Моңғолия және Шығыс Түркістанның Солтүстік аймақтарында көшіп-қонып жүрді. Бұлардың бір бөлігі Тянь-Шаньнан өтіп, қаңлы тайпаларымен шарттасып, олардың шығыс жағына қоныстанды. Мұның өзі ғұндардың Қазақстан және Орта Азия жеріне тұңғыш рет жаппай өтуі еді. Екінші бір толқыны біздің заманымыздың I ғасырында басталды. 93 жылы Хань империясының әскерлері ғұндардың күштерін ығыстырып, олардың солтүстіктегі тайпаларының бірін өздеріне бағындырып, енді біреулерімен одақ жасасып, үшіншілерін батысқа қарай ығыстырады.Олар Тарбағатайға дейін келіп, Оңтүстік-Шығыс Балқаш өңірін жайлаған Юебань тайпалары пайда болды. Ғұндардың осы жылжуымен байланысты болса керек, кейінірек бұлар Орталық Қазақстан және Сырдариядан солтүстікке қарай созылған жерлерді алып жатты. Арал теңізі мен Каспий маңына шығып, алаңдар мен ассаларға шабуыл жасап, оларды батысқа қарай ығыстырды.Сөйтіп, ғұндардың Қазақстаннан Шығыс және Орталық Еуропа жеріне жеткенше үш ғасырдан астам уақыт өтті.Ғұндар Рим империясына үлкен қауіп туғызды. V ғасырдың 30-шы жылдары ғұндардың басшысы Атилла /410-453 жж./ Румыния және Венгрия елдеріндегі көшпелі тайпаларды өзінің қол астына жинап, Рим империясының аудандары Паннония мен Мезияны басып алған соң, Франция жеріне өтеді. Жаулап алған жерлердегі халықтарды қырып-жойып, қалаларды бүлдіріп, селоларды өртеп, бүкіл Еуропа елдерінің үрейін ұшырады. Н.А.Машкин «Ертедегі Римнің тарихы» деген кітабында, 375-376 жылдары вестготтардың Қазақстан даласынан келген ғұндармен біріккен күрестері ежелгі Рим империясының құлауына әкеп соқты деген қорытынды жасайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

            Қазақстан Республикасынынң білім  және ғылым менистірлігі

              Ш.Есенов  атындығы Каспий мемлекеттік  техналогиялар 

                                 және инжиниринг университеті.

 

 

 

 

           

 

               Тақырыбы: Қазақстан аумағындағы ерте темір дәуірінің тайпалары 

                                          мен  тайпалық одақтар ( б.з.д.VIIIғ - б.з. Vғ).

 

 

 

 

                                                       Орындаған: Абзалова. Р

                                                     Қабылдаған аға оқытушы:Бекенжанова.A    

 

 

 

                                                Ақтау қаласы 2012ж


Информация о работе Қазақстан аумағындағы ерте темір дәуірінің тайпалары мен тайпалық одақтар ( б.з.д.VIIIғ - б.з. Vғ)