Аңырахай шайқасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2013 в 12:41, реферат

Описание работы

Аңырақай шайқасы - 1729 жылдың мамыр-маусымы, кейбір деректерде 1730 жылы біріккен қазақ қолының жоңғар басқыншылығына қарсы жүз жылдық азаттық соғысында бетбұрыс жасаған ең ірі жеңісі. Болат ханның бастауымен үш жүз хандары (Жолбарыс, Сәмеке, Әбілқайыр), билер (Төле, Қазыбек, Ақсуат), сұлтандар, батырлар қатысқан Ордабасы жиынында (1726) бүкіл қазақ қолының бірігуі (бас қолбасшылыққа Әбілқайыр хан сайланған) жауға қарсы бірыңғай стратегиялық шабуылға шығуға мүмкіндік туғызады.

Файлы: 1 файл

реферат аңрахай шайқасы.doc

— 151.50 Кб (Скачать файл)

«Алтын шежіредеә халха-монғол мен ойраттардың XVII ғасырға дейінгі  өзара соғыстары тамаша баяндалған. Ойраттың Есен тайшы, Тоған тайшы  билік құрған заманда Шығысқа  ерлік жорықтары, «монғолдың төрін  тартып алғаны», одан Ерен Қабырғадан асып шапқаны айтылады. Осы әңгімелердің бәрі Шуно-Дабо сияқты жас қолбасшыларға тарихтан үлкен сабақ. Оның үстінде Жоңғария тағына үміткер екі адамның, екі ханзаданың бірі Шуно (Сына батыр) тосы жолы өзінің үлы қолбасшы екенін дәлелдеуі керек.

Осы себептерге байланысты 1727-ші жылы жас қолбасшылар бастаған қалмақ қолы тағы да Ұлытауға аттанды.

Қазақ шежірелерінді  « Бұланты шайқасы» атымен белгілі бұл соғыс Ұлытау мен Кішітауға жақын жерде Бұланты мен Білеуті өзендерінің арасындағы жазықта болған еді. Өз бастауын Ұлытаудың оң қабырғасындағы биік шыңдардан алатын Бұланты мен Білеуті өзендері Торғай даласына қарай, оңтүстік батысқа ағады, яғни Шұбартеңізге құяды. Жағасы терең, биік, қалың қамыс, арасы даланың неше түрлі жыртқыш аңына, момын киік пен бұланға толы. Бұл өзеннің Бұланты аталатыны да сол себептен. Білеуті деп өзеннің табанындағы қайрақ тастың көп болуы себепті атайды. Ерте заманда қайрақты түріктің көп елі білеу дейді. Бір ғажабы, тарихи деректер Ұлытау маңында бұланның болғанын растайды. 1582 жылы ташкенттік Бабасұлтанмен соғысып бүқар ханы Абдолла Орталық Қазақстан жеріне келеді. Бұл Бабасұлтан өзінің қанқүмарлығына аты шыққан, еш қай жерге де сыйымсыз адам еді. Оның қолынан қазақтың бірнеше ханзадасының қайтыс болғаны да, қазақ ханы Хақназардың өліміне де оның кінәлі екені белгілі.

Абдолламен бақталастырған Бабасұлтан Ұлытау бойында қазақ сұлтаны Тәуекелдің қолынан қаза тапты. «Шараф-наме-йи шахи» (Шах даңқының кітабы) бұл жайтты былай суреттейді: «Сейсенбі күні 17раджапта (7 тамыз 1582 ж.) Тәуекел сұлтан Сатурннан кем емес Абдолла ханның сарайына Баба мен Жан мұқамбет бидің, Латиф сұлтанның бастарын бірнеше түткынга қосып алып келді. Ол басты тақтың алдына лақтырып жіберіп, халиф марапатына ие ханнық алдына тізе бүгіп:

Мен жауыма қарсы жайдың огын аттым,

Шахтың бақыты үшін қанын да төктім», - деді.

 

Ұлытау бауырындағы өзеннің Бұланты аталуына осы аңның көптігі тікелей себеп болды. Ал Білеутінің Қалмаққырған болып өзгеруін анықтау үшін бізге ХVП-ХVІП ғғ.қазақ-қалмақ арасындағы көптеген оқиғаларға көңіл бөлуге тура келеді.

Білеутіні ескі деректер Мүйір-Білеуті деп атаса, Бұлантыға қатысы Қара сүйір деген де атау қолданылады. Бүгінгі күні ол жерлерде болмаған, жергілікті жер-су атауларынан хабары жоқ адамдар Қара сүйірдің орнына Қара сиыр деп те жазады. Қазақтың ұлы даласында қатар аққан екі өзеннің тарихы осындай ғажайып оқиғаларға, ұлы тұлғаларға қатысты. Бір қарағанда көктемде аз ғана уақыт тасып, жаздың ортасында суалып, үзік-үзік қара суларға айналатын осынау дала өзендерінде татымды тарих жоқ сияқты көрінгенімен, шежіреде ізі сайрап жатыр.

Осы тарихи өлкеде 1727-ші жылдың жаз айындп қалмақ-қазақ арасындағы ірі соғыстардың соғыстардың  бірі болды. Бұл соғыстек қана адам шығыны көптігімен ғана емес, екі елдің болашақ қарым-қатысынан, қазақтың азаттақ күресіне шешуші қызметімен белгілі.

Бұланты шайқасына екі жақ та алдын ала дайындықпен келді. Шуно- Дабо Шүбартеңіз соғысынан кейін бір жыл бойы тек кек қайтаруды аңсаса, қазақ жағы ертелі  кеш  Түркістан  үшін  күрестің  басталатынын  және  Үлытаудың  шешуші қызмет атқаратынын алдын ала есепке алды. Қаратау баурайындағы ел «Ақтабан шүбырынды»  болып,  жаудан  қашып,  соққыға  үшырап  жүргенде  Сарыарқаға алдын ала келген елдер шығынға үшырамай аман қалды. Бұл мәселені 1726-1727-ші жылдары қайта-қайта Сарыарқаны алмақ болған Шуно-Дабо да, қазіргі қазақ тарихшылары да біле бермейтіні анық.

- Міне, осы тың және жауынгер күштер басы қосылып жиналған

уақытында Шуно-Дабо түгілі қонтайшының өзіне де әл бермейді. Оны тек қазақ арасында өмір сүрген, осы елдің қауқары мен ішкі өмір сүру заңдылығын білген адам ғана айыра алады. Оның үстіне «ақтабанға» ұшырап 1723-ші жыл Қаратау асқан елдердің көпшілігі екі-үш жылғы уақытты дұрыс пайдаланып, шаруасын көтеріп, бас-аяғын түгендеп алды. Ресейдің XVII ғасырдың соңындағы айтатын «тобыл жолындағы металл кендерін өңдірушілер» азаттық соғыстарының кезінде қару-жарақ соғумен айналысты. Оның ішінде тек қана найза мен қылыш, айбалта мен кіреуге сауыт қана емес, қазақтың шиті мылтығын соғатын тамаша ұсталар қауымы болды. XVII ғасырдың қазақ өмірін зерттеген орыс барлаушыларының бәрі де қазақтың қолында мосылы шиті мылтықтың бірнеше түрі болғанын жазады.

Еділдің қалмағы мен Оралтаудың башкұрты, ерлігі қазақпен тайталас болса да, ең алдымен мылтығы аздықтан жеңіледі дейді деректер. Көшпелілердің алма- кезек соғыстарында қазақтардың өздерінен он есе көп қалмақ пен башқүртқа қорықпай төтеп беретіні де осы себепті.

Бұланты шайқасында дайындықтың кезінде Бөгенбай батыр қазақтын ежеогі әскерлер дәстүріне сай қимылдар жасады. Әз Тәуке заманына тән сардарлық қызметтің ең басты шырты жауынгерлердің қару-жарағы мен ат- көлігі еді. Осыған байланысты Үлытау бойындағы көне қалалардың біразы қайта жаңданып, кейбіреулерінде ірі үстаханалар мен қолөнер орталықтары жүмыс істей бастады.

Солардың ішіндегі әлі күнге дейін бекініс іргелері сақталып тұрғаны сақталып Басқамыр, Нөгербек дарасы, Сарайлы, Торайлы деген қоныстар. Жезді өзенінің сол жағасында орналасқан Басқамыр қаласы тек қана үсталардың қонысы ғана емес, ірі егіншілік орталығы. Қаланың жан- жағы суландыру жүйесі, арықтар мен аңыздар.қаланың өзі айнала таудың ішіндегі ойпатта тұр. Шығыс жағында екі шақырым жерде тастан қалаған биік мұнара тау шыңында әлі күнге дейін осы маңайдың тыныштығына күзетіп тұрған сақшы сияқты.

Осы қоныстардың көпшілігіне  қалмақпен болатын болашақ ірі соғыстардың дайындығы жүрді. Көне кен орындарының топырақ басып қалған шахталары мен карьерлері XVIII ғасырдың басында қайта ашылғанға үқсайды. Солардың бірі Басқамыр қаласынан бірнеше жүз метр жердегі әлі күнге дейін үңірейіп жатқан шахтың аузы. Осы қоныстарды айнала қазақтың XVII- XVIII ғғ. қорымдары жатыр.

Тастан оба қылып  үйілген бейіттерде қазақтың ру таңбалары  көп кездеседі. Қазақтың хан әулеттерінде ынтымақ жоқ уақытта елдің  дайындығын Бөгенбай батыр көбінесе өзінің маңындағы батырлар арқылы жүргізді. Олардың ішінде Бұланты соғысында ерекше даралған Шақшақ Жәнібек батыр, Қаракерей Қабанбай батырлар еді.

Қалмақтың Сарыарқаға жорыққа  дайындаолып жатқанын қазақ батырлары  ерте естіді. Түркістанмен арадағы байланыс үзілмеген еді. Қалмақтар қанша жерден тыйым салғанымен Түркістан мен Үлытау арасында қатынас болды. Қалмақ дайындалып жатыр дегенхабарды естіген Ұлытаудағы Бөгенбай батыр хабаршыны Әбілқайыр хан мен Жәнібек батырға, Қаракерей Қабанбай мен Қыпшақ Қошқарбай батырларға ерте аттандырды. Осының арқасында қалмақтар Білеутіге жақындаған түста қазақтың үш жүзінен жиналған қалың әскер Бұлантының оң жағасынан қос тігіп, бекініп алған еді. Осылайша екі өзеннің ортасы майдан даласына айналып кетті. Қас бетінен Орта жүздің әскері, сол қапталынан Кіші жүздің жігіттері, шегінейін десе артында өзен, қалмақ қолы қара төбені айналшықтап шыға алмай қалды. Сол төбенің басында қырылғаны бар, Білеутіге жетер-жетпесте өткел аузында ажал тапқаны бар қалмақ шығыны аса көп болды. Екі өзеннің арасындағы атаусыз қара төбенің, Білеуті өзенінің сол оқиғадан кейін «Қалмақ қырылған» аталатыны сол себептен дейді шежіре қариялар.

Қалмақтың осы батырының  атын біреу Сару дейді. Біреу шарыш дейді. Біреу Қалдан Сереннің інісі еді деседі.

Жауға шапқанда «Абылайлап» шапқандығынан қанішер Абылайдың үрпағы екендігін біліп, Әбілмәмет ханның қорыққанынан жүрегі лүпілдесе керек.

Осы жорықтан қайтқан  соң, бақ та өзіңдікі, тақта өзіңдікі, жүр Түркістанға деген екен. Бұл да ол сөзге иланып Түркістанға барпамты. Әбілмәметке сенбеген соң, Төле биге де сенбей, қасында бір Оразауық деген сарт жолдасы бар, Сарыарқаға шығып кетсе керек.

«Аңырақай шайқасынан»  кейін қазақ елі тағыда өзара  ымыра таба алмады. Бір шайқалған  хан ордасы шайқалақтап орнына келе алмады, елге үйытқы болудан қалды.

Ел арнасындағы ынтымақтық жоқтығы Жетісудан қайтып Орда басыға

келгенде-ақ білінеді:

«Аңырақай шайқасындағы жеңіске, Әбілқайыр, Барақ, Әбілмәмбет, Абылай хандарының өзгенің бәрінен асып түскен батырлықтарымен, салтанатты жеңісіне халықтың шаттығы әлі басылмай жатып, 3-4 жылдық ерлік күрестің жемісін қас қағымда жоққа шығарған, жеңісті науқанды болдырмай тастаган, болашаққа деген жарқын үміттің орнына халықты саяси бостандыгы мен егемендігінен айырган күтпеген бір жагдай орын алды.

Патшалық Ресейге қосылу бір жагынан, қас дұшпан қалмақтардың

әмірімен кіріптарлық өмір сүру екінші жағынан ...

Мұндай шешімнің түйіні неде, аңыздар да, тарих та үнсіз, қандай

болсын бір пайымдау жасайтын ешбір із, не тұспал жоқ.

Бұл мәселе тұралы Левшин төмендегідей ой айтады, «Қалдан серенің жаңа соққысынан қаіптенген олар, дұрысы, бұл қауіпті көршіден алыс жартылай батысқа, жартылай солтүстікке кету деп түйген».

Осы арада анықталмаған, соңгы нүктесі қойылмаған мәселе көп: неге

алғашқы кезде-ақ, қалмақтарды жеңбей тұрып, бірден бөлінбеді; неге Кіші жүз және Орта жүздің бір бөлігі жеңісті науқанның бел ортасында үрыс даласынан кетіп қалды; олар сол мезетке дейін қалмақтардың алдағы уақыттарда әлі де тыныштарын алатын білмеді ме; ең бастысы, неге Кіші жүздің және Орта жүздің бір бөлігінің кетуінің негізгі себептері туралы 1748 жылы Тевкелевке барлық қойылған сұрақтарға түсінікті де айқын жауаптар берген тірі куәгерлер жұмған ауыздарын ашпады;

Олар ашық айтудан  қысылған бір жайдың болғаны айқын, олай болса, бұл мәселеде кінәлі басшылардың өздері болуы абден мүмкін ...

Жоғарыда байқағанымыз, Аңырақай тауларына дейінгі аралықта «Үлкен Орда қонған», «Кіші Орда қонған» секілді жер атаулары қатар кездесіп отырады, яғни, бұл жерлер Ұлы жүздің (Болат) және Кіші жүздің (Әбілқайыр) хандарының тұрақтары. Жобамен, осы кезден бастап үш жүздің ханы ретінде (шартты түрде болса да) Әбілмәмбеттің аты аталады. Дегенмен, Ресеймен болган барлық дипломатиялық қатынастарда Әбілқайыр өзін үш жүздің ханы деп тануына дәмеленгенін байқаймыз. Осы жағдайлар және басқа да байыптаулардан мынандай ой келеді; Аңырақай шайқасындағы жеңістен соң Болат хан өмірден озды, ал оның орнына төрелердің бірі хан сайлануы тиісте еді. Үміткерлер саны 3 адам еді, біріншісі - бүкіл қазақ дөкерлерінің қолбасшысы және тамаша жеңістерімен көзге түскен, Кіші жүздің ханы Әбілқайыр, ол бірақ қазақтың кішіруларын басқаруды және оның аталарынан ешқашан үш жүзге Үлкен хан сайланан емес:

Екінші - түркі-монғол халықтарының дәстүрі бойынша, мұрагер болып жас Әбілмәмбет сайлануы тиіс деп есептелген, Үшіншісі - Болат ханның інісі

Шахмүхамед (Сәмеке). Болат ханнан кейінгі үш жүздің ханы ретінде осы

Әбілмәмбеттің есімі аталды. Дегенмен, ел басылардың ұйғарымымен Әбілмәмбет көпшілік дауысқа ие болды. Атаққұмар қарт Әбілқайырға бұл жагдай ауыр тиді, мұндай шешіммен Әбілмәмбеттің туған ағайы Сәмеке де келісе алмады, ұрыс даласынан кеткен Әбілқайырдың соңын ала, өзін қолдаушыларымен Сәмеке де ұрыс даласынан кетті. Қалған жартысы шегінуге мәжбүр болды, Орта жүз Шу өзенінің сағасына және Бетпак далага кетті, Ұлы жүз Ташкент уезіне кетті және қалмақтарға саяси тәуелділігін мойындады.

Осы кезеңнен бастап, қазақтардың екі тобының, әсіресе хандар арасындагы түсініспеушілік шиеленісе түсті. Бізді толғандыратыны, Әбілқайыр ханның орыс шекарасына таман барып қоныстануы өзінін Ресейдің қол астына бодандыққа өтуін сұрап келіссөздер жүргізуі, ыңғайсыз жағдайда өзіне қауіпсіз қоныс іздеп, бекініеі бар қала сүрауы, осыган Әбілқайырды мәжбүр еткен себеп не? Басқа жагдайда, шыгысында қандай жауга болсын қарсы түра алатын Орта жүздей көршісі бола түрып, Әбілқайырдың неге орыс үкіметінен көмек алуға асыққанын түсіну қиын».

Сонымен Аңырақай шайқасының тарихтағы алатын орны мен атқарған маңызын 1723-1728 жылдардағы қазақ-жоңғар қатынастарының сипатынан көреміз. 1723 жылы көктемдегі жоңғарлардың тосыннан жасаған соққысы қазақтар үшін аса ауыр болған. ХVІІ ғасырдағы қазақ-жоңғар қатынастары шеңберіндегі жорықтар, негізінен, тонаушылық, олжа түсіру сипатында болса, 1723 жылғы жорық басқыншылық сипатта, яғни қазақ халқының этникалық территориясын жаулап алу сипатында  өрбиді. Аңырақай шайқасының маңыздылығы да осында. Қазақтардан тегеурінді қарсылық кездестірмеген жоңғар әскерлері 1723-1725 жылдары Ұлы жүзді, Орта жүздің бірталай бөлігін жаулап алды. Осы бір 3-4 жыл ішіндегі оқиғалардың өте ауыр болғандығы сондай – халықтың тарихи санасында бұл “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” деген атпен, “Елім-ай” деген әрбір сөзінен мұң мен зар шығып тұрған өлең арқылы есте қалады.

Сөйтіп аталған шайқастан  соң қазақ-жоңғар қатынасында жаңа кезең басталады да, ол кезең басқа белгілермен, өзгеше ерекшеліктермен сипатталды. Осылайша, Аңырақай шайқасы – 1723-1729 жылдардағы қазақ-жоңғар қатынасының бір кезеңінде түбегейлі бетбұрыс әкелген және туған жерді жау қолынан азат етуге жол ашқан Ұлы жеңіс болды. Аңырақай шайқасының қазақ тарихындағы алатын орны мен маңызы осында болса керек.

Аңырақайдағы жеңіс  – қазақ халқының бірлігінің жеңісі. Ғасырлар бойы тарихи дамумен бірге  халықтың қаны мен жанында қалыптасып, сонымен бірге жасаған ұлттық сана-сезім өзінің күйзеліске түсуіне, дағдарысқа ұшырауына, бөлшектенуіне жол бермеді. Көзге көрінбейтін, тек қана сезіну арқылы біле алатын бұл күш – халық бірлігінің сақталуына мүмкіндік туғызады.

Ендеше Аңырақай шайқасы  – қазақ тарихында, оның ішінде ХVІІ ғасырдағы қазақ-жоңғар қатынасы тарихында түбегейлі бетбұрыс әкелген, елді азат етуге жол ашқан Ұлы Жеңіс болды. Сонымен бірге бұл оқиға – ұлттық тұтастықты сақтап қалған, ұлттық сана-сезімді бір саты жоғары көтерген, қазақ әскери өнері жетістігінің, қазақ ынтымағының көрінісі болған, қасаң тарихи тұжырымдамаларға негіз қалайтын, қазақ халқына тәрбие құралы болған және бола беретін шайқас деп санаймыз.

 

 

 

 

 

 

 

Информация о работе Аңырахай шайқасы