Қақтығыстың басталу себептері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Июня 2013 в 12:52, реферат

Описание работы

1978 жылы Ауғанстанда сәуір айында төңкеріс болып, оның арты аяқталмас соғысқа айналды. Сәуір төңкерісі қарсаңында 1977 ж Ауғаныстанда саяси партиялардың қызметіне тыйым салынды. Монархиялық тәртіптің террорлық қысымына, сосын Мұхаммед Даудтың “республикалық” үкіметінің тыйым салуына қарамастан Ауғанстан Халықтық Демократиялық Партиясы (АХДП) жасырын түрде өз күресін жалғастырды. Бірақ М.Даудтың тәртібіне айтарлықтай өзгеріс әкеле алмады. 1977 жылы мемлекеттік аппараттан көптеген адамдар қуылды.

Файлы: 1 файл

ауган кактыгысы.docx

— 28.44 Кб (Скачать файл)

   1980 жылдың 10-11 қаңтарда Кабулда үкімет қарсы көтеріліс бұрқ ете түсті. Ұрыс кезінде 100 көтерілісші қаза тапты. Ал Кеңес әскерлерінің қатарынан екі адам қаза тауып, екеуі жараланды. 23 ақпанда Саланг өткелінде Кеңес әскері құрамы үлкен шығынға ұшырады. 16 адам қаза тапты. Наурызда моджахедтерге қарсы алғашқы әскери жорық басталды — Кунарға шабуыл.

    Сәуірде АҚШ Конгрессі  ауғанс оппозициясына 15 миллион доллар көлемінде өз көмегін береді. Осы айда Панджшерге алғашқы жорық ұйымдастырылады. 11 маусымда Құнар провинциясында Хара кишлагының түбінде Кеңес әскерінің ірі шығынға ұшырады. Онда 1 батальон толығымен қаза тапты. 19 маусымда КОКП ОК Саяси бюросы бірнеше танкылық, ракеталық бөлімщелерін Ауғаныстан аумағынан қайтаруды ұйғарады. 3 тамызда Кішім аумағы, Файзабад қаласының маңында 783 Жеке (Құндыз) Барлау батальоні қоршауда қалады нәтижесінде 47 әскери қызметші қаза ауып, 28-і жарақатталады. Бұл Ауған соғысындағы аса бір қан төгіс соғысы болып табылды. 12 тамызда елге КСРО-ң МҚК-ң арнай жасағы (спецназ) «Карпаттар» арнайы жасағы (спецназ) енгізіледі. 23 қыркүйекте 40-шы армиияның қолбасшысы болып генерал-лейтенант Борис Ткач тағайындалады.

1981 қыркүйек Фарах провинциясының  Луркох таулы аумағында шайқас  болды. Басты оқиға генерал-майор  Хахаловтың қаза табуы. 29 қазанда  майор Керімбаев басшылығымен  екінші «мұсылман батальонының»  енгізілуі. Желтоқсанда Дарзаб  аумағында (Жауызжан провинциясы)  оппозицияның базалық пунктін  жойылуы. 

1982 3 қараша Саланг өткелінде  үлкен қайғылы жағдай болды,  онда бензовоздың жарылуынан 176 адам  қаза тапты.15 қарашада Мәскеуде  Ю.Андропов пен Зия уль-Хака  кездесуі болып өтті.

1983 сәуірде Ниджраб (Капис провонциясы)  түбінде оппозиция оппозиция  әскеріне қарсы әскери стратегиялық  шабуыл жасалды. Кеңес әскерінің  құрамындағы шығын 14 адам қаза  тауып, 63 жараланды. Шілде моджахедтердің  Хостқа шабуылы болды. Қаланы  сақтап қалу сәтсіз аяқталды. Қыс Сароби және Джелалабад  аудандарында әскери қозғалыстар  серпіліс тапты. Қарулы оппозиция  әскері Ауғаныстан аумағында  алғаш рет қыс бойы орнығады. Ел аумағында қорғаныс шептері  мен аумақтары құрыла бастады. 

1984 30 сәуірде Панджшер өткелінде  682-мотоатқыштар полкының 1-ші батальоны  қоршауда қалды. 

1985 21 сәуірде Маравар ротасының  қазасы. 26 сәуір Пәкістандағы Бадабера  түрмесінде кеңес ауған тұтқындарының  көтерілісі болды. 25 мамыр Құнар  әскери жорығы басталады. 4-ші  Ротаның Құнар тауының Печдар  өткелінде шайқасы болып өтті. Моджахедтер мен Пәкістан жасақтарының  қоршауында қалған кеңес әскері 23 адамынан айырылып, 28 жарақтанғандар. Маусым  Панджшердегі әскери операция  болды. 

1986 Джавара, Герат, Гардезе аумағында  әскери қимыдар жүрді. 16 маусымда  Тахар провиециясында "Маневр" әскери жоспары өтеді. Тамызда  Масуд әскері үкімет әскерін  Тахар ровинциясының Фархар деген  жерінде талқандайды. 1987 ақпан Құндыз  провинциясында «Соққы» операциясы  жүргізіледі. Ақпан-наурыз айыларында  Кандагар провинциясында «Шквал»  операциясын жүргізеді. 8 наурызда  моджахедтер Тәжік ССР-ң Пяндж  қаласына оқ жаудырады. Наурыз  Газни провинциясыеда «Найзағай»  операциясы жүргізілді. 29 наурызда 1986 жылы 15-ші бригада Карерде моджахедтердің ірі базасына соққы берді. 9 сәуірде моджахедтер Кеңес шекаралық станциясына шабуыл жасайды. 12 сәуірде Миловтың  Нангархар провинциясында жау қолын талқандайды. Мамыр  Логар, Пактия, Кабул провинцияларында «Залп» операциясы жүргізіледі. Көктемде Кеңес әскерлері шығыс және оңтүстік-шыңыс шекараны қорғауға көшеді бұл жоспар атауы «Қорған».

1988 7-8 қаңтарда 3234 биіктіктегі қақтығыс  болады. 24 маусымда оппозиция отрядтары  Вардак  провинция орталығы –   Майданшахр қаласын басып алады. 10 тамызда моджахедтер Құндызды  басып алады.

 

Соғыс нәтижелері

Жаңа билік ауған жерінің  барлығына үстемдігін жүргізе алған  жоқ. Соғыстың ұзаққа созылуына бір  жағынан осы себеп болды. Бұл  соғыстың абырой әпермейтінін Кеңес  үкіметінің басшылары арада 3-4 жыл  өткеннен кейін түсіне бастады. Бірақ  бұл кезде «болары болып, бояуы  сіңген» еді. 1983 жылдың 19 мамырында  Пәкстандағы елші В.Смирнов КСРО-ның  Ауғанстандағы әскерлер контингентін алып шығуға мүдделі екендігін ресми түрде жариялады.

       Саяси Бюро  осылайша балшыққа кіріп алып, енді былғанбай шығудың жолдарын  іздестіре бастады. 1986 жылдың ақпанында  болған КОКП XXVІІ съезінде М.Горбачев  әскерді кезеңге бөліп, ауған  жерінен шығару жоспарын жасау  керектігін мәлімдеді. Ал 13 қарашадағы  Саяси бюроның отырысында Михаил  Горбачев: «Біздің Ауғанстанда соғысып  жатқанымызға алты жыл болды.  Егер бұл іске басқаша келмесек, әлі 20-30 жыл соғысатын боламыз»  деп мәселені көлденеңінен қойды.  Оның сөзін Бас штабтың бастығы,  маршал Ахромеев те қолдады:  «Біз Кабулды, провинциалдық орталықтарды  бақылауға алдық, бірақ басып  алған жерлерімізге билік орната  алмадық. Біз ауған халқы үшін  күресте жеңіліс таптық» деп  ағынан жарылды. Сөйтіп, осы отырыста  Ауғанстандағы барлық әскерді  екі жылдың ішінде алып шығу  туралы келісілді.

        1989 жылдың 23-26 ақпандағы «Тайфун»  операциясы кеңес әскерлерінің  ауған жеріндегі он жылға созылған  соғыстағы ең ақырғы шайқасы  болды. Ақпанның 4-і күні Кеңес  Армиясының соңғы бөлімі Кабулдан  шықты, ал 15 ақпанда 40-шы Армияның  қолбасшысы генерал-лейтенант Б.Громов  Термез қаласында «Кеңес әскерлері  Ауғанстан жерінен толықтай шықты»  деп басшылыққа баяндады. Қаншама қазақ отбасына қасірет әкелген айдаладағы Ауғанстан соғысы біз үшін осылай аяқталған болатын.

  Ауған соғысы аяқталған жылы «Правда» газетіне соғыстағы адам шығынының жалпы саны жарияланды. Онда қаза тапқандар - 13 833 адам деп көрсетілген. Бірақ бұл көрсеткіш жыл өте көбейе түсті. 1999 жылдың 1 қаңтарындағы дерек бойынша, майданда өлгендер, жарадан, аурудан, оқыс жағдайлардан қайтыс болғандар, хабар-ошарсыз кеткендер бар, барлық қаза тапқандардың саны - Кеңес Одағы Армиясынан - 14 427 адам, Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінен (КГБ) - 576 офицер, Ішкі істер министрлігінен - 28 адам. Барлығы - 15 051 адам. Жараланған, контузия алғандар - 54 мыңға жуық, ауырғандар - 416 мың адам. Кеңес Одағының ауған соғысынан көрген зияны осындай қасіретті болды.

Пайдаланған әдебеттер

    Әдебиеттер: 

1.Қазақстан Энциклопедиясы. 2006 жылы, I том, 456-459 бет 

2.Смағұл Б, Ахмет М. Намыстың құлы, Алаштың ұлы. – Алматы 2008. – 288бет.

3.Виктор Николаев Живый в помощи. Записки «афганца». – M.: Софт Издат, 2006

   Мерзімдік басылымдар:

4. Абай журналы

5. Айқын газеті 2009 жыл

6. Егемен Қазақстан.   2009 жыл 12 ақпан     

 

www. wikipedia.org

интернет  сайты

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебеттер

    Әдебиеттер: 

1.Қазақстан Энциклопедиясы. 2006 жылы, I том, 456-459 бет 

   Мерзімдік басылымдар:

4. Абай журналы

5. Айқын газеті 2009 жыл

6. Егемен Қазақстан.   2009 жыл 12 ақпан     

 

www. wikipedia.org

интернет  сайты

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Қақтығыстың басталу себептері