Адольф Гитлер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Сентября 2015 в 16:59, реферат

Описание работы

Адольф Гитлер (20.04.1889, Инндегі Браунау, Австрия – 3004.1945, Берлин) – нацистік Германия диктаторы ( 1933 – 45). Австрияда дүниеге келген ол біраз уақыт Венада сурет өнерімен айналысып, 1913 жылы Мюнхенге келеді. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде неміс армиясының жауынгері болды. 1919 Мюнхенде Неміс жұмысшылар партиясының қатарына кіреді. Ал 1921 жылы партияның көшбасшысына айналады. 1923 жылы «Сыра бүлігі» үшін Гитлер тоғыз ай түрмеде отырады. Мұнда ол «Майн Кампф» («Менің күресім») атты өзінің идеологияландырылған өмірбаянын жаза бастайды. Ол табиғи сұрыптаудың бір бөлігі ретінде нәсілдер теңсіздігін желеу ете отырып, антисемитизм (еврейлерге деген өшпенділік немесе оларды діни не ұлттық белгілері бойынша кемсітушілік) мен антикоммунизмді және экстремистік немістік ұлтшылдықты насихаттап, «арийлік нәсілді» ұлықтады.