Абай Кунанбаев

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2011 в 07:48, реферат

Описание работы

Абай қазақ тілінің сөздік құрамына өзгеріс енгізді. Өзіне дейінгі ақын-жыраулар тілінде көп қолданылмайтын тұрмыс-салттық лексиканы, қарапайым сөздерді, терминдік мәнге ие болған ескі, жаңа атауларды өлең тіліне қосып, оларды поэзия тілінің құралына айналдырды. Абай шығармашылығы тақырыбының бірі және бастысы - адам, оның моральдық бет-бейнесі, сыртқы портреті, ішкі дүниесі, іс-әрекеті. Және бұл тақырыптарды Абай бұрынғыдай жалпы түрде, есиет-ақыл айту түрінде емес, нақтылы түрде, әр қимыл-әрекетті, әрмінез- қылықты дәл көрсету сипатында жырлайды.

Файлы: 1 файл

Абай қазақ тілінің сөздік құрамына өзгеріс енгізді.doc

— 57.00 Кб (Скачать файл)

Абай қазақ тілінің сөздік құрамына өзгеріс енгізді. Өзіне дейінгі ақын-жыраулар тілінде көп қолданылмайтын тұрмыс-салттық лексиканы, қарапайым сөздерді, терминдік мәнге ие болған ескі, жаңа атауларды өлең тіліне қосып, оларды поэзия тілінің құралына айналдырды. Абай шығармашылығы тақырыбының бірі және бастысы - адам, оның моральдық бет-бейнесі, сыртқы портреті, ішкі дүниесі, іс-әрекеті. Және бұл тақырыптарды Абай бұрынғыдай жалпы түрде, есиет-ақыл айту түрінде емес, нақтылы түрде, әр қимыл-әрекетті, әрмінез- қылықты дәл көрсету сипатында жырлайды. Сондықтан адамның белгілі бір сәттегі психология күй қалпын дәл беру үшін бұрыннан тілде қолданылатыны жүрегі лүпілдеу, буыны босау, сағыну, ләззат алу тәрізді дағдылы сөздермен қатар қазақ өлең-жырлары тілінде көп кездеспейтін суыну, ысыну, өлең қағу, бос шошу, қызару, сұрлану деген сияқты жай-күй атауларын пайдаланады. Абайда жалпы адамды әр алуан жақтан бейнелейтін етістіктердің көптігін және олардың образ жасауға қатысатынын айту керек. Сырт қарағанда «поэтикалық паспорты» жоқ бұртақтау, тыртыңдау, арсаңдау, босқа талтаңдау, ит көрген ешкі көздену, тізесін созғылау деген сияқты сөздердің өзіне де стильдік жүк артып, поэзия тілінің құралына айналдырған.

Абай өлендеріне көзге елестетіп берілетін образдау тән. Мысалы, аңға салған құс пен одан қашқан түлкінің суретін көзге елестетіп беру үшін ақын қайқаң қағу, салаң ету, аузын ашып қоқақтау, қанат-құйрық суылдау сияқты сөздерді ұтымды пайдалана білген.

Мағына ауыстыру, теңеу сияқты «прозалық» сөздерді пайдалануды жүйеге айналдырған. Мысалы, бақсының моласындай жалғыз қалу, безгек ауру сықылды жүдететін ғашықтық, піскен алма секілді тәтті қыз, өмір жолы - иген жақ т. б. Лексик. топтардың ішінде тек күнделікті тұрмысқа қатысты немесе поэтикасында сөз болу қасиеті (мағынасы мен бояуында) бейтарап сөздерді ғана емес, ' қоғамның саяси-экономик. құрылысына, оқу-білімге, философия мен дінге қатысты сөздердің поэзия тілінемолынан қатыстырылуы және кебінің образ жасауға қатысып, көркемдік құралына айналуы - Абай өлеңдері тілінің бір ерекшелігі. Абай поэтикасында кезге түсетін тағы бір құбылыс-образдардың ауызша әдеби тілдегідей, көбінесе қазақ халқының сан ғасырлық күн көріс тіршілігінің негізі - малға немесе ез көзіндегі қазақ тіршілігіне таныс құбылыстарға байланысты болып келетіндігінде ғана емес, сол образдардың тыңдығында, бұрын айтылмаған теңеу, бейнелеулерде. Мысалы, мұнда күлкіні - мәліш саудаға, алыс-берісті - асық ұтысқа, бозбаланы-оңғақ бұлға теңеу немесе ұрлық пенен қулыққа байлағанда-кестің бау деуі осыны көрсетеді. Абай талаптың аты, талаптың тұлпары, асау жүрек, жүйрік уақыт, үміттің аты, қу тілмен қулық сауу деген соны фразеологизмдерді жасауда да малға қатысты бейнелі сөздерді алады. Абай негізін қалап, әрі қарай жүйеге айналдырған поэтикалық тәсілдің бірі төксе түзу саласына қатысты. Текст түзу дегеніміз шығарманың бір бөлігінде немесе шағын бір өлеңнің өн бойында мағыналары бірін-бірі айқындайтын, модальдық реңктері біртектес сездірді шоғырлап беру болса, Абай сездің белгілі бір поэтикалық мақсатты өтеуі үшін сол текстегі өзге сөздерге иек артады, яғни сөздердің бір-біріне «қызмет көрсетулері» керек екенін жақсы сезеді. Мысалы, «Байлар жүр жиған малын қорғалатып» деген шағын өлеңінде ақын өз заманындағы қоғамның аса жағымсыз топтарын суреттейді. Сондықтан мұнда сұм-сұрқия, қу, білгіш деген зат есімдерден бастап, құдай ату, бұтып-шату, есіру, ісіп-кебу (ауыспалы мағынада), қабару (бұл да), ит ырылдату, сілесі қату, құдай қалжыратып құмар қылу деген етістіктерді қолданады. Бұлардың әрқайсысы - экспрессоид, яғни әрқайсысында жағымсыз қылық, іс-әрекетті білдіретін мағынамен қатар сол мағынаны әсерлі өтіп көрсететін бояу бар: жоқтан барды жай айту емес - бұтып-шату, құр мақтану емес - есіру, жай шығынды болу емес - шығынға белшесінен бату, жай құмар қылу емес - құдай қалжыратып құмарқылут. б. Бұл сөздердің әрбіреуі осындай экспрессияға ие болса, олар бір жерге, бір өлеңге шоғырланып берілгенде есері мен бояуы одан сайын күшейіп, өлеңді «жұп-жұмыр, тұтас» дүниеге айналдырады. Текст түзудің тағы біржақты үлгісіне «Сегізаяқ» өлеңін келтіруге болады. Бұл өлең - Абайдың ақындық, азаматтық ар-ожданының толғанысы, дүниеге, болмысқа деген көзқарасы, философиясы, сондықтан ақын мұнда абстракт ұғымдарды сөз өтуді, ол үшін сол ұғымдардың атауын таңдайды. Бұл өлеңде қызыл тіл (бұл атау толғаныс, философия, поэзия, сөз деген ұғымдарды білдіреді), ой, әдет, қайрат, сөз (толғаныс, өлең, пікір), мінез, насихат, есек, ынсап, ұят, дәулет, нәсіп, еңбек, ар, өтірік, ұрлық, зорлық, тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық, қулық, сұмдық, қорлық, мақсұт, абұйыр, талап, ғылым, дерт, жалғыздық деген сияқты 40-қа жуық абстракт ұғым атауларын қолданады. Бұлардың шоғырланып келуінде стильдік мән бар: осы сөздерді талғап, таңдап келтірудің арқасында өлеңге философия сипат беріліп тұр.

Сол сияқты өз замандастары - болыс пен пысықтардың, «әсемсіп, сәнсіген кербез, керімдерді», «бойы  бұлғаң, сөзі жалмандарды» - осылардың баршасының образын дәл, әсерлі етіп беретін сөзімдік әсері күшті поэтикасында құралдарды іздеп, ол үшін бейнелі, көркем бояуы қалың, яғни семантикасында жағымсыз реңкі бар етістік сөздерді шоғырымен келтіреді. Бір ғана «Болыс болдым, мінеки» деген өлеңінде болыс, шабарман, пысықтардың портретін жасауда ақын далпылдап, барқылдап, бартылдап, тарқылдап, қарқылдап, шартылдап, лепілдеп, күпілдеп деген сияқты образды сөздерді топтап келтіреді. Бұл өлеңді құрайтын езге сөздер де модальдық реңкі жағынан осылармен «үндес» келеді: мұнда бейтарап мағыналы беру етістігі емес - тығындау сөзі бейнелі немесе мықтап ұстау, қатты ұстау деген сөздер әлдеқайда әлсіз, бояусыз, бейтарап іс-әрекет атаулары болар еді, сондықтан бұлардың орнына мығымдап ұстау сөзі қатысқан, «сияз бар» десе, болыстың жүрегі жай лүпілдемейді - суылдайды т.б. Образ жасауға қатысқан бұл етістіктердің баршасы өткен шақ көсемше тұлғасында (барқылдап, қарқылдап...) қолданылған. Тегі, бұл тұлғаны белгілі бір стильдік жүкті көтеретін құрал есебінде жұмсау қазақ поэзиясында, оның ішінде Абайда әбден қалыптасқан амал деп санау керек. Абай өлеңнің «іші алтын, сырты күміс» болуын қалағанда, құлаққа әсерлі боп естілетін әсіре қызыл сөздерден аулақ болу принципін ұстайды. Сондықтан ол дәстүрлі эпитеттерді қолданудан гөрі соныларын іздейді. Мысалы, Абай бұрынғы әдеби мұраларда жиі қолданылған ару (сұлу, таза, пәк мағынасындағы), берен, берік, байтақ (хандық, ел.жұрт), ауыр, көп, күшті сияқты эпитеттерді мүлде қолданбаған. Қанша әдемі болса да дағдылы образдау (ару қыз, берен қылыш, ауыр жұрт, байтақ жұрт. б.)кез келген идеяға сай келе бермей, құр әсем жылтырақ тіркес болып шығуы мүмкін. Мұны Абайдың өзі де бірнеше рет ескертіп өтеді: бірде «сөзімнен әсіре қызыл емес деп жиренбеңіз» десе, енді бірде «өлең деген - әр сөздің орайлы жарасымы» дейді. Қысқасы, өз өлеңі тілінің бұрынғыдан өзгеше, жаңа екенін ескертеді. Ол жаңалық - поэтикасында элементтердің кәнігі түрлерін қолдана бермейтіндігі. Сол сияқты халықтық символдарды немесе байырғы қазақ поэзиясы тіліндегі дәстүрлі сез-образдарды да талғаммен, кемде-кем алады. Мысалы, еркіндіктің образы тарлан, тарпаң сөздері Абайда жоқ, ал алғырлықтың дәстүрлі символы - қыран құс, бүркіт, биіктіктің символы - бәйтерек, тойымсыздықтың, қаскөйліктің образы-аш бөрі, ержүрек тіліктің символы - арыстан сөздерін Абай сөз -образ етіп емес, ездерінің тура номинативтік мағынасында жұмсаған, ал бұлан, бөкен сияқты сөз - образдау Абайда тек мақал-мәтел, тіркес құрамында келген. Дәстүрлі символдардан Абайда кездесетіні қызыл гүл - жастықты, сұлулықты, жолбарыс - қайраттылықты білдіретін образдау ғана. Поэтикасында үйреншікті қалыптардан қашуы - көне мұрадан мүлде бас тартуы емес, немесе қайткенде де жаңалыққа құмарлығы да емес, поэзияның жаңа талабын орындау мақсаты. Абай, әрине, қазақ поэзиясы тілінің бұрынғы амал-тәсілдерінің бәрінен мүлде бас тартқан жоқ. Ауыз әдебиетіндегі «қатуланды, қаттанды.., буырқанды, қылаң етіп, қылт етіп...» деген сияқты штамптарды олардың «жамандығынан» емес, шығармашылығының жанрлық сипатына сай келмегендіктен қолданбаған, өйткені бұлар батырлық жырларға тән, өзге орында, әсіресе лирикаға мүлде жанаспайтын образдар. Ал реті келген жерде, Мысалы, жоқтау топтамасындағы өлеңдерінде бұрынғы ауызша әдеби тілден келе жатқан образдарды - тұрақты тіркестерді кездестіруге болады. «Қолдан ұшқан ақ сұңқар Қайтып келіп қонбайды», «Артына қарай аһ ұрып». Тіпті өзге өлеңдерінде де Абай иіні келсе, бұрынғы стереотип образдаудан қашпайды. Мысалы, «Көріп алсаң бөріктіні, Таңдап алсаң тектіні». «Нәзік бел тал шыбықтай бұраңдайды». Бірақ бұлар сан жағынан көп емес.

Ақын өзіне дейінгі ауызша әдеби тіл поэтизмдерінің көбін орынды пайдаланады. Мысалы, оның тіліндегі алаш (қауым), айдын (жасқану), азырқану (қомсыну, азсыну), ағын (екпін, қарқын), арай (қызыл арай - таң), арзу (тілек, арман), әз (құрметті), дидар (жүз), алқау (қолдау) сияқты сөздер семантикасында көтеріңкі реңк бар дәстүрлі поэтизмдер. Жалпы поэтикасында образдау жасауда бұрынғы дәстүрдің кейбір үлгілерін пайдалана отырып, ол образдардың беретін әсерін күшейте түсті. Ақын да образдардың көбін қазақ халқының сан ғасырлық күнкөріс тіршілігінің негізі - малға байланыстырып жасайды. Адал еңбексіз күнкөрісті жөн көретін замандастарының жағымсыз портретін: «Үш күн қолың босаса, Бола қалдың бас асау» немесе «Ұрлықпенен қулыққа Байлағанда кестің бау» деп жылқыға байланысты береді. Болыстың «Күштілерім сөз айтса, Бас изеймін шыбындап» деуі, «Тың тұяқ көзім сүйтсе де» дегені, «Алқыны күшті асау ноқтаға басы керілді» деуі мал өсіру тіршілігінен алынған, көпшілігі тіпті қазақ әдеби тіліне тән дәстүрлі образдар. «Көңілдің жайлауынан ел кеткен бе», «Лай суға май бітпес қой еткенге», «Өмір жолы - тар соқпақ, бір иген жақ» деген образдау қазақтан езге, айталық, Европа халықтарына жат болар. Абай поэтикасында экспрессияның құралы ретінде фразеологизмдерді, оның ішінде ез қаламынан туған жаңаларын жұмсауды күшейтті. Ақын жас адамның (Әбдірахманның) өнер-білімге ұмтылғанын құр талаптанды, ұмтылды деп білдірсе, бұл сезердің поэтикасында бояуы «талаптың мініп тұлпарын» дегенмен мүлде шендесе алмас еді. Алғашқы вариантта тек баяндау бар, образ жоқ, екіншіде поэтикасында образ бар. Сол сияқты қуатты, қажырлы, күшті деген сездір мен «қуаты оттай бұрқырап» деген тіркестің бейнелілік күші, бояуы бірдей емес.

Поэтикасында  жүк арқалауда кез келген тіркес образ жасау міндетін көтере бермейді. Мысалы, ерім сүру, ерім кешу дегендер де қалыпты тіркестер, бірақ осылар Абайдың ерім тонын кию, өмірдің өріне шығу деген тіркестерінің эмоциялық әсеріне, образдылығына теңесе алмайды. Сондықтан Абайдың фразеологизмдердің образдылығын дамытқанда, бұрынғы дайындарын өлең тіліне енгізе салу емес, жаңаларын жасау, бұрынғыларының мағынасын құбылту сияқты қызмет істеді.

Қазақ әдеби  тілі образды фразеологияға бұрыннан да ете бай болатын. Ғасырлар бойы белгілі бір образды ұғымда қалыптасып, бірден-бір мықты құралы болып келді. Мұны Абай да берік ұстайды. Аузымен орақ ору, құлын-тайдай тебісу, алты бақан ала ауыз болу, малына шылбыр беру, басқа шауып, төске өрлеу, қарағайды талға жалғау, су төккісіз жорға тәрізді өте образды фразеологизмдерді Абай да еркін пайдаланады. Мұндай дағдылы тіркестерді өзге сөздермен және қосақтап, олардың экспрессивтік бояуын тіпті қалыңдатып жібереді. Мысалы, іспен емес, құрғақ сөзбен көрінетін мылжың, берекесіздің образын беруде аузымен орақ орған деген фразаның езі өте әсерлі, күшті, осыны Абай «аузымен орақ орған өңкей қыртың» деп үстемелеп, экспрессивтік еңін одан әрі аша түседі. Абай мұндай күллі фразаны өзгертіп, сөз қосып, сөз алып күшейте бермейді, басым көпшілігін өзгертпей, ез мағынасында қолданады. Жаңа перифраздық тіркестер жасап, оларды тың образдарға пайдалануды Абай жүйеге айналдырды (қ. «Фразеология»), Тың образды тіркестер ұсыну - Абай поэтикасының аса көрнекті, ерекше тұсы. Әсіресе семантикасы жағынан бір-бірімен жанаспайтын сөздерді тіркестіріп, оларды поэтизмге айналдыруда Абай қазақ көркем тіліне үлкен жол ашты. Мысалы, «Күйлі, күйсіз бәйгеге Қажыды көңілім көп шауып» деген жолдарда көңілдің бәйгеге шабуы дегеннің өзі мүлде тың образ, оны тың етіп тұрған - көңіл деген дерексіз ұғымның бәйгеге шабу деген нақты қимыл атауымен тіркесуі, ал сол көңілдің бәйгеге бірде күйлі, бірде күйсіз түсуі - тағы да образды метафора. Жаңа образ жасайтын немесе айтпақ идеяны күшейтетін тіркестер құрастыру үшін бір сезді қазық етіп алу тәсілін Абай ұсынды. Бұл Абайға дейінгі бірде-бір ақын-жырау тілінде ұшыраспаған құбылыс. Мысалы, Абай сату етістігін қазық етіп, бұрыннан бар сақалын сату, арын сату дегендердің үстіне қулық сату, еңбек сату, күлкі сату, құлағын сату, жүзін сату, өз басын сату, жүрегін ұстап сату, сөз сату деген жаңаларын қосады. Бұлардың көпшілігі өс өрлі, әсіресе жағымсыз образ жасайтын тіркестер. Сол сияқты күйлеу (мақтан күйлеу, әуейілік күйлеу, күлкі күйлеу, ойнас күйлеу), сауу (қулық сауу, адам сауу, еңбек сауу), бағу (күлкі бағу, ғылым бағу, ел бағу), табу (ақыл табу, ақылды болу деген жаңа мағынада, енер табу, ғылым табу) сөздерін қазық етіп жасаған жаңа фразеологизмдер төк сонылығымен ғана емес, тың образдылығымен құнды. Абай мұндай жаңа тіркестердің семантика. ұйтқысы етіп сөздерді де алады. Мысалы, жеке алғанда сирек көздесетін мақтан сөзін 56 рет қолданып мақтанға салыну, мақтанға орналастыру, мақтан күйлеу, мақтан іздеу, мақтан қуу сияқты тіркестердің мағыналық тірегі етіп алады.

Абай поэтикасында елеулі орын алатын құбылыстың бірі-динамизм көрінісі, яғни белгілі бір стильдік мақсатпен образды етістіктерді жеке де, шоғырлап та жиі қолдану. Бұл динамизм кебінсе көсемшенің -п жұрнақты түрімен және етістіктің -мақ жұрнақты тұлғасымен беріледі. Оның үстіне бір өлеңнің тұтас бойына немесе оның үлкен бір бөлігінде етістік сөздер ұйқас құрап, шоғырымен қатысады. Мысалы, «Қатайды, қайғы ойладық, үйке сергек»деп басталатын өлеңінің 12 шумағының 10-ы Умақ, -мек жұрнақты етістік ұйқастармен берілген. Көптеген өлеңдерінде -п жұрнақты көсемше тұлғасы тұтас ұйқас құрап, бірде қимылдың санын, бірде іс-әрекеттің өзін білдіріп, өлеңдерді нағыз «қимылға» толтырған. Айталық, «Жазды күн шілде болғанда» деген өлеңінде жаз суретін осы кезеңдегі табиғаттың, жан-жануарлардың, адамдардың іс-әрекеттерін, қимыл-қозғалыстарын бейнелеу арқылы береді. Ақын поэтикасында құрал ретінде кейбір морфолог. тұлғаларды да қолдануға жол ашқан. Бұған жағымсыз образ жасауда -сы жұрнағымен келген сөздерді (жер тәңірісу, қалжың бассу) қолдануы, -мақ жұрнақты етістіктерді өлең тіліне жиі қатыстыруы дәлел бола алады. Алдыңғы тұлға көбінесе көлгірсу реңкі бар модальдық құрал ретінде жұмсалса, соңғы -мақ жұрнақты сөздер өлеңге динамик. сипат беру мақсатымен немесе дерексіз ұғым атауларын молынан сөз ететін өлеңдерінің философия мазмұнын таныту мақсатымен жұмсалған. Сұраулық шылауымен келгенсейлемдерді қолдануда Абайда жай сұрай салу мақсатында емес, белгілі бір стильдік мақсатта поэтикасында жүк арқалай қолданылған. Мысалы,

    «Сұм дүние тонап жатыр, ісің бар ма?

    Баяғы күш, баяғы  түсің бар ма?

    Алды - үміт, арты - өкініш, алдамшы өмір

    Желігін жерге  тықпас кісің бар ма?»

    «Балалық елді, білдің бө?

    Жігіттікке  көлдің бө?

    Жігіттік өтті, көрдің бе?»

сияқты жолдардағы сұраулық шылауымен келген сөздер алдыңғы  айтылған идеяны (сұм дүние тонап  жатыр... балалық елді) күшейте түсіп, өзіне назар аудартады, яғни бұлар шындықтың баяндалуы ғана емес, сол шындық арқылы өмірі баянсыз, мақсатсыз, күйбеңмен өткен адамысың, әлде керісінше ме деген идеяны білдіреді. Абай поэзиясында кейбір нақтылы ұғым атауларын поэтизмге айналдыру кезге түсуді. Мысалы, ақын өлеңдерінде бейтарап мағыналы жүрек, сөз деген сөздер әрі өте жиі қолданылып (жүрек - 156 рет, сөз - 376 рет), әрі өздөрінің тура мағынасынан гөрі ауыспалы мағынада (жүрек - «адамның өзі, ішкі дүниесі, қасиеті», сез-«поэзия, ой-пікір») келген. Абайда объектіні әр тұрғыдан сипаттау басым, сондықтан ол теңеудің дәстүрлісін де, өзі қолданған жаңаларын да пайдаланды. Абай поэзиясы теңеулердің молдығымен ғана әсерлі емес, соны түрлерімен де құнды. Ақын теңеулері оның дүние танымының, философия тұжырымдарының айнасы, сол айнаны тіл құралымен керсуде теңеулерді пайдаланған және бұл қолданыстың бір ерекшелігі -теңеудің әдеттегі тілдік амалы -дай жұрнақты тұлғаны немесе секілді (сияқты, тәрізді) сездірін коп қолданбауы, ол теңеуді көбінесе тұжырым, констатация арқылы беретіндігі. Мысалы, «Теңгеріліп құбылған жұрт - бір сағым», Жүрек - теңіз, қызықтың бәрі- асыл тас», «Өткір тіл - бір ұялшақ қыз болмай ма?» т. б.

Абай өзіне  дейінгі сан ғасыр «эстетикалық таңбалардың» шоғырын жинап келген қазақ поэзиясы мектебінің барша  көркемдеуі бейнелеуіш құрал-тәсілдерін дұрыс танып, жақсы қабылдап қана қоймай, оның көп тетігін қайта  бұрап, көп кетігін жаңадан қалады, яғни поэтикасында құралдарды пайдалану принциптеріне, әдіс тәсілдеріне өзгерістер енгізді, кейбіреулерін жүйеге айналдырды, жаңаларын қосты, барларының аясын кеңейтті. Абай поэтикасы қазақ өлеңінің бұрынғы көркемдік дүниесінің синтезі ғана емес, жаңа кезеңінің, классик. жазба түрінің бастамасы, кейінге жол салған үлгісі болды.[1]

Информация о работе Абай Кунанбаев