1930 жылдардың аяғындағы саяси қуғын-сүргіннің күшеюі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Мая 2013 в 11:38, научная работа

Описание работы

Еліміз егемендік алып, тәуелсіз мемлекет құрғанымызда ел қамын ойлап, сол жолда өздерінің саналы ғұмырын сарп еткен азаматтардың ұлт –азаттық қозғалысының тарихын қайта парақтап, шынайы түрде «ақтандақтарының» бетін ашып жаңа заман талабына сай зерделеудің маңызы зор. «Қазақстан Республикасындағы тарихи сананың қалыптасуы тұжырымдамасында» Қазақстан тарихы ғылымы алдында тарихи iлiм-бiлiмнiң үзiктiлiгi мен бiржақтылығынан мүмкiндiгiнше арыла отырып, өткен тарихымыздың шынайы бейнесiн жасау қажеттiгi айтылған еді. Міне осы міндеттерді шешу үрдісінде бітім бейнесі замана талабына сай келетін жаңа зерттеулердің қатары көбейуде.

Содержание работы

КІРІСПЕ
І. Қазақстандағы үлкен террордың алғышарттары
Елдегі жаппай саяси қудалаудың бастау көздері
Алаш зиялыларына қарсы сот үдерістері

ІІ. 1930 жылдардың аяғындағы саяси қуғын-сүргіннің
күшеюі
2.1 Қазақстандық еңбекпен түзеу лагерлерінің жүйесі
2.2 Қазақ зиялыларының қудалануы

ҚОРЫТЫНДЫ

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Файлы: 1 файл

1930-1937 репрессия.doc

— 163.50 Кб (Скачать файл)

Еліміздің тәуелсіздігі тарихымызды түгендеуге, рухани болмысымызды бүтіндеуге кең мүмкіндік ашып отырған  қазіргі кезеңде ұлт ретінде  қалыптасу жолында бедерлене  байқалған тарихи белестердің сыр-сипатын  зерделеу барынша терең ғылыми ізденістерді қажет етуде.

 

ІІ. 1930 жылдардың аяғындағы  саяси қуғын-сүргіннің күшеюі

2.1 Қазақстандық  еңбекпен түзеу лагерлерінің  жүйесі

Адамзат тарихының сан  мың жылдық тарихында билік жүргізген  сан алуан қанішерлер мен қанқұйлы жендеттер болған. Алайда ХХ ғасырда  жүзеге асырылған тоталитаризм зұлматындай қасіретті адамзат тарихы білмейді. ХХ ғасырдың бейбіт кезеңдерінде әлемнің түрлі елдерінде 170 млн. адам қырылып-жойылыпты. Солардың 110 миллионы немесе үштен екісі, коммунистік бағдардағы елдердің үлесіне келеді.

ХХ ғасырдың алғашқы жартысында билік жүргізген, коммунистік сипаттағы тоталитарлық мемлекеттің негізін қалаған В.И.Ленин мен тоталитарлық мемлекетті тікелей қалыптастырған И.В.Сталиннің тұсында 46,6 миллион жан құрбан болған. Осынау жазықсыз жандарды ажалға ұшыратып, қабірлер үстінде социализмді толық жеңіске жеткізіп, тоталитарлық мемлекет құрған Сталиннің тоталитарлық теорияны өзі ойлап таппағандығы белгілі. Тоталитаризм теориясының тамыры өте тереңде жатыр, ол ғасырлар қойнауынан бастау алады. Сталин - тоталитарлық теорияны шын мәнінде жүзеге асырған қанқұйлы практик, сонымен бір қатарда оны дамытушы да. Әрине, ол тоталитарлық мемлекетті қалыптастыруда өзінің ұстаздарынан асып түсті.

Ленин мен Сталиннің  билігі кезінде контрреволюциялық  әрекетте айыпталып 3 777 380 адам сотталып, олардың ішінен 642980 адамға өлім жазасы қолданылды, 25 жылдан төмен мерзімге 2 369 220 адам түрмелер мен лагерь-колонияларға қамалды, 776 180 адам жер аударылып, сүргінге жіберілді. Контрреволюциялық әрекетте айыпталғандардан 2 900 380 адам соттан тыс жазаланып жапа шекті. 1929 жылы Сталиннің нұсқауымен КСРО аумағы бойынша еңбекпен түзеу лагерьлерін көбейту мақсатында арнайы жоспар жасалды. Бұл лагерьлер жөнінде 1930 жылы 7 сәуірде жоба қабылданды. 1920-1930 жылдардан КСРО аумақтарында концентрациялық лагерьлер Колымада, Магаданда, Воркутада, Сібірде, Оралда, Қазақстанда және де басқа аймақтарда жаппай құрыла бастады.

Қолындағысын күштеп тартып алу, аштан өлтіру, тілді ұмыттыру, ассимиляцияландыру, дінсіздендіру, соғыс қаруларын сынау, интернационалдандыру секілді жеті түрлі мақсат Соловки аралында арнайы қолданылған болатын. Мұның әкелген сорақылығы көп еді. Еңбекпен түзеу лагерьлерінің тарихын зерттеуде маңызды орынды одақтық дәрежеде көлемді деректер жинақтаған Ресей Федерациясы мемлекеттік мұрағаты алады. Бұл мұрағатта КСРО ІІХК (НКВД) - ІІМ Лагерьлер Бас Басқармасы (ГУЛАГ) жүйесінің мұрағаты құжаттары сақталған. Лагерьлер Бас Басқармасы Кеңес өкіметінің ең үлкен құрылымдарының бірі болды. 1940 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Лагерьлер Бас Басқармасы 53 лагерьден, оның көптеген бөлімшелерінен, республикалық, өлкелік, облыстық еңбекпен түзеу колонияларынан (170 өндірістік, 83 ауылшаруашылықтық, 172 «контрагенттік», сонымен қатар басқа ведомстволардың шаруашылықтары мен құрылыстарында жұмыс істейтіндер) және жасөспірімдерге арналған 50 колониядан тұрды [7].

Көшпелі қазақ халқы  өзінің қасиетті жеріне түрме (абақты) салып әуре болмағаны белгілі. Орталық  Қазақстанда түрме ХІХ ғасырдың соңына қарай пайда бола бастапты. Сібір қазақтары деп атаған бес ояз жерінде атақты екі түрме ғана болған екен. Бірі 150 адамға арналып салынған Омбы қаласында, екіншісі 50 адамға арналып 1869 жылы салынған Петропавл қаласында болыпты.

Қазақ халқының тарихында  социалистік дәуір кезіндегі 1919-1921 жылғы ашаршылық, 1930-1933 жылдардағы ұлы жұт, 1937-1940 жылдардағы жеке адамға табыну кезеңіндегі «Қызыл қырғын», 1941-1945 жылдар арасындағы Ұлы Отан соғысы деп аталған қанды қырғын еш уақытта ұмытылмайды және ұмытылуы мүмкін емес. Одан әрі «мәңгі көсемнің» қайтыс болғанына дейінгі 1946-53 жылдар әлі күнге ел есінде.

Қазақстан территориясында  ірілі-кішілі 40 шақты сталиндік лагерьлер болған. 1930 жылдың мамыр айында КСРО ХКК «Қазақ еңбекпен түзету лагерлерін ұйымдастыру туралы» Қаулысы қабылданды. Құжатта: «саяси-шаруашылық және аграрлық-мәдени, Қазақстандағы ОГПУ-дың ерекше мақсаттағы лагерлері Қарқаралы окургіндегі мәжбүр ету арқылы жұмыс істету лагерлері жанындағы үлкен аралас құрылатын кеңшарларды ескере отырып, Халық комиссарлар кеңесі қаулы етеді:

1. Жер Халық Комиссариатының қорытындысына және ОГПУ-дің ерекше мақсаттағы Қазақстандағы лагерьлер басқарамасының Қоянды жәрмеңкесі аумағы мен құрылыстарынан басқа 110.000 гектар алаңды мерзімсіз тегін пайдалануға деген өтініші қанағаттандырылсын.

2. Қазақ КСРО Жер Халық Комиссариатына аталмыш лагерьлерге бөлінетін жерді дереу бөліп, жұмыс жүргізетін техникалық қызметкерлерді іріктеу тапсырылсын. Бүкіл жұмыстар Қазақстандағы ОГПУ ерекше мақсаттағы лагерьлер басқармасы күші мен қаражаты арқылы жүзеге асырылсын» деп айтылады.

Осы қаулыға сәйкес 1930 жылғы 13 мамырда Қазақ КСР Халық  Комиссарлар Кеңесі Қарқаралы округінің  Бесоба мен Қоянды жәрмеңкесі арасындағы 110.000 гектар жерді бүкіл құрылыстарымен ОГПУ ерекше мақсаттағы лагерьлерінің  қарамағына беру туралы шешім қабылдайды. Алайда, бір жылдан кейін, яғни 1931 жылғы 19 желтоқсанда басқаша шешім қабылданады онда: « «Қазақ еңбекпен түзеу лагерінің» бірінші бөлімшесі – «Гигант» кеңшары осы күннен бастап қысқартылған түрде «КарлагОГПУ» деп аталатын, ГУЛАГ-қа тікелей бағынатын Қарағандының жеке еңбекпен түзеу лагері болып қайта құрылатыны, лагерь басқарамсы Долинка селосында орналасатыны» айтылған.

Ресми деректер бойынша, сол кезде Қазақстан жұрты 1,5 миллионнан астам адамға көбейген екен. Соғыс  кезінде 350 мыңнан астамның әкелінгені анық.

Кезінде Ақмола құғын-сүргіннің  нағыз орталығы болған. Талайдың өмірін тозаққа айналдырған 953 лагердің үшеуі  еліміз аумағында құрылды. Осындағы атынан адам шошырлық АЛЖИР лагері КСРО-дағы әйелдер қамалған жалғыз азаптау орыны болды. Сонау 1937-ші жылы НКВД-ның арнайы бұйрығымен салынған Ақмола халық жаулары әйелдерінің лагері, кейін баршаның аузында АЛЖИР аталып кеткен азап орталығында 20 мыңға дейін нәзік жандар қамауда болған. Қарағанды лагерінің 17-ші бөлімшесінің артынан 26-шы нүкте болып құрылған осынау тозақ орталығында небір ел жайсаңдарының зайыптары, қыздары мен қарындастары жазықсыздан-жазықсыз жапа шекті. Ең сұмдығы мұнда бойына нәресте біткен аналарға да мейірімділік жасалмады. Нәтижесінде темір тордың ар жағында 1 мың 507 нәресте дүниеге келіп, олардың басым көпшілігі аштық пен суықтың құрбаны болды. Лагер қабырғасында дүниеге келген нәрестелер үш жасқа дейін осында азапты күндерін өткізіп, артынан Қарағанды облысындағы Осакаров балалар үйіне жөнелтіліп отырған. Рас, темір тордың ар жағында қаншама сәби жарық дүние көре алмай кетті [15].

Қазақ халқының сан ғасырлық даму тарихын зерттеу барысында  ғалымдар қазақ халқына тән қасиеттерге  еркіндік, ашықтық, әділдік, т.б. сипаттарды жатқызады. Тоталитарлық жүйенің қаншалықты қатал да қатыгез саясатына қарамай, қазақ халқы тағдырдың тауқыметін жеңіп шықты. Ажал аузынан аман шыққан халқымыз тәуелсіздік туын көтеріп, еркін елдің еңселі ертеңіне үмітпен қарап еңбек етуде. Қазақ халқының болашаққа деген үмітінің өкініштің ащы өксігіне айналмауы үшін өткенімізді бүгінгі күн биігінен қарап, саралап, талдауымыз керек.

ХХ ғасырда сталиндік  репрессия құрбандарына айналған адамдар  тағдырында үлкен рөл атқарған кеңестік еңбекпен түзеу лагерьлерінің деректерін Қазақстанда құпиясыздандыру, анықтау, құжаттар жинақтары етіп шығару - болашақтың ісі. Дегенмен де өткен ғасыр зұлматы – сталинизм қасіреттерін айқындайтын кез жетті деп ойлаймыз.

 

 

 

2.2  Қазақ зиялыларының  қудалануы

Қасіретті қазақ  тарихында 1937-1938 жылдардағы репрессияның алатын орны бөлек. Зұлмат заман жазықсыз талай жандарды жылатып, талайлардың өмірін қиғаны белгілі. Жас та, кәрі де сол кездері зәре-құты кетіп, қыл үстінде жүргені мәлім.Алайда, мұндай зобалаң кеңес елінде бұрын да болған. Солай бола тұрсада, 1937 жылғы нәубет басқа кезеңде болған зорлық – зомбылықтың ешқайсысымен салыстыруға келмейді, себебі оның көзге ұрып тұрған ерекшеліктерін байқау қиын емес. Соның ең бастысы – репрессия ауқымының шамадан тыс ұлғайып, жаппай жүргізілуі. Мәселен, 1936 жылы 131 мың адам тұтқындалды, ал 1937 жылы қамауға алынғандардың саны 937 мың адамға жетті, яғни 7 есе көбейді, ал мұның 779 мыңы (83%) – 58-баппен ұсталған керітөңкерісшілер. Келесі 1938 жылы 639 мың адам тұтқындалды, оның 593 мыңы (90%) – сол бап бойынша жауапқа тартылып, бұл науқан бүтіндей саяси сипат алды.

1937 жылы сот  үкімімен жән ебасқа түрлі  жолдармен 791 мың адам әртүрлі  жазаға ұшырады, ал 1938 жылы жапа  шеккендердің саны – 554 мың.  Елдегі түрмелер лық толды:  сыйымдылығы 155 мыңға есептелген  орынға 549 мың адам қамалды. Жазалау саясаты қатая берді. Бұрын абақтыға жабылғандар «ақ-қарасы» алдын ала жүргізілген тергеуде белгілі болып, ісі сотқа жетпей кейбіреулері босатылып жататын, енді НКВД-нің құрығына іліккендердің көбі ондай «жанашырлықтан» көз жаза бастады. Үкім бойынша атылуға тиістілер немесе «10 жыл хат-хабар алысуға болмайтындар» - өлім жазасына кесілгендер тым көбейіп кетті [16].

Көпшілікке  тағылған айып күштеп ұжымдастыру кезеңіндегі  қасырет еді. Н. И. Ежов және оның қасындағы қолшоқпарлары 1937-193 8-ші жылдардағы репрессияланғандарға жалған материалдармен «ұлтшыл-фашистерге» құжаттарды толтырғанда шындыққа жапаспайтын істерді қозғай берді. Солардың ішінде республикамыздың көзқарастарын қорғаған, 1931-1933-ші жылдары қазақ халқының жаппай қырылуына байланысты ащы түрде наразылығын білдіргендер сотталғандар қатарына кірді. Қуғын-сүргін іс-әрекеттері кейінгі жылдары да жалғаса берді, 1937-1938-жылдары республикамыздың барлық партиялық және кеңестік басқарушылық қияметтегілер де қуғын-сүргін құрбаны болды. Сонымен жаппай қырып-жоюдың доңғалағы ұлан-байтақ еліміздің миллиондаған маңдайалды ұл-қыздарының тағдырын талқандап, ел ішін үрей мен күдікке, қорқақтық пен сақтыққа, қайғы мен мұңға батырды.

1937 жылдың 27 ақпанынан  бастап, айналасы он күнде республика  мен облыс басшыларынан 500 адам атылды. Қазақстанның басшы қызметкерлері Ұ.Құлымбетов, С.Нұрпейісов, Ж.Сәдуақасов, Қ.Сарымолдаев, А.Асылбеков, Ғ.Тоғжанов, М.Ғатаулин, А.Досов, Қ.Тәштитов, Х.Нұрмұхамедов, С.Тасболатов және басқалары бірінен соң бірі тұтқындалып жатты. Өз ішінен жау іздеп, екіге бөлінген қазақ зиялылары бірінен-бірі асып, өз бауырын өзі қаралаудан алдына жан салмады. Бұл ұлттың жүрегіне сына қағылған жылдар еді.

Жоғарғы Соттың әскери алқасының  дивизия заңгері Горячевтің басқаруымен  өткізген көшпелі сессиясының үкімі бойынша 1938 жылы Қазақстанда 25 ақпан мен 15 наурыз аралығында «халық жауы» деп атылған арыстарды төмендегіше тізіп кетуге болады. 25 ақпан күні 39 адам атылған, олардың ішінде Санжар Асфендияров, Құдайберген Жұбанов, Темірбек Жүргенов, Ұзақбай Құлымбетов, Жанайдар Сәдуақасов, Нығметолла Сырғабеков, Ғаббас Тоғжанов, Зейнолла Төреқожин, Сәкен Сейфуллин, ұлтымыздың ішінде «Құлагер ақын» атанған Ілияс Жансүгіров, Ілияс Қабылов, Әзімбай Лекеров, Бейімбет Майлин, Жұмат Шанин бар. 27 ақпанда 41 адам, 28 ақпанда 40 адам, 2 наурызда 40 адам, 3 наурызда 38 адам, 5 наурызда 40 адам, 7 наурызда 43 адам, 8 наурызда 41 адам, 9 наурызда 37 адам, 10 наурызда 52 адам, 11 наурыз күні 41 адам атылып, жарық дүниемен қош айтысқан. Бұлардың арасында өзге ұлттардың да көрнекті ұлдары болғанын еске сала кеткен орынды.

Жазалау шаралары шырқау шегіне жеткен 1937-1938 жылдары 116885 коммунист  жазаға тартылды. Қазақстан коммунистерінің жартысы партиядан шығарылды. Солардың ішінде 9 мың адам, яғни барлық коммунистердің 17 пайызы «халық жауы» деген атаққа ілікті. Байқауымызша, жендеттер алғашқы күндерде ұлттың сүт бетіндегі қаймағын сыпырғандай, абырой, беделі биік, ең бір асылдарды оққа байлап, «жол ашып алған» сияқты. Одан кейінгілерін шыбын құрлы көрмей қыра берген. Кейбір зерттеушілердің дерегіне қарағанда, 25 ақпан мен 11 наурыз аралығында 631 адам атылыпты.

Сөйтіп, репрессияның нағыз  шарықтау кезеңінде, 1937-1938 жылдарда, қазақ  елінде тіпті НКВД-ны басқарған Залин  мен Реденстер де репрессиядан қашып  құтылмады. Сол жылдары бір ғана репрессия салдарынан қазаға ұшыраған қазақстандықтардың саны 25 мың адамнан асып жығылады. 1937-1938 жылдардағы қуғын-сүргіннен бастап Қазақстанда 103 мың адам саяси айып тағылу арқылы сотталса, оның төрттен бірі «НКВД үштіктері» үкімімен, сот үкімімен атылып кеткен.

Мұндай қызыл қырғын қазақ халқын ерекше ойсыратты. Демограф М.Тәтімовтің айтуынша, 1937-1938 жылдары  «халық жауы» болып атылған қазақтар пайыз жағынан грузиндерден екі  есе, орыстардан үш есе, татарлардан  төрт есе, өзбектерден бес есе көп болған. Елінің еркіндігін аңсап, арманда кеткен алаш арыстары, ғалымдар, әулиелер, ақын-жазушылар болды. 
Цифрға сенер болсақ, біз бүкіл соғыс жылдары 600-дей генералдан айрылдық. Сталин болса, 1937-1938 жылдары 43 мың әскери басшыны репрессияға ұшыратқан [17].

Қазақтың небір  жайсандары  мен марқасқалары 1937 жылы бір-бірлеп емес, он – ондап,  жүздеп тұтқындалып  жатты. Мысалы:  Күлетовтың қылмыстық  ісінің  нөмірі  11020.  Сәкен  Сейфуллин,  Бейімбет  Майлин, Хасен  Қожанбаевтың  істерінің  рет  саны да осындай. Бұл  біз анық  білетін деректер. 1937-1938-ші жылдары Қазақстанның мемлекеттік және қоғам қайраткерлері жалған жаламен қуғын-сүргінге ұшыраған Санжар Асфендяров,  Темірбек  Жүргенов, Ұзақбай  Құлымбетов, Сейітқали Меңдешов,  Ілияс Жансүгіров, Жұмат Шанин, Т.Рысқұлов, Н.Нұрмақов, О.Исаев, С.Қожанов, У.Құлымбетов, О.Жандосов, А.Досов, А.Асылбеков, С.Садуақасов, А.Сапарбеков, Ж.Сұлтанбеков, Т.Жүргенов, Н.Сырғабеков, З.Төреғожин және тағы басқалардың да қылмыстық ісінің нөмірі  осындай болар деп ойлаймыз. Олай  дейтініміз, олардың  бәрі бірге атылған,  ал істерін қараған бір - ақ орган – СССР Жоғары Соты  Әскери төралқасының  Алматы  қаласында 1938 жылдың ақпан  наурыз айларында өткен көшпелі сессиясы. Қазақ ғылымы мен мәдениеті орны толмас шығындарға ұшырады [18].

Кеңестік жетпіс жылдан астам мезгілде Қазақстандағы саяси  биліктің басында қазақ ұлтының  өкілдері (М.Мырзағалиев, Ж.Шаяхметов, Д.Қонаев, Н.Назарбаев) 34 жыл шамасында отырған. Қазақстанды осы уақытта басқарған жиырма басшының төртеуі ғана қазақ халқының өкілдері болды. Міне осы кеңестік кезеңде Қазақстанды басқарған төрт қазақ басшыларының біреуінің ғана, яғни Жұмабай Шаяхметовтың басшылық қызметі И.Сталин билігіне тұс келеді екен. Бұл арада арине, Ж.Шаяхметовтың біраз уақыт (1928-1938) ОГПУ-НКВД жүйесінде белсенді қызмет атқарғандығы есепке алынғандығы ақиқат. Ондай болмаған күнде И.Сталин Ж.Шаяхметовты Қазақстандағы ең жоғарғы саяси басшылыққа жібермеген болар еді.

Жоғарыда  көрсетілген деректерді зерттей  келе, ұлт зиялыларды қарастыру мәселесінде біраз қиыншылықтарға соқтығысамыз. Өйткені кейбір зерттеушілер «зиялылар қауымына» атқарушы билікке отырғандардың барлығын кіргізген болатын. Алайда, зиялы адам тек білімі бар емес, санасы мен рухани қазынасы айтарлықтай мол болуы тиіс.

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Ғылыми жобаны қорытындылай келе, ХХ ғасырдың 30-40 жылдарындағы тарихымызға белгілі сталинизм дәуірінде тарихи дүние танымымызда орны бос «ақ таңдақтарға» айналғаны белгілі. Сол шырмаудың ортасында кеткен қазақтың біртуар азаматтары жазықсыз жазаланған. Туған халқының ұлтжанды патриоттары болған қазақ зиялылары халқын қандай өкімет билегеніне қарамастан, оның жарқын болашағын армандап, соның қамын тереңнен ойлап, сол жолда адал ықзмет атқарған қайраткерлер болды. ХХ ғасырдың 20-30 жылдары қазақ халқының тарихында аса құндылығымен, маңыздылығымен және қасіретімен де мәңгі қалатыны даусыз.

Информация о работе 1930 жылдардың аяғындағы саяси қуғын-сүргіннің күшеюі