XVIII ғасырдағы Қазақстандағы саяси-әлеуметтік жағдайының шиеленісуі және Сартай батыр ұстанымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2015 в 09:31, реферат

Описание работы

Зерттеу тақырыбына арқау болған Сартай батыр есімі халыққа кеңінен танымал. Қазақ елінің мыңдаған жылдық тарихында басты орын алатын қазақ-жоңғар соғыстарына байланысты кезең туралы сөз қозғалған. Қазақ даласы елін-жерін қорғаған батыр бабалардың ерліктерімен аты шыққан өңір. Тарихымыздың аумалы –төкпелі кезеңінде найзасын қолға алып, Кіші жүз елінен шыққан, нақты айтқанда Арал ауданындағы Ақшатау елді мекенінде дүниеге келген Сартай батыр туралы деректер жинап, қарияларымыздың айтқан аңыз-әңгімелерін жариялап, тереңірек мағлұмат берілген.

Файлы: 1 файл

Сартай батыр.docx

— 54.06 Кб (Скачать файл)

Қалдан-Бошықты ханның қызметшісі Қазақ ордасының елшілері алып келген орамалды шешіп, қызуы қатты сексеуілден мақтаның жанбай , мұздың ерімей немесе шоқтың сөніп күлге айналмай тұрғанын көріп таң болыпты.

Қалдан-Бошықты хан қарауындағыларға Қазақ ордасының әкелген орамалды ордасының шаңырағына іліп қоюды, қазақ елшілерін үш күн жақсылап күтуді бұйырды.

Ондай ойы, бұл қанша жерден әулие болса да, күз айы болғандықтан мұз ерімесе де, үш күнде шоқ сөнеді, не болмаса мақтаны жанады деп күтеді. Арада үш күн өтіп, орамалды шешіп қараса сол күйінде тұрады. Сол кезде Қалдан –Бошықты ханның әйелі орамалды үш күн бақылағанын күндіз-түні мұз жан-жақты аяздай қарып тұрса, шоқтың орданы жылытып, қып –қызыл болып жарық қызуын шашып тұрғанын айтты. Мақта, мұз және шоқ түйілген орамалды қазақ жері, мақтаны ұлы жүз, мұзды орта жүз, шоқты кіші жүз деп қарасақ, бұны басқарып отырған хан мен пір де тегін жандар болмайды. Елді мақтадай бірлікке ұйымдастыратын ұлы жүзін алғанмен, мұздай қарулы орта жүзді, найзасының ұшы алтын шоқтай жанған кіші жүзді бағындыру оңайға соқпас. Бұл үш жүз біріксе Ойрат қолына тегеурінді тойтарыс беріп, орданы ортасына түсірер, -депті.

Ақылымды алсаң бұл адамды өзіне қаратудың амалын қарастыр, менің кіші сіңілім Мариямды қосып, өзіңе бажа қыл деп ақыл беріпті.

Тынымсыз соғыс, қидаласқан қанды қырғын Ойрат қолын да әлсіретіп, зор шығындарға ұрындырған болатын. Соғысты әрі қарай жалғастыруға әскерінің құлқы жоқтығын ұққан Қалдан-Бошықты хан қазақ елшілері әкелген кереметті сылтау қылып келісімге келуге шешім қабылдапты.

Софы Әзиздің білімдарлығын, әулиелігін кереметін мойындаған Қалдан-Бошықты хан өзінің балдызын беретінін, басып алған жерді өзі иемденетінін айтып, әзір Қазақ ордасына соғыс ашпауға уәде береді.

Қазақ елшілері Ойрат ордасынан шығарда Қалдан-Бошықты хан, «уәдем-уаде, Софы Әзиз жерге түспей қалыңдығын алып кетсін»-депті. Бір жеті жол жүріп, қазақ елшілері елге бітім алып келгенін хабарлап сүйінші сұрады. Тәуке хан билер бітімінің астарында қулық барын, қалмақ ханы қыз беру арқылы Софы Әзиздіқолға түсіруді ойлап тұрғанын аңғарыпты. Ақылдаса келе қазақтың ескі салтын басшылыққа алған Тәуке хан мемлекет ісімен қатар бес уақыт намаз оқитынын, уақыт тығыздығын айтып, Софы Әзизді беруі мен қамшысын құдалықтың барлық сый-сияпатын жасап елші жіберіп, қалмақ Шұғылай Жайсаңның бесінші қызы Мариямды алдырып, үш жүздің пірі Софы Әзизге қосыпты. Мариямнан Сарықыз бен Қосым туыпты. Қосым қожа кейіннен Кіші жүздің пірі болған. Осы оқиғадан кейін Тәуке ханның билік құрған кезі кейбір қақтығыстарға қарамастан халық арасында «қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған» дейтіндей тыныш заман болған. Тәуке хан сыртқы жауға тойтарыс бере отырып, кей уақытта келісімге келіп қазақтың ру тайпалары арасындағы ішкі талас-тартысты тиып, оларды өзара ынтымақты тұруына күш салды. Елді іс жүзінде өздерінің ортасынан шыққан билерге Әлібекұлы Төлеге, Келдібекұлы Қазыбекке, Байбекұлы Әйтекеге басқартты. Тәуке хан осы үш бас бидің, көрші қырғыз бен қарақалпақ билерінің және Софы Әзиздің қатысуымен «Жеті жарғы» деп аталатын ел басқару заң ережесі бір жағы Ұлытау бір жағы Торғай, бір жағы Арал теңізі, осы үш бұрыштың ортасында орналасқан Қарақұм деген жерде қазақтың үш жүзінің қаса жайсаңдары түгел жиналған жиында жарияланып қабылданған. Софы Әзиз «Жеті жарғы» жүйеленген жаңа дінге байланыстыра отырып толықтырған белгілі ғұлама ислам дінін жетік білген оқымысты М.Тынышпаев «қазақтың кеңесте тоқсан биі кезек-кезек сөз алып өздерінің көкейінде жүрген мәселелермен бөлісті»-дейді. Қарақұмда жиналған бас жиында Кіші жүздің бас биі Әйтеке сол кездегі кіші жүз билері Тама, Есет, Бақтыбай, Пұсырман және тағы басқалармен сөз байланыстырып алып, жеті жасқа толған әрбір ер ер баланы соғыс өнеріне баулуға тәлімгерлер ұстауды, қару-жарақ сатып алуды және жалдамалы әскер ұстауды ұсынды. Әйтеке бидің бұл ұсынысын билер кеңесі мен Тәуке хан үлкен қаражатты қажет ететінін айтып, қабылдамай тастайды. Жаманшылықты тез ұмытатын қазаққа Ойратпен енді соғыс болмайтындай көрінді. Хан кеңесінде сөзін өткізе алмаған Кіші жүз би батырлары ұсыныстарын өз ұлысында іске асыруға сөз байласады. Ерте ме, кеш пе жоңғар басқыншылары бас көтеріп тұтқиылдан бас салатынын Әйтеке би алдын ала болжап айтқанды.

Әз Тәуке хан о дүние салысымен-ақ оның бар кезінде жасалған бәтуа, алысқан қол берген серт ұмыт болады. Айтушы қариялардың сөзіне сенсек қазақ қолының жеңілуінің басты себеп-сол жылғы жұт және әр жерде қыстауда қалып қойған батырлардың басы бірікпегені болды. Сондықтан Жоңғар жеңген жерде жерде қазақты тырп ете алмастай қылып, ойсыратып, шауып кете берген. Қазақ есінде «қайың суған» болып қалған ауыр қыстан, жұттан қалған малды Жоңғар тартып алады 1723-1725 жылдардағы шапқыншылықтың кезінде Ұлы жүздің жері, елі, малы жаны талауға түсіп, аман қалғандары Жиделі Байсынға, бергісі Қоқанға, Орта жүз Самарқанд пен Бұқараға, Қаратауды Сауранды қыстайтын Кіші жүз рулары Хиуаға дейін жая басқан. М.Ж.Көпейұлы «Ақтабан шұбырынды Алакөл сұламаны» еске түсіріп «жұттан, жаудан басын алып» қашқан елдің жаяу шұбырған шұбырындысы аппақ сүрлеу болып, табандары таздың басындай жалтырап қалады екен семіздерін ортасына алып қорғап жатады екен басқа бөтен рулар ұрлап сойып жеп қоя ма деп. Тобықты әнет бабаның төбесінде қалғандығы, он-бес ұлды Тілеімбеттің қырылып жойылғандығы сол еді. Сол алдын ала жансыздар арқылы біліп алған қалмақ қолының тұтқиылдан жасаған шабуылы күндерді қалай ұмытарсыз?»-деп жазды. ( М.Көпейұлы)

Міне осындай алапат жұттан, жаугершіліктен қазақ елі есін жиып қалмаққа қайтара соққы беруді өз жерін Отанын жаудан тазартуды басты мақсат етті. Қазыбек би Ұлы жүздің, Кіші жүздің би батырларына хат жазып қойып, мөрін басып Қарақыпшақ Мәмбет сыншы мен ақын, Арғын Біржанды өзінің екі тұлпары Тауқара мен Ақжелеңге мінгізіп, бар қазаққа сауан айтуға шаптырады. Орта жүзден Қазыбек бидің хатын алып Кіші жүз жеріне жеткен. Мәмбет пен Біржан Жақайым руының төбе биі Байжанның уйіне келеді. Оның себебі Кіші жүз әлемде «Жақайым аға баласы саналады». Ол жөнінде мынадай өлең жолдары осы күнге дейін халық жадында сақталған:

Тарайды Жаманақтан Баубек-Өріс,Көз жетпей айналасы болған тегіс.

Жақайым аға баласы атанады,Үлкені Жаманақтың аты Шыңғыс.

Туған да бар дейді аузында тіс,Таң қалып үлкен кіші әңгіме еткен,

Туысы бұл баланың ғажайып іс.

Осы жәйтті есіне ұстаған болу керек не болмаса Байжан бидің арғы атасы Түркі еліне аты шыққан, үш жүзге сыйлы болған Асан-қайғы екені Қазыбек би білгеннен соң, жаушыларына осы шаңырақтан бастауды тапсырған болу керек. Бұл жөнінде З.Шүкіров «Сыр бойы» романында Сартай батырды Асан-қайғының алтыншы ұрпағы деп жазады.

Байжан би мен Мәмбетпен Біржанның ізіне өзінің 15-жасар ұлы Сартай бастаған «Мың баланы» ертетінін айтады. Орта жүзден келген жаушылар бұған таң қалып, мұныңыз қалай, би аға? Бұл елдің жігіттері жоқ па?»-деп сұрайды.

Байжан би: «Бар ғой. Ерсіз ел болама? Әне, Бақтыбай мен Пұсырман Шектінің туын жығады деймісің, мен де сақадай жігіттерді ізіне ертер дедім –ау. Бірақ қазақ аңқау, ел шетіне тиген жау ертең біздің ауылға да жетер деп ойлай ма? Балалар соғыс ойын сияқты өлемін деп ойлай ма? Ал жігіттер шыға бере-ақ кейінгі қалған келіншектердің бала-шағасын сағынып, түн жамылып қашып кетеді. Соғыстың ұзаққа созылатын түрі бар. Бүгін 15-тегі енді кейін 20-ға шығады, сонда бір өзі он адамға татитын қанды балақ қырғынға айналады әлі», -деп жауап қайтарыпты. Бидің тереңнен ойлайтынын аңғарған жаушылар жауап қатпастан келісіпті. Дегенмен бұл « Мың бала» әр ауылдан жинап жіберген қол емес еді. «Мың баланың» құрамында Кіші жүздің көптеген руынан балалар болған. Бұларды Байжан бидің немере інісі, Жалаңтөс Баһадүрдің жасағында болған. Сайрамды қорғау еділ қалмақтарына қарсы және т.б сол өңірдегі негізгі соғыстардың барлығына қатысқан, қарт батыр, құралайды көзге атқан мерген, сегіз сүйем оқты Бүкірек батыр соғыс өнеріне тән әдістерді толық меңгергенімен жаумен бетпе-бет келіп, ашық соғысқа қатыспаған болатын.

Кіші жүз би мен батырлары кезінде Тәуке ханға айтып өткізе алмағандықтан, бұл мәселені өздерінде іс жүзінде асырмақ болып қолға алып еді. Үш жүзге бас сардар болған кіші жүз ханы Әбілхайыр, Құлымбеттің пірі-бақсы Сасық пен шешен Олжабай, Тама Есет, Табын Бөкенбай, Шекті Бақтыбай мен Пұсырман батырлар «Мың баланы» бастап келген, жеті өлікке жан берген Софы Әзиздің бел баласы Қосым қожаны ләм тіл қатпай өздеріне қосып алғаны, бұл балалардың соғыс өнеріне жаттыққанының хабардар еді. Үш жүздің батыр-бағландары, билері кездескен жерде Ұлы жүздің құрамындағы қырғыз биі Қырғауыл кіші жүз құрамындағы балаларды көріп шошып кетеді. Бұл мәселе үлкен дауға айналып арты үш жүздің жасақтарының соғысқа дайындығын анықтайтын сынға түседі. Ұлы жүздін жері жауда елі босып кеткендіктен бұл соғысқа мардымды қол шығара алмайды. Айтушы қарттардың сөзіне сенсек, жоңғарлар басып алған жеріндегі қазақтарды күң , құл қылып жұмсап , мал соңына салып қойған. Шұбартеңіз, Қалмаққырылығын жерінде болған соғыста негізі 35-мыңға жуық әскер Кіші жүздікі болған.Орта жүзде Әбілхайыр ханның күйеу баласы арғын Тархан Жәнібек өзіне қарасты елден (кіші жүз, орта жүз аралас) 10-мың жасақ , Қаз дауысты Қазыбек би 10-мыңға жуық әскермен келген. Бастапқы соғыс Шұбартеңізде жоңғарлардың 7-8 мыңдық шолғыншы жасақтарымен болған. Үнемі жеңістің буына мастанған жоңғарлар артындағы әскерлерін күтпей, соғысты бастап кеп жібереді. Қаруы сай, соғыста жиған тәжірибесі бар Жоңғарлар бастапқыда тегеурінді қарсылық көрсетіп екі жағынан да адам шығы көп болады.Дегенмен, Жоңғарлардың қолы аз болу себепті, бірден жапырылады. Мерейі үстем болған қазақ жағы қалмаққа өршій түседі, өршеленіп алға ұмтылады. Жоңғарлардың аман қалған жасағы қашып, негізгі қолына қосылады. Отан үшін қазақтық қасиетті алтын қазығы Ұлытау үшін болған негізгі шешуші шайқас 1727 жылы Бұланты мен Білеунті өздерінің арасында кең жазықта болған. Шона-доба бастаған қалың қалмақ пен сардар болып бекіген Әбілхайыр бастаған қалың қазақ сарбаздары оқжетер жерге келіп, қарама-қарсы тұрған деседі. Қаніпезерлігі мен қаталдығы қатар жүретін Жоңғарлар зеңбіректерінен 5-6 оқ атып, қазақ қолын алдын-ала зәре-құтын алады. Қолында қарағай сап найзасы, сірі қалқаны, мықтағанда азды-көпті шиті мылтығы бар қазақ қолы, қаруы сай Жоңғар қолын көтергенде сескеніп қалады. Сол кезде Шона-добаның батыр нояны шығып жекпе-жекке адам сұрайды. Сол кезде жазылмаған заңы бойынша жол Ұлы жүздікі болғандықтан, бәрі Ұлы жүзден батырды күтеді. Қару-жарағына мінген аты сай жоңғар ноянына қарсы шығуға Ұлы жүз батырлары кібіртіктей бастайды. ( Негізгі бас батырлар бұл соғысқа қатыспаған). Қолындағы найзасын жоғары лақтырып, қайта қағып алып қазақ қолына айбат көрсетіп, жекпе-жекке адам сұрап ортада айналып шауып жүрген жоңғар нояны бір шетте тұрған жап-жас боз балаларды көріп, қорқытпақ болып соларға тұра шабады барлығын бақылап тұрған Сартай батыр, өздеріне тура салған жоңғар ноянының сауытының жоғарғы түймесінің салынбаған жаудың кеңірдек тұсы ашық келе жатқанын анық көреді. Жанында тұрған Жылқаман мен Жылқайдарға мен мынаны атып құлатсам жауға лап қойып зеңбіректерін қиратыңдар дейді. Өз астындағы Шалқасқа атқа тақым қысып « Бақтыбайлап» ұрандап алға шығады. Жоңғар нояны да баланы іліп тастамақ ниетпен астыңғы есікпен төрдей теңбіл атты тебініп, далақтап қарсы шаба жөнеледі. Арқан бойы жер қалғанда Сартай батыр жаудың кеңірдек тұсына шолақ найзаны жіберіп ұрады. Серппедей серпінді қолдан шыққан шолақ найза жаудың кеңірдегіне дәл қадалып аттың үстінен аударады. Мұны көріп тұрған «Мың бала» «Сартай, Сартайлап» ұрандап жаудың зеңбіректеріне қарайлап қояды. Әлемнен тай салмай жауға шапқан балаларды көргенде қабағына қар жауған шоқпарын сілтесе қара тасты уататын Қанжығалы Бөгенбай, өзіне сілтеген найзаны ауада қылышпен қақ бөлетін-Тама Есет, тірі жанға ырқ бермейтін Шектінің жолбарысы –Бақтыбай, өзіне адам теңгермеген-Тархан Шақшақ Жәнібек қандары бастарына шаншып, «ел үшін, жер үшін» деп ұрандап бұларды жауға лап қояды. Жоңғарлар бұрын мұндай екпінді шабуыл көрмеген еді .«Бала үшін қалай қырқысады мына қазақтар» десіп шуласыпты. Өршеленіп алға ұмтылған қазақ қолының екпініне жанкештігіне, қару-жарағы сай Жоңғар қолы шыдамайды. Кейін қашқан жауды тұра қумай, қан майданда шейіт болған сарбаздарды таудың басына шығарып жерлепті. Тас оба үйеді әр ру өз азаматтарының басына таңбаларын салып, белгі қойған. Сол жеңістен кейін майдан ортасындағы Қара төбе «Қалмаққырылған» атанады. Жаудың беті осылай тойтарысып, ел жақсыларының, батыр-билерінің жүрегінде болашаққа деген үміт оянды. Сартай осы соғыста өзінің 500-ден аса жасағынан айырылады. Бірақ соғыс осымен бітпейді. 1729ж Аңырақайда» болған соғыс, қазақтың жерін жоңғар басқыншыларынан тазарту үшін болған шайқастар, 1731 жылға дейін жалғасқан. Біріккен қазақ қолының бас сардары болып жеткен жоңғарларды Тарбағатай тауына дейін «Әбілхайыр тауы» , «Табын тауы» , «Алшын жалы», деген жер атаулары бар. Осы соғыстарға елден бозбала боп атанған Жылқаман, Жылқайдар, Ашабай, Төркінбайлар 20-жасқа шығып, атақыт батырлар болып қайтты. «Қалмаққырылған» соғыс біткен соң Үйсін Төле, Қаракесек, Қазыбек, Алшын Әйтеке билер түскен олжаны бөлуді Сартайға міндетдепті. Біржағынан Асан-қайғының әруағында ұлық тұтса керек. Кіші жүздегі Жақайым аталығының  «Сартай батыр үш жүзге хан сайланған», -деп жүргені осы болса керек.

Жалпы осы ұлы Жосынға қатысқан Сартай батыр туралы аңыз әңгімелермен деректер көп. Алайда нақты деректер мен зерттеулер аз. Соңғы уақытта БАҚ –та жарық көрген Сартай батыр туралы мақалаларда, Қалмаққырылғандағы Мың бала қосыны шолғыншылық қызмет атқарған дегенге өз басым келіспеймін. Себебі Кіші жүз Әлім рулары М.Тынышпаевтың еңбегінде Шу өзенінің Айыртау жайлауы Ұлытау, Қаратау өңірін, ертеректе әлім атамыздың кезінде Асан-қайғы заманынан дейін жайланған. Сартай батыр бастаған «Мың бала» бұл өңірді білмейді. Шолғыншылар жерді жақсы білетіндерден жасақталған.

Қыр шектісі алдағы мың жылдығын жырлаған Тілеуұлы Мөңке бидің шақыртуымен Сартай батыр, Қара Көбек би мен Мұратбек би үшеуі Сырдан қырға барады. Бұл кіші жүз ханы Әбілхайыр өлгеннен кейін 1-жылдан соң дейді, шамамен 1750жылдар болса керек. Бұл үшеуінен өзге Мөңке шаңырағына, Кіші жүзге қарасты басты билердің барлығы жиналыпты. Тиесілі қонақ асын жеп Мөңке би не айтады екен деп отырған билерге : « ертең орта жүз билері Абылай ханның нұсқауымен осында келеді. Төр көзіміз түгел қарсы алайық депті Мөңке би. Айтқанындай ертеңіне орта жүз билері атқосшыларымен 20-дай кісі келіп екі жақ мәре-сәре болыпты.Әбілхайыр хан өлтірілгелі бері арада қатынас тоқтап қалса керек. Қысырдың семіз қойлары сойылып, саба-саба қымыз ішіліп, Абылай ханның, Қазыбек бидің, Бұхар жыраудың Бөгенбай батырдың амандық саулықтары ел бірлігі, ел –жағдайы, жоңғардың қазіргі хал-ахуалы үш күнге әңгімеге арқау болыпты.

Төртінші күні екі жақтың билері төрт көзі түгел Мөңке бидің сегіз қанат ақ ордасына жиналып, қонақтардың бұйымтайы сұралыпты дейді.

Орта жүзді басқарып келген бидің үлкені сөз салып, жұттан –жұқтыққан. Ақтабан шұбырындыдан елді жаудан тазарту кезіндегі қанды қырғын орта жүз халқының санын селдіретіп кеткенін айтыпты. Солтүстіктен –орыстың, шығыстан –жоңғардың қазақ жеріне көз алартуын тоқтатпағанын жеткізіпті бар қазақтың қамын жеген Абылай ханның « кең жайлауы бар Сарыарқа кіші жүз рулары қоныс аударса, сыртқы жауға айбат болар еді»- деген сәлемін жеткізіпті. Осыны айтып отырған биді түлен түткенін қайдам, «Сендердің хандарын өлді, енді бас иелерін жоқ. Әбілхайыр балалары Нұралы Хиуада, Пірәлі Астраханда хан болып жүр» дегенге саятын әңгіме айтылыпты. Жасы қырыққа толмаған қызу қанды Сартай Әбілхайыр ханмен ниеттес, пікірлес болғандықтан , оның өлімінің өзіндік астары барын, өлтіруіне Барақ сұлтанға орта жүз рулары жігіттері бергені көмек бергендіктен ашуы қозып шарт жүгініп отыра қалып, сол қолымен беліндегі қанжарды сағымдай ұстапты. Сол уақытта Мөңке би сөзге араласып:

Бабасы бұл елге күйеу болар

Бұл келген де жиен болар

Ақылмен іс қылыңдар

Екі жақ шат болыңдар, -

деп тақпақтай жөнеліпті және орта жүздің бірге туған батыр екенін, қыз алысып, қыз беріскен жекжат екенін еске салыпты.

Сартай батыр, би алақанын ашып үндемей, орта жүз билеріне тік қарайды. Түсінбеген билер көзін тайдырып әкетеді. Жағалай қарап келе жатырған да, төмен де отырған бір жас би, көзі тоқайласқан да. «Құп» дейді. Сартай батыр қолын жұмып, жұдырығын түйеді. Орта жүз биі «Құп» дейді. Сартай би сегіз саусағын екі қайтара жазып көрсетеді. Орта жүз биі «Құп» дейді. Сартай би қолын айқастырып өзін құшақтайды.

Орта жүз биі «Құп» дейді. Сартай би орнына барып отырады. Орта жүз биі «келісім бітті, енді Мөңке атам бата берсе елге қайтайық», -депті. Орта жүз билері аттанып кеткен соң, кіші жүз билері Сартай батырға «жаңағы орта жүздің жас биі бәріне «құп деп кетті. Біз түсінгеніміз жоқ», -депті.

Сонда Сартай би: Абылай хан «Сарыарқадай» сайын даланы оңайға соқпай тұр, бізге қарай қоныс аударыңдар, сыртқы жауға айбат болсын депті. ( Ол кезде кіші жүз рулары жайлауға қазіргі Орынбор, Орск, Магниторск жағасына көшіп жүрсе керек.) Елшілердің келген жұмысы осы.

Мен алақанымды ашқаным «алысуға барамыз» жұмғаным «ашсам алақанымдасың, жұмсам жұдырығымдасың», қолымды созғаным «атысып шабыссақ мылтық , қылыш бізден де табылады, дау-жанжалды доғарайық» дегенім еді. Сегіз саусағымды екі қайтара көрсетіп, бір қолымның жұдырығын жұмып, екінші қолымның саусақтарын жазғаным қолымды айқастырып, өзімді-өзім құшақтағаным ( сегіз күннен кейін сегіз сала көшіп барады, жартысы үйлі баранды, жартысы бойдақ болады, құшақтап қарсы алып, кеуделеріне баса білсең сол жақта тұрақтап қалады дегенім еді», -депті.

Осыдан кейін кіші жүз билері өздеріне қарасты рулардың адам бөліп алдарына мал салып, салтанат көш аттандырыпты. Сегіз күннен кейін Абылай хан орта жүз билерімен кешті қарсы алып, Қызылжар, Көкшетау маңында, Есіл-Нұра өзендерінің бойына Түгіскен, Қарқаралы деген жерлерге орналастырыпты. Орта жүзде қазіргі « Алшындардың» ата-бабасы осылай көшіп барған екен. Арадағы араздық қалып, екі жақ бірін-бірі қолдап, осы уақытқа дейін ауызбірлікте өмір сүріп жатқанына өзіміз куәміз.

Тарихта Сартай есімінің және бір көрінер түсі Әбілхайыр ханның кіші жүзді Ресей империясына қосу сәтіндегі талас-тартысқа байланысты кезең. Кіші жүздің ықпалды билерінің бір бөлігі хан саясатына қарсы болып ел тағдыры таразыға түскен сәтін Әлімнің биі ретінде Сартай Әбілхайырды қолдаған бұл оқиға жайында Ә.Кекілбаевтың «Үркер» романында баяндалады. «Сартай батыр» жырын баспаға дайындаған журналист Ө. Жолымбетов Сартайдың 1775 жылдан кейін қайтыс болғандығына мәлімдеме жасайды. Көне көз қариялардың жеткен естеліктердің тоқайласар тұсы да осы кезеңге саяды.

Информация о работе XVIII ғасырдағы Қазақстандағы саяси-әлеуметтік жағдайының шиеленісуі және Сартай батыр ұстанымы