Тұрар Рысқұловтың өмірі мен қызметі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Ноября 2013 в 01:47, реферат

Описание работы

Жалпы тарихта ерекше орын қалдырған қоғам қайраткері елдің рухани көзін ашқан Тұрар Рысқұлов туралы сөз айтылса еске бірден осыншама ұзаққа созылған ұлт-азаттық көтерілістер оралады.Тұрар Рысқұлов Қазақстан мен Орта Азия халықтарының 20-30 жылдардағы тарихында ерекше зор роль атқарған саяси қайраткер.Туған халқын азатттық жолындағы күреске бастаған қазақ зиялыларының көш басында тұрған аса ірі саяси жетекшілердің бірі және бірегейі-Тұрар Рысқұлов болатын. «Рысқұловшылдық» деп аталатын құбылыстың негізінде жатқан ерекшелік-кеңес өкіметінің соңынан ілескен қазақ халқының ұлттық күштерінің өз тағдырына өзі шешу бағытындағы күрес болатын.Рысқұлов Тұрар (1894-1938) – қазақ халқының көрнекті перзенті, белгілі қоғам және мемлекет қайраткері.

Содержание работы

I. Кіріспе
II. Негізгі ой
1)Тұрар Рысқұловтың өмірі жайлы
2)Қайраткердің атқарған қызметтері
3)Еңсесі биік-ел есінде
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

Баука Т.Рыскулов реферат.docx

— 44.10 Кб (Скачать файл)

Жоспар

I. Кіріспе 
II. Негізгі ой

1)Тұрар Рысқұловтың өмірі жайлы 
2)Қайраткердің атқарған қызметтері 
3)Еңсесі биік-ел есінде

III. Қорытынды 
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

Кіріспе

 

Жалпы тарихта ерекше орын қалдырған  қоғам қайраткері елдің рухани көзін  ашқан Тұрар Рысқұлов туралы сөз  айтылса еске бірден осыншама ұзаққа созылған ұлт-азаттық көтерілістер оралады.Тұрар Рысқұлов Қазақстан  мен Орта Азия халықтарының 20-30 жылдардағы тарихында ерекше зор роль атқарған саяси қайраткер.Туған халқын азатттық жолындағы күреске бастаған қазақ  зиялыларының көш басында тұрған аса ірі саяси жетекшілердің  бірі және бірегейі-Тұрар Рысқұлов болатын. «Рысқұловшылдық» деп аталатын құбылыстың негізінде жатқан ерекшелік-кеңес  өкіметінің соңынан ілескен қазақ  халқының ұлттық күштерінің  өз тағдырына өзі шешу бағытындағы күрес  болатын.Рысқұлов Тұрар (1894-1938) – қазақ халқының көрнекті перзенті, белгілі қоғам және мемлекет қайраткері.

 

ХХ ғасырдың 20-30 жылдары қазақ  халқының азаттық жолында күрескен зиялы азаматтардың бірі – Тұрар  Рысқұлов. Тұрар Рысқұлов 1894 жылы Верный уезіне қарасты Шығыс Талғар болысында (қазіргі Алматы облысы) дүниге келген. Әкесі Рысқұл Жылқайдаров 1904 жылы желтоқсанда патша үкіметінің зорлық-зомбылығына қарсы шыққаны үшін он жыл каторгалық жұмысқа кесіліп, Сахалинге жер аударылады. Он жасар Тұрар да Верныйдағы түрмеде әкесінің қасында болады.

Жастайынан Тұрар жалшылықта жүріп, байлардың малын бақты. 1907 жылы Қырғызбаев деген жалған тек алып Меркідегі  бұратаналарға арналған орысша-қазақша  бастауыш мектепке түседі.1910 жылы Рысқұлов Бішкектегі 1-дәрежелі ауыл шаруашылығы мектебіне қабылданып, оны 1914 жылы қазан айында бау-бақша өсіруші мамандығы бойынша бітіріп шығады. Бұл мектепті үздік бітірген оған Самара қаласындағы орта дәрежелі ауыл шаруашылығы училищесіне түсу үшін арнайы жолдама беріледі, бірақ училище директоры «қазақ – көшпелі, оған жер өңдеуді оқудың қажеті жоқ», – деп қабылдамай қояды. Тауы шағылған Рысқұлов 1915 жылы Ташкенттегі мұғалімдер семинариясына түсуге тырысады, бірақ оны мұнда да «бұратана» деген сылтаумен қабылдамайды. Ақыры ол оқу министріне арыздана жүріп, арнайы рұқсатпен емтихан тапсырады да, оқуға қабылданады. Күн көру үшін оқумен қатар Ташкент қаласының іргесіндегі Красноводск тәжірибе алаңында бағбан болып істеді. 1916 жылы жазда қазақ даласында ұлт-азаттық көтеріліс басталған кезде Рысқұлов оқуын тастап, Әулиеата уезіндегі Меркі ауылына аттанды. Ол Меркіге келген кезде халық ашық бас көтерулерге шығып, жер-жерде қарулы қақтығыстар өрши бастаған болатын. Ол Аққөз Қосанұлы бастаған көтерілісшілердің іс-әрекетіне ұйымдық сипат беріп, саяси бағдар сілтеді. Меркідегі көтерілістің өршіген кезінде Рысқұловты патша әкімшілігі тұтқындайды, бірақ оның іс-әрекетінен кінә таба алмай босатып жіберуге мәжбүр болады.

Тұрардың дүниетанымында отаршылдыққа қарсы сарын бірден көрінеді. Ол Түркістанның түркі тектес халықтарының бөлшектенбей біртұтас болып біріккенінде ғана отаршылдыққа қарсы шыға алатынын түсінді. Сондықтан ол 20-30 жылдары мемлекеттік саяси іске белсене араласып,  белді  ұйымдастырушысы  болды.

1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс пен одан кейінгі саяси оқиғалар Т.Рысқұловты демократиялық интеллигенцияның алдындағы шоғырынан өсіп шыққан революционер ретінде қалыптастырды. 1916 жылдың 25 маусымындағы патша жарлығына қарсы қарулы көтерілістер болып жатқан кезде ол Әулиеата уезіндегі көтерілісті ұйымдастырушылардың бірі болып, Мерке ауданында әрекет етіп жүрген халық батыры Ақкөз Қосанұлы бастаған көтерілісшілердің іс-әрекетіне ұйымдық сипат беріп, саяси бағыт- бағдар  сілтейді.1917 жылы ақпанда патша үкіметі құлатылғаннан кейін бүкіл елде жұмысшы, шаруа және солдат депутаттарының кеңестері және де басқа қоғамдық саяси ұйымдар құрыла бастады. Осындай жағдайда 1916 жылғы көтеріліс кезінде құрылған қазақ жастарының ұйымын Т.Рысқұлов 1917 жылғы ақпан революциясынан кейін қазақ жастарының революциялық одағы етіп, қайта түзеткен болатын. Ол кезде Қазақстанда бұл ұйымнан басқа 1917 жылы сәуірде Орынборда ,Ақмолада, тамыз айында Петропавлда, Түркістан станциясында, қазан айында Верныйда жастар ұйымдары құрылғаны белгілі. Бірақ бұл ұйымдар ағарту жұмысымен айналысты да, олардың көтеріліске байланысты нақты бағдарламалыр болмады. 
Т.Рысқұлов құрған одаққа 30 ға тарта қазақ, қырғыз, орыс т.б. жастар бірікті. Одақ оқушы өкілдерін интелегенттердің демократиялық бөлігін және прогрессивті ауыл мұғалімдерін біріктіріп, жергілікті болшевиктер мен әскери гарнизондармен байланыс жасай отырып, өзінің жұмысын негізінен қазақ еңбекшілерінің арасында  жүргізді.

1917 жылы жазда Ташкент  қаласында қазақ депуттарының Түркістан өлкелік кеңесі құрылды. Ол кеңестің жетекшілерінің бірі де Т.Рысқұлов болды. Солы жылғы 2 маусым күні Ташкентте майданның тыл жұмыстарыан оралған жұмысшылардың 16 адамнан тұратын ұйымдасытру бюросы құрылды. Бюро бүкіл Түркістан өлкесіндегі қоғамдық саяси қозғалыстағы өз орындарын анықтау ісін айқындауға ұмтылды. Ал сол жылдың 30 тамызында шаруа депутаттары кеңесі мен қазақ депутаттары кеңестері бірігіп ортақ атқару комитетін ұйымдастырды. Біріккен атқару комитетіне 6 адам орыс, 6 адам қазақ мүше сайланды. Бұл комитеттің құрамында да, Т.Рысқұлов болды.

1917-1918 жылдары Қазақстанда  аштық етек алып, Әулиеата уезінде  халықтың жағдайы өте ауыр  халде болған сәтте саяси және  ұйымдастырушылық белсенділігімен  танылған Т.Рысқұлов 1918 жылдың сәуірінде Әулиеата депутаттары Кеңесі атқару комитетінің төрағасының орынбасарлығына, ал шілде айынан бастап төрағалығына сайланды. Ол аштықты ауыздықтауда күш-жігерін жұмсап, уездік төтенше комиссия ұйымдастырып, ашыққан елді-мекендерде тамақтандыру пунктерін ашады, көктемдегі егіс жұмыстарын ұйымдастыру, қазақ кедейлерін көктемгі егіске қажет тұқыммен, құрал-сайманмен қамтамасыз ету сияқты жұмыстарды атқарады. Ал мамыр айында қазақ еңбекшілерінің уездік сьезін өткізеді. Уездегі бірқатар антикеңестік кулак көтерілістерін басуға қатысады. 
1918 жылы қарашада Т.Рысқұлов Түркістан АКСР Кеңестерінің VI сьезіне қатысып, Орталық Атқару Комитетінің құрамына сайланып, ТүркОКА-ның аппаратына қызметке ауысады. Қазақ-орыс қатынастарын реттеу, ұрлық, тонаушылықпен айналысқандарға тойтарыс беру, Әулиеата уезінің экономикалық жағдайын жандандыру сияқты мәселелерді шешуге тікелей араласады. Уездік Кеңестің сан түрлі қызметін ұйымдастыра отырып, Т.Рысқұлов бұрынғысынша негізгі күш-жігерін ашаршылықпен күресу ісіне бағыттайды.

1918 жылы күзде Т.Рысқұлов Түркістан Республикасының Денсаулық сақтау халық комиссары болып тағайындалды. Аштықпен күресе отырып, халық арасында кең тараған жұқпалы ауруларды жою ісін ұйымдастыру, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске қатысып, Қытайға ауып кеткен жерінен қайта оралған босқын қазақтарға азық-түлік көмегін көрсетуге күш салады. Т.Рысқұлов Түркістан АКСР аштықпен күресу жөніндегі Төтенше Орталық Комиссиясының қызметінде жүріп орасан жұмыстар жүргізді. 
1919 жылы наурызда Түркістан Республикасы Кеңесінің төтенше VIІ сьезінде Т.Рысқұлов Түркістан Орталық Атқару Комитеті төрағасының бірінші орынбасары болып сайланады. 1920 ж. 21 қаңтарда Түрккомиссияның қолдауымен Тұрар.Рысқұлов.Т.О.А. Комитетінің төрағасы болып сайланды. Осы кезде Тұрар Рысқұлов өзінің «Кеңестік Түрік Республикасын құру» турасындағы идеясын ұсынды.Тұрардың бұл идеяны ұсынуына біріншіден Түркістан кеңестік автономиясын Республика болып жариялап өз Конституциясын қабылдаса да жергілікті тұрғындар арасында отаршыл теңсіздіктің сақталуы, екіншіден, мемлекеттік билік орындарында мұсылман ұлт өкілдерінің тартылуына шек қойылуы, үшіншіден, коммунистердің Түркістан автономиясының Республикасын отар елге айналдырып, Шығыс хандықтарының арасында антиимпериалистік қозғалысты өрістетуге әрекет етуі  себепші  болды.

1920 ж. 17.12.- 20 қаңтарда болған  ТКП, Мұсбюро және Түрккомиссиясының  біріккен мәжілісінде Тұрар Рысқұловтың  бұл идеясы талқыланып, «Түркістан  автономисы» турасында тезис  қабылданды.Түрккомиссия мүшелері ұлттық Түркістан автономиясын құру идеясына қарсы келген жоқ.Алайда 1920 ж. ақпан айында Түрккомиссияға мүше болған М.В.Фрунзенің Ташкентке келуі олардың Тұрар Рысқұлов ұсынысына деген көзқарасын өзгертті.М.Фрунзенің ұсынысымен Түрккомиссия Түркістандағы мемлекеттік құрылыс бұрынғысынша автономиялық Республика есебінде РКФСР- дің құрамында қалуы керек деп түйіндеді.

1921 ж. 21 қаңтарда Тұрар  Рысқұлов ОАК- тің төрағасы  болып сайланды.Тұрардың ұлттық мемлекеттік құрылыс жөніндегі көзқарасы Түркістан Республикасы мен ТКП құру туралы шешім қабылдаған Мұсбюроның ҮІ өлкелік конференциясында да (1920ж .ақпан) қызу айтыс- тартысқа түсіп, конференцияға қатысушылардың да қолдауына ие болды.Сөйтіп ол Түркістан Республикасында түбірлі айырмашылығы бар жаңа ұлт саналатын жүргізу  үшін  белсене  кірісті.

Тұрар және оның төңірегіндегілер Түркістан Республикасы деп аталатын жаңа, егеменді Кеңестік Республика құруды ұсынады. 
Туыстас түрік тілдес халықтарды бөліп- жармай бір кеңестік егеменді Республикаға біріктіру ғана сан жағынан әлдеқайда басым славян халықтарының, әсіресе орыстардың ықпалына түсіп кетуден, рухани дүниемізді, тілімізді, дінімізді, дәстүр- салтымызды сақтап қана қоймай жан- жақты байыта түсуге мүмкіндік беретінін Тұрар Рысқұлов сол кездің өзінде- ақ  сезе  білген  еді. «Түркістанның жарасы»,- дейді Тұрар Рысқұлов- отарлық мәселе, яғни жергілікті қанаушыларды келімсек орыс қанаушыларымен  теңестіру». 1920 ж. 25 көкегінде В.И.Лениннің атына Түркістан Республикасының арнайы делегациясының баяндамасы табыс етіледі.Ол құжатқа Тұрар Рысқұлов, Н.Ходжаев, Т.Бек- Иванов және т.б. қол қойды. Баяндамашылар отар елдің болмысын суреттей келіп, орыс төңкерісінің кезек күттірмейтін проблемалары ретінде демократиялық мүдделер  тұрғандығын  ашық  білдіреді. Бұл құжатта Ферғананы қанға бояған дашнактардың ісі басмашылдық қозғалысты тудырып отырғаны, Жетісу мен Сырдария обылыстарында қара шекпенділердің қазақ халқына жасап отырған зәбірі, олардың жаппай қаруланып, барша билікті қолына жинап алып отырғаны туралы айтылады.Сондықтан да делінді онда, Түркістанда жергілікті халықтан тұратын қарулы күш құрмай, халық өз мүддесін қорғайтын билік орнатпай, бұл революция езілген елге нақтылы ізгіліктер әкелмейді. Сөйтіп, Т.Рысқұлов бастаған зиялылар отаршыл жүйеден әлі азаттық алмаған халыққа ресми биліктің қыл бұрау салып, төңкерісті  күшпен  тездетуге  қарсылық  білдірді.

1920 жылы сәуір айында осы мақсатқа арнайы құрылған съездерді шақыру туралы комиссия жұмыс істей бастады, алайда И.Лениннің және оның Түркістандағы комиссия өкілдерінің араласуы Түркістандықтарды өздірін өздері басқару ниетін басып тастады. Тұрар мұнан кейін де шынайы мемлекеттік дербестік идеясын табанды түрде қорғаумен болды, бірақ кейіннен оның бұл бағыттағы талпынысы өзіне қарсы қуғын сүргін болып тиді. Коммунистік ұйымдардың басын біріктіру желеуімен Мұсбюро жойылды. Ал, Тұрарға «Пантүрікшілік» пен «Ұлшылдық ауытқушылық» айдары тағылды. Осы кезден бастап Тұрарға тағылған партияға қарсы оппазиялық «Рысқұлшылдық»  айыбы  соңынан  қалмады.

1920 жылы 17 мамырда Т.Рысқұлов Мәскеу қаласына Түркістан делегациясын басқарып келген кезінде, В.И.Лениннің атына мынадай мазмұндағы хатын жолдайды: «.... не Кеңестер съезін Түркістан Републикасының орталық атқару комитетімен Түркістан халық комиссарлар кеңесін жою арқылы Түркістандағы барлық өкімет билігін Түркістан майданы революциялық әскери кеңесіне беру, сөйтіп, Түркістан өлкесіне әскери басқаруды енгізу, не болмаса Түріккомиссия түріндегі барлық аралық салымдарды жою және Түркістан майданы революциялық әскери кеңесінің билігін шектеу арқылы конституцияға сәйке бүкіл өкімет билігін жергілікті салықтың еңбекшілерінің қолына нақты  беру»

Т.Рысқұлов 23 мамырда БК (б) П ОК – жіберген құжаттада Республиканың егеменді мемелкетке тән құқығын ұсынды. Оған Республиканың ішкі ісіне араласпау, дипломатиялық қатынстарға ерікті болу, экономикалық саясатты халық мүддесіне сай жүргізу Республиканың қарулы күштерін құру, басқару жүйесін жергілікті адамдарды тарту және т.б. мәселелр  кірді.

1920 жылдың 16 маусымында Түркістан Бұратана Коммунситерінің өкілдері деп Т.Рысқұлов Ф.Ходжаев, Башқұртсатннан З.Валидов Қырғызстаннан (Қазақстанан А. Байтұрсынов қол қойған «В.И. Лениннің отар және ұлт мәселесі туралы тезистеріне қосымшалар» деген атпен В.И. Ленинге хат жолдады. Бұл хатты олар Ресейдің шығысында құрылған республикада өте жауапты беруін, бұратана халықтың екбекке партия,ғ шарушылық, әскери ұйымның жұмыстарында еркіндік беруін күн тәртібіне үзілді – кесілді  қойды.

1920 ж желтоқсанда Т. Рысқұлов Түрік ОАК – нің төрағасынан босатылып, Мәскеуге ұлт істер жөніндегі халық комиссариатына қызметке шақырды. Алғашқы бірнеше айда ол осы әкімшілік ұйымның Әзербайжандағы уәкілі болып қызмет істейді. Ол белсенді саяси өміріне етене араласып, ұйымдық, шарауашылық, мәдени сипаттағы шаруаларды іс ке асыруда жергілікті үкімет мүшелереіне ақыл – кеңес айтып, оларды қолдап  отырды.

Тұрар 1921 жылдың күзінде Мәскеуге қайта оралып, Халық Комиссариатының коллегиясының мүшесі, ол біршама уақыттан кейін Ұлт істер жөніндегі халық комиссариатының екінші орынбасары болып тағайындалды. Ол комиссариаттың саяси және мәдени ағартушылық жұмыстарын жүргізіп, РКФСР аумағындағы университеттер мен жоғ оқу орындары жүйесіне басшылық жасады. Алайда оның Ұлт істер жөніндегі Халық комиссариатының екінші орынбасары болып тағайындалды. Ол комиссариаттың саяси және мәдениағартушылық жұмыстарын жүргізіп, РКФСР аумағындағы университеттер мен жоғарғы оқу орындары жүйесіне басшылық жасады Алайда оның Ұлт істер жөніндегі Халық комиссариатындағы қызметі аса ауыр психологиялық жағдайда өтті. 
Өйткені, ол сол кездердің өзінде қазақ зиялылары «ұлтшыл» «пентүрікшіл» деген айыптары ілініп, саяси сенімсіз ретінде И.В. Сталиннің таратылған үнемі қысымға ұшырап отырған еді. 
Мемлекет ісіне белсене араласа жүріп, бай саяси тәжірибелер жинақтап, ол өзінің саяси қайраткер дәрежесіне көтере білді. Жоғары үкімкттің сенім артуымен 1924-1925 жылдары ол Комминтеріннің Монғолиядағы Халық – Революциялық партиясына көмек көрсету жөніндегі өкілі болып жұмыс істеді және осы елді демократияландыру жолындағы реформаларды жүзеге асыруға қатысты. Оның ұсынысы бойынша мемлекет астанасы – Урга қаласы Улан-Батор (“Қызылш батыр”) болып аталды. 
Т.Рысқұлов қандай қызметте болсын әрқашан да бар талант, жігерімен еңбек етуге күш салды. Республикамыздың өркендеп алдыңғы қатарлы елге айналуын көздеді. Ол жауапты партия мен мемлекет қызметтерін атқара жүріп, ұлттық-мемлекттік, шаруашылық және мәдени-құрылыс мәселелерін шешуге белсене қатысты. Орта Азия мен Қазақстанның оңтүстік аймағының көп саласы экономиканың дамуына үлкен үлес қосты. Оның бастамасы бойынша мал шаруашылығы, егіншілік, мақта өсіру мен жер суландыру сияқты ауыл шаруашылығын қалпына келтірудің бірінші кезектегі міндеттері шешілді.

РКФСР Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасының орынбасары бола отырып, көптеген қызметтер атқарды. Оның іргелі қызметтерінің бірі – Түркісібке басышылық ету болып табылады. 
1926ж 6-қарашасында өткен мемлекет жоспарлау комитетінің президиум мәжілісінде Тұрар Рысқұлов Түркістан мен Сібірді Теміржол арқылы байланыстырудың аса маңызды шаруашылық міндет екенін баса айтып, осыған орай өз ұсыныстарын баяндады. Сонымен қатар ол бұл жол іске қосылса Орта Азия мен Жетісуды Сібірдің арзан нанымен қамтамасыз етуге Орта Азияда мақта алқаптарын кеңейтіп оның өнімдерін орталыққа жеткізуге қолайлы, мүмкіндіктер туатындығын, Қытай және Батыс Монғолия мен сауда қатынастарын жанданатындығын баса  көрсетті.

1926 жылы 26 қарашада БКП (ОК) – ті Сібір мен Орта Азияны жалғастырып тұратын Түркістан Теміржолын салу турасында шешім қабылдады. Түркістан, Сібір теміржолының екі бағытта Солтүстік Семейден Оңтүстік фрунзеден (қазіргі Бішкек ЖА) басталуы тиіс болды. РКФСР ХК – де осы құрылысқа тікелей басшылық жасайтын комитет құрылып, оның төрағалығына Тұрар Рысқұлв, орынбасарлығына А.Б Халатов, ғылыми хатшысына Б.Х Шиегенов  тағайындалды.

Түркісіб мәселесі Тұрар Рысқұловтың күн сайын араласатын шаруасына айналды десе де болады. Бұған көптеген мысалдар келтіруге болады. Мәселен 1927 жылы мамыр айының соңында ол оның осы құрылысқы жәрдемдестігін комитет Мәскеде баяндама жасаса, осы комитеттің 16 маусымында болған төралқа мәжілісінде қызу айтысқа қатысады, ол сол айдың 24 і күні КСРО Еңбек және қорғаныс Кеңесі (СТО – совет труды обороны) мәжілісінде «Түркісіб құрылысы жөнінде» баяндама жасады.

Комитет құрылысы оның Солтістік бөлігінде 1927 жылдың сәуірінен басталса, Оңтүстікте жолды төсеу 21 қарашада басталды. Бұл жылдың маңызын терең түсінген Тұрар жұмысқа зор ынта жігерімен кірісіп, жолдың мерзімінен бұрын салынып бітуі үшін көп іс тындырды. 
Аса зор шаруашылық әрі саяси маңызы үлкен осы құрылысқа Тұрар Рысқұлов басқа белгілі мамандармен қатар Қазақтан шықан тұңғыш жоғары білімді теміржол инженері – Мұхамеджан Тынышбаевты шақырды.1930 жылы мамыр айында Ертіс көпірінің үстінен теміржолдың бітуіне орай Түркісіб басқармасына жіберген жедел хатында Тұрар Рысқұлов бұл темір жолдың Орта Азиямен сібір экономикасын өркендетуніе үлес қосатын жартылай атап  көрсетті.

Тұрар Рысқұлов тек Түркістан Сібір темір жолын салуға белсене араласып қоймай сонымен бірге Қарағанды көмір бассейнін Балхаш мыс қорыту, Семей консерві комбинаттарын, Шымкент қорғасын зауытын салу ісіне жан – жақты көмек көрсетіп, қамқорлық жасады. Сол кеңестік Қазақстанды индустрияландыру ісіне өзіндік үлесін қосты. 
Ф.И.Голощекиннің 1925-33 жылдары Қазақстандағы басшылығы тарихымыздағы 20-30 жылдардағы қоғамдық-саяси өмірдің күрт өзгеруіне әкеліп соқты. Ол “Кіші Қазан” саясатын И.В.Сталиннің қолдауымен байлар мен орта шаруалардың мал-мүлкін тәркілеуден бастады. Ал 20-шы жылдардың аяқ шенінде ауыл шаруашылығын ұжымдастыру науқанын бастап, зорлық, күштеумен қазақ халқын отырықшыландыруға кірісті. Зорлап отырықшыландыру барысында бұрмалаушылық, асыра сілтеушілік орын алып, өрескел қателіктер жіберілді. Ұжымдастыру нәтижесінде Қазақстандағы 40 млн мал саны 4,1 млн-ға дейін кемиді. Елді аштық жайлап, жұқпалы аурулар тарады.Елдегі қалыптасқан жағдайды, үкімет тарпынан жіберіліп жатқан өрескел қателіктерді айтып Т.Рысқұлов И.В.Сталинге, қазақ өлкелік комитеттерінің бірінші хатшысы Л.Мирзоянға бірнеше хат жолдайды.Тұрардың өз халқы үшін өлімге бас тіккен бұл әрекеті-теңдессіз ерлік.Мұны көрнекті жазушы, драматург Ш.Мұртазаев: Рысқұлов Сталинге жазған хатында «ұстараның жүзімен»жүріп отырған,сәл тайқып кеткенде-бітіп»еді.

Информация о работе Тұрар Рысқұловтың өмірі мен қызметі