Зоология зоогигиена

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Июня 2013 в 21:48, лабораторная работа

Описание работы

Зоогигиена — мал денсаулығын сақтауға бағытталған ғылым. Себебі оның атауы грек сөздерінен алынған: zoon — жануар және hygieinos — сау деген мағынаны білдіреді. Зоогигиена малдарға қоршаған орта жағдайы және тіршілік шарттарының әсерін зерттеп, оларды дұрыс күтіп бағу, азықтандыру, ұстау және пайдалану әдістерін жасап шығарады, жағымсыз факторларды жоюға және жағымды факторларды барынша қолдануға ұсыныс жасайды. Ауыл шаруашылығы жануарларының денсаулығы — бұл ағзаның қоршаған ортамен тепе -теңдіктегі және қандай да болмасын патологиялық өзгеріссіз, яғни ағзаның құрылымы және қызметі бір біріне сай, реттеуші жүйелері ішкі ортаның тұрақтылығын сақтау қабілетіне ие болуымен сипатталатын ағзаның табиғи физиологиялық күй-жағдайы деп білеміз, міне сондықтан зоогигиенаны көбінесе практикалық физиология деп атайды.

Файлы: 1 файл

48953.doc

— 3.72 Мб (Скачать файл)

Титрлеуге дейінгі және одан кейінгі  шығындалған KMnO4 ертіндісінің миллилитрмен алынған мөлшері 10 мл 0,01 нормальды қымыздық қышқылының титріне тең және тотыққанда 0,8 мг оттегін бөледі.

4.3.2 Зерттелетін судың  тотығуын анықтау барысы:

100 мл зерттелетін су толтырылған  колбаға 5 мл күкірт қышқылының  ертіндісі мен 8 мл KMnO4 ертіндісін қосады. Сұйықты қыздырып, 10 минут қайнатады. Егер сынамада органикалық заттар көп болса, ол қайнағанда бірден қоңырланып, түссізденуі мүмкін. Қыздыруды тоқтатқанда колбаға 10 мл 0, 01 нормальды қымыздық қышқылының ертіндісін қосып, сұйықты әлсіз қызғылт рең алынғанша KMnO4 ертіндісімен титрлейді.

Соңында титрлеуге дейін және титрлеу  үрдісінде колбаға енгізілген KMnO4 барлық мөлшерін есептейді. Алынған саннан 10 мл 0,01 нормальды қымыздық қышқылының ертіндісімен реакцияға түскен KMnO4 мөлшерін есептейді, ал қалдығы бойынша 1 л зерттелетін суда еріген органикалық заттарды тотықтыру үшін қажет болған оттегі мөлшері туралы айтуға болады. 

Есептеу мысалы:

10 мл 0,01 нормальды қымыздық  қышқылының ертіндісін титрлеу  үшін 11,2 мл KMnO4, зерттелетін суды титрлегенде 14,3 мл KMnO4 шығындалды.

Осылайша, 100 мл зерттелетін судағы органикалық заттарды тотықтыру  үшін 3,1 (14,3-11,2)мл KMnO4 шығындалды, бұл 1000 мл суға шаққанда 31 мл болады. Органикалық заттарды тотықтыру үшін шығындалған оттегі мөлшерін (х) есептеу үшін пропорция құрамыз:

11,2 – 0,8

  1. – х         

бұдан х = 2,21 мг оттегі

 

Органикалық заттардың  үлес салмағы туралы шамамен көрініс  тотығуға кеткен оттегінің салмақ санын 20 көбейткенде алынады.

 

33-кесте – Зерттеу нәтижелерін жазу 

Су сынамасы

I титр

(дистилл. су)

II титр

(зерттелетін су)

Титрлер айырмасы

Тотығуы мг/л

1

 

     

2

 

     

3

 

     

4

 

     

5

 

     

4.4 Судың кермектігін анықтау

 

Жұмыстың мақсаты: судың карбонатты және жалпы кермектігін анықтау әдістемесін меңгеру.

Судың кермектігі ондағы сілтілі металлдар кальций мен магнийдің еріген тұздарының болуына байланысты. Кейбір жағдайда судың кермектігі темір, марганец, алюминийдің шала тотық тұздарының болуымен шартталады.

Судың кермектігінің  артуы оның ыдырау барысында топырақтан кальций мен магнийдің кермек тұздарын сілтілеуге жағдай жасайтын көмірқышқылы түзілетін органикалық заттармен ластануына байланысты болуы мүмкін. 

Кермектіктің: жалпы, карбонатты, жойылатын және тұрақты түрлері  болады.

Жалпы кермектік- кальций мен магний тұздарының бүкіл жиынтығымен шартталған шикі судың кермектігі.

Карбонатты  кермектік- кальций мен магнийдің еріген гидрокарбонаттары және карбонаттарымен шартталған шикі судың кермектігі.

Жойылатын кермектік- судың қайнатқан кезде жойылатын кермектігі, кальций мен магнийдің суды қайнатқанда ыдырап, ерімейтін көмірқышқыл тұздарына айналатын қос көмірқышқыл тұздарының болуымен шартталады.

Тұрақты кермектік- судың бір сағаттық қайнатудан кейін хлоридтер, сульфаттар, бірен саран кальций мен магний карбонаттары қалатын кермектігі.

Судың кермектігі 1 литр суда миллиграмм-эквивалентпен көрсетіледі. Кермектіктің бір миллиграмм-эквиваленті 28 мг кальций тотығының (немесе 1 л судағы 20,16 мг магний тотығының) мөлшеріне сәйкес келеді.

Егер есептеуді кальций мен магнийдің мөлшері бойынша ғана жүргізсе, онда 1 мг/экв кермектік 1 л судағы 20,04 мг кальций немесе 12,16 мг магний мөлшеріне сәйкес келеді, мұнда 20,04 пен 12,16 – кальций мен магнийдің атомдық салмағының жартысына тең болатын эквивалентті салмағы.

Судың кермектігін градуспен де беруге болады. Кермектіктің бір градусы 10 мг кальций тотығының мөлшеріне сәйкес келеді. Бұдан  1 л судың 1 мг/экв кермектігі 2,80 тең.

Кермектігі 100 (1 л суда 3,5 мг/экв) дейін болатын су жұмсақ, 10 нан 200 (1 л суда 3,5-7 мг/экв) – орташа кермектік, 20-300 (1 л суда 7-10,5 мг/экв) – кермек және 400 жоғары (1 л суда 14 мг/экв) – өте кермек болып саналады. Ауыз судың жалпы кермектігі 30-400 жоғары болмағаны жөн. 

4.4.1 Карбонатты кермектікті  анықтау

Әдіс принципі метил қызғылт сарысы индикаторының қатысуымен карбонаттарды тұз қышқылымен титрлеуге негізделген. Әдістің негізінде келесі реакция жатады:

          Ca(HCO3)+ 2HCl = CaCl2 + H2O +  2CO2

           Mg(HCO3)2 + 2HCl = MgCl2 + H2O + 2CO2

Титрлеуге кеткен 1 мл 0,1-N тұз қышқылы ертіндісіне 2,8 мг кальций тотығы сәйкес келеді.

Ыдыстар мен реактивтер: 1) 0,1 нормальды тұз қышқылы ертіндісі; 2) 1 %-ды метил қызғылт сарысы ертіндісі; 3) 100 мл бюреткалар; 4) сыйымдылығы 150 мл болатын конус колбалар; 
5) пипеткалар.

Анықтау барысы: сыйымдылығы 150 мл болатын конус колбаға  өлшегіш пипеткамен 100 мл зерттелетін су құяды, оған 2-3 тамшы метил қызғылт сарысын қосып, 0,1 н тұз қышқылы ертіндісімен қызғылт түске боялғанша титрлейді. Титрлеуді 2-3 рет жүргізіп, орта шамасын есептейді. Есептеуді келесі формула бойынша жүргізеді:

 

х = (а · 0,1 · 100) / V

 

мұнда х – карбонатты кермектік, 1 литрге мг/экв; а –титрлеуге кеткен 0,1 н тұз қышқылы ертіндісінің мөлшері, мл; 0,1 – қышқыл титрі; V – зерттелетін судың көлемі.

4.4.2 Жалпы кермектікті анықтау

Әдістің принципі сілтілі қоспаның көмірқышқылды кальций мен магний тотығы гидратын түзіп тұнбаға түсетін судағы кальций мен магнийге әсер етуіне негізделген. 

Ыдыстар мен реактивтер: 1) сілтілі қоспа (0,1-н Na2CO3 және 0,1-н NaOH ертіндісінің тең бөліктерінің қоспасы); 2) тұз қышқылының 0,1 нормальды ертіндісі; 3) 1%-ды метил қызғылт сарысы; 4) сыйымдылығы 200 мл болатын өлшеу колбасы; 5) 100 мл бюреткалар; 6) пипеткалар; 7) қыздыратын құрал.

Анықтау барысы: Карбонатты кермектікті анықтағаннан кейін, бұл колбаға бюреткадан 20 мл сілтілі қоспасын қосып, 3 минут қайнатады.

Сұйықтықты суытады, өлшегіш цилиндрге құяды, 200 мл дейін дистиллденген су қосып, сүзеді. 100 мл фильтратты алып, оған 1-2 тамшы индикатор қосады да 0,1 н тұз қышқылының ертіндісімен титрлейді.

Титрлеуге қоспаның жартысы  ғана алынғанын ескеріп (100 мл фильтрата), титрлеуге кеткен ертінді миллилитрі санын 2 –ге көбейтіп, сілтілі жер металдарының тұздарымен реакцияға түспеген сілтілі ертіндінің миллилитрі санын көрсететін санды алады. Бұл санды 20 мл сілтілі ертіндіден алып тастап, 2,8 көбейтіп, жалпы кермектікті табады.

Тұрақты кермектік жалпы  және  карбонатты кермектіктің арасындағы айырманы береді.  

Есептеу мысалы: 100 мл фильтратты титрлеуге 6,5 мл 0,1 н тұз қышқылының ертіндісі шығындалды. Жалпы кермектік 6,5 х 2 = 13 мл, 20 – 13 = 7 мл, 7,мл х 2,8 = 19,60 тең болады.

Тұрақты кермектік жалпы  және  карбонатты кермектіктің айырмасы ретінде 19,6 –7,0 = 12,6тең.

 

34-кесте – Зерттеу нәтижелерін жазу 

Су сынамасы

Судың кермектігі

Карбонатты

Тұрақты

Жалпы

1

     

2

     

3

     

4

     

5

     

4.5 Cуды хлорлау

 

Жұмыстың мақсаты: хлорлы әктегі белсенді хлордың мөлшерін анықтау; берілген су көлеміне арналған хлорлы әк ертіндісінің қажетті мөлшерін анықтау; хлорланған суды хлорсыздандыруды жүргізу.

Суды тұндыру, коагуляциялау және фильтрациялау арқылы тазартқанда оны әртүрлі микроағзалардан, сонымен қатар патогенді микроағзалардан толық тазарту мүмкін емес.

Сондықтан, санитарлық тұрғыдан қауіп төндіретін ауыз суды қайнату арқылы, ультракүлгін сәулелермен, ультрадыбыспен, гамма сәулелендірумен, озондаумен, күмістеумен және хлорлау арқылы зарарсыздандырады.

Қазіргі кезде көбінесе суды хлорлайды, ол үшін хлорлы әкті және хлорды (хлор суымен) қолданады. Хлорлы әкті әк сүті арқылы газ тәрізді хлорды өткізу арқылы алынады.

Судың ластану дәрежесіне байланысты белсенді хлордың мөлшері, 0,5 тен 25 мг/л және одан жоғары ауытқиды. Белсенді хлордың суға әсер ету уақыты да әртүрлі: 15-20 минуттан 1-2 сағатқа дейін болады және судың хлор қажеттілігіне, микроағзалар болуына және суды зарарсыздандырудың қаурыттығына байланысты.

Хлорлы әктің белсенді бөлігі кальций гипохлориды болып табылады, ол сумен әсерлескенде хлорлылау қышқыл түзіп ыдырайды.  Соңғысы бөліну кезінде стерильдеуші әсер көрсететін хлор мен оттегіне ыдырайды.

Ауадағы көмірқышқылдың, ылғалдың, жарық пен жоғары температураның әсерінен хлорлы әк белсенді хлорды жоғалтады да оның дезинфекциялаушы қасиеті күрт төмендейді. Сондықтан суды хлорлау кезінде хлорлы әктегі белсенді хлордың мөлшерін білу қажет. 

Жақсы хлорлы әкте 35-32 % белсенді хлор болады. Белсенді хлор 20% төмен болса, хлорлы әк суды зарасыздандыруға қолдану үшін жарамсыз деп саналады. 

4.5.1 Хлорлы  әктегі белсенді хлордың мөлшерін  анықтау  

Әдістің принципі: қышқыл қатысуымен ертіндідегі хлордың йодты калийден бос йодтың баламалы мөлшерін ығыстыруына және оны күкірттілеу  натриймен (гипосульфитпен) титрлеуге негізделген.

Реактивтер: 1) 1 %-ды хлорлы әк ертіндісі (1 г хлорлы әкті фарфор табақшаға өлшеп салып, оған 5-10 мл дистилденген су құяды да таяқшамен ботқа тәрізді масса түзілгенше езеді  де, өлшеу стаканына салып, табақшаны аздаған үлеспен дистилденген сумен шайып,  100 мл көлемге дейін жеткізеді); 2) 25 %-ды күкірт қышқылы ертіндісі; 3) 5 %-ды йодты калий ертіндісі; 4) 1 %-ды крахмал ертіндісі; 5) 0,01-н гипосульфит ертіндісі; 6) титрлеуге арналған колба; 7) бюреткалары бар штатив.

Анықтау барысы: Сыйымдылығы 250 мл болатын колбаға 50 мл дистилденген су құйып,  2 мл 1 %-ды хлорлы әк ертіндісін қосады. Содан кейін 1 мл 25 %-ды  күкірт қышқылын, 5 мл 5 %-ды йодты калий ертіндісін және 1 мл 1 %-ды крахмал ертіндісін қосады. Бөлінген йод крахмалмен көк түс береді. Қоспаны 0,01-н гипосульфит ертіндісімен түссізденгенше титрлейді.

Белсенді хлордың пайыздық мөлшерін (х) есептеуді төмендегі формула  бойынша есептейді:

 

х = (а · 0,355 · 10) / 2

 

мұнда: а – титрлеуге  кеткен гипосульфит миллилитрлерінің саны; 2 – зерттеуге арналған әк ертіндісі  миллилитрінің саны; 0,355 – 1 мл гипосульфит  ертіндісімен байланысқан белсенді хлордың мөлшері, мг; 10 – белсенді хлордың миллиграмдарын берілген шарттарда пайыздық мөлшерге айналдыратын көбейткіш.

Есептеу барысы: 2 мл 1 %-ды хлорлы әкті титрлеуге 16,8 мл 0,01 н гипосульфит ертіндісі шығындалды. Белсенді хлордың мөлшері: х = ( 16,8 · 0,355 · 10) : 2 = 29,8 % тең болады.

4.5.2 Берілген  су көлемі үшін қажетті хлорлы әк ертіндісінің санын анықтау 

Шаруашылық жағдайларда  суды хлорлау үшін хлорлы әктің қажетті  санын келесі жеңілдетілген әдіспен  анықтайды.

Зерттелген суды колбаларға әрбіреуіне 100 мл-ден құяды. Содан  кейін әртүрлі мөлшерде 1 %-ды хлорлы әк ертіндісін: бірінші колбаға – 0,5 мл, екіншіге – 0,6 мл, үшіншіге – 0,7 мл және төртінші колбаға – 0,8 мл құяды. Ертіндіні суға қосқаннан кейін араластырып, хлормен жанасуы үшін 1,5-2 сағатқа қалдырады.

Содан кейін әрбір  колбаға 5 тамшыдан 25 %-ды күкірт қышқылын,  5 тамшы 1 %-дық крахмал ертіндісін, 3 тамшы 5 %-дық йодты калий ертіндісін қосып, шыны таяқшалармен араластырады. 

Әрбір төрт колбада судың  түсі біркелкі болмайды. Белсенді хлор толығымен органикалық заттардың  тотығуына жұмсалған колбада су түссіз болады. Артық хлоры бар колбаларда су көк түске боялады.

Суға хлордың қажетте  мөлшері қосылған колбада су көгілдір түске боялады. Мысалға: 0,6 мл 1 %-ды хлорлы әк құйылған су сынамасында көгілдір түс пайда болды делік, яғни бір литр құдықтағы суды зарарсыздандыруға 6 мл 1 %-ды хлорлы әк ертіндісі қажет болады деген сөз. Құдықтағы, су қоймасындағы, цистернадағы су мөлшерін біле отырып, хлорлы әк ертіндісінің қажетті санын немесе белсенді хлордың миллиграммдарын есептеу оңай болады. 

4.5.3 Суды дехлорлау

Суды хлордың жоғары мөлшерімен зарарсыздандыру міндетті түрде дехлорлауды қажет етеді. Суды гипосульфитпен  хлорсыздандырудан  кейінгі қалдық хлордың мөлшері 0,3-0,5 мг/л болатындай етіп есептеп, дехлорлайды. Хлорланған суда хлордың иісі мен  дәмі болмауы керек.  

Анықтау барысы: Колбаға хлорланған 0,5 л суды алады да оған 1 мл 5 %-ды йодты калий, 1 мл 1 %-ды крахмал ертіндісін қосады да  0,01-н гипосульфит ертіндісімен көк түс жойылғанша титрлейді.

Гипосульфиттің қажетті  мөлшерін есептеу келесі формуламен жүргізіледі:

 

х= ((а · 2 · 0,355) – 0,5) / 0,355 · 2,48

 

мұнда: х – 1 л зерттелетін  судағы артық (рұқсат етілетін мөлшерден  артық) хлор мөлшерін дехлорлауға гипосульфиттің қажетті саны  (мг); а – 0,5 л судағы  артық хлорды титреуге кеткен гипосульфит ертіндісінің мөлшері, мл; 2,48 – 1 мл 0,01-н ертіндісіндегі  гипосульфиттің мөлшері, мг; 0,5 – 1 л судағы белсенді хлордың рұқсат етілетін мөлшері, мг.

 

35-кесте – Зерттеу нәтижелерін жазу 

Су сынамасы

Белсенді хлордың пайыздық мөлшері 

Хлорлы әк ертіндісінің қажетті саны 

Хлорсызданған артық  хлор үшін  гипосульфит мөлшері, мг

1

     

2

     

3

     

4

     

5

     

Информация о работе Зоология зоогигиена