Антибиотиктер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Апреля 2014 в 22:49, реферат

Описание работы

Антибиотиктер (гр. autі — қарсы және гр. bіos — тіршілік) — микроорганизмдердің өсуін, көбеюін тежейтін немесе тоқтататынмикробтар, өсімдіктер мен жануарлар клеткасынан алынатын органикалық зат; микроағзалармен жоғары өсімдіктермен және жануарлармен микроағзаларды және ісік жасушаларының дамуын басатын және жоятын заттар. Антибиотиктер төменгі молекуларлы қосылыс оның құрамына көміртегі-оттегі және сутегінен басқа азот (1 немесе 2 аммин тобы түрінде) және 1 немесе 2 карбоксильді топтар енеді.
Антибиотиктердің әсер ету нетижелігі дәрілік заттың физикалық химиялық қасиетіне, мөлшеріне, пішініне, егу жолдарына және басқа да жағдайларға байланысты екендігін анықтап береді. Әртүрлі антибиотиктер әртүрлі микроорганизмдерге әртүрлі әсер етеді.

Содержание работы

І. Кіріспе.
ІІ. Негізгі бөлім.
2.1. Антибиотиктерге жалпы сипаттама және олардың шығу тегі.
2.2. Антибиотиктердің әсер ету механизмі
2.3. Антибиотиктердің микроорганизмдерге әсер етуі
ІІІ. Қорытынды.
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер.

Файлы: 1 файл

Документ Microsoft Word (2).doc

— 512.00 Кб (Скачать файл)

Жоспар:

І. Кіріспе.

ІІ. Негізгі бөлім.

2.1. Антибиотиктерге жалпы сипаттама және олардың шығу тегі.

2.2. Антибиотиктердің әсер ету механизмі

2.3.  Антибиотиктердің микроорганизмдерге әсер етуі

ІІІ. Қорытынды.

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І. Кіріспе.

 

Антибиотиктер (гр. autі — қарсы және гр. bіos — тіршілік) — микроорганизмдердің өсуін, көбеюін тежейтін немесе тоқтататынмикробтар, өсімдіктер мен жануарлар клеткасынан алынатын органикалық зат; микроағзалармен жоғары өсімдіктермен және жануарлармен микроағзаларды және ісік жасушаларының дамуын басатын және жоятын заттар. Антибиотиктер төменгі молекуларлы қосылыс оның құрамына көміртегі-оттегі және сутегінен басқа азот (1 немесе 2 аммин тобы түрінде) және 1 немесе 2 карбоксильді топтар енеді.

Антибиотиктердің әсер ету нетижелігі дәрілік заттың физикалық химиялық қасиетіне, мөлшеріне, пішініне, егу жолдарына және басқа да жағдайларға байланысты екендігін анықтап береді. Әртүрлі антибиотиктер әртүрлі микроорганизмдерге әртүрлі әсер етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  

 ІІ. Негізгі бөлім.

2.1. Антибиотиктерге жалпы сипаттама және олардың шығу тегі.

  Антибиотиктер - қатерлі ісіктердің дамуын және микроорганизмдердің өсуін тежейтін, микроорганизмдерден, жануарлар мен өсімдіктер клеткасынан өндірілетін химиотерапевтік заттар мен олардың туындылары.

     Бірінші антибиотикті 1929 ж. ағылшын бактериологы А.Флеминг ашты. Ол көгергіш саңырауқұлағы Пенициллиум контатумды зерттеу кезінде бактериялық культураның өвуіне кедергі жасайтын затты анықтап, оны пенициллин деп атады.

      1940 ж. Г.Флори және  Э.Чейн пенициллинді алды. 1945 ж. А. Флеминг, Г.Флори және Э.Чейн Нобель  лауреаты атағын алды.

      Антибиотиктердің  жіктелуі.

      А.Флеминг алғашқы  антибиотикті ашқаннан кейінгі 60 жыл ішінде 6000-ға жуық антибиотиктер  алынды, сондықтан қазір ең маңызды  мәселелердің бірі осы препараттарды  жүйелеу болып отыр. Антибиотиктердің  әртүрлі жіктелуі бар, бірақ оның  ешқайсысы жалпы қабылданған емес. Антибиотиктердің ең басты жіктелуі, химиялық құрамына байланысты (1 таб.).   Таблица 1.

    Кластар

Кластың атаулары

Өкілдері

1

β-лактамдар

Пенициллин, цефалоспорин т.б.

11

Макролиттер

Эритромицин, олеандомицин т.б.

111

Амингликозидтер

Стрептомицин, канамицин,гентамицин, амикацин т.б

1V

Тетрациклиндер

Окситетрациклин, метациклин т.б.

V

Полирептидтер

Полимиксин т,б.

V1

Полиендер

Нистатин, амфотерицин В, фумагиллин

V11      

Анаамициндар

Рифампиицин т.б.

Қосымша

 

Левомецитин, линкомицин,

класс

 

гризеофульвин т.б.


 

 Алыну кезіне байланысты антибиотиктерді 4 топқа ажыратады.

  1. Саңырауқұлақтардан алынатын антибиотиктер, мысалы׃

Пенициллиум (пенициллин, гриаеофульвин), цефалоспориум  (цефалоспорин), фузидум (фузудин) және т.б.

  1. Актиномициттерден алынатын антибиотиктер, бұл топқа

антибиотиктердің 80% енеді. Актиномициттердің арсында ең негізгі стрептомицин, эритромицин, левомицетин, нистатин және басқа антибиотиктерді өндіретін стрептомицес өкілдері.

  1. Бактериалардан алынатын антибиотиктер. Бұл мақсатта жиі

қолданылатын Бацииус және Pseudomonos өкішлдері. Бұл топқа мысал ретінде полимиксинді айтуға болады

  1. Жануарлардан алынатын антибиотиктер. Оларға пияздан,

сарымсақтан, басқа өсімдіктерден алынатын фитонцидтерді жатқызуға болады. Олар өте тұрақсыз қосылыстар болғандықтан таза күйінде алынбаған. Көптеген өсімдіктердің антимикробтық қасиеті бар. Мысалы, ромашка, шалфей, календула.

Антибиотиктерді алудың 3 тәсілі бар.

Биологиялық синтез.

Бұл тәсілиен антибиотиктерді алу үшін, микроорганизмдердің жоғарғы өнімді штамдарын және оларды өсіретін арнайы қоректік ортаны пайдаланады. Мысалы, бұл тәсілмен пенициллинді алады.

 Химиялық синтез.

Кейбір антибиотиктердің құрылымын білгеннен кейін, оларды химиялық синтездеу тәсілімен алу мүмкіндігі туады. Мысалы, бұл тәсілмен алынған алғашқы антибиотиктердің бірі- левомицетин.

  Комбинирленген тәсіл.

Бұл тәсіл алдыңғы екі тәсілдің ұштасуы болып табылады. Биологиялық синтез жолымен антибиотиктің ядросын алса ( мысалы, пенициллиннен β-аминопенциллен қышқылы) ал, химиялық синтез жлымен оған әртүрлі радикалдарды қосады. Осы тәсілмен алынған антибиотиктерді жартылай синтетикалық деп атайды. Мысалы: жартылай синтетикалық цефалоспорин, тетрациклин антибиотиктері кеңінен қолданыс тапқан. Жартылай синтетикалық антибиотиктердің ерекшелігі олардың табиғи антибиотиктерге тұрақты микроорганизмдердің сезімталдығы болып табылады. Бұл әдіс антибиотиктер өндірісінде кеңінен қолданылады.

  

2.2. Антибиотиктердің әсер ету механизмі.

Антибиотиктерді әсер ету механизміне микроорганизмдеріне байланысты бірнеше топқа бөледі. Бұлардың әрқайсысы кең спектрлік және кең емес спектрлік болып 2 подгруппаға ажыратылады.

    Антибактериялық антибиотиктер- препараттардың ең көп санды тобы. Соның ішінде бактериалардың барлық өкілдеріне әсер ететін кең спектрлі әсер етушілер басым. Кең спектрлі әсері бар антибиотиктерге аминогликозидтер, тетрациклиндер және т.б. жатады. Тар спектрлі антибиотиктер бактериалардың кейбір өкілдеріне ғана әсер етеді. Мысалы: полимиксин тек грам теріс, ал ванкомицин тек грам оң бактериаларға әсер етеді.

    Саңырауқұлақтарға қарсы антибиотиктер. Құрамына препараттардың аз мөлшері ғана кіреді.Кең спектрлі антибиотикке, мысалы, бластомикоз, кандидоз, аспергилез кезінде эффектілік көрсететін амфотерацин В-ны  жатқызуға болады.

    Антипротозоиттық антибиотиктер – аз санды препараттар. Мысалы амебиаза кезінде тар спектрлі антибиотик-фумагим пайдаланылады.      Антивирусты антибиотиктердің қазіргі уақытта бірде-бір өкілі алынған жоқ.

      Ісікке қарсы антибиотиктер- көп санды препараттар. Олардың цитатоксикалық әсері бар. Олардың көбісі ісіктерде қрлданылады, мысалы: рубомицин, митомицин.

     Антибиотиктердің антибактериялық әсері бактериалардың өлуіне әкелетін бактерицидтік болуы мүмкін. Бактериостатикалық антибиотиктердің дозасын көбейтсе, ол да бактериалардың өлуіне әкеледі. Саңырауқұлаққа қарсы антибиотиктердің де осыған ұқсас әсері болады. Фунгицидті және фунгиостатикалық. Көбінесе ауыр ауруларға бактериоцидтік және фунгицидтік антибиотиктерді қолданады. Микроорганизмдерге антибиотиктердің әсері олардың микроб клеткасындағы биохимиялық реацияларды тежеумен байланысты.

Антибиотиктерді әсер ету механизміне байланысты 4 топқа бөледі.

  1. клетка қабырғасының синтезін бұзатын антибиотиктер. Бұл топқа

мысалы, в-лактамды жатқызымыз.

  1. клетка мембранасының синтезін және молекулалық ұжымын

бұзатын антибиотиктер. Мысалы, полимиксин, полиендер.

  1. белок синтезін бұзатын антибиотиктер. Бұл топтың өкілдері:

аминогликозидтер, тетрациклиндер, микролидтер, левомицетин.

  1. НҚ синтезін тоқтататын антибиотиктер

Бұл топқа мысалы, ісікке қарсы антибиотиктер – актиномициндер (РНҚ синтезін тежейтін) және ДНҚ синтезін тежейтін- рубомицин жатады.

      Антибиотиктердің қосымша әсерлері

   Алынған 6000 антибиотиктерден клиникалық практикада тек 50-100 препаратты ғана қолданады. Бұның себебі көптеген антибиотиктер антимикробтық қасиет көрсеткенімен, организмге кері әсерін тигізеді. Сондықтан олар аураларды емдеуге қолданылмайды. Клиникада қолданылып жүрген антибиотиктердің өзі де организмге кері қосымша әсері бар.

     Антибиотикатерапияның асқынуының бірнеше тобын ажыратады.

Токсикалық реакция. Антибиотиктердің токсикалық әсері препараттың өзінің қасиеттеріне, оның мөлшерцне, енгізу тәсілдеріне және ауру адамның жағдайына байланысты болады.  Осы топтың асқынуларының арасында  1-ші орында бауырдың зақымдалуы болады. 2-ші орында нефратоксикалық әсері бар антибиотиктер тұрады. М: аминогликозидтер. Осы антибиотиктер есту нервінің қайтымсыз зақымдалуына әкеледі. Левомицетин қан жасау мүшелерін зақымдайды және оның амбриотоксикалық әсері бар. Цефалоспорин 111 витмин К синтезін бұзады, соның нәтижесінде қан құйылу құбылысы байқалады. Антибиотиктер арсында токсикалығы аз пенициллин болып саналады., бірақ оны көп уақыт пайдалану  О.Ж.Ж. зақымдануына әкелуі мүмкін. Ауруға антибиотиктің токсикалық әсерін тигізбеу үшін, антибиотикті беру алдында зиянсыздығын тексеріп, үнемі антибиотиктер токсикалық  әсер көрсететін мүшелерді бақылап отыру қажет.

Иммундық жүйеге әсер ету.

Антибиотиктерді қолдану аллергиялық реацияларды туғызуы мүмкін. Олардың пайда болуы препараттың қасиеттеріне (ең күшті аллергендерге пенициллин және цефалоспорин жатады), енгізу әдістеріне және малдың өзіндік сезгіштігіне тәуелді болады.

    Аллергиалық реакциялар 10% жағдайда кездеседі. Бұл жағдайда бөртпе, қышыма, т.б. пайда болуы мүмкін өте сирек  анафилактикалық шок деген қатты асқыну кездеседі. Бұл аурулардың алдын алу үшін антибиотикке аурудың жеке сезімталдығын біле отырып-белгілеу керек және антибиотикті енгізген соң  міндетті, тиянақты түрде бақылап отыру қажет. Аллергиялық реакциялар байқалғанда антибиотиктерді қолдануға болмайды.

   Антибиотиктер иммунодепрессивті әсерге ие болады. Антибиотикотерапия кезінде басқа иммундық жауап формаларына негативті әсерлер байқалуы мүмкін. Мысалы, левомицетин антиденелердің түзілуін тежейді. Ақырғы жылдарда мүшелер мен ұлпалар ауыстыру операциялар кезінде олардың бөлінуіне кедергі жасайтын циклоспорин А қолданылады. Бұл препарат саңырауқұлаққа қарсы антибиотик ретінде алынған, бірақ оның Т-жүйеге иммунодепрессивті әсері антимикробтық қасиетінен жоғары бағаланады. Антибиотиктерді енгізгенде  немесе бергенде өте мұқият болу қажет, себебі антибиотиктер иммундық жүйенің әртүрлі бөліктеріне кері әсерін тигізеді.

    Антибиотиктердің иммундық жүйеге әсер етуінен басқа, иммунитеттің пайда болуы кезінде микроорганизмдердің антигендік әсерінің жетіспеушілігінің себебі болуы мүмкі, антибиотиктерді қабылданғаннан кейін микроорганизмдер антигендік функциясын атқармастан өлцп қалады. Осының салдарынан жеткілікті иммунитет пайда болмайды да, ол аурудың созылмалы түрге  көшуіне себеп болады, реинфекция мен рецидивтің пайда болуы байқалады. Осыған ұқсас эффект скарлатина, іш сүзегі және басқа ауруларда байқалады. Осындай асқынуды сақтандыру мақсатында иммуноантибиотикотераияны қолданады ( антибиотиктер мен вакциналарды қолдану). Антибиотиктің әсерінен аурудыңқоздырғышы жойылады, ал вакцинаның әсерінен иммунитет пайда болады.

 

2.3.  Антибиотиктердің микроорганизмдерге әсер етуі.

Организмдерге кері әсерлерінен басқа, антибиотиктер жануарға жағымсыз болатын микроорганизмдердің өзінің өзгеруіне әкелуі мүмкін.

  1. Микроорганизмдерде морфологиялық, биохимиялық және басқа

қасиеттерінің өзгеруі мүмкін. Мысалы, антибиотикотерапиядан кейін бактериялардың L-формасы пайда болуы мүмкін. Қасиеттері өзгерген микроорганизмдерді танып, білу өте қиын, сондықтан олар пайда болған малдарға диагноз қою да оңай емес.

  1. Антибиотиктермен емдеу кезінде бактерияларда жүре пайда

болған антибиотиетерге тұрақтылық пайда болады. Мысалы: пенициллин микроплазмаларға әсер етпейді, себебі оларда антибиотик әсер ететін пептогликан жоқ.

  Микроорганизмдердің папуляциясында антибиотиктердің жоғарғы концентрациясына тұрақты особьтар пайда болғанда жүре пайда болған тұратылықтың құрылуы туралы айтуға болады.

    Жүре пайда болған тұрақтылықты 2 жақтан қарастыруға болады-генетикалық және биохимиялық.

Жүре пайда болған тұрақтылықтың генетикалық аспектілері.

Антибиотико резистенттіліктің пайда болуы бактериялды хромосоманың ішіндегі өзгерістерімен байланысты болуы мүмкін. Олар мутация нәтижесінде пайда болады. Бұндай тұрақтылықты хромосомдық тұрақталық деп атайды. Мутациялардан кейін бактерияларда бір ғана антибиотикке резистенттілік пайда болады. Хромосомдық тұрақтылық барлық генетикалық алмасуы кезінде берілуі мүмкін. Сонымен бірег, өте жиі кездесетін хромосомадан тыс резистенттілік R-плазмидтердің болуымен байланысты. R-плазмидасы бірнеше антибиотиктердің және басқа химиотерапевтік препараттарына тұрақтылығына жауапты бірнеше генді әкеледі. Ол бір бактериядан екінші бактерияға коньюгация немесе трансдукция жолдарымен беріледі. Хромосомадан тыс тұрақтылықтың пайда болуында транспозондардың маңызы зор.

     Микроб клеткасына антибиотиктің бактерицидтік және бактериосататикалық әсер етуінің 3 жағдайы бар

  1. антибиотик клеткаға енуі қажат
  2. антибиотик мишенімен әрекеттесуі қажет. Мишень-бактериалардың

өмір сүруі үшін қажетті функция атқаратын құрылым (мысалы, бактериялық рибасома, ДНК т.б.)

  1. антибиотик өзінің құрылысын сақтап қалуы қажет.

   Рационалды антибиотикотерапияның  принциптері.

                   

 Микробиолгиялық принцип.

Антибиотиктерді тек аурудың қоздырушы микроорганизмдер болып,

және оған қарсы эффективті антибиотиктер болған жағдайда ғана қолдану рұқсат етіледі. Дұрыс препаратты таңдап алу үшін, сырқаттан зерттеуге алынған материал алып, қоздырғыштың таза дақылын бөліп алып, оның антибиотиктерге сезімталдығын анықтау керек.

    Антибиотиктерге сезімталдықты немесе антибиотикограмманы сұйылту жіне диффузия әдістерімен анықтайды ( оларға қағаз дискілер әдісі жатады). Сұйылту әдістерінің сезімталдығы жоғарыңқы болады: оның көмегімен микроорганизмдерге антибиотиктердің эффектицтілігімен бірге оның қажаетті мөлшерін-минимальды басыну концентрациясын анықтайды.

Информация о работе Антибиотиктер