Ұйымның(мекеменің) структурасын, функциясын және тапсырмаларын зерттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Июля 2013 в 19:10, контрольная работа

Описание работы

Өндіріс тәжірибесі 2013 жылдың 3 маусымынан осы жылдың 5 шілде аралығында «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша ЖШС «КазСервисКран» кәсіпорынында өтілді. Кәсіпорынның өндірістік айналымымен танысу. «КазСервисКран» ЖШС. Кәсіпорын меншігі жеке меншік болып табылады. «КазСервисКран» ЖШС-гі 2006 жылы негізін қалады. Негізгі қызмет көрсету бағыты болып, жүк көтергіш механизмдер тексерісі, жүк көтергіш механизмдерді жөндеу, жүк көтергіш механизмдерді дайындап шығару сонымен қатар, жүк көтергіш механизмдерді монтаждау, техникалық құрылғыларды жөндеу мен дайындап шығару. Жүк көтергіш механизмдерді жөндеу жұмыстарының өндірісі үшін кәсіпорын мемлекеттік лицензияға (көтергіш құрылғыларды жөндеу, монтаждау мен дайындап шығару ГЛ № 001860) иелік етіп отыр.

Файлы: 1 файл

ТОО (Автосохраненный).docx

— 600.05 Кб (Скачать файл)
  • Қол жеткізуге шек қою;
  • Қол жеткізуді анықтап айыру;
  • Қол жеткізуді бөлу;
  • Ақпараттың криптографиялық түрлендіру;
  • Қол жеткізуді текскру және есепке алу;
  • Заңды шаралар;

Көрсетілген әдістер тек  ұйымдастырылған немесе техникалық құрылғылар көмегімен ғана жасалады. Ақпараттың автоматтандырылған өңделуі  пайда болғаннан кейін ақпараттың физикалық тасушы өзгерді және жаңа түрлермен толықтырылды, сондай-ақ  оны өңдеудің техникалық құрылғылары  күрделенді.

Өңдеудің  күрделенгенінен  бастап, соның ішінде техникалық құрылғылар санының көбеюінен кейін, кездейсоқ  әсер  етудің саны мен түрі көбейді, сонымен қатар мүмкін болатын  рұқсатсыз қол жеткізу арналары да көбейді. Көлемдердің өсуімен, ақпараттың шоғырлануымен, қолданушылар санының көбеюімен  және басқа да жоғарыда көрсетілген себептермен бірге ақпаратқа әдейі рұқсатсыз қол жеткізу ықтималдығы да көбейді. Осыған орай есептеу жүйелерінде ақпаратты қорғаудың ескі әдістері дамып, жаңа қосымша әдістері пайда болуда:

Аппаратураның істен шығуы  мен адамның қателерін, сондай-ақ бағдарламалық қателерді тауды  және диагностикасын қамтамасыз ететін функционалды тексеру әдістері;

Ақпараттың дұрыстығының өсу әдістері;

Ақпаратты авариялық жағдайдан  қорғау әдістері;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5. АЖ құруға және оны  ары қарай пайдалануда қолданылатын  жаңа бағдарламалық  құралдарды  қарастыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6.Ұйымдағы (мекеме) қолданатын негізгі станндарттық бағдарламалық өнімдерді сипаттау.  

Кәсіпорын мамандарының көлік  саласында қолданылатын компьютерлік бағдарламаларымен, және электрондық  түрдегі конструкторлық құжаттамаларды жасау үшін қолданылатын қолданбалы инженерлік бағдарламалармен танысайық. Ол бағдарламалар құрамына КОМПАС қолданбалы инженерлік бағдарламасы, AutoCad бағдарламаысы, ANSYS бағдарламасы сонымен қатар, кез  келген мекемеде қолданысқа ие MS Word, MS Exel, MS Access ,бағдарламаларын қолданады.

AutoCAD графикалық ортасымен, АЖЖ-мен танысу. АЖЖ (САПР) кіріспесі. Жабдықтын талабы. AutoCAD-қа кіру және орындалған жұмысты сақтау арқылы одан шығу. Жаңа сызбаны жасау. Орта жүйесін күйге келтіруі. Интерфейстің пакеті. Сызба ұйымдар құралдары. Командалардың енгізу әдістері және тап белгісі. AutoCAD жүйесінде объектілердің таңдау тәсілдері.

AutoCAD жүйесі сызба жұмыстарын  автоматтандыру үшін  арналған. Ол  кез–келген сызбаны жасауға,  оларды өзгертуге,     алдын–ала  жасалған сызбалармен біріктіруге  мүмкіндік береді. Жүйенің атауы  қысқартылған Automated Computer Aided Design сөзінен  шыққан.

«Проекциялау» термині жүйе автоматтандырылған проектілеуге арналған орта дегенді білдіреді  және ол  басқа да проектілетін бағдарламаларға  құрал бола алады.

Жүйенің құрастырушысы және оның заңды басқарушысы - AUTODESK Ltd фирмасы. Бағдарламаның бірінші нұсқасы 1982 жылы пайда болды.

Кесінділер, доғалар, шеңберлер  және басқа графикалық объектілер кез–келген сызбалық файлдың элементтері болып  табылады. AutoCAD жүйесінде оны примитивтер  деп атайды. 

AutoCAD-қа кіру және орындалған  жұмысты сақтау арқылы одан  шығу. AutoCAD жүйесінің басты терезесі. Пайдаланушының жұмыс үстелі. Меню  және құрал-саймандар панелі. Координаталар  жүйелері. Полярлық және ортогональ  режимдер. Примитивтердің қасиеттері.  Сызбаның геометриялық элементтері.  Қабаттар. Жаңа қабаттарды жасау  және қабаттармен жұмыс істеу.  Жұмысты қолайлы орындау үшін UCS (User Coordinate System – қолданушы координат  жүйелері) анықталған, оны  WCS  байланысты  кез – келген бұрышта қозғалтуға  және/ немесе айналдыруға болады. Осындай  координаталар жүйесі  біруақытта бірнеше болуы мүмкін, және кез – келген уақытта  біреуінен екіншісіне өтуге болады.

AutoCAD екі сызықтық өлшем  бірлікте: миллиметрде, дюймде және  түрлі бұрыштық бірлікте жұмыс  істей алады. Сызбаны ондық  бірлікте (Decimal) бүтін миллиметрге дейінгі дәлдікпен (Precision) сызу керек. Суреттің бұрыштық бірлігінің түріне Градустар/Минуттар/Секундтар (Deg/Min/Sec) жатады. Нөлдік бұрышқа East (Шығыс) бағыты сәйкес келеді. Бұрыштарды есептеу бағыты - Counter-Clockwise (сағат тіліне қарсы). Құрылғылар Format®Units мәзір пунктісінің көмегімен орындалады.

Сурет – DWG файлында сақталатын компьютер экранындағы бейне. Аяқталған сурет – біртұтас қолдануға арналған DWG – файл. Сызба – белгілі бір берілген  масштабта қағазға сызылған сурет. Геометриялық объекттер суретте натуралды өлшеммен (1:1 масштаб) бейнеленеді.

Сызбаның масштабы деп  қағазға түсірілетін сызбаның масштабын  айтамыз.

Қиын суреттерді салған кезде  олармен ары қарай қолайлы  жұмыс жасау үшін бөлек объекттерге  немесе объект топтарына атау беру қажет болады. Әсіресе бұл қиын суреттерді салғанда маңызды. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін примитивтердің қабат қасиеті қызмет етеді. Қабаттың сөндіру мүмкіндігі бар.

Экранда бес функционалды аймақты белгілеуге болады:

  1. сызбаны салуға арналған жұмыстық графикалық аймақ;
  2. жүйелік мәзір;
  3. құрал – саймандар тақтасы;
  4. командалық қатар;
  5. қалып - күй қатары.

  ANSYS – соңғы 30 жыл ішінде қолданылған және де дамыған екiбастан элементтiк талдайтын әмбебап программалық жүйе, автоматты инженерлiк есептеулер (CAE, Computer-Aided Engineering) саласы мамандарымен өте жетік әйгілі болып табылады және де тізбектік және тізбектік емес  КЭ шешімдерінде, механиканың стационарлы және стационарлы емес кеңістіктік қатты дененінің механика конструкциясының формасын өзгертетін тапсырмаларды,  сұйықтар мен газдар механикасы, жылу берілу мен жылу алмасу, электрдинамика, аккустиканың сонымен қатар, сабақтас аумақтар механикасы.Модельдеу мен анализ  кейбір өндіріс саласында қымбат және де ұзақ циклді әдістемелер «жобалау – өндіру - сынау»  типтерінен қорғауға мүмкіндік береді. Жүйе геометриялық ядролар негізінде жұмыс жасайды.

  ANSYS талдауының  КЭ  бағдарламалық жүйесі американдық ANSYS Inc.. компаниясымен жасалған. Компания сонымен қатар КЭ модельдеудің басқа да жүйелерін, сонымен қоса, DesignSpace, AI Solutions (NASTRAN, ICEM CFD);өндірістің басқа да салаларында қолдануға арналған; Фирма стратегиялық серiктестiгі негізінде  көп серiктестiктермен , оларға қажеттi өзгерулер енгізуге көмектесу үшін  ынтымақтасады. ANSYS Inc ұсынылатыны фирмалар талдауы қаржы сандық үлгiлеу кейбiр басқа пакеттермен үйлесiмдi әр түрлi АЖ жұмыс iстейдi. ANSYS программалық жүйе белгiлi CAD-жүйелерімен Unigraphics, CATIA, Pro/ENGINEER, SolidEdge, SolidWorks, Autodesk Inventor түйiндестiредi және кейбiр басқа.ANSYS бағдарламалық жүйе  CAE-жүйесінін ABB, BMW, Boeing, Caterpillar, Daimler-Chrysler, Exxon, FIAT, Ford, БЕЛАЗ, General Electric, Lockheed Martin, MeyerWerft, Mitsubishi, Siemens, Alfa Laval, Shell, Volkswagen-Audi және басқа да, атақты ұйымдарда қолданылады. Сонымен қатар, РФ көптеген  өндіріс ұйымдарында қолданылады, мысалға, ГУП НИИМосстрой және т.б  Бағдарламаның бiрiншi өткізілуі соңғы версияларынан едәуiр ерекшелендi. Сонымен қатар,  сол кездің басқа да көптеген бағдарламалары секілді ол пакеттік режимде және супер-ЭЕМ-де. 1970жыл соңында ANSYS  жүйесінде айтарлықтай өзгеріс болып, интерактивті режим пайда болды. Бұл КЭ моднльдерін жасалу прцедураларын едәуiр ықшамдады. Интерактивті графиканы есептеу алдында материал құрамы мен шектеулі шарттары берілген модель геометриясы тексерісін қолдануға мүмкіндік туды.

    Сонымен қатар, кез келген басқа ұйымдар секілді кәсіпорын MS Word, MS Excel, MS Access бағдарламаларын айтарлықтай қолданады.  Microsoft Office Word - мәтіндік құжаттарды дайындауға, түзетуге және қағазға басып шығаруға арналған Windows жүйесінің қосымша программасы.Ол-мәтіндік және графикалық информацияларды өңдеу барсында жүзден аса операциялды орындай алатын ең кең тараған мәтін редакторының бірі. Қазіргі компьютерлік технологияларда орындауға болатын кес келген операция бұл ортада жүзеге асырыла береді. Мысалы, басқа ортада дайындалған мәтіндік фрагменттер, кестелер, суреттер сияқты неше түрлі объектілерді байланыстыра отырып осы ортаға енгізуге болады. Жалпы, Word редакторында типография жұмысына керекті баспа материялдарын теруден бастап, олардың оригинал – макетін толық жасауға дейінгі барлық жұмыс орындалады. Мұндай құжаттар мен кестелерді көрікті етіп , безендіруге қажет көптеген дайын шаблондар , стильдер , жазылып бірден орындалатын ішкі макропрограмалар тілі , қарапайым графиктік бейнелерді салатын аспаптар және т. с. с. жетіп артылады. Келесі кезекте, Microsoft Еxcel  тоқталып кететін болсақ Microsoft Еxcel - IBM және Macintosh компьютерлерінде жұмыс істейтін, ең озық үлгілерді ала отырып, бүгінгі заман талабына сай жасалған, электрондық кесте құрастыратын қолданбалы программа. Excel-дің соңғы нұсқаларында график тұрғызу, күрделі функциялар арқылы есеп-қисап жүргізу және бірнеше жұмыс кітаптарымен қатар жұмыс атқару сияқты мүмкіндіктер кеңінен қолданылады. Кестелік құрылымды құжаттармен жұмыс істеуге арналған кең таралған құралдардың бірі Microsoft Excel. Ол сандық мәліметтермен жұмыс істеу үшін негізделген. Excel жай ғана бағдарлама емес, оны көптеген математикалық амалдарды, күрделі есептерді жеңілдету үшін пайдалануға болады. Ол кестедегі мәліметтердің негізінде түрлі-түсті диаграмммалар тұрғызып, жүргізуді қамтамасыз ете алады. Excel мүмкіндігінің көпжақтылығы тек экономика саласында ғана емес, ғылыми зерттеу, әкімшілік жұмыстарында да кеңінен қолданылады.Ал, MS Access ақпаратты көрсету және сақтау үшін пайдаланылатын жеке компоненттерден тұрады. Олар: кесте, форма, есеп беру, сұраныстар, деректерге мүмкіндік беретін беттер, макростар және модульдер. Формалар мен есептерді құру үшін конструкторлар қолданылады, сондықтан бұл компоненттер конструкторлық объектілер деп аталады. Конструкторлық объектілер басқару элементтері деп аталатын едәуір кіші объектілерден тұрады (олар: өріс, батырмалар, диаграммалар, жақтаулар, және т.б.).  
Кесте деректер қорының негізі болып табылады. MS Access-те бүкіл ақпарат кестелерде беріледі.  
Формалар- форма терезесінде кестелерді енгізу мен көру үшін қолданылады. Олар экранда бейнеленген ақпараттың көлемін шектеуге мүмкіндік береді және оны тиісті түрде көрсетеді. Шебердің көмегімен форманы, оған алдын-ала құрылған шаблонның біріне сәйкес орналастырып берілген кестенің өрістерін енгізе отырып, құруыңызға болады. Форманың конструкторы көмегімен кез-келген күрделі дәрежедегі формаларды құрасыз.  
Есеп берулер деректер қорында бар ақпаратты бейнелеу үшін қолданылады. Есеп берулер конструкторының көмегімен деректер тобын, өрістер тобын және есептелінетін өрістерді, оларды сәйкес жасайтын өз есеп беруіңізді дайындайсыз.  
Сұраныс деректер қорынан ақпаратты алады, әрі мұнда деректер бірнеше кесте арасында бөлінген болуы мүмкін. MS Access-те сұранысты пішімдеу үшін үлгі бойынша сұрату деген әдіс қолданылады. Визуалды ақпарат негізінде бұл әдісті қолдана отырып бір немесе бірнеше кестелерден қажетті деректерді аласыз.  
Деректерге қатынау беті MS Access немесе Microsoft SQL Server деректер қорында сақталған Интернет немесе Интернет арқылы жұмыс істеуге және оларды көруге арналған Web парақтың арнайы түрін ұсынады.  
Макростар жиі орындалатын операцияларды автоматтандыруға арналған. Әрбір макрос бір немесе бірнеше макрокомандалардан тұрады, олардың әрқайсысының белгілі бір қызметі бар, мысалы, формаларды немесе есептерді баспаға жібереді. 

 

 

 

 

 

 

10.АЖ-нің эргономикалық, құқықтық және ақпараттық қамтамасыздандырылуын сипаттау.

     Ақпараттық жүйелерді зерттеу барысында түрлі белгілері бойынша жіктелуін қарастырады. Бұл жіктелу АЖ-нің функцияларының орындалуын қамтамасыз ететін АЖ-нің ішкі жүйелерін сипаттайды. АЖ-нің жіктелуі 2 бағыт бойынша сүйемелденеді:

    1. Функционалдық  белгісі бойынша;
    2. Қамтамасыздандыру белгісі бойынша.

АЖ-нің құрылымын қамтамасыздандыратын ішкі жүйелердің жиынтығы ретінде келесі сызба арқылы көрсетуге болады: ыыыыСурет АЖ бөлімі


     

рииЭргономикалық қамтамасыздандыру – АЖ-нің эргономикалық қамтамасыздандыру элементтері ретінде кәсіпорында демалу жағдайларын жасауды есептеуге болады. Мысалы, мекемеде жұмысшыларға түскі үзіліс кезінде демалыс бөлмелерін ұйымдастыру, спортпен шұғылдануға жағдай жасау бағытында іс-шараларды жүзеге асыру.

Объектінң өрт қа

   

 

 

 

 

 

Құқықтық қамтамасыздандыру – ақпараттық жүйенің заңдық деңгейін және онда пайдаланатын ақпаратты өңдеу, алу және қолдану ережелерін анықтайтынқұқықтық құжаттар жиынтығы. Құқықтық құжаттар мысалына:

  • орындаушы мен тапсырысшы арасындағы келісімшарт;
  • жобаланып жатқан жүйенің деңгейінің сипатттамасы;
  • ақпараттық жүйе бөлімдерінің құқықтық қатынастары;
  • пайдаланушының техникалық құралдарға құқықтық қатынастары.

     Құқықтық қамтамасыз ету сипаттамасы. Құқықтық қамтамасыз ету –ақпараттарды қолдану және түрлендіру, алу ретін регламентирлейтін ақпараттық жүйенің функционалдануы мен заңдық статусының құрылуын анықтайтын құқықтық нормалар жиыны.

     Құқықтық қамтамасыз ету құрамына заңдар, өнімдер, бұйрықтар, нұсқаулар, мемлекеттік билік органдарының қаулылары, ережелер және басқа да министрлік, ұйымдық жергілікті биліктің органдырының нормативтік құжаттары енеді. Құқықтық қамтамасыз етуде кез-келген ақпараттық жүйенің жергілікті және т.б бөліктерінің функционалдануын бақылайтын жалпы бөлікті анықтауға болады.

Ақпараттық жүйені әзірлеу  кезеңдерінің құқықтық қамтамасыз етуі әзірлеуші мен тапсырыс берушініңарасындағы  келісім шарт қатынасымен байланысты нормативті актілермен айқындалады.

Ақпараттық жүйенің функционалдану кезеңінің құқықтық қамтамасыз етуі келесілерден тұрады:

- ақпараттық жүйенің статусы  ;

- персонал міндеттерімен  жауапкершілігі туралы құқықтар;

- басқару үрдісінің жекелеген  түрлерінің құқықтық жағдайы;

- ақпараттарды құрудың  және қолданудың реті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 V.Ақпараттық жүйе мәліметтерді өңдеу технологиясын сипаттайтын жобалау.

 Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар ақпараттық жүйелерді жүзеге асырудың әдістер жиынтығын ұсынады. Ақпараттық жүйелерді құру әдетте қолданушының талаптары негізінде құрылады. Бұл талаптар құр уүрдісінде өзгеруі мүмкін. Шешім қабылдау теориясы үшін АЖ-ні жобалау үрдісі – тапсырыс берушінің талаптарын қанағаттандыратын жүйе сипаттаммасын алуға бағытталған жобалық-конструкторлық шешімдерді қабылдау үрдісі.

Ақпараттық жүйенің  жобасы деп – нақты бір программалық техникалық ортада ақпараттық жүйені құру және пайдалану бойынша жобалық шешімдердің сипаттамасы бар жобалық-конструкторлық және технологиялық құжаттаманы айтамыз.

Ақпараттық жүйені жобалау деп – жобаланушы объект, жобалау әдістері осындай типтегі объектілерді жобалау тәжірибелері жайлы кіріс ақпаратты түрлендіру үрдісі.

Ақпараттық жүйені жобалау  объектілері болып, функционалдық  және қамтамасыз ету бөліктерінің дербес элементтері немесе олардың кешендері  табылады. Дәстүрлі декомпозициялауға  сәйкес функционалдық элементтерге есептер, есептер кешендері және басқару функциялары жатады. Ақпараттық жүйенің қамтамасыз ету бөлігі құрамындағы  жобалау объектілері қызметін жүйенің  жүйенің ақпараттық, программалық және техникалық қамту элементтері мен  кешендері атқарады.

Ақпараттық жүйені жобалау  субъектісі болып, жобаны жүзеге асырушы  мамандар ұйымы мен ақпараттық жүйені құруға тапсырыс берген мекеме жатады.

Ақпараттық жүйені жобалау технологиясы, деп – ақпараттық жүйені жобалаудың және жобалауды ұйымдастырудың әдістері мен құралдар жиынтығы айтамыз.

Кез келген жобалау технологиясының  пәні ретінде ақпараттық жүйенің  өмірлік циклінің барлық кезеңдерінде өзара байланысқан жобалау үрдістерінің бейнесі қызмет етеді. Жобалау технологиясын  таңдау үшін қойылатын негізгі талаптарға келесілер жатады:

  1. осы технология бойынша көмегімен құрылған жоба тапсырыс берушінің талаптарына сай болу керек;
  2. таңдалған технология жобаның өмірлік циклінің барлық кезеңдерін максималды түрде бейнелеу керек;
  3. таңдалған технология жобаны жобалау және сүйемелдеу үшін минималды түрде еңбек қаражат шығындарымен қамтамасыз ету керек;
  4. технология жобалау мен жобаны сүйемелдеу арасындағы байланыс негізі болу керек;
  5. технология жобалаушы еңбегінің өнімділігін арттыруға жағдай жасау керек;
  6. технология жобаны жобалау және пайдалану үрдістерінің сенімділігін қамтамасыз ету керек;
  7. технология жобалық құжаттаманы қарапайым жүргізуге жағдай жасау керек.

Информация о работе Ұйымның(мекеменің) структурасын, функциясын және тапсырмаларын зерттеу