Мектеп жасына дейінгі балалардың эстетикалық тәрбие

Дата добавления: 13 Февраля 2013 в 22:08
Автор работы: s**********@mail.ru
Тип работы: курсовая работа
Скачать архив (35.92 Кб)
Файлы: 1 файл
Скачать файл  Просмотреть файл 

эстетика бақылау.docx

  —  38.15 Кб

     «Мектеп жасына дейінгі балалардың эстетикалық тәрбие»   
                                                  
                                                 Жоспар           

 

  Кіріспе

  І.Тарау. Эстетикалық  тәрбие  теорияның  негіздері 

 

1.1. Эстетикалық тәрбиенің  мәні, міндеттері 

1.2. Мектеп жасына дейінгі эстетикалық тәрбиенің негізгі бағыттары және  

 

       олардың   ұлттық ерекшеліктері 

ІІ  Тарау. Күнделікті  еңбек пен өнер  тәрбиесі

 

2.1 Күнделікті өмір, жеке адам эстетикасы

 
2.2 Отбасы тәрбиесіндегі эстетикалық тәрбие

IIІ  . Тәжірибелік бөлім 

 

      Қортынды

Қолданылған  әдебиеттер:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   Кіріспе 
       Ұрпақтан-ұрпаққа  дәстүрлі жалғасын тапқан бабалар мұрасы тек шеберлік пен іскерлікті игеру гана емес, адамзаттың әлемді рухани-эстетикалық тануының "заттанган" көрінісі. Халықтың рухани бәйтерегі - қазақ қолданбалы өнеріндегі кеңістік пен уақыт үғымдарында эстетикалық тәлім-тәрбие жатқанына көз жеткіземіз.  
        Біріншіден, қазақ қолданбалы өнерінің ішкі тылсым сыры ұгылады (қабылданады).  
       Екіншіден уақыт арқылы өткенді зерделеп, бүгінгіні анықтап, болашақты бағдарлайды. 
       Үшішіден, кеңістік  көріністері  бүгінгі ұрпаққа "Ата жұрт", "Атамекен", "Елім-жерім", "Туған өлке" ырымдарын қалыптастырады. Сондай-ақ жеке тұлғаның дүние, өмір, қоғам, тіл мәдениеті жөніндегі түсініктері ұлғаяды, ақыл-ойы, танымдық қабілеті, эстетикалық сана-сезімі, түйсіктері, адамгершілік қасиеттері, туған еліне, жеріне, табиғатқа, халық өнеріне аялы көзқарастары қалыптасады. 
        Халқымыздың кемеңгер ойшылдары (Қорқыт ата, Әл-Фараби, Ахмет Иассауи, Ж.Баласағұни, т.б.), қазақ ағартушылары, қоғам қайраткерлері (М.Жұмабаев, М.Дулатов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, т.б.), шетел психолог-педагогтері (Н.Крупская, А.Луначарский, П.Блонский, Д.Лихачев, С.Шацкий, Л.Выготский, С.Рубинштейн, А.Бакушинский, т.б.) еңбектерінде табиғат, қоршаған орта, өмірдегі және өнердегі сұлулықты түсініп, қабылдау болашақ ұрпақтың жан-жақты дамуының басты құралы екендігі қарастырылған. 
       Бүгінгі таңда педагог ғалымдардың қазақ  қолданбалы өнері және эстетикалық тәрбие теориясы мен тәжірибесінің зерттеліп отырған кезеңдегі жай-күйін, өзіне тән ерекшеліктері ғалымдар: А.Жүнісбаева, Ө.Қамақов,Б.Әлмұхамбетов,Ж.Балкенов,Е.Асылханов,Қ.Ералин, Қ.Ижанов,Ү.Ибрагимов, З.Ахметова, Қ.Болатбаев, С.Ұзақбаева еңбектерінде арнайы зерттелген. 
       Ғалымдар  еңбектерінің негізгі идеяларына сүйене отырып, қазақ қолданбалы өнеріндегі кеңістік пен уақыт ұғымдарының эстетикалық тәрбиедегі көрінісіне, соның негізінде эстетикалық тәрбие беру мүмкіндіктеріне мазмұнды сипаттама беруге болады. Эстетикалық тәрбие беру мүмкіндіктері адамның эстетикалық көзқарас, сезім, таным, қабылдау, баға беру, белсенділік қасиеттерінің жиынтығын құрайды. Алдымен қазақ қолданбалы өнері эстетикалық көзқарасты тәрбиелейді. Адамның өмірге эстетикалық көзқарасы оның өмірі мен қызметінің барлық саласынан (әсіресе өнерге деген көзқарасынан) көрінеді.    
      Эстетикалық талғамы биік, сезімтал адам еңбектегі  әдемілікті, табиғаттағы сұлулықты, өнердегі әсемдікті танып, оны сүйе, қастерлей білетін болады. Ол туралы В.Белинский былай деп жазған: "Әсемдікті сезіну - адамгершілік қасиеттің шарты. Тек осы сезім төңірегінде сана ақыл-парасат болуы мүмкін тек осы сезіммен ғана азамат өзінің жеке басының мүдделерін де, өзінің жеке көзқарасын да Отан үшін құрбан ете алады, тек осы сезіммен ғана адам өмірде ерлік істей алады, ...эстетикалық сезім -жақсылықтың негізі, адамгершіліктің негізі". Яғни, эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу, ұлттық өнерге мұқият зейін салуды талап етумен қатар балалардың ақыл-ойын, дүниетанымын дамытады. 
      Эстетикалық сезім - адамның еңбек үстінде тарихи қалыптасып дамыған рухани қасиеттерінің бірі. Ұлы ақын М.Жұмабаев «Жаратылыстың Һәм искусствоның сұлу заттары адам жанында сұлулық сезімдерін оятады». Үлбіреген гүл, сұлу ай, жұлдызды таң, міне осылар сықылды жаратылыстың сұлу заттары, көріністері адам жанына бір ләззат, бір сұлулық толқынын оятып туғызбай қоймайды. Сұлулық сезімдері адамның  дұрыс, сау ләззат ізденуіне, сұлу нәрсені сүюіне, көріксіз нәрседен жиренуіне, жақсылыққа ұмтылып, жамандықтан тиылуына көп көмек көрсетеді. Сондықтан баланың сұлулық сезімдері жақсы тәрбие алуына тиісті..." деп, адамдардың өмірдегі, өнердегі сұлулық пен ұсқынсыздықты дұрыс қабылдауы, түсінуі мен сезінуі эстетикалық тәрбиенің басты міндеті екендігін ескертеді. Демек, қазақ қолданбалы өнеріндегі кеңістік пен уақыт ұғымдары негізінде эстетикалық тәрбие беру табиғаттағы, өнердегі, еңбектегі ең жақсыны қабылдау, одан ләззат алу, дүниедегі әдемілік атаулыны бағалауға және өнер шығармаларын 
тануға, қастерлеуге баулиды, оған керісінше ұсқынсыздыққа жағымсыз көзқарасты қалыптастырады.  
   Баланың эстетикалық көзқарасын тәрбиелеу  әсемдіктің қасиеттері бар әртүрлі  өмір мен қатынастар және әсерлер  ықпалымен жүзеге асырылады. Кіші мектеп жасындағы балалардың эстетикалық  көзқарасы үздіксіз дамиды. Оған себеп  болатын нәрсе-оқу, қоғамдық және тұрмыстық  еңбектің жаңа жүйеге түсуі. 
   Эстетикалық көзқарасты тәрбиелеудің негізгі құралы - өнер. Ол шындықты көркем сезімді қабылданылатын бейнелер арқылы бере отырып және осылар арқылы адам сезімі мен санасына әсер етіп, оның көзқарасын қалыптастыруға жәрдем етеді. Педагогикада эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу тәрбиенің басқа салаларымен тығыз байланысы қаралады. Балалардың ақыл-ой тәрбиесін, зерттелген құбылыстар әсемдігін ашпай жүзеге асыру мүмкін емес.  
   Сонымен эстетикалық тербие табиғаттағы, өнердегі, еңбектегі, өмірдегі ең жақсыны қабылдау, одан ләззат алу. Эстетикалық тәрбие адамды дүниедегі әдемілік атаулыны бағалай білуге үйретеді. Өнер шығармаларын тануға, қастерлеуге баулиды, оған керісінше ұсқынсыздыққа жағымсыз көзқарасты қалыптастырады. 
   Эстетикалық тәрбиенің өзіне тән міндеттері бар. Олардың бірі — эстетикалық сезімді және эстетикалық қабылдауды тәрбиелеу. Өмірдегі, өнердегі  әдемілікті  сезу және көру адамдарда әр түрлі болады. Білім адамды әдеміліктің объективтік критерийлерімен қаруландырады. Білімді адам сұлу-лықты бағалай біледі, түсінеді. Айналадағы дүниеге сезімталдық, эстетикалық қабылдау қырағылығы, ықыластылық, қамқорлық баланың эстетикалық дамуына  негіз болады. 
   Эстетикалық ұғымды, пайымдауды, баға беруді қалыптастыру — эстетикалық тәрбиенің тағы да бір міндеті. Әдемілікті сүю, оған түсіну үшін балаға негізінен көмектесетін білім. Сондықтан бала бейнелеу өнері саласындағы ырғақ, үндестік, музыка мен өнердегі дыбыстарды және өнер әдістері туралы білімді игеру қажет. Осыған байланысты ол эстетикалық терең түсінуге тырысады, байымдай және бағалай біледі. Эстетикалық таным — бұл өмірдегі, еңбектегі және табиғаттағы сыртқы әдемілік пен нағыз сұлулықтың арасын ажырата білу,  өнер шығармаларына жоғары талап қою. Мысалы, мұзда конькимен мәнерлеп сырғанақ тебу, яғни жарыс өткізіледі.  
    Қазіргі жағдайда біздің қоғамдық өміріміздегі қажетті мәселелердің бірі — баланың  эстетикалық белсенділігін тәрбиелеу. Адам белсенді түрде өмірдегі әдемілікке, көркемдікке өз үлесін қосып, оны көріксіздіктен, ұсқынсыздықтан қорғауы қажет. 
    Балаларды эстетикалық белсенділікке тәрбиелей отырып, оларды өздігінен ілтипатты -оқырман, қайырымды көрермен, сезімтал тыңдаушы болуға үйрету керек. Балалар әдебиетті оқуға, кинофильмді, теледидарды, спектакльді көруге, музыканы тыңдауға өте ынталы болады. Әр түрлі әдеби, музыкалық шығармалардағы іс-әрекеттің оқиға желісін дұрыс түсіну үшін балаларды көп ізденуге үйрету, бағыт беру ұстаздардың басты міндеті. 
    Баланың эстетикалық мәдениеті және белсенділігі тұтас педагогикалық процесте дамиды. Сондықтан оның барлық еңбегі, демалысы эстетикалық бағытта тиімді ұйымдастырылса, ол өз өміріне әдемілік элементтерін енгізе алады. 
    Эстетикалық тәрбиенің маңызды міндеті — өнер және әдебиет салаларында балалардың қабілетін, ынтасын және бейімділігін дамыту. Осыған орай, мектепте оқушылардың ықтимал мүмкіндіктерін және қабілетін барынша ашу керек. 
    Эстетикалық тәрбиенің  негізгі  құралдары - әдебиет  және өнер. Олар зор  идеялық тәрбиелік роль атқарады. Өнер және әдебиет адам санасына белгілі көзқарастарды әр түрлі құралдар арқылы сонымен қатар тәрбие ала алады. 
     Бақылау және балалармен әңгіме олардың,әрқайсысы өте әсем зат жасағысы келетінін көрсетеді. Бала өзі жасаған затты ең тәуірлердің қатарына жатпаса да қуанады. Мұндай жағдайда тәрбиеші балаларға  жұмыстарына көрме ұйымдастырып олардың нәтижесін бағалауға көмектеседі. 
     1.2. Мектептегі дейінгі эстетикалық тәрбиенің негізгі бағыттары және олардың ұлттық  ерекшеліктсрі 
     Эстетикалық білімнің негізі — оқу пәндері. Бастауыш сынып оқушылары әр түрлі пәндерді оқудың нәтижесіне табиғаттың, еңбектің сұлулығын және адам іс-әрекетінің әдемілігін бағалай білуді түсінеді. Олар әдемі жазуға, мәнерлеп оқуға  және айтуға үйренеді. Ал бұл мәдениетті сөйлеуге, көркемдік танымын қалыптастыруға, қиялын дамытуға игі әсер етеді. 
    Әстетикалық тәрбие адамның рухани бейнесін қалыптастырудыщ соншама ауқымды саласын қамтиды. Кейде әстетикалық тәрбие деген ұғымды " көркемдік тәрбиелеу" деген ұғыммен пара - пар алып жұрміз.  
Көркемдікке тәрбиелеу дегеніміз - өнер құралдарымен тәрбиелеу деген сөз. Ал әстетикалық тәрбие дегеніміз - Илыинаның айтуынша -өнердегі, табиғаттағы және бұкіл қоршаған өмірдегі, әсемдік құралдары арқылы тәрбиелеу деген сөз. Сондықтан көркемдікке тәрбиелеу әстетикалық тәрбиемен пара - пар емес, оның өте маңызды, бірақ құрамдас бөлігі болып табылады. (Илыина Т.А. Педагогика. Алматы, Мектеп, 1977 - 134 бет ).  
Осы орайда белгілі педагог Р.Қоянбаев "Педагогика" атты еңбегінде: " Әстетикалық тәрбие адамды дұниедегі әдемілік атаулыны бағалай білуге ұйретеді. Өнер шығармаларын тануға, қастерлеуге баулиды, оған керісінше ұсқынсыздыққа жағымсыз көзқарасты қалыптастырады", - деп, өнер арқылы әстетикалық тәрбие беру жолдарын қарастырған.  
Әстетикалық тәрбиенің міндеттерінің бірі - әстетикалық сезімді және әстетикалық қабылдауды тәрбиелеу. Өмірдегі, өнердегі әдемілікті сезу және көру адамдарда әр тұрлі болады. Біреулер әдемілікке ұңіле қарап, оның сырын білуге тырысады, ал кейбіреулер оған онша мән бермейді, қалай болса солай қарап, жанынан өте шығады. Әдемілікті сезіну ұшін, оған тұсіну ұшін ең алдымен бейнелеу өнері, музыка және ән саласынан әрбір адамда білім болуы қажет. Білім адамды әдеміліктің обыективтік критерилерімен қаруландырады. Білімді адам сұлулықты бағалай біледі, тұсінеді. Айналадағы дұниеге сезімталдық, әстетикалық қабылдау кырағышығы, ықыластылық, қамқорлық баланың әстетикалық дамуының негізі болады.  
Сол секілді, қазақтың біртуар ағартушысы Ы. Алтынсарин халықтың көркем шығарма туындыларын өте жоғары бағалап, өнердегі және өмірдегі барлық әдемі нәрселердің кұндылығын тұсінуге тек қана білім берудің арқасында жетуімізге болады деп есептейді. Ы. Алтынсарин өзінің педагогикалық еңбектерінде, тек білімділікке ғана емес, мәдениеттілікке де ұндейді. Қазақ қыздарына арналған тұңғыш әйелдер қол өнері мектебінің ұйымдастырылуы да Ы. Алтынсариннің еңбегі т.б. Оның педагогикалық еңбектері әстетикалық көзқараспен тығыз байланысты. Ол: Мектеп қазақ халқының арасында жаңаша мәдениетті өмір сұрудің жаңа әдет - ғұрып, тәртіп, тазалық, қолөнер мен өнердің ұлгісі болуы қажет," - деп атап көрсетті. ( Сыдықов Ә. Ы.Алтынсариннің педагогикалық шығармалары мен ағартушылық қызметі. - Алтынсарин: Мектеп, 1969 - 40 бет ).  
Ы Алтынсарин өзінің барлық педагогикалық теориясында жас -жеткіншектердің әстетикалық тәрбиесін қалыптастырып, жетілдіруде қазақ халқының ғасырлар бойы тәрбие саласында жиған бай тәжірибесін негізге алу қажет деген пікірді ұстанды. Ол қазақтың қолөнерін де өте жоғары бағалаған және сол өнерге жастайынан баулу мақсатымен бірнеше қолөнер мектептерін ашты. Егер Яковлев атындағы қолөнер мектебінде ағаш ұсталығы және киім тігу ( машинамен тігу) жұмыстары жақсы жолға қойылса, Красноуфимскідегі реалыное училищесі мен ауыл шаруашылық мектебінде тері илеу, қыш - құмыра өнерлері меңгерілді, ал Торғайдағы қазақ қыздары ұшін ашылған мектепте, қарапайым халықтың тұрмысына керекті, ... киім тігу, киім пішу, шәлі току, тұбіт шарқат тоқу, жіп шалу және қазақтардың қолында көп болатын жұн, қыл секілді материалдардан өрмек тоқу, киіз басу, бау және тақыр киімдер тоқу сияқты әйелдер істейтін жұмыстар ұйретілді" ( Алтынсарин Ы. Таза бұлақ. - Алматы, 1988. 287 - бет), Джумагулов К. Ы. Алтынсарин. Ташкент, 1975. Стр 141.) Яғни, Ыбырай халықтың қолөнеріндегі әдемілікті, өзі ғана тұсініп, қызықтаумен шектелген жоқ.  
Ыбырай сол кездің өзінде - ақ, сол өнерге балаларды да ынталандыруға атсалысты. Онсыз да ұмыт болып бара жатқан әдеттерді тезірек меңгеріп, құнды, пайдалы деген жағын әстетикалық талғаммен қабышдап, өмір қажетіне шығара білуге шақыруы қазіргі заман талабымен ұштасып жатыр.  
Осы айтылғандар Ыбырайдын әдет - ғұрып, салт - дәстүрді тәрбие саласының өзекті мәселесі деп қарағандығының дәлелі.  
Балалар мен жеткіншектерге әстетикалық тәрбие беруде халық мұрасының тәрбиелік күшін ұлы Абай да жоғары бағалады. ( Әстетикалық төрбие саласында арнайы еңбек қалдырмағанымен, өлеңдері мен қара сөздерінен Абай да халық мұрасының тәрбиелік мәнін жақсы түсініп, оны жинауға атсалысты.   
Балалардың әстетикаға әсерленуі туған табиғатты бейнелейтін көркем сипаттама мен көріністерді жақсы тұсінуге негіз салады. Мектеп оқушыларына эстетикалық тәрбие беруде мұғалімдердің алдыға қойылатын кұрделі міндетті, ол - окушылардың көрген - білген заттарының, көркем нәрселерінің сырын дұрыс аша отырып, сезімдерін оятумен бірге ойлау, қиялдау сияқты қасиетінің дамуыша да жол ашу. Яғни адамнаң дұниені әстетикалық мақсатымен де тығыз байланысты.  
Осы орайда аса көрнекті совет педагогы А.С. Макаренко : "... балаларымыз - еліміздің келешегі, баланы дұрыс тәрбиелеу біздің қуанышымыз, ал нашар тәрбиелеу - біздің көз жасымыз және ар алдындағы айыбымыз", - деген . Сондықтан да тәрбие жұмысы бүкіл педагогикалық ұжымныщ қызметі болып саналады. А.С. Макаренко өзінің тәрбиеленушілерінен кербездік, сәнқойлық, тазалықты ғана емес, әдемілікті, жүріс — тұрыс, сөйлеу әсемдігін талап ете білді. Сондықтан да олар өте ақ жарқын, сыпайы болып өсті.  
Балалардың әдемілікке деген сезімін қай жерде болмасын мектепте, ұйде, демалыста, т.б. дамытып, жетілдіріп отыру керек. Мектепті, кластарды, арнайы бөлмелерді әстетикалыщ тұрғыда безендіргенде міндетті тұрде оларды қатыстырған жөн.  
Бұл тұрғыда А.С. Макаренко кімді де болмасын қызықтырмай қоймайды. Оның мекемелерінде болған адамдар гұлдердің көптігін, жалтыраған паркетті айналарды, асханадағы аппақ жапқыштарды, бөлменің мінсіз тазалығын таңдана әңгімелейді.  
   Эстетикалық тәрбие баланың жас кезеңдеріне байланысты әр тұрлі дамиды. Оның өзі баланың белгілі нәрсеге әсерленуімен байланысты. Кіші мектеп жасында баланың алғаш мектепке баруы, одан алған әсері, оның көркемдік әрекеттерін дұрыс түсініп ұғынуына түрткі болады. Алайда бұл жаста баланың ықыластъілығы тұрақсыз болады, ұзақ мерзім өнер шығармаларымен танысу тіпті өнермен айналысу оны тез атаймыз. Әрине, мінез - құлықты дербес ғылым этика зерттейді, сонымен қатар оны эстетика да қарастырады.  
Егер этиканың негізгі ұғымы - жақсылық болса, ал эстетиканыкі -сұлулық. Ізгілік, жақсылық жасау - қоғамға пайда-келтіру деген сөз. Егер еңбектен пайда мен сұлулықтың тұтастығын іздесек, онда өсіп келе жатқан жас ұрпақ әрекетінен, оның бет - бейнесінен жақсылық пен сұлулықтың, яғни этикалық және эстетикалық қасиеттердің сай келуін қалыптастыруға тырысамыз. Олардың мінез - құлқы неғұрлым қалтқысыз қалыптасса, ол эстетикалың ләззат әкеледі. М.Горький : " эстетика - бұл болашақтың этикасы" - деп бекер айтпаған.  
 
Эстетикалық тәрбие табиғаттағы, өнердегі, еңбектегі, өмірдегі ең жақсыны қабылдау, одан лаззат алу. Эстетикалық тәрбие адамды дүниедегі әдемілік атаулыны бағалай білуге үйретеді, өнер шығармаларын тануға, қастерлеуге баулиды, оған керісінше ұсқынсыздыққа жағымсыз көзқарасты қалыпгастырады.  
Эстетикалық тәрбиенің өзіне тән міндеттері бар. Олардың бірі -эстетикалық сезімді және эстетикалық қабылдауды тәрбиелеу. Өмірдегі, өнердегі әдемілікті сезу және көру адамдарда әр түрлі болады. Біреулер әдемілікке үңіле қарап, оның сырын білуге тырысады, ал кейбірулер оған онша мән бермейді, қалай болса солай қарап, жанынан өте шағады. ӘдемІлікті сезу үшін ең алдымен бейнелеу өнері, музыка және ән саласынан әрбір адамда білім болуы қажет. Білім адамды әдеміліктің объективтік критерилерімен қаруландырады. Білімді адам сұлулықты бағалай біледі, түсінеді. Айналадағы дүниеге сезімталдық, эстетикалық қабылдау қырағылығы, ықыластылық, қамқоршылық баланың эстетикалық дамуының негізі болады.  
Эстетикалық ұғымды пайымдауды, баға беруді қалыптастыру -эстетикалық тәрбиенің тағы да бір міндеті. Әдемілікті сүю, оған түсіну үшін балаға негізінен көмектесетін білім.  
Сондықтан бала бейнелеу өнері саласындағы ырғақ, үндестік, музыка мен әндегі дыбыстарды және өнер әдістері туралы білімді игеру қажет. Осыған байланысты ол эстетикалық терең түсінуге тырысады, байымдай және бағалай біледі.  
Көркемдікке және сұлулыққа баға беру үшін эстетикалық танымның маңызы өте зор. Эстетикалық таным - бұл өмірдегі, еңбектегі және табиғаттағы сыртқы әдімілік пен нағыз сұлулықтың арасын ажырата білу, өнер шығармаларына жоғару талап қою. Мысалы, мұзда коныкимен мәнерлеп сырғанақ тебу жарысы өткізіледі. Сонда орындаушыларға екі түрлі баға, яғни бірінші баға - көркемділігін келістіре орындағаны ұшін, екінші баға - мәнерлеп сырғанаудың техникасын жоғары дәрежеде игергені үшін қойышады. Әрине, орындаушыларға әділетті баға қою үшін мамандардың, әсіресе төрешілер алқасының эстетикалық танымы, білімі жоғары дәрежеде болуы керек.  
Эстетикалық танымның дамуына көбінесе өнер үйлерін қабылдаумен, не тегінде творчествомен байланысты іс - әрекеті мүмкіндік береді.  
Қазіргі жағдайда біздің қоғамдық өміріміздегі қажетті мәселелердің бірі - баланың эстетикалық белсенділігін тәрбиелеу. Ол әдемілікті сезіп және анық заттарын тұсініп қана қоймай, осы заңдар бойынша өзін қоршаған айналаға өзгеріс жасауы қажет.  
Өмірге енген эстетика ( еңбек, табиғат әстетикасы ) адамдар қатынасы, адамды сүйсіндіреді. Адам белсенді түрде өмірдегі әдемілікке көркемдікке өз үлесін қосып, оны көріксіздіктен, ұсқынсыздықтан қорғау қажет.  
Балаларды эстетикалық белсенділікке тәрбиелеп отырып, оларды өздігінен ілтипатты оқырман, қайырымды көрермен, сезімтал тыңдаушы болуға үйрету керек. Балалар, әдебиетті окуға, кино - филымді, теледидарды, спектаклыды, көруге, музыканы тыңдауға өте ынтылы болады.  
Әр түрлі әдеби, музыкалық шығармалардағы іс - әрекеттің, оқиға жемісін дұрыс түсіну үшін балаларды көп ізденуге үйрету, бағыт беру ұстаздардың басты міндеті.  
Баланың эстетикалық мәдениеті және белсенділігі тұтас педагогикалық процесте дамиды. Сондықтан оның барлық еңбегі демалыс эстетикалық бағытта тиімді ұйымдастырылса, ол өз өміріне әдемілік әлементтерін енгізе алады.  
Эстетикалыпс тәрбиенің маңызды міндеті - өнер және әдебиет салаларында балалардың қабілетін, ынтасын және бейімділігін дамыту.  
Эстетикалық тәрбиенің негізгі құралдары _ әдебиет пен өнер. Олар зор идеялық тәрбиелік ролы атқарады. Әдебиет пен өнер адам санасына белгілі көзқарастарды әр тұрлі құралдар арқылы енгізеді.  
Сонымен, өнер мен әдебиет шышдықты игерудің және танудың құралы. Өнер мен әдебиет адам дамуының және рухани өсуінің басты шарттарының бірі болып табылады.  
Әдемілікті сезуде, әстетикалық көзқарасты және танымды қалыптастыруда табиғат зор ролы атқарады. Табиғат адамды қуанышқа бөлейді, сезімін дамытады, эстетикалық түсінігін дамытады, эстетикалық түсінігін байытады. Адам табиғатты бақылаушы ғана емес, ол тұтынушы, сұлулықты жолаушы творчестволық қызметкер. Сондықтан өзінің күшін, қабілетін адамдар бақыты үшін табиғатқа өзгеріс жасауға жұмсауы керек. Мысалы, қала мен селоны, тұрғын жерлерді көгалдандыру, бақ және гүлдер өсіру, мәдениет және демалыс орындарын әшекейлеу - бұл зор эстетикалық қамқорлық.  
Қазіргі кездегі эстетикалық тәрбиенің міндеттерін шешу үшін халықтың осы уақытқа дейінгі тәжірибесін меңгеру қажет. 
    1.2 Мектеп жасына дейінгі эстетикалық тәрбиенің негізгі бағыттары және олардың ұлттық ерекшеліктері.  
    Мәдени құндылықтарды жасауда әр халықтың өзіндік ерекшелігі бар. Мысалы, қазақ халқына көшпенділік өмір жағдайында табиғи өзгерістерге байланысты өте нәзік байқағыштық тән. Кең дала қозғалыс бағытын дұрыс табу, жайылымдардың күйін анықтау, ауа райының өзгерісін алдын-ала болжау, өсімдіктердің атын өте дәл тауып қою, т.с.с. 
    Халық әрдайым әсемдікті іздеді, қолдан жасады және оны өмірде, тұрмыста, еңбекте бекітуге тырысады. Оны халқымыз үй жиһаздарын жасауынан және оны әсемдікті сезінудегі тәрбие құралы ретінде пайдалануынан көруге болады. 
    Халықтық  эстетикалық тәрбие жүйесінде лирикалық, тұрмыстық, әдет-ғұрыптық, еңбектік және т.б. әндер мен өлеңдер ерекше орын алады. Бұларда эстетикалық тәрбиенің құралдары ретінде қызмет етті. Халқымыздың әндері жанры және тақырыбы жағынан өте бай. Көптеген әндер би қимылдарымен байытады. 
    Эстетикалық тәрбиеде халық ауыз әдебиетінің маңызы өте зор болды. Оның мазмұны халқымыздың бүкіл өмір тәжірибесін қамти отырып, жас ұрпақ санасын, әсемдік сезімін, талғамын, қажеттігін билейді. 
    Эстетикалық тәрбиенің күрделі мәселелерін айқындауда біз халықтың жинақтаған педагогикалық білімі мен тәрбие тәжірибесіне сүйенуіміз қажет.  
    ІІ  Тарау.  Күнделікті  еңбек пен өнер  тәрбиесі. 
   2.2. Күнделікті  өмірдегі  адамның жеке  басының   эстетикасы 
   Жеке  адамның жалпы мәдениеті ұжымда, жұртшылық арасында байқалады. Сондықтан күнделікті өмірдегі оқушының жеке басының эстетикасына ерекше көңіл аудару мұғалімдер мен ата-аналар алдындағы кезек күттірмейтін басты мәселелердің бірі болып саналады. 
   Балалардың жалпы мәдениеті, яғни эстетикалық тәрбиенің маңызды жақтары ізеттілік, ұқыптылық, жылы шырайлылық, қайырымдылық, тазалықты сақтау т.б. Жалпы эстетикалық мәдениет — бұл қатынас эстетикасы, киім-кешек эстетикасы, үй-жағдай эстетикасы, манера (өзін ұстай білу үлгісі), дене қимылы т.б. А.С.Макаренко еңбектерінде бұл проблемаға зор мән берілген. 
   Үй-жағдай эстетикасы. Әрбір  адам өз үйіне жайлы жағдай жасауға тырысады. Әр түрлі үй дүние-мүліктерінің өз орнында әдемі, ыңғайлы тұруын ойластырады. Жұмыс істейтін және демалатын бөлмелерді өте қолайлы етіп жабдықтайды. Балаларды үй ішінде өзінің жеке заттарын, нәрселерін ретке келтіріп ұстауға, күтуге, үйді жинауға, тазалықты сақтауға үйретеді. Осындай жұмыстардың барлық түрлеріне балаларды қатыстыру — әке мен шешенің, ересек үйелмен мүшелерінің басты міндеттері. 
    Балалардың үй-жағдайын өзгертуге байланысты жұмыстарға қатыстырып отыруы керек. Мысалы, бөлме қабырғаларына жапсырылатын түсқағаздарын, терезе перделерін қалай таңдап алу керек, бөлмелерде мебельді қалай  әдемі етіп орналастыруға болады, бөлме өсімдіктерін өсіру, оларды күту, яғни осы сияқты жұмыстарды өз бетімен орындауға үйрету, дағдыландыру балалардың эстетикалық сезімін, танымын тәрбиелейді және эстетикалық ұғымын қалыптастырады. 
     Артық сәндену, түрлі формаларға, түстерге еліктеу адамға жақсылық әкелмейді. Сырт киімді, аяқ киімді, шашты баптауды өскелең өмір талабына, жас ерекшелігіне сәйкес таңдап алу керек. Басқаша айтқанда, қымбат мүліктердің көрмесіне айналдыруға болмайды. Киім-кешек эстетикасында сұлулық-тың өлшемін есепке алу керек. 
    Манера, жест (дене қимылы) - бұл әрбір адамның өзін ұстай білу үлгісі және дене қимылы жөніндегі ұғымды білдіреді. 
    Сонымен балалараға эстетикалық танымын, сезімін, мәдениетін, білімін көтеруде ең басты сүйеніш тәрбиешілер мен ата-аналар. Олар өздері үлгі болып эстетикалық тәрбие жұмысының мазмұнын, формаларын және әдістерін жетілдірудің жолдарын іздестіріп іске асырады.  
   2.2. Отбасы тәрбиесіндегі эстетикалық тәрбие. 
   Салт-дәстүр   дегеніміз — халықтардың кәсібіне, сенім-нанымына, тіршілігіне байланысты қалыптасқан, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратын    коғамдық кұбылыс. Ол отбасылық тәрбиеде қалыптасады. Жеке адам жаңа салтты ойлап шығара алмайды немесе бұрынғы қалыптасқан салтты жоғалта алмайды. Бүкіл халық, ел-жүрт уақыт озған сайын салт-дәстүрге жаңалық енгізіп, оны қоғамдық болмыс көріністеріне бейімдеп өзгертіп отырады. Ал жаңа қоғамдық қатынастарға кайшы келетіндері жойылып, өмірге қажеттілері жаңа жағдайда ілгері дамиды. Мәселен,   қазақтың    жауапкершілік    заманында құрдас батыр жігіттердің ұлы жорыққа аттанар алдында ақ кой сойып, қанына найзаларын малып, «өлсек бірге өлеміз, опасызды ант атсын» деп төс түйістіріп немесе әке-шешенің асырап алған баласы мен туған балаларының саусақтарын  ақ койды бауыздау қанына малғызып, «қаны бір  бауырымыз» деп ант ішкізіп, құшактастырып сүйістіру ырымдары бүгінде ұмыт болған. Ал бұрын болмаған-ақ шашты қариялардың алтын-күміс неке тойларын жасау бүгінгі салт-дәстүрден тұрақты орын алды. 
    «Отан от басынан басталады» дегендей, балаға имандылық, инабаттылық, ар-ождан уағызы, қоршаған орта, табиғат сырына жастайынан тәнті ету тәрбиеден туатын үрдісі. «Ананың сөзі — акылдың көзі» деп қарау, атаның өнегелі ісін мұра тұту», оның жолын қуу, ән мен күйді, жыр мен термені рухани азық ету, зергерлік, іскерлік, шеберлік, ұсталық өнерді үйрену, ананың әлдиі, әженің бесік жыры — бәрі тәрбиенің тағылымдары. 
    Ананың  әлдиінде үлкен сыр жатыр. Ана жас сәбиін бесік жырын айта отырып тербетіп, оның келешекте ел қорғайтын батыр, еңбек сүйетін азамат болуын армандаған. Жас сәбидің құлағына жарық дүниеге келген күннен бастап анасының сіңіретін тілек, арманы «Бесік жырының»: 
өлең жолдары арқылы жетіп жатқан. Ана: «мал бақ, адал кәсіп ет, ел-жұртыңды жаудан қорға, он саусағың өнерлі болсын» деген ойын қысқа күнде қырық қайталап, сәбиінің санасына құюды өзінің, аналық парызым деп ұққан. Халық шығарған бесік жырларында балаға «жорық жасап ел тона, барымтаға аттан» деген пікір айтылмайды. Өйткені мұндай нәрсе халық ұғымына қайшы, керісінше ел шетіне жау келсе, халық намысын қорға деген пікір уағыздалады. Бөбек пен сәбиге арналған ананың бесік жырлары мен «өс-өс», «тәй-тәй»тақпақтарында, «тұсау кесу» жырлары мен санамақ ойын өлеңдерінде айтылар өсиет баланың ой-санасын өсіруге арналған.     
    Қорытынды 
  Қазіргі кезде эстетикалық көзқарастарды тәрбиелеу - тәрбие барысының зейін салуды, құя санап өсіруді талап ететін мәселесі. Біздің қоғам адамына тек қана өнердің емес, еңбек, қоғамдық қатынастар, қоршаған орта, тертіп, тұрмыс, табиғаттың да әсемдік жақтары ықпал етеді. Эстетикалық көзқарастар адамның шындыққа қатынасын анықтайды. Адам өмірінде эстетикалық көзқарас әрдайым қуатты рухани күш ретінде көрінеді. 
    Эстетикалық тәрбие беруде көзқарас пен таным ынтымақтыққа, бірлікке, еркіндікке, адалдыққа, шыншылдыққа, патриоттылыққа, мейірімділікке, кішіпейілділікке тәрбиелейді. Эстетикалық сезім мен қабылдауда қазақ қолданбалы өнеріндегі кеңістік пен уақыт үғымдарының мазмүндық ерекшеліктері туған ел, туған жер, атамекен, атақоныс, жер-су, меңгілік пен бүгінгілік, тағдыр, т.б. ұғымдарды қалыптастыратынын ұғып-түсінеді. Эстетикалық баға беру мен пайымдау қолданбалы өнерінің тарихи даму ерекшеліктерінен білімін меңгертуде жас жеткіншектердің ақыл-ойын, рухани дүниетанымын, бабалар мүрасына деген қызыгуын арттырады. Эстетикалық белсенділік өздігінен ізденуге жол ашады, қол-данбалы өнері бүйымдарын жасай білуге, олар қоршаған орта табиғат қүбылыстарын абстрактілі бейнелей білуге, бабалар мүрасын ұрпақтар мұратқа айналдыруға өз үлесін қосуга талпындырады. 
    Демек, әстетикалық тәрбие үрдісінде қазақ қолданбалы өнеріндегі кеңістік пен уақыт ұғымдарын пайдалану ақыл-парасаттылық (рациовалды) және сезім (эмоциалды) элементтерінің өзара байланысын қалыптастырады.     
   Педагогигада бұл мәселені шешуде адам ақыл-ойы мен адамгершілігінің әсемдікке бой ұруы және эстетикалық сезімдерінің өзара байланыста екендігін негізге алады. 
   Өнер  арқылы қоршаған орта, табиғат сұлулығынан ләззат алу, оны сезінуге, шын көркемдіктен жалған керкемдікті ажырата білуге, яғни   сұлулықты қабылдауға, түсінуге талпындырады, жеке тұлғаның дүниетанымын қалыптастырады. 
   Эстетикалық тәрбие беруде ұлттық өнердің кеңістік пен уақыт тұрғысынан   танымдық-тәрбиелік   маңызын   және   болашақ   тәрбиешілерді осы игі істерге баулу, сөз жоқ, бүгінгі педагогикалық білімді ізгілендіріп, жаңа сапаға көтереді.  
  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 ҚОЛДАНЫЛҒАН  ӘДЕБИЕТТЕР: 
  1. Андабекова С. «Мектепке дейінгі педагогика» 
  2. Педагогика Под ред. Ю.К-Бабанского. - М., "Просвещение", 1988. 
  3. Ядэшко В.И. «Мектепке дейінгі педагогика» А.Мектеп 1982 ж. 
  4. Ф.Н. Жумабекова «Мектепке дейінгі педагогика» Астана «Фолиант» 2008 
   5.Ұзабаев С.А. Балаларға эстетикалық тәрбие  берудегі халық дәстүрі. Алматы, 1990. 
  6. Ұзақбаева С.А.  эстетикалық   және   экономикалық  тәрбие негіздері.13Лекция. 
                            Алматы,1991. 
  7. Макаренко А.С. Методика организаций  и воспитательного процесса. Собр  Соч.-М1951. 
  8.Мусаева С.А,Зейдалиева Ж. Қысқаша педагогика  –психологиялық сөздік.Тараз,2001. 
  9.Қоянбаев  Ж,Б, Педагогика .-Алматы -1992. 
  10.Алмаханова  Х. Жас өспірімдерге  эстетикалық   тәрбие  беру   /Методикалық нұсқау/- А 1990 
  11. Сухомлинский  В.А. Балаларға жүрек жылуы –А, 1976 

                                   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Описание работы
Үшішіден, кеңістік көріністері бүгінгі ұрпаққа "Ата жұрт", "Атамекен", "Елім-жерім", "Туған өлке" ырымдарын қалыптастырады. Сондай-ақ жеке тұлғаның дүние, өмір, қоғам, тіл мәдениеті жөніндегі түсініктері ұлғаяды, ақыл-ойы, танымдық қабілеті, эстетикалық сана-сезімі, түйсіктері, адамгершілік қасиеттері, туған еліне, жеріне, табиғатқа, халық өнеріне аялы көзқарастары қалыптасады.
Содержание работы
Кіріспе
І.Тарау. Эстетикалық тәрбие теорияның негіздері

1.1. Эстетикалық тәрбиенің мәні, міндеттері
1.2. Мектеп жасына дейінгі эстетикалық тәрбиенің негізгі бағыттары және

олардың ұлттық ерекшеліктері
ІІ Тарау. Күнделікті еңбек пен өнер тәрбиесі

2.1 Күнделікті өмір, жеке адам эстетикасы

2.2 Отбасы тәрбиесіндегі эстетикалық тәрбие
IIІ . Тәжірибелік бөлім

Қортынды