Газға қарсы құралдарды көмір
әсер ететін органикалық: мысалы, метан,
этилен, ацетилен сияқты қорғау үшін қолдануға тыйым салынады.
А,В, Г, Д, Е, КД марка қораптары
аэрозольді сүзгіштер ретінде таралады.
СО және М қорапшалары және олар арқылы
таралады. Қорапшадан ақ тікелей олардың
аэрозольді сүзгіштермен жабдықталғышын
білдіреді.
Өнеркәсіптік газға қарсы құралдарының қорғаныс әрекетінің уақыты
КӘУЗ байланысты, сүзілетін қорапшалар
маркасына байланысты. 6,2 г/м көмірқышқыл
тотығын концентрациялау кезінде СО қорапшасы
15 сағат Г маркасы газға қарсы маркалары
сынап буымен жабдықталған концентрациясы
кезінде 1 сағат 20 минут. Қолдану үрдісіне
газға қарсы құралдарының қорғаныс қуаты
төмендейді. Мысалы, А,В,Е,КД; БКФ маркалы
қорапшаның зиянды заттармен иіс туындаған
кезінде қолдануға болмайды. Тез арада
аймақтан шығып, қорапшаны ауыстыру қажет.
Г маркалы құрамы жарамдылығын жұмыс істеген
уақыты бойынша анықталады. Сондықтан
да сынаппен жұмыс істеу кезінде әрбір
жұмыс уақытын есептеумен байланысты.
СО және М маркалы қорапшалары үшін қорғаныс
қуаттылығын жоғалту үшін олардың қуаттылығын
анықтайды. Қорапшаға берілген салмағына
қарай этикетка жабыстырылады.
Респираторлар зиянды газдардан,
будан, аэрозолдардан және шаңнан қорғауы
бойынша жеңілдетілген құралдарды қолданады.
Респираторлар кең таралады. Шахталарда,
кен орындарында, химиялық зиянды және
шаң басқан кәсіпорындарда, шаруашылықта улы химикаттармен
жұмыс істеу кезінде қолданылады.
Бу-газ тәрізді қоспалардан
ауаны тазарту физикалық-химиялық үрдістердің
есебінен жүзеге асырады.
Респираторлар екі түрге бөлінеді:
Біріншісі – бұл жартылай бетперде
және бірмезгілде бет жағымен қызмет атқаратын сүзгілейтін
элементтер.
Екінші – сүзгілейтін пратондарда
үрлейтін ауаны тазартады.
Респираторлар тағайындалуы
бойынша бөлінеді.
1) Шаңға қарсы құралдар
демалу ағзасын әртүрлі аэрозольдерден
қорғайды. Сүзгі ретінде шаңға
қарсы респираторларда жіңішке талшықты сүзгілеу
материалдарын қолданады. Ең көп тараған
ФГ түріндегі полимерлі сүзгілерді материалдарды
олардың жоғары екенділігіне қарай пайдаланады.
2) Зиянды газдан қорғайтын
газға қарсы қолмен құралады.
3) Ауада бір мезгілде
болатын газдардан, будан, аэрозольдардан
газды, шаңды қорғану.
ФП материалдарының маңызды
ерекшелігі полимерден, перхлорвиннен
дайындалуында жекелеген қасиеттеріне,
электростатты зарядтарға ие, аэрозольдар
мен шаңнан тиімділігін көтереді.
Респиратор қызмет мерзіміне
байланысты мынадай болуы мүмкін:
1) Бір реттік қолдану
ШБ-1, У-2к, Р-2, өңдеп болғаннан кейін
ары қарай пайдалануға жарамсыз;
Бір реттік респираторлар негізінде
шаңға қарсы болады.
2) Көп реттік қолдану (РПГ-67)
сүзгіштерді ауыстырумен қарастырылған,
негізінде газдан, шаңнан қорғайды. РПГ-67
бірнеше маркаға ие, яғни сүзгілейтін
патронның маркасына сәйкес келеді. Өз
кезегінде жұту құрамына, құрылымына қарай
бөлінеді. Патрон қақпақшасының ортасында
маркілеу жүргізілген. Газды –шаңнан
қорғау респираторлары егер де олар дұрыс
киіліп жақсы таңдап алынса демалу ағзасын
сенімді түрде қорғайды.
Сүзгілейтін патронның орналасуына
қарау СИЗОД үлкендердікінен ерекшеленбейді.
Балалардың демалу ағзаларын қорғау үшін
келесі газға: ДП-6м, ДП-6, ПДФ-7, ПДФ-д, ПДФ-3
сияқты газға қарсы құралдарды ұсынады.
Оның үстіне, балаларды қорғау үшін КЗД-4
қолданылады.
9-сурет. Респираторлар
Бет бөлігінің негізгі жағын
қорғайды мақтадан және дәкеден дайындалады.
Мақта-дәке байламасы хлордан сақтай алады,
бұл үшін ол 20% ас содасы ерітіндісімен
азықтанады, сіңіріледі, ал 5% лимон немесе
сірке қышқылымен сіңдіру аммиактан қорғайды.
Ол бір реттік қана пайдалануға жатады,
оны қолданып болғаннан кейін оны өртеп
жібереді. Негізінде мақта-дәке орамалдарын
көзәйнекпен бірге қолданылады [9].
5.1 Бактериялық қарудан
қорғану жұмыстары
Бактериялық зақымдау ауқымында
халықтың жаппай ауруға шалдықпауы үшін
бір кешенді қорғану жұмыстары жүргізілуі
керек. Қарудың ерекшелігіне байланысты
орындалатын шаралар төмендегідей бірқатар
қиыншылықтарға кездеседі:
- микроорганизмдер көзге көрінбейді,
олардың иісі болмайды және қолға ілікпейді.
Сондықтан биоқұралдардың таратылғанын айқындау қиын;
тек зертханалық зерттеу арқылы анықталады
осы жағдай ең керекті алғашқы уақытта
онымен күресті жүргізе алмайтындай қылады;
- індет аурулары жасырын түрде
өтетін мерзімі болғандықтан ауру кеңінен
тарап асқынғанда ғана біліне бастайды,
тек сонда биологиялық қару қосылды деп
айқындалады;
- биологиялық қару бірден көп
адамдарды науқастандырып қоймай тағы
аурудың жұқпалы қасиетіне қарай бір адамнан екіншісіне жұғып кете береді, сөйтіп айналаны эпидемия зонасына айналдырады;
- жұқпалы аурулардың табиғи
түрінде өтетін үрдісі көп уақыттан бері
зерттеліп келе жатыр, сондықтан оның
таралу заңдары белгілі. Алайда қолдан
жасалған (биологиялық қару арқылы)
эпидемияның дамуын қалай өрістейтінін
алдын ала нақты ешкім қазіргі кезеңде
айта алмайды. Осы жерде нақты айтылатыны
– инфекция алғашқы сатысында ауа арқылы
таратылады.
- аз мерзімді уақытта оған қарсы
пайдаланатын дәрі-дәрмекті ойлап табуы да оңай емес,
тіпті практикалық қалпында оны жасау
мүмкін емес.
Расында, микробтардың жаңа
түрлерін шығару мақсатында қаншама уақыт,
қаржы кетеді және неше түрлі мамандар
бұл жұмыстарға ақыл-ойын салады.
- бактериялық зақымдау ошағы
ұзақ уақыт бойы зақымдау орталығы
немесе көзі болып қала береді. Бұл жайыттың
екі себебі бар:
Біріншісі – белгілі, ол жұқпалы
қасиетіне тән; екіншісі – микробтардың
бірқатар түрлерінің ұзақ уақыт спора
(бірнеше қабат тығыз қабығы бар) түрінде
жер қыртысында, басқа заттарда сақталу қабілеті
(бірнеше жыл бойы). Осылардың арасында
биік, төмен температураларға, зарасыздандыру
құралдарға төзімді келетіні де бар шығар;
- микроағзалар оңайлықпен үйлердің
ішіне, қорғау паналарға кіріп кете береді,
оларға азық-түлікке, суға, тұрмыс заттарға еніп кету түк емес;
- биологиялық қару бейбітшілік
кезінде де құпия түрінде пайдаланып қалуы
мүмкін;
- індетпен күрес барысында үлкен
ауқымды және әртүрлі жұмыстар: бір мезгілде
емдеуге жатқызылған адамдардың саны
өте зор, инфекциялық стационарлар мен диагностикалық зертханаларды,
оқшаулау бөлмелерді арттыру, науқастарға
тамақ және т.б. ұйымдастыру, қаншама зарарсыздандыру
жұмыстарын атқару және т.б. өткізілуі
керек.
- биологиялық қарудың басқа
қарудан өзгешелігі, ерекшелігі халыққа
психологиялық әсер етеді, қорқыныш пен дүрбелең
туғызады, тәртіпсіздікке әкеліп соқтырады [6].
Егер аса қауіпті инфекциялық
жұқпалы аурулардың орын алған белгілері
анықталса немесе жау бактериологиялық қаруды
қолданса, онда карантин жарияланады.
Бұл аурудың таралуынан сақтандыруға
және зақымдау ауқымын жоюға бағытталған,
эпидемиядан сақтанудың тәртіптік, әкімшілік
және санитарлық шаралардың жиынтығы
болып табылады. Бактериологиялық зақымдау
ауқымында карантин және обсервация орнату
үшін мынадай шаралар істелінеді:
- АҚ жасақтары ауқымды оқшаулап
комендаттық қызмет жариялайды (қарулы
жасақтар территорияны қорғайды);
- Зақымданған аумағынан көлік
пен адамның өтуіне, одан мүлікті, басқа
заттарды тасып шығаруына қатың тыйым
салу шаралары қамтылады (ол үшін бақылау
өткізу орындары ұйымдастырылады).
- Кәсіпорындар мен қызмет істеп
жатқан мекемелерде тиісті эпидемияға
қарсы жұмыс істеу тәртібі белгіленеді,
оқу орындарында сабақтар өткізілмейді:
азық-түлік өнімдерін сатуға, тамақтану
және сумен жабдықтаудың санитарлық жағдайларына,
оларды дайындау, сақтау, тасымалдау
технологиялық ережелерін орындауға ерекше
санитарлық және гигиеналық бақылау жасалады;
- Адамдарға күндегі бақылау
жасау мақсатпен оларды ұсақ топтарға
бөледі, ал науқастарды және ауру жұққан
деп саналатындарды анықтап, оларға жіктеу жасайды; адамдарға инфекциялы ауруларға қарсы қолдан иммунитет жасайды (вакцина, арнайы дәрі егу);
- Санитарлық шараларды (ортаны
зарарсыздандыру, жәндіктерді және кеміргіштерді
жою) жүзеге асырады;
- Науқастарды емдейді;
- Малдарға бақылау жұмыстарын өткізеді;
- Бақылау жұмыстарын арнайы
жасақтар залалданған ауқымға жанасып
жатқан территорияда да және АҚ-тың түрлі
жұмыстарына қатысып жүрген барлық адамдарға
міндетті түрде жүргізеді;
Зертханалық зерттеулер арқылы
зақымдау ауқымында ерекше қауіпті инфекция қоздырғыштары білінбесе
және індет таралу қауіпі жоқ болса, карантиннің
орнына обсервация (бақылау) тәртібі жарияланады.
Зақымдау ауқымында медициналық бақылауды
күшейтіп, онда емдеу – сақтандыру және
тежеу жасайтын шаралар жиынтығы обсервация
деп аталады.
Адамды, қоршаған ортаны микробтардан
зарарсыздандыру үшін дегазацияға арналған
тотықтыру және хлорлау әсерін келтіретін
заттар, солармен қатар формалин, фенол және т.б. қолданылады
[9].
5.2 Бактериялық зақым
аумағында жүріп-тұру, іс-қимылы және әрекет
ету тәртібі
Егер территорияда биологиялық
қару қолданылса, ал жерге жайылған микробтардың
түрлерін анықтау қиындыққа соқса не ұзақ
уақытқа созылса, адамдар кешенді түрде,
уақтылы, дер кезінде төменде айтылатын
мәліметтерді есте сақтап әдістерді орындайды:
- инфекция микробтар саны қоршаған ортаның әсерінен
бара-бара төмендейді, ақыры олар тек адамдарда
немесе жануарларда (өсімдіктерде), азық-түлікте,
суда қалады; олардың басым көбісінің
жоғары немесе төмен температурада бейімділігі
аз; суда қайнатылғанда, тікелей күн сәулесі түскенде,
зарарсыздандыру құралдар, бактериофактор
қолданылғанда әжептеуір жойылады;
- АҚ-ның медициналық жасақтары
және басқа да мадициналық мекемелер іске асыратын шаралардың (керекті дәрі егу), вакцина, иммунды сарысу жіберуден адамдар қашпау керек; жеке адам гигиенасының
және зақымдау ауқымында орнатылған ережелерін
мұқият сақтап, тұрғын халық арасында
гигиеналық дағды және санитарлық мәдениет
жайын насихаттауды, байбаламға, дүрбелеңге
жол бермеуді әркім міндетті түрде орындауға
тиіс, медициналық жасақтарды жылжымалы
микробиологиялық зертханаларын кеңінен пайдаланады.
- бірнеше инфекциялы ауруға
қарсы тұратын, кеңінен пайдалы әсер беретін
антибиотик дәрі-дәрмектерді қабылдаған
дұрыс, мысалы жеке аптечкадағы (АИ-2) №1, №2 арнайы антидоттары;
- азық-түлік өнімдерін, суға
арналған, микробтар өтпейтін герметикаланған
ыдыста ұстаған жөн, суды тек хлорланған
немесе жаңа қайнатылған түрде пайдалану
керек;
- биологиялық қару қолданылады
деген хабарды естіген сәттен бастап,
мүмкіншілік болса, жақын арадағы қорғау панаханаларға жасырынуға
тырысу керек, қолда болған жеке қорғау
құралдарын пайдалану өте маңызды нәрсе; жеке қорғау құралдары (противогаз, обаға қарсы тұратын
кешенді костюм, комбинезон, респиратор,
қорғаныс көзілдіріктер, мұрын мен ауызды
байлайтын мақта т.б.), әсіресе, инфекциялы ауруға шалдыққан адаммаен жуысуға мәжбүр болатын жағдайда немесе үй-жайды зарарсыздандыру жұмыстарды істегенде міндетті түрде кию қажет; күнделікті киімдерді де жеке қорғау құралдарға бейімдеуге болады;
- дененің ашық жерлерін (бітті, мойынды, қолдарды)
сүртіп жүру үшін зарарсыздандыру ерітіндісіне
малынған бет орамалын алып жүрген дұрыс
болады;
- тұрғын үйдің ішінде, оның айналу
ауқымында, жұмыс орын айналасында зарарсыздандыру
жұмыстар өткізілу керек; ол үшін тұрғын
және қызмет үйлердің қабырғаларын,
төбесін, еденін, жиһазды хлорлы әктің
0,2-5%-дық тұнықтырылған, хлораминнің 0,2-1%-дық, лизолдың 3-5%-дық, ДТС-ГК-ның 1-3%-дық, сутегі асқын оксидінің 3%-дық ерітінділерімен ылғалдайды, ыспалап сүртеді, жабық ғимараттарды металл баллондарда сақталатын
этилен оксидімен 500 мл/м3 шоғырына дейін жеткізе бүрке; кілем, киіз,
төсектерді, т.б. қағып, сілкіп, күннің көзіне жаяды, мамық жиһаздарды
шаң сорғышпен тазалайды, үйдің ішін-сыртын
әктейді, керек жерін сырлаған да артық
болмас; зарарсыздандыру ерітінділерін болмаған жағдайда сабындалған суға шүберекті малып, онымен керекті жерлерді сүртіп шығуға болады; ғимараттың сыртқы бетін, жергілікті жерді, әжетхананы, қоқыстар төгілетін шұңқырларды немесе бактерді хлорлы әктің 20%-дық ерітіндісімен ылғалдайды, ішіндегілеріне
шыбындар жоламау үшін құрғақ әк шашылады;
керек ерітінділер болмаған жағдайда,
үй айналасына су сеуіп, шаңды көтерілмейтіндей
қылып басады, жұмсақ жерлерді аударады,
қарды алыстау жерге сүріп тастайды;
- АҚ жасақтары қала көшелерін міндетті түрде тазалайды;
- зарарсыздандыру жұмыстарды
жеке қорғау құралдарды киіп жүргізеді,
өйткені зарарсыздандыру заттардың көбісі
улағыш боп келеді,сондықтан оларды абайлап
пайдалану керек. Дезинфекция кезінде
пайдаланылған сүрту материал арнаулы жерге жиналып, өртеледі
не 1 сағат бойы гидрокарбонат натрия 2% ерітіндісінде қайнатылады. Зарарсыздандыру
жұмыстарды істеген кезде темекі шегуге,
су ішуге және тамақтануға болмайды және
жұмыстарды бітірген соң толық санитарлақ
өңдеуден өту керек;
- жәндіктермен күресу үшін дезинсекциялық
шараларды жүргізу керек: тұрғын үйлер
мен қосалқы үй жайларды, қора-қопсаларды
таза ұстау (әсіресе, тамақ, су қалдықтарынан),
есік терезелерді торлау, ұсақ суқоймаларды,
арықтарды тазалау және инсектицидтерді
пайдалану – ДДТ, гексахлоран, 3%-дық хлорофос ерітіндісі, карбофос, метилацетофос және басқалары; жәндіктерді жоламайтындай қылу үшін диметилфталат, диэтилтолуалид және басқа да қаруларды қолданады; жәндіктер
шаққан жағдайда немесе басқа себептен
тері бүтіндігі бүлінсе, ол жердің терісін қысып,
қанын мүмкінінше шығарады да жараның
бетіне 4-5 минутқа 5%-дық лизол ерітіндісіне малынған
анжы басылады;
- кемірушілерді жоюға химиялық
улы заттар – ратицидтер қолданылады: мырыш фосфиді,
ратиндан, зоокумарин, таллийсульфаты,
тиосемикарбазид, барий карбонаты,
калий, крысид, фторацетамид және басқалар;
уландырылған еліктіргіш дайындауға нан
ұнтағы, ботқа, фарш, ұн, дән, пісірілген
көкөніс пайдаланылады;
- олардың ұнтақтап, өсімдік майы
мен су қосады да езгілейді, соңынан қажетті
концентрацияда у қосады; еліктіргіш
дайындаған кезде адам тамақтанатын азық-түлікке
у түсіп кетпеуіне мұқият болу керек. Механикалық
әдіске әртүрлі қақпан, дұзақ, тышқан аулағыш
томпаны қолдануы жатады;
- ыдыс аяқты күніне 1 реттен кем
емес 15 минут уақытта натрий гидрокарбонат 2%-дық ерітіндісінде қайнтады немесе хлораминнің 0,2-1%-дық ерітіндісіне салып қояды; осы ерітіндімен асүйді, асхананы
ылғалдайды, олардың ішінде тұрған жиһаздарды
ерітіндіге малынған шүберекпен ыспалап
сүртеді;
- киім кешекті, аяқ-киімді, төсек ақжаймаларын, шашықтарды, солар сияқты басқа да заттарды лизолдың 3-5%-дық судағы ерітіндісіне немесе хлораминнің 0,2%-дық ерітіндісіне бір сағатқа
салып қояды немесе 15 минут бойы суда қайнатады,
содан соң жуғыш құралдары пайдаланып,
ол заттарды жуады; үтіктеу де көп көмек береді;
- әр адам толық санитарлық өңдеуден
өтіп тұру керек: тырнақтар алынады, шаш
мүмкінінше қысқа қырқылады; душқа кірер
алдында бастың шаш өскен жерлерін хлораминнің
2%-дық, ДТС-ГК 0,6%-дық, сутегі асқан оксидінің 3%-дық ерітінділерінің біреуіне малынған
шүберекпен ыспалап сүртеді; душта сабындарды
пайдаланып, сумен жуынады; душтан шығып
көзге натрий гидрокарбонат 2%-дық, колларгол (немесе протагол) 1%-дық, күміс нитраты 1%-дық, антибиотиктер, иодинол 1%-дық ауыз бен мұрынды хлораминнің 0,5%-дық немесе натрий гидрокарбонат 2%-дық, сутегі асқын оксидінің 1%-дық, фурацилиннің 1:1000 ерітінділерінің біреуін 5 тамшыдан құяды, олар болмаса, жаңа қайнатылған сумен шаяды;барлық жағдайда ауыз-мұрынды шайып тұру керек, әсіресе, қолдарды ағын сумен екі реттен кем емес
сабындап жуған дұрыс болады; киімдерді
жуынған сайын ауыстырады, тазасын (зарарсыздандырылған)
киіп, ескісін дезинфекциялау және жуу
керек;
- карантин жарияланған ауқымда
адамдар бір-бірімен араласуды, қатынасуды
кемітеді, әсіресе, инфекциялы ауруға шалдыққан
адамға арнайы қорғау құралдарсыз жақындауға
болмайды;
- адамның температурасы көтеріліп
немесе жұғудың алғашқы белгілері (бас
ауру, бөрту, көңіл-күйі бәсеңдеу, т.б.)
біліне сала ауруды оқшаулап, дереу
медициналық мекемеге хабарлау керек; науқасты емдеуханаға
жатқызуға мүмкіндік болмаса, оны жеке
бөлмеге жатқызады немесе керуетін пердемен
қалқалап қояды. Оны күтуге отбасы мүшелерінің
бірі бөлінеді. Ауруға жеке ыдыстар мен
жуыну-сүртіну заттары (сүлгі, сабын, т.б.)
беріледі. Ауру жатқан бөлме мен ол пайдаланған
заттар зарарсыздандырылып отырады. Таңертең
мен кешке науқастың қызуы өлшеніп,дәптерге
жазылып қояды. Тамақ ішер алдында сырқат қолын жуып,
аузы мен тамағын шаяды, ал ұйықтар алдында
тісін тазалап, жуынады. Күніне кемінде екі рет науқас жатқан бөлме
желдетіліп, дезинфекциялық ерітіндімен
сүртіліп жуылады. Жұқпалы ауруға шалдыққан
адамды күтуші аузына мақта-дәке таңғышын
байлап, басына орамал, үстіне халат киеді.
Ол өз қолы мен киімінің таза болуын мұқият
қадағалауға тиіс. Науқасқа ыдыс, төсек-орын және
басқа заттар берген сайын қолын сабындап
жуып, 3%-дық лизол немесе 1% хлорамин ерітіндісімен зарарсыздандырады.
Ауырған адам сауығып шыққан
соң немесе ауруханаға жібергеннен кейін үй іші, төсек
орны, ыдыс аяқ, киім-кешек – бәрі зарарсыздандыруға
тиіс [9,10].
Қорытынды
Мәскеуде, Лондонда және Вашингтонда
1972 жылғы 10 сәуірде қол қойылған Бактериологиялық
(биологиялық) және уытты қарулар жасауға,
өндіруге және оның қорларын шоғырландыруға
тыйым салу және оларды жою жөніндегі конвенция ратификацияланды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Бактериологиялық (биологиялық)
және уытты қарулар әзірлеуге, өндіруге
және олардың қорларын молайтуға тыйым
салу және оларды жою туралы КОНВЕНЦИЯ 2007 жылғы 15 маусымда
күшіне енді [5].
Жұқпалы аурулар көздері –
бұл жұқпалы аурулар, денсаулықты сақтауда
салауатты өмір салтты дағдыларын тудыратын
арнайы қоздырғыштар (бактериялар, вирустар,
саңырауқұлақшалар) тобы. Сондықтан, қоршаған
ортаның адам организміне ықпалын (табиғи,
техногендік және әлеуметтік) және дамушы
қоғам талаптарын ескере отырып, тіршілік
пен салауатты ұзақ ғұмырды қамтамасыз
ететін жаңа мінез-құлықтың нышандарын
қалыптастыру жолымен сақтап, нығайту
қажет [7].
Пайдаланған әдебиеттер
тізімі
1. Қазақстан Республикасының
халықаралық шарттары бюллетені, 2007ж., N 3-4, 21-құжат.
2. Айбын. Энциклопедия.
/ Бас редакторы Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ
энциклопедиясы», 2011. ISBN 9965-893-73-Х
3. Қазақ тілі терминдерінің салалық
ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс.
Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001.
4. "Қазақ Энциклопедиясы".
5. http://www.google.kz.
6. Немеребаев
М.Н. Тіршілік қауіпсіздігі. Оқу құралы,
«Эверо», 2012-188бет.
7. А.К. Аипов Тіршілік
қауіпсіздігі: Оқу құралы, - Астана.
– ҚазЭҚХСУ: БПО, 2009. – 290б.
8. Өмір-тіршілік
қауіпсіздігі: Оқулық С. Арпабеков.
– Алматы, 2004. – 256 бет.
9. Төтенше жағдайлардағы
тіршілік қауіпсіздігі; Оқулық, Қ.Т.
Жантасов, А.Т. Сүлейменов, С.П. Назарбекова,
Б.Б. Маханов, Е.Н. Кочеров – Алматы:
ЖШС РПБК «Дәуір», 2011. – 272бет.
10. Маханов Б.Б., М.И. Сатаев,
Өсербаев М.Т., Сатаева Л.М. Тіршілік қауіпсіздігі.
– Шымкент, М.Әуезов атындағы ОҚМУ.